Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Другие методич. материалы / "ХХІ ғасыр көшбасшысы" (географиядан интеллектуалды сайыс, слайдымен)

"ХХІ ғасыр көшбасшысы" (географиядан интеллектуалды сайыс, слайдымен)

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • География

Документы в архиве:

99.5 КБ ХХ_ _асыр к_шбасшы .doc
3.42 МБ ХХ_ _асыр к_шбасшысы

Название документа ХХ_ _асыр к_шбасшы .doc

Поделитесь материалом с коллегами:

«№ 4 ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ









«БЕКІТЕМІН»

Директорының оқу ісі жөніндегі

орынбасары: ______ А.Саянова

«____» _______________ 2016 жыл








«ХХІ ғасыр көшбасшысы»

(интеллектуалды сайыс)


























Қызылорда, 2016


«ХХІ ғасыр көшбасшысы»


Ұйымдастырушы: № 4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының география пәні мұғалімі Паттеева Мақпал Есенәліқызы


Қатысушылар: 10-сынып оқушылары


Мақсаты: Оқушылардың география пәніне қызығушылығын, белсенділігін дамыту, оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, тез ойлап, тез шешім қабылдауға, бір-біріне көмектесуге, жарыс барысында белсенділік көрсетуге, жеке тұлға ретінде дамуына мүмкіндік жасау арқылы тәрбиелеу.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, слайд,

Өткізілу барысы :

  1. Кіріспе сөз.

  2. Сайыс кезеңдері

  3. Қорытынды


1.Мұғалімнің кіріспе сөзі :

  • Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Мәңгілік елдің ұлы тарихы!» тақырыбындағы апталық аясында ұйымдастырылып отырған «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер.

Жаратылыс - жан ана
Қарық қып суға, ауаға
Топырағымен асырап,
Сәулесін құйған санаға.
Жер ана мен өз анаң егіз екен,
Мейірімі мейлінше теңіз екен
Анам туса, Жер ана жетілдірді,
Осыны мен өмірге егіз етем!- деп ақындар табиғатты анаға теңеген, өйткені жер - тіршілік көзі, өмір бастауы. Табиғат - түп қазығың, ырысың, бар байлығын алдыңа тарту етеді. Тек оған зиян тигізбей, мәпелеп өзіңе керегіңді ала біл!
"География - қоршаған ортаны танып білу". Бүгінгі сайыс барысында осы география саласы бойынша оқушыларымыздың ой - өрісін, білімдерін, ақылы мен ептілігін сарапқа салатын боламыз.

  • Сайысқа 10-сынып оқушыларынан 2 топ қатысқалы отыр, оқушыларға сәттілік тілеймін. Олай болса, сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін. Ойын 6 кезеңнен тұрады.

Сайыс кезеңдері:

І тур. «Біздің әлем»

ІІ тур. «Ия, Жоқ» ойыны

ІІІ тур. «Құпия сандықша»

ІV тур. «Бұл қай ел?»

V тур. « Географиялық ассоциация»

VІ тур. «Интеллектуалды жекпе-жек» капитандар сайысы


  • Әділ-қазылар құрамымен таныстыру.


Мұғалім сөзі:

  • Сайыс шартымен, қатысушылар мен әділ қазылар құрамымен таныс болдық. Олай болса сайысымызды бастаймыз.


І тур: «Біздің әлем».

Бәйге қуып жігіттер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен екі топ кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін!
"Сәлем - сөздің атасы" демекші алдымен сайысымызды сәлемдесуден бастаймыз. Әр команда өздерін таныстырып кетсін.

ІІ тур: «Иә, Жоқ» ойыны.

Әрбір топқа 10 сұрақ беріледі, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай. Жауап тез-тез берілу керек.

І топтың сұрақтар:

1.Қазақстанның жер көлемі 2 724,9 мың км² ( Иә)

2.Таулар биіктігіне қарай 4-ке бөлінеді (Жоқ. 3-ке бөлінеді)

3.Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама Анхель (Иә)

4.Қазақстан 6 елмен шектеседі. (Жоқ. 5 елмен шектеседі)

5.Өскемен -Шығыс Қазақстан облысының орталығы. ( Иә)

6. Қазақстанда 5 экономикалық аудан бар. (Иә)

7. Мұнайды экспортқа шығаратын елдерді ОПЕК ұйымына мүше елдер деп атайды ( Иә)

8.Италия мемлекеті Апеннин түбегінде орналасқан  (Иә)

9.Түркияның астанасы - Стамбул  (Жоқ. Анкара)

10. Ең ежелгі материк Гондвана.  (Жоқ. Пангея)

ІІ топтың сұрақтары:

1.1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы

тәуелсіз мемлекет болып жарияланды.  (Иә)

2. Тау жыныстары пайда болуына қарай 2-ге бөлінеді. ( Жоқ. 3-ке бөлінеді)

3. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен -Ніл өзені (Иә)

4.Қазақстан оңтүстігінде Тәжікстанмен шекараласады. (Жоқ.Өзбекстанмен шекараласады)

5.Петропавл -Солтүстік Қазақстан облысының орталығы. ( Иә)

6. БҰҰ-ның штаб пәтері Вена қаласында орналасқан ( Жоқ. Нью-Йорк қаласында орналасқан)

7. Испания -Пиреней түбегінде орналасқан. (Иә)

8.Қазақстанда 16 облыс бар.  (Жоқ. 14 облыс бар)

9.Иранның астанасы-Ереван. (Жоқ. Тегеран)

10.Ең ежелгі мұхит–Тетис . (Жоқ. Панталас)


ІІІ тур: «Бұл қай ел?»

Бір елдің сипаттамасы беріледі, сол бойынша елді картадан тауып көрсетулері керек. 3 көмек болады ,әрбір көмек алған сайын 1 ұпай шегеріліп отырады. Ойлануға 1 минут, дұрыс жауап 10 ұпай.


І топқа арналған сұрақ:

Бұл дамушы елдің аумағы екі дүние бөлігінде орналасқан. Ел халқының көп бөлігі әлемдегі ең белгілі өзенің аңғары мен атырауында тұрады. Ел астанасы – материктегі аса ірі агломерациялардың бірі. Тарихи-мәдени ескрткіштер мен рекреациялық ресурстарға бай болуы себепті туризм халықаралық дәрежеде дамыған. Ел аумағында мұнай өндіріледі. Жергілікті халық незінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Мақта - ел экспортының маңызды бөлігінің бірі.


Бірінші көмек: Африка мен Азия дүние бөлігінде орналасқан.

Екінші көмек: Жерорта теңізінің оңтүстігінде орналасқан.

Үшінші көмек: Пирамидалар елі.

Жауабы:  Египет

ІІ топқа арналған сұрақ:

Бұл елдің атауы өз тілдерінен аударғанда "төмен жатқан жер" деген мағына береді. Ел Солтүстік теңіз жағалауында орналасқан. Ел аумағында халық өте тығыз орналасқан. Өнеркәсіптегі жоғарғы технология салаларының үлесі жөнінен дүние жүзінде Жапониядан кейін 2-орын алады. Ауыл шаруашылығының басты саласы -көкөніс және жеміс-жидек өсіру. Мал шаруашылығының негізі - сүтті сиыр өсіруге маманданған. Дүние жүзіне әйгілі қара ала сиыр тұқымы өсіріледі.


Бірінші көмек: Мұнда сиырға арнап ескерткіш қойылған.

Екінші көмек: Бұл елді гүлдердің отаны деп атайды.

Үшінші көмек: Бұл елді екінші атауымен Голландия деп те атайды.

Жауабы: Нидерланд


ІV тур: "Құпия сандықша "

Сандықша ішіне жасырылған заттың оқушыларға сипаттамасы беріледі , сол арқылы оның ішінде не бар екенін табу керек. 3 көмек болады, әрбір көмек алған сайын 1 ұпай шегеріліп отырады. Ойлануға 1 минут, дұрыс жауап 10 ұпай.


І топқа:

Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден-бір ем ретінде қолданған. Сондықтан оны "жылан өсімдігі" деп атаған. Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайын беріп тұрған.

Бірінші көмек: Бұл өсімдіктің отаны - Орта Азия.

Екінші көмек: Францияда шілдеден қаңтарға дейін әр бейсенбіде бұл

өсімдіктің ғажайып жәрмеңкесі өткізіліп тұрады.

Үшінші көмек: Иісі өткір, ащы, тамаққа пайдаланамыз.

Жауабы: Сарымсақ


ІІ топқа:

Грек мифологиясында Аполлон бұл өсімдік жапырағынан гүлдесте жасап басына және өзінің саз аспабына әдемілік ретінде тағып жүрген. Содан бері күні бүгінге дейін бұл гүлдесте "даңқ символы" ретінде халықаралық түрлі сайыстағы жеңімпаздардың мойындарына тағылып жүр.

Бірінші көмек: Отаны-Жерорта теңізі жағалауы.

Екінші көмек: Бұл өсімдік Греция мемлекетінің елтаңбасында бейнеленген.

Үшінші көмек: Бұл өсімдік жапырағын дәмдеуіш ретінде тамаққа да

пайдаланады.

Жауабы: Лавр жапырағы.


V тур: " Географиялық ассоциация"

Оқушыларға әр түрлі ұғымдар беріледі , соларды саралап қарап қандай географиялық ұғымды білдіріп тұрғанын табулары керек. Ойлануға

30 секунд, әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай.


І топқа:

1.Толқын, қауіп-қатер, жылдамдық, апатты құбылыс, жер сілкіну.

Цунами

2. Өзен, теңіз, булану, бұлт, жауын-шашын, күн.

Дүние жүзілік су айналымы

3. Ессентуки, Анталия, Майами.

Курортты жерлер

4.Москва, Дели, Мадрид, Вильнюс, Осло.

Астаналар

5.Теңіз, көл, өзен.

Су қоймалары

6. Игуасу, Анхель, Виктория

Сарқырамалар

7. Гольфстрим, Солтүстік Атлант, Бразилия

Жылы ағыстар

8. Мариана, Ява, Пуэрто-Рико.

Шұңғымалар

9.Гренландия, Отты Жер, Мадагаскар, Хонсю

Аралдар

10. Атлас, Аппалач, Декан, Анд, Карпат.

Таулар


ІІ топқа:

1. Мұхит, мұз, тау, "Титаник", қауіп - қатер.

Айсберг


2.Тау, су, гүрілдеу, ғажайып көрініс, жыра

Сарқырама

3. Самум, бриз, тайфун, муссон, ураган.

Желдер

4.Гвинея, Бискай, Парсы.

Шығанақтар

5. Гоби, Сахара, Такла-Макан, Тар

Шөлдер

6. Ганг, Евфрат, Колумбия, Хуанхэ, Дунай

Өзендер

7. Чад, Байкал, Гурон, Эри, Виктория

Көлдер

8.Тайга, саванна, тундра

Табиғат зоналары

9.Рим, Пекин, Братислава, Копенгаген, Каир

Астаналар

10. Ла-Манш, Беринг, Гибралтар

Бұғаздар


VІ тур: «Интеллектуалды жекпе-жек» капитандар сайысы.

16 сұрақ қойылады, екі топ капитандары қатар шығып тұрады да, кезекпен- кезек жауап береді. Біреуінің жауап бере алмағанына екіншісі жауап беріп ұпайын алуға болады. Тез-тез жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай.


1.Ең ұзын өзен? Ніл

2. Ең жүйрік аң? Гепард

3. Ең алып құс? Африка түйеқұсы

4.Ең суыққа төзімді құс? Пингвин

5. Ең үлкен мұхит? Тынық мұхтиты

6. Ең үлкен арал ? Гренландия

7. Ең терең көл ? Байкал

8. Ең биік шың?  Эверест

9. Ең биік сарқырама?Анхель

10. Ең қалың мұз жамылғысы? Вилкес жері ( Антарктидада)

11.Ең құрғақ жер? Атакама шөлі

12. Ең төмен теңіз? Өлі теңіз

13. Ең биік тау көлі? Титикака

14. Ең тұзды теңіз? Қызыл теңіз

15. Ең үлкен архипелаг? Индонезия

16. Ең терең шұңғыма? Мариан


ІІІ. Қорытынды бөлім

  • Сайыстың қорытындысын шығару;

  • Әділ қазыларға сөз беру;

  • Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау.



Бағалау парақшасы


Топ атауы

І тур

«Біздің әлем»

(Жоғары

ұпай- 10)

ІІ тур

«Ия,Жоқ»


(Әр дұрыс жауап 1 ұпай, барлығы 10 ұпай)

ІІІ тур

«Бұл қай ел?»


(Дұрыс жауап 10 ұпай, әр көмекке 1 ұпай алынады)

ІV тур

«Құпия сандықша»

(Дұрыс жауап 10 ұпай, әр көмекке

1 ұпай алынады)

V тур

«Географиялық ассоциация»

(Әр дұрыс жауап 3 ұпай, барлығы

30 ұпай)

VІ тур

«Интеллектуалды жекпе-жек»

(Әр дұрыс жауап 1 ұпай, барлығы 16 ұпай)

Жалпы ұпай


10 «А» сыныбы



















10 «Ә» сыныбы






















V тур: " Географиялық ассоциация"

Оқушыларға әр түрлі ұғымдар беріледі , соларды саралап қарап қандай географиялық ұғымды білдіріп тұрғанын табулары керек. Ойлануға

30 секунд, әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай.


І топқа:

1.Толқын, қауіп-қатер, жылдамдық, апатты құбылыс, жер сілкіну.

2. Өзен, теңіз, булану, бұлт, жауын-шашын, күн.

3. Ессентуки, Анталия, Майами.

4.Москва, Дели, Мадрид, Вильнюс, Осло.

5.Теңіз, көл, өзен.

6. Игуасу, Анхель, Виктория

7. Гольфстрим, Солтүстік Атлант, Бразилия

8. Мариана, Ява, Пуэрто-Рико.

9.Гренландия, Отты Жер, Мадагаскар, Хонсю

10. Атлас, Аппалач, Декан, Анд, Карпат.


V тур: " Географиялық ассоциация"

Оқушыларға әр түрлі ұғымдар беріледі , соларды саралап қарап қандай географиялық ұғымды білдіріп тұрғанын табулары керек. Ойлануға

30 секунд, әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай.

ІІ топқа:

1. Мұхит, мұз, тау, "Титаник", қауіп - қатер.

2.Тау, су, гүрілдеу, ғажайып көрініс, жыра

3. Самум, бриз, тайфун, муссон, ураган.

4.Гвинея, Бискай, Парсы.

5. Гоби, Сахара, Такла-Макан, Тар

6. Ганг, Евфрат, Колумбия, Хуанхэ, Дунай

7. Чад, Байкал, Гурон, Эри, Виктория

8.Тайга, саванна, тундра

9.Рим, Пекин, Братислава, Копенгаген, Каир

10. Ла-Манш, Беринг, Гибралтар






ІІ тур: «Иә, Жоқ» ойыны.

Әрбір топқа 10 сұрақ беріледі, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай. Жауап тез-тез берілу керек.

І топтың сұрақтар:

1.Қазақстанның жер көлемі 2 724,9 мың км²

2.Таулар биіктігіне қарай 4-ке бөлінеді

3.Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама Анхель

4.Қазақстан 6 елмен шектеседі.

5.Өскемен -Шығыс Қазақстан облысының орталығы.

6. Қазақстанда 5 экономикалық аудан бар.

7. Мұнайды экспортқа шығаратын елдерді ОПЕК ұйымына мүше елдер деп атайды

8.Италия мемлекеті Апеннин түбегінде орналасқан 

9.Түркияның астанасы - Стамбул 

10. Ең ежелгі материк Гондвана.  






ІІ тур: «Иә, Жоқ» ойыны.

Әрбір топқа 10 сұрақ беріледі, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай. Жауап тез-тез берілу керек.

ІІ топтың сұрақтары:

1.1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы

тәуелсіз мемлекет болып жарияланды.

2. Тау жыныстары пайда болуына қарай 2-ге бөлінеді.

3. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен -Ніл өзені

4.Қазақстан оңтүстігінде Тәжікстанмен шекараласады.

5.Петропавл -Солтүстік Қазақстан облысының орталығы.

6. БҰҰ-ның штаб пәтері Вена қаласында орналасқан

7. Испания -Пиреней түбегінде орналасқан. 

8.Қазақстанда 16 облыс бар.  

9.Иранның астанасы-Ереван.

10.Ең ежелгі мұхит–Тетис .











Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады
Жаршы заңы ежелден, жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол - еңбектену, жалықпау.
Ендеше ортамызға география пәні бойынша ерінбей еңбектеніп, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр оқушыларымызды шақырайық!






Ойын толық жатқандай асып, тасып, 
Біреу мығым, біреулер шалыс басып. 
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар, 
Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып. 
Жоғары, жоғары, жорғала 
Шапшаңдыққа таң қал ма. 
Ойын деген нарталас, 
Жеңілемін деп ойлама! 






ІІІ тур: «Елтану» ойыны

Әрбір топқа тақтада 6-дан елдердін мемлекеттік тулары және сол елдерге қатысты нысандар беріледі. Әрбір топ интерактивті тақтада «ActivInpire» құралдарын пайдалана отырып оларды бір-бірімен сәйкестендіруі керек. Уақыты 30 секунд, түгел дұрыс орындаса 10 ұпай.

І топтың сұрақтары

АҚШ- «Бостандық статуясы»

Қытай- «Қытай қорғаны»

Франция- «Эйфель мұнарасы»

Ұлыбритания- «Вестминстер- парламент үйі»

Испания- «Тореадор»

Италия- «Колизей»


ІІ топтың сұрақтары

Үндістан- «Тадж Макал»

Түркия- «Босфор көпірі»

Германия- «Бранденбург қақпасы»

Жапония- «Фудзияма»

Ресей- «Қызыл алаң»

Чехия- «Карлов көпірі»





Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 03.02.2016
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров158
Номер материала ДВ-409091
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх