Инфоурок / Химия / Другие методич. материалы / Химия пәнінен сыныптан тыс жұмыс. Тақырыбы: Металдар айтысы
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Химия пәнінен сыныптан тыс жұмыс. Тақырыбы: Металдар айтысы

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

1.Сабақтың тақырыбы: Металдар айтысы.

2.Сабақтың мақсаты:а)сыныптан тыс іс шараларды жүргізе отырып,білімдерін тереңдету.

б) пәнге деген қызығушылығын арттыру.в)оқушылардың ізденіс,танымдық қабілеттерін қалыптастыру.

3.Көрнекілігі:интерактивті тақта,сөзжұмбақ,суреттер

4)Сабақ әдісі:айтыс сабағы

5.Сабақ жоспары: а) Ұйымдастыру кезеңі

б) Айтыстың басталуы

в)Металдар айтысы

г)Мақал-мәтелдер

д)Жұмбақтар шешу

6.Сабақтың барысы:

Жүргізуші:

Тіршіліктің көзі болған жерімде,

Химиялық элементтер елінде

Жиын болды мерекелік бас қосқан,

Менделеев кестесінің төрінде.


Жиын соңы жақсы айтысқа ұласты,

Біраз металл өздерінше сынасты.

Осы айтысты біз де тыңдап көрейік,

Сол металдар қандай-қандай сыр ашты?


Тіршіліктің үш негізі санада:

Көкте жарық,жердегі су,ауа да

Бұл айтысқа төреші боп сайланды,

Айтыс,тартыс төреліксіз бола ма?


Бүгінгі айтыс көп нәрсені білгізер,

Металл сырын көңілімізге түйгізер.

Олай болса төрешілер сөз алсын,

Бұл айтысты ретімен жүргізер.

Жарық

Тіршіліктің бір негізі-жарықпын,

Біледі жұрт не екенін жарықтың.

Бұл айтысты ,натрий,сен бастағын,

Өзіңді де көрерменге танытқын.


Натрий

Мен-натрий,сілтілік жеңіл металмын,

Өзім жайлы баяндауға бет алдым.

Алуан түрлі қасиетім бойымда

Қосылысым сабынның да бойында.

Бу түрінде сары түске енемін.

Суыңды да айналдырам сілтіге,

Су бетінде еріп жүре беремін.

Мен ауаға сутекті де бөлемін.

Түздарыммен астың дәмін кіргізем,

Сол арқылы зор пайдамды тигізем.

Космоста да сары түсті буыммен

Зымыранды көз алдыңда жүргізем.

Ауа

Натрий,осы жерге аялдағың,

Белгілі болды әлемге таралғаның.

Кезек бер,рақмет айт металл мысқа,

Мыс мырза өзің жайлы баяндағың.


Мыс

Жеңілтектік бар екен бір өзіңде, Екі түрлі-қола,жез қорытпам бар,

Салмағыңа сай екен мінезің де. Оны жақсы біледі қорытқандар .

Бізге кезек мақтанбай бер,натрий, Қола медаль алған жаман емес,

Қажет металл өмірге бір өзің де? «Алтын алу қайда» деп торықпаңдар.


Мен созылғыш,жұмсақ металл мыс деген, Таулы,Алтай,Жезқазғаннан шығамын,

Өмір бақи қолданыстан түспеген. Жауап берем және бар ма сұрағың?

Адамзатқа қажеттігім соншалық, Мекен-жайым-Менделеев кестесі,

Мені өндіріп алады ғой күшпенен. 29-шы тор көзінде тұрамын.


Табиғаттың орын алған төрінен,

Ең әдемі қызғылт түспен көрінем.

Екі түрлі валенттілік көрсетіп,

Басқалардан ерекше боп бөлінем.

Тағы айтарым:өте баяу тотығам,

Қасиетім де байқалады осыдан.

Жақсы өткізіп мен электр тогын да,

Өткізгіштер қатарына қосылам.


Су

Қызғылт мыс,таныстырып өзіңізді,

Жеткіздіңіз көп шындыққа көзімізді.

Сөйлесін ақ күмістей алюминий,

Тотықпас қасиет бар өзімде бір.

Алюминий

Алюминий атым бар,өзім жеңіл,

Металмын ие болған төзімге бір.

Коррозия дегеннен қорықпаймын,

Тотықпас қасиет бар өзімде бір.


Қолданылам электр желісінде,

Осы менің негізгі жеңілісім де.

Жарқыратып әр үйге жарық берем,

Бағалымын адамға сол үшін де.


Үш валентті элементпін тумысымда,

Вольфрам,мен сияқты құндысың да?

Өндірілем Кереку зауытынан,

Қолданылам халықтың тұрмысында.


Жарық

Алюминий,ренжіме сен десем,

Сөзге тоқта,айтқанымыз жөн десең.

Өзің айтқан вольфрамға кезек бер,

Сеніменен дейді ол да белдесем.

Вольфрам

Алюминий,артықтау бөсіп кеттің,

Алды-артыңды байқамай есіп кеттің.

Сырың мәлім,түбі бір туыс едің.

Өтірікпен жолымды кесіп кеттің.

Өтірік жарық берем дегенің де?

Одан да тоқ жеткізем демедің де?

Жоғары температураға төзбей тұрып,

Жарық берем дейсің-ау,сенемін бе?

Мен-вольфрам риза еткен халықты,

Нұрға бөлеп үй,көшені,зауытты.

Электр шам балқып тұрып ішінде,

Мен емес пе шығаратын жарықты.

Табиғатта өте сирек кездесем,

Қараңғыда менсіз жарық көрмес ең.

Жарық берген инертті газ екеуміз

Ғалымдардан сұра,маған сөнбесең.

Ауа

Вольфрам, сабыр сақта, қызбаланба,

Керексің бәрің бірдей бұл ғаламда,

Темірге сөз берейік, күтіп отыр,

Озгені не жетеді сыйлағанға.

Темір

Жер-/әлемге кең таралған темірмін,

Ондірістің тұлғасы боп көріндім.

Қара металл патшасы боп танылдым,

Иесімін өте үлкен сенімнің.


Қарапайым үйдегі тұрмыстарда,

Дамып жатқан ең алып құрылыстарда,

Мені білмес адамның баласы жоқ,

Мен қатыспас техника саласы жоқ.


Тарихымның тамыры терең жатыр,

Египет пен Индиядан келе жатыр.

Шойын, болат, пракат құймаларым

Замананың дамуын демеп жатыр.

Су

Бірталай мақтаңдың ғой,темір батыр,

Мақтанар мықтылығың толып жатыр.

Дегенмен кемшілік те бар-ау сірә,

Никель де соны айтпақ болып жатыр.

Никель

Несіне темір батыр,мақтанасың?

Шыдамай коррозияға таттанасың?

Болсаң да қанша мықты кең таралған,

Тотықсаң иіріп сен де жоқ боласың.

Кәдімгі мен боламын никель деген,

Адамдар қажетіне икемдеген.

Өзіндік әр металда қасиет бар,

Соларды,оқырманым,білсең деп ем.


Қажетті зат бекер жерде жатпайды, Әрбір айтқан сөзімді ақтай алам,

Менімен де металл бетін қаптайды. Бұзылудан суыңда сақтай алам.

Тотықпаймын қасиетім арқылы Тұрмыста да,өмірде мен өзімді,

Темірді де коррозиядан сақтайды. Қай жағынан алсаң да мақтай алам.

Жарық Ауа

Никелім,айтар сөзің ағып жатыр, Еңсеңді,ақ күмісім,тік ұстадың,

Еңбегің адамзатқа жағып жатыр Жөн болар басқаны да ұғысқаның.

Ал енді кезегі де келіп қалды, Күмісім,кезегіңді бергін енді,

Сөйлесін,күміс қайда,неғып жатыр? Сөйлесін мырыш деген туысқаның.

Күміс Мырыш

Мен күміспін,асылмен барабармын, Күмісжан,жараспайды безілдеуің,

Ақша болып қоғамда дараландым. Ерекше мақтадың ғой өзіңді-өзің.

Бұйым жасап зергерлік мына менен, Басқа да қасиет менде де бар,

Крекше боп мәртебем бағаландым. Келді енді сөйлейтұғын менің кезім.


Менің емдік қасиетім тағы бар, Жарайды,өзіңді-өзің мақтап-ақ қой,

Мүмкін болса күміс қасық тауып ал. Мақтану сірә сізге жаққан-ақ қой.

Сол қасықтан иондарым бөлінген Цинкпін,латынша цинкум дейді,

Ішкі ағзаңа шипагер боп табылар. Қазақша мағынасы «ақ қабат қой»


Металл көп жөнді-жөнсіз мақтанатын,

Көбінде бар кемшілік тоттанатын.

Соларды таттанудан сақтап жүр ғой,

Сыртынан мына менің ақ қабатым.


Өндіреді атақты Текеліден,

Қазыналы Текелі мекенімнен.

Қорғағыш қасиетім бойынша мен

Қалмаймын никель,хром екеуінен.

Жүргізуші

Металға бай ғой біздің Қазақстан,

Қазақстанның ғажап жері-ғажапстан.

Шымкентте ақса қорытқан қоғасыны,

Жезқазған тау түрғызған таза мыстан.

Химиктер металл сырын көп біледі:

Жылуды,тоқты жақсы өткізеді.

Осында металл қазір қанша? десең,

80-ге санын оның жеткізеді.

Айтысты сегіз металл –сегіз ақын,

Темір,мыс,мырыш,күміс,вольфрамың,

Натрий,алюминий,никель де бар

Кейінге қалдырайық қалғандарын.

Мақал-мәтелдер

1.Темірді қызған кезінде соқ 6.Күміс тозса-күл,

Түйменің инесіз күні жоқ. Жігіт арыса-құл.


2.Пәлен жерде пақыр бар, 7.Жақсы жастан шығады,

Іздеп барсаң мыс та жоқ. Темір тастан шығады.


3.Болат бүгілмес,Морт сыңар. 8.Алтын жерде жатпайды,

Жаман ұста суын таппайды.

4.Тауып-сөйлесең-күміссің,

Таппай сөйлесең-мыссың. 9.Ақыл-арымас,

Алтын-шірімес.

5.Жүзігің жарқын болғанша,

Жүзің жарқын болсын. 10.Теміршінің қолында,

Темір тозбайды.


Жұмбақтар

1.Осы затпен ескі үйді аластайды.

Түсіне қарасаң алтынға ұқсайды.(күкірт)


2.Бірінші буыным жалқы есімге қойылатын сұрақтан қойылады,

екінші буыным сан есім.Өзім қай элементпін?(НеОН)


3.Бірінші буыным тасқын су,екінші бөлігім мал құлағына салынатын белгі.

Қандай химиялық элементпін?(Селен)

4.Бірінші бөлігім көп емес,екінші бөлігім тілсіз жау деген мағынада,химиялық қай элементпін?(Азот)


5.Бірінші бөлігім Мария Складовская ашқан элементтің алғашқы екі әріпі,екінші буыным Еуропадағы өзен,өзім радиоактивті құбылыстан түзілетін элементпін.(Радон)


6.Кең әлемді керңейді,

Көзің бірақ көрмейді.(ауа)


7.Құрғақ жерде сақтайсың,

Онсыз тамақ татпайсың.(тұз)

8.Қыздырып соқсаң иеленеді,

Балға мен төстен именеді.


9.Галоген дәрігерге қызмет етеді,

Крахмал мен достасады.


10.Ұстасаң-ұннан майда,

Ұстатсаң-тастан берік.


Сөзжұмбақ.

1.Бактерицидтік қасиеті бар металл.(күміс)

2.Алақанда балқитын металл.(цезий)

3.Қан құрамындағы металл.(темір)

4.Металдар патшасы атанған металл.(алтын)

5.Ең қиын балқитын металл.(вольфром)

6.Шойын өндіретін пеш.(домна)

7.Фотографияда қолданылатын металл.(магний)

8.Ең қатты металл(хром)

Қорытынды.

«Мақал сөзде металл жүреді,

Металл қадірін халқым,біледі»-демекші

бүгінгі сабақты өзімнің мына өлең жолдарымен қорытындылаймын.

Металдар өмір жоқ

Түсінсең оны шырағым

Қолданамыз қайда деп

Білмесең менен сүрағың


Құрал сайман бәрі де,

Металдардан тұрады.

Қоспаларын сан жетпес.

Элементтерім құрады.


Тауда,таста білсеңдер

Қоспалары металдың

Күміс пенен алтыным

Патшасы ғой металдың-деп сабағымды аяқтаймын.




Ақмола облысы

Еңбекшілдер ауданы

Невский орта мектебі







Сыныптан тыс

жұмыс

Тақырыбы:Металдар айтысы





Өткізген:химия пәнінің

мұғалімі Саркеева Г.Қ.







2015-2016 оқу жылы


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-488896

Похожие материалы