Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Химия / Презентации / Химия пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы: Металдардың тірі ағзалар тіршілігіндегі биологиялық маңызы. (10 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Химия

Химия пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы: Металдардың тірі ағзалар тіршілігіндегі биологиялық маңызы. (10 сынып)

библиотека
материалов

10-сынып

Сабақтың тақырыбы: Металдардың тірі ағзалар тіршілігіндегі биологиялық маңызы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың металдардың периодтық жүйедегі орнына кіші және үлкен период металдарының атом құрылысына тән ерекшеліктеріне көңілін бөле отырып, жаңа тақырыпты игерту, кейбір кеңінен қолданылатын металдар туралы түсінік беру; оқушыларды еліміздің қазба байлықтарымен Қазақстан металлургиясы және оның дамуына ғалым Қаныш Сатпаевтың қосқан үлесімен таныстыру. Дамытушылық: Өзіндік жұмыс істеуге баулу, оқушылардың ойлау және шығармашылық қабі леттерін дамыту, алған теориялық білімдерін іс- жүзінде қолдана білуге үйрету; Қазақстанның металлургиясы туралы мәлімет беру; жаңа технология әдістері арқылы оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру. Тәрбиелілік: Оқушыларға экологиялық және кәсіптік бағдар беру. Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты игерту. Сабақтың әдісі: М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы», , тест, өзін - өзі бағалау әдісі, полиглот, жарнамалау әдісі. Пәнаралақ байланыс: география, тарих, биология, экономика. Сабақ көрнекілігі: Мақал-мәтелдер жазылған буклет: «Темір - тоттанып тозар», «Қуатты қол - құрыш», «Орын тапқан шеге оңды», «Аз сөз алтын, көп сөз көмір», «Ағаш кессең ұзын кес, қысқартуын оңай, темір кессең қысқа кес, ұзартуың оңай»; Сабақтың девизі: «Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат, бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» Қ.Сәтпаев. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. 2. Сыныпты төрт топқа бөліп отырғызу. «Өзіңді бағалау» тренингі бойынша топ басшыларын сайлау. Банктер мен конверттерді, түрлі-түсті қағаздарды тарату. Металдардың шығу тарихына шолу. Металдың пайдаланыла бастаған дәуірі Алғаш табылған Ме Біздің заманымызға дейінгі Алтын, күміс, мыс, темір, сынап, қалайы, қорғасын. ХҮІІІ ғасырға дейін ---- Мырыш, сурьма, висмут ХҮІІІ ғасырда – Платина ХІХ ғасырда - Натрий, магний, алюминий, хром, марганец, никель, кобальт, иридий. ХХ ғасырдың бірінші жартысында - Жер қыртысында кездесетін қалған Ме ХХ ғасырдың екінші жартысынан осы кезге дейін Жер қыртысында кездеспейтін жасанды жолмен алынған металдар актиноидтар, лантаноидтар Кестеден біздің заманымызға дейін алтын, күміс, мыс, темір, сынап, қалайы, қорғасын пайда болғанын көріп отырсыздар. Оған дәлел Ү-ҮІІ ғасырларда өмір сүрген алтын киімді адам 1969 жылы Есік қорғанынан табылғанын жақсы білесіздер. Бұл жерде 4000-дай алтын детальдар табылған. Тағы да адамзат тарихында тұтас бір дәуірлер мыс, қола, темір дәуірлері деп аталуы оларды адамның игеру кезеңімен байланысты.

Қазбадан табылған қару жарақтар, әшекей бұйымдардың, еңбек құралдарының металдардан жасалғаны анық. Металдардың аталуы: Алтын – таңғы арай. Мыс – Кипр аралы мысқа бай. Күміс – ақ, жарық. Темір – латын тілінен аударғанда «қамал». Сынап – сүйық күміс. Вольфрам – қасқыр көбік. Платина – күміске ұқсас.

Берилий - тәтті (конструкциялық берилий ғарыш ісінде өте маңызды орын алады. Шойын, болат, темірге қарағанда жеңіл, әрі мықты, арзан. Қазақстанда Алматыда өндіріледі)

Металдарды элемент ретінде қарастырсақ периодтық жүйеде: Сол жақ төменгі бөлігінде орналасқан. Тотығу дәрежесі оң. Күшті тотықсыздандырғыштар. Атом радиустары бейметалдарға қарағанда ұзындау.Негізгі топшаларға орналасқан Ме сыртқы энергиялық деңгейіндегі электрон саны топ нөміріне тең. Периодтық жүйенің 80 пайызын алады. Қосымша топшада орналасқан металдардың сыртқы энергиялық деңгейіндегі электрон саны топ нөміріне сәйкес келмейді. Олардың электрон саны 2-ден аспайды. Қалғаны астындағы қабатта орналасады. Соларды беріп жіберу арқылы +4, +7 дейін тотығу дәрежесін, бейметалдық қасиетін көрсетеді. Бұлар d-элементтер. Өзінді тексер. Тест Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі металдардың пайыздық мөлшері.

А) 90% Ә) 80% Б) 50%

2. Сілтілік Ме А) Li. Na. K.Rb. Cs. Fr. Ә) Li. Na.Ca. Mb. Al. Б) Na. K. Fr.Au. Al.

3. Жеңіл балқитын Ме

А) Күміс, алюминий, мыс Ә) Сынап, цезий, галлий Б) Мыс, қорғасын, алтын.

4. Электр шамының қылын жасайтын, ең қиын балқитын Ме

А) Ti Ә)V Б) W

5. Негізгі топшаның Ме

А) s.d элементтер Ә) p.d элементтер Б) s.p элементтер.

6.Қосымша топшаның элементтері.

А) s.p Ә) d Б) p.d

7. Электр тогын ең күшті өткізетін Ме

А) Күміс, мыс, алюминий Ә) Мыс, титан, алюминий Б) Күміс, алтын, хром

8. Тез магниттелуге және магниттік қасиетін жоюға бейім Ме

А) Марганец Ә) Мыс Б) Темір

9. 4 Al + 302 2 Al2 O3 реакциясы бойынша 1 моль Al жанғанда неше моль Al2 O3 түзіледі?

А) 0,5 моль Ә) 2 моль Б) 1 моль

10. Қай элементке сәйкес келетін электрондық формула.

1s2 / 2 s2 2 p6 / 3 s2 3 p6/ 4 s 2

А) Fr Ә) Ca Б) K

Дұрыс жауабы тақтада беріледі.

8 Шкала:

«5» - 8-10; «4» - 4-7; «3» - 1-3.

Көк «5», жасыл «4», қызыл «3», сары «толықтыру» +1

бағалау парағына әр оқушы тиісті бағасын қояды.

Инсерт.

Мыс, марганец – 1-топ; хром, күміс – 2-топ; темір, сынап – 3-топ; алтын, титан – 4-топ.

Анограммадан сөз құрастырып, қазақша, орысша, латын, халықаралық атауын беру, формуласын жазу.

Полиглот.

МСЫ – мыс, Cu, купрум, медь.

НЫТЛА – алтын, Au, аурум, золото.

МІРТЕ – темір, Fe, феррум, железо.

ЛЮАИЙМИН – алюминий, Al, алюминиум.

Жарнамалау.

Әр топтан екі оқушыдан шығып, металдарды жарнамалайды.

Қорытынды. Сатпаев Қаныш Имантайұлы (1899-1964) аса көрнекті ғалым, әрі қоғам қайраткері, Қазақстан металлургиясының дамуына баға жетпес үлес қосқан ғалым. Ол үлкен Жезқазған, Ұлытау мыс-минералды шикізат қорларын тұңғыш жан-жақты зерттеді. Ғалымның құрметіне Қаратаудағы Ванадий кенінен табылған бір минерал Сатбаевит деп аталады.

Металдар – ғылым мен техниканың қазіргідей дәрежеге жетунің бірден-бір кепілі

Бағалау.

Әр оқушы жетонын есептеп орташа балл шығарады. Топтар жиналған жетондарды есептейді.

Үйге тапсырма.































.

































































.








Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 22.12.2015
Раздел Химия
Подраздел Презентации
Просмотров2020
Номер материала ДВ-279437
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх