Инфоурок / История / Статьи / ХҮІІІ ғасырдағы қазақ билері мен батырлары

ХҮІІІ ғасырдағы қазақ билері мен батырлары



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов
hello_html_3f49939b.gifhello_html_76095160.gifhello_html_2131de54.gifhello_html_m59ad48d2.gifhello_html_m3905f347.gifhello_html_38bfc369.gifhello_html_2131de54.gifhello_html_m59ad48d2.gifhello_html_38bfc369.gif

Сабақтың тақырыбы: ХҮІІІ ғасырдағы қазақ билері мен батырлары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қазақ мемлекетінің саяси өмірінде билер мен батырлардың алатын орны мен және өмір баяндары туралы түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың бойында зерттеу қабілеттерін-іздену, салыстыру, талдау әдіс-тәсілдері арқылы дамыта отырып, өз білімін жетілдіруге, қосымша ізденуге бағыт-бағдар беру.

Тәрбиелік:Оқушылардың бойында өзінің ата-бабаларының тарихы үшін мақтаныш сезімді қалыптастыру, патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Үш би» буклет, тірек сызба, дидактикалық материал, слайд

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, тірек-сызба

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Өткен сабақты пысықтау ( үй тапсырмасы)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

ІҮ. Бекіту, қорытындылау, бағалау

Ү. Үйге тапсырма беру


ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: (Сыныптың жалпы дайындығын тексеру)

1 тапсырма: Сұрақ-жауап

1.«Қазақ» атауы қандай мағынаны білдіреді?

2.Алтын Орда мемлекетінің негізін құрған кім?

3. Қазақ хандығы қай жылы құрылды?

4. Қазақ хандығы қалай құрылды?

5.Таңбалы Нұра туралы не білесің?

6. Қазақ хандығының алғашқы аумағы қай жер?

7.Қазақ хандығының орнығып өрлеуі қай ханның атымен байланысты?

8.Қасым ханның тұсында қазақтардың саны қанша адамға жетті?


2 тапсырма: Қалып қойған даталар мен сөздерді орнына жаз.

А) Жошы хан ......................... жылы қайтыс болды.

Ә) .................. ғасырда Алтын Орда мемлекеті дағдарыстыстың нәтижесінде бірнеше иеліктерге бөлініп кетті.

Б) 1428 жылы билікті Орда Ежен ұрпақтарының қолынан .............................................................. тартып алды?

В) Әбілхайырға бағынғысы келмеген және сондықтан да ............................................................сұлтандардың бастауымен Моғолстан жеріне қоныс аударған алаш көшпелілері «қазақ» деген атау алды.

Жеке оқушылармен жұмыс – (үлестірмелі парақша арқылы )

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Жоспар:

  1. Билер тарихы

  2. Жоңғар мемлекетінің құрылуы

  3. Батырлар

Қазақ мемлекетінің саяси өмірінде билердің орны өте жоғары болды. Сол ұлы билердің бір қатарына тоқталып өтеміз.

Төле би-төбе би. Төле би Әлібекұлы (1663-1756жж) –қазақ хандығының аса көрнекті мемлекет қайраткері, шешен, Ұлы жүздің басшысы. Әз Тәукенің «Жеті жарғысын» жасауға қатысқан. Халықты алауыздық пен өзара қырқыстан сақтандырды. Жоңғар қауіпінің алдын алу үшін дипломатиялық шаралар қолданды.Ресейге екі рет елшілік те жіберді. Төле бидің:

Атадан ұл туса игі,

Ата жолын қуса игі.

******************

Болмас іске қарыспа,

Біреуге ор қазыспа,

Жауыздық іске барыспа.

**********************

Атың жақсы болса-ер жігіттің пырағы,

Балаң жақсы болса- жан мен тәннің шырағы. Т.б бата, нақыл сөздері, қара сөзбен айтқандары халық ауызында сақталған. 93 жасында қайтыс болып, ташкентте жерленген.

Қаз дауысты қазыбек би. Қазыбек би Келдібекұлы (1659-1765жж)-Қазақ хандығының аса көрнекті мемлекет қайраткері, мәмлегер, Орта жүздің биі.

Әз Тәукенің «Жеті жарғысын» жасауға қатысқан.

Өзінің мәмлегерлік қызметін Қазыбек Келдібекұлы 18 жасында, Қазақ хандығының Жоңғар хандығына, Қалданға жіберген елшігінің құрамында болған кезінде бастаған. Елші ретінде Қаз дауысты Қазыбек би бірнеше рет Жоңғар хандығына барды.1740 жылы Малайсарымен және басқалармен бірге 90 биді бастап Жоңғар хандығына барып, Абылай ханды босатып әкелген. Ол жоңғар билеушісіне айтқан сөзінде былай деген: (кітаптан оқыту)

Қазыбек би 40-60 жылдары Қазақ хандығының сыртқы саяси қатынастарына басшылық жасады.

Әйтеке би Байбекұлы (1682-1766)- кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың әйгілі биі.Қазақ хандығының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері.Әйтеке өзінің атасы Ақшадан ел басқару, елшілік байланыстар жасау жолдарын үйренген. Ал батыр Жалаңтөстен әскери өнерді меңгерген.Нақыл сөздері мен толғаулары:

Бай болсаң халыққа пайдаң тисін.

Батыр болсаң жауға найзаң тисің.

****

Шешендіктен не пайда,

Артында сөз қалмаса.

Батырлықтан не пайда,

Халқына қайран қылмаса.

Жоңғар мемлекеті -ХҮІІ ғасырдың 30 жылдарында батыс Моңғолияда құрылған әскери-феодалдық мемлекет. Жоңғар мемлекетінің басқарушысын қоңтайшы деп атаған. Жоңғар мемлекеті әскери күші жағынан мықты да қуатты мемлекет болды.Жоңғарлардың қазақ жеріне шапқынышылығы ХҮІІ ғасырдың бас кезінде басталды.ХҮІІІ ғасырдың ортасына дейін, яғни 150 жылға созылды. Олар жасаған жойқын жорықтар салдарынан сол кездегі қазақ халқы 3/2 айырылды, тоз-тоз болып, мал мүлкінен айырылып, қасіретті оқиғаға байланысты қазақ халқының «Елім-ай» әні дүниеге келді. Солардың ішінде 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды» оқиғасын тереңірек оқып білетін боласыңдар. Жоңғарлармен болған шайқаста қазақтардың елім деген ерен, ер жүрек батырларының ерлік істерімен даңқы шықты. Атап айтсақ, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, шапырашты Наурызбай, Олжабай, табын Бөкенбай, Жәнібек, Малайсары, Есет тархандар, Баян, Райымбек сияқты т.б батырлардың есімдері халық жүрегінен орын алды.

«Батыр» -жеке ерлігімен ерекше көзге түскен ер жүрек, қаһарман адам.

-Бөгенбай батыр (1680-1778жж) Бөгенбай батыр 1680 жылдары Түркістан өңірінде Бөген өзенінің жағасында дүниеге келген. Әкесі Ақша батыр Тәуке ханның 80 мыңдай қолын бастаған сардар болған.Қанжығалы Бөгенбай жаугершілік заманда 50 жылдан астам қазақ қолын бастады. Жоңғарларға қарсы 100 –ден астам жорықтарға қатысқан.

-Қабанбай батыр (1691-1769жж) шын есімі Ерасыл. Әкесі Қожағұл да заманында батыр болған. 7 жасынан жетім қалған. Жеңгелері Нарбала деп атаған. Өз өмірінде жүзден астам шайқасқа қатысып, ондаған жеупе-жекте қарсыластарына дес бермеген. Абылай ханның жарлығымен «Дарабоз батыр» атанған.

Наурызбай батыр (1706-1781ж) Наурызбай Ұлы жүздің шапырашты руынан шыққан.Жиырма жасынан жоңғарлармен болған шайқастарға қатысады. Наурызбай ең алғаш жоңғарлармен шайқасқа өзінің атасы Төлеміс сыйға берген ала атқа мініп шыққан екен.

Баян батыр (1709-1756жж) Абылай ханның өзі оны алғырлығы, тапқырлығы

үшін ерекше құрметтеген. Ол өз ағасы Сарымен бірге қалмақтармен болған шайқаста қаза тапқан. Батыр Баянның ерлігі қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастанында жақсы бейнеленген.

Қазақта ертеден бар лауазымның бірі-тархандық атақ.Ол әскербасы, елші азаматтарға берілген.

Сабақты бекіту:

1.Тарихи тұлғаларды анықта: (слайдта көрсетілген суреттер бойынша)


2.Шешендік сөздеріне қарап, авторын тап.

«Сен-қабылан да, мен-арыстан, Алысқалы келгенмін....»

«Атадан ұл туса игі, Ата жолын куса игі...»


«Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін, Батыр болсаң, жауға найзаң тисін»

3 тапсырма. Мазмұндары сәйкес келетін ұяшықтарды сәйкестендір.


Қазыбек би


Ұлы жүз руларының басшысы, шешен, Ташкент қаласында жерленген.


Төле би


Бұхара, Самарқанд төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақтардың бас биі


Әйтеке би


1742 жылы келісім орнату және бейбітшілікті нығайту мақсатында Жоңғарияға барып қайтқан.




Жоңғар шапқыншылығы

4 тапсырма:






Кім? Қашан? Қандай мақсатпен?






Салдары қандай болды?

Дұрыс жауабын көрсету


Жоңғар шапқыншылығы


жоңғарлар

1723ж

Шұрайлы және шүйгінді жеріне қызықты






Кім? Қашан? Қандай мақсатпен?


Қазақ халқы 2/3 айырылды, елім-ай әні

дүниеге келді







Салдары қандай болды?

5 тапсырма: Жасырынған сөздерді тап.


Қазақтарда қолбасшы, ерлігімен көзге түскен адам-

Қазақ әскерін 50 жылдам астам уақыт басқарған, 100-ден астам жорыққа қатысқан батыр-

«Дарабоз батыр» атанған батыр-

Ұлы жүздің ішіндегі шапырашты руынан шыққан батыр-


Бағалау:


Үйге тапсырма: 1. 2-параграфты оқып келу.

2. Параграф бойынша әр оқушыға 1-3 сұрақ жазып дайындап келу тапсырылады.









































«Өзін-өзі бағалау парағы»





_______сынып оқушысы_________________________ «____» ______2016ж





Үй тапсырмасы

Жаңа сабақты бекіту

Білім тексеру

Қорытынды

Сұрақ жауап, тапсырманы орындау

Тапсырмалар орындау

Кеспе қағазбен жұмыс

Тест













Бағалау шкаласы: 0-3-«2» 12-19- «4»

4-11-«3» 20-25- «5»

































Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-536344

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>