Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Конспекты / ХХІ ғасыр тапқырлары мен алғырлары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Информатика

ХХІ ғасыр тапқырлары мен алғырлары

библиотека
материалов


Сабақтың тақырыбы: ХХІ ғасыр тапқырлары мен алғырлары


Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылардың «XXI-ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру» жайында білімдерін тексеру.

  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

  • Оқушының логикалық ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін дамыту. Ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.


Сабақтың түрі: Өтілген тарау бойынша қайталау, сабақ жарыс - сайыс түрінде өтеді.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, таратпа материал, компьютер.

Жоспары :

І кезең. «Таныстыру» сайысы (Топты және төс белгіні таныстыру)

ІІ кезең. «Үй тапсырмасы» (топтық сұрақ – жауап)

ІІІ кезең. «Ойлан тап» ( 3-пәннен сұрақтар)

ІV кезең. «Кубизм әдісі» (Өз топтарының атын қорғайды)

V кезең. «Көрермендер сайысы» (Мақалдар мен жұмбақтар)

VI кезең «Өз топтарын компьютерде қорғау, жұппен орындау»

VII кезең «Топ басшылар сайысы» (Әңгіменің қатесін тап)

Өтілу барысы:

I.Ұйымдастырушылық кезең

  • Оқушыларды сайысқа шақыру

II. Сайысты өткізу бағдарламасымен таныстыру

  • Әділқазылар алқасымен таныстыру

  • Сайысты өткізу

  • Әділқазылар алқасының қорытынды жариялауы

  • Марапаттау

Жүргізуші:

Тойлатып , додаласып , өлеңдесіп,

Достарым отырсың ба елеңдесіп.

Ата-салт, баба дәстүр жолыменен,

Алайық біз әуелі сәлемдесіп.

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып 7 – сыныптар аралығында өткізгелі отырған «ХХІ ғасыр тапқырлары мен алғырлары» атты шарамызға қош келдіңіздер! Осындай екпінді ду қол шапалақпен сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған оқушыларды ортаға шақырамыз.



Сайысымыздың басында «Жүрек жылуы» атты тренингімен бастағым келіп тұр. Бұнда балалар бір – біріне қайталанбайтын тілек айтады



Өнері мен өренін салыстыра, - дей отырып ең алдымен сіздерге осы ойында әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайын.



Төрағасы, төбе билер, жюрилер

Әділетпен кеңес құра біліңдер – дей отырып сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Бас иіп топ алдында шығатын

Сәлемдесу парызы әрбір жастың

Білімдерін паш етер сайыскерлер

Сәті келіп қалғандай танысатын, – дегендей сайысымыздың 1-ші кезеңі «Таныстыру» бастайық! Сайыскерлер өз топтарының төсбелгілерін және өздерін таныстырады. (2-3 минут уақыт беріледі). І кезең соңында «Таныстыру» сайысының қорытындысын әділ-қазылар алқасы баяндайды. Әрбір топтың жинаған ұпай қорын білейік.

«Таныстыру» сайысының ұпай сандарын білсек ІІ кезеңімізді бастайық.

Білімнің ұшқырлығы ғылым деген ,

Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен

Уакыт деген зымырап, зулап жатыр

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.


ІІ бөлім «Үй тапсырмасы» сайысы. Бұл бөлімде оқушылар үйден дайындап келген «Мен және менің сыныбым» атты слайд жасап келіп, оны көрсету керек.


Жүргізуші:

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңседе, жеңілсе де қалма жасып.

Көрермен жиналған бұл тамашаға

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа , сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды білімді жас таланттарға.


ІІІ кезең. «Ойлан тап» 3-пәннен физика, математика,информатика пәндерінен сұрақтар беріледі.

Ол сұрақтарғао оқушылар 10-ұяшықты таңдау арқылы жауап береді. Сұрақты топ бойынша таңдап, бірлесе отырып жауап береді.


IV кезең. «Кубизм» әдісі

Топтар өздерінің топтарының атын постерде қорғайды.

1-топ Компьютер

2-топ Алгоритм

3-топ Интернет тобы

а/ Әр топқа кубтың бір қабырғасындағы жұмыс тапсырылады.

б/ Тапсырманы әр топ талқылайды, жазады.

Кубтың 6 қабырғасы бойынша тапсырма береді:

1 айналым

1-топ Зерттеу.

2-топ Суреттеу.

3-топ Салыстыру.


2 айналым

1-топ Қарсы шық.

2-топ Оймен байланыстыру.

3-топ Қолдану.




V кезең. «Көрермендер» сайысы

Көрермендерге жұмбақ жасырылады. Оны тапқан кезде берілген ұпай саны өз сыныптастарының ұпайы ретінде қосылады.


Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (Меңзер)


Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,

Түсі оның сұр, құйрыңы ұзын.

Ойланып білгіш болсаң жауап берші,

Қалай деп аталады оның аты. (Тышқан)


Ұзынтұра жалқаубек,

Тұрмай ылғи жатады.

Қозғала қалса артынан,

Ешбір белгі қалмайды. (Бос орын)


Ақпарларды қағазға шығарады,

Бұл құрылғы қалай аталады? (Принтер)


Биологияда бұл паразит,

Көзге зорға көрінер.

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпараттарды өлшер. (Бит)


Егер білсеі айта ғойшы,

Бұл қандай құрылғы.

Ақпаратты қағаздағы,

Компьютерге енгізеді. (сканер)


VІ кезең. «Болашақтың компьютері» атты шағын эссе жазу.( жұппен орындау)

Оқушылар компьютерге жұппен отырып, өз армандарын, болашақтың компьютерін қалай қылып елестетеді, сол жайында өз ойларын сыни тұрғыда ойлана отырып жазады.



VІІ кезең. Топ басшылар сайысы Бұл кезеңде әр топтың топ басшылары мәтіннің қатесін табу керек.

Мәтіндегі қателерді түзеп, дұрыс жауап беру керек.



Ең жоғарғы ұпай-5.

Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.

1. Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде ең алдымен монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, динамик деп аталатын плоттерде құжаттарды сақтаймын Жауабы: 8 қате жіберілген

1. Монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет

2. Әріптер пернетақта арқылы теріледі

3. Сканер сурет салу үшін емес, оны енгізу үшін қолданылады

4. Компьютерге дайын мәтінді жылдам енгізуде сканер пайдаланылады

5. Мәтінді басып алу үшін принтерге қағаз салады

6. Ән тыңдау үшін динамик немесе құлаққап керек

7. Құжаттар компьютердің сыртқы жадында сақталады

8. Плоттердің екінші аты – график сызғыш құрылғы.

2. Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Ең бірінші бас мәзірден керекті бағдарламаны дайындаймыз. Меніңше, сурет салу үшін ең ыңғайлы бағдарлама Word графикалық редакторы. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын. Принтер арқылы суреттің кез келген бөліктерін ерекшелеймін. Оған қоса осы программа арқылы мәліметтерді есте сақтаймын.



Құлаққап арқылы дайындаған суретімді алдын ала қарап, тексеріп аламын. Өз жұмысымның нәтижесін монитор арқылы қағазға шығарамын.

Жауабы:

  1. Сурет салу үшін ыңғайлы – Paint бағдарламасы.

  2. Word бағдарламасында суреттің кез – келген бөлігі бояуға болмайды.

  3. Тінтуір арқылы суреттің кез-келген бөліктерін ерекшелейміз.

  4. Бағдарламадағы алдын – ала қарау батырмасымен ғана тексеруге болады.

  5. Құлаққап –әуен тыңдау үшін арналған құрал.

  6. Жұмыстың нәтижесін принтер арқылы қағазға шығарылады.

Оқушыларды формативті бағалап, олардың ішінде бір топтың жеңіп шығуы үшін, доллар арқылы бағаладым.

Жарыс сабақтың соңында оқушылар өз ұпайларын есептеп, кім жеңгендігін біле алды.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 21.09.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров55
Номер материала ДБ-204924
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх