Инфоурок Биология Другие методич. материалыХимия пәнінен баяндама: "Химия сабағында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту" (8 сынып)

Химия пәнінен баяндама: "Химия сабағында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту" (8 сынып)

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Химия саба?ында о?ушыларды? сыни т?р?ыдан ойлау ?аб_лет_н дамыту.docx

hello_html_m6ff5f806.gifhello_html_m58444572.gifhello_html_m649f3038.gifҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысы

Сарыағаш ауданы

11 М.П.Окороков атындағы жалпы орта мектебі













Тақырыбы: «Химия сабақтарында оқушылардың сыни тұрғыдан белсенді ойлау қабілетін дамыту»











Пәні: Химия















Орындаған: химия-биология пәні мұғалімі Алипбаева Н.Н.

ЖОСПАР



І КІРІСПЕ



ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 Сабақтың тиімділігін сапасын арттыратын әдіс-тәсілдерді қолдану

2.2 Сабақтың тиімділігін арттыруда «дамытушы буын» әдісін енгізу

2.3 Оқушының сыни тұрғыдан ойлау белсенділігін дамыту.

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

































КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы өзінің ғылыми техникалық, экономикалық, ресурстық және рухани дамуының жаңа деңгейіне бағытталуда. Республика өміріндегі бұл өзгерістер, сөз жоқ, білім беру саласына, соның ішінде мектепте оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу ісіне де әсерін тигізуде. Сондықтан мектеп оқушыларын ғылыми білімінің қоғамдық қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, оларды отандық, ұлттық және әлемдік мәдениет арналарынан сусындату – басты міндет болып қала береді. Өйткені егемендің елдің ертеңі оқу-білімнің тереңдігімен өлшенеді. Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз дамытуды талап етеді. Осыған байланысты мектептегі оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мақсаты мынадай болуы тиіс:

  1. Оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге бағыттау.

  2. Білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу.

  3. Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту.

  4. Аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.

Жеке адамның қалыптасуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайтынын ескерсек, берілетін білімді ізгілендіру, әсіресе химия мазмұнын осы бағытта жүзеге асыруда мүмкіндіктері молдығын байқаймыз. Себебі, адам, табиғат, қоғам бір-бірімен тығыз байланысты. Адамның дамып жетілуіне мүмкіндік туғызатын орта болса, сол қоршаған орнаның табиғат байлықтарын, табиғи жағдайларын мектепте оқытып үйрететін пән – химия.

Елбасының 2014 жылы жарияланған Жолдауында да селт еткізер жаңалықтарға толы болды. Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақ-мерзімді басымдықтары белгіленген. Басым бағыттар бойынша білім беру саласына да көңіл бөлген. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек? Оқушыларға сапалы да, терең білім мен саналы тәрбие беруіміз керек. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игере білуі тиіс. Қазіргі таңда «Көшбасшылық», «СТО», «Оқыту және оқу үшін бағалау» т.б. модулдер сабақтарда қолданылып келе жатыр. Бұл модулдер арқылы оқушылардың белсенді ойлау қабілетін арттырады.



НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 Сабақтың тиімділігін сапасын арттыратын әдіс-тәсілдерді қолдану

Сабақтың тиімділігін арттыруда қалай оқыту керек? дейтін дәстүрлі дидактикалық сұрақ заңды түрде оқыту әдісінің категориясын шығарады.

Әдіс – жоспарланған мақсат пен соңғы нәтиженің арасын байланыстыра-тын оқу процесінің өзегі болып табылады. Оның жүйедегі айқындаушы рөлін «мақсат – мазмұн – форма – оқыту әдісінің құралдары» көрсетеді. Жаңаша жұмыс істеу, педагогикалық еңбектің жоғарғы тиімділігіне жету – қайта құру талабы. Оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттыруда оқушылардың белсенді ойлау қабілетіне қозғау салудың маңызы зор. Осы орайда мұғалімдер сабақты түрліше әдіс-тәсілдер мен стратегияларды қолданып, оқушының жеке қабілеттерін ашуға, оқушының сыни тұрғыдан ойлануға үйрету. Бұрынғы білім беру жүйесі авторитарлық бағытта болған деп кері пікір қалыптасқан. Қазіргі кездегі жаңа технологиялардың негізі Кеңес одағы дәуіріндегі білім беру жүйесінде де қалыптасқан еді.Сол уақыттарда шығармашылықпен іс атқаратын тәжірибелі ұстаздарда да болған. Бірақ, бүгінгі талап пен мақсатқа жетудің ынтасы басым болып отыр. Неге мен Кеңес дәуіріндегі білім беру жүйесіне тоқталып отырмын?. Себебі, менің қолымда 1989 жылы Шымкент облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының химия кабинетінде Арыс ауданы «Спутник» орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Оңғарбаев Қалимұлланың іс-тәжірибесі зерттеліп, басылып шыққан, әдістеме бар. Аталған әдістемеде сол уақыттағы Қалимұлла ұстаздың іс-тәжірибесіндегі «Жетілдірілген бағдарлама» бойынша бүгінгі таңдағы қойылып отырған, жаңа технологиялардың элементтері көрініс тапқан. Оны мына таблицадан ұқсастығын байқауға болады:

Жетілдірілген бағдарламаның әдіс-тәсілдері

Кембридж бағдарламасының әдіс-тәсілдері

1

«Дамытушы буын» әдісі – оқушыны ойша елестетуге үйретеді.

СТО – оқушылардың ойша, сыни тұрғыдан ойлануға үйретеді.

2

«Тақырыпты өзгертіп беру» әдісі - мұнда оқушылардың еріксіз есте сақтаудың, ерікті есте сақтаудан тиімді екенін дәлелдейді. Мұғалім бір рет тірек-сызба арқылы түсіндірсе, кейін сыныпта оқушылар тірек-сызбамен сөйлеп үйренеді. Бұл әдісте оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу байқалады.

Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

Білім стандартына сәйкес сынып оқушылары жас шамалас, сондықтан оқулықта берілген тапсырманы орындатуда жұптық жұмыс түрін ұйымдастыру керек. Оқушылар пікірлесе отырып, тапсырманы дұрыс орындайды.

3

«Болжам» әдісі - бұл тәжірибенің нәтижесін алдын ала болжау оның нәтижесін түсіндіріп беруден қызық. Тәжірибені жасағаннан кейін бір ғана оқушы бүкіл сыныпқа түсіндіретін болса, «болжам» жасау бүкіл сыныпқа тапсырылады. Оның нәтижесін сынып болып ойларында «сенім мен сенімсіздік» күресе отырып асыға күтеді.




Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

Бұл модуль «Қалай оқу керектігін үйрену» және «диалог негізінде оқыту мен оқу» әдістерін қарастырады. Оқушылардың бір- бірімен қарым- қатынас жасау арқылы білім алуын көздей отырып, «диалог негізінде оқыту» әдісін қолдану.

4.

Көрсетілім кезінде «Ойын элементтерін қолдану» әдісі –оқушыға таныс заттармен көрсетілім жасау. Бұл әдісті биология сабағына да қолдану тиімді

Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

Химия пәнінен жас ерекшеліктеріне байланысты олардың ойларының даму деңгейін ескере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ойын элементтері қолдану.

5.

«Бәрін де білгім келеді» бақылағыш қондырғы аппарат – оқушы білімін бақылауды, жаттықтыруды іске асырады. Топтық жұмыс, олар жұмысты «лидердің» басшылығымен атқарады. Бұл әдісте диалог, пікірталас туғызады.

Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Аталған модуль топтық жұмыстарда дарынды және талантты оқушылар да көшбасшы бола алады.Топ жетекшісі болған оқушылары топтық жұмыс жасау барысында өздерін көрсете біледі. Олар жұмыс барысын ұйымдастырып, тапсырмаларды бөлісе орындап, топ мүшелерін жұмысқа тартуынан олардың көшбасшылық қасиеттерін байқауға болады

6

Электрленген аппаратты пайдалану әдісі – техникалық құралдағы бақылағыш лампылардың жануы оқушы ойын еліктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану. Электронды құрал-жабдықтарға негізделген АКТ, интербелсенді тақта мен ғаламтор желісі мүмкіндіктерін пайдалану, солардың көмегіне сүйену арқылы сабақ өтуге дайындаламыз.


7

«Бағалау» әдісі – әр әдісті қолданғанда өзі-өзі бағалау, топтық жұмыста, ұжымда, жеке жұмыстар бойынша бағалау үшін жеке журнал арналған. Оқушылардың жақсы оқуына ықпал жасау және білім сапасын айқындау мақсатында жүзеге асырылған.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Оқушылардың жақсы оқуына ықпал жасау және білім сапасын айқындау мақсатында жүзеге асырылған.



Қай кезеңде болмасын балаға сапалы білім беру - кез келген ұстаздың міндеті.

Жеті модуль бойынша оқытасың ба немесе ішінара элементтерін қолдансаң ба?- оқыту сапасын дамыту жолында оқушылардың пәнге қызығушылығын тиянақты қалыптастыру тәсілі ұсынылады. Ол мақсатқа жетудің негізгі жолы – оқушылардың белсенді ойлау қабілетін арттыру болып табылады. Оқу үрдісінде материалды сабақта игеруді мақсат етіп қою керек. Бұл менің Кембридж бағдарламасын салыстырудағы мақсатым екеуінің сабақтастығын көрсеткім келді.

Оқу үрдісі, негізінен, материалды сабақта игеруді мақсат етіп қоюдан бастау керектігі көрсеттілген. Сабақтың тиімділігін арттыруға баса назар аударылады. Себебі оқушылардың белсенді ойлау қабілетін туғызбайынша, ұстаз қанша күш жұмсағанымен, нәтижесі болмайды.

Мұғалім өз сабағында әңгіме, лекция бақылау, өз бетінше оқулықпен жұмыс істеу, үлестірмелі матеиралдарды, әсер етуші көрнекі құралдарды тиімді пайдаланып, оқушылардың танымдық әрекетіне басшылық жасайды, сұрақтарға жауап іздестіруге бағыттайды.


2.2 Сабақтың тиімділігін арттыруда «дамытушы буын» әдісін енгізу


Чех педагогі Я.А.Коменскийдің ілімінен бастап бүгінге дейін оқу әдістемесінде білім беруді ұйымдастырудың басты формасы – сабақ. Әрбір сабақ – жаңалық болу керек. Сондықтан әр мұғалім сабақ өткізу кезінде алдымен сабақтың құрылымын анықтайды. Ол сабақтардың құрылымы әр түрлі болып, оқыту әдістері, мұғалімнің дайындығы, ізденісі жоғары деңгейде болуы керек. Осыны басшылыққа ала отырып, сабақтың әрбір кезеңін жіті қадағалап көңіл бөліп отырамын.

Сабақ кезінде әр оқушы пән мұғалімімен бірге сабақта берілетін материалдарды бірлесіп талқылап, тұжырымдап, қорытындылап, негізгі ойды әрі қарай жалғастырып отыратын күйге жеткенде ғана тақырыптың негізгі мазмұны ашылады. Қалимұлла ұстаздың келесі сабақтың сапасын арттырудағы әдіс-тәсілдері төмендегідей:

«Дамытушы буын» әдісі.

Мысалы, 8 сыныпта «Иондық байланыс» тақырыбы оқулық бойынша былай түсіндіріледі (Хлор атомына сыртқы қабатты толтыур үшін бір элкетрон жетпейді).(Жетіспей тұрған электронды сырттан қосып алады. Хлор атомы неге айналған болар еді? Өзіне қосымша электрон жинап алып, хлор теріс зарядты бөлшекке - хлор ионына айналады.) Оқушылар оң, теріс ионның түзілуін тиянақты есте қалдыру үшін «дамытушы буын» әдісі енгізілген:




N0 – 5e → N5+

Сl0+е→Сl- S0 – 4e → S4+

S0+2е→S2- Al0 –3e → Al3+

N0+3 е→N3- Mg0 – 2e → Mg2+

С0+4̄ е→С4- Na0 – e → Na+

-4 -3 -2 -1 +1 +2 +3 +4 +5



электронды беріп жібереді


электронды қосып алады


«Дамытушы буын» Электронның қозғалысын көрсететін график.

Ол алгоритм мынадай:

  1. Хлор ядро заряды +17 І

І

Электрон заряды - 17І Cl0

Қосындысы 0 атом

  1. Электронды қосып алғаннан кейін:

+17

(-17)-(-1)=-18

- 1

Абсолюттік шамасының қосындысы: - Cl0- хлор ионы.

Екінші «дамытушы буын» мынадай: электронның қозғалысын көрсететін графикті пайдалану: иондардың түзілуі - Na+ , Mg2+ , Al3+. Осындай «дамытушы буын» электрондық теңдеу құру кезінде қолданылады. Осы графикті оң ионнан бейтарап атом, теріс таңбалы ион түзліу кезінде оқушыны «ойша елестету» немесе сыни тұрғысынан ойлау арқылы тиянақты жауап беруге үйретуге болады. «Дамытушы буын», «ойша елестету» әдістерін енгізбесе оқушы тақырыпты жаттап алады, немесе түсінбейді. Жаттап алу әдіске айналған жағдайда ол оқушыны жалған жауапқа ұрындырады. Білім тиянақты, дәлелді, нақты болмайды. Бұл әдіс қазіргі «Сыни тұрғысынан ойлау» әдіснен еш айырмашылығы жоқ. СТО – әдісі де баланы ойша елестетуге, ойын еркін жеткізуге үйретеді.


2.3 Оқушының сыни тұрғыдан ойлау белсенділігін дамыту.

Сабақ – мектепте оқыту мен тәрбиелеудің негізгі формасы. Мен сабақтарда оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау белсенділігін дамытуда кез келген әдістемелердің элементтерін кіріктіруге тырысамын. Менің 8 сыныптағы «Судың құрамы, физикалық, химиялық қасиеттері» атты сабағымда СТО әдісі мен Блум таксономиясы кіріктірілген. Сабақтың барысында оқушыларды топтарға бөліп, ұйымдастыру кезеңі өткізілді.Үй тапсырмасын сұрау барысында да «Жұмбақ сурет» әдісін, «Кереметтер елі» сияқты ойын элементтерін қолдандым. Сабақ барысында тақырыпты ашу барысында сыни тұрғыдан ойлауына жағдай жасадым. Тақырыпты ашу үшін рөлдік ойын енгіздім. Осы кезде оқушылардың санасында өзгеріс пайда болды. Себебі мұғалім үнемі ізденісте болуы керек. Оқушыны сыни тұрғыдан ойлануы арқылы алған білімін өмірде мен қолдана алуына жағдай жасауы керек. 8 сыныптарда химия пәнінде алғашқы ұғымдары беріледі. Бұл әліппе іспеттес. Сондықтан оқушының сабақтағы материалдарды меңгеруіне ой-өрісін дамыту, қызығушылығын арттыру мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Сыни тұрғыдан ойлану еріксіз есте сақтаудың ерікті есте сақтаудан тиімді болады. Түсіну мен жинақтау барысында судың химиялық қасиеттерін үйрету үшін мен сабақта оқушыларға таныс заттар арқылы тәжірибе жасадық. Оқушылардың бәрін белсендіру үшін осындай «ойын элементтерін» енгізсе, оқушы қызығады. Мысалы, оқушыға Судан қалай сүт алуға болады? «пассив» оқушыға дейін қызығады, себебі судан сүт ала алмаймыз. Бірақ сүтке ұқсас зат аламыз. Ол үшін сөндірілмеген әк, су химиялық стақан қажет болады.Тәжірибе нәтижесінде сөндірілмеген әкке су құямыз, нәтижесінде аппақ ерітінді түзіледі. Оны әк суы деп атаймыз. Әк суын қозғап отырсаң, сүт сияқты болып көрінеді. Бұл «ойын» элементі. Шын мәнінде бұл сөндірілмеген әкті сөндіру деп түсіндірдім. Бұл тәжірибені өмірде көп көреді. Апа-әпкелері, жеңгелері үй тұрмыста көп қолданатынын біледі. Сол сияқты «Жасырын жазу», «Су-еріткіш» сияқты тәжірибелерді қолдандым. Осындай өмірмен байланыстырып өтсек,оқушының санасында «мәңгі» қалатыны сөзсіз.Біз кез келген тәжірибені осындай «сыни тұрғыдан белсендіру» арқылы жетілдірсек, онымыз ұтымды болады. Сабақ барысында мен АКТ-ны, «Жанұя» әдісін тиімді қолданамын. Бұл сабақтың сапасын арттыруға өз септігін тигізеді.




ҚОРЫТЫНДЫ


Қорыта келгенде, бұл оқыту тәсілдерімен өткен сабағымда оқушылар тапсырмаларды орындауға өте қызығып кірісті, белсенділігі артты. Олар тапсырмаларды орындау мәнін білді және алдында алған білімдерімен байланыстыра отырып, өзіне қорытынды жасауды үйренді.

Еңбек сіңіріп меңгерген оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерімізді тәжірибе барысында толықтай пайдалану үшін мектебімізде заман талабына сай оқытуда АКТ-ды толықтай пайдалана алсақ, ғаламтор желісіне қосылу мүмкіндік барлық оқу кабинеттерінде қолжетімді болса, интербелсенді тақталарды, дербес компьютерлерді қолдансақ талай мақсаттар орындалатыны сөзсіз.

Осылайша Қалимұлла ұстаз бен Бағдарламаның жеті модулін қолдана отырып өткізген сабағымнан негізінде оқытуға қызығушылығым арта түсті. Ұстаздың қолданған әдіс-тәсілі де, Көптен күткен серпіліс енгізіп отырған оқытудағы Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері де уақыт талабына сай қажеттілік екеніне көзім жетті. Сондықтан құзырлылығымды арттыру мақсатында, бұл жаңа әдіс-тәсілді өзім үшін әлі де болса тереңірек меңгеріп, тәжірибеме енгізуді көздеп отырмын. Өсіп келе жатқан еліміздің болашақ қалаушыларына жоғары деңгейлі білім беруді негізгі мақсат етіп алдым, себебі біздің алдымызда қызықты да қиынды үлкен міндеттер тұр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуына ықпал ететін бүгінгі ұрпақты білім шыңына бағыттау – мен үшін өмірлік ұстанымым. Оқытудағы басқару мен көшбасшылығым – өз білімімді жетілдіріп, кәсіби біліктілігімді арттыру деп түсінемін.

Оқушыларды уақытты тиімді пайдалануға дағдыландыру арқылы топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру, өзін-өзі бағалауды жүйелі қолдану.

Қоғамда өз орын таба алатындай ұрпақ тәрбиелеу қай педагогтің болса да алдына қойған үлкен мақсаты. Дәл сондай дүниетаным қалыптастыруға білім жүйесінің сапалығы, тәрбие жұмысының тереңдігі әсер ететіні сөзсіз. Ол үшін ұстаз – басты әрі шешуші тұлға болуы қажет. Сабақтың құрылымын толық меңгертуге ұстаздың ізденімпаздығы мен оқыту шеберлігі, шығармашылығы басым болуы керек деп ойлаймын.









Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Қасенова К. «Оқушылардың белсенді ойлау қабілетін дамыту» Шымкент. 1989

  2. Бекішев Қ. «Химия есептері» Алматы. 2005

  3. Журнал «Химия мектепте» 2013 ж №2

  4. Журнал «Химия мектепте» 2010 ж № 2

  5. Журнал «Химия мектепте» 2005 ж №4

  6. «Қызықты химиялық тәжірибелер» Алматы 2008

  7. Аханбаев К.А. «Химия» Алматы. 1983






















Сабақтың тақырыбы:

Судың құрамы, физикалық, химиялық қасиеттері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік – оқушыларға судың құрамын, физикалық, химиялық қасиеттерін оқып үйрету, судың табиғаттағы айналымын, еріткіштік қасиеттерін жай және күрделі заттермен әрекеттесуін тәжірибе жүзінде көрсету – оқушыларға түсінік қалыптасытру.

Дамытушылық – оқушылардың ой-өрісін, судың табиғатпен, адам өмірімен байланысы туралы ұғымды кеңейту, химия пәніне қызығушылығын, химяиылық тілін, біліктілігін дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру.

Тәрбиелік – оқушыларды топқа бөлу арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу, сыйластыққа, құрметтеуге, пікірталас жасауға, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың өтілу әдісі:

СТО, Блум таксономиясы, топтық жұмыс, рөлдік ойын, «Жұмбақ сурет» әдісі, «Кереметтер еліне саяхат», «Жанұя» әдісі, микс жаттығу, есептер шығару

Сабақтың түрі

Кіріктірілген

Сабақтың негізгі дерек көздері:

Интербелсенді тақта, слайдтар, «Су-тіршіліктің көзі», сөндірілмеген әк, су, йод, лимон, қылқалам, химиялық стақан, шекер, ас тұзы, индикаторлар, плакат, маркер, стикерлер


Оқыту нәтижелері:

Судың химиялық формуласын біледі. Судың химиялық қасиетін айта алады. Судың табиғатпен, адам өміріндегі маңызын айта алады.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин

Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын дайындап, зейінін сабаққа аударту. Ынтымақтастық атмосфераны орнату. Химиялық элементтердің жіктелуі бойынша сыныпты топтарға бөлу.

Мұғаліммен сәлемдеседі. Оқу құралдарын дайындап, зейінін

сабаққа аударады. Металдар, бейметалдар, екідайлы металдар және радиоактивті элементтер болып топтарға бөлінеді.

ІІ Өткенді қайталау:

Еске түсіру: 8 мин

Үй тапсырмасын тексеру

Жұптық жұмыс, жеке жұмыс арқылы өз жұмыстарын тексереді.

1.«Кереметтер еліне саяхат» ойын элементі қолданылды. Бұл ойында жай және күрделі заттардың, оттек пен сутектің қосылыстарын анықтау керек.

1. CaO, NaH, NH3, NO2, H2O, PH3 CaH2, CO2,H2S, Ag2O

2. H2, H2SO4, NaOH, N2 CaCO3, Na, BaO, Li, HBr, Ag

2. «Жұмбақ сурет» Суретті құрастыру үшін есептер берілген. Сол есептерді шығарып, суретті құрастыру керек.

І. массасы 8 г Сио сутекпен тотықсыздардырғанда қанша грамм су түзілетінін есептеңіз?

ІІ. Массасы 8 г SO2 сумен әрекеттестіргенде неше грамм суды қажет етеді?

ІІІ. 8 г суды айырғанда шығатын сутек пен оттектің қандай массалары қажет?

ІV. массасы 8 г СаО күкірт қышқылымен әрекеттескенде неше грамм су түзіліеді.

ІІІ Жаңа сабақ:

Түсіну:

Тақырыпқа шығу 6 мин.

Жаңа сабақты шағын көрініспен бастадық.

Оқушы «Су тасушы қыз»әнінің ырғанында қолына химия құтысына су құйып алып тақтаға шығады.

«Еду, еду қашықтан,

Мен-водовоз асыққан,

Мөлдір су бар, достар-ей,

Мөлдір су бар, достар – ей,

Кому надо – поскорей».

Шағын көрініс арқылы тақырыпты ашып, жаңа тақырыпты меңгерте бастаймыз. Тәжірибе көрсету.

Оқулықты пайдалана отырып, судың физикалық және химиялық қасиеттеріне тәжірибе көрсету арқылы көз жеткіземіз.

Талдау және қолдану: 10 мин

Диалогтік жұмыс ұйымдастыру. «Жанұя» әдісі бойынша топтарға мынадай жұмыстағы тақырыптар беріледі.

І. «Су- өмір»

ІІ. «Су - денсаулық»

ІІІ. «Су - байлық»

ІV. «Су экологиясы»

Топтардағы бір-екі оқушы басқа топ мүшелерімен ауысып, тақырыптың мазмұнын түсіндіреді.


Сергіту сәті: 1 мин

Су туралы мақал-мәтелдер.

Мақал-мәтелдерді оқушылар айтып шығады.

Оқулықпен жұмыс:

5 мин

Жазбаша жаттығулар орындау 109 беттегі №3 есепті орындау

Есеп арқылы судың қандай заттармен әрекеттесетінін біледі.

Жинақтау: 5 мин

Тұжырым жинақтау

Топтық жұмыс: тұжырым жасайды. Сабақта үйренгенін қағаз бетіне түсіреді. Жасаған жұмыстарын қорытындылап, қорғайды.

Микс жаттығу 5 мин

Өзіндік жұмыс орындату

Өз өмірлерімен байланыстыра отырып судың маңызына сөйлем құрастыру.

Бағалау: 2 мин

Бағалау

Өзін-өзі бағалау, топ жеткшілерін бағалау.

Рефлексия

Бүгінгі сабақтан сендер не алдыңдар?

Бұл сабақ қиын болды ма?

Бүгінгі сабақтан алған ойларыңды жазыңдар

Өз ойларын стикерге жазады.

Үйге тапсырма

Үй тапсырмасын беру. 112 беттегі №6 есепті шығару

Күнделікке жазады.


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Химия пәнінен баяндама: "Химия сабағында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту" (8 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер лифтового оборудования

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ Химия саба?ында о?ушыларды? сыни т?р?ысынан белсенд_ ойлау ?аб_лет_н дамыту.pptx

Скачать материал "Химия пәнінен баяндама: "Химия сабағында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту" (8 сынып)"

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • №11 М.П.Окороков атындағы жалпы орта мектебінің биология және химия пәні мұға...

    1 слайд

    №11 М.П.Окороков атындағы жалпы орта мектебінің биология және химия пәні мұғалімі Алипбаева Нағима Наматжанқызы Еңбек өтілі: 11 Санаты: ІІ

  • Тақырыбы: «Химия сабақтарында оқушылардың сыни тұрғыдан белсенді ойлау қабіле...

    2 слайд

    Тақырыбы: «Химия сабақтарында оқушылардың сыни тұрғыдан белсенді ойлау қабілетін дамыту» Мақсатым: Химия сабағын оқыту барысында қолданылатын Кембридж бағдарламасындағы жаңа әдіс-тәсілдердің негізі Кеңес дәуіріндегі білім беру жүйесіндегі әдіс-тәсілдермен ұқсастығын салыстырмалы түрде дәлелдеу. Оқушылардың сыни тұрғыдан белсенді ойлау қабілетін дамыту жолын арттыру

  • Жоспар І КІРІСПЕ   ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ 2.1 Сабақтың тиімділігін сапасын арттырат...

    3 слайд

    Жоспар І КІРІСПЕ   ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ 2.1 Сабақтың тиімділігін сапасын арттыратын әдіс-тәсілдерді қолдану 2.2 Сабақтың тиімділігін арттыруда «дамытушы буын» әдісін енгізу 2.3 Оқушының сыни тұрғыдан ойлау белсенділігін дамыту. ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

  • № Жетілдірілгенбағдарлама Кембридж бағдарламасының әдіс-тәсілдері 1 «Дамытушы...

    4 слайд

    № Жетілдірілгенбағдарлама Кембридж бағдарламасының әдіс-тәсілдері 1 «Дамытушы буын»әдісі – оқушыны ойша елестетуге үйретеді. СТО– оқушылардың ойша, сыни тұрғыдан ойлануға үйретеді. 2 «Тақырыпты өзгертіп беру» әдісі- мұнда оқушылардың еріксіз есте сақтаудың, ерікті есте сақтаудан тиімді екенін дәлелдейді. Мұғалім бір рет тірек-сызба арқылы түсіндірсе, кейін сыныпта оқушылар тірек-сызбамен сөйлеп үйренеді. Бұл әдісте оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу байқалады. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Білім стандартына сәйкес сынып оқушылары жас шамалас, сондықтан оқулықта берілген тапсырманыорындаудажұптық жұмыс түрін ұйымдастыру керек. Оқушылар пікірлесе отырып, тапсырманы дұрыс орындайды. 3 «Болжам» әдісі- бұл тәжірибенің нәтижесін алдын ала болжау оның нәтижесін түсіндіріп беруден қызық. Тәжірибені жасағаннан кейін бір ғана оқушы бүкіл сыныпқа түсіндіретін болса, «болжам» жасау бүкіл сыныпқа тапсырылады. Оның нәтижесін сынып болып ойларында «сенім мен сенімсіздік» күресе отырып асыға күтеді. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Бұл модуль «Қалай оқу керектігін үйрену» және «диалог негізінде оқыту мен оқу» әдістерін қарастырады. Оқушылардың бір- бірімен қарым- қатынас жасау арқылы білім алуын көздей отырып, «диалог негізінде оқыту» әдісін қолдану.

  • 4. Көрсетілім кезінде«Ойын элементтерін қолдану»әдісі –оқушыға таныс заттарме...

    5 слайд

    4. Көрсетілім кезінде«Ойын элементтерін қолдану»әдісі –оқушыға таныс заттармен көрсетілім жасау. Бұл әдісті биология сабағына да қолдану тиімді Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу Химия пәнінен жас ерекшеліктеріне байланысты олардың ойларының даму деңгейін ескере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ойын элементтері қолдану. 5. «Бәрін де білгім келеді»бақылағыш қондырғы аппарат – оқушы білімін бақылауды, жаттықтыруды іске асырады. Топтық жұмыс, олар жұмысты «лидердің» басшылығымен атқарады. Бұл әдісте диалог, пікірталас туғызады. Оқытуды басқару және көшбасшылық. Аталған модуль топтық жұмыстарда дарынды және талантты оқушылар да көшбасшы бола алады.Топ жетекшісі болған оқушылары топтық жұмыс жасау барысында өздерін көрсете біледі. Олар жұмыс барысын ұйымдастырып, тапсырмаларды бөлісе орындап, топ мүшелерін жұмысқа тартуынан олардың көшбасшылық қасиеттерін байқауға болады

  • 6 Электрленген аппаратты пайдалануәдісі – техникалық құралдағы бақылағыш ламп...

    6 слайд

    6 Электрленген аппаратты пайдалануәдісі – техникалық құралдағы бақылағыш лампылардың жануы оқушы ойын еліктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Оқытумен оқуда АКТ-ныпайдалану.Электронды құрал-жабдықтарға негізделген АКТ, интербелсенді тақта мен ғаламтор желісі мүмкіндіктерін пайдалану, солардың көмегіне сүйену арқылы сабақ өтуге дайындаламыз. 7 «Бағалау»әдісі – әр әдісті қолданғанда өзі-өзі бағалау, топтық жұмыста, ұжымда, жеке жұмыстар бойынша бағалау үшін жеке журнал арналған. Оқушылардың жақсы оқуына ықпал жасау және білім сапасын айқындау мақсатында жүзеге асырылған. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауОқушылардың жақсы оқуына ықпал жасау және білім сапасын айқындау мақсатында жүзеге асырылған.

  • “Дамытушы буын” әдісі

    7 слайд

    “Дамытушы буын” әдісі

  • 8 слайд

  • 9 слайд

  • 10 слайд

  • Периодтық заңның ашылуы

    11 слайд

    Периодтық заңның ашылуы

  • Атомның құрылысы. Изотоптар

    12 слайд

    Атомның құрылысы. Изотоптар

  • . NH3 + HCL = NH4CL . NH3 + HNO3 = NH4 NO3 .NH4 NO3 → NH4+ + NO3- .NH4CL + Ag...

    13 слайд

    . NH3 + HCL = NH4CL . NH3 + HNO3 = NH4 NO3 .NH4 NO3 → NH4+ + NO3- .NH4CL + AgNO3→ AgCL + NH4 NO3 .NH4CL + NaOH → NH4OH + NaCL NH4OH ↔ NH3 + H2O .NH4CL → NH3 + HCL .NH3 + HCL = NH4CL Аммоний тұздары. Тірек-сызбасы NH4NO3 2 ↔ NH31 ↔ 7NH4CL← 4Ag ↓3 6 ↑5 NH4 NaOH “Тақырыпты өзгертіп беру” әдісі

  • Сыни тұрғыдан ойлау әдісі

    14 слайд

    Сыни тұрғыдан ойлау әдісі

  • “Жұмбақ сурет” әдісі

    15 слайд

    “Жұмбақ сурет” әдісі

  • 16 слайд

  • Сусыз сондықтан өмір болған емес әлем көркем емес да бар әлемде Су қымбат Сус...

    17 слайд

    Сусыз сондықтан өмір болған емес әлем көркем емес да бар әлемде Су қымбат Сусыз деу жалған емес Су деген қан емес пе, ауаңды тазартып ап,сылаң ананың ақ сүтіндей күн емес пе, қағып ағатын, жан емес пе, әнге қосатын жыр емес пе? Микс жаттығу

  • “Электрленген аппаратты пайдалану немесе Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану” әд...

    18 слайд

    “Электрленген аппаратты пайдалану немесе Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану” әдісі

  • 2 группа Сапарға жолда H2 Ag CaCO3 Na BAO H2SO4 N2 HBr NaOH LI ЖАУАП КҮРДЕЛІ...

    19 слайд

    2 группа Сапарға жолда H2 Ag CaCO3 Na BAO H2SO4 N2 HBr NaOH LI ЖАУАП КҮРДЕЛІ ЗАТТАР КӨМЕК 1 группа ЖАЙ ЗАТТАР

  • «Бағалау» немесе “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”

    20 слайд

    «Бағалау» немесе “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”

  • Бағалау журналы № Оқушының аты-жөні Сабаққадайын-дығы Үйтапсырмасы-ның орында...

    21 слайд

    Бағалау журналы № Оқушының аты-жөні Сабаққадайын-дығы Үйтапсырмасы-ның орындалуы Шығарма-шылық тапсырма Жаңа сабақты меңгеруі Химиялық білімі Қорытынды 2 3 4 5 0-1 0-3 0-3 0-3 0-3 1-2 3-5 6-10 11-15 1 Абдушукуров Н 1 2 2 2 1 8 2 3 4 5 6 7 8 9 10

  • 22 слайд

  • 23 слайд

  • 24 слайд

  • Назарларыңызға рахмет!

    25 слайд

    Назарларыңызға рахмет!

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 820 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.02.2016 10364
    • RAR 6.2 мбайт
    • 197 скачиваний
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алипбаева Нагима Наматжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алипбаева Нагима Наматжановна
    Алипбаева Нагима Наматжановна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 49978
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Биология» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 24 регионов

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов биологии в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по биологии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 91 человек из 41 региона

Мини-курс

Эффективное продвижение и организация проектов в сфере искусства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное управление проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Успешая команда: опросы, сторис

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе