Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / ХХІ ғасыр көшбасшысы - білім сайысы

ХХІ ғасыр көшбасшысы - білім сайысы

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: "ХХІ ғасыр көшбасшысы" білім сайысы.


Мақсаты:

Білімділік: әр пәннен өтілген материалдарды меңгергенін тексере отырып, білім-білік дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбиелік: ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, ізденімпаздыққа баулу;

Дамытушылық: оқулық және қосымша материалдар деректерін тиімді пайдаланып, ғылыми танымдық әрекеттерін жетілдіру.


Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын.


Сабақтың жабдықталуы: интерактивті тақта, нақыл сөздер жазылған қағаздар, шарлар.


Ашылу сәті: «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны.

  • Армысыздар, көпшілік қауым! Біздің «ХХІ ғасыр көшбасшысы» ойын сайысымызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі жарыс білім, шығармашылық ізденіс, айтыс болмақ. Ойынға қатысушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен, әдебиет пәнінен өз білімдерін көрсетеді.

Уа, ұстаздар, оқушылар,

Мұнда назар салайық.

Ата жолын жалғамақ,

Ел дәстүрін қолдамақ,

Ел намысын қорғамақ

Топтар шықсын ортаға, - деп ойыншыларымызды ортаға шақырайық.


Сайыста жеңіс те бар, жеңіліс те бар,

Қуанып шаттанып, күлу де бар.

Өнерін тамашалап отыр қауым,

Сайыста әділ-қазылар тағы да бар, - демекші, бүгінгі «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» ойыншымызды таразылап анықтайтын, әділ бағасын беретін әділ-қазылармен танысып қояйық.

Оқу ісінің меңгерушісі: Қасқарбава Д.Қ.

Тәрбие ісінің меңгерушісі: Идрисова А.А.

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Жунусова Г.Х.


Оқушыларға сабақ шарты түсіндіріледі.

1- кезең. “Бәйге”

2- кезең. “Тіл өнер”

3- кезең. “Жұмбақтар әлемі”

4- кезең. “Тапқырлық”

5-кезең. “Жорға”


І кезең. “Бәйге”

Бұл турда 12 сұрақ беріледі. Мен сұрақты оқимын, білетіндерің белгі бересіздер.

  1. Қазіргі кезде дүние жүзінде шамамен неше тіл бар? (шамамен 5651)

  2. Әдеби тілдің неше формасы бар?

(ауызша, жазбаша)

  1. Пунктуация дегеніміз не?

Тыныс белгілерін дұрыс қою туралы ережелердің жиынтығын пунктуация деп аталады.

  1. Сөздің ауыспалы мағынасы дегенді қалай түсінесің? (бір заттың негізгі атауын екінші бір затқа атау етіп, ауыстырып қолданылуынан туған сөз)

  2. «Жүйрік ат – ердің қанаты» - жай сөйлемнің қай түрі? (жайылма)

  3. «Рецензия» сөзінің анықтамасы қандай? (бағалау)

  4. Толықтауышқа тән байланысу түрін атаңыз. (меңгеру, жанасу)

  5. «Аягөз, қайда барасың?» кімнің өлеңі? (Д.Бабатайұлы)

  6. «Түркістан» өлеңінің екі шумағын жатқа айт.

  7. Абайдың жетінші қара сөзінде не айтылады?

  8. Драмалық шығармалардағы кейіпкерлердің аты-жөндерінен кейін қойылатын тыныс белгіні атаңыз. (нүкте)

  9. Езулік дауыстылардың саны қанша екенін атаңыз.

(7) / а, ә, е, э, ы, і, (и).

  1. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неде?

  2. М.Әуезов ертегілерді қаншаға бөледі? (1-шыншыл, 2-қиял-ғажайып, 3-хайуанаттар жайлы)



ІІ кезең: «ТІЛ -ӨНЕР».

Бұл турда мақал-мәтелдер беріледі. Мақалдың ішінен бір сөз жасырынады, сол сөзді оқыған шетел тілінде және орыс тілінде тауып айту керек.

  1. Бірлік ел бұзылмас. Ел – страна (орысша), ағылшынша – кантри (contrу).

  2. Татулық – табылмас бақыт. Бақыт – счастье (орысша), ағылш. Һәпинес (һарріnеss).

  3. Білімдіден шыққан сөз. Сөз – слово (орысша), ағылш. уод (wоrd).

  4. Тіліңмен жүгірме біліммен жүгір. Білім – знание (орысша), ағылш. (knoledge).

  5. Хан қарақшы, халық сарапшы. Халық – народ (орысша), ағылш. пипл (peope).

  6. Тас жармаса, бас жарады. Тас – камень (орысша), ағылш.стоун (stone).

  7. Екі нар сүйкенсе, арасында шыбын өлер. Шыбын – муха (орысша), ағылш.флай (flу).

  8. Ашу дұшпан, ақыл дос. Ақыл – ума (орысша), ағылш. клевенес (cleverness).

  9. Адал еңбек аздырмас, арамдық бойды жаздырмас. Еңбек – труд (орысша), ағылш. уои (work).






ІІІ кезең: “Жұмбақтар әлемі”.

Берілген сандар бойынша ойыншы сұрақ таңдап алып, сол сұрақтарға жауап береді.

МАТЕМАТИКА

Сол санның өзі шығады

Санды оған бөлуге болмайтынын

Математиктер ұғады.

Көп адамдар сол санға

Шекесінен қараған

Сан өсін қақ бөлуге

Сол саныңыз жараған (нөл)


Бүтін сан, бөлшек сандар

Барлығы да бар онда

Бұл қандай сан айтыңдаршы

Оң, теріс сан бәрі осында (нақты сандар)


Бірдей санды бірнеше рет,

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң,

Қандай атау болады? (дәреже)


Өнім кіші жүз болса,

Берекенің қашқаны.

Өнім артық жүз болса,

Істің алға басқаны. (пайыз)


ФИЗИКА, ИНФОРМАТИКА

Ақпартты қағаздағы,

Компьютерге енгізеді.
Егер білсең айта қойшы,
Бұл қандай құрылғы. (сканер)


Ұзынтұра жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (Бос орын пернесі (пробел))


Ньютонға ол келеді  

Өзі затты құрайды (Күш)


Мұз жарғыш жүзіп келеді

Бауыры қызып келеді

Абайла ойып түсер

Ондайлар бұзық келер. (үтік)


ХИМИЯ, БИОЛОГИЯ

Өзі химиялық элемент, егер «ан» қосымшасын жалғасақ,

қыстың қаһарлы күндерін есіңе түсіреді. Бұл қай элемент? (бор)


Өзі химиялық элемент, су астында жайлап жарқырап тұрады да,

одан алып шыққанда, ызаға шыдай алмай лап етіп жанады да,

көп кешікпей жалп етіп сөнеді. (ақ фосфор)


Табылса бұрын там-тұмнан,

Қазір көп әрбір алтыннан.

Қымбат болды алтыннан,

Қандай металл ертеде. (Алюминий)


Ұша алмайтын құсты ата.

(пингвин)


ГЕОГРАФИЯ

«Мың бір түнді» айтқан әйел,

Шыққан жері қай ел? (Ирак)


Жалғыз қала,

Мемлекет әрі,

Астана әрі,

Бір өзі бәрі. (Сингапур)


«Танго» биі әлемге,

Тарап кеткен қай елде. (Аргентина)


Айтыңдаршы ал енді,

Марал, барыс бар елді. (Қазақстан)


Енді ұпайы аз ойыншымызбен қоштасамыз.


ІV кезең. “Тапқырлық”


Өлеңді жалғастыру.


Туған жер, өзен – көл,

Қымбатсың сен, сүйем сені.

........................................................

........................................................


Қой сүеді баласын «қоңырым» деп,

Ештеңені білмеген молмыным деп.

...........................................................

............................................................


V кезең. “Жорға”

Екі нұсқада тест сұрақтары беріледі. Ұпайы жоғары оқушы таңдайды.

І нұсқа.

  1. Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

  2. Еріндік дауыстыларды ата.(о, ө, у, ұ, ү)

  3. Тілімізде неше дауысты дыбыс бар? (12+3=15)

  4. Ашық буын деп қандай буынды айтамыз?

  5. Үндестік заңы нешеге бөлінеді?

  6. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды ата.

  7. «Көксерек» повесінің авторы кім?(М.Әуезов)

  8. «Сағындым» өлеңі кімдікі? (М.Жұмабаев)

  9. Абайдың «Күз» өлеңін жатқа айт.

ІІ нұсқа.

  1. Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

(Ашық дау-лар: а, ә, е, о, ө;

Қысаң дау-лар: ы, і, ұ, ү, и)

  1. Бітеу буын деп қандай буынның түрін айтамыз?

  2. Ілгерінді ықпал деген не?

  3. Орфоэпия деген не?

  4. Тілімізде неше дауыссыз бар? (25)

  5. «Тарланым» өлеңінің авторы кім?

  6. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айт.

  7. «Бір адамға» өлеңінің авторы кім? (С.Торайғыров)

  8. «Саятшы Ораз» кімнің шығармасы? (С.Мұқанов)

  9. «Кәрі қыран» кімнің шығармасы? (Қ.Мырзалиев)



















Әуезов орта мектебі
















"Бақытты сәт" білім сайысы











Ауталипова Г.С.







2012-2013 оқу жылы


















«Бақытты сәт» атты білім сайысында

____ орын алғаны үшін

Әуезов орта мектебінің

____- сынып оқушысы _____________________________

марапатталады.











Мектеп директоры: Барлыбаев А.Т.


Тәрбие ісінің меңгерушісі: Идрисова А.А.


Пән иесі: Ауталипова Г.С.








МАТЕМАТИКА

Сол санның өзі шығады

Санды оған бөлуге болмайтынын

Математиктер ұғады.

Көп адамдар сол санға

Шекесінен қараған

Сан өсін қақ бөлуге

Сол саныңыз жараған


Бүтін сан, бөлшек сандар

Барлығы да бар онда

Бұл қандай сан айтыңдаршы

Оң, теріс сан бәрі осында

Бірдей санды бірнеше рет,

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң,

Қандай атау болады?


Өнім кіші жүз болса,

Берекенің қашақны.

Өнім артық жүз болса,

Істің алға басқаны.


ФИЗИКА, ИНФОРМАТИКА

Ақпартты қағаздағы,

Компьютерге енгізеді.
Егер білсең айта қойшы,
Бұл қандай құрылғы.


Ұзынтұра жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды.


Ньютонға ол келеді  

Өзі затты құрайды


Мұз жарғыш жүзіп келеді

Бауыры қызып келеді

Абайла ойып түсер

Ондайлар бұзық келер.




ХИМИЯ, БИОЛОГИЯ

Өзі химиялық элемент, егер «ан» қосымшасын жалғасақ,

қыстың қаһарлы күндерін есіңе түсіреді. Бұл қай элемент?



Өзі химиялық элемент, су астында жайлап жарқырап тұрады да,

одан алып шыққанда, ызаға шыдай алмай лап етіп жанады да,

көп кешікпей жалп етіп сөнеді.



Табылса бұрын там-тұмнан,

Қазір көп әрбір алтыннан.

Қымбат болды алтыннан,

Қандай металл ертеде.


Ұша алмайтын құсты ата.





ГЕОГРАФИЯ

«Мың бір түнді» айтқан әйел,

Шыққан жері қай ел?



Жалғыз қала,

Мемлекет әрі,

Астана әрі,

Бір өзі бәрі.


«Танго» биі әлемге,

Тарап кеткен қай елде.


Айтыңдаршы ал енді,

Марал, барыс бар елді.























Мектептегі сайыста Айнаш басынан санаса да,

соңынан санаса да 5 – ші орында тұрады.

Сайысқа неше адам қатысқан?

Жауабы: 9



NaOH – техникалық аты

Жауабы: каустикалық сода



Балық ауыр ма піл ауыр ма?

Жауабы: балық (көк кит)



30 баланың 18 – і жүгіру, 10 – ы жүзу үйірмесіне қатысады.

Ал үшеуі 2 үйірмеге қатысады. Нешеуі жүзуге де, жүгіруге

де қатысады?

Жауабы: 5



CaSO4 * 1.5 H2O қай құрылыс материалының

формуласы? Жауабы: алебастр



Ең улы жәндікті ата.

Жауабы: қарақұрт


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 20.09.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров30
Номер материала ДБ-203353
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх