Оңтүстік Қазақстан облысы
«Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«Шолаққорған» жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Мерейлі 10 жылдыққа 10 сабақ»
Сабақтың
тақырыбы:
«Халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі»
География пәні мұғалімі
Р.Қойжанова
БЕКІТЕМІН
Оқу
ісінің меңгерушісі_________________
Өтетін күні: 22.10.2015ж
Сыныбы: 9 «ә»
Сабақтың тақырыбы:
Халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі
Мақсаттары:
а) білімділік:
Қазақстан халқының республика бойынша шоғырлдануы туралы
көзқарастарын қалыптастыру, халықты аумақтық ұйымдастырудың маңызын, халықтың
қала және ауыл халқы болып бөлінуін түсіндіру. Урбандалу, қала, агломерация,
мегаполис ұғымдары туралы түсінік беру. Халықтың шекаралас аудандарға
шоғырланып орналасуы туралы айту
ә) дамытушылық:
Қазақстан халқы қоныстануының географиялық ерекшелігін карта
бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету
б) тәрбиелілік:
Өз Отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік
қасиеттерін арттыру, географиялық мәдениетке тарту
Сабақ түрі:
Қайталау сабағы
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері:
Топқа бөлу, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар:
Қазақстанның саяси – әкімшілік картасы, интерактивті тақта
Негізгі ұғымдар:
Халықты аумақтық ұйымдастыру, халықты орналастыру, халықтың
қоныстану, қала халқы, ауыл халқы, урбандалу, қала, агломерация, мегаполис
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың
іс-әрекеті
|
І. Ұйымдастыру кезеңі
|
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Психологиялық дайындығын тексеру.
|
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін
анықтау. Сабаққа дайындалу
|
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
кезеңі
|
1. Этнография ғылымы нені зерттейді?
2. Қазақстан халқының ұлттық құрамын қанша ұлт құрайды және оның
негізгі құрамы?
|
|
Діни құрамын құрайтын
негізгі діндер?
|
ІІІ. Жаңа материалға көшу
кезеңі
|
Қазақстанның халық саны қанша?
Ол республика аумағында біркелкі
таралған ба?
Ең тығыз қоныстанған аймақ?
Ең сирек қоныстанған аймақ?
|
|
ІҮ. Жаңа материалды
меңгеру кезеңі
|
1.
Халықты аумақтық
ұйымдастырудың тізбегін түсіндіру. маңызын ашу: халықты орналастыру, халықтың
қоныстану дегеніміз не екенін қысқаша түсіндіру, халықтың қала халқы, ауыл
халқы болып бөлінетінін түсіндіру
2.
Қала – агломерация –
мегаполис тізбегін түсіндіру. Урбандалу терминіне анықтама беру.
3.
Ауылдық
халықтың орналасуы: ауыл халқының орналасу ерекшелігіні тоқталу
4.
Халықтың шекаралас
аудандарға шоғырланып орналасуы туралы қысқаша айту
5.
Халық пен қоршаған орта
арасындағы байланыс қандай деген сұрақ қою
|
|
Ү. Жаңа тақырыпты бекіту
кезеңі.
|
Параграф ішіндегі суреттер мен
кестелерді талдау. Қазақстан халқының географиялық орналасу ерекшелігін карта
бойынша сипаттау
|
|
ҮІ. Сабақты қорытындылау
кезеңі
|
Қазақстанның халқының қалалық
орналасуының қандай формалары бар?
Урбандалу дегеніміз не?
Қазақстан ауылдарының қандай
проблемалары бар?
|
|
Рефлексия
|
«Мерейлі 10 жылдық»
ізгі-тілектерін білдіру
|
Оқушылар смайликтер арқылы өз көңілдерін, тілектерін жазып
білдіреді
|
ҮІІ. Бағалау кезеңі
|
Оқушыларды сабаққа қатысуына қарай
бағаланады
|
|
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру
кезеңі
|
№2 сарамандық жұмыс сұрақтарына
дайындалу.
1-2 кестелермен жұмыс жасау.
|
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.