Инфоурок Химия ПрезентацииХимия пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы: Ковалентті химиялық байланыстың қасиеттері. Атомдық орбитальдардың гибридтенуі және молекулалардың геометриясы. (10 cынып)

Химия пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы: Ковалентті химиялық байланыстың қасиеттері. Атомдық орбитальдардың гибридтенуі және молекулалардың геометриясы. (10 cынып)

Скачать материал

    №14 сабақ                    Химия              10 «А» сынып                           күні 15.10.15ж Тақырыбы: Ковалентті химиялық байланыстың қасиеттері. Атомдық орбитальдардың гибридтенуі және молекулалардың геометриясы                                                                             Білімділік мақсаты:  Ковалентті байланыстың қасиеттері, оның маңызды сипаттамалары туралы білімді қалыптастыру;                                                                                                                                       Дамытушылық: Берілген химиялық байланыстың түрлерін анықтай білу,ковалентті байла ныс туралы білімдерін жүйелеу және қорытындылау,салыстыру, білім-білік дағдыларын дамыту;                                                                                                                                                                             Тәрбиелік: сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.                                                                                                                                                                      Сабақ типі: Жаңа білім беру сабағы.                                                                                                 Сабақ өткізілу түрі: Мұғалімнің түсіндіруі,кітаппен өз бетінше жұмыс, жаттығулар орындау, кестемен, сызбанұсқамен жұмыс, фронталды әңгімелесу                                               Құралдар мен реактивтер: Кітап,  дәптер, интерактивті тақта . Түрлі түсті шариктер, таяқшалар.                                                                                                                                            Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушы лардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.                                                                                                                                                                             Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:                                                                                                                                          1.Жаттығуды тексеру.

2. сутектік байланыстар                                                                                                                                    Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:                      1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын  айқындау.      1.Фронталды әңгімелесу:(нашар үлгерушілермен жұмыс)                                                                           А.Ковалентті байланыстың негізгі сипаттамаларына анықтама беріңдер:байланыс ұзындығы, бай ланыс энергиясы  қандай ?                                                                                                                           Б.Аммоний ионы мысалында ковалентті байланыстың донорлы-акцепторлы байланыс механизмі нің ерекшеліктерін түсіндіріңдер.                                                                                                                                               В.s және pбайланыстың түзілуінің айырмашылығы неде?                                                                  Жаңа сабақ түсіндіру.                                                                                                                                             Коваленттік байланыстыңнегізгі қасиеттеріне қанығуы, полюстенуі, бағытталуы жатады.              Коваленттік байланыстың қанығуы әр атомға тән ортақ электрон жұптарының саны мен анықталады. Химиялық байланыстың ерекшелігі – қанығуға қабілеті бар, яғни атом өзінің валенттік орбитальдарын толық пайдалануға тырысады. Қанығуына сай молекулалық бай ланыстың да белгілі құрамы болады. Сондықтан, Н2, НСl, Н2О, BCl3,CH4 сияқты молекула лардағы байланыстар қаныққан, яғни атомдардың барлық орбитальдарында ортақ электрон жұптары орналасқан.

 Коваленттік байланыстың полюстенуі молекулалардың өздерінің және олардағы жеке байланыстардың полюстігінің сыртқы электр өрісінің әсерінен өзгеру қабілетімен сипатталады.Полюстену молекуладағы электрон тығыздығының бірдей болмауына әкеледі.

qCl- = -0,18, ал  qН+= +0,18.                                                                                                                    Молекула мен байланыстың полюстігін бағалау үшін әдетте тиімді заряд шамасы q («ку») мен диполь ұзындығының l («эл») көбейтіндісіне тең диполь моментінің тұрақтысы µр(«мю») қолданылады , яғни

                   µ =   q ·  l.

Диполь моменті дебаймен (голландиялық ғалым Дебайдың құрметіне) өлшенеді.

 Диполь моментінің шамасымен заттың реакцияласу қабілеті байланысты болады. Молеку ланың µ неғұрлым көп болса, оның әрекеттесу қабілеті соғұрлым жоғары болады. Диполь моменті мен заттың ерігіштігі де байланысты. Сұйықтардың полюсті молекулалары олар  да еріген электролиттердің электролиттік диссоциациялануын қамтамасыз етеді. Коваленттік байланыстың бағытталуы молекулалардың кеңістіктік құрылымын (пішінін), яғни олардың геометриялық формасын тудырады. Мұны кәдімгі молекулалардың: НСl, Н2О және NH3 түзілу мысалында қарастырайық. Коваленттік байланыс атомдардың қосылу сызығының бойында электрон бұлттары, (орбитальдары) максимал бүркескен бағытта пайда болады.                                                                                                                  Хлорсутек НСl молекуласы сызықты, өйткені сутек атомының s-орбиталі мен хлор атомы ның p-орбиталінің бүркесуі есебінен түзіледі (3.3-сурет).                                                                   Су молекуласы Н2О түзілгенде, оттек атомы екі валенттік р-электрондары арқылы сутекпен бұрышты молекула түзеді

 Аммиак молекуласы NH3 түзілгенде байланыстар сутектің үш атомының s-электрондарымен байланысқан азот атомының үш р-орбиталінің үш осі бойына орналасады. Молекула дұрыс тригональді пирамида пішініне ие болады Коваленттік байланыстың бағытталуы орталық атомның валенттік орбитальдарының гибридтенуіне және олардың кеңістікте орналасуына тәуелді. Орбитальдардың гибридтенуі – әр түрлі электрон бұлттарының араласуы және олардың пішіні мен энергиясы бойынша бірдей болуы. Бұл жағдайда электрон орбитальдарының алғашқы пішіні өзгереді, ассиметриялы және ядроның бір жағына қарай созылыңқы гибридті орбитальдар түзіледі. Гибридтік орбитальдардан түзілген химиялық байланыс бүркесуі көбірек болғандықтан, бастапқы орбитальдардың электрондары қатысында түзілген байланысқа қарағанда берік болады.Байланыс түзуге әр түрлі типті электрондар, мысалы, s- және р-электрондар қатысқанда үнемі гибридтену жүреді. Бериллий хлориді BeCl2, бор хлориді BCl3 және метан CH4 молекулаларының гибридті орбитальдары түзген конфигурациясын қарастырайық.

BeCl2молекуласында химиялық байланыс түзу үшін бериллий атомының бір s- және бір р-электрондары қатысады. Бұл кезде sр- («эс пэ» деп оқылады) гибридтену жүреді BeCl2  мо лекуласы сызықты, өйткені, sр-гибридті орбитальдары қарама-қарсы бағытқа бағдарлан ған                                                                                                                                                                             Бор хлоридінің молекуласында BCl3 sр2- («эс пэ екі» деп оқылады) гибридтену іске асады. Байланыстыруға бір s- және екі р-электрондар қатысады да, жазық үшбұрышты молекула түзеді .

 Метан молекуласындағы СН4  көміртек атомында бір s- және үш р-электрондар гибридтенуге ұшырайды. Бұл sр3- («эс пэ үш» деп оқылады) гибридтену тетраэдрлік конфигурация түзеді .

Орбитальдардың гибридтенуі арқылы су молекуласындағы байланыстың валенттік бұрышымен (104,5º) және аммиак молекуласындағы валенттік бұрыштың (107,3º) өзгеруі түсіндіріледі. Ол азот және оттек атомының sр3-орбиталындағы байланыстырғыш электрон жұптарының тебілу әсеріне тәуелді.

Жаңа сабақты тексеру кезеңдері:

Жаттығу орындау:№1-3 .94  бет кітаппен 1нұсқа;  10-ЕТЖ-1 -2 нұсқа.

1.Соңғы берілген жаттығуларды тексеру

Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

  Параграф   3.3   оқу -, 8-9(94бет) –жазбаша

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Химия пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы: Ковалентті химиялық байланыстың қасиеттері. Атомдық орбитальдардың гибридтенуі және молекулалардың геометриясы. (10 cынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист контроля качества

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.12.2015 5852
    • DOCX 18.6 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Масимова Гульзарям Миналовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Масимова Гульзарям Миналовна
    Масимова Гульзарям Миналовна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18643
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель химии

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия")

Учитель химии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия и биология")

Учитель химии и биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Мини-курс

Управление стрессом и эмоциями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 74 человека

Мини-курс

Психология детей и подростков с дромоманией

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Педагогические аспекты работы с баснями Эзопа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе