Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Халықтық педагогика элементтерін математика сабағында тиімді пайдалану жолдары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Математика

Халықтық педагогика элементтерін математика сабағында тиімді пайдалану жолдары

библиотека
материалов

Халықтық педагогика элементтерін математика сабағында тиімді пайдалану жолдары.

Байшокенова Қ.С

Математика пәнінің оқытушысы


Мазмұны:

  1. Кіріспе: « Халықтық педагогика туралы ақпарат»

  2. Негізгі бөлім: «Халықтық педагогика элементтерін сабақта қолдану тиімділігі»

  3. Қорытынды бөлім.

  4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.


XX ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен. Ұстаздық өмірдегі тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым – оқушыны субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу, ойлау дағдыларын жетілдіру, сол үшін өзіме әдістемелік тақырып қылып «Этнопедагогика элементтерін математика сабағында тиімді пайдалану» - деп алдым. Осы мақсатпен оқушының ойлау қабілетін дамыту негізгі ұстанымым болып табылмақ.

Математика пәнін оқытудың жаңа әдістемелік жүйесі, колледжде пәнді оқытып үйретудің тиімді жолдарының бірі оқушылардың іс - әрекеттерін белсендендіру мен білім алуға құштарлығын арттыру. Осы тұрғыда колледжде оқытуды ұйымдастыру мәселесіне, оқу – тәрбие жұмысының деңгейін көтеруге және оның беделін жоғарылатуға көңіл бөлу қарастырылған. Қазіргі кезде оқытудың тиімді әдістерін зерттеп, оны іс жүзінде қолдануға ұсыну күрделі мәселелердің біріне айналды. Оқушыларды қоршаған орта заттарымен, құбылыстарымен таныстырып, олар жайында ғылыми ұғымдарын жүйелеп, көзқарастарын қалыптастыруда математика пәнінің мәні зор.

Дегенмен, педагогикалық, психологиялық және оқу әдістемелік әдебиеттерді, арнайы зерттеулерді талдау нәтижесі бүгінгі күнге дейін этнопедогогиканың жолын теориялық негіздерімен тәрбиелік мәселелеріне баса назар аудару, математика пәнін оқытуда халықтық – педогогика элементтерін пайдалану әдістемесінің назардан тыс қалып бара жатқанын көрсетеді.

Әр оқушының қалыптасып дамуында, өздері күнбе – күн өмірден сезілетін, еститін, көретін заттары мен құбылыстары, оқиғалары үлкен орын алады. Соның ең негізгісі – қазақтың халықтық педагогикасы. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесін, танымдық мұрасы, салт – дәстүр, әдеп – ғұрып, аңыз ертегілері, жұмбақ, мақал – мәтелдер, өлең – жырлары, ұлттық ойындары ерекше тәрбиелік мәні бар баға жетпес қазына.

Менің әдістемелік тақырыбым. «Этнопедагогика элементтерін математика сабағында тиімді пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру».

Математика пәнінен терең білім беру адамның жан – жақты дамуына мол мүмкіндік жасайды.

Тәрбие беру мен оқыту әдістемелерінің түрлері көп. Соның бір түрі – математика пәніне этнопедогогика элементтерін енгізе отырып оқыту.

Қаншама заман өтсе де маңызын жоймаған халықтық педагогиканы тәлім – тәрбиенің түп қазығына айналдыру – ата – ананың, ұжымның, жалпы мұғалімдердің басты борышы.

Халқымыздың тілін, тарихын, ұлттық дәстүрін, ата салтын ұмыта бастаған бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуге ат салысу жалпы ұлтымыздың міндеті.

Қазақ елінің дербестігінен туындайтын әлеуметтік – экономикалық қажеттіктерге қарай оқушыларды салауатты, саналы өмірмен еңбекке тәрбиелеуге бағытталған, оқытудың мазмұны мен түрін жаңалауға, оларды ұлттық – мәдени және аймақтық ерекшеліктерге орай нақтылауға, қажеттікке қарай түзетулер жасап, қазақ тілінде көптеген математика есептерін құрастыра отырып тәрбиелеу. Халқымыздың бала тәрбиесінде атам заманнан жинаған мол тәжірибесі бар. Оны ең жақсы қасиеттермен байытып, ұл қыздарының бойына сіңіру, ұлттық тәрбие беруді саралап, ұлттық тәлім тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста дамыту және оны ұрпақтан – ұрпаққа жалғастыру көзделеді.

Осыны ескеріп математика пәнін оқытуда мазмұны қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеудегі өмір тәжірибесінен, салт дәстүрлерінен, эканомикалық, экологиялық ерекшеліктерінен көрініс бере отырып оқытқан тиімді. Мысалы, сабақты қортындылағаннан кейін, оқушыларға мақал – мәтелдегі қажетті санды табу керек: (слайдтан көрсетемін)

  1. ... жақсы қос болмас,

... жаман дос болмас (екі)

2. ... бармақ жиналса, жұдырық болады. (бес)

3. ... тіспен шыққан сөз,

... рулы елге тарайды. (отыз)

4. ... кісі қазған құдықтан (бір)

... кісі су ішеді (мың)

5. ... жұрттың тілін біл,

... түрлі білім біл (жеті)

6. Досыңды ... күн санама, ... жыл сана (үш)

7. Қазақ халқы қай санды киелі сан дейді.

Жауабы: 7 саны, көкті жеті қабат, жерді жеті қат деп есептейді, 7 қазына деген атаулар. Балаға жетіге келгенше жерден таяқ жейсің, жеті атасын білмеген жетесіз деген даналық сөзі осы 7 санының киелілігін білдіреді.

Кез келген жаңа сабақты бекіткенде есептерді реттік сан бойынша шығарып, (әр деңгейлі есептер) жауаптары дұрыс болғанда, артқы бетінде тәрбиеге байланысты киелі сөз шығады.

Халқымыздың ертегілерінде, аңыз - әңгімелерінде, шешендік, тапқыр сөздерінде, салт – дәстүрінде, математикамен байланысты тұстарын көптеп байқауға болады.

Халықтық педагогиканың математика пәнінің есептері мынадай түрлерге бөлінеді:

  • қызықты айтыстар мен көріністер,

  • ойлан – тап атауы,

  • халық есептері,

  • ертегі есептер,

  • саламақтар

  • викториналар

  • математиканың сиқырлары т.б.

Видео – ролик «Математика – ғылымдар патшасы, сот сабағы»

Халықтық педагогикамен ұлттық психология тағылымдарын пайдалана отырып, математика пәнінің әр тарауларынан өткізілген сабақ түрлері оқушылардың пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттырып, тарауды пысықтау кезеңін саналы өткізуге, материалды толық меңгеруге көмектеседі. Сонымен бірге оқушылардың ойын дамытып, өзіндік пікір айтуға үйретеді. Оқушыларды құрғақ жаттандылықтан бойын аулақ салып, дербес ойлап, әрекет етуге жетелейді.

Халық педагогикасының тағылымдарын математика сабақтарында қолдану – оның білімдік және тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырумен қатар, халқымыздың салт – дәстүрін қастерлеп, оқушыларды ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеуде зор мәні бар.

Мысалы, мынадай логикалық есептерді оқушыларды ойлауға үйрету арқылы ізденулеріне, ұлттық салт - дәстүрлерді еске түсіріп отыру үшін пайдалануға болады.

Халық есептері: «Табақ тарту»

Ақжол дейтін кісінің үйіне қонақ келді. Шайдан соң қонақтарға табақ тарту кезінде Ақжол жұбайына келіп, «Екеу ара табақ тартсаң, онда бір табақ ет артылып қалады, не істеу керек?» - деген екен. Сонда қонақ қанша, табақ қанша?

Жауабы: 12 қонақ, 5 табақ

«той басқару»:

Сегіз бұрыш болсын сыртқы формасы

Отыз шаршы кілем болсын ортасы

Ортадағы төрт төреші кедергісіз көрініс

Екі шаршы қабырғада жайғасқан

Ағайын мен жекжат орны әу бастан

Төргі шаршы төрелер мен билерге

Төмендегі, шабармандар, сендерге,

Төрт жағында төрт қиыста ас тұрсын,

Әр бұрышы ыңғайлы боп бос тұрсын

Жүз жиырма екі болсын төрт шаршының ауданы

Сонда түгел келгендері жайғассын

Өзің ойлан енін, бойын кілемнің

Мұны шешсең, көп есепті білесің.


Жауабы: кілемнің ені – 5 м, ұзындығы – 6 м

«Туынды», «Алғашқы функция», «Интеграл» - тақырыптарын өткенде оқушыларға осы тақырыптар бірінің – бірі жалғасы екенін түсіндіре келіп, өмірде де осындай жалғасы бар «Ата - әке – бала» ұғымдармен салыстыра кетемін. Осыған байланысты жұмбақтар:

- Атадан он баламыз

Бір – бір жастан арамыз

Қосылып кейде басымыз

Азайып кейде қаламыз

Бөлініп кейде арамыз

Көбейіпте аламыз (цифрлар)

Атасы қалғып мүлгиді

Әкесі зорға жылжиды

Ағасы – шабан, өзі жорға,

Інісі жылдам, баласы жүйрік,

Зымырап тұрған

(жыл, ай, күн, сағат, минут, секунд)

Математиканы оқыту әдістемесінің мақсаты математика мазмұнының ерекшелік сипатына лайықты сабақта оқыту әдістерінің тиімді тәсілдері мен әдістемелік амалдарын қолданудың жолдары мен түрлерін анықтау.

Сабақтың жүргізілу барысы оқытушының педагогикалық шеберлігі мен шығармашылық қабілетіне байланысты.

Сабақтан тыс шара «Математика – ғылымдар патшасы» сабағында оқушыларды «Математика Патшасы», «Математика – ханшайымы» образына енгізіп, олардың білімін тексеріп, геометриялық фигураларды пайдаланып, өмірде кездесетін нәрселерді жасау және әдеби образдары көрсету арқылы түсіндіру. Шығармашылықпен ойлап есептеуге, құрастыруға, өзара көмек көрсете отырып, шығармашылық жұмыс істеуге тәрбиелеу. (Сабақтан көрініс – видеоролик: қызықты айтыстар мен көріністер)

«Көпжақтар», «Айнау денелері» тақырыптарын өткенде: (әр түрлі оқиға ойластыруға болады)

- Ертеде үшбұрыш болыпты. Бірақ шынын айтсақ ол көбінесе көңілі жабырқаңқы жүретін. Міне осылай оған көрші болып шаршы да жүрді. Адамға орманнан шығуына көмектесе алмаған соң, ол өзін - өзі керексіз, жарамсыз деп сезінді. Осылай өмір сүріп жүргенде, ол бір күні үшбұрышқа хат жіберуге шешім қабылдады. «Құрметті үшбұрыш! Әрқайсымыз жеке өмір сүрсек, ештеңеге жарамаймыз – деп жазады ол, - ал бірге қосылсақ, бірдеңеге жарап қалармыз. Осыған қалай қарайсыз?»

Үшбұрыш оған былай деп жауап берді: «Құрметті шаршы! Менің ойымша белгілі бір мақсатпен өмір сүріміз керек». Сөйтіп олар екеуі қосылып, белгілі мақсатты өмір сүрді. Сонда не шықты? (үй шығады)

Математикалық жұмбақтар тақырыпқа байланысты

1. Дұрыс алты жақ,

Атын ойлап тап. (куб)

2. Әкем жәшік құрады

Үш өлшемнен тұрады (параллелепипед)

3. Табандары – көпбұрыш

Жақтары төрт бұрыш (призма)

4. Басқа кисем бөрік

Сәнді сұлу көрік (конус)

5. Египеттен қаланған

Пифагордан нәр алған (пирамида)

6. Пентагон сияқты түрі

Дұрыс көпжақтың бірі (додекаэдр)

7. Ұн елесең – елек

Су тасысаң – шелек (цилиндр)

8. Үрлейтін затпен аттас

Атын ешкім таппас (шар)

9. Түріктерге бас киім

Өзгелерге бас бұйым (қиық конус)

10. Шарымыздың бөлігі

Фигуралар серігі (сегмент, сектор)

Халық педагогика тағлымдарын математика сабақтарында қолдану – оның білімдік және тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырумен қатар халқымыздың салт дәстүрін қастерлеп, оқушыларды ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеуде зор мәні бар.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қалиев. С «Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы», Алматы ,1996 жыл.

  2. Мұқанов.М.М «Жас және педагогикалық психология», Білім ,2002 жыл.

  3. «Ұлт тағылымы» журналы, №2 2010 жыл.

  4. Қожанов .С «Мақал- мәтел», 2009 жыл.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 18.12.2015
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров703
Номер материала ДВ-268555
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх