Инфоурок Химия КонспектыХимия пәні. Химиялық формула. Валенттілік. 8 сынып

Химия пәні. Химиялық формула. Валенттілік. 8 сынып

Скачать материал

Күнделікті сабақ жоспары   9___

  Пәні:Химия _____Сыныбы: 8  ___ Күні: 30.09.2016ж__

   Сабақтың тақырыбы: Химиялық формула. Валенттілік. Зат құрамының тұрақтылық заңы.

 Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Химиялық формула.Валенттілік.Зат құрамының тұрақтылық заңын мысалдар арқылы  түсіндіру, кім зерттеп ашқанын баяндау мағынасы мен мәні жайлы оқушыларға терең білім беру;                       

2.Тәрбиелілік: Оқушылардың ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу,пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

 3.Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік ізденуін ұйымдастыру және танымдық іс-әрекеттерін жетілдіріп, білімдерін тиянақтап, дамыту.

 Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ жауап,талдау,есептер шығару.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта,слайд-шоу,Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі.

Сабақтың құрылымы:

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасы. Зат мөлшері.Молярлық масса тақырыбы бойынша үй тапсырмасын сұрймын, сұрақ қоям, есептер  шығартамын.                

Жаңа сабақ түсіндіру: Күннің жадын, жаңа тақырыпты даптерімізге жазамыз.Бүгін бізде жаңа тақырып  «Химиялық формула.Валенттілік.Зат құрамының тұрақтылық заңы». Заттардың құрамына кіретін кейбір элементтермен танысып,олардың таңбасын жазып үйрене бастадыңдар.Заттардың құрамын таңбалар арқылы өрнектеп,оның химиялық формуласын жазуға болады.

Жай заттың химиялық формуласын жазу үшін оны құрайтын элементтің таңбасын жазу жеткілікті.Мәселен,жай зат күкірттің формуласы S,қорғасындікі Pb деп жазылады.Жай заттардың құрамына екі не одан да көп атом кіруі мүмкін.Ондай жағдайда элемент таңбасының  оң жағынан төменіректе атомдардың санын көрсететін индекесті қоса жазады.Мәселен, сутек пен оттектің молекулалары 2атомнан құралады,х имиялық формулалары H2 және O2 деп жазылып, аш-екі, о-екі деп оқылады.Құрамына 3 атом оттек кіретін жай зат озонның формуласы O3 о-үш, 4 атомнан тұратын жай зат фосфордікі P4 пэ-төрт болады.

Күрделі заттардың химиялық формулаларын жазу үшін,ең алдымен,оның құрамына  кіретін элементтерді және олардың атомдарының санын білу қажет.Мысалы,су молекуласының құрамына сутектің екі атомы,оттектің бір атомы кіреді,сондықтан оның химиялық формуласы H2O деп жазылып, аш-екі-о деп оқылады. Көмірқышқыл  газының молекуласын түзеу үшін  көміртектің бір атомы мен оттектің 2атомы бірігеді, формуласы CO2 болып жазылып, це-о-екі  деп оқылады. Ас тұзының химиялық формуласы NaCl,оқылуы натрий-хлор, оның құрамына натрийдің бір атомы, хлордың бір атомы кіретіні көрініп тұр. Егер заттың формуласының алдына сан қойылса, ол молекулалардың санын көрсететінін коэффициент болып саналады. Формуланың алдына 1 коэффициенті жазылмайды.

Екі элемент бірігіп көбіне биэлементті қосылыстар түзеді.Олардың формулаларын дұрыс жазу үшін құрамына кіретін элементтердің валенттік мәндерін білу жеткілікті. Мысалы, марганец оксидінің формуласын құруды мынадай ретпен іске асырайық, алдымен қосылыстың құрамына кіретін екі элементтің таңбасын жазып, үстіне рим сандарымен валенттігін көрсетеді. Mn7 O26 әрі қарай валенттік мәндеріне сай ең кіші ортақ еселікті табады 2*7= 14 содан соң ортақ еселіктің мәнін әр элементтің валенттілігіне бөлініп,олардың атомдарының арақатынасын шығарады 2/7.Осы сандарды индекс ретінде өз орындарына қойып,іздеп отырған формуланы құрады Mn2O7 .

                      Химиялық қосылыстың формуласын құру.

 

Реті

               Орындалу реті

      Формула құру

1

Элементтердің таңбаларын жазу.

P                   O

2

Элементтердің валенттігін көрсету

5                      2

3

Валенттік мәндерінің ең кіші ортақ еселігін табу

          5*2=10

4

Қосылыстағы элементтер атомдарының қатынастарын табу

10/5=2       10/2=5

5

Элементтердің индекстерін жазу

P2                  O5

6

Қосылыстың формуласын жазу

               P2O5

 

Атомдар бір-бірімен белгілі қатынаста қосылады. Әр атомның валенттігі оның екінші атомының қаншасын қосып алатындығын көрсетеді. Егер А және В атомдары І валентті болса, олардың биэлементтік қосылыстарындағы арақатынасы 1:1. Оған АВ типті мынандай заттар мысал бола алады HCl, KBr, NaCl. Ал А элементі І валентті болса, онда олардың өзара қосылыстарынан АВ2 типті молекула түзіледі, мысалы: H2O, H2S, MgCl2. Сондай-ақ ІІІ валентті А элементі мен І валентті В элементтерінің түзетін қосылысы АВ3 типтес болып шығады, мысалы: Al2O3, B2O3, Al2S3. Осылайша биэлементті қосылыстардағы атомдардың әрқайсысының валенттігін біле отырып түзілетін қосылыстардың формулаларын өрнекетей беруге болар еді. Заттың формуласындағы атомдардың өзара қатынастарын ескере отырып,олардың массалық мөлшерін де есептеп шығаруға болады. Мысалы, 7 г темір мен 4г күкірттің өзара дәлме-дәл әрекеттесіп, темір сульфидін FeS түзілуін қарастырайық. 4г күкірт пен 7 г темірді  әрекеттестіруіміздің себебін анықтайық, яғни олар түгелдей әрекеттесуі үшін m(Fe): m(S) = 7:4 қатынасын неге алдық?

Заттың формуласы FeS темірдің бір атомына күкірттің бір атомы сай келетінін көрсетеді. Осыған орай темір мен күкірттің атомдық массаларын ескере отырып, былайша жаза аламыз:

m(Fe) : m(S) = 56 м.а.б. : 32 м.а.б. =  56г : 32г = 7г : 4г 

немесе Аr(Fe) : Аr(S) = 56 : 32 = 7 : 4.

Демек, 7г темірдегі атомдар саны мен 4г күкірттегі атомдар саны өзара тең, сондықтан олардың массалық қатынастары 7:4 болған кезде ғана қалдықсыз түгелдей әрекеттеседі. Ал темірдің массалық мөлшері 7г-нан асып кетсе, оның атомдар саны күкірттің атомдар санынан артып кетеді де, біразы әрекеттеспей артылып қалады. Ондай жағдайда химиялық  реакцияның соңында  FeS-пен бірге Fe қоса жүреді. Мұндай қоспадағы  бос темірді магнитпен тартып бөліп шығарып, таза темір сульфидін (FeS) қалдыруңа болады.Бастапқы заттардың салыстырмалы мөлшері қандай болғанына қарамастан қосылатын атомдар саны өзгермейді. Ендеше химиялық реакцияның нәтижесінде алынған жаңа заттың құрамы да әрдайым бірдей болып келеді. ХІХ ғасырдың басында фанцуз ғалымы Ж. Пруст ашқан құрам тұрақтылық заңының тұжырымдамасы да осыны көрсетеді.Дәперлерімізге мына анықтаманы жазып алайық: «Әрбір күрделі заттың алынуы тәсіліне қарамастан құрамы тұрақты болады» Алыну тәсілдеріне қарамастан әрбір химиялық молекулалық қосылыстың  сапалық және сандық құрамы тұрақты болады.

Су молекуласын мынадай тәсілдермен алуға болады:

2H2 + O2 = 2H2O

NaOH + HCl = NaCl + H2O

Cu(OH)2  = CuO + H2O

CH4 + 2O2 = CO2 + 2H2O

Бірақ  қандай жолмен алса да, су молекуласы сапалық құрамы жағынан сутек пен оттектен, сандық құрамы жағынан екі атом сутектен және бір атом оттектен тұрады. Қандай жолмен алынса да су молекуласының құрамында  11,2% сутек,  88,8%  оттек болады. Құрам тұрақтылық заңның жаңашыл тұжырымы:Кездесетін  жері мен алыну тәсіліне  қарамастан әрбір молекулалы құрылысты таза заттың сандық және сапалық құрамы тұрақты болады.

Құрам  тұрақтылық  заңы  берілген қосылыстың немесе жеке молекуланың  макроскопиялық сандық құрамын анықтау үшін қолданылады.  Бұл заңды қосылыстың молекулалық формуласын, сандық құрамын анықтау үшін де пайдаланамыз. Технологиялық процесте Құрам  тұрақтылық  заңын қолдану арқылы бастапқы реагенттерді ысырапсыз қолданады және өнімді ластанудан қорғайды.

Бағалау: Сабаққа белсенді араласқан, үй тапсырмасына және сұрақтарға жауап берген оқушыларды бағалаймын.

Үйге тапсырма: Химиялық формула. Валенттілік. Зат құрамының тұрақтылық заңы.

жаттығуды орындау.

Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды сау болыңыздар.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Химия пәні. Химиялық формула. Валенттілік. 8 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель научной организации

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 661 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.10.2016 6937
    • DOCX 18.8 кбайт
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Өтемісова Гүлназия Болатбекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18849
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель химии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 471 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 348 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания химии в школе в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 258 человек

Курс повышения квалификации

Методика реализации образовательного процесса и мониторинг эффективности обучения по дисциплине «Химия» в соответствии с требованиями ФГОС СПО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 87 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 573 человека

Мини-курс

Введение в искусственный интеллект

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Мини-курс

Переходные моменты в карьере

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Figma: основные принципы дизайна и композиции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 105 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек
Сейчас в эфире

Совместимость современных ценностей и классической поэзии

Перейти к трансляции