Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Статьи / ХІІІ-ХҮ ғғ. Бірінші жартысындағы Қазақстан. АҚ орда
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

ХІІІ-ХҮ ғғ. Бірінші жартысындағы Қазақстан. АҚ орда

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: ХІІІ-ХҮ ғғ. Бірінші жартысындағы

Қазақстан. АҚ орда

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Монғол үстемдігі дәуіріндегі Қазақстан территориясында құрылған мемлекет АҚ орда туралы түсіндіру;

Дамытушылық: Туған өлкеміздің тархын зерделей отырып даму тарихымыздың нағыз шындығын білуге ықыласын арттырып, өз білімін жетілдіруге, қосымша ізденуге бағыт-бағдар беру, ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Қызығушылық сезімдерін оята отырып, ұлтжандылыққа, қайсарлыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, дүниежүзі картасы, тірек сызба, дидактикалық материал

Сабақтың түрі: дәстүрлі.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсінік беру, баяндау, әңгімелеу, өзіндік жұмыс, тестілеу.

Технологиясы: деңгейлеп оқыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Өткен сабақты пысықтау ( үй тапсырмасы)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

ІҮ. Бекіту, қорытындылау, бағалау

Ү. Үйге тапсырма беру


ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: (Сыныптың жалпы дайындығын тексеру)

Сұрақтар:

1. Алтын Орда қай ұлыстың орнына құрылды? (Жошы ұлысының )

2. Алтын Орда мемлекеті кімнің басқаруымен құрылған? (Батыйдың )

3. Қай ханның тұсында Ислам діні мемлекеттік дін болып жарияланды?

(Өзбек ханның )

4. Алтын Орда қай хандардың кезінде күшейе бастады?

( Өзбек хан және Берке ханның )

5. Алтын Орданың әлсіреуіне не себеп болды?

(ішкі талас тартыс, 1380 жылы Куликово даласында Дмитрий Донской

бастаған орыс әскерінен жеңіледі.)

6. Алтын Орданың соңғы билеушісі кім болды?

(Шейх Ахмед )

Жеке оқушылармен жұмыс – (үлестірмелі парақша арқылы )

ІІІ. Жаңа сабақ жоспары:

  1. Ақ Орданың құрылуы, географиялық орны, шаруашылығы.

  2. Ақ орданың ішкі-сыртқы жағдайы .

Алтын Орда саяси дербестік алған бірнеше хандықтарға бөліне бастаған уақытта Қазақстан жерінде Ақ Орда деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды.

1242 ж. дейін Батый ханның Еуропаға жасаған 7 жылдық жаулап алу жорықтарына қатысып, монғол қарулы күштерінің сол қанатын басқарған Орда Ежен Алтын Орда мемлекетінің шығыс бөлігін-Алтай таулары мен Ертіс, Жайық өзендерін, Балқаш көлін, Сырдария алқабы мен Арал теңізінің Солтүстігіне дейінгі ұлан-байтақ өңірді өз үлесіне алып, Ақ Орда мемлекетін құрады. Ақ Орда –Қазақстан аумағында монғолдардан кейінгі құрылған алғашқы мемлекет. Ақ Орда 240 жылға жуық салтанат құрған. Орталығы Сырдария өзенінің орта ағысы бойына орналасқан Сығанақ қаласы болды. Қазіргі Қазақстан жерін түгел қамтыды.

Халқы этникалық негізі бірыңғай еді. Оны құраған халық сол өңірде ежелден тұр ып келе жатқан - қыпшақтар, қаңлылар, үйсіндер , жалайырлар , алшындар, қарлұқтар, наймандар , керейлер, арғындар , қоңырат тайпалары.

Әлеуметтік даму деңгейі біркелкі – көшпелі жартылай және көшпелі мал шаруашылығымен айналысты.

Батыс Түрік, Түркеш, Қарлұқ, Қимақ-қыпшақ дәуірінен басталған қазақ халқының өз алдына халық болып қалыптасуы осы Ақ Орда дәуірінде үздіксіз дами берді. Монғол шапқыншылығы аса ауыр зардаптар әкелгенімен халықтың дамуын тоқтата алған жоқ. Қайта қазақ тайпаларының бытыраңқылығын, өзара қырқысын, толассыз қан төгісті жойып, оларды бір мемлекет- Ақ Орданың қол астына топтастырды.

Сөйтіп, Ақ Орда мемлекеті кейінгі қазақ хандығының құрылуына негіз қалады.

Ерзен ханның тұсында Ақ Орданың қалалық мәдениеті дами түскен. Хан Отырар, Сауран, Жент , Баршынкент сияқты қалаларда мешіт, медреселер салдырып, Сығанақ қаласын Орта Азия мен Шығыс Дешті Қыпшақтың арасындағы басты сауда орталығына айналдырды. Қалалар арасында экономикалық байланыс жақсарды.

Ақ Орданың аумағы Жошы ханның екі баласы Орда Ежен мен Шайбан хандардың жерін қамтыды.

Ақ Орданың ішкі-сыртқы саяси жағдайын 3 кезеңге бөлуге болады:


  1. Ақ Орда билеушілерінің Алтын Ордадан бөлініп, жеке мемлекет болу үшін күрес жүргізуі;

  2. Ақ Орда хандарының Алтын Орданың ішкі істеріне белсене араласуға әрекет жасауы;

  3. Урус хан және оның ұрпақтарының Әмір Темірге қарсы күресі.

Термин сөздер

Білікшілер (хатшылар) –түрік жазуымен іс жүргізушілер

Мәлік- түрік әулетінен шыққан жергілікті әкімдер


Даруғалар – салық жинаушылар


Беклер бео- әскери істерді басқарушылар


Уәзірлер – азаматтық билік жүргізушілер


Басқақтар- басқарушы жергілікті халыққа әскери бақылау жүргізеді, салық жинайды


Алтын Орда хандары ( ретімен)

  1. Батый хан -1227-1225жж

  2. Берке -1257-1266жж

  3. Меңгу-Темір-1266-1280

  4. Тохты хан-1290-1312жж

  5. Өзбек хан-1312-1342жж

  6. Жәнібек хан 1342-1357жж

  7. 1357-1380

  8. Тоқтамыс хан 1380-1395жж

  9. Едіге хан-1396-1411жж

  10. Шейх Ахмед 1411- 1502жж


ІҮ . Бекіту, қорытындылау, бағалау кезеңі

Бекіту сұрақтары:

  1. Ақ Орданың құрылуының осы өңірдегі тайпалап мен халықтар үшін қандай пайдасы, маңызы болды? ( Қазақ тайпаларының бытыраңқылығын, өзара қырқысуын, толассыз қан төгісті жойып, оларды бір мемлекетке топтастырады)

  2. Ақ орданы басқарған хандардың ішінде өзіңе ұнап, есіңе сақталып отырған қай хан?

(Мыс: Мүбәрәк-1327/28жж Сығанақта теңге соқтырды)

  1. Ақ орданың біраз жерін жаулап алып, өз хандығын құрған хан кім?

(Әбілқайыр хан)

Ү. Үйге тапсырма: Оқулық бойынша 23 параграф оқу, тест құрастыру.


Автор
Дата добавления 18.03.2016
Раздел История
Подраздел Статьи
Просмотров127
Номер материала ДВ-536349
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх