Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Другие методич. материалы / Химия пәнінен сабақ жоспары"Сутектің қасиеттері,қолданылуы,алынуы"

Химия пәнінен сабақ жоспары"Сутектің қасиеттері,қолданылуы,алынуы"


  • Химия

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:

Сутектің қасиеттері, қолданылуы және алынуы.

Сілтеме

Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  Н.Нұрахметов. 8 - сынып оқулығы. К. Жексембина әдістемелік нұсқау.

Жалпы мақсаты

Сутектің әр түрлі заттармен реакцияласу жағдайларын көреді. Сутектің физикалық және химиялық қасиеттеріне сүйене отырып, қолданылу салаларын талдайды.

Күтілетін нәтиже

Сутектің химиялық қасиеттеріне сүйене отырып реакция теңдеулерін жазуға қалыптасады. Теңдеуді теңестіруге жаттығады.

Негізгі идеялар

Сутек – белсенді газ, сондықтан әр түрлі жай және күрделі заттармен реакцияға түседі.

Құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, интерактивтік тақта арқылы Power Point, флипчарт, маркер, қарындаш, слайдтар.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы.

Әдіс-тәсілдер

Сергіту сәті, АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар. «Галлереяға саяхат» әдісі

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Мұғалім іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

 Сергіту сәті. Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау «Лездеме сұрақтар» Қай топ сұрақтарға көбірек жауап береді?

1.Сутектің таңбасы қандай?

2. Сутекті ашқан кім?

3. Сутекті не себепті жеңіл газ дейміз?

4. Периодтық жүйеде нешінші топта орналасқан?

5. Жай зат ретінде сутекті сипатта.

6. Химиялық элемент ретінде сутекті сипатта.

7. Сутектің агрегаттық күйі қандай?

8. Сутектің қолданылу салаларын талда.

9. Сутектің табиғатта таралуына сипаттама бер.

ІІ. Кіріспе кезеңі . Виртуалды зертхана. Сутектің химиялық қасиеттері. Сутектің қолданылу салалары.

ІІІ кезең Негізгі кезең .Жаңа сабақ : Жоғары молекулалы қосылыстар

1- тапсырма «Галлереяға саяхат» әдісі

І топқа: Сутектің физикалық қасиеттеріне сипаттам бер.

ІІ топқа: Сутектің химиялық қасиеттеріне сипаттама бер.

ІІІ топқа : Сутектің алыну жағдайларын талда.

2- тапсырма .Топпен жұмыс:

І топқа: Сутектің жай заттармен реакцияларын талдаңдар.

ІІ топқа: Сутектің күрделі заттармен реакцияларын талдаңдар.

ІІІ топқа: Сутекті алу жолдарын талдаңдар.

ІҮ кезең Қорытынды

1.​ Есеп. Бір ыдысқа 22,4 мл, екіншісіне 44,8 мл сутек жиналды. Ыдыстардағы сутектің массасын және мөлшерін есептеңдер.

2.​ Мөлшері 0,05 моль және 30 моль болатын сутектің массасын және көлемін (қ.ж.) есептеңдер.

3.​ Реакцияға 44,8 л сутек қатысқан болса, неше грамм су түзіледі?

Үйге тапсырма: қосымша есептер.

Бағалау Жұптық бағалау. Критериалды бағалау

Рефлексия

Оқушы іс-әрекеті Топқа бөлінеді

1)​ Ассоциация әдісі арқылы оқушылар сутек туралы білімдерін жүйелейді.

2)​ Оқушылар алдымен топта талдайды, Бір оқушы постерде қорғайды.

Ұпай жинау арқылы оқушылар бағаланады.

3)​ Оқушылар реакция теңдеулерін жазып , сутектің химиялық қасиеттеріне анықтама береді.

4)​ Оқушылар есепті шығарады.

Оқулықпен жұмыс. Оқушылар тапсырманы топта талдайды, сосын топтың бір мүшесі басқа топтарға қорғайды , жұмыстары бағаланады.








Автор
Дата добавления 12.01.2016
Раздел Химия
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров616
Номер материала ДВ-330925
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх