Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Русский язык и литература / Презентации / ХХІ ғасыр көшбасшысы зияткерлік ойыны

ХХІ ғасыр көшбасшысы зияткерлік ойыны

  • Русский язык и литература

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_5f34de2e.gifАқмола облысы Жақсы ауданы Терсақан негізгі мектебі









зияткерлік ойыны

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQ4OVXZfdfmjada-wdOlVQcwjENSdKeYvEcrhAvOPG3c1mxEgcz5w



Өткізген: Досанова Е.А.







2015 оқу жылы

Тақырыбы : «ХХI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайыс .

Мақсаты: Мұхтар Әуезов мұрасына терең үңілу, зерттеу, білімдерін толықтыру.

  1. Оқушылардың жеке зерделілік, танымдық, еріктілік ерекшеліктерін ұштау.

  2. Көпшілік алдында өзін-өзі еркін ұстауға, білімін кеңінен қолдана білуге тәрбиелеу.

  3. Мұхтар Әуезов туралы білімдерін тереңдету, дамыту, өз бетімен ізденіс үрдісін, адамгершілік дағдыларын қалыптастыру.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, графопроектор, компьтерлік құрал-жабдықтар.

Әдісі: сұрақ-жауап

Түрі: қайталау , интеллектуалдық сайыс сабақ.

Пәнаралық байланыс: тарих, информатика.

Барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Бұл ойын арнайы техникалық құрал-жабдықтарды қолдану арқылы жүргізіледі. Барлық сұрақтар , ұяшықтардың барлығы анимация арқылы экраннан көрініп тұрады.

  2. Әділ-қазылар алқасы тағайындалады.

Мұғалім сөзі: Армысыздар құрметті оқушылар, ұстаздар , қонақтар! Бүгінгі ХХI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысына қош келдіңіздер.

Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінде тәңірлік ұғыммен деңгейлес тұлға. Оның тылсым әлем тұңғиығынан жаралғандай дана кейпіне қарап отырып, бүтін дүниенің келбетіне көз тіккендей боласың. Әуезовтің суретінде жан бар. Сабырлы , ойлы жан.

Табиғаттың бір туарлары , халқымыздың парасат әлеміндегі ғажайыптар, саф, таза сұлулар, айрықша оқшау құбылыстары-Абай, және Мұхтар. Қазақ әдебиетінің өзі осыны дәлелдеп отыр. Әдебиет пен ғұмырын бүгінгі 118 деген сандық көрсеткіш дәлелдейді. Мұхтар есімін ауызға алсақ, кітап патшалығының рухы тебірінеді.

Ғұлама әлеміне терең үңіліп, өмірі мен шығармашылығына толық танысу мақсатында Мұхтар Әуезовтің туғанына 118 жыл толуына орай зияткерлік сайысымызды ұйымдастырып отырмыз.

3.Таныстыру. Әдебиет әлеміне құшақ жайған, сырлы да, сыры мол поэзия төріне қанат сермеген болашақ әдебиетші ұл-қыздарымыз

9-сынып оқушылары қатысады. Ойынға қатысушы оқушылар туралы, олардың жетістіктері жөнінде айтылады. Ойыншылар өздерін өлең жолдарымен таныстырады. Өмірлік ұрандарын айтады.

Қарап тұрмай  бәйгеге  еріңіз

Шәкірттерге  әділ  шешім  беріңіз!

Жүзден  жүйрік, мыңнан тұлпар  шығарар

Бәйге, бәйге, бәйгелерді  көріңіз

дей келе  біз  келесі  кезең БӘЙГЕ  кезеңін бастайық.



I кезең «Бәйге»

Ойынның шартымен таныстыру . Ортақ он сұрақ қойылады, әрқайсысының дұрыс жауабын белгілейді. Дұрыс жауап он ұпаймен бағаланады.

1.Мұхтардың дүниеге келген күні.

а) 25қазан ә) 30қаңтар б) 28қыркүйек в) 11наурыз

2. Мұхтардың немере ағасы кім?

а) Абай ә) Қасымбек б) Ораз в) Дәркенбай

3. Абай дүниеден өткенде Мұхтар неше жаста болды?

а) он үште ә) тоғызда б) сегізде в) жетіде

4.Тұңғыш жарық көрген туындысын көрсет?

а) «Адамдық негізі-әйел» ә) «Түнгі сарын»

б) «Абай жолы» в) «Қараш-қараш оқиғасы»

5. Жазушының пьесасын белгіле.

а) «Қилы заман» ә) «Қазақ әйелі»

б) «Еңлік-Кебек» в) «Үйлену»

6. «Еңлік-Кебек» пьесасы қай жылы қойылды?

а) 1917 ә) 1916 б) 1908 в) 1919

7.Мұхтардың Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер ұлы кім?

а)Оспан ә)Әбіш б)Мұрат в)Тұрар

8.Мұхтардың анасының есімі кім?

а)Зере ә)Ұлпан б) Нұржамал в)Райхан

9.Бөжей қай туындының кейіпкері?

а.Қаракөз ә. Абай жолы б.Жетім в.Бүркітші

10. Мұхтар қандай спорттың түрімен шұғылданды?

а) Теннис ә) Футбол б) Баскетбол в) Волейбол



Әр кезеңнің ұпайы шығарылып, экраннан көрсетіліп отырады



ІІ кезең «Жорға»

Ойыншылар ұяшықтарды таңдайды,әр ұшықтардың сұрақтары шығып отырады. Бір минут ішінде неше сұраққа жауап бергені есептелінеді, әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.



1

3



4

2







1 сұрақтар:

  1. Мұхтардың әкесі кім? (Омархан)

  2. М.Әуезов қай жылы Ленинград университетінің филология факультетін бітірді? (1928 жылы)

  3. Мұхтардың сүйегі қайда жерленді? (Алматы,Ташкент даңғылы қазақ зиратында)

  4. 1908 жылы қайда сабақ алды? (Семейдегі 5 жылдық орыс училищесінде)

  5. «Ділдә» қай шығарманың кейіпкері? (Абай жолы)

  6. Жазушының қарындасының есімі кім? ( Гүлнар Омарханова)

  7. Драматургиялық шығармасы (Еңлік-Кебек)

  8. Құрмаш қай әңгіменің кейіпкері? (Көксерек)

  9. Еуропалық прозаның деңгейіндегі алғашқы көркем шығармасы?

(Қорғансыздың күні)

  1. «Кеңгірбай» қай шығарма кейіпкері? ( Еңлік-Кебек)

  2. «Қасым» қай шығарма кейіпкері? (Жетім)

  3. «Жетім» қандай жанр? ( әңгіме )

  4. «Еңлік-Кебек» трагедиясының негізгі тақырыбы. (Жастар тағдыры)

  5. 1959 жылы қандай орденмен марапатталды? (Лениндік орденмен)

  6. Қай жылы қайтыс болды? (1961ж)

  7. «Қарагөз» қандай туынды? (Пьеса)

  8. «Білекке білек» қандай жанр? ( Очерк)

  9. Тоғжан мен Әйгерім кімдер? (Абайдың сүйген қыздары)

  10. Мұхтардың екінші жұбайы кім? ( Валентина)

  11. «Абай жолы» романында сомдалған Абайдың шәкірттерінің бірі кім? (Көкбай)




2 сұрақтар:

  1. Мұхтардың арғы атасы кім? (Бердіқожа )

  2. «Менің аталарым ХХ ғасырдың бас кезінде Орта Азия жатқан келіп, Тобықты руына сіңіп кетті» кімнің сөзі? (Мұхтар)

  3. «Абай жолы» романы қай жылы аяқталды? ( 1957 жылы)

  4. Мұхтардың немере ағасы кім? (Қасымбек)

  5. «Бәйбіше-Тоқал» қандай шығарма? (Драматургиялық)

  6. 1921 жылы жазылған алғашқы әңгімесі? (Қорғансыздың күні)

  7. «Асауға тұсау» қандай туынды? (Комедия)

  8. "Тоғжан" қай шығарманың кейіпкері? (Абай жолы)

  9. Мұхтардың әжесінің аты. ( Дінәсіл)

  10. Әйелі Валентинаның сатып әкелген күнтізбесі әсер етіп, Мұхтар қандай шығарма жазды? ( «Көксерек» әңгімесі)

  11. «Қараш-қараш оқиғасындағы» байдың есімі. (Жарасбай)

  12. Мұхтардың атасы ( Әуез)

  13. «Кім кінәлі» қандай туынды? (Әңгіме)

  14. Гогольдің қандай шығармасын аударды? (Ревизор)

  15. «Абай жолы» романында кімдерді қаралайды? (Билеуші ақсүйек қауымды)

  16. 1922 жылы қандай қалада оқиды? (Ташкент мемлекттік университетінде)

  17. «Қат-қабатта» Абай жолы романының нешінші бөлімі? (ІІ бөлім)

  18. Әкесі Омархан кіммен бірге өмір кешкен ? ( Абай)

  19. Әйелі Валентина Николаевнамен қайда танысты?

(Ленинград университетінде)

  1. «Түлкі мен ешкі» мысалын кімнен аударды? (К.Ушинскийден)




3 сұрақтар:

  1. «Қараш-қараш оқиғасының» негізгі тақырыбы. (Жалшы Тектіғұл тағдыры)

  2. Алматыда М.Әуезов есімі қайда берілді? (Қаз.мемлекеттік драма театрына)

  3. Мұхтардың ғасырлық туындысы (Абай жолы)

  4. «Жетім» әңгімесіндегі негізгі оқиға (шешесі өлгеннен кейінгі қорлық көрген жетім бала - Қасым тағдыры )

5. «Абай жолы» романының 2-кітабы қай жылы жарық көрді? (1947)

  1. "Жаман жолдас» шығармасын кімнен аударды? (Л.Толстойдан)

7. «Еңлік – Кебек» пьесасына арқау болған қандай оқиға ?

(ХVІІІ ғасырдың 80 жылдарында болған қанды оқиға)

  1. «Абай» пьесасында қандай оқиға суреттелген? (Абай өмірінің соңғы белестері)

  2. І.Жансүгіровпен бірге жүріп қандай шығарма жазды? ("Қараш-қараш оқиғасы")

  3. Семей қалалық мұғалімдер семинариясына қай жылы түседі? (1915)

  4. «Абай жолы» романы неше тілге аударылды? (30 тілге)

13. «Базаралы» қай шығарманың кейіпкері? ( Абай жолы)

  1. «Қилы заман» романы қай жылы жарық көрді? (1928 жылы )

15. «Бүркітші» қандай әдеби жанр. (Әңгіме)

16. «Бәйбіше – Тоқал» қандай жанр? (Пьеса)

17. «Абай жолы эпопеясы – тек қазақ әдебиетінің ғана емес, кеңес әдебиетінің үздік жетістіктерінің бірі»- деген кім? (Қ.Сәтпаев)

18. «Көксерек» қандай жанр? (Әңгіме)

19.Мұхтардың анасының есімі кім? (Нұржамал)

20. «Абай жолы» романының ІҮ кітабындағы оқиға.

(Тобықты мен Көкен елінің жер дауы.)


4 сұрақтар:

  1. Мұхтардың туған күні. ( 28 қыркүйек)

  2. М.Әуезов ойнаған - 1913 жылы алғаш құрылған футбол командасының аты. (Ярыш-Жарыс)

  3. Ж.Аймауытовпен бірге қандай мақала жазды?

              1. («Қазақтың өзгеше мінездері»)

  4. «Шытырманда» Абай жолы романының нешінші бөлімі? (ІІІ бөлім)

  5. Тектіғұл қай әңгіменің кейіпкері? (Қараш-қараш оқиғасы)

  6. «Абай жолы» романының 1- кітабындағы негізгі оқиға. ( Абайдың адам болып қалыптасуы)

  7. Мұхтардың арғы атасы кім? ( Бердіқожа)

  8. Тәкежан қай шығарма кейіпкері? (Абай жолы)

  9. Мұхтар кім туған өлкеде дүниеге келді? (Абай)

  10. Бірге алып жүрер екі түрлі ұлттық асылым бар, бірі-Манас, бірі-«Абай жолы» романы деген кім?

(Ш.Айтматов)

  1. Мұхтардың әйгілі трагедиясы. («Қарагөз» пьесасы)

  2. «Еспембет» қай шығарманың кейіпкері (Еңлік-Кебек)

  3. Мұхтардың туған жері ( ШҚО Семей обылысы Абай ауданы Шыңғыс болысы)

  4. «Дәркембай» қай шығарманың кейіпкері? (Абай жолы)

  5. Мұхтар спорттың қандай түрімен шұғылданды? ( Футбол)

  6. «Күшікбай» қай әнгіменнің кейіпкері. (Қорғансыздың күні)

  7. «Қорғасыздың күні» әңгімесінің басты тақырыбы? (ауыл өмірі, ауыл тағдыры)

  8. «Абай жолы» романын неше жыл жазды? (15 жыл)

  9. «Қасқыр» қандай туынды? (аударма)

  10. «Айман-Шолпан», «Қарагөз» әдебиеттің қай жанрына жатады? (Драматургия)



ІІ кезеңнің қорытынды ұпайлары экраннан көрсетілген соң, әр ойыншының ұпайлары көрсетіледі.



Мәңгі  бақи  есте  қалар

Ғажайып  бір  сайыс  болсын.

Білімдірек  шәкірт  озар

Қиынырақ  сұрақ  болсын ! деп біз  енді  сайысымыздың  келесі  кезеңіне  келдік. 



ІІІ кезең «Дода»

Ұпайы көп оқушы ұяшықтықты таңдап,сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап бере алмаса, келесі оқушы басқышты басып, жауап беруге болады. Ұяшықтан таңдаған сұрақтар экранда үлкен болып көрсетіліп тұрады. Таңдалып алынған ұяшықтар экраннан алынып тасталынады.



Жол басы

20 - Мұхтардың туып өскен жері? (Семей облысы Абай ауданы шыңғыс болысы)

30- Он бір жасында Мұхтардың өмірінде қандай оқиға болды? (Әкесі қайтыс болды)

40- Санк-Петербургте өмірінде қандай өзгешелік болды? ( Университетке түсіп,1928жылы фил.факультетін бітірді)

50- Қайда,қашан қайтыс болды? (1961жылы 27маусымда, Мәскеуде)

Ғасырлық туынды

20- «Абай жолы»романының 1кітабы қай жылы жарық көрді? (1942 жылы)

30- «Бұл шығарма әлемнің басқа елдерінде де тең түсетін, ХХғасырдың ең үздік шығармаларының бірі»-деп баға берген кім? ( Француз жазушысы Луи Аргон)

40- 1959жылы «Абай жолы»романы қандай сыйлыққа ие болды? (Лениндік сыйлыққа ие болды)

50- «Абай жолы» романының бас кейіпкері кім? (Абай )

Баспалдақтар

20- Күшікбай батыр туралы қай әңгімеде суреттеледі? «Қорғансыздың күні»

30- «Қараш-Қараш оқиғасының» бас кейіпкері кім? ( Бақтығұл)

40- «Түнгі сарын» драматургиялық туындысы қандай тақырыпта жазылды?

(1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс)

50- 1917жылы Ойқұдық жайлауында Абайдың жары Әйгерімнің киіз үйінде тұңғыш жарық көрген туындысы? (Еңлік-Кебек пьесасы)

Сегіз қырлы –бір сырлы

20- Мұхтарды кім деп танимыз? (Классик,жазушы)

30- Өмірінің соңғы күндеріне дейін қандай жұмыс пен айналысты?

(Қазақ университетінде «Абайтану» курсынан дәріс берді)

40- 1920-21 жылыСемей обылысында қандай жұмыс атқарды?

(Облыстық соттың меңгерушісі қызметін атқарды)

50- 1946 жылы қандай атақ берілді?

( Қазақстан ҒА-сының №1 академик куәлігі,фиология ғылымның

доктор профессор атағы берілді)

Жол басы

Ғасырлық туынды

Баспалдақтар

Сегіз қырлы- бір сырлы

20

30

40

50

20

20

20

30

30

30

40

40

40

50

50

50

















Қорытынды:
Сайысқа қатысқан оқушылардың арасынан көшбасшы анықталады - ол ұпайы ең жоғары сайыскер.
Барлық қатысқан оқушыларды белсенді қатысқаны үшін мадақтау.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

 Тақырыбы :   «ХХI  ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайыс . 

 Мақсаты:  Мұхтар Әуезов мұрасына терең үңілу, зерттеу, білімдерін толықтыру.

1.     Оқушылардың жеке зерделілік,  танымдық, еріктілік ерекшеліктерін ұштау.

2.      Көпшілік алдында өзін-өзі еркін ұстауға, білімін кеңінен қолдана білуге тәрбиелеу.

 

3.      Мұхтар Әуезов туралы білімдерін тереңдету, дамыту, өз бетімен ізденіс үрдісін, адамгершілік дағдыларын қалыптастыру.

Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінде тәңірлік ұғыммен деңгейлес тұлға. Оның  тылсым әлем тұңғиығынан жаралғандай дана кейпіне қарап отырып, бүтін дүниенің келбетіне көз тіккендей боласың. Әуезовтің суретінде  жан бар. Сабырлы , ойлы жан.

Табиғаттың бір туарлары , халқымыздың парасат әлеміндегі  ғажайыптар, саф, таза сұлулар, айрықша  оқшау  құбылыстары-Абай, және Мұхтар. Қазақ  әдебиетінің  өзі  осыны  дәлелдеп   отыр. Әдебиет  пен  ғұмырын  бүгінгі  118  деген  сандық  көрсеткіш  дәлелдейді.  Мұхтар  есімін  ауызға алсақ, кітап  патшалығының  рухы  тебірінеді.

Автор
Дата добавления 20.04.2015
Раздел Русский язык и литература
Подраздел Презентации
Просмотров339
Номер материала 489417
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх