Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Научные работы / ХХІ ғасыр ғылыми техникасы - ұялы телефон. ҒЫЛЫМИ ЖОБА
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Физика

ХХІ ғасыр ғылыми техникасы - ұялы телефон. ҒЫЛЫМИ ЖОБА

библиотека
материалов

МАЗМҰНЫ



Кіріспе......................................................................................3


  1. Ұялы телефонның шығу тарихы.......................................5


  1. SAR өлшемі туралы жалпы түсінік. SAR өлшемі - телефонның сәулелендіру деңгейінің қауіпсіздік коэффиценті.......................................................................8


  1. Ұялы телефон және денсаулық.......................................10


  1. Зерттеу бөлімі...................................................................17


Қорытынды............................................................................20


Пайдаланған әдебиеттер тізімі............................................24




















Аңдатпа


Бұл ғылыми жұмыс күнделікті тұрмысымыздың ажырамас бөлігіне айналып кеткен ұялы телефондардың зияндылығы жөнінде. Ұялы телефондардың пайда болуы мен шығу тарихына байланысты көптеген мағлұматтар жинақталды. Ұзақ жылдар бойы ұялы телефонның зияндылығы белгісіз болды. Осы кезден ғана барлық дамыған елдер ұялы телефонның пайдасы ғана емес, адам ағзасына тигізетін кері әсері жөнінде дабыл қаға бастады, алайда Қазақстанда осы мәселе ғылыми тұрғыдан өз деңгейінде қарастырылған жоқ. Бұл жобаның авторы өз жас ерекшелігіне сай зиянды сәулелендірудің себеп-салдарын тереңірек ұғуға тырысып, құрбы-құрдастары мен жастардың сауаттылығын арттыруға күш жұмсады. Осы қозғалып отырған тақырып мектеп педагогтары және оқушыларының арасында қолдау тауып, әрі қарай жалғасын табады деген ойдамыз.


.
















КІРІСПЕ


Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды. Мобильді телефондар, смартфондар, қалта компьютерлері кеңседе де, одан да тыс жерлерде де, жәй өмірде де, қысылтаяң күтпеген кезеңде де қолдан түспейді. Бұрын ұялы телефон дегенді тек қана қалталы азаматтардың қолынан көретін болсақ, осы күні титтей балалардың да қолынан түспейтін нәрсеге айналды. Қазақстанда ұялы байланыс 1998 жылдан бері қолданыста жүр. 15 миллион 300 мың халқы бар Қазақстанның 5 миллион 600 мың тұрғыны ұялы байланыс құралын тұтынушылар санатына кіреді. Болжамдар бойынша 2014 жылы Қазақстанда әрбір екі адамның бірі ұялы байланыс қызметін пайдаланады.

Ал оның адам ағзасына тигізетін зиянды әсері туралы не білеміз? Бізден басқа елдердің талайы ұялы телефонның адам ден­саулығына зияндылығы туралы неше түрлі дабыл қағып жатыр. Бұл мәселе әлемдегі жүздеген ғалымның зерттеу нысанына айналғалы біраз болды.

Тақырыптың өзектілігі – ұялы телефонның адам ағзасына зиян келтіретіні жөнінде ғылыми тұрғысынан зерттеу кезек күттірмейтін мәселе болғандықтан тақырыптың өзектілігі айқындалды.

Зерттеудің мақсаты. Ұялы телефонның адам ағзасына келтіретін зияның жан-жақты зерттеу, насихаттау.

Аталған мақсаттан төмендегідей міндеттер туындайды:

  • Ұялы телефонның адам ағзасына келтіретін зияндылығын теориялық және практикалық тұрғыдан қарастыру.

  • Ғылыми тұрғыдан зерттеу әдістерін қолдана отырып, мәліметтер жинау.

  • Ұялы телефонның келтіретін зияның оқушылар арасына түсіндіру және қауіпсіздік шараларын қолдану жөнінде сауаттылығын кеңейту.

Зерттеу нысаныұялы телефонның әр моделін пайдаланатын адамдар.

Зерттеудің болжамыкент тұрғындары арасында насихаттау жұмыстарын жүргізе отырып, ұялы телефонның зияны жөнінде сауаттылығы артатының болжамдаймыз.

Жобаның әдістеріәңгіме, байқау, сауалнама, ізденіс, диагностика, салыстыру, аудару әдістері алынды.

Жобаның орындалу мерзімі2008-2009 оқу жылы (1 жылға арналған).

Орындалу түріне қарайжекелей орындалған ғылыми жоба болып табылады.

Зерттеудің кезеңдері:

  1. Дайындық кезеңі: Тақырып және оның мақсаты белгіленіп, керекті әдебиеттер, мақалалар жинақталды.

  2. Жоспар құрылып, мақсаттар қойылды.

  3. Зерттеу жұмыстары жүргізілді.

  4. Қорытынды шығарылды.

  5. Оқушылар арасында ағарту жұмыстары жүргізілді (нұсқамалар таратылды).



















1. Ұялы телефонның шығу тарихы


1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді. 
Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр.

Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын (1,2-суреттер).


hello_html_288c54c0.gif

1-сурет

2-сурет

Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады.

1997 жылы әлемде ұялы желі қызметінің абоненттері 207 миллионды құраған. Бұл жаңалық өндіріске енген уақыттан жиырма жыл мерзім өткеннен соң ғана, миллиардыншы абонент тіркелген. Ал екінші миллиардыншы межеге жетуге бар болғаны үш жыл мерзім қажет болды. Wireless Intelligence зертеулер орталығының мәліметтерінше келесі 3 миллиардтық межеге 2010 жылдың соңында жететін боламыз.

Ұялы байланыс қызметі жылдам өркендеп келе жатқан елдердің алдыңғы қатарында Қытай, Үндістан, Ресей, АҚШ, Пәкістан, Украина елдері келе жатыр. Тұтынушылардың санының артуымен бірге, ұялы байланыс индустриясы да ерекше қарқын алды.

Бұл үрдістен Қазақстан да шеткері қалмады. Ресейден кейін өзінің ұялы байланыс құралын шығаруды қолға алған біздің еліміз үшін 2004 жылдың жөні бөлек. Дәл осы жылы Қазақстандық тұңғыш брендтің нарыққа шығуы іске асқан болатын.

Ханымдар үшін арналған қазақстандық бұл өнімнің негізгі бренді Тайваньндық компаниясына тиесілі болса-дағы, «Жетілік» атауын алған марканың дизайны мен мәзірлік құрылымы отандық мамандардың қолынан шыққан. Орта класты нарыққа арнап шығарылған «Жетілік» Софи маркасы Қазақстанның ұялы байланыс индустриясына енуге жасалған алғашқы қадам еді.

Қазақстанда ұялы байланыс 1998 жылдан бері қолданыста жүр. 16 миллион халқы бар Қазақстанның 5 миллион 600 мың тұрғыны ұялы байланыс құралын тұтынушылар санатына кіреді. Болжамдар бойынша 2010 жылы Қазақстанда әрбір екі адамның бірі ұялы байланыс қызметін пайдаланады.

Бүкіләлемдік тәжірибе бойынша ел нарығына енген тауарлар арнайы сараптама мен сертификациядан өтуге міндетті. Мұндай қызмет түрін ұсынушы жүйе Қазақстанда да бар. Телекоммуникация құралдарын, арнайы сараптаудан өткізетін «Телсет» орталығында шет елден келетін ұялы телефондар компаниялар мен фирмалардың өтініші бойынша, сынақтан өткізіліп, мемлекет бекіткен стандартқа сай сапасы анықталады. Бұл іске асқан жобада тауар сапасы 30-ға жуық өлшемдер негізінде анықталады.

АҚШ-та ұялы телефонды құнарландырудың жаңа әдісі ойлап табылды. Ол үшін енді велосипед тебу кезінде өндірілген энергия пайдаланылды.

АҚШ 2008 жылдан бастап ұялы телефондарға арналған велосипед қозғалысы кезінде зарядтау мүмкіндігін беретін жаңа құрылғыларын шығара бастамақ. Ол негізінен электр энергиясы тапшы немесе велосипедтері көп үшінші әлем елдеріне арнап жасалып отыр. Жаңа құрылғыға деген сұраныс әсіресе негізгі көлігі велосипед болып табылатын 500 миллион қытайлықтың тарапынан болады деген болжам бар. АҚШ-тың бірнеше электрондық құрылғылар мен бағдарламалар жасайтын компаниялары бірігіп, жер астынан ұялы телефонмен хабарласу мүмкіндігін беретін байланыс жүйесін жасап шықты. Жаңа технология төтенше жағдайда кезінде шахта қызметкерлерін қорғауға мүмкіндік береді. Жаңа жобаның тәжірибелері Питсбургтағы шахталардың бірінде жасалды. Қазір АҚШ үкіметі бұл жаңалықтың өндіріске енуіне рұқсат берді.



2. SAR өлшемі туралы жалпы түсінік. SAR өлшемі - телефонның сәулелендіру деңгейінің қауіпсіздік коэффиценті.


Ұялы телефон – электрлік құрал. Адамның басқа абоненттермен сөйлесуі, қысқа хабарламалар жіберуі немесе жай ғана күту режиміндегі телефонда азды-көпті болсын электрмагниттік толқындардың генерациясы жүріп тұрады. Осы үдірісті тудыратын қабылдаушы антенна болып табылады. Ал телефонды құраушы басқа құралдардың (экран, жиілік генераторы, корпус және т.б.) зияны қызығушылық тудырмайды, себебі өте аз.

Ұялы телефонның бойындағы электромагниттік толқындар электромагниттік сәулелерді шашады (3-сурет). Электрмагниттік сәулелер жоғары жиілікті электрлік және магниттік өріс тарапынан туындайды. Осы сәулелену кез келген органикалық немесе бейорганикалық затқа әсер етеді.


hello_html_m16c35a53.jpg

3-сурет

Адамзат көп уақыттан бері электромагниттік толқындарды өз пайдасына асыруда. Оларсыз коммуникация әлемін елестету қиынға соғатыны сөзсіз. Радиостанциялар, телекөрсетілім, байланыс тірегі осы электроманиттік толқындар.Оларды қазіргі таңда медицинада да кеңінен қолдануда. Мысалы ретінде рентген, узиді қарастыруға болады. Олар әкелетін зияннан пайдасы көбірек болады, ал ұялы телефонның жағдайы басқа.

Біз ұялы телефонды құлақ тұсына қойған кезде телефон мен адамның басы арасында электромагниттік орта пайда болады. Оның әсерінен мидың жасушалары біртіндеп қызды. Ол, әрине, адамның жүйкесіне тура әсер етеді. Адамда ең алдымен стресс пайда болады, жүйке жүйесі біртіндеп тозып, протеиндер бөліне бастайды. Протеиндер – адам ағзасында болып жатқан химиялық реакцияларға қатысып, зат алмасу процестерін жылдамдатыды. Осы факторла әсерінен ұмытшақтық, бас ауруы, агрессия, тіпті рак ауруы пайда болуы мүмкін.

Сонымен, ұялы телефонның адам ағзасына тигізетін зияны белгілі жайт болды. Қоғамның реакциясы «қауіпсіз» телефондарды міндеттеді. Белгілі бір уақытта ұялы телефонның зиянды сәулелендіруін анықтайтын параметр қажет болды. Солай SAR (Specific Absorption Rates – ағылшынша меншікті жұтылу коэффиценті) пайда болды. Ұялы телефондарда SAR-дың деңгейі әлемдік стандарттар бойынша 0,8 Вт/кг-ға тең, ал 2001 жылға дейін ол 2 Вт/кг-ға тең еді..


Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Денсаулық» журналы. №4. 14-бет. Алматы қаласы. 2008 жыл.

  2. «Айқын» газетінің офицалды сайты. http:\\www.aykyn.kz .

  3. «Валеология» педагогикалық-методикалық журнал. №6. 31-бет. Алматы қаласы. 2007 жыл.

  4. Электрондық энциклопедия. http:\\www.wikipedia.kz .

  5. Орысша-қазақша сөздік. 66 бет. Алматы. «Сөздік-Словарь» баспасы. 1998 жыл.

  6. Медицина терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Алматы қаласы. «Қазақстан» баспасы. 1982 жыл.

  7. «Вестник ЗОЖ» газеті. №3, Ақпан. 17 бет. «Азия-Информ» баспасы. 2007 жыл.

  8. «Қазақ мақал-мәтелдері» Ө. Тұрманжанов., К. Ахметбекұлы. Алматы қаласы. «Қазақстан» баспасы. 2008 жыл.

  9. GOOGLЕ ақпараттық іздестіру жүйесі. http:\\www.google.ru

  10. AltaVista ақпараттық іздестіру жүйесі. http:\\www.altavista.com

  11. «Денсаулық» энциклопедиясы Ш. Байкенова. 51 бет. Алматы қаласы. «Балалар әдебиеті» баспасы. 2007 жыл.



Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты арқылы ала аласыз!




11


Автор
Дата добавления 15.05.2016
Раздел Физика
Подраздел Научные работы
Просмотров482
Номер материала ДБ-082170
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх