Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Другие методич. материалы / Химия пәнінен ғылыми жоба жұмысы

Химия пәнінен ғылыми жоба жұмысы


  • Химия

Поделитесь материалом с коллегами:

Мазмұны

Аннотация..................................................................................2

Кіріспе....................................................................................3-4

Бордың шығу тарихы, қасиеттері, қолданылуы..................................5

І.Негізгі бөлім............................................................................6

1.Бордың физико-химиялық қасиеттерін тәжірибе

жолымен анықтау.......................................................................7-8

2.Тәжірибе бөлімі бойынша қорытынды .......................................9-10

II.Мектеп борының мұғалімдер мен оқушылардың

денсаулықтарына әсері..............................................................................11-12

1-Қосымша. Дәрігерден алынған мәлімет...............................................13-14

2- Қосымша. Сауалнама талдауы............................................................15-16

Қорытынды..........................................................................17-18

Әдебиеттер тізімі......................................................................19













Аннотация

Мені толғандырып жүрген мәселе мен оқитын мектеп санаторлық типте болғандықтан,оқушылар осы мектепке денсаулықтарын жақсарту мақсатында келеді. Балалардың басым көпшілігінде тыныс алу жолдарының аурулары кездеседі.Бұндай балаларға бордан таралатын ұнтақтан зиян келетіні белгілі.Мектеп борын қаншалықты қолданатынымыз әлі белгісіз.Күнделікті қолымызға ұстап жүрген бордың адам ағзасына қандай әсері бар екен деген оймен, оның адамға тигізер химиялық әсерін білгім келді.Біз болашақ еліміздің жастарымыз, сондықтан да деніміздің сау болғанын қалаймыз.Біздің мектептегі оқушылар дәрігердің бағыттауымен,арнайы медициналық анықтамамен келеді. Сондықтан да оқушының денсаулығын жақсарта отырып,білім береді.Әрине деніміз сау болмаса,онда біз оқи алмайтын едік,денсаулығымыздың мықты болуы ең басты мәселе болып отыр.Мектебіміз туберкулезге қарсы санатория жағдайында емдік іс-шараларды жасайды,бұл біз үшін өте маңызды.Бірақ мектеп әлі күнге дейін мектеп борын пайдаланады.

Жұмыс үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды

Мақсаты:Мектеп борының адам ағзасына тигізетін химиялық,физикалық қасиеттерін зерттеу.

Өзектілігі: мектептерде қолданып жүрген бордың құрамындағы заттардың адам ағзасына тигізетін зиянды әсері болғандықтан,санаторлық мектептегі оқушылар мен мұғалімдердің денсаулықтары алаңдаушылық туғызып отыр.

Мәселе туындап жүргенімен мектебімізде зерттелмеген,сол себептен де, дәрігерден тынысалу жолдарымен ауыратын балалар бар екенін анықтап, мұғалімдердең,оқушылардан сауалнамалар алу арқылы зерттеу жұмысы қолға алынды.

Кіріспе

Мектептің негізі білім беретін көзі-мектеп боры екені бәрімізге мәлім. Талай жылдардан бері бор мен тақтаның арқасында білім алып жатқан адамдар қаншама. Алайда заман өзгеріп жатыр, мектептің материалдық базасы жаңару үстінде,тақта мен бордың келешекте қажеті де болмайтын шығар.Заманауи кезеңде ғылым мен техниканың дамып,қарыштап жатқанында еліміз ілгері,жаңаша қадамдауда. Қазіргі мектептерде интерактивті,маркерлі тақталар шығып жатыр.Әрине бұндай тақталар әр сыныпта тұрса игі еді. Біздің мектепте 13 сынып бөлмесі бар,ал интерактивті тақта төртеу ,қалған сыныптар мектеп борын пайдаланады.

Оқушылар осы мектепке денсаулықтарын жақсарту мақсатында келеді. Балаларды көпшілігінде тыныс алу жолдарының аурулары кездеседі.Бұндай балаларға бордан таралатын ұнтақтан зиян келетіні белгілі.Бор тақтаның бетінде сызықтар қалдырады,арасында ұсақ тастары бар,көзге көрініп тұрады.Жазғаннан кейін ұсатылып шашылады,адамның киіміне,қолына жабысады. Бордан қолдың терісі құрғап, қатаяды,шаңынан тыныс алу қиындайды.

Бордың адам ағзасына тигізетін әсері туралы мұғалімдерден сауалнама жүргізілді.

Мектеп дәрігерімен кеңесу өткізілді.Тыныс алу жолдарымен ауыратын оқушылар жөнінде мәлімет алынды. Бордың адам ағзасына химиялық әсері бағаланды.

Сондықтан да мектеп борының адам ағзасына тигізетін химиялық қасиеттерін зерттеу жұмысымның мақсаты болды.

Туындаған мәселе: сапасы төмен мектеп борының мұғалімдер мен оқушылар үшін тигізетін химиялық әсерінен түрлі аурулар туындауы мүмкін,ағзаға келтіретін зияны.

Зерттелетін жұмысымның тақырыбы:Бордың адам ағзасына тигізетін химиялық әсері

Мақсаты:Мектеп борының адам ағзасына тигізетін химиялық қасиеттерін зерттеу.

Міндеттері:

  1. Мектеп борының шығу тарихы,оның қасиеттері және қолданылуы жөнінде ақпарат жинау.

  2. Мектеп борының химиялық құрамын анықтау,сандық және сапалық жағын тәжірибе жүзінде зерттеу,оны қаншалықты қолдануға болатынына талдау жасау,басқа мектеп борымен салыстыру.

  3. Мектеп борының адам ағзасына тигізетін әсері жайында мұғалімдермен әлеуметтік сауалнама жүргізу.

  4. Мектеп дәрігерімен кездесу,тыныс алу жолдарымен ауыратын оқушылар жөнінде мәлімет алу.

  5. Мектеп борының ағзаға тигізетін әсеріне талдау жасау.

Жұмыс барысында зерттеудің төмендегідей әдіс-тәсілдер қолданылды:

- қажетті мәліметтерді кітапханадағы оқулықтан,интернеттен іздеу,талдау жасау;

- химиялық тәжірибе;

- мұғалімдерден сауалнама алу,қорытындысын талдау;

-мектеп дәрігерімен кездесу.










Бордың шығу тарихы, қасиеттері, қолданылуы.

Бор- кокколито-форидтер деп аталатын планктонды теңіз балдырларына тән кальцитті қаңқалар есебінен қалыптасқан ақ түсті шөгінді тау жынысы, жұмсақ және ұсақталғыш. Суда ерімейді.

Негізінен бордың химиялық құрамында кальций карбонаты мен магний карбонатының аздаған мөлшері мен металл оксидтері де кездеседі. Кварцтың ұсақ түйіршіктері мен теңіз ағзаларының қалдықтарынан жиналған микроскопиялық кальциттің псевдоморфозы бар. Тақтаға жазып жүрген бордың құрамында теңіз жалғанаяқтарының қаңқаларынан тұрады. Теңіз жалғанаяқтарының өлген қаңқалары теңіздер мен мұхиттардың түбінде шөгінді болып, жиналады. Мыңдаған,миллиондаған жылдар бойы жиналған үйінділерден әкті,борлы таулар қалыптасады.Бұл таулар судан биіктеп құрғақ жерде тау жыныстарын түзеді.

Жүздеген жылдар бойы борды адамдар түрлі мақсатта қолданып келеді.Мектепте қолданып жүрген борлар ұсатылып қалмауы үшін,байланыстырушы қоспалар қосылады.Бояулар қосып,түрлі-түсті борлар да алуға болады.

Бор — борлы қағаз жасауда қажетті өнім,сапалы баспа қағаздарын шығарғанда қолданады.Ұсақ бор ақтау жұмыстарына,қабырға,төбелерді әктеуде пайдаланады.Ағаш діндерін қорғау үшін қолданады.

Борды бояу өнеркәсібінде,ағарту жұмыстарына,резеңке,қағаз,қант жасағанда пайдаланады.Қант өнеркәсібінде қант қызылшасының түсін ағарту үшін,сіріңке өнеркәсібінің де қажетті өнімі ретінде жаратады. Полипропилен және полиэтилен өндіргенде қосымша зат ретінде қолданады. Адам ағзасына кальций элементі бар,жетіспеген жағдайда тағамға қосымша тамақ ретінде ұсынады.

Борды шыны өнеркәсібінде,шыныны қайнату кезінде қосады. химиялық әсерлерге қарсы қасиеті бар болғандықтан оны кеңінен қолданады.

І Негізгі бөлім.

Бордың физико-химиялық қасиеттерін тәжірибе жолымен анықтау.

Ақпарат жинау барысында келесі көрсеткіштер анықталды:

  • түсі;

  • үгілгіштігі;

  • былғағыштығы ;

  • қаттылығы.

«Бордың негізгі сапалық көрсеткіштері» кестесі

Сынама алынған жер

Түсі

Үгілгіштігі

Былғағыштығы

Қаттылығы

Боровской облыстық мектеп-интернат

ақ

орташа

орташа

жоғары

Ғ.Жұмабаев атындағы орта мектеп

ақ

орташа

орташа

жоғары


А.Чутаев атындағы орта мектеп

ақ

орташа

орташа

жоғары


Первомай орта мектебі

ақшыл сұр

орташа

жоғары

орташа

Химиялық құрамы %:

85-98 CaCO3 0,2-0,3 MgO 0,5-0,6 SiO2 0,2-0,4 Al2O3

0,02-0,7 FeO + Fe2O3

Физикалық қасиеттері: Тығыздығы 2,70 – 2,72г/см; салмағы 1,42- 1,56 г/см; ылғалдылығы 30-33%

Мектеп борына сапалық талдау жасау

Бордың негізгі құрамына кальций карбонаты кіреді.Табиғи бордың құрамында ешқандай қоспалар болмайды.Қолданылып жүрген борлардың құрамында крахмал,ғаныш (гипс) сияқты байланыстырғыш заттары болады.

Ал, мектеп борын дайындағанда құрамына қандай байланыстырғыш заттарды қосқанын білу үшін,тәжірибе жүзінде дәлелдеп, сапалық реакция жүрізілді.

Практикалық жұмыс «Борды сапалық талдау»

Қажетті құрал-жабдықтар: 1)микроскоп; 2)заттық шыны; 3)тамшуыр; 4)сақинасы бар лабораториялық тұрғы; 5)сүзгіш; 6)тығыны бар газ жинағыш құрал; 7)кәрлен келіше,келсабымен; 8)химиялық стакан; 9)сынауықтар; 10)сүзгі қағазы; 11)шыны таяқшалар; 12)мектеп борының үлгілері; 13)дистильденген су; 14)әкті су; 15)тұз қышқылы (сұйылт.); 16)қасық; 17)спиртшам; 18)сіріңке; 19)қысқыш; 20)йодтың спирттегі ерітіндісі.

Карбонат - аниондарды (СО32-)анықтау.

Сынауыққа ұсақталған борды салып,үстіне аздаған мөлшерде HCl тұз қышқылын құямыз.Тез арада сынауықты тығыны бар газ өткізгіш құралға бекітіледі. Құралдың бір ұшын 2-3 мл әк суы бар сынауыққа жібереміз. Бірнеше минут бақылаймыз,егер әк суында көмірқышқыл газының көпіршіктері пайда болса,әк суы лайланып кетеді.Тәжірибе арқылы бордың құрамынадағы карбонат – анионды (СО32-) анықтаймыз.

Крахмалды анықтау. Крахмалды анықтау үшін борды спиртшамның жалынына ұстаймыз. Бордың Құрамындағы көмірсуды (крахмалды) анықтаймыз (көмірсуларды қыздырған кезде көмірленеді). Крахмалдың сапасын анықтағанда иод ерітіндісін де қолдануға болады. Зерттелетін бордың түйіршіктеріне 2-3 тамшы иод ерітіндісін тамызамыз.Иод ерітіндісінің әсерінен түсі көк түске боялу керек.

Ғанышқа микрокристаллдық реакция жүргізу.

Микрокристаллдық реакция арқылы құрамындағы ғаныш тәрізді

байланыстырғыш заттарды анықтауға болады.Зерттелетін әр сынамадан 1 граммнан алып, келіде ұсақтап, 2 мл дистильденген су құйып,шыны таяқшамен араластырамыз.Алынған ерітіндіні сүзгі қағазынан өткізіп,сүзіп алу керек.Алынған сүзіндіні отқа қойып,суын буландырып, криссталлдарын аламыз.

Дайын препаратты микроскоппен қарау арқылы (егер бордың құрамында ғаныш болса,пішіндері ине тәрізді) ғаныштың криссталлдарының өскенін көруге болады.

Кальций катиондарын анықтау (Са2+).

Бордың құрамындағы кальций катиондарын анықтау үшін бордың ұсақ түйірлерін алып,спиртшамның жалынына ұстаймыз. Құрамында кальций катиондары болса жалынның түсі қызыл-қызғылт түске боялу керек.
















Тәжірибе бөлімі бойынша қорытынды:

Алынған нәтижелерді кестеге түсіреміз.Зерттеуге 4 мектептен сынама алынған болатын.


Карбонат - аниондарды (СО32-анықтау

Крахмалды анықтау

Ғанышты анықтау

Кальция катиондарын анықтау (Са2+).

Боровской облыстық мектеп-интернат

бар

қарайды,

көк түс

Ине тәрізді криссталлдар

қызыл-қызғылт

Ғ.Жұмабаев атындағы орта мектеп

бар

қарайды,

көк түс

Ине тәрізді криссталлдар

қызыл-қызғылт

А.Чутаев атындағы орта мектеп

бар

қарайды,

көк түс

Ине тәрізді криссталлдар

қызыл-қызғылт

Первомай орта мектебі

бар

қарайды,

көк түс

Ине тәрізді криссталлдар

қызыл-қызғылт


Зерттеу кезеңі бойынша қорытынды жасаймыз.Алынған әр мектептің сынамаларының құрамы зерттелді.Нақты дәлелдемелер арқылы тәжірибе жүргізілді.

Карбонат - аниондарды (СО32-)анықтау барысында нақты нәтиже көрсетілді. Бордың құрамындағы кальций карбонаты тұз қышқылымен анықталады. (көмірқышқыл газының бөлінуінен әк суы лайланады).Жасалынған тәжірибені химиялық реакция теңдеуімен өрнектедік.Теңдеу ион алмасу реакциясымен жүргізілді.

СаСО3 + 2HCl → СаCl2 + СО2↑ + Н2О

СО32- + 2Н+ → СО2↑ + Н2О

СО2 + Са(ОН)2 → СаСО3↓ + Н2О

Нәтижесінде 4 сынамада да карбонат аниондарының бар екенін көрсетті.

Крахмалды анықтау.

Крахмалды анықтаудың 2 әдісі бар:

1.Бор отқа біраз уақыт қыздырылғанда, ол қарайып кетті, яғни оның құрамында крахмалдың бары анықталды ,себебі көмірсуларды қыздырған кезде көмірленеді.

2.Крахмалдың сапасын анықтау үшін иод ерітіндісі қолданылды. Зерттелетін бордың түйіршіктеріне 2-3 тамшы иод ерітіндісін тамызғанда,бордың түсі көгерді.Демек крахмалдың барын дәлелдеді.

4сынамада да крахмалдың мөлшері бар екенін дәлелденді.

Ғанышты анықтау.

Ғанышты анықтауда микрокристаллдық реакция жүргізілді.Нәтижесінде ине тәрізді криссталлдар 4 сынамада да кездесті, демек ғаныштың барын дәлелдейді.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей химиялық қоспалар бар,сондықтан да шамадан тыс көп пайдалануға болмайды.










Мектеп борының мұғалімдер мен оқушылардың денсаулықтарына әсері

Адамның басты байлығы-денсаулық екенін білеміз.Денсаулықты сақтаудың қандай жолдары бар екені де айтылып жүр,дегенмен де осы мәселе бүкіл дүние жүзінде қаралып жатқанмен де,шешімі болмай жатқан сияқты. Әр салада қызмет етіп жатқан түрлі мамандық иелері мен білім алушылардың да,қоғамдағы барлық адамдардың денсаулық жайында қозғалатын мәселелері аз емес.

Қазіргі таңда өмір сүріп жатқан адамдардың көпшілігінде аллергия,бронхиалды демікпе,жүрек-қан тамырларының аурулары белең алып бара жатқандай.Жаңа дүние есігін ашқан жас баладан еңкейген қарияларға дейін осындай аурулармен зардап шегіп жатқандары қаншама.

Біздің қарастырып отырған мәселеміз де,мектеп борының денсаулыққа тигізетін әсері болғандықтан,денсаулық жайында сөз қозғап отырмыз.Мектепке алғаш барған бала ең алғаш борды ұстап,пайдалануды үйренеді.Мектеп бітірген соң да жоғарғы оқу орнындарында да осы бормен жұмыс жасайды.Статистикаға жүгінетін болсақ адамның шамамен өмір сүретін уақытын 75 жыл деп есептесе,бала 6 жастан-17 жасқа дейін мектепте 11жыл оқиды.Жоғары оқу орынында кем дегенде 6 жыл,кейбіреуі ары қарай жалғастырып жатады.Ал ұстаздық жолды жалғастыратындар зейнетке шыққанша мектепта жұмыс жасайды.Кем дегенда 40 жыл.Жалпы есептесек 57-60 жылдай мектепте борды пайдаланамыз.

Мектеп боры талай жылдардан бері білімнің негізгі көзі ретінде пайдаланылып келе жатқанын білеміз,бор мен тақтаның арқасында қаншама ғалымдар,зиялы қауымдар да шығып жатыр,әйтседе заманымыз жаңарып жатыр,қазіргі кездегі оқушының да мұғалімнің де денсаулығы қуанатын жағдайда емес, ауаның құрамының өзгеруінен бе,химиялық заттардың көптеп шашылуынан ба,экологялық мәселелер туындап жатады,сондықтан да көпшілігі тыныс алу жолдарының ауруымен жиі ұшырасып жатады.Біз егер борды ары қарай жалғастырып пайдаланатын болсақ,болашақ ұрпақтарымыз қандай болар деп ойға батасың.Сонда мынандай қорытынды жасауға болады мектепте жұмыс атқаратындардың денсаулықтары,оқушылардың болашағы алаңдатар мәселені туындатады.

Мектеп борын экологиялық жағынан таза,қауіпсіз деп қолдануға береді,дегенмен де,қолдану барысында оның шаңын жұтамыз,қолымызды былғаймыз,кейбір оқушылардың жеп жүргенін де көреміз.Ал оның құрамында әк, ғаныш, крахмал, ПВА,БФ,казеин желімдері,бояғыш тәрізді қаншама химялық заттар бар, ағзаға зиянды деп айтуға болады.

Барлық дәлелдемелерді,статистикалық мәліметтерді ескере отырып,мектеп борының қаншалықты әсері бар екенін білу үшін зерттеу жұмысы ары қарай жалғастырылды.

















1-Қосымша. Дәрігерден алынған мәлімет

Мектеп борының біздің санаторлық типтегі оқушылардың денсаулығына қаншалықты зиян келтіретіні жайында бірнеше зерттеу жұмыстары жүргізілді.Адам ағзасына қаншалықты зиян екенін білу үшін мектеп дәрігерімен кездесу болды.

Дәрігердің айтуы бойынша мектеп борын көп пайдалануға болмайды,әсіресе біздің санаторлық туберкулезге қарсы мектепте тыныс алу жолдарымен ауыратын балалар бар,оларға борды шамадан тыс көп пайдалану зиянды.Дәрігер сол балаларды атап өтті.Олар:

Оқушылардың аты-жөні

Диагнозы

Нурушева Диана

Асқанған тонзилит

Олифер Ксения

Туб.бен ауырған,емделуді жалғастыруда

Алиева Асия

Туб.бен ауырған,емделуді жалғастыруда

Землянов Дмитрий

Туб.бен ауырған,емделуді жалғастыруда

Волкорезов Андрей

Туб.бен ауырған,емделуді жалғастыруда

Алиев Рафик

Бронхиттің асқынған түрі

Бекмағамбетов Азамат

Бронхиттің асқынған түрі

Жаңбыршы Бекасыл

Бронхиттің асқынған түрі

Жаксылыков Ербол

Орта дәрежедегі бронхиалды демікпе

Мингужин Серик

Орта дәрежедегі бронхиалды демікпе

Старченко Людмила

Орта дәрежедегі бронхиалды демікпе

Кабдуалиев Бауржан

Асқанған тонзилит

Шаповалов Рамиль

Гипербронхиалды аденоид

Полешко Нина

Гипербронхиалды аденоид

Апонасенко Ольга

Гипербронхиалды аденоид

Бреславская Лаура

1,2-дәрежелі Гипербронхиалды аденоид

Звягинцев Виктор

1,2-дәрежелі Гипербронхиалды аденоид

Асқарбекұлы Ислам

1,2-дәрежелі Гипербронхиалды аденоид

Бадингер Вероника

1-дәрежелі Асқанған тонзилит аденоид

Звягинцев Виктор

Асқанған тонзилит

Садовничая Вероника

Асқанған тонзилит

Дробков Игорь

Асқанған тонзилит

Лунина Татьяна

Асқанған тонзилит

Мектепте тыныс алу жүйесімен ауыратын балалар бар.

Көпшілігінің ата-аналары туберкулезбен ауырғандықтан,бұл балаларды осында жібереді.

Кейбір балалар туберкулез ауруымен ауырған,қазіргі жағдайда олардың денсаулықтарын жақсартуда.

Аталған балалар денсаулықтарын жақсарту мақсатында оқып жатқандықтан,барлық жағдай болуы керек,әрине жағдай жасалып жатыр,дегенмен де аурулары тыныс алу жүйесімен қатысты болғандықтан, мектеп борының орнына басқадай заттар қолдану қажет.

Диаграмма арқылы мектептегі оқушылардың тыныс алу жүйесімен ауыратыны белгілі болғандықтан,денсаулықтарына зиян келмейтіндей жағдайлар ойластырылса.

hello_html_7acf9bc.png



2- Қосымша. Сауалнама талдауы

Бордың адам денсаулығына тигізетін қандай әсері бар екенін білу мақсатында мектеп мұғалімдерінен сауалнама алған болатынбыз.

Мұғалімдерден алынған сауалнама

1.Сіз қалай ойлайсыз,күнделікті мектеп борымен жұмыс жасау сіздің ағзаңызға зиян келтіреді ме?

1.Ия

2.Жоқ

3.Білмеймін

2.Бордың жағымсыз салдары болды ма,болса,қандай ?

а) қолдың терісін:

1.құрғатады

2.аллергиялық реакция береді

3.басқа

4.жағымсыз салдары жоқ

б) тыныс алу жүйесіне:

1.жөтел

2.демікпе пайда болды

3.басқа

4. жағымсыз салдары жоқ.

3.Мектеп тақтасын,борды басқа затпен ауыстыруға болады ма?Болса немен? Ойыңызды жазсаңыз.

Мұғалімдерден алған сауалнаманы талдап мынандай қорытындыға келдік.

Мұғалімдердің 90%-ы мектеп борының сапасына көңілдері толмайды,бор қолдың терісін құрғатады,киімге тисе,дақтар қалады,тақтаға жазғаннан кейін тақтаны сызып,ізін қалдырады.

Кейбір мұғалімдердің жауабынан бордың тыныс алу кезінде аллергиялық реакция беретінін,жөтелу,түшкіру сияқты, кері әсерлерін байқап жүргендерін атап өтті.Дегенмен 10%-ы әлі де болса,мектеп борын ешқандай затпен ауыстыруға болмайтынын жазған.Көпшілігінің талабы барлық сыныпта маркерлі, интерактивті тақталар болса.

Сауалнама мәліметтері диаграмма түрінде көрсетілдіhello_html_m7b767afb.png

Мұғалімдер қойып отырған талап-тілектері алдағы уақытта орындалатын шығар.Заманымыз жаңарып,ғылым мен техника дамып жатқанда,мектеп борын мүмкін пайдаланбайтын болармыз.Әзірше барлық сыныптар толық интерактивті тақталармен жабдықталғанша біздің айтар ұсынысымыз бар.

Біздің ұсынысымыз:

мектеп мұғалімдеріне айтарымыз,мектеп борынан туындайтын кері әсерді азайту үшін кеңестер айтқымыз келеді:

  1. Жұмыс кезінде борды пайдаланған соң,қолды жұмсартатын сабынмен үнемі жуып отыру;

  2. Қолды жұмсартатын жақпа майды жиі пайдалану;

  3. Тақтаны тек ылғалды шүберекпен тазартып,жуу;

  4. Тақта сүртетін шүберекті әр сүрткен сайын жуып тазартып отыру;

  5. Тақтаның шүберегін жиі ауыстырып отыру.

Қорытынды

Мектеп боры- оның құрамында әк, ғаныш(гипс), крахмал, ПВА,БФ,казейн желімдері,бояғыш тәрізді қаншама химялық заттары, ағзаға зиянды.

Зерттелген бордың үлгілерінің құрамында кальций карбонатының 40 тан 80%-ға дейін ғаныш(гипс) бар . Сыртқы түр-түсі бірдей болғанымен,зерттей келе химиялық құрамындағы қоспаларында айырмашылық бар екенін байқадық.

Ақпараттарды жинастыру кезінде бор туралы мағлұматтар алынды. Мектеп борын зияны жоқ,экологиялық таза,қолданылуға болатын зат ретінде

пайдаланғанымен де құрамындағы көптеген зиянды заттарын анықтай

отырып, тигізетін бірнеше зияны бар екенін,оның оқушыларға,мұғалімдер

үшін де кері әсерінің бар екенін білдік.Кейбір оқушылар борды жазып қана

қоймай, оны жейтінін де білеміз,дегенменде қазіргі борлардың құрамында

желім тәріздес заттар,гипс,крахмал,әкті заттар бар екенін көпшілігі біле

бермейді.

Әсіресе біздің мектептің оқушылары денсаулықтарын түзеп жатқанда,осындай ұсақ-түйек іспеттес заттарды да қолданудың пайдасы мен зияны жөнінде білгендері жөн деп білемін.Қазіргі әлемдегі болып жатқан,білім саласындағы жаңа өзгерістермен бірге,осындай мәселелерді де басшыларымыз қарастырса екен деп ойлаймын.Сонда ғана елімізде дені сау ұрпақтар өніп-өсер еді.

Қазіргі мектептерде интерактивті,маркерлі тақталар шығып жатыр.Әрине бұндай тақталар әр сыныпта тұрса игі еді. Біздің мектепте 13 сынып бөлмесі бар,ал интерактивті тақта төртеу ,қалған сыныптар мектеп борын пайдаланады.

Біздің ұсынысымыз да осы бордың орнын басатын маркерлі,интерактивті тақталар әр сынып бөлмесінде болса,кез-келген оқушының өміріне қауіпсіз болар еді. Зерттеу жүргізу мен үшін қызықты болғанымен,химияның қыр-сырын білдім,түрлі зерттеу жүргізу арқасында жоспар құруды,нақты нәтиже жасауды үйрендім.Барлық тәжірибенің қорытындысын математикалық мәліметтерге жүгіне отырып,қорытынды жасалынды.

































ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Химия без формул. / А.А. Карцова,1954,93-бет.

2.Оқушы анықтамасы./М.С.Сәулебекова,224-225-бет.

3.Оқушы анықтамасы./ М.С.Сәулебекова,2-кітап,220-221-бет.

4.Справочник школьника. Химия / Сост. М. Кременчугская, С.

Васильев. М.: Филолог, 1995. 380-бет

4.Б.А.Введенский.Большая советская энциклопедия./

Б.А.Введенский; -1954.2 басылымы.93-бет.

5.Я познаю мир: Детская энциклопедия: Химия / Авт.-сост. Л.А.

Савина. – М.АСТ, 1995. – 448 бет.

Интернет қорынан:

http://kk.wikipedia.org/

http://www.toybytoy.com/

http://ulitka.my1.ru/forum/













hello_html_m2b4167c9.png

20




Автор
Дата добавления 25.11.2015
Раздел Химия
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров3022
Номер материала ДВ-189328
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх