Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Классному руководителю / Презентации / Халықтың ауызекі поэтикалық шығармашылығы (презентация)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Халықтың ауызекі поэтикалық шығармашылығы (презентация)

библиотека
материалов
Орал гуманитарлық- техникалық колледжі Сабақтың тақырыбы: Пәні: Тәрбие жұмысы...
Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауыз...
Қазақ даласындағы көшпелі қоғам мәдениет пен ғылымның біраз салаларынан кенже...
Ауыз әдебиеті жанрлық құрамы жағынан да сан-салалы болып қалыптасты. Тұрмыс-с...
19 - 20 ғасырлардың басында Қазан, Уфа қалаларында қазақтың батырлық жырлары,...
Халықтың ауызекі поэтикалық шығармашылығының ішінде тәрбиенің таптырмас құрал...
Ойын аздап театрланған ойын-сауық түрінде өтеді, мұнда ән, жыр айта білу, көр...
АЛ, САНАҢДАР! Ал, санаңдар, санаңдар, Бізде қанша адам бар? Алдымда: Атам, әж...
Өсімдік, жеміс, көкөніс, дәнді дақылдар туралы жұмбақтар Бұтақта ілініп тұрам...
Оқу-білімге байланысты жұмбақтар Тұрады ылғи сөреде, Іші толы өнеге (Кітап) Қ...
Жануарлар туралы жұмбақтар Апан-апан, Ескі шапан. Иір қобыз, Жарық жұлдыз. (Т...
Жаңылтпаштар Омартаға балалар барар, Балаларды аралар талар.   Алашаларды Таб...
Мақал- мәтелдер: Ата-ана мен бала   Қарға баласын аппағым дер, Кірпі баласын...
Адам туралы Адам деген ардақты ат. Адамдықтан үлкен ат жоқ, Наннан үлкен ас ж...
Тапсырмалар 1 топ: «Мақал мәтелдер» айту 2 топ: «Жұмбақтар» жасыру 3 топ: Жаң...
Тест жұмысы
16 1

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Орал гуманитарлық- техникалық колледжі Сабақтың тақырыбы: Пәні: Тәрбие жұмысы
Описание слайда:

Орал гуманитарлық- техникалық колледжі Сабақтың тақырыбы: Пәні: Тәрбие жұмысының әдістемесі Топ: 2бКШК,2бКИНФ.2бСП Дайындаған: Ж.С.Бексариева Халықтың ауызекі поэтикалық шығармашылығы

№ слайда 2 Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауыз
Описание слайда:

Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған “фольклор” (ағылшынша lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. Бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірақ мағыналары бір емес.Мысалы, “халық поэзиясы” дейтін ұғым өлең түрінде айтылатын поэзиялық жанрларды жинақтап атауға лайық болса, “халық шығармашылығы” — халық шығармашылығы мен өнерінің барлық түрлерінің жалпы атауы, “ауызша сөз өнері” — прозалық та, поэзиялық та шығармалардың ортақ ұғымы. Бұларға қоса “халық даналығы”, “халық білімі” деп аударылатын “фольклор” терминінің мән-мағынасында да елеулі айырма бар. Батыс Еуропа, Америка, Австралия халықтарының ұғымында бұл сөздің мағынасы тым ауқымды. Ол халықтың киім-кешек, құрал-жабдық, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт, наным-сенім, сондай-ақ түрлі көркем өнерін (поэзия, музыка, би, ою-өрнек, тоқыма өнері, т. б.) тұтастай атау үшін қолданылады. Бұл жағынан алғанда ол тек ауыз әдебиетін ғана емес, “этнография”, “этномәдениет” дейтін ұғымдармен де сабақтасып жатыр. “Фольклор” атауы орыс ғалымдарының зерттеулері арқылы халықтың ауызша поэтикалық шығармашылығы деген мағынада қалыптасқан. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы “ауыз әдебиеті” деген ұғым да “фольклордың” осы мәнімен сабақтас. Бұлар бірін-бірі толық алмастыра береді

№ слайда 3 Қазақ даласындағы көшпелі қоғам мәдениет пен ғылымның біраз салаларынан кенже
Описание слайда:

Қазақ даласындағы көшпелі қоғам мәдениет пен ғылымның біраз салаларынан кенжелеп жатқанымен, ауыз әдебиетінің таң қаларлықтай тұтас, қоғамдық дәрежеде дамуына мейлінше толық жағдай жасады. Ауызша айту фольклордың тек қана шығарылу, таралу жолы емес, бүкіл қоғам тарапынан қолдау тапқан өнердің басты шарты болды. Үлкен де, кіші де ауызша өнер дәстүріне дағдыланды, жасынан санасына сіңіріп, соны ғана мойындады. Бүкіл қоғам ауызша өнер мектебі болды. Осыған лайық ауыз әдебиетінің көтерген жүгі де орасан зор еді. Халықтың тарихи зердесі, философиялық ой-түйіндері, педагогикалық тәжірибесі, адамгершілік нормалары, кәсіптік әдебиетке тән көркемдік сұраныстары, театрлық өнерге тиесілі есесі ауыз әдебиетіне жүктеледі. Іс жүзінде оның араласпайтын саласы қалған жоқ. Шілдеханадан бастап рулар арасындағы дау-дамайларға, бесік жырынан бастап жоқтауға, ем-домнан бастап лирикалық өлеңдерге, ырым-түсініктерден бастап қоғамдық дүниетанымдық аңыз-әңгімелерге, мифтік сенімдерден бастап қоғамдық ой-пікірлерге дейінгінің бәрі де фольклорға тоғысты.

№ слайда 4 Ауыз әдебиеті жанрлық құрамы жағынан да сан-салалы болып қалыптасты. Тұрмыс-с
Описание слайда:

Ауыз әдебиеті жанрлық құрамы жағынан да сан-салалы болып қалыптасты. Тұрмыс-салт өлеңдері (еңбек-кәсіп, аңшылық, үйлену, жерлеу салты, наным-сенім т. б.), ертегілер, аңыздар, әпсаналар, мифтер, эпостық жырлар, тарихи өлең, қара өлең, лирикалық өлең, өтірік өлең, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, айтыс, шешендік сөздер, жаңылтпаштар, драмалық үлгідегі шығармалар... — міне, ауыз әдебиетінің негізін құрайтын осы бір жанрлардың өзі әрі қарай түр-түрге бөлініп кете береді. Бұлардың қай-қайсысы болса да сөзбен айтылатын шығармалар және олардың негізгі құралы сөз. Сондықтан ауыз әдебиеті, ең алдымен, сөз өнері.

№ слайда 5 19 - 20 ғасырлардың басында Қазан, Уфа қалаларында қазақтың батырлық жырлары,
Описание слайда:

19 - 20 ғасырлардың басында Қазан, Уфа қалаларында қазақтың батырлық жырлары, діни және ғашықтық дастандары көптеп жарық көрді. “Ер Тарғын, “Қыз Жібек”, “Алпамыс”, “Бозжігіт”, “Мұңлық - Зарлық”, “Шәкір - Шәкірат” т.б. жыр- дастандар дүркін-дүркін қайта басылып шықты. Ал, кеңестік дәуірде ауыз әдебиетітінің көптеген үлгілері белгілі бір түзетулер мен редакциялауларға ұшыраса да, көпшілікке жол тапты.[13] Эпостар, дастандар, ертегілер, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, айтыстар, шешендік сөздер, жұмбақтар т.б. тізбелі болып та, жеке де жарыққа шығып келеді. Бұлардың ішінде, әсіресе, “Алпамыс”, “Қозы Көрпеш - Баян сұлу”, “Қыз Жібек”, “Қамбар батыр”, “Қобыланды батыр” эпостарының екі тілдегі ғыл. (қазақша және орысша) басылымының шығуы фольклор текстол-сындағы ірі жетістік болды. Бұған қоса ауыз әдебиетінің көптомдық басылымын (1997 жылға дейін 17 томы шықты) шығару қолға алынды. М.Әуезов, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, М.Дүйсенов, Н.Төреқұл, Р.Бердібаев, М.Мағауин, С. Қасқабасов т.б. ғалымдардың бірнеше іргелі еңбектері жарық көрді. Ауыз әдебиетінің тарихы мен методологиясы жан-жақты зерттелді. Қазақ ауыз әдебиетініңнің озық үлгілері кәсіби ұлттық өнердің өзге түрлері (опера, театр, кино, кескіндеме т.б.) үшін де қайнар бұлақ, құнарлы тақырып саналады. Алғашқы қазақ опералары (Қыз Жібек, Айман — Шолпан), қазақ театры мен киносындағы сәтті шығармалардың көпшілігіне ауыз әдебиетіндегі туындылар арқау болды. Ұлттық дүниетаным мен тәлім-тәрбие жүйесін қалыптастыруды ана тілін, ұлттық тарихты зерделеуді мақсат тұтқан ғыл.-зерттеулер де ауыз әдебиеті үлгілерін айналып өте алмайды. Ауыз әдебиетінің кейбір жанрлары қазіргі заманға сай жаңа сипаттармен дамуда. Олар айтыс, беташар, жар-жар және т.б.

№ слайда 6 Халықтың ауызекі поэтикалық шығармашылығының ішінде тәрбиенің таптырмас құрал
Описание слайда:

Халықтың ауызекі поэтикалық шығармашылығының ішінде тәрбиенің таптырмас құралы ретінде ойындар мен ойын өлеңдердің маңызы зор. Оларда адамдардың күнделікті тұрмыс әрекетінің сан қыры, еңбегі, ұлттық бастаулар, намыс, қайсарлық, ержүректік туралы түсінігі, ептілікті, шыдамдылықты, жылдамдықты, күш–қайратты, әсем қимыл-қозғалысты меңгерту тілегі, ұстамдылыққа, тапқырлыққа, қоршаған ортадан алған әсерін шығармашылықпен көрсетуге, сонымен бірге жеңіске жетуге деген талпынысы айқын байқалады. Мәселен, “Асау мәстек” ойыны ептілікке, шыдамдылыққа машықтануды және ат үстінде өнер көрсетуге қажетті басқа да қасиеттерді қалыптастырса, “Қалай айтуды білемін” ойыны табиғат құбылыстарынан хабардар болуды талап етеді. Жан-жануарлардың мінез-құлқын, олардың сыртқы көрінісін, жануарлардан шығатын дыбыстарды айнытпай салып беруі тиіс.

№ слайда 7 Ойын аздап театрланған ойын-сауық түрінде өтеді, мұнда ән, жыр айта білу, көр
Описание слайда:

Ойын аздап театрланған ойын-сауық түрінде өтеді, мұнда ән, жыр айта білу, көрген-білгенін есте сақтай білу қабілетіне мән беріледі. Халық ойындары көркем эстетикалық дене тәрбиесінің ажырамайтын бөлігі болып саналады. “Қоғикөк” ойынында билеп жүріп хормен өлең айтуда өзара үйлесімділік байқалады. Халық ойындары тосыннан туған қызықты кезеңдермен балаларға ұнайтын, санамақ, қаламақ, жаңылтпаш, жұмбақ, күлдіргі ойындар мен жиі сүйемелденіп отырады. Санамақ пен қаламақ әдетте ойынның басында ойынға қатысушыларды тез ұйымдастыруға, олардың жүргізушіні әділ таңдай білуіне, ережені қолма-қол бұлжытпай тиянақты орындауына көмектеседі. Көңіл күйге тез әсер етіп балалардың есту қабілеттерін эстетикалық талғамын дамытады. Санамақ балалардың екі топқа бөлінуіне қажеттілік туғанда пайдаланылады немесе санамақ арқылы жүргізушіні таңдайды. Ал қаламақ кейбір ойындарда жасырын ат бойынша ойнаушылар жетекшіден алма кезек кімді қалайтынын сұраған кезде пайдаланылады. Мысалы: “Ойнаушылар: -Аспандағы жұлдыз керек пе? Судағы құндыз керек пе?”- деп сұрайды. Жүргізушінің бірі “судағы құндыз”- деп жауап берсе, құндыз бала сұраған жаққа шығады.

№ слайда 8 АЛ, САНАҢДАР! Ал, санаңдар, санаңдар, Бізде қанша адам бар? Алдымда: Атам, әж
Описание слайда:

АЛ, САНАҢДАР! Ал, санаңдар, санаңдар, Бізде қанша адам бар? Алдымда: Атам, әжем, Алдымда: Әкем, анам.   САНАП КӨР - САНАМАҚТАР Онжан тапқан Он жаңғақтан Екіден-ақ Еппен санап, Балжан алды, Әлжан алды, Қалжан алды, Қанша қалды? (Төртеу)   БІР ДЕГЕНІҢ – БЕСІГІНДІ ТҮЗЕДІҢ - - САНАМАҚТАР Бір дегенің – бесігінді түзедің, Екі дегенің – Егеменді ел дедің. Үш дегенің – ана тілім асылым, Басқа тілден мәртебесін асырдың.  

№ слайда 9 Өсімдік, жеміс, көкөніс, дәнді дақылдар туралы жұмбақтар Бұтақта ілініп тұрам
Описание слайда:

Өсімдік, жеміс, көкөніс, дәнді дақылдар туралы жұмбақтар Бұтақта ілініп тұрамын, Піскенде себетке құладым.  (Жеміс) Өсірдім ұлпа қар, Шешуін кім табар?   (Мақта) Әкеміз ала баспақ асырады, Күз келсе соямын деп асығыды. Баспағым бойын шөпке жасырады. Еті қызыл, терісі жасыл әлі.   (Қарбыз) Ашулы қонақ бұл анық, Тонып шешсе, жыладық.   (Пияз) Өсірер тың дала, Көшірер қамбаға. Айналар ұңға да, Айналар нанға да.  (Бидай)  

№ слайда 10 Оқу-білімге байланысты жұмбақтар Тұрады ылғи сөреде, Іші толы өнеге (Кітап) Қ
Описание слайда:

Оқу-білімге байланысты жұмбақтар Тұрады ылғи сөреде, Іші толы өнеге (Кітап) Қала кетті домалап, Обал-ақ. Дала кетті домалап, Обал-ақ. Көл де кетті, Шөл де кетті домалап, Обал-ақ. Тау да кетті Бау да кетті домалап, Обал-ақ. Не туралы айтып тұрмын, Тауып көрші жобалап.   (Глобус) Оқушыға мақтанды Бір серігі аз ғана: «Күнде кешем ақ қарды, Қыс түгілі жазда да».   (Қалам)  

№ слайда 11 Жануарлар туралы жұмбақтар Апан-апан, Ескі шапан. Иір қобыз, Жарық жұлдыз. (Т
Описание слайда:

Жануарлар туралы жұмбақтар Апан-апан, Ескі шапан. Иір қобыз, Жарық жұлдыз. (Түйе)   Кішкентай ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. (Қой)   Асты тас, Үсті тас, Ортасында жанды бас. (Тасбақа)   Кезікті бір жануар, Үстінде екі тауы бар. (Түйе)   Тастамайды бір елі, Үйін сүйреп жүреді. (Ұлу,  немесе тасбақа)   Тікірейіп құлағы Менен бұрын тұрады. Бойын жазып керіліп, Беті-қолын жуады. (Мысық)

№ слайда 12 Жаңылтпаштар Омартаға балалар барар, Балаларды аралар талар.   Алашаларды Таб
Описание слайда:

Жаңылтпаштар Омартаға балалар барар, Балаларды аралар талар.   Алашаларды Таба алса, алар. Үміт түбіт түтті, Түбітті түтіп бітті.   Арқада алты арқар бар, Қырқада қырық арқар бар. Қырық арқарда ақ арқар бар. Алты арқарда марқа арқар бар.   Әбдіреде әбігер әтеш отыр. Әбігер әтеш отырған Әбдірені әжем ашып жатыр. Гүлім гүлге қарап күлімдеді, Көгілдір гүлге қонған аралар гуілдеді.   Ғарышкер ұшты ғарышқа. Ғарышқа ұшты ғарышкер. Айтшы, ғарыш алыс па? Зура зурнада ойнайды, Зурнада бір ғана Зура ойнайды деме, Зара да, Зере де зурнада ойнайды.   Инелік илеуде иленбейді. Итбалық итмұрынды иіскемейді.   Пай-пай-пай, Жайылып жүр тай. Ай-ай-ай, Ұшып кетті торғай.

№ слайда 13 Мақал- мәтелдер: Ата-ана мен бала   Қарға баласын аппағым дер, Кірпі баласын
Описание слайда:

Мақал- мәтелдер: Ата-ана мен бала   Қарға баласын аппағым дер, Кірпі баласын жұмсағым дер.   Балалы үйдің ұрлығы жатпас.   Барды — балама, жоқты — санама.   Бесіксіз үйде береке жоқ.   Боранды күні бала құтырар, Желді күні ит құтырар.   Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада.   Әкеге баланың алалығы жоқ.   Ерке бала екі жылар.   Ағайын — алтау, ана — біреу.   Құс балапаны үшін тұзаққа түседі, Адам баласы үшін азапқа түседі.   Бір жақсы қыз екі жаман ұлға татиды.   Қыз жоқ жерде қызық жоқ.   Астың дәмін тұз келтірер, Ауылдың сәнін қыз келтірер.   Ағайынның алтын сарайынан Ананың жыртық лашығы артық.   Балалы үй—базар, Баласыз үй — мазар.   Қыз — қонақ.   Бала көңілдің гүлі, көздің нұры.  

№ слайда 14 Адам туралы Адам деген ардақты ат. Адамдықтан үлкен ат жоқ, Наннан үлкен ас ж
Описание слайда:

Адам туралы Адам деген ардақты ат. Адамдықтан үлкен ат жоқ, Наннан үлкен ас жоқ.   Адамгершілікке арналған үш сауал бар: Шөлге құдық қазған бір сауап, Өзенге көпір салған бір сауап, Жолға ағаш еккен бір сауап.   Еңбек — адамның көркі, Адам заманның көркі.   Біреу, біреуге сүйеу.   Адамды алдау — Арыңның алдында қылмыс, Ағаны алдау — Анаңның алдында қылмыс.   Талабы жоқ жас — Қанаты жоқ құс.   Ормансыз жер — жалаңаш,   Армансыз ер — жалаңаш.  Ат аяғынан семірер, Адам құлағынан семірер.   Адам тастай берік, Гүлдей нәзік.   Адам жүрген жермен адам жүреді, Біреу білмегенді біреу біледі.   Адамның күні адаммен.   Адам бір-біріне қонақ.   Ат жақсысын мақта, Адам жақсысын жақта.   Адам қайғысы — заман қайғысы.

№ слайда 15 Тапсырмалар 1 топ: «Мақал мәтелдер» айту 2 топ: «Жұмбақтар» жасыру 3 топ: Жаң
Описание слайда:

Тапсырмалар 1 топ: «Мақал мәтелдер» айту 2 топ: «Жұмбақтар» жасыру 3 топ: Жаңылтпаштар айту

№ слайда 16 Тест жұмысы
Описание слайда:

Тест жұмысы

Краткое описание документа:

Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған “фольклор” (ағылшынша lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. Бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірақ мағыналары бір емес.Мысалы, “халық поэзиясы” дейтін ұғым өлең түрінде айтылатын поэзиялық жанрларды жинақтап атауға лайық болса, “халық шығармашылығы” — халық шығармашылығы мен өнерінің барлық түрлерінің жалпы атауы, “ауызша сөз өнері” — прозалық та, поэзиялық та шығармалардың ортақ ұғымы. Бұларғақосахалықданалығы”, “халықбілімідепаударылатынфольклортерминініңмән-мағынасында да елеуліайырма бар. БатысЕуропа, Америка, Австралия халықтарыныңұғымындабұлсөздіңмағынасытымауқымды. Олхалықтыңкиім-кешек, құрал-жабдық, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт, наным-сенім, сондай-ақтүрлікөркемөнерін (поэзия, музыка, би, ою-өрнек, тоқымаөнері, т. б.) тұтастайатауүшінқолданылады

Автор
Дата добавления 22.01.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Презентации
Просмотров1119
Номер материала 328233
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх