"Химия ғажайыптары"

Предпросмотр материала:

«Қызықты да, қиын химия»

Тақырыбы:  ХИМИЯ ҒАЖАЙЫПТАРЫ

Мақсаты:        Факультативтік сабақтан көрініс көрсету,есеп беру.

             Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрістерін                           дамыту.

                          Тәжірибе жасай отырып, пәнге баулу.

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.

                             2. Негізгі бөлім

Көрнекіліктер: плакаттар, нақыл сөздер, химиялық құрылғылар, ыдыстар.

Барысы: Құрметті оқушылар, ұстаздар біз бүгін сіздермен химия пәнінің қызықты, әрі қиын екенін көреміз. Ол үшін мен өзіме көмекші екі оқушыны шақырамын, олар маған көмектеседі. Оның қиындығы бастауышта 42 әріпті жаттасақ, химияда 110 элементті жаттаймыз, реакция теңдеулерін жазып үйренеміз. Ал қызықтысы әр түрлі тәжірибе жасаймыз.

Сонымен біздің « Қызықты да,қиын химия» атты кешімізге  «ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР»

                               СИҚЫРЛЫ ТАЯҚША тәжірибесі

Фарфор шашкесіне алдын ала калий перманганаты мен концентрлі тұз қышқылын қосамыз. Шыны таяқшаны шашкеге салып, тез арада спирт шамға жақындатамыз, шам өздігінен т

                                     Сүттің суға айналуы

Кальций хлориді ерітіндісінің натрий карбонаты ерітіндісі қосқанда ақ тұнба түзіледі, түзілген ақ тұнбаға 20% - дық тұз қышқылын қосқанда «ақ сүт» қайнап, түссіз мөлдір сұйықтыққа айналады.

Кальций хлориді ерітіндісі натрий карбонаты ерітінідісімен әрекеттескенде ақ түсті кальций карбонаты тұнбаға түседі:

CaCl2 + Na2CO3 = CaCO3¯ + 2NaCl

Түзілген тұнбаға тұз қышқылын қосқанда тұнба еріп кальций хлориді, су және көміртек (IV) оксиді тұзіледі, көмір қышқыл газының бөлінуі қайнауды көрсетеді:

CaCO3 + 2HCl = CaCl2 + H2O + CO2­

«Зерек болсаң,шешіп көр» кезеңін бастаймыз. Мұнда 8 ұяшық беріледі. Әрбір ұяшықта есептер жасырылған. Есепті шығаруға 1 минут уақыт беріледі.








 

1 ұяшық: массасы 8 г  көмірқышқыл газының  (қ.ж.)  көлемін тап. (Ж.4,032л)

2 ұяшық: 3,5 моль көміртегі (ІҮ) оксидінің массасын тап (Ж:154 г)

3 ұяшық: 75 г азот (ІІ) оксидінің алатын көлемін есепте (Ж.56 л)

4 ұяшық: 1,5 л (қ.ж.) көмірқышқыл газында болатын молекула санын тап (Ж. 9,03 ∙10 23)

5 ұяшық: Масссасы 128 г күкірттің зат мөлшерін тап (Ж: 4 моль)

6 ұяшық: С+О2  + СО2 + 402 кДж теңдеуі еріткенде  түзілген ерітіндідегі еріген заттың үлесін тап. (Ж.20%)

8 ұяшық: 6,2 кг фосфор жанғанда  неше грамм  фосфор  (Ү) оксиді түзіледі?

(14,2 г)

Көрінбейтін бояу

         Фенолфталейннің 1 проценттік ерітіндісіне батырып, қаламұш не қаламмен ақ қағазға бір сөз жазады. Спирт буланып кетеді де, жазу бар екені байқалмайды. Тәжірибені жасайтын уақытта қағазға бүріккіш арқылы соданың ерітіндісі бүркіледі, сонда қызғылт түсті жазу пайда болады. Оған екінші бір бүріккішпен қышқыл ерітіндісі (тұз қышқылы, сірке қышқылы) бүркілсе, жазулар қайтадан жойылып кетеді. Осылай бірнеше рет жазуды жазып немесе өшіруге болады. Бұл құбылыс фенолфталейннің қышқыл және сілті орталарда өзінің түсін өзгертуіне байланысты. Фенолфталейннің орнына пурген ерітіндісін, пайдалануға да болады, ол дәріханаларда сатылады. Пурген – фенолфталейн мен қанттың қоспасы. Қағазға сөздің орнына сурет салуға да бол

                                          Ауыртпай жасалған «операция»

Үстінде ақ халат киген оқушы қыз тәжірибе үстелінің жанына келіп, балаларға қарап: «Қазір мен сіздерге адамның денесін ауыртпай операция жасауды көрсетпекпін. Операцияның жасалуы да, жазылуы да тез. Бір батылдауың, осында келуіңді сұраймын» - деп, шақырады. Жанына келген оқушының білегіне «спирт» жағады да, операция пышағын дизенфекциялағыш сұйықтан алып, оның білегін ары бері кескен болады (оны пышақтың сыртымен жасайды) қолдан «қан» шығарады. Артынан қолдың «қанын» тазалаған болып, суланған таза шүберекпен сүртеді, қолы жазылады, «қаны» тазарады. Бұл қызықты «операция» отырғандарды таң қалдырады. Бұдан кейін оқушы өзі жасаған «операцияның» жасырын сырын айтады: «Мен оқушыныңы білегін спиртпен тазалаған болып оған 5% темір (III) хлоридінің ерітіндісін жақтым да, калий роданидінің ерітіндісіне батырылған операция пышағын алып, пышақтың сыртымен оның қолын кескен болдым. Сонда оқушының білегінде темір хлориді мен калий роданиді әрекеттесіп, қан тәрізді темір роданиді түзіледі.» Ол реакция теңдеуін былай жазуға болады:

FeCl3 + 3KCNS = Fe(CNS)3 + 3KCl

 

Краткое описание материала

"Химия ғажайыптары"

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Аманова Самал Бисенбеевна

химия пәні мұғалімі

  • На сайте: 11 лет и 1 месяц
  • Всего просмотров: 9609
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 4
  • 9609
    просмотров
  • 4
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Аманова Самал Бисенбеевна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~240

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: