Инфоурок Химия КонспектыХимия ғажайыптары атты сыныптан тыс сайыс сабақ

Химия ғажайыптары атты сыныптан тыс сайыс сабақ

Скачать материал

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектем» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:

Химияның ғажайыптары

 

 

 

 

 

 

 

Сыныптан тыс сабақ

Г.Д.Оразахынова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

 

Тақырыбы:  Химияның ғажайыптары

Мақсаты:

-оқушылардың білімін тексеру және химия пәнінен алған білімдерін толықтырып, оны іс жүзіне шығармашылықпен қолдану дағдысын меңгерту.

- оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін арттыра отырып, нақты және тез жүйелі шешім қабылдауға , өз ойын еркін жеткізуді дамыту.

- Ойын барысында оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуде ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Оқушылардың пәнге қызығушылықтарын оята отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, дүниетанымын кеңейту, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, алғырлыққа, зейінді болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интер белсенді тақта,сұрақ жауап, мақал мәтелдер, шарлар, химиялық құрал-жабдықтар мен реактивтер.

Сабақ түрі: жарыс сабақ

Сабақ әдісі: сұрақ – жауап

Ойын жоспары:

Ойынға 8 сыныптар арасынан 16 ойыншы, әр сыныптан 4 оқушыдан қатысады.
Барысы: І. Ұйымдастыру
(Әуен қосылады 1 ) 1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті оқушылар мен ұстаздар және ойынға қатысушы сайыскерлер!

2-жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер әз жандар,
                 Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
                 Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
                 Білімменен сусындатқан біздерді.

1-жүргізуші: Қ.И. Сәтбаев «Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі деп айтып кеткеніндей, еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Сол білімді жастарды болашақта сендер құрайтын боласыңдар. Осы мақсатпен бүгін жаратылыстану  бағыттағы химия апталығының он күндігіне орай 8«А», 8«Ә», 8 «Б»  сынып оқушылары арасында «химия ғажайыптары» атты  сайыс өткізгелі отырмыз.

2-жүргізуші: Білген сайын келеді біле бергім

Біле беру емес пе тілегі елдің

Бүгін осы сайыста жеңіске жет

Білімді әрі білікті жас жеткіншек.

Сонымен  құрметті сайыскерлерімізді қарсы алыңыздар. (әуен ырғағымен 8 сынып оқушылары кіреді.)

1-жүргізуші:

Ал келіңдер, келіңдер,
Біріңе - бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер.     

2-жүргізуші: топқа топтастырайық. Алдыларыңыздағы 4 эмблеманы бір-бірден таңдап алып, өз топтарыңызға барасыздар. Бірінші 8 «А» сыныбы.

1-жүргізуші:

Көруге химия кешін жиылғандар,

Менделеевке құдайдай сыйынғандар

Қош келдіңіздер бүгінгідей ғажайыпты

Тамашалау бақытты бұйырғандар -дей отырып бүгінгі ойнымызды бастайық.

2-жүргізуші:

Кім жеңді, кім жеңілді деп жүрмейік,
Әділ - қазы бағасына жүгінейік.
Сайысқа баға беріп, сөз айтатын,
Қазыларға төрден орын берейік.
Әділ қазылар алқасын төрге шақырамыз.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Қазір осы уақытқа дейін алған білімімізді саралап, өнерімізді ортаға салмақпыз. Біліміміздің артып, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.Олай болса, 8- ші сыныптар арасында «Химия ғажайыптары» атты сайысымызды бастаймыз.                  

2-жүргізуші: Сайысымыздың кезеңдері:

1)     «Алғырлар аралында»

2)     «Сөз мерген»

3)     «Көшбасшылар сайысы»

4)     «Қапы қалма»

1-жүргізуші: 1 – сайыс «Алғырлар аралында»

Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
2-жүргізуші: 2 - сайыс: «Сөз мерген»

Шарты: Бұл кезеңде әр топқа 4 сөзден беріледі, сол сөздерді көмекші сөзбен байланыстыра отырып, мақал құрауымыз керек.

1-жүргізуші: 3 – сайыс: «Топ басшылар сайысы»

                Бәйгеге түсіп жарыспай,
                Жүйріктің бағы жанар ма?
                Білім мен өнер жарысып,
                Тәрбие - тәлім табар мән.
                Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
                Кім жүйрік ойға сол алда.
                Келесі кезекті Топ басшылар сайысына берейік:
2-жүргізуші: Бұл кезеңде топ басшылары сынға түседі. Әр топтан топ басшыларына 10 сұрақтан қойылады. Сұрақтарға тез жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі. Топ басшылары алдыға шығамыз.

1-жүргізуші: Алғырлар:

1)       Ең алғаш сутекті ашқан ғалым (Г.Кавендиш)

2)       Судың қатты күйі (мұз)

3)       Су молекуласында оттектің дәрежесі (-2)

4)       Бөлінбейтін кішкентай бөлшек (атом)

5)       Натрий металының салыстырмалы атомдық массасы (23г/моль)

6)       Молярлық массаның өлшем бірлігі (г/моль)

7)       Газдың қалыпты жағдайдағы көлемін ашқан ғалым (Авогадро)

8)       Алмаздың кристалл торы (атомдық)

9)       Қай элементтің атомдық массасы 14 (азот)

10)  Периодтық кестенің авторы. (Менделеев)

2-жүргізуші: Зеректер:

1)    Сутегі жанғанда алынатын зат (су)

2)    Кальций металының салыстырмалы атомдық массасы (40г/моль)

3)            Зат тығыздығының өлшем бірлігі (г/см3)

4)    зат мөлшерінің өлшем бірлігі.(моль)

5)    І валенті элемент.(сутек)

6)    Біреуі оттегі болып келетін, екі элементтен тұратын зат?    (Оксид)

7)    5. Элементтің түр өзгерісі қалай аталады?                   (аллотропия)

8)    Күкірт қышқылының оқылуы (Аш - екі – эс - о - төрт)

9)    Темір элементінің оқылуы (Феррум)

10)                       Көмір қышқылының тұзы ( Карбонат

1-жүргізуші: Ойшылдар:

1)    Темір металының салыстырмалы атомдық массасы (56г/моль)

2)    Зат мөлшерінің өлшем бірлігі (моль)

3)    Периодтық кестеде қанша бейметалл бар? (Жиырма екі)

4)    Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі (Атом)

5)    Индекс нені білдіреді? (Атом санын)

6)    Фосфор қышқылының формуласы (Н3РО4)

7)    Күкірт қышқылының тұзы (Сульфат)

8)    Кремний элементінің оқылуы (Силициум)

9)    Электронды беру процесі (Тотығу)

10)       Мұздың кристалдық торы (Молекулалық)

2-жүргізуші: Тапқырлар:

1)    Көлемнің өлшем бірлігі (л)

2)    Оттек бейметалының салыстырмалы атомдық массасы (16г/моль)

3)    Ең көп таралған металл (алюминий)

4)    Натрий неше валентті? (1 – валентті)

5)    Кальций карбонатының формуласы (СаСО3)

6)    Азот қышқылының тұзы (Нитрат)

7)    Күміс элементінің оқылуы (Аргентум)

8)    Электронды қосып алу процесі (Тотықсыздану)

9)    Ас тұзының кристалдық торы (Иондық)

10)            Жылу бөле жүретін реакция ( Экзотермиялық)

 

1-жүргізуші: 4 – сайыс: «Логикалық сұрақтар»

Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

2-жүргізуші:

Ғажайып нәрсе химия,

Тұңғиық сыры әр алуан.

Жоғалып бір зат зым-зия

Жаңалап бірі жаралған.

Енді бір сәт химия ғылымының қыры мен сырын білсем деген құштарлығы артқандар үшін «Химия ғажайыптарына» назар аударсақ.

 

1. «Жанбайтын орамал»

Құрал жабдықтар: мақталы матадан жасалған қол орамал, этил спирті, ұстағыш, шырпы.

Ең алдымен қол орамалды суға матырып аламыз да, оны кішкене сығамыз, содан кейін орамалды жақсылап спиртпен қанықтырып аламыз.

Қол орамалдыбір қысып аламыз да, қолды алға созған күйде орамалға шырпыны жақындатамыз (тәжірибені екі адам орындау тиіс). Спирт бірден жанады орамал жанып жатқандай көрініс болады. Бірақ, жану тоқталады, ал орамал өз күйін сақтап, бүлінбейді. Себебі, сулы орамалдың жану температурасы, спирттің жану температурасынан әлдеқайда жоғары.

2. «Жанартаудың атқылауы»

-Балалар, сендерге жанартаудың атқылауы жөніндегі мәліметтер, география сабағынан белгілі.Сол вулканды үстел үстінде атқылатуға бізде мүмкіндік бар.Қарсылық болмаса,біз шамды сөндіреміз, өйткенівулканның атқылауы қараңғыда жақсы көрінеді, ешқандай шу болмасын!-дейді. Кешті жүргізуші штативке бекітілген асбест торының үстіндегі қос хром қышқылы аммоний тұзына сірінке тигізеді. Сонда одан жан-жаққа, жасыл түсті жалын шығара ұшқын атып, дыбыс шығарған вулкан атқылағандай әсері бар құбылыс байқалады. Алынған зат көлемін әлденеше өсіріп, жасыл түсті күлге айналады. Сонда мынандай химиялық реакция жүреді.

(NH4)2Cr2O7        Cr2O3+N2+4H2O

Бұл тәжірибені тау макетінің устінде жасаса әлдеқайда әсерлі болады. Қос хром қышқылы аммоний тұзын тұтандырардан бұрын бір екі тамшы спирт тамызып құйған жөн.Ол қос хром қышқыл аммоний тұзының тез тұтанып, бірден айырылуға мүмкіндік береді.

 

3. «Құпия жазу»

Фенолфталейннің 1 проценттік ерітіндісіне батырып, қаламұш не қаламмен ақ қағазға бір сөз жазады. Спирт буланып кетеді де, жазу бар екені байқалмайды. Тәжірибені жасайтын уақытта қағазға бүріккіш арқылы соданың ерітіндісі бүркіледі, сонда қызғылт түсті жазу пайда болады. Оған екінші бір бүріккішпен қышқыл ерітіндісі (тұз қышқылы, сірке қышқылы) бүркілсе, жазулар қайтадан жойылып кетеді. Осылай бірнеше рет жазуды жазып немесе өшіруге болады. Бұл құбылыс фенолфталейннің қышқыл және сілті орталарда өзінің түсін өзгертуіне байланысты. Фенолфталейннің орнына пурген ерітіндісін, пайдалануға да болады, ол дәріханаларда сатылады. Пурген – фенолфталейн мен қанттың қоспасы. Қағазға сөздің орнына сурет салуға да бол

1-жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден- 
Жеңімпазды анықтау 
Жеңімпаз болу шарты сол- 
Еңбектену,жалықпау 
Біреу озса сайыста, 
Біреу артта қалады 
Жеңілгендер ренжімей 
Тараса бізге жарады. 

2-жүргізуші:

2030-дың барысымыз,
Болашаққа бастайды әр ісіміз,
Егемен елімізді көркейтетін,
Білім шыңына шығу – парызымыз дей отырып, бүгінгі 4 кезеңнен тұратын сайысымыз да мәресіне жетті. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі. Әділ қазыларға сөз беріледі. Оқушыларымыздың білімін, санасын, оқуға деген құштарлығын оятатын сайыстарымыз көбейе берсін.

Жүргізушілер: Сонымен бүгінгі «Химия ғажайыптары» сайысымыз аяқталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Алғырлар аралында»

 «Сөз мерген»

«Көшбасшылар сайысы»

 «Қапы қалма»

 

Тапқырлар

 

 

 

 

 

 

Алғырлар

 

 

 

 

 

 

Зеректер

 

 

 

 

 

 

Ойшылдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Алғырлар аралында»

 «Сөз мерген»

«Көшбасшылар сайысы»

 «Қапы қалма»

 

Тапқырлар

 

 

 

 

 

 

Алғырлар

 

 

 

 

 

 

Зеректер

 

 

 

 

 

 

Ойшылдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Алғырлар аралында»

 «Сөз мерген»

«Көшбасшылар сайысы»

 «Қапы қалма»

 

Тапқырлар

 

 

 

 

 

 

Алғырлар

 

 

 

 

 

 

Зеректер

 

 

 

 

 

 

Ойшылдар

 

 

 

 

 

 

 

 «Алғырлар аралында»

 «Сөз мерген»

«Көшбасшылар сайысы»

 «Қапы қалма»

 

Тапқырлар

 

 

 

 

 

 

Алғырлар

 

 

 

 

 

 

Зеректер

 

 

 

 

 

 

Ойшылдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Г.Д.Оразахынова, Жаркент қаласы

Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің

 химия пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Ерітінділер концентрацияларының түрлері, пайыздық, мольдік концентрация

Сабақтың мақсаты: Ерітінділер туралы ұғымды тереңдетіп, ерітінділерің концентрациясы туралы оқушылардың білімдерін бекіту. Ерітінділердің концентрациясы және ерітіндіге байланысты есептерді шығара білуге дағдыландыру. Ұйымшылдыққа, өзгенің ойын тыңдай білуге тәрбиелеу.

Оқу нәтижесі: Барлық оқушылар: ерітінділер туралы түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі: ерітінділер концентрацияларының түрлерін ажырата алады.

Кейбір оқушылар: ерітінділердің концентрациясы және ерітіндіге байланысты есептерді шығара алады.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, Венн диаграммасы, сын тұрғысынан ойлау, Акт, ұжымдық, диалогтық оқыту

Көрнекілігі: слайд, периодтық кесте, сызбалар

Сабақтың барысы:

1.     Ұйымдастыру. «Болжау әдісі»

     Үстел үстінде құтыда сірке қышқылы (уксус) тұр. Сол сірке қышқылының сыртқы қағазына назар аударыңыздар. Не байқадыңыздар? Қағазда сірке қышқылының 70% ерітіндісі көрсетілген. Бұл пайыздық көрсеткіш нені білдіреді?

      Кәуап жасау кезінде сірке қышқылының 33% ерітіндісі қолданылады. Неге кәуап жасауда сірке қышқылының 70% ерітіндісі қолдынылмайды?

 

2.     Қайталау – оқу анасы

1)    Судың қандай үш жағдайы болады?

2)    Судың құрамы, формуласы

3)    Адам баласы тәулігіне неше литр су ішуі қажет?

4)    Дистилденген су дегеніміз не?

5)    Судың физикалық қасиеттерін сипаттап бер

6)    Дистилденген суды кәдімгі судың орнына не себепті ішуге болмайды?

 

3.     Жаңа сабақты түсіндіру

     Судың келесі бір қасиеттері –ерітінді.

Ерітінді= Еріген зат+ еріткіш.                                                                                                   

(тұз)                               (су)

      Заттардың бәрі суда ери бермеді,сондықтан  ерітінді қаныққан және қанықпаған деп бөлінеді.

      Қаныққан ерітінді – әрі қарай ерімейтін ерітінділер түрлері.

      Қанықпаған ерітінді- әрі қарай ери алатын ерітінді түрлері.

       Еру түріне қарап ерітінді сұйытылған және концентрлі деп бөлінеді.

а) Сұйытылған ерітінді – ерітіндіде ерген зат аз болса,

ә) Концентрлі ерітінді- ертіндіде еріген зат көп мөлшерде болса,ерітіндідегі артық заттың аз көп екенін қалай білуге болады? Ол үшін еріген заттың массалық үлесімен танысамыз.

     Мына,формула бойынша :    

Сыныпты үш топқа бөлу:

1-топ пайыздық концентрация

Массалық үлесі 20%-дық ас тұзының 50г ерітіндісін дайындау үшін қанша грамм тұз қажет?

2-топ мольдік концентрация

Массалық үлесі 25%-дық қанттың 100г ерітіндісін дайындау үшін қанша грамм тұз қажет?

3-топ молярлық концентрация

Массалық үлесі 15%-дық ас содасының 80г ерітіндісін дайындау үшін қанша грамм тұз қажет?

 

4.     Жаңа сабақты бекіту

1-топ

Бес жолды өлең стратегиясы – оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады.

 

2-топ

Венн диаграммасы

 

 

Концентрлі ерітінді

 

 

Ұқсастығы

 

Сұйытылған ерітінді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-топ

Ауызша есептеулер

 

ерітінді

Еріген зат

Еріткіш

Массалық үлес%

1

А

40

160

W

2

400

Х

Y

50

3

500

Х

300

W

4

А

30

270

W

5

50

Х

Y

10

6

400

Х

320

W

7

А

50

150

W

8

200

Х

Y

5

9

50

Х

45

W

10

А

20

380

W

 

5.     Рефлекция кезеңі «Бас бармақ» әдісі

 

http://cs322823.vk.me/v322823701/12a2/WW9rOG9-_90.jpg

Тақырыпты жақсы түсінсе бармақты жоғары, орташа түсінсе көлденең, ал сабақты мүлдем түсінбесе бармақты төмен түсіреді.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Химия ғажайыптары атты сыныптан тыс сайыс сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Администратор баз данных

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 610 163 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.05.2016 3917
    • DOCX 51.2 кбайт
    • 124 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Оразахынова Гүлмарал Даулетқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9269
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии в обучении химии в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 28 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия")

Учитель химии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современные образовательные технологии в преподавании химии с учетом ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 139 человек из 49 регионов

Мини-курс

Влияние внешних факторов на психологическое развитие личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в медиакоммуникации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии клиентоориентированного бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе