Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Химия / Другие методич. материалы / Химия еліне саяхат
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Химия

Химия еліне саяхат

библиотека
материалов

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебі

Химия және биология пәні мұғалімі Дюсегалиева Эльмира Алшекенқызы

Кештің тақырыбы: «СПИД XXI- ғасыр зобалаңы»

Жоспар:

1.СПИД вирусының шығу тарихы.

2.XX-ғасырдың обасы.

3. Соз,мерез аурулары жөнінде.

4. «СПИД құрбаны» монологі.

Мақсаты:

-Жұртқа кеңінен таныс қауіпті ауру-СПИД (. Синдром противо Иммуного Дефицита ИТЗС-иммунитетке тосқауылды Зарарлар Синдром) құрамын кең жаюда.

Көрнекіліктер: видеоролик,интерактивті тақта,

Әзірге оны емдеудің әдісі табылмай отыр. Қазіргі кездегі басты мәселе аурудың алдын алу ,аурудан сақтандыру және санитарлық шараларды қалың жұртшылық арасындағы жастармен жүзеге асыруды ұйымдастыру.Бұл жұмысты теледидар, баспа,сондай-ақ мектеп оқушылары іске асыра алады.Оқушылар бұл үшін аурудың себебін және симптомын анық біліп ,оның кең таралуына жауапкершілік жасауы қажет.Жас өспірімдерді салауаттылыққа ,өмірді сүюге ,қадірлеуге ,жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу.Осыған байланысты 9-10-11сыныптар арасында «СПИД-ХХІғасыр зобалаңы»атты кешті ұйымдастырдым.Кешке биолог мұғалімдер ,дәрігерлер қатыстырылып «СПИД құрбаны» монологі көрінісі қойылды.Бұл кешті 2-оқушы жүргізуші қызметін атқарды,оқушылардың белсене қатысуына коңіл бөлінді.

1-жүргізуші

-9-10-11сынып оқушылары мен дәрігер қауымның ,биолог мұғалімдердің қатысуымен «СПИД -ХХІғасыр зобалаңы» тақырыбындағы диспут-кешімізді ашық деп жариялаймыз.

2-жүргізуші

-Біздің ата-бабаларымыз кең далада еркін өсті.Олар ойын да, бойын да таза ұстады.Ақыл-ойды улап,адамды есінен тандырып,мас қылатын арақ-шарап дегеннен аулақ болды.Ата-бабаларымыз ең сүйікті сусыны –жанға шипа қымыз еді.

1-жүргізуші

Халқымыз арақтың қасіретінен арыла алмай журген шақта, «жер астынан жік шықты,екі құлағы тік шықты»деп,есірткі ,анаша пәле шықты.

2-жүргізуші

Есірткі ,анаша ғасыр тажалы.Есірткіні шприц арқылы тамырынан жіберушілер бауыр ауруына және СПИД дертіне шалдығады.Онымен қазір ,бүкіл әлем болып күресуде,бірақ ол оңай алдырар жау емес екен.Есірткі ,спид-бір басынан кессең, екінші басы шыға келетін жеті басты жалмауыз сияқты.




C:\Users\Lenovo\Desktop\сабактар фото 2014ж\20150128_102356.jpg


1-жүргізуші

Баяндама.1.СПИД вирусының шығу тарихы.

2.ХХІ ғасырдың обасы.

Оқитындар.1.Сабырғалиева.А

2.Қаполов.А. 3.Шаяхметова.Г


2-жүргізуші

Қандай аурудан болса да адамның жаны мен тәні зардап шегеді. Мұндай сырқатқа шалдығу талғамсыздық пен тәрбиесіздіктің ,жеңілдіктің ерлі-зайыптылардың бір-біріне опасыздығының нәтижесі.Өйткені мерез бен соз пайда болған иммунды жетіспеушілік нышандары бар аурулар жыныстық қатынас кезінде ғана беріледі.Бұларды маскүнемдер ,нашақорлар аурулары десек те қателеспейміз.Ауруды жұқтырып алған соң өкініп, сандарын соғатындарды ойланбай істеген істерін ақтауға тырысатындарды біз тәжірбиемізде жиі кездестіреміз.Егер ері әйеліне немесе әйелі еріне мерез бен соз жұқтырса қайғы, ал бұл ауруларды ата-анасы балаларына жұқтырса қасірет.Олай болса,соз(гонорея),мерез(сифилис)ауруларына тоқтала кетелік.

Оны оқитындар 1.Акбалина.Л

2.Жұмағазиева .А1-жүргізуші

Бұқар жыраудың « жаманнан жақсы туса да, жақсыдан жаман туса да,тартпай қоймас негізге»деп,отырған негізгі сол адамның ата тегі.Қазақ сонау тұқым тұқиянынан бері қарай ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан , тұқым қуалайтын барлық жақсы қасиеттердің жиынтығын «тек»деген ұғымға сыйғызып ,ондай адамдарды «текті»деп бір ауыз сөзбен сипаттаған.Нақ сондықтан да көреген ата-бабаларымыз тегін таза сақтау үшін тұқымын аздырмас үшін текті жерден қыз алып ,қызын беріп,аруақты елмен өсіп енген атамен құда-жекжат болуға,сүйек жаңғыртып отыруға тырысқан.Сөйтіп ,халықтың жазылмаған ұлы заңын қалыптастырған.Қазақтың тек ұғымы адам бойындағы күллі ерекшеліктердің тұқым куалау арқылы кейінгі ұрпаққа берілуін бейнелейтін ғылымдағы ген ұңымына сәйкес келеді,сондықтан бұл мәселені тереңірек қарастыруымыз керек.Ендігі сөзімізді генетика саласынан сабақ беретін химия-биология пәнінің мұғалімі Эльмира апайға берейік.



C:\Users\Lenovo\Desktop\сабактар фото 2014ж\20150128_103753.jpg


2-жүргізуші

Бауырды СПИД орталықтары зерттеп отырады.Ал біздің жерімізде бұндай орталық жоқ. Бірақ біздің дәрігерлеріміз тұрғылықты адамдарды тексеріп отырады .Бұл ауруларды анықтауға,зерттеуге медицина нақты әдістер іздеуде.Өзіміздің бірнеше сұрақтарымызбен дәрігерімізді сөзге тартайык.

1.СПИД тудыратын вирус «ВИЧ» қалай жұғады?

2.СПИД пен ауырған адамды сипаттайтын симптомдар кандай?

3.СПИД таралуының қалай алдын алуға болады?

4. СПИД тен сақтандыратын дәрі -дәрмек бар ма?

5.Біздің ауылда соз, мерез ауруымен ауыратын адамдар бар ма?

1-жүргізуші

Мектеп саласында адамгершілік, имандылық бағытында ,әр түрлі мейрам күндеріне арналған кештер өтіп жатады.Бұл әрине жақсы қасиет.Ал мектепте нашақор және СПИД мәселелерін талқылау жаман идея ма?Сіз калай ойлайсыз?Ендігі сөзді биология пәні мұғалімі Тлепбергенов Елемес ағайға берейік.


2-жүргізуші

Нашақорлық,СПИД бүгінгі күннің ең өзекті деген проблемаларының біріне айналып отырғаны айтпаса да белгілі.Ең қиыны оның күн өткен сайын қоғамымызда шырмап алып бара жатқаны ,қалыпты құбылыс ретінде қабылатындығы.Десек те,қоғам дерті екен,ол дертпен арылу мүмкін емес деп, іш қазандай қайнайды ,күресуге дәрмен жоқтынң кебін киіп,қол қусырып қарап отырсақ тағы болмайды.Бақыт апай сіздің ойыңызша ХХІ ғасырда бүкіл әлем жіне Қазақстан осы кесапаттан құтыла ала ма?Құтылудың жолы қандай деп ойлайсыз?

Ендігі сұрақтарымызды оқушыларға қояйық.Олар қалай түсінеді екен.

1.Сіз достарыңыздың біреуі ВИЧ вирусын жұқтырғанын білгенде қандай сезімде боласыз және сіздің ойыңызша бұл сіздің достығыңызға әсер етеме?

2.Сіздің ойыңызша СПИД пен ауырған адамды қызмет еткен жерінде қалдырудың жөні болар ма еді?

3.Сіздің ойыңызша қайсысы қатерлі СПИД пе,ауру адам ба?

2-жүргізуші

Ал қазір сіздердің алдарыңызға «СПИД құрбаны» монологі деп аталатын шағын көрінісімізді тамашалаңыздар.

Уа, жаратылыс !Адамзатқа өмір берген құдіреттің қайнар көзі.Сен естисіңба мені?Сүт сәулелі мына бір өмірдің қызығын көре алмай , арманда кетіп бара жатқан , жұмыртқадай жұмыр басты пендеңнің зарын тыңдашы бір сәт.

1-жүргізуші


Тамырын умен суарып,

Денсаулық деген егістің,

Шірітіп апсың біразын,

Ғаламат қымбат жемістің .

Инемен таза денеңді,

Тесуге неге келістің?

Көк түтінмен уланып,

Ащы суды неге іштің?

Төсекке асыл азамат.

Ауру меңдеп құлайсың.

Дәрігерлерді мазалап

Не үшін енді жылайсың.

2-жүргізуші

Енді осы «СПИД –ХХІ ғасыр зобалаңы» атты кешімізді қорытындылауды Нұржан ағайымыздан сұрайық.

«СПИД құрбаны»монологі.

Төбе құйқаңды шымырлатып ышқына шыққан азалы да ащы әуен.Жарқ-жарқ етіп, жоғарыдан айқыш –ұйқыш , су-су сорғалаған өткір сәуле астында бүйі тигендей болып дөңбекшіп біреу.....Біресе ұшып тұрып, біресе қайта құлайды .Құлайды да, қайта тұрады.Есірік айқай. Сандырақ жан төзгісіз ауыр азапқа түскен адам.


C:\Users\Lenovo\Desktop\сабактар фото 2014ж\20141124_100919.jpg


Өзімнен өзім сор таптым,

Өле алмай жүрген сырқатпын.

Шіріген картоп сияқты ,

Бұрышында қалған бір қаптың.

Өзімнен өзім тістенем,

Шарабым да тұр ішпеген.

Ұйықтайын десем қорқамын,

Көрмейтін сұмдық түс көрем.

Сахнаны мұңды баяу әуен басты.Тіршіліктен теперіш көрген жас жігіт егіліп жылап тұр.

Мен жағдайы әжептәуір отбасында дүниеге келдім,әп деп өсе бастағаннан ештеңеден таршылық көргенім жоқ.Басқа балалар ішпегенді іштім,кимегенді кидім.Әке шешем барлық дегенімді жасады.Анда- санда әкем мен тентек болған кезде айғайлап ұрса бастаса,анам «ойбай жалғыз балада нең бар?»деп ара түсетін.Сонау бір балалық шағы есіне түскен жігіт қимастық сағынышын басып , біраз үнсіз қалды.

Әлпештеп алды артымнан анам шығып,

Қасымнан кетпес қиғаш қадам шығып,

Ата-ана пәруана боп перзенті үшін,

Күн кешер көрсетпе деп жаманшылық,

Ардақтай ата-анаңды сол секілді,

Қынжылтпай қызмет көрсет адамшылық.

Түседі еске кей кезде бала кезім ,

Бала кезім...кетуші ем дала кезіп .

Ақ қайыңға шайқалған қараушы едім,

Қараушы едім мөлдіреп қара көзім.

ИӘ,ата-анамның еркелеткіні мені одан әрі құтыра түсті.Жетінші сыныпқа жеткенше екі-үш мектепке ауысып үлгердім.Неге дейсіз ғой?Тәртіпсіздігім үшін.Бір күні көрші үйге жаңа отбасы көшіп келді.Сонымен «іздегенге сұраған» дегендей,екеуміздің жұбымыз жазылмайтын болды.Оның менен айырмашылығы наша деген пәленің дәмін ерте татқан екен.Енді мен де шеге бастадым.Нашаның адам баласына әкелетін қасіретін ол кезде кім білген?Егер білген болсам тіріде жолаймын ба?

Содан арада екі –үш жыл өтті.Бұл кезде мен темекісіз, есірткісіз тұра алмайтын дәрежеге жеттім. Өзім секілді достарым да көбейді.Олар арқылы сарғыш сұйық құйылған инеге де аңсарым ауды.Не құдіреті барын сол бір инені көрсем аузымнан суым ағып, есім кететін.Мен сол құлдырағаннан құлдырай бердім.Дәрігерлер менің СПИД пен ауыратынымды анықтады. Төрт-бес жыл оны білмей жүріппін.

Таусылмақ дәм.Бітпек өмір өзенім,

Менің дағы жетті кетер кезеңім

Оны көптен тарқамаған қайғымен

Жүрегімнің мұң көзінен сеземін.

«Өлермін» деп, күңіренем,күйзелем

Мені есірткі найзасымен түйреген

Өз әлімше арман көлде жүзе алмай,

Қанатымнан жаралған күйде мен.

Соңғы кезде өмір тірлік , табиғат,жаратылыс туралы көп ойланатын болдым.О, жаратылыс!Жарық дүние!Кеш мені шынында да адам өмірі ғажап екен ғой.Бір-ақ өмір!Осы бірақ-ақ рет берілген өміріңде қартайғанша жүріп,о дүниеге аттансаң арманың бар ма?Бұған кім кінәлі?Балалық па, шалалық па,әлде еркелік пе?Қазір ғой ішім жүдеп,күйіп кетеді, өкініштің улы запыраны бүкіл денемді қалтыратады.Бәрі кеш енді.О,жаратқан!Жұмыртқадай жұмыр жер мен төңкерілген тайқазандай көк аспан!Сендер естисіндер ме, менің мына зарымды?Айтыңдаршы, құтқаратын күш бар ма, мына мендей бейбақты?

Бұл тірлікте не тындырдым, не көрдім,

Құрбанымын СПИД деген кеселдің,

Ақтамай-ақ кетіп барам арманын,

«Жалғыз бала» деп өсірген әкемнің..

Кім кінәлі,аялаған анам ба?

Бар қажетті даялаған қоғам ба?

Тек қана өзім кінәлімін, сол үшін

Улы дерттің құрбаны мен болам да.

Жас жеткіншек!Өздеріңе өлер кезде айтып кету борышым.Ауырсаңдар бұл кеселмен,дәрігер де бере алмайды қол ушін.Құтқаратын күш жоқ,онда әлсіз тірі өліксіз.Жат әдет пен темекіге , есірткіге жоламаңдар сол ушін!

Азалы да ащы әуен қайта ойнайды.Жан төзгісіз азапқа түскен жас бейбақ аласұра, дөңбекшіп, жерге құлайды.Бұл оның ақтық сөзі еді.Музыка ырғағымен шымылдық ауыр қозғалып, ақырын жабыла бастайды.






















Тақырыбы: «Химия еліне саяхат» көңілді тапқыштар кеші.

КТК ойынын жүргізу үшін екі топ құрылды.Әрбір топта 11-12 оқушы болды.Сахнаға басқарушы шығады.Басқарушы химиктердің зерек және тапқыр клубын ашық деп жариялап,топтарды сахнаға шақырады.Топтарды конкурстың қазылар алқасымен таныстырады.Әрбір топ бір-біріне 5сұрақ қояды.

Бірінші топтың сұрақтары:

1.Қар мен жаңбыр сулары неге дәмсіз болады? (оларда табиғи тұздар ерітінділері болмағандықтан дәмсіз)

2.Көп тараған қандай күрделі заттан сутек алуға болады? (суды тұрақты электр тогын пайдаланып ажырату арқылы сутек алады)

3.Дені сау адамның асқазанында қандай күшті қышқыл бар? (дені сау адамның асқазанында тұз қышқылы болады,ол ас қорыту үрдісінде үлкен рөл атқарады.)

4.Қандай көк қағазды лезде қызартуға болады.(көк лакмус қағазды кез келген қышқылға батыру арқылы қызартуға болады)

5.Өсімдік жапырақтары неге жасыл,ол жапырақтарға түс беретін қандай элемент бар? (өсімдік жапырақтарына түс беретін хлорофилл,онда магний металы болады?)

Екінші топтың сұрақтары:

1.Өсімдіктің күн сәулесінің әсерінен көмірқышқыл газын сіңіріп,органикалық зат түзуін не деп атайды және кім зерттеген? (фотосинтез К.А.Тимирязев ашқан)

2.Крахмалды қандай затпен бояуға болады? (сары-қоңыр түсті йод ерітіндісінен көк түске боялады)

3.Қандайэлементқазақтілінеаударғанда «сасық» депаталады? (бром-ұнамсызиістігректіліненаударғанда «бромус» «сасық» дегенмағынабілдіреді,ауырсұйықзат)

4.Менделеевазмұғалімдерініңішіндекімді, «орысхимия» атасыдепатаған? (АлександрАбрамовичВоскресенский)

5.Жанбайтынқандайзатсуменсөндіріледі? (Өртелген әктас.Әктасты сумен қосу,әктасты сөндіру дейді)

Басқарушы:-Енді әрбір топ өзінен бір-бір экспериментатор шығарсын,олар қызықты 2 тәжірибе жасап беріп,өздері сол затты қалай жасағанын айтсын.


C:\Users\Lenovo\Desktop\сабактар фото 2014ж\20150127_112444.jpgC:\Users\Lenovo\Desktop\сабактар фото 2014ж\20150127_114226.jpg

Бірінші экпериментатор:

Тиімді операция.Операция жасау үшін 50%родон қышқылы калций не родон қышқылы аммоний тұзының ерітіндісі, пышақ,мақта, бір стакан су дайын болу керек.

Операция жасалатын адамның қолы родон қышқыл калиймен әрлі- берлі сүртілу керек.Сонан соң хлорлы темір ерітіндісін алып білекті пышақтың сыртымен сызып кескілейді.Осы кезде қып –қызыл қан шыққан секілді болады. Содан кейін мақтамен сүртіп тастау керек.

Реакция теңдеуі:3КСNS+FeCl3=Fe(CNS)3+3KCl

Екінші экспериментатор:

Қола тиынды күміс тиынға айналдыру.

Қажетті құралдар: қола тиын,азот қышқылы ,сынап тұзы ,азот қышқылы,1стакан су,мақта.

Алдымен тиындарды қысқашпен ұстап,концентірлі азот қышқылымен тазартып,суда жуып алу керек.10%азот қышқылы сынап тұзын салып, 1-2минут ұстау керек.Металдардың белсенділік қасиетіне байланысты мыс сынапты ертіндіден ығыстырады,ол мыстың бетіне қояды.Ал күмістелген мыс тиынды алып,суда жуып,сүртіп, көрушілерге береді.

Басқарушы:Олар осы жұмысты істелгенше 2топтан 2адам шықсын.Мына тұрған сызықтарды басқан сайын 1формуладан айтып өту керек.Қышқыл,тұз,негізгі,сілті.Айта алмаған топ 2ұпайдан айырылады.Осыдан кейін эксперимент жасаушылар келіп жасаған тәжірбиелерін көрсетеді.


Басқарушы:Сахнаға бір-бір сурет салушылар шығады.

1.Сутек алу приборын салу.

2.Оттек алу приборын салу.


Басқарушы:Енді капитандар кокурсы жүргізіледі.

1тапсырма:Бір қағаз бетінде приборлар салынған ,ал екінші қағазға солардың реакциялары жазылған.Осы приборға қандай реакция сәйкес келетінін табу керек.

2тапсырма:Кім жылдам Менделеев кестесіндегі 1топ элементтерін рет –ретімен немесе период бойынша орналастырады.

Басқарушы:Енді әрбір топ мүшелері бізге пантомимо сахнасын көрсетеді.Олар оқушылардың химия зертханасында өзін –өзі ұстауы жіне иіс газ алуда қауіпсіздік шараларын көрсетеді.

Басқарушы:Ендігі кезекте қызықты өлеңдермен танысайық.Топтар үй тапсырмасын тексертеді.

1топ:

Алғаш болды белгілі.

Күнде қандай элемент?

Одан кейін біз оны

Жерден тауып зерттейік.

(Гелий)

Кейде қатты тас тілген болаттан да,

Кейде жұмсақ қолға алсақ қалады таңба,

Барма элемент осындай табиғатта,

Аташы тағы ойланып,ұзақ таңға!

(Алмаз)

Ақ түйір айналады тыным таппай

Жүргендей су бетінен орын жақпай

Аздан соң суға сіңіп жоқ болады.

Оқушым ал ойланғын қойма таппай.

(Натрий)

Түсі де жоқ көрінетін тұманды.

Иісі де жоқ көңіл ашар ұнамды.

Көңілдеткіш қандай газды білесің.

Қасиетін осының ұға алшы.

(Азоттың шала тотығы)


2топ:

Табылса бұрын там –тұман

Қазір көп әр өлкеде.

Қымбат болды алтыннан.

Қандай металл ертеді?

(Алюминий)

Бір элемент бар инертті газдар текті

Топтары өзінше орын тепті.

Басқалары пысық па?

Соны ғана неліктен еріншек деп атап кетті.

(Аргон)

Бір жанып,бірі қолдап жануды

Екі элемент бізге бұрын танымды

Өрт болып еді.Сөндіруге көп адам,

Қосылсын алып,соған ағымды.

(Су)

Су бетінде қалықтап қандай металл жүзеді

Айтшы ойланып денеңде жетпейтін

Қандай тұз еді?

(Ас тұзы)


Кеш соңында қорытындысы шығарылып,жеңімпаз топ анықталды.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты: Өткізілген тақырыптар бойынша оқушылардың

білімін қорытындылау, материалды меңгеру

дәрежесін тексеру, пәнге қызығуын, логикалық

ойлау қабілеттерін дамыту, сынып лидерін табу.

Құралдар мен реактивтер:

магниттік тақта, сандар жазылған кестелер,

«Химия әлемі», «Біз не білеміз», «Біз не үйрендік»,

«Сынып лидері» плакаттар.

Реактивтер – мырыш, тұз қышқылы элементтерінің

таңбалары, сөз жұмбақ.

Автор
Дата добавления 13.05.2015
Раздел Химия
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров387
Номер материала 277330
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы
Ацетилен
13.05.2015
Просмотров: 610
Комментариев: 0

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх