Выдаём удостоверения и дипломы установленного образца

Получите 5% кэшбэк!

Запишитесь на один из 793 курсов и получите 5% кэшбэк стоимости курса на карту

Выбрать курс
Инфоурок Доп. образование Статьи"ХХІ ғасыр-ақпарат ғасыры" баяндама

"ХХІ ғасыр-ақпарат ғасыры" баяндама

Скачать материал
библиотека
материалов

Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Информатика» апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер! Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру барысында пән аптылықтарының орны ерекше. Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз – оқушыларға информатиканы тек сабақта ғана пайдаланып қоймай , өмірмен де байланысты екенін түсіндіру. Түрлі сайыстар мен іс- шаралар өткіземіз. Сол іс-шаралар арқылы сіздердің пәнге деген қызығушылықтарыңыз бен құрметтеріңізді ояту. Құрметті оқушылар бір апта бойы өз жалғасын табатын апталықтың бағдарламсымен сіздерді таныстырып өтейін.

Дүйсенбі: Апталықтың ашылу салтанаты.
«ХХІ ғасыр - ақпарат ғасыры» тақырыбы бойынша баяндама оқылады. 7-11 сыныптар

Сейсенбі: «Білім жәрменкесі» тақырыбында информатикадан сұрақ- жауап сәті.

Сәрсенбі: «ХХІ- ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысы. 8-9 сынып оқушылары.

Бейсенбі: «Ақ олимпиада» сайысы. 7-11 сыныптар аралығында.

Жұма: «Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау. Графикалық редактордың сурет салу құралдары». Ашық сабақ

Сенбі: «Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру» Ашық сабақ. Қорытынды кеш . Марапаттау.

Олай болса бүгінгі апталыққа байланысты дайындап келген оқушылардың бір-екі шумақ өлеңдерін тыңдайық.

1- Оқушы:
Армысыңдар, жиналған қауым!
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай –адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Компьютер емей немене
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген

2- Оқушы
Ұстаз да, шәкірт те бас иетін,
Компьютер, бар сенің қасиетің.
Бір емес бірнеше іс атқарасың,
Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарасың.
Ақпарат, ақпараттық әрекетті.
Жүзеге асырасың, бас ұрасың
Интернет желісін жүктейсің де,
Әлемдік жүйеге сен енесің
Өмірдің тулап жатқан толқынында.
Өзіңді өзгелермен бір көресің
Ақпарт, ақпараттық әрекетті.
Жүзеге асырасың, бас ұрасың
3- Оқушы. Қатысыңыздар, Қолдаңыздар, Ойланыңыздар, кірісейік жұмысқа! Жайбарақат болмаңыздар. Қатыратын бастарыңызды , Апталық міне басталды.

Назарларыңызға 8-сынып оқушысы Молдабай Арайлымның «ХХІ ғасыр - ақпарат ғасыры» тақырыбындағы оқитын баяндамасын ұсынамыз.

Білім беру жүйесінің мазмұны жаңа ақпараттық технологияны игерген қабілетті, білімді және құзыретті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту.
Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында Білім жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен практика жетістектері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, комуникациялық желілерге шығу- деп жазылған. Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, дүниежүзілік білім кеңестігіне енуі бүкіл оқу әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.Білім беру жүйесін ақпараттандыруда электрондық оқулықтардың алар орны ерекше. Ең алдымен ақпараттандыру деген не, соған тоқталып өтейік.
Ақпараттандыру бұл- оқыту мен тәрбиенің психологиялық міндеттерін жүзеге асыруда білім беру жүйесінлегі қазіргі ақпараттық технологияларды қолданудың теориясы мен практикасын қамтамасыз ету. Қоғамды ақпараттандырудың негізгі бөлігі- білім беруді ақпараттандыру.
Білім беруді ақпараттандыру жаңдайында компьютер оқыту мен дидактикалық құралға айналып отыр. Сол себепті қазіргі білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқу құралдарын мектеп пәндерінде оқытуға пайдалану мәселесә үлкен пікір талап туғызуда. Кейбір адамдар мектепті компьютерлену оқушылардың жалқаулығын туғызады-деп пікір айтса, ал енді біреулері компьютерді оқыту процесіне пайдалану оқушылардың белсенділігін туғызады деген пікір туғызады. Бүкіл әлемде мектепте компьютерді пайдалану тәжірибесі мынадай болжам айтқан: біріншіден, оқушыға қалам құралы туралы қолданылса, ал екіншіден, оқыту процесінде көрінбейтін ақпараттық процестер арқылы оқушының қызығушылығын туғызатын құрал ретінде қолдануға болады.
Білім беруді ақпараттандыру- білім беру саласының теориясы мен практикасын жаңа ақпараттық технологияны жанжақты пайдалану және оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыратындай жағдайда оның мүмкіндіктерін қолдану процесі.
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты- Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық технологияны пайдалануға, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңестікті әлемдік білім беру кеңестігімен сабақтастыруға мүмкіндік береді. Білім беру ақпараттандырудың негізгі міндеттері:
1.Ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз ету.
2.Білім беруді ақпараттандыру бойынша практикалық шараларды анықтап жүзеге асыру.
3.оқу-тәрбие процесіне жаңа ақпараттық технологияны енгізуді қамтамасыз ету бойынша ғылыми ізденушілік және оқу-әдістемелік жұмыстарын жүргізу.
4. Мектеп пәндері бойынша жасақталатын жалпыға міндетті білім стандарттарының және оқу-әдістемелік кешендерінің мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкіндіктерімен жетілдіру, білім беруді басқаруда ақпараттық жүйені құру.
5.Білім беру мекемелерінің қызметкерлері үшін програмалық техникалық құралдарды қамтамасыз ету және мультимедиялық программаларды, электрондық оқулықтарды жабдықтау.
6.Педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қызметкерлеріне еркін пайдалана білуге дайындау және жүйелі түрде біліктірелін көтеру.

ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет, ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс.
Бірақ компьютер мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайды. Өйткені ақпарат беру бұл білім мен мәдениетті беру емес, сондықтан ақпараттық технологиялар педагогтарға тек қосымша тиімді құрал ретінде қызмет атқарады . Көптеген елдердің ғылыми орталықтары мен оқу орындары нақ осы білім қажеттілігі үшін мамандандырылған компьютерлік жүйелер саны дайындалды, олар оқу тәрбие үрдісінде әр түрлі жағынан қолдауға бағытталды. Бұл – жүйелердің негізгі түрлері болып табылады. Компьютерлік бағдарламаланған оқыту- бұл сәйкесінше , компьютерлік бағдарламалардың көмегімен бағдарламалық оқыту механизмдерін жүзеге асыратын технология. Материалды компьютердің көмегімен оқу – оқушының жаңа материалды әр түрлі құралдардың, оның ішінде компьютердің көмегімен оқу-оқушының жаңа материалды әр түрлі құралдардың, оның ішінде компьютердің көмегімен өз бетінше оқуын болжайды. Материалды компьютер қоры негізінде оқу- алдыңғы технологиялар, технологиялық құралдардың алуан түрін қолданумен айрықшаланатын болса, мұнда бағдарлама құралдарын, оқушылардың өз бетінше тиімді оқуын арттыратын бағдарламаларды басымырақ қолдану жүргізіледі. Компьютердің көмегімен бағалау, өз бетінше оқыту технологиясы деп қарастырылады. Компьютерлік комуникация- білім беру және оны жеткізумен қамтамасыз ете отырып, технологиялардың барлық ажырамас құрамы болып табылады. Жергілікті, аймақтық және басқа компьютерлік желілерде қолдану үшін жұмсалады. Компьютерлік коммуникация жекелеген оқу орындарының, қаланың, аймақтың, елдің ақпараттық білім жүйесінің мүмкіндіктерін көрсетеді. Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек.
Қазіргі кезде республикалық білім беруді ақпараттандыру ғылыми әдістемелік орталығы негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электронды оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді.
Электронды оқулық- дисплей экранында көрінетін жай ғана мәтін емес, ол оқушыға өз жолымен көрнекті материалды жеке меңгеруге арналған күрделі көп сатылы жүйе.
Оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап игерумен логикасында өзіне тән етіп таңдап алып, осы сәтте ең керек деген материалды қарап шығуға мұмкіндік береді.

Электронды оқулықтың тиімді жақтары:
1.Жедел кері байланыс.
2.Анықтамалық ақпаратты тез іздеу мүмкіндігі.
3.Демонстрациялық мысалдар мен модулдер.
4.Бақылау.

Электронды оқулық құру негізгі шарттары:
1.Оқу ақпаратын сызықты емес және көп деңгейлі көрсету.
2. Өз бетінше орындау және жеке жұмыстарға бағыттау

Электронды оқулықтың екі түрі бар:
Жабық электронды оқулық және инернет оқулық.
Біріншісі, тәуелсіз және тұрақты болып табылатын пәндік дәстүрлі оқулыққа арналған.
Ол дербес компьютерде немесе локальді желіде қолданылады. Интернет оқулық- ашық оқулық.

Электронды оқулық- мұғалімдер үшін күнбе күн дамытылып отырған ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Мұны пайдалануда мұғалім ғылыми оқулықтар арқылы сабақтың ыңғайына қарай қосымша материал ретінде де факультативтік және қосымша сабақтарда да қолдануға болады. Электрондық оқулығы көрнекілік ретінде де, оқу мен компьютер арасындағы байланыс жасауда да оқушыларға көп көмек көрсетеді. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, бейне көріністер, дыбыс және музыка тыңдап көрсетуге болады. Бұл әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргеніне әлдеқайда тиімді әрі әсерлі.
Мұғалімдердің сабақтары өте әсерлі, материалдардың барлығы толық қамтылған, оқушылар өздеріне көп мағлұмат ала біледі.
ҰБТ қазіргі таңда мектептің соның ішінде мұғалімдердің еңбегінің көрсеткіші. Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау барысында электронды оқулықты пайдалану тиімді. ҰБТ-ға дайындалып жүрген 11сыныпта оқитын оқушыға Қазақстан тарихы пәнінен қайталау үшін 5-11 сынып оқулықтарын оқып шығуға тура келеді. Оның барлығы көп уақыт алады. Өте жақсы оқитын оқушылардың өздеріне бұл қиындық туғызады. Ал электронды оқулық бойынша дайындалса, уақытын үнемдей алады, соңында тақырыпты қалай меңгергенін біле алады.
Электронды оқулықтың еркшелігі- өзара ұқсас тақырыптар біріктіріліп, модуль бойынша құралғандығында. Мысалы, бір оқушы ақпарат туралы аз білетін болса оқулықтан сол туралы мәтін немесе бейне көріністі, суретті, қаншалықты меңгергенін анықтай алады.
Электронды оқулық-қазақ тілін үйренуге, ағылшын және орыс тілдерін үйрену үшін таптырмас құрал.
Қазіргі болатын ашық сабақтарда компьютерді және электронды оқулықтарды пайдалану барысында оның тиімді жақтарына көз жеткізе аласыздар.
Баяндаманы қорытындылай келе, оның негізгі нәтижелері:
1.Жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы білімнің сапасын көтеру.
2.Жаңа ақпараттық жіне телекоммуникациялық технологияларды енгізу арқылы білім беру мазмұнын жаңарту.
3.Жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу мазмұнын жаңарту.
4.Мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету.








































  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
    Пожаловаться на материал
Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Педагог дополнительного образования детей и взрослых
Курс повышения квалификации
Скачать материал
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация
Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Организация деятельности специалистов по ВЭД»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности педагога-воспитателя группы продленного дня»
Курс профессиональной переподготовки «Организационно-педагогическая деятельность в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Специфика бухгалтерского учета и налогообложения в образовательных организациях»
Курс повышения квалификации «Эффективные технологии образования в рамках реализации ФГОС СПО по ТОП-50»
Курс повышения квалификации «Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) в соответствии с ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Формирование системы управления качеством учреждений профессионального образования»
Курс повышения квалификации «Методы интерактивного обучения»
Курс профессиональной переподготовки «Сурдопедагогика: теория и методика преподавания в образовательных организациях»
Курс повышения квалификации «Использование методики Гленна Домана в работе с неговорящими детьми при подготовке к обучению грамоте»
Курс профессиональной переподготовки «Оказание психолого–педагогической помощи лицам с ОВЗ»
Курс повышения квалификации «Формирование и развитие ключевых компетенций школьников в интересах устойчивого развития региона»
Курс повышения квалификации «Коррекционная работа с детьми, имеющими расстройства аутистического спектра в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс профессиональной переподготовки «Музыка: теория и методика преподавания в сфере начального общего, основного общего, среднего общего образования»
Курс повышения квалификации «Деятельность преподавателя СПО в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.