Инфоурок Классному руководителю Рабочие программы"ХХІ ғасыр топ басшысы сайысы"

"ХХІ ғасыр топ басшысы сайысы"

Скачать материал

 

Тақырыбы:   Дарабоз-2013

Мақсаты :Сайыс сабақ арқылы оқушылардың сабақтан алған

                   білімдерін қайталау, жинақтау, іздену және пәнге қызығуын

                    арттырып, білім  сапасын көтеру. 

 

Әрқашан білімнен қашпаймыз,

Білімсіз шуақнұр шашпаймыз.

“Білімді дарабоз” атанып,

Ал енді сайысты бастаймыз.

 

Білімнен емеспіз кенде біз,

Өйткені Тәуелсіз елде біз.

Сақадай сай болса өрендер,

Ендеше басталар бәйгеміз.

 

 

Сайыстың шарттары: 

1.Таныстыру8."Жалғай біл"
9.Қорытынды1.Таныстыру  (қарсылыастарына сәттілік   тілеу)
2"Бізден -сұрақ,Сізден -жауап"
3.Ойлан тап
4."Кім жылдам"
5."Жұмбақ шешу"
6."Образға ену"
7.Үй тапсырмасы

                                                                       Ағыңнан  жарыл сыр бүкпе,

                                                                      Жол тапқан қиын тірлікте.

                                                                           Досыңа адал бола біл

                                                                          Береке басы  бірлікте.

               
2."Бізден -сұрақ,Сізден -жауап"

 

 

Тапқыр  білгір ,дарынды ,

                                                                      Жарыс бар бүгін арынды.

                                                                     Сүйсең туған жеріңді

                                                                     Ортаға сал барыңды.

 

6-сынып

1.Аналықтың бөлігі (жатын)

2.Тостаған жапырақшадан кейін орналасады (Күлте)

3.Құрғақ жеміс түрі .(Тұқымша)

4.Тірі ағзаларды зерттейтін ғылым.(Биология)

5.Өсімдіктерге түс беретін денешіктер. (Пластидтер)

6.Шие қандай жеміске жатады.(Сүйекті-шырынды)

7.Бір тұқымды жеміс? (Дәнек)

8.Жасушаны алғаш көрген адам? (Р.Гук)

9. Вегетативті мүшелерді ата .(тамыр,сабақ,жапырақ)

10.Сабақ қандай қызмет атқарады? (Тірек,қор заттарын жинау,көбею)

11.Өсімдіктің көбею мүшелері .(Гүл,жеміс,тұқым)

12.Жемістер нешеге бөлінеді? (3-ке Шырынды,құрғақ,сүйекті –шырынды.)

 

7- сынып

1. Өсімдікке жасыл түс беретін пластид? (хлоропласт)

2.Өзі шырын,үйіреді адамның тілін. (Қауын)

3.Дәні алтын асырайды халқын.(Бидай)

4.Қабат-қабат тоны бар,арасынан жемістердің танып ал. (Орамжапырақ)

5.Қолайсыз жағдайлардан қорғайтын қабықша .(Циста)

6.Зоология қандай тілден аударылған.                  

( Грекше “Зоон ”-жануар,”логос”-зерттеймін.

7.Қынаны зерттейтін ғылым  (лихенологтар )

8.Алқа  тұқымдастардың  ғаламшарда қанша түрі бар. ( 2900)

9.Күріштің атасы (Ы.Жақаев)

10.Қазақстанда бидайдың неше түрі бар?Оларды ата?

(Еділдік бидай ,польшалық бидай,көжелік бидай,жұмсақ бидай,

  қатты бидай,көбең бидай)

11. Өсімдікке жасыл түс беретін пластид? (хлоропласт)

12.7-сыныптың биология пәнінің оқулығын жазған ғалым?

                                                 (  Қайым,Сәтімбеков,ӘІметов, Қожантаева )

3."Ойлан тап"

1.ж, ұ, а, л, п, ы, п, а, р, а, қ   -   жапырақ ,ұлпа

  2. г, ж, а, с, у, л, ш, а, ү        -    жасуша , гүл

  3. қ, с, қ, р, а, ү, е, к, ы, й, р –   қасқыр , үйрек

   4. б, л, р, қ, а, ы, н, ы, а, д  -    балдыр , қына

4."Кім жылдам"

 

 

Капитандар сайысы

6- сынып

1.Бұл өсімдікпен ежелгі Египет пирамидасын салып жатқан

құлдарды ауырып қалмас үшін тамақтандырған.

 Жуаның інісі.     (Сарымсақ)

2.Бұл жемісті  бетті күтуде ,маска жасауда ,беттегі сепкілді  кетіруге пайдаланылады, оның құрамында 98 % су бар.   (Қияр)

7- сынып

1.Бұл өсімдіктің  отаны-Оңтүстік Америка.Оның шырыны

   азқазан ауруына ем.Техникалық дақыл,түйнекпен көбейеді.             (Картоп)

2.Теңіз балдырларын өнеркәсіптің көптеген салаларына шикізат есебінде қолданады. Олардан қандай заттар алынады.

(Йод,спирт,сірке қышқылы,жасунық,агар-агар)

 

ІІ- Топтар сайысы .Алдын –ала дайындап әкелген сұрақтарын екі топ бір-біріне қояды . ( 3- сұрақ)

 

5."Жұмбақ шешу"

Жұлдызды сағат –сын сабақ,

                                                  Жұмбақты шешіп ойнап –күл.

                                                  Білімдіден мол талап,күтіледі оны біл,

                                          Ал ойынан қалмайық,жұмбақты шешіп тастайық

 

1.Санасаң бір үйде төртеуі бар
Қаласаң ауызды өртейтін нәр  (Бұрыш)
2.Күшін ішке іріккен 
Бес саусақтай біріккен  (Тары)

6."Образға ену"

1.Гүлдің солуын қимылмен көрсетіңіз.

2.Гүлдерді тозандырып жүрген ара болыңыз.

3.Ұзарып ,биіктеп өсіп жатқан ағаш болыңыз.

4.Балапанын қанаттандырған құстың бейнесі.

7.Үй тапсырмасы . 
(Буклет немесе альбом жасап алып келу)
Жұмыстарды  қорғау.

 

 

 

 

 

 

 

 

8. " Ж а л ғ а й    б і л "
      Ой толғау

 

1.     «Мен  бағбанмын »

2.     «Мен экологпын »

3.     «Менің ауылым »

9. Қорытынды

 

Білімнің қырларын жүйелеп,

Ғылымның сырын біз ұғайық,

“Білімді дарабоз” атанып,

Жеңістің шыңына шығайық,- деп қазылар алқасына сөз беріледі.

 

 

 

«Дарындылар додасы»

 


Көңілді тапқыштар, білімділер,

Бар өнерін алдарыңа салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.


Сайысқа түсуші екі топқа, сабырлық пен жеңіс тілеймін!


Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар,

Біреуінің күмбірлеген күйі бар,

Біреуінің қатты істейтін миы бар.


1-топ:

2-топ:

Ойынымыз 6 сайыстан тұрады.

1.Таныстыру

2.Бәйге     

3.Есептер сыры

4.Ғажайып шеңбер

5.Жұмбақ арал

6.Құпия сөздің сырын аш.

Әр сайыстан кейін қазылар әділ бағасын беріп отырады.

1.Таныстыру

Топ басшысы өз тобының мүшелерімен бірге топтың атымен, белгісімен таныстырады.

2.Бәйге


Ең қиын жарыстың бәйге келді,

Мықтылары ортада, шықсын енді.

Тез жауап бер, ойланыпп тұрып қалма,

Осы ойыннан көрейік ерен ерді.


Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

1)Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі.(атом)

2)Ең жеңіл металл.(литий)

3)Химиялық таңбаның алдына қойылатын цифр.(коэффициент)

4)Күкірт неше валентті?(2,4,6)

5)Натрийдың салыстырмалы атомдық массасы?(23)

6)Периодтық кесте неше топтан тұрады?(7)

7)Атом молекулалық ілімді ашқан ғалым.(М.В.Ломоносов)

8)Көмір қышқылының тұзының аты.(карбонат)

9)Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл.(иод)

10)Электролиттік диссоциация теориясын ашқан ғалым.(С.Аррениус)

11)Айдаһар бейнесіне ұқсайтын элемент.(S)

12)Күкірт қышқылының формуласы.(Н2SO4)

13)Сұйық металл.(сынап)

14)Химиялық құрылыс теориясын ашқан ғалым.(Бутлеров)

15)Реттік номірі 19, салыстырмалы атомдық массасы 39-ға тең болатын элемент.(калий)

3.Есептер сыры


Тағы келді сыналар шақ айналып,

Тереңіне білім теңіз байланып,

Кім шешеді, сол сайыста ұтып тұр,

Есеп шешер кезегі келіп тұр.


А.Мына айналымды жүзеге асырыңыздар және алынған өнімдердің атауын бер:

С→СО→СО2→Н2СО3→СаСО3→Са(ОН)2  Ә.Массасы 17,2 күкірт оксидін сумен әрекеттестіргенде неше грамм күкірт қышқылы түзіледі?

Б.Тұздың 25%-тік 250г ертіндісін даярлау үшін қанша тұз, қанша су қажет?

4.Ғажайып шеңбер

Мына шеңберден элемент аттарын құрастыр.

5.Жұмбақ аралы

1)Өзім газбын, менімен демаласың, жоқ болсам ауа жетпей қиналасың.(оттек)

2)Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде, Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге.(су)

3)Осы затпен ескі үйді алсатайды, Түсіне қарасаң алтынға ұқсайды.(күкірт)

4)Ең жеңіл элемент саналаы, Периодтық жүйе осыдан басталады. (сутек)

5)Ол болмаса астың дәмі кірмес, Кім бар екен ортада оны білмес.(ас тұзы)

7.Құпия сөздің сырын құлпын аш.

Мәтінде «жасырылған» оксидтердің формулассын тауып, оларды атаңыз.

K2OSNHP2O5Mg2SiO2SNH3H2OMgSOF2SiH4NO2SAl2O3O22ONH3ClPSO2

 


Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.

Жастықтың оты қайдасың,

Жүректі түртіп қозғамай.

Ғылымның біліп пайдасын,

-деген ұлы Абай атамыздың өлең жолдары арқылы сайысымыздың қортындылап ,білімді жастарымызды бағалау үшін сөз кезегі қазылар алқасына беріледі


Тақырыбы: СПИД – ХХІ ғасыр індеті.
Сабақтың мақсаты:
Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын-алу,оның жұғу жолдарын одан сақтана,қорғана білу туралы түсіндіру.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке,
инабаттылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: газет-журнал деректері, пікірталас, мақал-мәтелдер.
Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылармен амандасу.
2. Түгелдеу.
Кіріспе сөз:

Мұғалім сөзі: Қош келдіңіздер, бүгінгі тәрбие сағатына жиналған қауым! Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Сол бағдарламаны негізге ала отырып өткізгелі отырған 8-9 сынып оқушыларының арасында өткелі отырған «ЖИТС – ғасыр дерті» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Ғасыр дерті – СПИД өршіп тұр.Баспасөз бетіндегі соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар саны 1159 болса, 30 адамның СПИД-ке ұшырағанын мәлімдеді. Оның негізгі ошағы Қарағанды, Теміртау, Алматы қалалары болып отыр.                                                                                                                                     

 Асыл:
Адам ағзасына енген ол қанның лимфоцит клеткаларының ішіне кіріп, клетканың генетикалық аппаратына жабысып тез көбейе бастайды.Осының әсерінен клетка жарылып өледі.Одан шыққан вирустар жаңа клеткаларға жабылып,өткен процестерді қайталайдыЛимфоцит клеткаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің-күнінде ағзасында иммунитет жетіспеушілік пайда болады.Бұл жасырын кезең ондаған жылға дейін созылуы мүмкін.Айырықша еске салатын жай, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді.Бірақ, ол өзімен қатынастағы адамдарға жұқпалы аурудың көзі ретінде СПИД-ті тарата береді.
 СПИД құрбаны (монолог).
Гүлим :

- Уа, жаратылыс! Адамзатқа өмір берген құдіреттің қайнар көзі!Сен естисің бе мені? Сүт сәулелі мынау бір өмірдің бар қызығын көре алмай,арманда кетіп бара жатқан, жұмыртқадай жұмыр басты пенденің зарын тыңдашы бір сәт!
Өзімнен өзім сыр таптым,
Өле алмай жүрген сырқатпын.
Шіріген картоп сияқты,
Бұрышында қалған бір қаптың.
Өзімнен өзім тістенем,
Шарабым да тұр ішпеген.
Ұйықтайын десем қорқамын,
Көрмейтін сұмдық түс көрем.
(Тіршіліктен теперіш көрген жас жігіт егіліп жылап тұр.)

Бердібек
-Мен жағдайы әжептәуір отбасында дүниеге келдім.Әп деп өсе бастағаннан ештеңеден таршылық көргенім жоқ.Басқа балалар ішпегенді іштім, кимегенді кидім.ір сөзбен айтқанда,өте ерке болып өстім. әке-шешем бар дегенімді жасады.анда-санда әкем мен тентек болған кезде,айқайлап ұрса бастаса анам: «Ойбай,жалғыз балада нең бар?»-деп ара түсетін.
(Сонау балалық шағы есіне түскен жігіт жүзін қимастық сағыныш басып біраз үнсіз қалды.)
Алдияр

Әлпештеп алды анам алдымнан шығып,
Қасымнан кетпес қиғаш қадам шығып.
Ата-ана перуана боп перзенті үшін,

Күн кешер көрсетпе деп жаманшылық.

 

Ақтамай-ақ кетіп барам арманың,
«Жалғыз бала» деп өсірген әкемнің.
Кім кінәлі,аялаған анам ба?
Бар қажетті даярлаған қоғам ба?
Тек қана өзім кінәлімін сол үшін
Улы дерттің құрбаны мен болам да.
Жас жеткіншек!
Өздеріңе өлер кезде айтып кету борыщым,
Ауырсаңдар бұл кеселмен,
Дәрігер де бере алмайды қол ұшын.
Құтқаратын күш жоқ,онда әлсіз тірі өліксің,
Жат әдет пен темекіге, есірткіге жоламаңдар сол үшін!
Азалы да ащы әуен қайта ойнады.Жан төзгісіз азапқа түскен жас бейбақ аласұра дөңбекшіп,жерге құлайды.
Назерке

 СПИД-наркотикті егеушілердің инесі арқылы жұғады. СПИД-тен сақтану үшін не істеу керек?Мысалы: ішімдікке әуестік,токсикомандық, шылым щегу сияқты осындай заттардан аулақ болған жөн. Ол ойды да, бойды да өсірмейді. Қайта денсаулығыңды әлсіретіп,өмір жасыңды қысқартады.Ал, дені саудан, жаны саудан артық ештеңе жоқ.Байлық та, бақыт та сол емес пе?
 Ализа

ВИЧ, қазақша АИТВ-адамдағы иммунитет тапшылығы вирусы, жұқтырғандар және СПИД –пен ауыратындар саны өте жылдам көбеюде.Тіпті бұл дерт балалар өміріне де балта шабуда.
Олардың арасында ауру жұқтырғандарды былай қойғанда СПИД-тен қайтыс болған ата-аналардың жетім қалған 15 жасқа дейінгі ұл-қыздарының саны 9 млн-ға жеткен.

 Еліміздегі ВИЧ жұқтырған азаматтардың саны 900-ге жетті.Оның ішінде СПИД-пен ауыратындар саны-25. тек Алматыда ВИЧ жұқтырғандар саны-38.Қостанайда -

Айдар 

СПИД ауруын тудыратын вирус-ВИЧ нәрестеге осы аурумен ауыратын ананың құрсағында жатқан кезінде немесе дүниеге келгеннен кейін қан арқылы,емізгенде жұғады.
 Кейде СПИД вирусын жұқтырған адамның қанынан ем ретінде сау балаға құйғанда да, бір рет қана қолданатын инені қайталап қолдану кезінде де жұғуы мүмкін.

Бердібек

Бұл тірлікте не тыңдырдың, не көрдің?
Құрбанысың СПИД деген кеселдің.
Ақталмай-ақ кетіп барады арманы
Жалғыз бала деп өсірген әкенің.
Кім кінәлі аялаған анаң ба,
Бар қажетті даярлаған қоғам ба?

Гүлім:

Адам!
Адам!
Бөлісіп уайымды –
Болашаққа болыңдар дәйім-үлгі!
Бір-біріңе болыңдар мейірімді,
Бір-біріңе болыңдар қайырымды,
Дерт шалмасын,
Ешқашан өрт шалмасын,
Алып емен, ақ балтыр қайыңымды.
Бір-біріңе болыңдар қайырымды.

Асыл:

СПИД деген – ғасыр уы, зобалаңы,
Сан адамға жазылмас жара салды.
Сан адамды өмірден алып кетті,
Мамандар да бір емін таба алмады.
Ей, адамзат, бұл дертке мойынсұнба!
Өлмейсің сен үміт пен сенім барда!
Салауаттылық – жарқын өмір кепілі,
Көтер басты тағы айтамын, мұңайма!

Коркем:

Ардақтап ата-анаңды сол секілді,
Қынжылтпай қызмет көрсет адамшылық.
Түседі еске кей кез бала кезім,
Бала кезім... кетуші ем дала кезіп.
Ақ қайынға шайқалған қараушы едім,
Қараушы еді мөлдіреген қара көзім.
Бердібек

- Иә, ата-анамның еркелеткені мені одан әрі құтырта түсті.Жетінші сыныпқа жеткенше екі-үш мектепке ауысып үлгердім.Неге дейсіз ғой.Тәртіпсіздігім үшін.Бір күні көрші подъезге жаңа отбасы көшіп келді.Олардың да мен секілді ұлы бар екен.Сонымен «іздегенге сұраған» дегендей,екеуміздің жұбымыз жазылмайтын болды.Оның менен айырмашылығы наша «дегшен» пәленің дәмін ерте татқан екен.Енді мен де шеге бастадым.Нашаның адам баласына әкелетін қасіретін ол кезде кім білген?

Ақерке

Егерде білген болсам тіріде жолаймын ба?!
Тамырын умен суарып,
Денсаулық деген егістің,
Шірітіп апсың біразын,
Ғаламат қымбат жемістің.
Инемен таза денеңді,
Тесуге неге келісті?
Көк түтінмен уланып,
Ащы суды неге іштің?
Төсекке асыл азамат,
Ауру аеңдеп құлайсың.
Дәрігерлерді мазалап,
Не үшін енді жылайсың?
Бердібек

(Денесін сырқат сыздатқан жас жігіт жасаураған жанарын төмен салып,сөйлеп кетті.)
- Содан арада екі-үш жыл өтті.Бұл кезде мен темекісіз, есірткісіз тұра алмайтын дәрежеге жеттім.Өзім секілді достарым да көбейді.Олар арқылы сарғыш сұйық құйылған инеге де аңсарым ауды.Не құдіреті барын,сол инені көрсем аузымнан суым шығып,есім кететінБұл кезде әкем автомобиль апатынан қайтыс болды.Жалғыз анамның жиған-тергені есірткінің айырбасына кетті.Мен сол құлдырағаннан құлдырай бердім.Бірде қатты салқын тиіп ауруғанаға түстім.Дәрігерлер менің СПИД-пен ауыратынымды анықтапты.Төрт-бес жыл білмей жүріппін.
Айдар

Таусылмақ дәм.Бітпек өмір-өзенім.
Менің-дағы жетті кетер кезеңім.
Оны көптен тарқамаған қайғы мен
Жүрегімнің мұң көзінен сеземін.
«Өлермін» - деп күңірінем,күйзелем,
Мені есірткі найзасымен түйреген.
Өз әлімше арман-көлде жүзе алмай,
Қанатымнан жараланған күйде мен.
Бердібек

-Соңғы кезде өмір-тірлік, табиғат, жаратылыс туралы көп ойланатын болдым.О, жаратылыс! Жарық дүние! Кеш мені! Шынында да адам өмірі ғажап екен ғой.Бір-ақ өмір! Осы бір-ақ рет берілген өмірінде қартайғанша жүріп, о дүниеге аттансаң арманың бар ма? Бұған кім кінәлі? Балалық па, шалалық па, әлде еркелік пе? Қазір ғой ішім жидіп күйіп кетеді,өкініштің улы запыраны бүкіл денемді қалтыратады.Бәрі кеш енді.
О, Жаратқан!
Жұмыртқадай жұмыр жер мен төңкерілген тайқазандай көк аспан! Сендер естисіңдер ме, мына менің зарымды? Айтыңдаршы,құтқаратын күш бар ма, мына мендей бейбақты.
(Мұңлы ащы әуен ойналады.)

Көркем

Бұл тірлікте не тындырдым, не көрдім,
Құрбанымын СПИД деген кеселдің.
Салауаттылық – жарқын өмір кепілі,
Көтер басты тағы айтамын, мұңайма!

Ербол:  СПИД – ғасыр обасы. СПИД – Жұқтырылған Қорғаныш Тапшылығының Белгісі, яғни ЖҚТБ. Адам денесінде Т – лимфоцит деп аталатын қан клеткаларының саны күрт төмендейді. Қазақстнда 4,5 мыңнан астам жүре пайда болған. Иммунитет тапшылығы син дромы , яғни СПИД – ке шалдыққан.                                                                                     

   Әлішер : СПИД – бірте-бірте дамитын, кейде 5 жылға созылып, адамды ақыры өлімге жеткізетін кесел.                                                                                                                         

Шерхан: ЖИТС-пен ауру-өлім жазасына кесілгенмен бірдей. Себебі дүние жүзінде осы уақытқа дейін әлі оны толық жазатын ем жоқ. Тек қана бірақ жол-ол сақтану, алдын алу.

Жанібек : ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев 18 мамыр 1998 жылғы жарлығында осы мәселелерге байланысты салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында да үгіт – насихатты күшейту туралы шараларын міндеттеп берді.                                                               

    Олай болса                                                                                     

Салауатты өмір салтын қолдайық!
Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!
Өз өмірің өз қолыңда, ей жастар,
Су ішпеген гүлдей болып солмайық!

Хор :

Хор : Ализа                                                                                                                                                                                                        Жойылсын жалғыз сөз СПИД деген
Жойылсын мәңгілік жойылсын.
Вируспен ауырған адамдарға
Ем – дәрі тезірек табылсын.                                                                                                                                                                                   Қайырмасы:
Кел достарым, үн қосайық,
Көтеріп жаңғыртып.
Анасын бала
Баласын ана
Жоқтамасын мәңгілік                                                                                                                                                                                                   2.Есірткі құрысын Мәңгіге
Ішімдік  мәңгілік жойылсын
Дені сау қазақтың
Ұл – қызы көбейсін.
Қайырмасы:
Кел достарым, үн қосайық,
Көтеріп жаңғыртып.
Анасын бала
Баласын ана
Жоқтамасын мәңгілік                                                                                                                                                                                           3.Мәдениет өркендеп,
Табиғат көркейіп.
Қазақтың сымбатты
Ұрпағы көбейсін                                                                                                                                                                                                        Қайырмасы:
Кел достарым, үн қосайық,
Көтеріп жаңғыртып.
Анасын бала
Баласын ана
Жоқтамасын мәңгілік                                                                                                                                                                                         

ІІ Келесі кезеңіміз.    Ситуациялық жағдайды талдау. Ойналуға 2 минут уақыт беріледі.                                                                                                                              №1

Топқа жаңадан студент келді. Біраз уақыт өте оның СПИД – пен ауыратынын естідіңіз? Ол баламен қарым – қатынастарыңыз қандай болады деп ойлайсыз? Ол балаға қандай кеңес берер едіңіз?  

                   

ІІІ кезеңіміз: Сіз ЖҚТБ туралы не білесіз?  Сұрақ –тест  тізімі   Дұрыс  немесе  Қате

1

ЖҚТБ-мен ауыратын адамды құшақтау қауіпті

Қ

2

Жұртшылық пайдаланатын дәретханада ЖҚТБ-ны жұқтырып алуға болады.

Қ

3

Күре тамырына дәрілік препараттар қабылдайтын адамдар басқалардың инесін пайдаланбауға тиісті

Д

4

ЖҚТБ-мен ауырған адаммен бір стаканнан ішсең немес бір бутербродты тістесең ЖҚТБ вирусын жұқтыру мүмкін емес.

Д

5

Егер мектепте біреу жарақат алып онан қан кетсе, қанды қолмен тоқтату керек.

Қ

6

Егер сырқат саған қарай жөтелсе немесе түшкірсе, ЖҚТБ-ны жұқтыруға болады.

Қ

7

Жыныстық қатынас, есірткі және ЖҚТБ мәселелерін мектепте талқылау – дұрыс идея.

Д

8

ЖҚТБ-ны вирус қоздырады.

Д

9

ЖҚТБ қызыл қан түйіршектерін зақымдайды.

Қ

10

ЖҚТБ денеден бөлініп шығатын барлық сұйық заттар арқылы жұғады.

Қ

11

ЖҚТБ-ға тесттер әдетте сенімді.

Қ

12

ЖҚТБ негізгі 3 түрлі жолмен беріледі: жыныстық қатынас кезінде, қанмен түйісу кезінде (мысалы: ортақ инемен пайдаланғанда), анадан сәбиге ана құрсағында даму кезінде және туған кезінде.

Д

13

ЖҚТБ-ның көптеген белгілері басқа аурулардың белгісіне ұқсас.

Д

14

ЖҚТБ-ға байланысты проблемалардың бірі – жұқтыру мен аурудың біліну мезетінің аралығында бірнеше жыл өтуі мүмкін.

Д

15

Дүние жүзілік СПИД – пен күрес күні – 1 желтоқсан.

Д

Олай болса бүгінгі біздің кешімізге ауылымыздың мед бикесі --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

ІY.Келіп отыр екен.Сөз кезегі өзіңізде бізге СПИД туралы  тағы не айтар едіңіз                                                                                       

 Y.келесі кезеңіміз : Мақалдарды жалғастырайық                                                                                                                                                   Мақал – мәтелдер – ғасырлар бойы сұрыпталып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты, тәрбиелі, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті де есті емші                                                                                                                                              1Ауырып ем іздегенше , (Ауырмайтын жол ізде )                                                                                                                                                                                2. Ішпеген, шылым шекпеген, (Жасайды жылдар көптеген.)                                                                                                                                               3. Қайғы қартайтады. (Қуаныш марқайтады)                                                                                                                                                                     4. Адам арақты ішеді, (Арақ ақылды ішеді. )                                                                                                                                                                         5. Жасында темекісін будақтатқан, ( Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан )                                                                                             6. Арақ- ішіп ішіне көшеді, (Ақыл шөлмек ішіне түседі)
7.Шылымқор өзін ғана емес, (өзгелерді де улайды)                                                                                                                                             8)Темекінің көк түтіні (Екі өкпеңді ыстайды)
9)Ұзартқың келсе ғұмырды, (Таста арақ пен шылымды)
10)Ішпеген, шылым тартпаған – (Денсаулығын сақтаған)
11)Жасында темекісін будақтатқан – (Күркілдеп қартайғанда құлап жатқан)
12)Көзге түскен қауыз жаман, (Шылым шеккен ауыз жам
13)Шылымды жерге тастама, (Айналаңды ластама)
14)Түтіні тісіңді сарғайтады, (Уы ерте қартайтады)
15)Темекінің кермегі, (Еріккеннің ермегі)
16)Қайғы қартайтады. (Қуаныш марқайтады)
17)Тыста ұзақ жүргенің, (Ұзақ өмір сүргенің.)                                                                                                                                                   YІ. Қорытындысы сөз                                                                                                                                                                                                Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Елімізде ғасыр індетіне айналған жат қылықтарды жасөспірімдер бойынан алшақтату әр адамның өз еркіне, біліміне байланысты.                                                                                                                                                                                                                                              Жер үстіндегі байлық – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы қоршаған орта мен дос-жолдастарына байланысты                                                                                                                                                                                                Ей, ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар
Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар.
Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып
Жақсы үмітпен, сеніміңнен таймаңдар
Салауатты өмір салтын сақтаңдар
Болашаққа нық қадам бастаңдар ! – деп жастарды   мына отырған бәріңізді салауаттыққа  шақырамын

 

Тақырыбы:    Витаминдер

 

Білімділік

Дамытушылық

Тәрбиелік

Оқушыларға дәрумендер өсімдік пен мал өнімдерінен алынатынын, азық- түліктерде болатынын түсіндіру, дәрумендердің организмдегі ролі және дәрумендер жетіспегенде болатын аурулар, олардың алдын алу шаралары жайлы түсінік беру.

Оқушылардың дәрумендер туралы ой өрісін қалыптастыру, танымдық ойлау қабілетін дамыту.

Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу

Сабақтын түрі: аралас сабақ.

Сабақтын әдісі:, СТО элементтері,баяндау, талдау, ой қозғау, ой түйін.

Көрнекілігі: «ДӘРУМЕНДЕР» кестесі, «ВИТАМИНДЕР» көрмесі,

«ҒАРЫШ КЕМЕ» сұрақтары.

Пән аралық байланыс: медицина, химия.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу;

ә) Оқушыларды түгелдеу;

б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Үй жұмысы: §50. «Зат және энергия алмасу».

– Үй жұмысын бастамас бұрын келісіп алайық, әрбір жақсы жауап берген оқушыға «Әуе маркасын» сыйға тартамын. Сабақ соңында жинаған «Әуе маркасын» есептеп баға қойылады.

- Ендеше ұшақ ұшатын «Әуежай алаңынан» бастайық.

«Әуежай» айлағы.

Бұл алаңда оқушылар үй жұмысы бойынша үш топқа бөлініп, сұрақтарға жауап береді..

«Зат алмасу »айла никалық қосылыстар» айл «Бейорганикалық заттар» айлағы

III.Өткен сабақты пысықтау.

Сонымен балалар үш айлақтың тапсырмаларын орындаған оқушылар ұшақ саяхатына дайын деп есептеп, енді алғашқы ұшу саяхатымыз – бүгінгі жаңа сабақпен байланысты.

IV.Жаңа сабақ.

§51. Витаминдер және олардың маңызы.

-Ұшақ әуежайдан көтеріліп, қажетті айлаққа келіп аялдады. Алғашқы айлақ

1. «Витаминдер айлағы»

Бүгінгі тақырыбымыз «Витаминдер және олардың маңызы». Витаминдер өсімдік пен мал өнімдерінен алынатын азық – түліктерде болады. Адам әр түрлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті дәрумендерді алып отырады. Күнделікті ішіп отыратын тағамдарымыздың кейбіреулерінің құрамында адам организміне аса қажетті дәрумендер жетіспейді. Демек, тағамда дәрумендер жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға жиі шалдығады. Соған қарағанда «Ас дәмімен тәтті» немесе «Ас жүрген жерде ауру тұрмайды» деп жұрт бекерге айтпаған. Дәрумендер адам өмірінің арқауы, онсыз адамның денсаулығы ойдағыдай болмайды, тіпті адам тіршілік ете алуы да мүмкін емес. Олай болса дәрумендерді қарапайым тілмен айтқанда тіршілік нәрі, өмір серігі деуге болады.

Витаминдер деп химиялық табиғаты әр түрлі органикалық заттарды айтады. Витамин латынша vіtа – өмір, тіршілік; vitman – тіршілік амині деген мағынаны білдіреді. Олар тағамдық заттармен организмге түсіп, зат алмасуға, организмнің өсіп-өнуіне әсерін тигізеді. Организмнің қорғаныштық қабілетін арттыруда витаминдердің атқаратын міндеті өте зор. Егер тамақтану дұрыс жолға қойылмаса, яғни күнделікті пайдаланатын тағамдарымызда организмдерге қажетті витаминдер мөлшері жеткіліксіз болса, онда организм әлсіруіне себепші аурулар гиповитаминоз, авитаминоз. Витамин жетіспесе – авитаминоз, витамин шектен тыс көп болса –гипервитаминоз ауруларына шалдығуы мүмкін.

Витаминдердің ішінде табиғат пен күнделікті тіршілікте кеңінен таралып, жиі кездесетін, әрі өмірімізде көп пайдаланылатын, су мен майларда еритін витаминдерге тоқталамыз. Витаминдерді латын бас әріптерімен белгілейміз.

Қазіргі кезде 30 мыңға таяу витаминдер топтамасы бар.

Енді балалар ұшақ келесі аялдамаға көтеріліп,д яғни дәрумендерді зерттеген ғалымдарға тоқтады.

2. «Ғалымдар айлағы »

Жеткіліксіз тамақтанудың салдарынан туындайтын аурудың себептерін алғаш ашқан орыс дәрігері Н.И.Лунин болды. Ол ал-ғаш рет тағам құрамында дәрумендердің болатындығын 1880 жылы дәлелдейді. Жас ғалым тағам құрамындағы минералды заттардың рөлін зерттейді.

Ол кісі тышқандарды зертханалық жолмен алынған жасанды қоспалармен тамақтандырды. Осындай тамақтармен қоректенген тыш-қандар 11-ші күні қырылып қалған. Бұдан соң Н.И.Лунин химиялық таза белок, май қосылған тағамдармен қоректендірілген кезде де тышқандар түгел өлген. Ал сиыр сүтімен қоректендірілген тышқандар ауырмай дұрыс тіршілік ете берген. Тәжірибе нәтижесінде Н.И.Лунин сүттің құрамында май, казеин, қант, тұздардан басқа тіршілікке қажетті бір зат бар деген қорытындыға келеді. Кейінірек Н.И.Луниннің тәжірибесін голландиялық ғалым Пакельхоринг 1904 жылы және ағылшын химигі Гипкинс 1906 қайталайды. 1911 жылы поляк ғалымы Функ күріш қауызынан құрамында амин тобы бар кристалл зат бөліп алады. Осы затқа Функ дәрумен деп ат қояды. Латынша «вита» – тіршілік, ал «амин» – азотты химиялық қосылыс. Кейінірек табиғатта химиялық құрамы әр түрлі дәрумендердің болатындығы кейбірінің құрамында амин тобы болмайтындығы дәлелденді.

1922 жылы ғалым Бессонов венгер Сант – Дьерм мен бірге С дәруменін ашты. С дәрумені жетіспесе адам цинга (қырқұлақ) ауруына шалдығады. 1535 жылы белгілі саяхатшы Жок Карье Атлант мұхиты арқылы Ньюфоундленд аралына саяхатқа шығады. Экспедиция құрамындағы 103 адамның 100 Канада жағалауына келген кезде ауыр дертке дұшар болады. Жоғарыдағы жергілікті тұрғындар теңізшілерге қарағай жапырағының тұнбасын бірнеше күн ішкізген соң олардың жағдайы жеңілдей бастайды. Бұл С дәруменінің жетіспеуінен болатын цинга ауруы еді. Цинга ауруының белгілері: қызылиектің қанауы, сүйектердің, буынның зақымдануы, қаназдық, тістің босауы, түсуі.

Голланд ғалымы Эйхман 1890–1897 жылдары Ява аралында жүргізілген зертгеулері кезінде мынаны байқады: адамның жегенінен қалған таза күріш берілген тауықтарда «бери – бери» ауруларының белгілері пайда болған. Ал, әр түрлі қалдықтары берілген тауықтар бұл аурумен ауырмаған. Осы байқауларға сүйене отырып жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде XX ғасырдың басында «бери – бери» ауруының негізгі себебі күріштің кебігінде көп кездесетін В витаминінің (тиаминнің) жетіспеушілігінен екені анықталған. Е витаминін 1921 жылы Иванс деген зерттеуші ашты. Жануарларды қолдан тек жасанды тамақпен; 54/жүгері крахмал, 18/қа зейін, 15/шошқа майы, 9/ сары май, 4/ тұздың қоспасы және 5/ құрғақ сыра ашытқыларымен қоректенгенде, олардың ұрықтарының өсіп – өнуі тоқталып төлдемейтіндігі анықталды. Бұл құбылыс Е витамині жетіспеушілігінен екен. 1936 жылы Тванс бидай тұқымы ұрығынан Е витаминін бөліп алды, ол 7 ~ токоферол (грек тілінде токоs — үриақ, рһtго — алып жүру, жалғастыру деген мағынаны білдіреді).

Витаминдер

Химиялық

атауы

Құрамында витаминдер

бар

 азықтық тағамдар

Витаминдердің физологиялық әсері

С

Аскорбин қышқылы

Бұрыш, аскөк, көкжуа,

қызан,

 қырыққабат, картоп,

лимон,

 құлпынай, итмұрын.

Құрқұлақ ауруына ұшыратады,тіс түбі қанайды.

В

Тиамин

Бидай, бұршақ, бауыр,

 бүйрек

, жүрек.

Бери бери ауруына ұшырайды, жүрек, асқазан жұмысы бұзылады.

В2

Рибофлавин

Бидай, бұршақ, ет,

жұмыртқа, сүт.

Көздің мөлдір қабықшасы қабынып, катаракта ауруына ұшырайды.

В5

Пантотен

Бидай, бұршақ, бауыр,

 бүйрек,

жүрек, балық.

Жүйке ауруына ұшыратады.

В6

Пиридоксин

Бидай, бұршақ, сыр, қой

 еті, теңіз

 балықтары

Қояншық, селкілдеу

BC

Фолий қышқылы

Қырыққабат, асжапырақ, қызан, с

әбіз, сиыр еті, жұмыртқа, салат

Қан аздық п.б

B12

Цианкобаламин

Балықта сиыр бауырында және

бүйрегінде болады.

Қан аздық п.б

Никотин қышқылы

Сиыр еті, бауыр, бүйрек, жүрек,

 албырт балығы,

майшабақ.

Бауырдың қызметіне әсерән тигізеді.

A

Ретинол

Мал майлары,

ет, балық,

жұмыртқа, сүт.

Көзге және көбеюге әсерін тигізеді, бойдың өсуі баяулайды.

D

Кальцийферол

Балықтың

уылдырығы, теңіз

балығы, бауыр,

 құс еті, жұмыртқа

Мешел ауруы пайда болады.

Е

Токоферол

Өсімдіктің майы

көкөністің жасыл

жапырақтары,

жұмыртқа

Қаңқа бұлшық етінің бұзылуы

К

Филлохинон

Асжапырақ,

қырыққабат,

қызан

Қанның дұрыс ұюына әсер етеді.

Н

Биотин

Асбұршақ, түсті

қырыққабат

саңырауқұлақ,

 бидай,

жұмыртқаның

сарысы,

 бауыр бүйрек,

жүрек.

Дерматит ауруына ұшырайды.

3. Сақтау қоймасы

Организмді дәрумендердің қажетті мөлшерімен қамтамасыз ету үшін олардың қандай азық – түлік құрамында мол болатындығын білу жеткіліксіз, сонымен қатар, оларды тағам құрамында қалай сақтау жолдарында білуіміз керек.

Қайнату, мұздату, кептіру, жарық т.б. факторлар дәрумендерге түрлі әсер етеді. Ең тұрақсызы С дәрумені, 60°С градусқа қыздырған кезде ыдырай бастайды. Ауа, күн сәулесі, ылғалдылықтың жоғарылауы, бұл дәруменді ыдыратады. А дәрумені жоғары температураға төзімдірек, бірақ ауада оңай тотығады. Дәруменді қышқылдық ортада қайнатуға төзімдірек келеді, ол сілтілік ортада тез ыдырайды. В тобы дәрумендері кулинарлық өңдеу кезінде өте аз бұзылады. Е дәрумені жоғарғы температураға өте төзімді. Ұзақ сақтау, кептіру А, С дәрумендеріне кері әсерін тигізеді, ал Д, Е, В1, В2 дәрумендерге әсері болмайды. Азық – түліктерді ауасыз, жарықсыз. Құрғақ, салқын жерде неғұрлым қысқа мерзімге сақтасақ соғұрлым көбірек құрамындағы дәрумендерде сақталады. Тамақты қақпағы жабық ыдысқа пісіру керек. Қалған тамақты қайта-қайта ысыту, дәрумендерді жояды. Ең негізгі тағамның түрі – сүт тағамдары. Сүт басқа ешқандай азық – түліктерге тең келмейтін аса бағалы тағамдық өнім. Сүтті қақпағы ашық ыдыста қайнату, оның құрамындағы дәрумендерді (А,С) азайтады.

Ү. Сабақты бекіту.

-Ұшақ осымен балалар Әуежайға қайтып оралды, яғни, сабағымыз қорытынды бөліміне келіп жетті. Сонымен, организм үшін бірден бір қажетті дәрумендер екенін білдік. Енді оқушылар стол үстінде дәрумендер жиынтығы тұр. Осы дәрумендер арқылы сабағымызды жинақтаймыз. Мына дәрумендерден біреуін аласыңдар.

«Дәріхана»

-«А» дәруменін кім алады?

Оқушы алады, қысқаша түсінік береді. Жақсы жауап бергенге ұшақ маркасы ұсынылады.

Витаминдер біртіндеп беріледі.

«Ғарыш кемесі» сұрақтары?

1Тағамдағы Витаминдерді қалай сақтауға болады?

2 С витаминін қандай ғалымдар ашты?

3 Суда еритін витаминдерді ата?

4.Луниннің тәжірибесін кім жалғастырды?

Суда еритін витаминдерге: тиамин, рибофлавин, панготен қышқылы, никотин қышқылы, пиридоксин, кобаламин, никотинамид, аскорбин қышқылы, биотин, инозит, холин, рутин, фолий қышқылы, парааминобензой қышқылы және т.б. (В1, В2, В3, В5, Вб, В12 В5, РР, С, Н, Р және т.б.) енеді.
Майда еритін витаминдерге: ретинол, кальциферол, токоферол, филлохинон, убихинон, алмастырылмайтын май қышқылдары (А, Д, Е,К) және т.б. кіреді.

 

Бағалау:

Үйге  тапсырма

 

Жергілікті материалдарды оқыту үрдісінде жүйелі түрде қолдану сабақтың  тиімділігін арттырады.Оны,әсіресе,жаңа материалды түсіндіру,меңгеру үрдісінде ,алған білімді тереңдету және бекіту барысында қолдануға болады.Өсімдіктану  курсы  жергілікті материалдары оқушылардың өз өлкесінің өсімдіктеріне ,ауыл шаруашылығына қызығуын арттырады,оларға кәсіптік бағдар беруге септігін тигізеді,ботаникалық ұғымдарды  түсіндіруге мүмкіндік береді.Әрбір сабақта  белгілі нысандарды пайдаланған мұғалім бұл өсімдікті оқушылар қандай дәрежеде білетінін ,оны табиғаттан көрген-көрмегенін және ол туралы не білетінін анықтайды.Оқушылар айналадағы болып жатқан өзгерістерге назар аударатынын ескерсек,олардың  өздері байқаған табиғат құбылыстары мен өзгерістерінің негізінде кез-келген ботаникалық жаңа ұғымдарды түсіндіріп,ескі ұғымдарды қайталауға болады.Осындай ұғымдардың негізінде танымдық ситуация тудырудың,яғни проблемалық оқытудың негізі қаланады .Демек ,жергілікті флора обьектілерін іріктеп,өлкетану мәліметтерін сабақта кеңінен пайдалану мұғалімге өмімдіктану курсын нақты ,жеңіл әрі мазмұнды өткізуге көмектеседі.

Өсімдіктану сабақтарында жергілікті материалдарды таңдау ұстанымдары:

1.Таңдап алынған нысаналар сол географиялық ауданда  кеңінен таралып ,оларды оқушылар өздігінен тауып анықтай білуі;

2.Өсімдіктің қай систематикалық топқа жататынына байланысты сол топқа тән барлық негізгі белгілер болуы;

3.Таңдап алынған  өсімдіктердің халық шаруашылығында айтарлықтай практикалық маңызы болуы тиіс.

Оқулықта берілген ,жергілікті жерде өспейтін өсімдіктер орнына өздері күнделікті көріп жүрген өсімдіктерді сабақта пайдалану тиімді.

Мысалы 6- сыныпта Өсімдік мүшелері тарауы бойынша өтілетін сабақтарда бізідң ауылда кездеспейтін өсімдіктердің орнына мен қарбыз,қияр, асқабақ,капуста т/б-қа бау-бақшада өсетін өсімдіктердің сабақтары м ен тамырлары көрсетілді.

Оқушыларға берілетін тапсырмалар

І .Топсеруенге шыққандағы тапсырма:

1).Өсімдіктердің сыртқы құрлысымен танысу.

2) Тамыры мен жапырағына  қарап ,өсімдікті қай класқа жатқызуға болатынын анықтау.

3).Берілген өсімдіктердің тамыры мен жапырағының құрлысындағы ерекшіліктерді атап,себебін түсіндіру.

4) Гүлі мен жемісін қарау.Гүлінің құрлысына көңіл аудару.

Гүлді өсімдіктерден кейбір  тұқымдастарын ажырату:

1.Жапырақтары қатар немесе доға жүйкеленген.Тамыры-шашақ тамыр.Аталығының тостаған жапырақшаларының  және күлте жапырақшаларының санын

2.Жапырақтары  торлы жүйкеленген .Тамыры-кіндік тамыр.

3.Гүлшоғыры –күрделі масақ .Жапырақтары бидайдікі тәрізді таса жапырақ астық жапырақ т/б-қа.

ІІІ.Гүлді өсімдіктерді зерттеу.

1.Өсімдіктің тамырын ,жапырағын,сабағын,гүлін қарап көру.

2.Гүлін қарап,оның құрлысының формуласын жазу.

3.Жемісіне назар аудара отырып ,сыртқы түрінің суретін салу.

ІY-Зерттеу нәтижелерін жазу.

Оқушыға зерттеу мақсатында ұсынылатын нұсқау үлестірмелер

1.Әр жапырақтың сыртқы құрлысына  қарап көріңіздер. Жапырақ тақтасының санын ,жүйкеленуін анықтаңыздар.

2.Дәптерлеріне кесте сызып ,оған байқалған нәтижелерді жаздырып отырамыз.

Өсімдіктің аты

Жапырақ тақтасының

Саны бойынша

Сабаққа орналасуы бойынша

Жүйкелену

Өсімдік қай тұқымдасқа жатады

Бидай

1

Сағақсыз жапырақ

Қатар

Астық тұқымдастары

Жалбыз

2

Қарама-қарсы

Дөңес жиекті

Ерінгүлділер  тұқымдасы

Жүгері

1

Топтасып

Қатар

Астық  тұқымдасы

Шырмауық

1

Кезектесіп орналасу

Торлы

Шырмауық тұқымдасы

Бақбақ

1

Қарама-қарсы

Қауырсын пішінді

Күрделігүлділер тұқымдасы

Жолжелкен

1

Топтасып

Жоға жүйкелі

Күрделігүлділер

тұқымдасы

Күнделікті  тіршілікке қажетті күнкөріспен басқа да қажетіне жарататын өсімдіктер мен жануарларды қазақ емдік дәрі-дәрмек ретінде де пайдаланады.

Жанға шипа ,дертке дауа дәрілердің көпшілігі өсімдіктерден алынады.Осындай ғасырлар бойы тәжірибеден өтіп сұрыпталып , електеле келіп адамбаласына орасан пайдасын тигізетін қарапайым , өз ауылымызда немесе ауыл маңында өсіп тұрған дәрілік өсімдіктермен таныстыру мақсатында.

Осы орайда оқушылар ауылымыздың көнекөз қарияларының ақыл-кеңесіне құлақ түріп,өз өлкемізде өсетін өсімдіктерді жинау,пайдалану әдістері туралы біраз мағлұмат алады .

Биология сабағында оқушыларға  жергілікті материалдарды пайдаланып сабақта топсеруенге шығып ауылымызда кездесетін өсімдік түрлерін жинап кеппе шөп түрінде жасап алып келу ,сол өсімдіктің пайдасы жағынан сипаттама береді.Ол үшін оқушыға үйге  «Жергілікті дәрілік өсімдіктер»атты реферат жазып келу тапсырылып ,келесі сабақта қорғайды.Мысалы: «ИТМҰРЫН».жабайы долана , меңдуана,жусан,қалақай, жалбыз, жолжелкен т/б-қа .

Раушангүл тұқымдасына жатады.Қазақстанның барлық аймағында кездеседі.Бұта тектес өсімдік.Жаздың аяқ кезінде жиналадыитмұрынның бұталарында түскен гүлдерінің орнына ашық қызыл «жеміс» қаулап шығады. Итмұрынның жемісінде дәрумен көп болғандықтан «дәрумендер қоймасы»деп аталады. Халық итмұрын жемісінің тұнбасын емдеу әдісін жиі қолданады.

Жинау мен өңдеу.

Жемісті сақтаудың қарапайым әдісі-кептіру.Жеміс толық піскенде жинау керек.Бұта жапырақтарының қызара бастауы жемістің піскенін білдіреді.

Жиналған  жемісті бірден кептіру керек .Жинап алған жемісті жылы сумен жуып,електе кептірген жөн.Кептірудің үш әдісі бар-күннің көзінде ,шатыр астында,духовкада кептіру.

Жақсы кепкен жеміс қолмен қысқанда бірнешеге бөлінеді.Бұл жеміс бір жылға дейін жақсы сақталады.

Пайдалану жолдары:

1.Итмұрын жемісінің тұнбасы асқазан жарасына ,бауырды емдеуге ,несеп айдауға,жас баланың іші өткенде т/б-қа көптеген ауруларға пайдаланылады.

Жемістен тұнба жасау жолы.

Жеміс пен суды 1/5 қатынасында алып,жемістің бір бөлігі 5-10 минут бес бөлік қатты қайнаған суға қайнатылып бір тәулік тұндырылады. Даяр тұнбаны сүзгіден өткізіп 3-4 тәулікке дейін пайдалануға болады. Тұнбаны пайдалану мерзімін ұзарту үшін оған 45%-5ға жуық қант ертіндісі қосылса 10-12 0 температурада 30-40 күн сақтауға болады. .

2.Асқазан жарасында  кептірілген жемістің бір қасығын 1-стакан суға салып,10 минут қайнатып ,суыған соң сүзіп,тұнбаны күніне 2-рет ішеді.Тәтті болу үшін аздап қант қосылады.

3.Жемістен  жасалған тұнбаға дәкені малып ,жараға жапсырса ,тез жазылады.

Меңдуана өсімдігін- жараларға,асқазан ауруына ,тіс ауырғанда,денеге бүртік қышыма жарасы шыққанда жапырағы пайдаланылады,құлақ қабынғанда ,емшек безі қабынғанда,зиянды жәндік,жыландар шаққанда,тік ішек қабынғанда т/б-қа ауруларға пайдаланылса.

Жалбыз- тыныс жолдары науқастанғанда (гастрит),және іш өтуге,қуық қабынғанда, тамақ,көз ауырғанда.

Долана-Асқорыту  қызметі бұзылғанда,,іш өткенде  шай орнына долана гүлін ішсе қан қысымын төмендейді.

Жолжелкен-сабағы ,жапырағы ,тамыры пайдаланылады. –іріңді ісікке,қақырық түсіруге бірден-бір ем

Жергілікті  материалдарды жүйелі түрде пайдаланылса ,оны оқушылар қиналмай түсінеді және сабақтың тиімділігі артады..Сабақта пайдаланылған жергілдікті материалдар арқылы оқушылар өз өлкесіндегі дәрілік өсімдіктердің сан алуандылығымен танысып,оның адамөміріндегі маңызын  түсінуге мүмкіндік алады.Сабақта  күнделікті көріп жүрген айналасындағы дәрілік өсімдіктер пайдаланылса,оларға байланысты жаң аұғымды оқушыларға  оңай  түсіндіруге болады.

Оқушылар өз бақылауында өсімдік мүшелерінің  құрылысы: тұқым , сабақ,жапырақ, және гүлдерінің суретін салып,қысқаша жазады.

Сабақ кезінде оқушыларға кеппе шөп түрінде жасатып ,олардың құбылыстармен құрылыс ерекшіліктерін бақылайды және мүшелерінің атқаратын қызметімен танысады..Бұл тәсіл зертханалық жұмыстың негізі.танымжорық кезінде  және өсімдіктанудан үй тапсырмасын орындау кезінде кеңінен қолданылады.

Дана қазақ халқы «Бірінші байлық -денсаулық»деген екен.Денсаулығымыз  мықты болу үшін «мысқылдап кірген ауруды»өз ауылымызда кездесетін дәрілік өсімдіктермен әуестену 1-шіден денсаулығымызға көмектессе,екіншіден отбасының қаражатын үнемдейсіз,үшіншіден,табиғат байлығын қорғауға үлес қосамыз.Дәрілік өсімдіктерді жинаумен қатар, табиғат байлығын қорғауға да атсалысамыз.

Халқымыздың сан ғасырлар бойы жинаған ұлағатты ,насихатты сөздерін өсімдіктану,жануартану,жалпы биология сабақтарында пайдалану ,жас жеткіншектердің қоршаған ортаға,табиғатқа,оның туындыларына деген сезімін арттырары анық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                                                                                                                                

 

Бейімдік  сыныптарды жетілдірудегі мұғалімнің ролі

 

Өскелең жас ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие  мен білім беру үшін мұғалімдер ғылыми- педагогикалық инновациялық іс-әрекет негіздерін меңгеруі шартты нәрсе.Өйткені ,ғылым мен техниканың жедел дамыған , ақпараттар ағыны күшейген ХХІ ғасырда жеке тұлғаны қалыптастыру ұстаздардың басты міндеті болып саналады.Сондықтан да бұл ұстаздан үнемі шығармашылық  ізденістерді ,жаңа әдісті қолдануды талап етеді.

«Жақсы мұғалім  маған  әр уақыт қат,қымбат ,өйткені  ол мектептің жүрегі» деп ағартушы педагог Ы.Алтынсарин айтқандай ,мектеп үшін  ең керегі –жаңашыл мұғалім.

Мұғалім кәсібилігін дамыту -өзекті мәселе.Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың  мемлекеттік бағдарламасында да жалпы білім берудің мақсаты –кәзіргі қоғам талабына сай алынған терең білім,білік ,дағдылар мен құндылықтардың  негіздерінде еркін бағдарлай білетін ,қойылған мақсатта танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын ,өз бетінше дұрыс шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігін атап көрсеткен. Ал мектепте білім мен тәрбие берудің сапасын қамтамасыз ететін ,оны іске асыратын басты  тұлға –мұғалім .Ендеше  бүгінгі ұрпаққа бәсекеге қабілетті деңгейде білім беруге кәсіби қызметінің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсіне білген ,оқыту мен тәрбиенің инновациялық технологияларын меңгерген мұғалім ғана жете алады..

Қазақстан Республикасының  «Білім туралы »заңында «Білім  беру жүйесінің басты міндеті –ұлттық және жалпы адамзатық құндылықтардың ,ғылым мен практикалық жетістіктердің негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға , дамытуға ,оның кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алуға қажетті жағдайлар жасау» деп атап өтілген.Демек бізге оқытудың жаңа технологияларын енгізу ,білім беруді ақпараттандыру,халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу , таңдаған бағытқа (бейімге)  сәйкес пәндердің тереңдетілген деңгейде оқытылуын қамтамасыз ету керек.

Бейімдеп оқыту –білім беру саласында басты мәселелердің бірі . Бейімді , бағдарлы оқытудың мақсаттары мен міндеттері айқындалған .

Бейімді оқытудың  мақсаты –жоғары сынып оқушыларының кәсіптік қызығуына және білім алуды жалғастыруға қатысты жоспарлануына сәйкес жағдай жасау болса,оның негізгі міндеттері төмендегілерден тұрады:

-Жалпы  орта білім бағдарламасына сәйкес жекелеген пәндерден тереңдетілген білім беруді қамтамасыз ету;

-жеке білімдік бағдарламаларды құруға кең түрде және икемді мүмкіндіктер туғыза отырып жоғары сынып оқушыларын оқытуға жағдай жасау;

-білім алушылардың әр түрлі топтарына ,олардың жеке бейімділіктері  мен сұраныстарына сәйкес  толыққанды білім алуын қамтамасыз ету;

-оқушының әлеуметтену  мүмкіндігін кеңейтіп ,жалпы жеке кәсіптік білім арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, сонымен бірге мектеп бітірушілерді жоғары кәсіптік білімді игеруге тиімді дайындау.

Бейімдеп оқыту мектеп басшысының алдына,пән мұғалімдерінің алдына  да осындай  міндеттерді жүктейді.

Жоғары сыныптарда қоғамдық –гуманитарлық және жаратылыстану  -математикалық бағдарда оқыту базалық білім негізіне сүйенеді.Бұл бағыттарда білім беру оқушылардың болашақ мамандығы мен іс жүзіндегі  іс-әрекетін нысана ете отырып белгілі  бір нәтижені көздейді.Ал жаратылыстану- матемтикалық бағдар ,негінен ,жан-жақты білім беруді көздейді.Себебеі,мұндай бағдармен оқытатын мектепте  ғылым саласына қызығуы,ғылыми көзқкарасы мен ғылыми техниканың дамуы нәтижесінде , адам табиғатынан,болмысынан  да білім беріледі.

Бейімдеп оқыту пән мұғалімдерінің алдына үлкен міндеттер қояды .

Сондықтан  да әрбір пән мұғалімі  бейімдеп оқытудың ұтымды жолдарын  жүзеге асыру үшін ұйымдастыру шараларын  жүзеге асырып отыру қажет.

Еліміздің президенті  Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында          « негізгі мақсатымыз –Қазақстанның әлемнің 50 дамыған елдерінің қатарына енуі  делінген .Бұл мақсатқа кез келген мемлекет жете алады, әр оқушыға оның қабілетіне  кәсіби қызығуларына ,өмірлік қажеттіліктерін сәйкес келетін өзіндік білім маршрутын қамтамасыз ететін жетілген білім беру өрісі қажет.

Кәзіргі кездегі жоғары сыныптарда енгізіліп жатқан бағдарлы оқыту –бұл оқытуды дифференциациялау және индивидиуализациялау негізінде оқу үрдісін ұйымдастырудың бір түрі.

Дифференциация біртұтасты бірнеше бөліктерге ,формалар және сатыларға бөлу,бөлшектеу деген мағынаны білдіреді.

Оқытудың дифференциациялаудың екі негізі түрлі болады-сыртқы және ішкі.

Сыртқы дифференциация –нақты факторлардың (қызығулары , икемдері, қабілеттері, жетістік-тері, болжанатын мамандығы) негізінде білім беру мазмұны  және ол қойлатын талаптары ерекше болып келетін оқушылардың салыстырмалы түрде тұрақты топтарын құру болып табылады.

Ол селективті (қатаң)немесе элективті (иілімді) жүйе төңірегінде іске асырылуы мүмкін .Бірінші жағдай дифференциациялы оқытудың формалары ретінде бағдарлы сыныптар және пәнді тереңдетіп оқытатын сыныптарды,ал екіншісінде оқу пәндерін таңдау,факультативті курстар , таңдау бойынша курстар және сыныптан тыс жұмыстарды көрсетуге болады.  Казір біз 11жылдық мектепте 1-10 сыныптарда жаңа стандартпен жұмыс істеп жатырмыз.Яғни ,өткен оқу жылында жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына сәйкес 10сыныптарда оқыту екі бағыт бойынша жүргізілді: қоғамдық –гуманитарлық және жаратылыстану –математикалық. Ал біздің мектепте  былтырғы оқу жылынан бастар екінші бағыт жаратылыстану –математикалық бағдармен жұмыс жасалынып келеді.

Биылғы оқу жылынан бастап  жаратылыстану бағыты бойынша  , биология пәнінен тақырыбы:   Адам анатомиясы мен физиологиясын  оқыту  атты  қолданбалы курсымен жұмыс жасап келемін.

 Казіргі таңда мектеп бітірушілердің көп пайызы болашақ мамандығына байланысты  ҰБТ-те таңдау пәні  ретінде биология пәнін жазып жатады . Ал олардың көп бөлігінің болашақ таңдап отырған мамандығы медицина саласы екенін психологиялық сауалнамалардан байқауға болады .Сол себепті де алынып отырған  адам анатомиясы мен физиологиясын оқыту курсында оқушыларды биология пәніне ,оның ішінде адамның анатомиясына қызықтырып ,сарамандық жұмыстар арқылы  өздігінен жұмыс істей білуге, проблемалық мәселелерді және проблемалық сұрақтарға жауап бере отырып , осы саладағы ой-өрісін дамытып ,биология ғылымының құпиясын тереңірек түсінуіне  мүмкіндік туғызады. Кәзіргі заман биологиясы –медицинамен тығыз байланысты. Ал ол тікелей адам анатомиясы мен физиологиясын тереңдетіп оқумен іске асады. Жоғарыда аталған медицина мамандықтары тікелей адам анатомиясы және физиологиясымен тығыз байланысты. Меңгеруге  қиындық туғызатын және мектеп оқулықтарындағы мәліметтерге қосымша төмендегідей тарау қарастырылады. «Жасушалар ,тері және эпителий», «Сүйектік жүйе », «Бұлшық еттік жүйе », «Жүйкелік жүйе », «Эндокриндік жүйе», «Жүрек –тамырлық жүйе », «Тыныс алу жүйесі», «Ас қорыту  жүйесі», «Несеп шығару  жүйесі»,  «Жыныстық жүйе », «Адамның өмірлік циклі ». Әр бір жүйеге жататын мүшелердің құрылысы мен қызметі қарастырылады .Тағы  бір ерекшілігі сол мүшелердің ауруларына  және оларды емдеу туралы  жан-жақты мәліметтер беріледі.

Осы бөлімдерден кейін жинақтау тест тапсырмалары беріліп отырады.Бұл арқылы оқушылардың білімін,біліктілігін ,дағдыларын бағалау олардың негізгі медициналық ұғымдарды ,заңдарды , теорияларды меңгеру дәрежесін арттыра отырып ,нақты проблемаларды шешуге қолдана білу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Оқушылар биологиядан алған білімін жетілдіріп,пысықтай отырып,өз білімін толықтыра дамыта түседі.

Бұл курс 34 сағатқа негізделген.

Сабақтың жиілігі:  Аптасына 1 сағат

Курстың мақсаты :

- Жоғары сынып оқушыларын дәрігерлік кәсіпке бағдарлай отырып,ҰБТ –ке осы қолданбалы курстан қосымша мәліметтер беру арқылы биология курсын толық оқып үйрену.\

-Биология курсында адам анатомиясы,физиологиясы және жалпы биологияны  тереңірек оқыту;

 - Адам анатомиясы,физиологиясы және жалпы биологияны оқыта отырып, оқушылардың тестпен жұмыс істей білуін ,биология сабағында инновациялық әдістерді,ақпараттық технологияларды,соңғы  оқыту технологияларын және адам дене құрлысына арналған нақ пішіндерді пайдалану арқылы жоғарыда аталған тақырыптарды оқыта отырып,медицина туралы оқушының білімдерін жетілдіру,қосымша тың ақпараттар мен мәліметтер беру.

 Курстың міндеті:

-                                              Оқушының ойында медицина ұғымдарды ,заңдылықтарды негізгі түсініктемелерді толығырақ қалыптастыру.

-                                              Медицинадағы  ғылым салаларының өмірдегі атқаратын ролін түсіндіре отырып оқушы қызығушылығын ояту;

-                                              Адам ағзасының құрылысы мен атқаратын қызметіне тоқтала отырып ,олардың қандай жағдайда ауруларға ұшырайтын ,оны емдеу шаралары мен оның құрылыс ерекшеліктерімен  таныстыру;

-                                              Адам анатомиясымен физиологиясы негіздерін оқып үйрете  отырып,оқушыны  өзіндік  ізденіс  шығармашылыққа жетелеу;

-                                              Оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескере отырып оқу үрдісінің сапасын арттыру.

-                                              Оқушы дайындығына қойылатын талаптар .

Кәсіпке бағдарлау :дәрігерлік сала

Білімдерін тексеру және бағалау жүйесі:

1.Күнбе-күнгі бақылау ,тексеру:сабақ барысында әңгімелесу,әрбір сабақ соңында тест немесе өзіндік жұмыс жасату.

Курсты ұйымдастыру формасы: лекция,тест,баяндама

Бағалау:дихотомиялық жүйе  (игерілді,игерілмеді)

Күтілетін нәтиже:

-Оқушылардың ізденістік дағдыларын жетілдіріп пәнге қызығушылығын арттырады.

-Ойлау қабілетіне жалпыдан негізгіні табу,салыстыру,жүйелеу,саралау,нақтылау қабілетін ашады.

-Түсініктерге анықтама беру,дәлелдеу,сараптама жасау нақты сұрақ қою,сөйлеу мәдениетін және жан-жақтылық,дүниетанымдық,ой-өрісі мен шығармашылық  қабілетін арттырады.

-Өз Отанын сүйетін ,ондағы басты тұлға Адамның денсаулығы және әдет-ғұрпын құрметтейтін тұлға тәрбиеленеді.

-Оқушылардың өз денсаулығын бағалай отырып,мықты денсаулықтың арқасында туған өлкеге деген қадыр-құрметін оята отырып,сол арқылы туып өскен өлкеге ,отанға деген сүйіспеншілік қалыптасады.

-Оқушыларда өз денсаулығын бағалай алу білігі қалыптасады,олардың күнделікті қажетті істерге қатысу қабілеті дамиды. Өзінің пікірін еркін баяндай алуға, дәйекті, жүйелі сөйлеуге көмектеседі, ауызша сөздік қоры дамиды.

-Мұғалім мен оқушы арасында бірлік одағы қалыптасады

-Оқушылар мүмкін болғанша зерттеу жұмыстарына қатысады. 

Оқушылар жасай білуі тиіс:

-Биологияны ұғынып,зерттеу қорытындысын дұрыс талдай білуге.

-Сөйлей білу,өзгені тыңдау,пікір алмасу дағдыларын дамытуы тиіс .

-Ұғымдар мен материалдарды пайдаланып өз пікірін жеткізуі тиіс

-Интернетке ену арқылы қосымша материалдармен танысу.

-Жинақталған материалдары бойынша шығармашылықпен жұмыс жасау.

Биылғы 10- сынып оқушыларының қолданбалы курсқа дайындығы орташа.

Бейімдік қолданбалы курста биология пәнін

2009-2010 оқу жылында  2-оқушы  100%  (екеуі  «4»тік баға алса)

2010-2011 оқу жылында  2-оқушы  100 %  (екеуі «5» тік баға алды)

2011-2012 оқу жылында  2- оқушы таңдап отыр . Биология пәнін таңдаған оқушылардың  ішінде 2- оқушы басқа салада оқып жатса .Былтырғы оқу жылында биология пәнін таңдаған 2- оқушы  Байтенова Меруерт пен Рақымбек Сымбат осы таңдау пәнін бойынша оқуға түсіп  осы  салада  дәрігерлік оқу мамандығын оқып жатыр.

Биылғы 1- оқушым Жұмашева Ғаухардан  да жоғары балл жинап  100 пайыз көрсеткіштік  нәтиже күтемін.

Қорыта келе бағдарлы биімдік оқыту саласы негізінде оқушылардың өз қабілетін,икемдері мен қажеттіліктерін сәйкес жеке білім траекториясын таңдап алуы.

Беімдік оқыту пән мұғалімдерінің алдына үлкен міндеттер қояды.Сондықтан  да әрбір пән мұғаілімі бейімдеп оқытудың ұтымды жолдарын жүзеге асыру үшін оқушылардың білім деңгейі мен кәсіптік деңгейін ұдайы арттырып отыруды қажет ететін факторларға : ғылымның , техника-ның дамуы  нәтижесінде ғылыми ақпарат көлемнің шұғыл өсуі,жаңа білім салаларының дамуы , жаңа мамандықтар мен мамандандыру түрлерін енгізу және басқаруды ғылыми негізінде жетілдірудің  қажеттілігі жатады.  Бүгінгі білім заманы .

Сол себебті жеке тұлғаны дамытуға бағытталған бейімдеп білім беру оқушыларға ғылым негіздерін үйретіп қана қоймай ,әр оқушының  бейімділігін анықтауға және тұлғалық негізіне қарай білім алуға көмектеседі. Ал баланың табиғи қабілетін зерттеу арқылы болашақ мамандығына баулу-әрбір ұстаздың ұлы міндеті.Бұл жерде әр оқушыныңы іс-әрекетіне

 бейімдігі ,еркіндігі,мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастарда жаңа тәсілдер мен

әдістердің болуы қажет-ақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Химия және биология пәндерін құзырлылық амал тұрғысынан оқыту-білім сапасын қөтерудің теориялық -әдістемелік негізі.

 

Қазіргі кезде мектепте білім беруді дамыту негізінде құзіреттілік тәсілге сүйену ұсынылып жүр. Құзіреттілік тәсілде басты назар білім нәтижесінде аударылады әрі оқытудан күтілетін нәтиже  ретінде оқушы игерген ақпаораттар жиынтығы емес,оның түрлі проблемалық жағдаяттарда әрекет ету қабілеттілігі қарастырылады..мұнда өзекті ұғым ретінде «түйінді құзыреттер»термині енгізілген

Ақпараттық қамтамасыз ету

 

Технологиялық

 

Теориялық әдіснамалық

 

Психологиялық

 

Кәзіргі мегн өткеннің берілу тәжірибесі

 

Кәсіптік  іскерлік

 

 

Жалпыадами мәдениет

 
Блок-схема: процесс: Б
А
Ғ
Ы
Т
Т
А
Р
Ы

Болжамдық

 

Операциялық

 
«Құзіреттілік» анықтамасы - әдебиетте  білім мен мүмкіндіктің бірігуін,зерттеу еңбегі нәтижесін,жеке тұлғаның сапасын ,жалпы мәдениет пен істің күрделі мәдени жиынтық түрлерін іске асыра алуын,адамның өзгелермен қажетті байланыс  құрып,оны сақтай алуын,т.б.білдіреді. Блок-схема: процесс: Қ
А
Й
Н
А
Р

К
ө
з
д
е
р
і

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                               

 

Одан өзге құзыреттілік когнитиві ( ойды қолдану және түсіну),әдіснамалық (уақытты ұйымдастыру,шешім қабылдау),өзін-өзі дамыту мен өз бетінше жетістікке жетуге ұмтылу мүмкіндіктерін болжайды.

Құзырлық тәсіл идеясы -  қоғамға қандай ,жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өтей алады деген сұраққа жауап береді. Оқушының құзырлығын қалыптастыру-бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Құзырлылық тәсілді,жоғарыдағы айтқанымыздай,білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсілмен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарысты жағдайдан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады.бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді..оның сапасы алған білімінің көптігімен емес,сол білімді қолдана білуімен маңызды.

Құзыреттілік оқу нәтижелерімен қатар оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттері және құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. әрі ол оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде,күнделікті өмірде қандай да бір тәжірибелік және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігін сипаттайды. Бұл,ең әуелі,мектепте оқыту үрдісі кезінде қалыптасады..оқушылардың құзыреттілігі-оқу үрдісінің негізгі сапа көрсеткіші,оның жетістігі қойылған педагогикалық мақсатқа жету болып табылады.демек ,оқытудың сапасын күтілетін нәтижелер тұрғысынан жетілдіруді оқытудағы құзыреттілік тәсіл қамтамасыз ететін болғандықтан,оны жүзеге асыру үшін білім мазмұнынан білім,біліктілік,дағдыға,шығармашылық іс-әрекет тәсілдері мен эмоционалдық –құндылық қатынастар тәжірибесіне негізделген түйінді құзыреттерді ажыратып алу қажет.

         Аталған проблеманы зетеуші ғалымдар оқушылардың құзіреттілігің

Мынадай үш деңгейлі иеархиясын ұсынады және оларды былайша ажыратады:

   -базалық құзіреттілік (метапендік, яғни жалпы білім  беру мазмұнына қатысты);

  -түйінді  құзіреттілік (белгілі бір пәндер аясына және білім саласына қатысты);

  -пәндік құзіреттілік (оқу пәні шеңберінде қалыптасады және нақты сипатталады);

     Мұндағы базалық құдіреттілік білім салары мен оқу пәндері деңгейінде оқтытудың әрбір сатысы  үшін нақтыланады .Базалық және түйінді құзіреттілік  құндылық-бағдарлан , пәндік-ақпараттық, іс-әрекеттік –коммуникативтік сияқты тұлғалық маңызды іс-әрекетте көрініс табады .

   Түйінді құзіреттілік интегративті сипаты бар, өйткені олар мәдинет

Пен іс-әрекеттің (ақпараттық , құқықтық және т.б.) кең ауқымына қамтиды.

Осыған орай, соңғы кезде  мектептегі білім беру жүйесінде білім берудің

Мақсаттары мен мазмұнын қалыптастырудың әлеуметтік-мәдени

Және жаратылыстану ғылыми негіздерін кіріктіру тенденциясы күшейе

Түсуде. Өйткені мектеп оқушыларының әлемге,ондағы адамның орны мен

Беру арқылы жалпы адамзаттық мәдениетті игерту мүмкін емес.

Мұндайкөзқарасты қалыптастыруда кіріктірілген курстарды құру тиімді.

Дәстүрлі Қалыптасқан оқу пәндерін кіріктіру 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""ХХІ ғасыр топ басшысы сайысы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор по маркетингу

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 106 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.12.2015 1582
    • DOCX 284.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Альмагамбетова Тулесин Шакиржановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15105
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 766 человек из 70 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 91 человек из 33 регионов

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 22 регионов

Мини-курс

Адаптация и расстройства: понимание, преодоление, развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 17 регионов

Мини-курс

Психологические аспекты родительства и развития ребёнка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психосемантика и социальная психология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе