Сыныбы: 7
Пәні: Орта ғасырлырдағы Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: §32. ХІҮ-
ХҮ ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы.
Сабақтың мақсаты: Ортағасырдағы
мәдениет ұғымы туралы түсінік қалыптастыру және мәдениеттің түрлеріне жалпы
шолу жасап, соның ішінде материалдық мәдениет туралы толық мағлұмат
беру. Сабақтың міндеттері: 1.
Білімділік: Оқушыларға ортағасырдағы қазақ халқының материалдық мәдениетін
қазіргі заманғы материалдық мәдениетпен салыстыра отырып түсінік қалыптастыру,
білім беру. 2.
Дамытушылық: Сыни тұрғыдан ойлай отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашу,
топтық жұмыста топ мүшесі ретінде белсенділік таныту. Ситуациялық сұрақтар мен тапсырмалар
арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру 3.
Тәрбиелік: Оқушыларға шаруашылықта қолданған құрал- саймандармен таныстырып,
еңбекқорлыққа, қазақ болып қалыптасқаннан бергі «ұлттық» деген өзіндік атауға
ие болған киіз үй, тағам түрлері мен ата- бабамыз жер үшін, ел үшін жауға
шапқанда қолданған қару-жарақтың түрлерімен таныстыра отырып, ұлтжандылыққа
тәрбиелеу .
Сабақтың типі:
Аралас
сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихи картасы, фотосуреттер,
парақшалар, смайликтер, түрлі- түсті стикерлер
Сабақты өткізу әдістері: «Рөлдік ойын», «Семантикалық карта», ауызша
баяндау, аналитикалық суреттеу, дәлелдеу,
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
- Оқушылармен
амандасу.
- Сабаққа қатысымын тексеру.
- Тренинг арқылы оқушылардың назарын сабаққа аударту -
Оқушылар 4 топқа бөлінеді. (класқа кірердің алдында түстер арқылы)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
-Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің рөлін сомдау.
Рөлдік ойын -«Қазақ
атауының шығуы» кестесін
тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
· Әр
топқа парақша мен киіз үй бөліктері, құрал-саймандар мен қару- жарақтардың
түрлері, тағам түрлері бейнеленген фотосуреттер ұсынылады.
· Берілген
сурет қиындылары бойынша бұл не және не үшін берілді деген сұрақтар төңірегінде
ой қозғап, жауап іздеу.
· Ұсынылған
проблема бойынша әр топ кезегімен өз ойларын ортаға шығып қорғайды.
Мәдениет
Мәдениет
Материалдық Рухани
Дәптермен жұмыс (Мұғалім сабақ түсіндіру
барысында)
Кез келген
материалдық мәдениет сол халықтың шаруашылығына байланысты. 15 ғасырда Қазақстандағы
хандықтарда мал шаруашылығы басым болған. Мал шаруашылығы сол заманда көшіп-
қонып жүруді талап еткен. Сондықтан қазақтың қазіргі киіз үйі- сол бұрыннан
келе жатқан материалдық мәдениеттің жалғасы болған. Осы киіз үйге қажетті
заттарды әрбір отбасы өздері жасаған. Ерекшелігі, кәсіпшілер қолөнер
бұйымдарымен өздерін- өздері қамтамасыз еткен. Киіз үйдің: арба үстіне тігілген, жылжымалы
түрлері болған.
Қазақстан халықтарының киім-
кешектері жүн мен теріден жасалған. Қыста елтеріден жасалған бас киім киген, ал
жазда ақ киізден жасалған айыр қалпақтар киген.
Материалдық мәдениеттің негізгі
бір көрсеткіші тағам түрлері болды. Еттен, сүттен жасалған тағамдар.
Құрал- саймандар: ер-
тұрман, жүген, құрық, арқан, желі, көген; қару- жарақтар: садақ,
найза, қылыш, шоқпар.
Егін шаруашылық саймандары:
орақ, ағаш күрек, шалғы, кетпен және ұн тартатын су және қол диірмені, тары мен
бидай түйетін келісап т.с.с.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
«Семантикалық карта»
мат атауы
мәдениет
|
кереге
|
шоқпар
|
Кетпен
|
сүзбе
|
айбалта
|
сықырлауық
|
құрт
|
шалғы
|
|
Киіз үй
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Құрал- сайман
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қару- жарақ
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тағам түрлері
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
( Бағандар
мен жолдарды сәйкестендіріп, «+» таңбасын қояды)
Ү. Бағалау. Топтық
бағалау, өзін-өзі бағалау жүргізіледі.
VIІ. Үйге тапсырма: §32 оқып
түсінік айту.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.