Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / «Халықтың ерлігі – мәңгі есімізде» (Мәншук Маметова, Әлия Молдагулованың ерлігі)

«Халықтың ерлігі – мәңгі есімізде» (Мәншук Маметова, Әлия Молдагулованың ерлігі)

  • Классному руководителю
 1941 жылы 22 маусым
Қазақстандықтар Ленинград үшін ұрыстарда. Әлия Молдағұлова Мәншүк Мәметова
Қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқаста Бауыржан Момышұлы Мәлік Ғабдуллин Төлеге...
Әлия , Мәншук қайсар қызы қазықтың , Ерлігіне таңданамын ғажап тым....
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылында дү...
Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры .Санкт-Петербург және Мәскеу қалал...
Батырдың өзі өлсе , біз үшін есімі мәңгі өлген жоқ
Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922,Орал облысы Орда аудан...
1944 жылдың 1 наурызда СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указымен аға сержант...
Мен қазақ қыздарына қайран қалам, Жанары, жаны жаздай жайрандаған... Ерліктің...
1 из 15

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1
Описание слайда:

№ слайда 2
Описание слайда:

№ слайда 3
Описание слайда:

№ слайда 4  1941 жылы 22 маусым
Описание слайда:

1941 жылы 22 маусым

№ слайда 5 Қазақстандықтар Ленинград үшін ұрыстарда. Әлия Молдағұлова Мәншүк Мәметова
Описание слайда:

Қазақстандықтар Ленинград үшін ұрыстарда. Әлия Молдағұлова Мәншүк Мәметова

№ слайда 6 Қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқаста Бауыржан Момышұлы Мәлік Ғабдуллин Төлеге
Описание слайда:

Қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқаста Бауыржан Момышұлы Мәлік Ғабдуллин Төлеген Тоқтаров

№ слайда 7 Әлия , Мәншук қайсар қызы қазықтың , Ерлігіне таңданамын ғажап тым....
Описание слайда:

Әлия , Мәншук қайсар қызы қазықтың , Ерлігіне таңданамын ғажап тым....

№ слайда 8 Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылында дү
Описание слайда:

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылында дүниеге келген  (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты, ал анасы Ақмоншағым деп атаған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.

№ слайда 9 Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры .Санкт-Петербург және Мәскеу қалал
Описание слайда:

Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры .Санкт-Петербург және Мәскеу қалаларындағы және көптеген облыстардағы оңдаған мектептер, көшелер Молдағұлова есімімен аталады. Новосокольники, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе қалаларында және туған ауылында ескерткіш орнатылған.

№ слайда 10
Описание слайда:

№ слайда 11 Батырдың өзі өлсе , біз үшін есімі мәңгі өлген жоқ
Описание слайда:

Батырдың өзі өлсе , біз үшін есімі мәңгі өлген жоқ

№ слайда 12 Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922,Орал облысы Орда аудан
Описание слайда:

Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922,Орал облысы Орда ауданы ,— 1943 ж. қазанның 16-ы — қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (1944).  Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк медицина институтында оқып, сонымен бір мезгілде республика Халық Комиссарлары Советінің секретариатында қызмет етіп те жүрген. 1942 жылдың тамызында ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынады да, майданға аттанады. Өз бөлімінде Мәншүк таңдаулы пулеметші атанады. Аға сержант Мәншүк Мәметова Псков облысындағы Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста ерлікпен қаза тапты.

№ слайда 13 1944 жылдың 1 наурызда СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указымен аға сержант
Описание слайда:

1944 жылдың 1 наурызда СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указымен аға сержант Мәншүк Мәметова Жиенғалиқызына қаза тапқаннан кейін Совет Одағының Батыры атағы берілді. Батырдың туған жерінде мемориалдық музей, Орал қаласында да музей ашылды. Қазақстанның ақын жазушылары Мәншүк Мәметова туралы көптеген өлең, поэмалар жазды.

№ слайда 14 Мен қазақ қыздарына қайран қалам, Жанары, жаны жаздай жайрандаған... Ерліктің
Описание слайда:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам, Жанары, жаны жаздай жайрандаған... Ерліктің қос қанаты деп білімін, Аяулы Әлия мен Мәншүгімді.

№ слайда 15
Описание слайда:

Краткое описание документа:

Тақырыбы: «Халықтың ерлігі – мәңгі есімізде»(Мәншук Маметова, Әлия Молдагулованың ерлігі) 

Мақсаты:
• Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өту

  Аттары аңызға айналып, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырып, есімдері тарих  беттерінде алтын әріппен өрнектелген ерліктің мәңгі  алауын  жаққан қазақтың қос шынары Маншүк  Маметова мен Әлия  

Молдағұлованың жарқын өмірі  және Ұлы Отан  соғысындағы ерлік  істерін ұрпаққа үлгі  етіп, өнеге  ету.

  Оқушыларды қазақтың  қос аруы, шынары, жұлдызы болған Әлия мен  Мәншүк  есімдерін қадірлеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.


• Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегін еске алу.
• Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі - өнеге тұту.


Түрі:  тыл ардагерлерімен кездесу


Көрнекілігі: тақырыптық презентация, шарлар, гүлдер.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
- Акт залы. «Кестелі орамал» әні ойнап тұрады.
- Келген ата - аналар мен қонақтарды қарсы алу. Сынып бойынша ата - аналар қатысын бақылау.


ІІ. Кіріспе бөлім

- Армысыздар, ардақты ағайын, ата - ана, ұстаздар мен құрметті қонақтар!
бүгінгі 8 а сыныбының дайындаған тәрбие сағатында Ұлы Жеңістің 70 жылдығы оның ішінде тыл ардагерлерінің ерен еңбектері жайлы болмақ.
- Бүгінгі
«Халықтың ерлігі – ғасырлар бойы есімізде» (Маншук Маметова, Әлия Молдагулова ның ерлігі) атты салтанатты кешімізге  ақ жаулықты аналарымызды қонаққа шақырып едік. Қол соғып, қошеметтеп арамызға, сыйлы орынға шақырсақ.
-

- «Соғыс» деген сөзді естігенде адамзат баласының жүрегі дір ете қалады. Неге? Өйткені соңғы 5 мың жыл ішінде 15. 583 соғыс /ірісі мен ұсағы/ өткен екен.
4 млрд. Адам қаза тапқан. Осы 5 мың жыл ішінде тек 295 жыл ғана соғыссыз тыныш өткен екен. Осынау жойқын соғыстардың ішіндегі ең ірісі – 72 мемлекет қатысқан Екінші дүниежүзілік соғыс. 110 миллион адам қолына қару алып қанды шайқасқа кірген.
- 1941 - 1945 жылдар аралығындағы соғысқа 35 млн. Адам, соның ішінде 1. 5 млн. Қазақстандық қатысты. Бұл республика халқының 18 - 50 жас аралығындағы ересектердің 80 пайызын құрады.
- Қазақстаннан аттанған 1 млн. 500 мың адамны
ң біздің  аудандық комиссариат арқылы майданға -5615 адам   аттанған, олардың 4360-ы соғыс құрбаны болып  қаза тапты немесе хабарсыз кетті.  Елге 1245 адам  ғана аман - есен  оралды.
- Ұлы Жеңіске ат салысуда тылдағы еңбекте апаларымыз бен аналарымыз, әкелерімізден кем түскен жоқ. Уақытпен санаспай, ыстыққа күйіп, суыққа тоңа жүріп, Ұлы Жеңіске өз үлестерін қосқан еді. Жауға атылған үш оқтың екеуі Қазақстанда жасалғанды. Соғыс өрті қашанда халық есінде.

- Тыңдарман қауым, көкейлеріңізде қояр сауалдарыңыз болса әзірлеп, пікіралысуға белсене қатысып отырайық.

ІІ. Негізгі бөлім

Сыныптың тақпақтары, көріністері.

ІІІ. Кездесу бөлімі

а/ Тыл ардагерлеріне арналған сауалдар:
№ 1 сұрақ:
Сұрапыл соғыс жылдарындағы ауылдың тұрмыс тіршілігіне қысқаша тоқталып өтсеңіздер.
№2 сұрақ:
Соғыс жылдарындағы еңбек түрлерін атап өтсеңіздер.
№3 сұрақ:
«Қаралы қағаз» келгендегі ауылдың жағдай қандай болды?
№4 сұрақ:
Сол кездегі ауылда басқарма кім еді? Басқарманың іс - әрекеті туралы қысқаша түсінік берсеңіздер?
№ 5 сұрақ:
Ең алғаш соғыс уақытында елге оралған жауынгерлер кімдер еді?
Естеріңізде бар ма?

№ 6 сұрақ:
«Соғыстың құны» сіздерше не?
Соғыстың құны – кесілген білек,
Соғыстың құны – тесілген жүрек,
Соғыстың құны - лаулаған орман,
Соғыстың құны – уланған арман,
Соғыстың құны - өртенген аспан,
Соғыстың құны - төгілген жас қан....
№ 7 сұрақ:
«Жеңіс» деген сөзді қандай жағдайда естідіңіздер? Сол уақыттағы көңіл - күйлеріңіз қандай болды екен?
№8 сұрақ:
Соғыс уақытында оқу – білім мәселесі қандай болды? Ұстаздар кімдер еді?
№9 сұрақ:
Бейбіт өмірдегі жас жеткіншектердің патриоттық, Отансүйгіштік қасиеттеріне көңілдеріңіз тола ма?

ә/ Оқушылар тілегі:
Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар»

б/ Қонақ кәде айдары
- Бүгінгі кешімізге арнайы шақырылған тағы қонағымыз бар. Мектебіміздің   кітапханашысы , ендеше ортаға осы тақырыпты жалғастырып, өз ойымен бөлісу үшін кітапханашы апайымызды шақырсақ.

в/ Көрермендер сауалы
/ тыңдарман қауымның ішінен сауалдар, тілек айтамын деушілерді ортаға шақырамыз./
ІҮ. Қорытынды
- 70  бейбіт жыл артта қалып отыр. Бүгін сол Жеңіске қарумен, қаһармандықпен ат салысқан майдангерлерді еске алсақ, оны жанқиярлық еңбегімен жақындатқан тыл ардагерлері салтанатты кешіміздің қадірлі қонақтары. Құрметті тыл ардагерлері» Сіздерді Жеңіс мерекесімен шын жүректен тағы бір мәрте құттықтаймыз! Баршаңызға мықты денсаулық, молшылық пен бақыт, отбасыларыңызға игілік тілейміз.

Жас ұрпақ!
Асыр сап, шырқайды ерлікті ән қылып,
Небір заңғар таулар құлазып шөксе де,
Ерлердің бейнесі жасайды мәңгілік.
- Сталинград шайқасында опат болған мыңдаған жауынгерлердің денесі жерленген Мамай қорғанындағы ескерткіш ансамблінің кіре беріс оң жағындағы мрамор тақтаға жазылған өсиет сөзбен бүгінгі кездесуімізді аяқтасақ.

- «Соғыста құрбан болғандардың жете алмаған жеріне Сен жетесің! Жер бетінде баянды бейбітшілік орнату – тірі адам сенің борышың! Саған қалған үлес сол – осыны өтесің, адамгершілік парыздан құтыласың, Отан міндетін, ана сүтін ақтағаның.»

- Бүгінгі кездесуден естелік ретінде сіздерге «орамал - тон болмайды, жол болады»- деген салтпен апаларымызға  тәтті кәмпит қораптарын тарту етпекпіз. Сонымен бірге сіздермен ескерткішке фотоға түсіп қалсақ деп едік.

 

 

 

Автор
Дата добавления 18.05.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров448
Номер материала 537022
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх