Тақырыбы: Күз
ханзадасы мен ханшайымы
Мақсаты:
а) Жас ұрпаққа қоршаған ортадағы түрлі
құбылыстарды және күз кереметтілігін нақты айқындап ашуға, табиғатты сүюге,
сақтауға үйрету;
ә) инабатты, иманды, іскер, мәдениетті, жеке
тұлғаны қалыптастыру;
б) ұқыптылыққа, шымыр да шапшаң ой
жүйріктілігіне, талғампаздыққа, таза әдемі болуға тәрбиелеу;
Көрнекілігі:
шарлар, нақыл сөздер, гүл шоқтары
Барысы:
І жүргізуші:
Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!
ІІ жүргізуші:
Бармысыздар жадыраған жас достар!
І жүргізуші: Берекелі,
мерекелі алтын күз құтты болсын!
ІІ жүргізуші: Уа,
халайық, халайық!
І жүргізуші: Мұнда
назар салайық.
ІІ жүргізуші: мерекесі
халықтың
І жүргізуші: алтын
күзге арналған
ІІ жүргізуші: кешімізді
бастайық.
І жүргізуші: Алтын
күз мерекесіне арналып өткізгелі «Күз ханзадасы мен ханшайымы» байқауына
қош келдіңіздер.
ІІ жүргізуші: Олай
болса, бүгінгі байқауымызға қатысқалы отырған күз ханзадалары мен
ханшайымдарын ортаға шақырайық.
(музыка
ойналып, ортаға шығады)
І жүргізуші: Байқауға
қатысатын үміткерлерге ақ жол деп қошемет көрсетейік, құрметті көпшілік.
ІІ жүргізуші: Әділ
қазы, ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді
күллі әлем,
Жүйрік озар сайыстарда
нешебір,
Сарапқа сал,
әділдікпен шеше біл.
Бүгінгі
сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылармен таныс болыңыздар.
- Даулетқалиева Раушан Амантайқызы – химия-биология
пәнінің мұғалімі
- Валиев Асқар Ғаббасұлы – Жаратылыстану
пәндер бірлестігінің жетістігі
- Бектемирова Назгүл Сәрсенбіқызы – мектеп психолог
І жүргізуші: ендеше,
бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныс болыңыздар.
- Таныстыру.
- «Күз сыры» өнер көрсету
- Мерекелік дастархан
- «Әсем кештің сән үлгісі»
- «Алуан-алуан сұрақтар» сұрақ-жауап
ІІ жүргізуші: Қазылар
алқасы үміткерлеріміздің бағасын бірге шығарады, яғни әр сыныптан шыққан
жұптарға баға бірге қойылады. Сайыстың қорытындысы сайыс соңында айтылады. Ең
төмен ұпай – 3, ең жоғары ұпай – 5.
І жүргізуші: Ендеше,
үміткерлеріміз дайын болса сайысымызды бастайық.
ІІ жүргізуші: Құрметті
көпшілік көрерменім,
Жақсылыққа әрдайым
артқан сенім.
Ақжол, тілеп үкілі
ұміттерге,
Таныстыру шартына
кезек бердік.
І жүргізуші: Ендеше,
бірінші шартымыз – үміткерлеріміздің өздерін таныстыруы.
(ортаға
шығып, өздерін таныстырады)
ІІ жүргізуші: Ал
кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән
салыпты.
Бүгінгі сайыста бәйге
алуға,
Үміткерлер аянбай жан
салыпты.
І жүргізуші: Баршаға
өнер сүйер жар саламыз,
Үкілі үміттерді қарсы
аламыз.
Күйге енейік баршамыз
ерекше бір,
Сіздер үшін би билеп, ән
саламыз.
ІІ жүргізуші: Құрметті
көрермендер, ендігі кезекте үміткерлеріміздің дайындап келген өнерлерінің куәсі
болуға шақырамыз.
(өз
өнерлерін көрсетеді)
І жүргізуші: жігіттеріміз
бен аруларымыздың өнерлеріне көп рахмет айта отырып, келесі кезеңімізге көшеміз
ІІ жүргізуші:Сайысымыздың ІІІ бөлімі – мерекелік дастархан.
І жүргізуші: Үйден
дайындап әкелген тағамдарымен таныстыру
ІІ жүргізуші: Қазақтың
түрлі түсті дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға
жұрт қызығар.
Жауаптарын табар ма
екен үміткерлер,
Сол себептен қоятын
сұрақтар бар.
І жүргізуші: Қазір
сіздердің әрқайсысыларыңызға тапсырмадан беріледі. Сұраққа жауап беру,
жағдаяттан шығу және мақал-мәтелдің жалғасын табу. Қызықты әрі нақты, толық
жауап беру табылады.
- Жеті қазынаны атаңыздар
- Досы көппен сыйлас
- Сенің ұнатып
қызың немесе жігітің өзіңнің жан досыңмен достасып жүргенін білдің. Сол
кезде сен не істер едің?
1. Сыбаға деген не?
3.Сенің өзіңнің
жаныңа жақын мұғалімің тапсырма берді. Сен оны бірнеше рет орындаған жоқсың.
Мұғалімің сенен тапсырманы орындаған, орындамағаныңды сұрайды. Сол кезде сен не
деп жауап берер едің?
1. Қазақтың ұлттық
ойындарын ата.
3. Сіздерге бұл
өмірде не қымбат?
1.Қазақ әліпбиінде
неше дауыссыз дыбыс бар?
2.Ұлға отыз үйден
тыйм,
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------
3.Қыз баланың
немесе ер баланың қандай болғанын қалар едің? Әдемі, ұтқыр сөздермен жауап беру
керек.
ІІ жүргізуші:
Әділ қазылар дұрыс жауаптарға бағаларын өздері бере
жатар.
І жүргізуші: Ия, біздер сайысымыздың келесі кезеңін хабарлайық.
ІІ жүргізуші: Келесі кезең – «Әсем кештің
сән үлгісі». Жігіттеріміз бен қыздарымыз дайын болғанша күмбірлеген домбыра
үніне құлақ түрейік.
Алдарыңызда
Айкөркем Салықова.
ІІ жүргізуші: Бар сұлулық құйылған бір басына,
Жарасып-ақ тұр бәрі сұлбасына.
Бетін шымшып жауратып күз салқыны,
Еркелейді еріксіз сырласыңа.
Ортаға
жұптарды қол соғып, қошеметтеп шақырайық.
(Музыка әуенімен ортаға шығып сән үлгісін көрсетеді)
І жүргізуші: Сонымен,қымбатты көрермендер, жан
дүниесі, рухани әлемі,таза, адам баласының ең тамаша қасиеттерінің барлығын
бойына сіңірген , арыстандай айбатты, жолбарыс жүректі ер мінезді нағыз
ханзадаға лайық жігіттерімізбен
ІІ жүргізуші : Сыпайы да мейірбанды, ақ маңдай,
ашық жүзді, айдай сұлу, жылы жүздерінен күннің нұры төгілген нағыз ханшаға
лайықты, ақылды да парасатты қыздарымызды анықтайтын кезге келіп жеттік.
І жүргізуші: Әділ қазылар алқасы дайын
болғанша, бәріміз ортаға шығып билейік.
ІІ жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен тұратын
,
Өмір күрес жеткізе ме мұратын?
«Жеңбедім, жеңілдім» деп ренжімегін
Қатысу да бір жеңіс, болсаң егер ұғатын.
І жүргізуші: Келешекте әлі талай сайыстар бар.
Өнерлерің шындалсын қалыспаңдар.
Өнерлілер көбейсін күннен күнге,
Өмір күрес әлі талай жарыстар.
ІІ жүргізуші: Бүгінгі байқауымыздың нағыз
ханзадасы мен ханшасын жариялау үшін ортаға қазылар алқасын шақырамыз
І жүргізуші: Қымбатты көрермендер!
Жеңімпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей
отырып, кешімізді аяқтаймыз.
ІІ жүзгізуші: Тамашалағандарыңызға рахмет,
келесі кездескенше сау болыңыздар.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.