Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Конспекты / "Халықтың көші-қоны" Ашық сабақ жоспары.

"Халықтың көші-қоны" Ашық сабақ жоспары.



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

География пәнінің мұғалімі: Кизатова А.О. ДБОЖ орынбасары:_________ Болбаева П.А.



Пәні: география-«Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы»

Сабақ өтілетін күні: 30.10.2015ж

Сабақ өтетін сыныбы:

9 «А»

Сабақ өтілетін орны

кабинет №41

Сабақтың өтілу уақыты:

10.20-11.05

Қысқа мерзімді сабақ жоспары: №15/7

Тарау: «Халқы және еңбек ресурстары»

Сабақтың тақырыбы:

«Халықтың көші-қоны»

Сабақтың жалпы мақсаты:

-«Халықтың көші-қоны» тақырыбы бойынша жаңа терминдер және мәліметтермен танысу;

-халықтың көші - қонының ел экономикасына тигізетін әсерін, маңыздылығын түсіну;

-алған білімді өмірде дұрыс пайдалана білуге, сын тұрғысынан ойлауға үйрету арқылы ойын еркін жеткізе алуына жағдай жасау.

Міндеттері:


1.«Халықтың көші-қоны» тақырыбы бойынша жаңа терминдерді білу, мәліметтерді түсіну;

2.Халықтың көші - қонының ел экономикасына тигізетін әсерін, оның маңыздылығын түсіну, өмірде қолдана алу;

3.Халықтың көші - қонының ел экономикасына тигізетін әсеріне талдау жасау, маңыздылығы мен ерекшеліктерін ажырата, салыстыра отырып баға беру, өзін-өзі және бірін-бірі әділ бағалай білу;

4.«Халықтың көші-қоны» тақырыбы бойынша алған білімді өмірде дұрыс пайдалана білу, ойлау қабілетін шыңдап, ойын еркін жеткізе алу.

Күтілетін нәтиже:

1.«Халықтың көші-қоны» тақырыбы бойынша жаңа терминдерді біледі, мәліметтерді түсінеді;


2.Халықтың көші - қонының ел экономикасына тигізетін әсерін, оның маңыздылығын түсінеді, өмірде қолдана алады;


3.Халықтың көші - қонының ел экономикасына тигізетін әсеріне талдау жасайды, маңыздылығы мен ерекшеліктерін ажырата, салыстыра отырып баға береді, өзін-өзі және бірін-бірі әділ бағалайды;


4.«Халықтың көші-қоны» тақырыбы бойынша алған білімді өмірде дұрыс пайдалана біледі, ойлау қабілетін шыңдап, ойын еркін жеткізе алады.

Қолданылатын модульдер:

1.«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер»; 2.«Диалогтік оқыту»; 3.«Оқыту үшін бағалау, оқытуды бағалау»; 4.«Оқытудағы көшбасшылық»; 5.«Сыни тұрғыдан ойлау»; 6.сабақта «АКТ» пайдалану; 7.«Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу»

Әдіс-тәсілдер:

«Шаттық шеңбері»; топқа бөлу: «Сиқырлы қорапша»; «Коверттегі хат»; «Жағдаяттық сұрақ»; «ойлан, жұптас, пікірлес»; «ДЖИКСО-1»; «Ментальді карта»; «логикалық тапсырма»; «Сергіту сәті»; «критериалды бағалау», өзін-өзін бағалау: «Блоб» баспалдағы.

Сабақ кезеңдері,

уақыты

Жоспар

мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың

іс-әрекеті

Оқыту үшін бағалау, оқу үшін бағалау

Ресурстар:


Кіріспе

5 мин.

Ұйым-дастыру


1.Сабақта ынтамақтастық атмосфера орнату.Оқушылармен жылы амандасамын.

«Шаттық шеңбері»

Оқушылардан шаттық шеңберін құрып, бәрі бірге бүгінгі сабаққа жақсы тілек білдірулерін сұраймын (1м)

Оқушылар орнынан тұрып жылы амандасады, барлығы шаттық шеңберін құрып, бәрі бірге жалпы бир тілек білдереді.

Жарайсыңдар!

Интербелсенді тақта, слайд №1-2

Топқа бөлу

2.Сыныпты топқа бөлу.

«Сиқырлы қорапша» ішіндегі сандар жазылған парақшаларды алуларын сұраймын. (2м)

Оқушылар сиқырлы қорапшаның ішінен таңдап алған сандарына қарай топқа бөлініп отырады.

Өте жақсы!


слайд №3

«Сиқырлы қорапша»

Үй тапсырмасы

3.Үй тапсырмасын сұрау оқшыларға «Конверттегі хатты» таратамын:

1. демография, халық санағы, табиғи өсімі, депопуляция, халықтың механикалық қозғалысы;

2. халық саны, демографиялық революция, демографиялық жарылыс, демографиялық саясат,

3. еңбек ресурсы, ЭБХ, этнос, диаспора, этнография

4. халықтың діни құрамы, урбандалу, агломерация, мегаполис (2 м)

Оқушылар конвертті ашып хатты оқиды, сұрақтарға жауап береді.

Бағалау парағы



http://razigrushki.ru/wp-content/uploads/2012/03/%D0%BA%D1%80%D1%83%D0%B3%D0%B84.jpg

Интербелсенді тақта, слайд №4

«Конверттегі хат»

Тұсаукесер

10 мин.

Қызығу-шылықты ояту кезеңі

«Ой шақыру». Жаңа тақырыпты ашу үшін әр топ оқушыларына «Жағдаяттық» сұрақ: қандай себеппен, не мақсатпен елді мекендеріңді немесе мемлекет ауыстырдыңдар? Бүгінгі тақырыпқа және сабаққа бұл сұрақтың қандай қатысы бар? Ендеше бүгінгі тақырып қандай деп ойласыңдар? (5м)

Оқушылар өз жағдаяттарын, себептерін жауап бере отырып, бір-бірінің туған және туып өскен жерлерімен таныс болады. Жаңа сабақтың тақырыбын ашады. Бүгінгі тақырыбымыз: «Халықтың көші-қоны.

Ауызша кері байланыс

Бірін-бірі бағалау

http://podelki.boxter.org/media/blogs/podelki/item_1469/.evocache/4.jpg/fit-500x800.jpg?mtime=1254444736


«Жағдаяттық сұрақ»,













Интербелсенді тақта, слайд №5-6

Негізгі бөлім

20 мин.

Мағынаны

тану кезеңі

1.Оқулықтағы жаңа тақырыптың мәтінін топқа бөліп беремін.

І топ:77-78 бет, репатрияцияға д/н,

ІІ топ:78-80 бет, 1 млн адамға жеткен,

ІІІ топ: 80-81 бет, «ауылдан-ауылға»,

ІV топ: 81-82 бет қосымша. (7 мин)

Оқушылар әр топқа бөліп берген мәтінді мұхият оқып шығады

Бағалау критерийлері

Оқулық, тақырып мәтіні, дәптер, Қаз-ң және дүние жүзінің саяси картасы.

Интербелсенді тақта, слайд №6-7

2.Әр топқа берілген мәтін бойынша түсінгендерін ментальді карта түзулерін тапсырамын. (5 мин)

Оқушылар топпен ақылдаса отырып ментальді карта



http://podelki.boxter.org/media/blogs/podelki/item_1469/.evocache/4.jpg/fit-500x800.jpg?mtime=1254444736

Флипчарт,

А3 форматы,

пломастерлер,

түрлі-түсті карындаштар

3. Әр топтан қалауынша оқушы шығып қорғауын сұраймын. (6м)

Әр топтан өздрері құрған ментальді картаны қорғайды

Смайликтер, басбармақ

Флипчарт,

А3 форматы,

слайд №8

Сергіту сәті

Сергіту сәті.«Қызыл өрік» әрекетін бірге тұрып жасауды сұраймын (2м)

Оқушылар «Қызыл өрік» қимыл-әрекетін бірге тұрып жасайды

Ду қол шапалақтау!

Интербелсенді тақта, Бейне таспа.

слайд №9

Қорытынды

10 мин.

Ой толғаныс кезеңі











































































Рефлексия

1.Логикалық тапсырмасы. 4 топқа тапсырма таратамын:

1.Алғашқы оралмандар Қазақстанға 50-ші жылдардың ортасында Қытайдан келді. Олардың жаппай қоныс аударуы 1991 жылы басталып, Монғолиядан 12 мың адам келді.

Тапсырма:

А)2003 жылы елге 39,4 мың қазақ иммиграцияға келсе, елден эмиграцияға кеткендердің саны 4,4 мың адамды құрады. 2003 жылғы мәлімет бойынша Қазақстанға қанша оралмандар көшіп келді?

Ә) Картадан елімізге оралмандардың басым бөлігі келетін елдерді көрсет.

2. Қазақстанға жұмыс істеу үшін адамдар көбірек келуде Кейбіреулері көші-қон ережелерін бұзады: елге жасырын жолмен келіп, рұқсатсыз жұмысқа орналасады, көші-қондық органдарға тіркелмейді.

Тапсырма:

А) Ол қандай орган? Оның атқаратын қызметі қандай?

Ә) Картадан елімізге жұмыс іздеп келетіндердің басым бөлігі Қазақстанның қай аймақтарына баратынын көрсет.

3.Қазақ халқының жаппай мәжбүрлі эмиграциясы 1916 жылы көтеріліс кезіне, 1930 жылдардағы ұжымдасу мен аштыққа сәйкес келді. Ол кездерде Қытайға, Монғолияға, Ауғанстанға, Иранға, Орта Азия мен Ресейге 1 млн 300 мыңдай адам қоныс ауды.

Тапсырма:

А) Аталған адамдар елден қоныс аудармағанда, халықтың саны қаншалықты болар еді...

Ә) Картадан аталған елдерді, астаналарымен көрсет.

4.Демографиялық есепті шеш. Астанада 2012 ж. 1 қаңтарында 742,9 мың адам тұрды, 2012 жылы 19,4 мың бала туып, 3,5 мың адам қайтыс болды, 29,7 мың адам көшіп-келіп, 10,2 мың адам кетті.

Тапсырма:

А) Астанада 2013 жылдың 1 қаңтарында халық саны қанша болды?

Ә) Ақмола облысы-Астана қаласына 1 реттік, 2 реттік және 3 реттік көршілес тәртіптегі облыстарды атап картадан көрсетіп бер.

Тапсырмалар әр топта әртүрлі беріледі. Оқушылар топпен тапсырманы ойланады, талқылайды, есептейді, кезектесіп жауап береді, картадан көрсетеді

Топ басшысы бағалайды







Өте жақсы!

Тамаша!!

Интербелсенді тақта, слайд №10-11







Тапсырмалар.

3.Рефлексия жазуын тапсырамын (2 м)

Оқушылар стикерлерге бүгінгі сабақтан алған әсерлеріне рефлексия жазады

Жарайсыңдар!

Стикерлер, рефлексивтік тақта, слайд №13

Бағалау кезеңі

Бағалау 5 мин. Әр топқа бағалау парақшаларын критерийлер бойынша толықтырып, топ басшысы және өзара бірін-бірі бағалайды

Бағалау парағы:

Р/с

Топ мүшелері

Критерийлер


1

Үй тапсырмасы


2

Жағдаяттық сұрақ

(1 ұпай-кейбіреуіне,

2 ұпай- жартылай,

3 ұпай-толық)


3

Жаңа тақырып бойынша жаңа терминдерді меңгеруі

(1 ұпай-кейбіреуіне,

2 ұпай- жартылай,

3 ұпай-толық)


4

Тапсырмаларды меңгеруі, толық жауап беріп отыруы

(1 ұпай-кейбіреуіне,

2 ұпай- жартылай,

3 ұпай-толық)


5

Қосымша жауабы


6

Топта белсенділік танытып, топ ережесін сақтауы


7

Қорытынды баға




Жалпы бағалану ұпайы: 6х3=18

1-10 ұпай аралығы 3баға

11-15 ұпай аралығы 4 баға

16-18 ұпай аралығы 5 баға (3 м)

Әр топ бағалау критерийлері және сабаққа қатысып жинақтаған бағалары бойынша топ басшысы бірін-бірі бағалайды,



«Блоб баспалдағы» бағалау парақшалары арқылы өзін-өзі бағалайды



hello_html_339765af.png









Бағалау парақшалары











«Блов баспалдағы» бағалау парақшалары арқылы өзін-өзі бағалайды









hello_html_339765af.png

Интербелсенді тақта, слайд №14-15















«Блоб баспалдағы» бағалау парақшалары





hello_html_339765af.png

Үй

тапсырмасы

Үй тапсырмасын беру

§8.Халықтың көші-қоны. (2 м)

1 топқа: тақырып бойынша реферат,

2 топқа: презентация,

3 топқа: слайд,

4 топқа: видеоролик жасау,



Оқушылар күнделіктеріне жазып, дәптерлеріне түртіп алады

Күнделік

Стикерлер, Интербелсенді тақта.

Слайд №16-17











57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 27.01.2016
Раздел География
Подраздел Конспекты
Просмотров406
Номер материала ДВ-384085
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх