Инфоурок / Химия / Другие методич. материалы / "Химия пәнін интеграциялап оқыту және оның ерекшеліктері"

"Химия пәнін интеграциялап оқыту және оның ерекшеліктері"



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Химия пәнін интеграциялап оқыту және оның ерекшеліктері


Ж.Ж.Кененбаева

Қазалы аграрлы-техникалық колледжі

химия пәнінің оқытушысы

Қазіргі кезеңде әлемдегі көптеген мемлекеттер, оның ішінде аса дамыған мемлекеттер, қарым - қатынастардың әр түрлі салалары бойынша Қазақстан Республикасын тең құқықты, сенімді және тұрақты серіктес ретінде танып, қабылдап отыр.

Мемлекеттің дүниежүзі экономикалық кеңістігінде интеграциялануы, жүйелі және нық дамуы - кәсіби оқу орындарын білікті, терең білімді, сонымен қатар кең творчестволық тұрғыдан ойлайтын, тиімді шешім қабылдай білетін, жаңа заман талаптарына сай болжай және сараптай алатын мамандарды даярлауға міндеттейді.

Интеграция (лат. іntegratіo – қалпына келтіру, толықтыру, іnteger – тұтас, бүтін) – экон. субъектілерді біріктіру, олардың арасындағы байланыстарды дамытып, өзара ынтымақты іс-қимылын тереңдету.

Аталған мамандарды даярлаудың негізгі ережелерінің бірі – білім беру жүйесінде арнайы, жалпы кәсіби, жалпы білім беру пәндерінің өзара байланысын нығайтып интеграциялау. Колледжде аталған проблемаға көп көңіл бөлінеді. Интеграцияның мүмкіндіктері мен қорытындыларының сараптамасы көрсеткендей – кәсіби білікті маман даярлаудағы пәнаралық интеграцияның мәні зор, себебі жан - жақты дамыған терең және сапалы білімі бар маман даярлауға ықпал етеді.

Біздегі 0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» , 1114000 «Пісіру ісі» 1201000 «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», 1513000 «Ветеринария» және т.б мамандықтары бойынша кәсіби мамандар даярлаудағы «химия және аналитикалық химия» пәндерінің пәнаралық интеграциясы қарастыруға болады. Аталған пәндер білім беру барысында бір - бірін толықтырып, студенттердің ізденіске деген қызығушылығын арттырады.


Химия пәнінен №15-3– «Автомеханик» мамандығына

ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР


Тақырыптардың аты

Сағат көлемі


І Модуль. «Металдар»


1

Қара және түсті металдар. Құймалар

3

2

Шойын және болат өндірісі

2

3

Мыс. Мырыш. Магний

2

4

Алюминий және оның қосылыстары

2

5

Хром. Темір

4

6

СӨЖ

4

7

Тест

1


Барлығы:

18


Материалтану пәнінен №15-3– «Автомеханик» мамандығына

ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны


І Модуль. «Металдар»


Қара және түсті металдар өндірісі

2

Металлургиялық процестер, отқа төзімді металдар, шихта құрамы

2

Шойын және болат туралы түсінік

3

Мыс, алюминий, титан, магний өндіру

3

Темір көміртекті қорытпалар,

3

СӨЖ

4

Тест

1


Барлығы:

17

Химия пәнін оқыту бағдарламасында химиялық элементтердің құрылымы, қасиеттері және қосындылары туралы оқытудың жолдары нақты көрсетілген. Соған қарап химияны «Автомеханик» мамандығымен байланыстырса және материалтану пәні «Химиялық заттардың қасиеттері» газдар, майлар, металдар, жоғары молекулалы қосындылар т.б. олардың қалай падалануын, слесарь ісінде тауарларының қасиеттеріне, құрылымына, қолдану барысындағы сапасына әсерімен танысу арқылы ұштасады.

Мысалы; метал түрлері калай бөлінеді және қандай металдарға жататынын анықтап қарастырып танысады. Болаттардың, түсті және қиын балқитын металдар мен қорытпаларды. Нашар пісірімділіктің себептері. Отқа төзімді металдарды білу. Домнада шойын қорытқанда түзілетін өнімдер. Болат, шойын тәрізді темірдің айырмашылықтары. Құймалар өндірісі үшін шойын мен болат-маңызды қорытпалар болып табылатыны. Машина жасауда сұр шойын құймалары ең көп қолданылады. Шойынның қасиеттері. Шойын болаттан көміртегі мөлшерінің жоғары болуымен және құю қасиетінің өте сапалы болуымен ерекшеленетіні. Түсті металдардың ерекшеліктер. Түсті металдарға мыс, алюминий, қалайы, цинк, қорғасын, никель, титан, магний т.б. сондай-ақ бұлардың негізділігімен таныса алады.

Мысал келтірілген сабағымның тақырыбы: «Құймалар. Шойын және болат өндірісі»

Құйма – металды, металл қорытпаларын, пластмассаларды, шыныны, т.б. заттарды балқытып, қалыпқа құйып жасалатын бұйым немесе дайындама. Құйманы легирленген шойыннан, көміртектік және легирленген болаттан, түсті қорытпалардан (мысалы, алюминий, т.б.) әзірлейді.

Сабақтың тақырыбы: Құймалар.

Сабақтың мақсаты: 1) жалпы құймалар туралы түсінік беру.

2) өркениетті елде металдарды және олардың құймаларын алу, пайдалану, сол арқылы техниканың, қнеркәсіптің дамуы туралы айайту.

3) оқушыларды ұйымшылдыққа, тәртіптілікке, үнемшілдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақтың әдісі: жекелей деңгейлік жұмыс, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: «кейбір құймалардың қасиеттері, қолданылуы, құрамы» кестесі, тайқазан, алтын адам суреттері.

Пән аралық байланыс: география, тарих, информатика.

Сабақтың барысы:

а)амандасып, топты түгелдеу.

ә)үй тапсырмасын тексеру: Сұрақтар: 1.Металлургия дегеніміз не? (кен құрамынан металл өндірумен айналысатын өндіріс саласы).

2.Металлургия неше топқа бөлінеді, қандай? (2 топқа, қара және түсті).

3.Металдар туралы қандай ғылым дамуда? (металл тану).

4.Асыл металдарға қандай металдар жатады? (алтын, күміс, платина).

5.Сирек металдар нешеге бөлінеді, қалай аталады, металл мысалдарымен? (5-ке:1-қиын балқитындар: вольфрам, молибден, тантал, ванадий, ниобий, цирконий; 2-жеңіл металдар: литий, берилий, рубидий; 3-шашыраңқы металдар: галлий, индий, таллий, гафний, рений, теллур; 4-сирек жер металдар: селен, иттрий, барий; 5-радиактивті металдар: радий, уран, торий, актиний).

6.Металдарды алу неше топқа бөлінеді, қалай аталады? (3 топқа:1-гидрометаллургия; 2-пирометаллургия; 3-электрометаллургия).

7.Металлотермия дегеніміз не? (қосылыстар құрамынан металды басқа металдар арқылы тотықсыздандыру). 

б)жаңа сабақ: Жұмбақ: Екі немесе одан да көп металдан тұратын жүйені қалай атайды? (құймалар). 
- яғни, құймалар металдар мен кейбір бейметалдардың бір-бірінде балқыған күйде еруінен түзіледі. 

Тайқазан

1399 жылы Түркістанда 7 металдан құйылған:

1. Темір (Ғе)

2. Мырыш (Zn)

3. Қалайы (Sn)

4. Қорғасын (Рb) 

5. Мыс (Сu)

6. Күміс (Аg)

7. Алтын (Аu)

Алтын адам

Б.з.д. V ғ. Есік қорғанынан табылған сақ жауынгер. Ол 4000 астам алтын әшекейлермен безендірілген.

Шойын, Темір, Болат құймалары

Шойын металлургиясы

Шойын металлургиясы болат металлургиясымен және электр металлургиямен бірге техникалық ғылымдардың бірін – қара металлургияны кұрайды, ол әр түрлі металдан жасалатын металды қорытпа өндірісінің процестері мен технологиясын зерттейді. Сол немесе басқа металды (немесе қорытпаны) қолдану оның қасиеттерінің практикалық құндылығымен анықталады; басқа жағдайлар да маңызды мәнге ие, біріншіден, табиғи қор, оны алудың қол жетерлігі және рентабельділігі

Домнада балқыту өнімдері

Домнада балқытудың соңгы өнімдері: шойын, қож жэне домна газы. Шойын - домна өндірісінің негізгі өнімі, ал қож бен домна газы қосымша өнім болып табылады. Домна өндірісінің мақсаты - темірдің көміртегімен, кремниймен, марганецпен, фосформен және күкіртпен көп компонентті қорытпа болып табылатын шойынды алудан тұрады. Шойын қолданысы жэне балқытылатын шихта материалдарының құрамына байланысты онда сонымен қатар хром, никель, ванадий, титан, мыс жэне күшән мөлшері болуы мүмкін.

Шойындагы негізгі элементтер (С, Si, Mn, Р, S, Сг, Ni, Си, As) мөлшері сәйкес стандартней немесе техникалық шартгармен регламенттеледі. Домнада балқыту барысында алынатын шойын құрамы тұтынушы талаптарымен және домнада балқыту мүмкіндіктерімен анықталады. Осыган сәйкес шихта материалдарының құрамы мен балқытудың технологиялық режимін таңдауға тырысады.


Шикізат

Негізгі үрдістер

Қосымша үрдістер

Кемшілігі

Артықшылығы

1

Шойын өнеркәсібі

Темір кендері;

процесс арнайы домна пештерінде жүреді

кокс сгорает до углекислого газа;

восстанавливается углеродом до угарного газа;

оксид железа (3) восстанавливается до железа угарным газом.

угарным газом восстанавливаются марганец, фосфор. кремний

хрупкость чугуна

дешевый материал, обладает твердостью









Қорытпалар – екі немесе одан көп құраушылардан құралған балқымалардың қатаюы нәтижесінде түзілетін денелер. Металдық қорытпалар – тек қана металдан (мыс., латунь - мыс пен мырыштың қорытпасы), не болмаса құрамында аз мөлшерде бейметалдық заттар қоспасы бар металдан (мыс., шойын мен болат –темірдің көміртекпен қорытпасы) тұруы мhello_html_m48989916.jpgүмкін. Көптеген қорытпалардың кейбір түрлері ерте заманнан пайдаланылып келеді (қ. Қола 1-сурет). Болат -  қара металлургия өндірісінің негізгі өнімі және қазіргі машина жасау өнеркәсібі мен құрылыста пайдаланылатын негізгі материал. Болаттан жасалған кейбір заттардың сырты қатты, іші жұмсақ болуы керек кездері де болады (мыс., автомашина осінің сырты қажалмайтын қатты болуымен бірге, машина ой-шұқырға соғылған кезде, ось морт сынып кетпес үшін іші жұмсақ болуы керек). Болаттың сапасын жақсарту үшін қорытпа құрамына хромникельмолибденванадийвольфрам, марганец, кремний, т.б. элементтер қосылады. Мұндай қорытпа легирленген Болат деп аталады. Қорытпалар, негізі темір, мыс, алюминий, магний, титан, қорғасын мен қалайы қорытпаларға бөлінеді. Негізі темір болатын Қорытпалар болат пен шойын болып табылады. Негізі мыс болатын қорытпаларға жез бен қола жатады. Жез – мыс пен мырыштың қорытпасы, қола – мыстың мырыштан өзге барлық құраушылармен қосылған қорытпасы. Алюминий қорытпалары беріктігінің жоғарылығымен, инерциялық және динамикалық күшке қарсылық жасау қабілетінің жоғарылығымен ерекшеленеді; басым көпшілігінің коррозияға төзімділігі, жылу және электр өткізгіштігі жоғары болады. Сонымен қатар алюминий қорытпалары деформацияланатын, құйылатын, жентектелетін болып жіктеледі. Магний негізіндегі қорытпалар тығыздығының төмендігімен, жақсы өңделгіштігімен және соққы күшін қабылдау қабілеттілігімен құнды материал қатарына жатады. Магний қорытпалары ұшақ пен авиақозғалтқыштардың көп күш түсетін бөлшектерін (компрессорлар мен құралдардың қораптарын, картерлерді, шасси фермаларын, басқару колонкаларын, т.б.) жасау үшін қолданылады.

Негізі титан болатын қорытпалардың техникалық титаннан айырмашылығы – олардың беріктігінің, қызу мен коррозияға төзімділігінің жоғары болуында және тығыздығының аздығында; титан қорытпалары авиацияда, ракета техникасында, кеме жасауда, химияда және басқа да өнеркәсіп саласында кеңінен қолданылады. Титан қорытпалары дыбыстан жылдам ұшатын ұшақтардың сыртын қаптауда, реактивті қозғалтқыш құралымдар тетіктерін, ракета қозғалтқыштарының екінші және үшінші сатысының корпустарын, сығылған және сұйытылған газдарға арналған баллондар және шар баллондар жасау, теңіз кемелерін, сүңгуір қайықтарды және торпедоларды қаптау, т.б. жасау үшін қолданылады.

Қорғасын немесе қалайы негізінде дайындалатын антифрикц. Қорытпалар баббиттер деп аталады. Қорытпалардың қасиеті олардың химиялық құрамы мен құрылымына, яғни қорытпа фазаларының өзара әсерлесуі мен араласуына тікелей тәуелді. Қорытпалар, негізінен, екі немесе бірнеше қатты фазалардан құралған біртексіз қоспалар және жалғыз ғана қатты фазадан тұратын біртекті Қорытпалар болып екі түрге бөлінеді. Біртекті қорытпалар қатты ерітінділерге және химиялық қосылыстарға ажыратылады (қ. Қатты ерітінділер). Екі немесе көп фазадан тұратын эвтектик. (жеңіл балқитын) Қорытпалар электрлік қорғауыштар, дәнекер, баббит жасауға, т.б. мақсаттар үшін пайдаланылады.

г) қорытынды: Құймалар металдар мен кейбір бейметалдардың бір-бірінде балқыған күйде еруінен түзіледі. Олар құрылымы жөнінен: қоспа, химиялық қосылыс және қатты ерітінді түрінде болады. құймаларды қолдану таза металдарда кездеспейтін олардың бағалы қасиеттеріне негізделген.

д) бағалау. 

д) үй тапсырмасы: §9.4 № 6,7 есептер.

Химия пәнін оқыту барысында, адам ағзасына кері әсерін тигізетін, денсаулыққа зиян келтіретін улы заттар туралы айтылады. Сондықтан мамандықтарды оқытқан кезде осы денсаулыққа кері әсер тигізетінін ескере отырып, студентерге мұқият түсіндіру қажет. Мысалы: тамақтандыруда көбіне қолданылатын бірақрет қолданылатын пластикалық құтылардың зияны бұл ыстарының /одноразовый/ екінші қайта қолданбау мен таныс бhello_html_2968eb14.jpgолады. Бұл ПЭТ-тер немесе бір рет пайдаланатын бөтелкелер. Олар сұйықтыққа адамның гормоналдың балансына әсер ететін ауыр металл мен заттарды бөлуі мүмкін. ПЭТ -әлемде жиі пайдаланылатын пластмасстың түрі. Есте сақтау керек болған нәрсе ол тек БІР РЕТ пайдалануға арналған. Егер сіз мұндай бөтелкеге өз суыңызды құятын болсаңыз, сіздің ағзаңызға кейбір сілтілі элементтер мен көп мөлшерде бактериялар енуі мүмкін. PP Пластиктің бұл түрінің түсі ақ немесе мөлдір түсте болады. Сироптар мен йогурттар қаптамасы ретінде пайдаланылады. Полипропилен өзінің қызуға тұрақтылығымен бағаланады. Оны қыздырған кезде ол балқымайды. Салыстырмалы түрде зияны жоқ.

Автомехаик глюшителден шыққан түтіні, оның химиялық құрамына байланысты. Мысалы қаныққан көмірсутектер яғни метан, пропан, этан, бутан, октан, нонан, декан жанған кезде ауаға су бу түрінде және көмірқышқыл газы бөлінеді және оттегі жеткілікті болып толық қалдықсыз жанса, оның зияны жоқ. Мысалы табиғи газды алатын болсақ құрамы жоғарыда айтылған көмірсулардан тұрады және күнделікті ас әзірлейміз үй жылытамыз бірақ зияны жоқ. Тек қауіпсіздік шараларды дұрыс сақтамай жанбай шығып ауамен араласса  улы болады және  көз тұрмақ, тыныс жолдары арқылы адамның қанына өтіп өлімге  әкеледі және ауамен қосылып жарылыстар, өрттер болады. Түтіннің пайда болуы  зат жанған кезде оттегі жетіспегендіктен бықсудың нәтижесіяғни шала жану, Бұндай түтіннің   құрамы  жанған заттың химиялық құрамына байланысты. Егер қоқыс жанып түтіндесе, оның құрамындағы пласмасса қалдықтардан, полиэтилен пакеттерден диоксин уы бөлінеді. Қалалы жерлерде улы ғаздарға бай автомобил түтіндері жанармай құрамы сапасыз болғанда, машиналардың двигательдерінде ақау болғанда пайда болады. Қалаға орта есеппен күнделікті 200 мыңның шамасында автомобильдер келіп-кетіп жатады. Ластағыш заттардың зиянды әсер ету сипаты алуан түрлі: олар түрлі металдардың коррозиясын үдетіп, өсімдіктер үшін улы болып келеді, сонымен қатар ыс туындауының бір себебі болады, жаппай өкпе және басқа да ауруларға ұшыратады. сваркіде электрод жанғанда бөлінетін түтіні қарап тұрудың өзі зиян.

Интеграциялық сабақтар балаларды жалықтырмайды, жұмыстың түрі өзгеру барысында біртұтастықпен тақырыпты жан-жақты дамытады. Әрине ол оқытушының шеберлігіне оқу материалдарын өткізуге сабаққа мұқият әзірленуіне байланысты. Интеграция – іс әрекетті алмастыру және бір пәннен басқасына білімді жәй келтіру емес, қазіргі ғылыми білімнің тендециясын бейнелейтін жаңа дидактикалық эквивалентті құру процесі болып табылады. 

Қазақстан Республикасының «Білім» туралы заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті» - ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылымның, практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шеберлікті шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау..» деп, білім беру жүйесінде одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.




Қолданылған әдебиеттер:

1. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан: ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы – Астана, 2007 жыл.

2. Ибрагимов Қ. Жаңа үлгідегі қазақ тілі әдістемесі – Алматы: ШЫҢ-кітап, 2007 жыл.

3. Бекбосынов М. Интеграция әдісін сабақта қолданудың тиімділігі (Қазақ тілі мен әдебиет орыс мектебінде 2009 №1.

4. С.Н. Скрынник. Т. А. Рахманов. «Өндірістік оқу процесстері» Астана 2007ж.

5. А.Омаров «Конструкционные материалы» Астана 2009ж.


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-420674

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>