Инфоурок Химия Статьи"Химия пәніндегі экологиялық білім мен тәрбие беру"

"Химия пәніндегі экологиялық білім мен тәрбие беру"

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

Химия пәніндегі 
экологиялық 
білім мен тәрбие беру

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Химия пәніндегі экологиялық білім мен тәрбие беру.

 

Қазіргі уақытта экология, бүкіл ғаламдық ғылым мен әлеуметтік – экономикалық

жағдайды қамтитын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай эколкгия ғылымының қолданбалы бағыты дами түсуде. Үздіксіз экологиялық тәрбие беруге мемлекеттік деңгейде мән бері- ліп, Президентіміз Н.Ә.Назарбаев  “Қазақстан 2030” стратегиялық бағдарламасында елі- міздегі қалыптасқан экологиялық сауатсыздықты жою, болашағы жарқын елдің экология- лық санасы мен ойлау қабілеті жоғары мәдениетті ұрпақты тәрбиелеуді талап етеді.

Бүгінгі таңда оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін мемлекет-

тік деңгейге көтерудің қажеттілігі туындап отыр. Экологиялық білім беру дегеніміз – адам зат қауымының, қоғамның, табиғаттың және қоршаған ортаның үйлесімділігін, оны тиімді пайдаланудың жолдарын халыққа түсіндіру. Адамның қоршаған табиғи ортаға саналы көзқараспен қарап, оның байлықтарын үлкен парасаттылықпен пайдаланатын, табиғи рес-урстарды байыта түсудің қажеттілігін түсінетін, қоршаған табиғи ортаны қорғауға белсене араласатын көзқарасты қалыптастыру.

Экологиялық білім беру бағытында – жер тағдыры мен ел тағдырының, табиғат пен

адам өмірінің бірлігін терең сезінетін, су, ауа, ғарыш әлемінің қадірін бағалай білетін, табиғатты аялап, оны қорғай алатын азаматты тәрбиелеу міндеттерінің аса маңыздылығына көңіл бөліну қажет.

Қазіргі уақытта білім беретін мектептердің алдында тұрған негізгі мақсат – оқушы

лардың ой-өрісін жан-жақты дамыту, оларға қазіргі заман талабына сай білім беру және тәрбиелеу. Ал оқушыны жан-жақты дамыту дегеніміз оны тек қана  дене бітімі жағынан өсіп жетілуі емес, сондай-ақ баланың жан дүниесінің байып, рухани өсуі, қабілеті мен дарындылығы анықталып, кең өрістеуі, парасаттылық ой мен адамгершілік көзқарастарының қалыптасуы болып табылады. Осындай ізгі қасиеттерді қалыптастыруда оқушылардың санасына әсер етудің үлесі зор болмақ, сонда ғана олар қоршаған ортасын, туған жерін, табиғатын қастерлейді, сүйеді.

Химия ғылымын экологиялық негізде құрудың маңызы зор. Экологиялық білім негі

зін игерген оқушы табиғатты зиянды заттардан қорғауға тырысып, тиімді пайдалануды үйренеді. Табиғат ресурстарын үнемді пайдаланады.

Химия курсын экологияландырудың маңызы зор. Қазіргі кезде елімізде білім беру

ісін одан әрі дамыту жолы іздестіріліп жатыр. Заттар, олардың қасиеттері және айналымын зерттейтін химия ғылымының мазмұны мұғалімге дүниенің қазіргі ғылыми бейнесін түсіндіруге және күнделікті тәжірибелік іс-әрекеттермен байланыстыру арқылы “Адам – зат – материя – практикалық іс-әрекет” қатынасының күрделі кешенінің мәнін ашуға мүмкіндік береді.

Химияда, көбінесе, табиғаттағы экологиялық тепе-теңдіктің бұзылу себептері көрсе

тіледі. Қазіргі көптеген экологиялық проблеманың негізіне реалды химиялық үрдістер жатқанымен , адамзат химиясыз толық мәнді тіршілік ете алмайды.

Химия пәніндегі білім мен тәрбие беру барысында мынадай ұстанымдарды басшы-

лыққа алыну керек:

1.       Табиғаттағы экологиялық мағұлматтар мен мәліметтерді сұрыптап алып, сабақ-

қа пайдалану.

2.       Химия сабағын экологияландыру арқылы кіріктірілген сабақ (химия – биология,

химия – экология, химия – физика, химия – тарих, химия – әдебиет т.б) үлгілерін жасау.

3.       Экологиялық білім, білік дағдыға үйрету арқылы экологиялық мәдениетке

тәрбиелей отырып, экология ғылымы мен табиғатты қорғау ісі арасында тұрақты байланысты түзу.

4.       Табиғатты қорғау ісін сабақта және сабақтан тыс мезгілде үнемі ұйымдастырып

отыру.

5.       Экологиялық білім беру мен тәрбиелеу ісі жаратылыстану пәні мұғалімінің, бүк

іл сыныптың және мектептегі оқу, тәрбие ісінің негізгі бөлігі болып саналуы тиіс.

6.       Оқушылыарды табиғатты қорғау туралы заңдар  және құжаттармен таныстыра

отырып, бұл заңдарды орындау баршамыздың борышымыз екенін түсіндіріп отыруымыз керек.

Химия пәнінің оқу бағдарламасындағы, оқулықтағы, материалдарды экологиямен

барынша байланыстырып, сабақта жергілікті материалды пайдалану арқылы қызықты өткізсе, оқушылардың табиғатқа деген көзқарасы өзгереді.

Экологиялық ділгірліктер – ең алдымен, адамгершілік мәселесі. Осы тұрғыдан хи-

мия курсын экологияландыру үлкен адамгершілік парыз болып табылады. Сондықтан көптеген зерттеулерде экологиялық білім беру жалпы білім берудің бір бөлігі ретінде ғана емес, экологиялық мәдениеті, санасы, сол іс-әрекетке дайындығы жоғары деңгейдегі тұлғаны тәрбиелеу мақсатын көздейтін бұл үрдістің жаңа мәнін қарастырады.

Мектептегі оқушының экологиялық мәдениетін дамыту және қалыптастырудың

тиімді құралдың бірі – экологиялық мазмұнды химиялық есептер мен танымдық ойындарды қолдану. Оларды оқу үрдісінде пайдалану теориялық химиялық материалды күнделікті өмірде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осыдан оқушылардың жұмысқа қызығушылығы, іс-әрекетке белсенділігі артады.

Оқушының теориялық білімдерінің, тәжірибелік эксперименттегі алынған нәтиже-

лерді химиялық талдау жасау арқылы есептер шығаруды үйретуге баса көңіл бөлу химия пәнін экологияландырудың маңызды алғышарты болмақ.

10 – 11 сыныптарда экологиялық білім мен тәрбие беру, экологиялық мәдениетті

қалыптастыру кәсіби мамандықтарға дайындау барысында қалыптасады. Пәндердің өзара пәнаралық байланысы нәтижесінде экологиялық ұғымдар түсіндіріліп білім деңгейлері артады.  Химия оқулығында берілген материалдарға қосымша “ Су және оны қорғау” (VIII сынып), ”Ауа тазалығы және оны ластамаудан сақтау” (VIII сынып), ”Оттектің табиғаттағы айналымы” (VIII сынып),  ”Ауыл шаруашылығын химияландыру” (ІХ сынып), ”Табиғаттағы азот және азоттық қосылыстар” (ІХ сынып), ”Химия өндірісінің экологиялық проблемалары” (ІХ сынып), ”Қазақстан мұнайының табиғатқа әсері” (Х сынып), “Қазақстан полимері” (ХІ сынып), “Қазақстан тыңайтқыштары” т.б сабақтар өткізудің тағылымдық мәні зор.

Осы айтылғандарды мысал ретінде “Ауа тазалығы және оны ластанудан сақтау”

(VIII сынып) сабағын өткізудің ықшамдалған жоспарын ұсынамын.

Сабақты мақсаты: Оқушыларға атмосфера туралы және оның негігі компоненті –

ауа туралы түсінік беру. Ауаның жер бетіндегі тіршілік үшін маңызын айту. Ауаны ластайтын обьектілер туралы мәліметтер беру.

Сабақта мазмұндалатын жайлар:

1.Жер бетінде тіршіліктің пайда болуының негізі ауаға байланысты.

2.Ауаның құрамы: оттек, көміртек, азот – тіршіліктің негізгі элементтері.

3.Ауаның қасиеттері: мөлдірлігі, Күн сәулесі радиациясының сүзгісі, озон экраны

болып табылатындығы.

4.Оттек – ауаның негізгі бөлігі. Жер бетінде оттектің пайда болуы, хлорофильді

ағзалар. Фотосинтез. Жер бетіндегі оттек қоры (оксидтер, судағы оттек)

5.Көмірқышқыл газы. Оттектің, көміртектің жер бетіндегі маңызы мен қоры.

6.Азот – ауаның негізігі бөлігі. Атмосфера азотының фиксациясы. Азоттың табиғат

тағы айналымы.

7.Ауаның ластануы: табиғи ластаушылар – шаң, жел, өрт, теңіз суының булануы,

жанартау атқылауы.

8.Техногендік ластану: шаң, күйе, түтін, газдар, отынның жану қалдықтары, улы

заттар.

 9.Ауаны тазалау проблемалары: өндірістегі ауаны пайдалану жолдары.

Экологияның көкейтесті мәселелерін шешу тек көгалдандыру айналасында ғана

емес, одан да үлкен кеңістікте жүзеге асатын проблема екенін мойындай отырып, бүкіл оқу жоспарындағы барлық пәндердің негізіне экологиялық проблема алынады. Оқушылар дың экологиялық білімді игеру мектептегі оқу тәрбие жұмысында екі түрлі бағытта жүргізілуі тиіс.

Біріншіден, сабақ оқыту барысында экологиялық мәселелердің бір-бірімен

байланыстылығын ғылыми негізінде қабылдаса, екіншіден, сыныптан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстары нәтижесінде олар табиғат пен қайта түлеген ортаға тиімді ықпал ету жөніндегі нақты білім мен практикалық тәжірибені, дағдыны меңгереді.

Бүгінгі таңдағы мектеп мұғалімдерінің аса жауапты міндеттерінің бірі – оқушылар-

ды санасына қоршаған ортаға, туған өлке табиғатына, жергілікті флораға сүйіспеншілікті қалыптастырып, ол арқылы туған өлке табиғатының байлығын сақтау және молайта түсуге бағытталған сезісдерін тәрбиелеу және оқушыларға экологиялық білім беру.

Экологиялық білім адамның ішкі сезімін оятып, айналадағы табиғи ортаға жаңа көз

қараспен қорғауға үйретеді. Сол арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілік артып, оның заңдылықтарын тануға және қайта құру үрдісіндегі білімді дұрыс қолдана білуге мүмкіндік туғызады.

Оқушыларға айнала қоршаған табиғи ортаны қорғау қазіргі заман талабы екендігін

ұғындыруға, қоршаған табиғи ортаны қорғау барысында келеңсіз жағдайларға жол бермей қарсы тұрудың қажеттілігін түсінуде мектептен тыс жұмыстарды жүргізудің маңызы зор. Мектептерде оқушыларға экологиялық білім беру мен табиғат қорғауға тәрбиелеу мектепте жүргізілетін сабақтан және мектептен тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастырғанда ғана белгілі нәтижеге жетуге болады. Бұл екеуі де бірін-бірі толықтырып отыруы қажет. Белгіленген жоспар бойынша жүргізілген сабақта әр уақытта оқушыларды өзін қоршаған табиғи ортаға жауапкершілігін ашып көрсете алмайды. Сондықтан сабақта өтілетін экологиялық мазмұндағы тақырыптарды кеңірек оқып үйрену ұшін сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды осы бағытта өткізу орынды болмақ.

Сонымен, мектептерде сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды жүргізгенде

табиғат қорғау іс-шараларын үнемі үзбей жүйелі түрде өткізіп отыру оқушылардың бұл мәселені тұсініп, сезіне білуіне септігін тигізеді, туған өлке табиғатына қамқаорлық жасау ға үйретеді. Табиғатты қорғау жұмысы әр оқушының міндетті жұмыстарының біріне айналды. Табиғат қорғаудың мектеп өмірінен кең орын алуына бағытталған, мұндай нақты шаралардың зор тәрбиелік маңызы бар, өйткені ертеңгі азамат, отан байлығының иесі – бүгінгі мектеп оқушысы, мектеп тәрбиеленушісі.

Сөзімді дәлелдеу үшін мектептен тыс жұмысымның бірі – шығармашылық топтың

жұмысын айтып өтейін.

           Шығармашылық топтың тақырыбы:  “Қоршаған орта және денсаулық”

Кіріспе сөз ретінде Биосфера ілімінің негізін салушы академик В.И.Вернадский

мына сөзін алдық : «Адам геологиялық күш болғандықтан, Жерді өзгертуге қабілетті»   (Биосфера ілімінің негізін салушы академик В.И.Вернадский)

Мақсаты:

Ø  Сыртқы ортаның ластану жолдарын анықтау;

Ø  экологиялық ластану жағдайларының

Ø  адам денсаулығына әсерін зерттеу.

Ø  Оқушылардың ізденіс жұмыстарында кездескен жаңа өндірістік  жәйін  талдағанда химиядан алған білімдерін іс жүзінде қолдану біліктілігін қалыптастыру. Оқушыларды экологиялық сана мен мәдениеттілікке тәрбиелеу, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, сонымен қатар оқушылардың өз бетімен ізденуге үйрету; ынтасы мен белсенділігін  арттырып, ой-өрісін дамыту, экологиялық білімдерін кеңейтіп, дамыту.

Міндеттері:

          Қоршаған ортаның адам денсаулығына әсерін анықтау;

          Жастарға салауатты өмір салтын насихатта

          Оқушының өз денсаулығына құрметпен қарап, өмір құндылығын бағалай білуге тәрбиелеу;

          Экологиялық мәселелердің мазмұндылығын  жете түсінуге үйрету;

Ж. Қожамқұлованың «Ұрпақтар үні» өлеңі

Жазғанымды дәрменсіз боп бас жағыма жастаймын

                                 Cөзімді мен кезі келді  енді неден бастайын

                                  Жан ұшырған үнін естіп тірінің

Көпшілікке ортақ бол деп ойымды мен тастаймын.

О, Құдайым!

Кінәсі не мына отырған баланың?

Кім кетірді берекесін даланың?

Қайдан іздеп кем-кетігін табамын

Мына отырған, мына отырған наланың?

Жас нәресте не берсе де алады

Көзі, аяғы, құлағы қайда, кімдер оны табады?

Өспей жатып тілсіз, үнсіз отырған

дүниеге не көрдім деп барады?

Көз бен құлақ, аяқ қайда білмедім

Денемдегі мүшелердің қызметін көрмедім

Бекер екен сұм жалғанда мына бір

Өмір сүріп адам болып жүргенім

Қырдың қызыл қызғалдағын термедім

Бұл өмірге пенде болып келген соң

ШІРКІН, ДҮНИЕ-АЙ!

Қызығын да ажыратып көрмедім.

 

Семей сынақ полигоны

Әлемдегі төртінші ядролық арсеналынан өз еркімен бас тартқан, Семей сынақ

полигоның жапқан Қазақстан ядролық қаруды таратпаудың бірден-бір белсенді

 қатысушысы болып табылады.

Жарылыс зардабынан кемтар ұрпақ, мутагендік ұрпақ дүниеге келді. (слайдтан көрсету)

Бүгінгіге дейін жер бетінде 2,5 мыңнан астам болған жарылыстың 630-дан

астамы қазақ жерінде жарылды.

            1940 жылдан бастап, қазақ даласының 34 жеріне атом және сутек қаруларын сынақтан өткізетін полигондар орнатты. .Онда 25.000 ракета жарылып, 177 әскери

техника сынақтан өткізілді.

            Улы заттар мутагендік фактор ретінде, сол ағзаның генотипіне әсер етіп, түрлі

кемтарлыққа әкелді.

Полигон жерінде 3700 астам мүгедек және 1600-дей кемтар балалар есепте. 

Жарылыс салдарынан су мен топыраққа қорғасын,кадмий, мыс пен мырыш сияқты

зиянды металдардың да қоспасы  жайылады.

  

Hg Өмір сүру барысында (70жас)

адам ағзасына cынап

қосылыстарының жинақталу мөлшері 12,0 кг дейін болса

Улы.

Адамның жүйке жүйесіне әсер

 етеді, тіпті кемтар ұрпақ

 тууы да мүмкін.

 

Pb      ал, қорғасын

қосылыстарының жинақталуы 1,6 кг дейін болады.

Улы.

Зат      алмасуға

әсер етеді.

 

Озон қабатының жұқаруы, қышқыл жауындар, улы тұмшалар (у түтін), жылыжай эффектісі,  мұхит және теңіздердің ластануы ...  -  бұлар әлемдік экологиялық проблема болып табылады.

 

Әртүрлі химия

лық қосылыс

тардың

 

Қатты бөлшектер

мен аэрозольдардың

 

Мекемелерден мұхиттарға шығарылған

шайынды

сулардың мөлшері

 

Мұхиттарға төгілген мұнайдың мөлшері

 

атмосфераға шығарылу мөлшері

600млн т

 

Атмосфераға шыға рылу мөлшері

2 млрд т

7.000 км 3

 

100млн т

 

 

 

1 млн. тонна көмір жаққанда 25 мың тонна күкірт диоксиді ауаға шығарылса,

ал жер шары бойынша атмосфераға 60млн.тонна азот оксидтері шығарылады. Осы газдармен дем алғанда тыныс жолдарының қабынуы, бронхит,ентікпе ауруларынан  адам зардап шегеді.

 

Ластаушы газдардың адам денсаулығына  әсері

 

 

Ластаушылар

 

Адам денсаулығына зияны

 

1

    SO2

Күкірт (ІV) оксиді

 

Тыныс алу жолдары ауруға шалдығып, ағзаның иммунитеті төмендейді.

 

2

NO, NO2

Азот (ІІ,ІV)  оксидтері

Тыныс жолдарының ауруын тудырып, қан құрамын нашарлатады.

 

3

H2S (күкіртсутек газы)

Жүрек-қан тамырлары мен жүйке жүйесінің жұмысын нашарлатады.

 

4

  CO(иіс газы)

 

Улы, қандағы гемоглобиннің мөлшері төмендетеді.

 

 

Улы газдарды атмосфераға шығару көздері

 

Газдар

 

Өнеркәсіп

 

Жылу стансасы

 

Көлік

 

NO, NO2

 

20%

 

30%

 

40%

 

SO2

 

8%

 

88%

4%

 

 

Ú  Қазақстан Республикасының «Табиғатты қорғау» туралы Заңында, әрбір ластаушы заттар үшін, оның қоршаған ортадағы шекті жіберілетін мөлшері анықталады.

 

 

Заттар

 

Қауіптілік класы

 

Шекті мөлшері (моль/л)

 

Хлор

 

2

0,10

Азот (IV) оксиді

 

2

0,085

Аммиак

 

2

0,2

Көмірсутек

 

2

0,008

Күкірт (IV) оксиді

 

3

0,5

Көміртек (II) оксиді

 

4

3,0

 

Оқушылар теориялық білімдерін практикада қолдану мақсатында:  Мектеп

бөлмелерін жылыту үшін көмірмен жылу қазандығын жылытатын, Жылу қазандығынан бөлінген күйеден мектеп жанындағы қардың ластану деңгейін ақ қағазбен салыстырып, ауылымызда да экологиялық жағдайлардың барын анықтап, ай сайын жылу қазандығынан 3 кг күйе ұшатынын есептеп қорытындылар жасады.

 

“Жиі-жиі немен ауырасың» деген сауалнамаға  берген  оқушылардың жауаптары

 

Ауру/ сынып

тар

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Аллергия

 

3

3

1

3

3

3

4

2

3

3

2

Анемия

 

2

2

4

2

3

3

3

4

1

2

2

Бронхы

 

1

1

 

 

 

1

1

2

 

1

2

Тері ауруы

 

 

2

1

2

 

1

1

1

2

 

 

Туберкулез

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пневмания

 

 

1

1

1

2

2

1

1

2

3

1

 

Деректер көзі

 

Ú  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарасақ, адам денсаулығының 40% экологияға, 40% өзінің өмір сүру дағдысына, 18-20%

ғана медициналық көмекке тәуелді.

Ú  Дүние жүзінде 500.000 адам пестицидпен уланып, оның 5.000 өледі.

 

Қатерлі ісік ауруының 90% қоршаған ортаның қолайсыз әсерінен. Өкпе құрт (тубер      

(кулез) ауруы соңғы жылдары үдеген.

Адамдардың әрбір алтыншысы бүйрек және қанның аздығы (анемиямен) ауруымен

ауруымен ауырады. Балалар ауруының жалпы саны 5 миллионнан асып кеткен.

Еліміздегі экологиялық жағдай ұшығып барады       , бұл өкіметті де алаңдатуда,

Қоршаған ортаны қорғау министрліктері көптеген жұмыстар атқаруда.

       Елімізде қоқыстың көптеген түрлерін қайта өңдейтін мекемелер баршылық, бірақ

 бұл жұмыс жүйесіз жүргізілуде (Қоршаған ортаны қорғау министрлігі).

2010-2020 жылдарға арналған «Қазақстан экологиясы» бағдарламасы аясында

өндіріс қалдықтарын кешенді қайта өндеу және кешенді басқару жөнінде ұлттық орталық құру туралы ұсыныс білдірілді. (Қоршаған ортаны қорғау министрлігі).

Салауатты өмір салты

         Жеке адамның денсаулығы, оның өзінің өмір сүру тәртібіне және

әдетіне тәуелді.

     Бірқатар аса қауіпті заттар – ағзаға қысқа уақыт рақаттану үшін енгізіледі.

Бұған темекі, арақ, есірткі пайдалану жатады.

               Темекі шегуді ерте бастаған адам өкпе рагына шалдығуы мүмкін, ал ішімдік

ке салыну – адамгершілігін жоғалтуға, ағзаның ерте қартаюына әкеледі.

            Есірткіні үзбей қолдану, әрбір жаңа мөлшері сайын өзін жеңе алмайтын әдет қалыптастырып, ағзаны толық деградацияға ұшыратады, тіпті адам жастай өліп

кетуі мүмкін.

Салауатты өмір – бұл спортпен шұғылдану.

      БҰҰ II конференциясында ( 1992ж ) «Табиғат және тұрақты қоғам дамуының

концепциясы » қабылданған. Онда салауатты орта – экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және табиғат пен қоғам дамуының маңызды құраушысы болып табылады,- делінген.

 

Қорытынды

Белгілі ғалым, жүрек хирургиясының әйгілі маманы, академик Н.М.Амосов: “Күнде таңертең ертерек тұрып, әр түрлі жаттығулар жасауға, салқын сумен шайынып, шынығуға

болады. Көпшілігіміз жас кезімізде оған көңіл бөлмей, есейген соң жалқаулықтың  құрсауынан тағы босай алмай, жасымызға жетпей қартайып, әр түрлі созылмалы ауруларға шалдығып, қайғы-қасірет пен өлім қорқынышынан қалтырап күн өткіземіз.

Қай уақытта ұйықтайсыз? Қалай және немен тамақтанасыз? Жаяу көп жүресіз бе? Жұмыстан бос уақытыңызда қалай дем аласыз? Түнде ұйықтай алмағанда нендей шаралар қолданасыз? Арақ-шараппен және темекімен "достығыңыз" қандай? Осыларды ой елегінен өткізгенде ғана не себепті дертке ұшырағандығыңызды түсінесіз. Денсаулықты сақтаудың бірден-бір дұрыс жолы - зиянды, жат қылықтарға (арақ ішу, темекі тарту, т.б.) үйренбей, салауатты өмір сүру, алдын ала сақтандыру шараларын қолдану болып табылады.

Табиғаттың тауыспайық,  мөлдір бұлақ  тынысын дегім келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер:

 

1.       ҚР білім беру жүйесінде экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымдамасы.

 

2.       Экологическое образование школьников: Ред. И.Зверева, И.Суравегиной М.1983

 

3.       Ә.Жақсыбеков Экологиялық мәдениет. Алматы, 2009

 

4.       З.Д.Шардарбеков: Химия. Сыныптан тыс жұмыстар. Алматы, 2006

 

5. Ж.Дәрібаева, Ә.Баешов, С.Сермаңызов. Экология Астана, 2005

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Химия пәніндегі экологиялық білім мен тәрбие беру""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по взаимоотношениям

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 291 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.04.2016 1761
    • DOCX 48.2 кбайт
    • 26 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мекежанова Гулсим Мырзахановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12653
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия и биология")

Учитель химии и биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс профессиональной переподготовки

Химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель химии

600 ч.

9500 руб. 4750 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Курс повышения квалификации

Химия окружающей среды

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 438 человек

Мини-курс

Интегративные технологии в коррекции учебно-поведенческих нарушений

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовое руководство: от планирования до успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Сенсорная интеграция: типовые и инновационные методы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек