Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / "ХХІ ғасыр көс басшысы" (8 сынып)

"ХХІ ғасыр көс басшысы" (8 сынып)


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сыныптан тыс жұмыс


  1. Сабақтың тақырыбы: «ХХІ-ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы

  2. Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың білімдерін жүйелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін , білім мен білік дағдыларын дамыта отырып интеллектуалдығын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Өздігінен жұмыс істеуге және өзгенің пікірін құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

4.Сабақтың типі: Өткен сабақ бойынша білімін тексеру

5.Әдіс-тәсіл құралдары: Проблемалы іздендіру.

6. Сабақты ұйымдастыру: Сөйлеммен ой жеткізе білуін қадағалау.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу

  2. Оқушыларды түгелдеу

  3. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Сабақтың бағдарламасымен таныстыру.

  1. Жалпы сұрақтар

  2. Көкпар

  3. Бәйге

Оқушылар өздерін таныстырады және ұрандарын айтады.

І Бөлім Жалпы сұрақтар

Тақырыбы: «Мен елімнің болашағымын» Мұнда оқушыларға сұрақтар қойылады

Қолдарындағы белгіні қайсысы бұрын көтерсе сол оқушы жауап береді және 1 сұраққа 1 ұпай беріледі.

Сонымен сұрақтар «Мен елімнің болашағымын»

1 сұрақ. Шешендік өнері туралы ғылым қалай аталады?

А) Гедальдика В) этимология С) Риторика

2 сұрақ Қазақ күресінен шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы

А) Б. Саттарханов В) Б. Жұмаділов С) Ж. Үшкемпіров

3.Сұрақ Қазақ елінің дарынды күйшісі «Балбырауын», «Адай» ,«Сарыарқа» күйлерінің авторы

А) Құрманғазы В) Дәулеткерей С) Ықылас

4. «Мыңжылдық Адамы» атағы берілген ұлы қолбасшы, жиҺангер, империя әміршісін атаңыздар.

А) Әмір Темір В) Шыңғыс хан С) Бату хан

5.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне қанша жыл толады?

А) 22 жыл В) 20 жыл С) 25 жыл

6. «Адамдық борышың» өлеңінің авторын ата?

А) А. Құнанбаев В) С. Мауленов С) Ш. Құдайбердиев

7. Қазақстан Республикасының «Білім туралы » заңы қашан қабылданды?

А) 16 желтоқсан 1991 жылы В) 27 шілде 2007 жылы С) 20 желтоқсан 1997 жылы

8. Алаш партиясының көсемі, ұлт зиялысы, қоғам қайраткері

А) А. Байтұрсынов В) Н. Назарбаев С) Ә. Бөкейханов

9) «Ақыл- ойды тәртіпке келтіретін- математика» кімнің сөзі ( М В Ломаносов )

10) «Дискриминант» қандай сөзден шыққан? (латынның « ажырату, анықтау)













Сайыстың екінші бөлімінде ұпайы жоғары оқушылар орындарын ауысып тұрады.

Сонымен бірге мектеп бағдарламасы бойынша пән сұрақтары қойылады .Тақтада көрсетілген цифларды таңдау арқылы пәндер анықталып отырады.

Қазақстан тарихы. №1

  1. Шыңғысханның Орта Азияға жіберген 450 адамы бар керуені Отырарда қырғынға ұшырағаны белгілі. Бұның соңы қай оқиғаға апарып соқтырды?(Отырар опаты)

  2. Геральдика ғылымы нені зерттейді? (Елтаңбаларды)

  3. Суретте бейнеленген жәдігер қай жерде орналасқан?(Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде)

  4. ЭКСПО қай жылы , қай қалада өтеді? (Астана 2017 жылы)

  5. Қазақ елінің тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев қашан дүниеге келді?

(1940 жылы 6 шілдеде)

Математика №2

  1. Жасы жүзге келген қария болыпты. Ол өзінің туған күнін өмірінде тек 25 рет қана тойлаған екен. Бұл мүмкін бе?(иә, егер ол 29 ақпанда дүниеге келсе)

  2. Квадрат теңдеу дегеніміз қандай теңдеу ?

(ах+вх+с 0 түріндегі теңдеуді айтамыз)

  1. Геометрия саласында жаңалық ашқаны үшін Пифагор не істеді?

( 100 өгізді құрбандыққа шалды)

  1. Бөлшектің бөлімін иррационалдықтан құтылдыру үшін не істейміз?

( Бөлшектің алымы мен бөлімін бөлімінің түйіндесіне көбейтеміз)

5.Түйеқұс таразыда бір аяғымен 12 кг тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса қанша тартады? (12 кг)

Биология № 3

1.Биология сөзіне анықтама беріңіз?(Биос-тіршілік, логос- ғылым)

2. Тұңғыш рет ана тілімізде жаратылыстану ғылымы бойынша оқу құралдарын жазған ғалым. Ол кісінің «Жануарлар» кітабы 1922 жылы Ташкентте басылып шықты?( Халел Досмұхаммед)

3. Жасушаның сыртында қабықшасы бар, іші шырынға толы болатын бөлігі қалай аталады? (Цитоплазма)

4. Алғаш рет 1665 жылы өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен қараған алғашқы ғалым кім? (Роберт Гук)

5. Өсімдік тамырлары қандай екі түрге бөлінеді?( Кіндік тамыр және шашак тамыр)

Қазақ тілі №4

  1. Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?(ашық және қысаң)

  2. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер жиынтығы қалай аталады?

( Диалект сөздер)

3.Жазылуы бірдей , мағынасы әр түрлі сөздер қалай аталады?(Омоним)

4.Сөйлем және сөз тіркесін зерттейтін ғылым саласы қалай аталады?(Синтаксис)

5. «Қазақ» газетінің негізін салушы, ұлттық жазуымыздың реформаторы кім?(Ахмет Байтұрсынов)

География № 5

  1. Қазақстандағы ең биік тау шыңы қалай аталады?(Хан Тәңірі)

  2. Австралия аборигендерінің имек ағаш түріндегі қаруы қалай аталады?(Бумеранг)

  3. Қашқарияға экспедициялық сапармен барған қазақтың тұңғыш географы?

(Ш. Уәлиханов)

4. Әлемдегі ең үлкен арал қалай аталады? ( Гренландия)

5. «Тұманды Альбион» атауы қай елге қатысты айтылады? (Ұлыбритания)

Қазақ әдебиеті №6

  1. «Ер төстік» ертегісіндегі бас кейіпкердің тұлпарының аты қандай?( Шалқұйрық)

  2. «Көшпенділер» тарихи трилогиясының авторы кім?( І. Есенберлин)

  3. «Мен Қазақпын» поэмасының авторы кім? (Ж. Молдағалиев)

  4. Көп жылдар бойы «Балдырған» журналын басқарған жерлесіміз, балалар ақыны(М. Әлімбаев)

  5. М. Әуезовтың алғашқы сахналық қойылымға берілген шығармасы( Еңлік Кебек)




Енді оқушылар арамыздан ұпайы төмен үш оқушыны шығарамыз. Оларға алғыс білдіре отырып табыс тілейміз.Сонымен ойынымызда ең мықты үш ойыншы қалды.Енді осылардың бақтарын сынап көрейік.

ІІІ тур «Бәйге» деп аталады

Ғылым 10 20 30 40

Тұлға 10 20 30 40

Спорт 10 20 30 40

Таңдауды ұпайы жоғары оқушы жасайды.

«Ғылым»

10 Иіріле оралып , тостағанға үңіле қарап тұрған жыланның бейгнесі қай ғылым саласының таңбасы? (Медицина

20.Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған биология ғылымының саласы?(Экология)

30. Ғарышты зерттеумен айналысатын ғылым саласы қалай аталады?(Космановтика)

40.Ежелгі дәуірден жеткен жәдігерлер арқылы өткенді зерттейтін ғылым?

( Археология)

«Тұлға»

10. Шыңғыс Айтматовтың досы қазақ халық жазушысы, тіл жанашыры( М. Шаханов)

20. Қазақтың үшінші ғарышкері ( Айдын Айымбетов)

30. Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті ғалым (Қ. Сәтбаев)

40. Әйгілі шығыстанушы ғалым,Ш. Уәлихановтың досы( Потанин)

«Спорт»

10. «Қазақ барысы -2015»атағын жеңіп алған палуан ( Бейбіт Ыстыбаев)

20.Спорт саласында «Пентакампеон» сөзі қандай мағына береді?(Бес дүркін чемпион)

30. Ауыр атлетикадан әлем чемпионы ( Илья Илин)

40. 2000 жылы Сидней олимпиадасында жеңіспен оралып, көп ұзамай қайғылы қазаға ұшыраған қазақ боксшысы ( Б. Саттарханов)

Қорытындылау төрешілер .

Марапаттаулар.




Осымен «ХХІ –ғасыр көшбасшысы» атты зияткерлік сайысымыз аяқталды.





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 25.02.2016
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров65
Номер материала ДВ-483627
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх