Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Обществознание / Рабочие программы / "ХХІ ғасыр көшбасшысы" 8-сынып

"ХХІ ғасыр көшбасшысы" 8-сынып

  • Обществознание

Поделитесь материалом с коллегами:

Мұнайлы ауданы, №5 орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Сержанова Алия Тажимуратовна


ХХІ ғасыр көшбасшысы

Мақсаты:

1. Оқушылардың әр салада білімдерін, шығармашылық ізденістерін байқау. Оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.

2. Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Сөйлеу шеберлігін, белсенділігін арттыру.

Көрнекі құралдар: Power point таныстырылымы, смайликтер

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, жұмбақ, ойын.

Барысы:

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Бүгінгі « ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты зияткерлік сайысына қош келдіңіздер. Бүгінгі сайысқа 8 оқушы қатысады.

Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Сайыскерлерімізді шақырайық ортаға,-дей сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.

  1. Орынбасарова Мадина

  2. Жақсылыкова Айшолпан

  3. Құдайбергенов Саламат

  4. Ертаев Даулетбек

  5. Аманбаева Казына

  6. Алмухашова Жансая

  7. Аманбаев Абылай

  8. Бердікүл Жарқынай


Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың сайысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,- дей отыра, бүгінгі әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.

2.

3.

Бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты зияткерлік сайысы мына кезеңдер бойынша өткізіледі:

І кезең «Бәйге»

ІІ кезең «Тіл-өнер»

ІІІ кезең «Көкпар»

ІV кезең « Жорға»

І кезең «Бәйге»

Қазақпыз ғой бәйге десе қозатын,

Қосатұғын күрең атын, боз атын.

Басталады бәйге атты жарысың,

Шықсың шәкірт шыңдарға қол созатын, -деп Бәйге жарысын бастаймыз.

Сайыскерлерге сәттілік тілейміз!!!

Ойын шарты:

Берілген сұрақтарды мұқият тыңдап алып, бірінші болып таяқшаны көтерген ойыншы жауап береді. Егер де ал жауап бере алмаса, келесі ойыншы таяқшаны көтеріп жауап бере алады. Әр жауап 10 ұпайдан есептеледі. Ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығарылады.

  1. «Менің атым Қожа»шығармасының авторы кім? (Б. Соқпақбаев)

  2. Абайдың неше қара сөзі бар? (45)

  3. Көсемшенің жұрнақтарын ата? (-а,-е,-й,-ып,-іп,-п,-ғалы,-гелі,-қалы,-келі)

  4. Ұлы Отан соғысы жылдарында Ленинградты қорғау кезінде ерлікпен қаза тапқан қазақтың мерген қызы кім? ( Ә. Молдағұлова )

  5. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда қандай мағына береді? (жаңа күн)

  6. Еліміздегі ғарыш айлағы қалай аталады? (Байқоңыр)

  7. Иіріле оралып, тостағанға үңіле қарап тұрған жылан бейнесі қай ғылым саласының таңбасы? (медицина)

  8. Қазақ хандығы қай жылы құрылды? (1465 жылы)

  9. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады? (130 - дай)

  10. Қазіргі ҚР-ның әнұранының авторлары кім? (Нажимидинов, Назарбаев, Қалдаяқов)

  11.  Қасиетті рухани тілек. (бата)

  12. Ең кіші планета қалай аталады? (меркурий)

  13. «Кел, балалар, оқылық» кімнің өлеңі? (Ы. Алтынсарин)

  14. Киіз үйдің төбесі қалай аталады?(шаңырақ)

  15. Грекияда олимпиадалық ойындар неше жылда бір рет өткізілген? (4жылда)

16.Қазақта тұңғыш дүние жүзі чемпионы атағын алған палуан кім? (Қажымұқан

Мұңайтпасұлы)

17. Қазақ хандығын кімдер құрды? (Керей, Жәнібек хандар)

18. Сүйекті пайдаланып ойнайтын ойын? (ақсүйек)

Әділ-қазылар Бәйге жарысы бойынша бағаларыңызды берсеңіздер.Ұпайы аз2 оқушы ойыннан кетеді. Олар кімдер екен. Сендерге рахмет!

ІІ кезең «Тіл-өнер»

Келді кезек жұмбақтарды шешуге,
Жауаптарды аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
Жақсы ұпай, шәкірт саған несібе.

Олай болса, 2-кезең «Тіл-өнер». Бұл кезеңге 6 ойыншы қатысады.

Ойын шарты:

  • Берілген жұмбақтардың жауабын тауып, орыс, ағылшын тілдеріне аударады.

  • Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады

  • Ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығарылады.


1.Қар кетіп, қыр көгерді,

Құс қиқуы көбейді.

Жерге дін сеуіп,

Қорадан жас төл ерді. (көктем, весна, spring)


2.Бүгін киген ақ тоным

Ертең болар қара тон.

Қара тоным аздан соң

Болып кетер ала тон. (жер, земля, earth)



3.Үй үстінде ұсақ тас,

Ұстайын десем ұстатпас (жұлдыз, звезда, star)


4. Қабат -қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (кітап, книга,book)



5.Құрғақ жерде сақтайсың

Менсіз тамақ татпайсың (тұз, соль, salt)



6.Қардай аппақ,

Балдай тәтті. (қант,сахар,sugar)


7.Ұрсаң оны зулайды,

Жерде қарғып тұрмайды. (доп, мяч, ball)


8.Әрі қызыл, әрі тәтті.

Татқан жанды таңырқатты. (алма, яблоко,apple)


9. Ортасында шегесі,

Жіп - жіңішке денесі. (қарындаш, карандаш, pencil)


10. Мұрты бар, сақалы жоқ,

Тоны бар , шапаны жоқ. (мысық, кошка, cat)


ІІІ кезең «Көкпар»

Мәңгі бақи есте қалар

Ғажайып бір сайыс болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын,-деп біз енді сайысымыздың келесі кезеңіне келдік.

Бұл кезеңге 4 ойыншы қатысады.

  • Бұл кезеңде мектеп бағдарламасына сай 5 пәннен сұрақтар қойылады.

  • Екі кезең бойынша жоғары ұпай алған ойыншы бірінші болып жауап береді.

  • Жауап ауызша беріледі.

  • Ойыншы жауап бере алмай қалған жағдайда қарсыластар жауап беріп, ұпайды өздеріне еншілейді.

  • Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

1 қатысушыға

1.Түбір дегеніміз не? (Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегі)

2. «Анама хат» өлеңінің авторы? (А. Байтұрсынов)

3.Төрт бұрыштан бір бұрышын қиып алып тастасақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)

4.Желдің жылдамдығы қандай құралмен өлшенеді? (желбағар)

5.Пияз бен сарымсақта кездесетін ерекше ұшпа зат не деп аталады? (фитонцид)


2 қатысушыға

1.Есімше жұрнақтарын ата? (-ған,-ген,-қан,-кен,-ар,-ер,-р,-атын,-етін,-йтын,-йтін,-мақ,

-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек,-с)

2.Баллада дегеніміз не?(Лиро-эпостық сипаттағы шағын сюжетті өлең)

3.Шаршының периметрі 36см-ге тең. Осы шаршының ауданы неге тең? (81 см)

4.Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын қандай құралмен өлшейді? (шашгигрометрі)

5.Бидайдың Қазақстанда неше түрі өсіріледі? (6 түрі өсіріледі)


3 қатысушыға

1.Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді? ( 6-ға )

2. «Шыңырау» хикаятының авторы? (Ә. Кекілбаев)

3.Үшбұрыштың үш қабырғасы берілген. Қабырғалары 10см, 15см, 7см. Оның

периметрін тап? (Периметрі 32см)

4.Атмосфералық қысым дегеніміз не? (Жер бетіне түсірілген салмақ)

5.Қазақстанда раушангүлділердің қанша түрі өсіріледі? (35 түрі)


4 қатысушыға

1.Болымсыз етістік жұрнақтарын ата? (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе)

2.Сатай қай шығарманың кейіпкері? (Қылау)

3.Екі адам шахматты 2 сағат ойнаса, бір адам неше сағат ойнайды? (2 сағат)

4.Бұлттардың неше түрі бар? (3 түрі)

5.Гүлді өсімдіктерді неліктен жабық тұқымды өсімдіктер бөліміне енгізген? (Себебі олардың тұқымы жеміс ішінде жетіледі)

Әділ-қазылар алқасы Көкпар сайысы бойынша қойған бағаларынызды берсеніздер Ойынымыздың шарты бойынша ең аз ұпай алған 2 сайыскер ойынымыздан шығуы керек. Ол қай оқушылар екен?

Сендерге рахмет! Болашақта үлкен жетістікке жетеді – деген оймен өздеріңізбен қоштасамыз.


ІV кезең «Жорға»

Ең қиыны жарыстың “Жорға” келді,
Мықтылары қалыпты жеңсін енді.
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,
Осы ойыннан көреміз ерен ерді.

Олай болса, сайысымыздың «Жорға» бөлімінеде келіп жеттік.

1. Әр тақырып 10 сұрақтан тұрады.

2. Сұрақтарға тез жауап қайтару керек.

3. Дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

1 – ойыншыға сұрақтар

1. Етістік құрамына қарай қалай бөлінеді? (дара,күрделі)

2. "Көксерек" шығарманың авторын ата. ( М.Әуезов)

3. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров)

4. Қазақстанда қанша оҚблыс бар? (14)

5. Тұйық етістіктің жұрнағын ата? (-у)

6. Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы? (епті адам)

7. Қазақ тілінде неше жалғау бар? ( 4 )

8.Әрбір 100м биіктікке көтерілгенде температура орта есеппен неше градусқа төмендейді? (0,6 градусқа)

9.Украинадағы конкурста «Әлия» әнімен 1-ші орын алған қай әнші? (Р. Рымбаева)

10. Қазақ тіл білімінің негізгі салалары (фонетика, лексика, грамматика)

2– ойыншыға сұрақтар

1.Сын есім мағынасына қарай қандай түрге бөлінеді? (сапалық,қатыстық)

2."Ереуіл атқа ер салмай" өлеңінің авторы кім? (Махамбет)

3. Күн мен түн теңелген күн? (22 наурыз)

4. Рәміздер қашан қабылданды? (1992ж.)5

5. Ортақ етіс жұрнағын ата? (-ыс, -іс, -с)

6.Рим империясына қауіп туғызған ғұн басшысы? (Еділ)

7. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? ( 9 )

8. Атмосфералық қысымды қандай құралмен өлшейді? (барометр)

9. Қазақтың атын әлемге паш еткен музыкалық топ?(Ұлытау)

10. «Мұзға отырғызып кетті» тұрақты сөз тіркесінің мағынасы. (алдады)

Тағы келеді сыналар шақ айналып,

Тереңіне білім теңіз байланып.

Бүгінгі кештің жеңімпазы атанып

ХХІ ғасыр көшбасшысы болып тұр – деп, сөз әділ-қазылар алқасына беріледі, қорытынды есепті тындайық және бүгінгі ойын туралы, қатысушылар туралы бірнеше ауыз сөз айта кетсеңіздер.



«ХХІ ғасыр көшбасшысы» жеңімпазы _______________________________________________________


Осымен бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы аяқталды.

Жастықтың оты жалындап,

Жас жүректе жанған шақ.

Талаптың оты арындап,

Әр қиянға салған шақ – деп Абай атамыз жырлағандай жүректеріңде жеңіске жетем деген сенім оты жалындаған бүгінгі сайысқа қатысушылар,ұстаздар, оқушылар көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!!!

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 11.02.2016
Раздел Обществознание
Подраздел Рабочие программы
Просмотров138
Номер материала ДВ-441182
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх