Инфоурок / Химия / Другие методич. материалы / "ХИМИЯ ПӘНІНЕН ЖАҢА БІЛІМ РУДІҢ КӘСІБИ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ АЯСЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

"ХИМИЯ ПӘНІНЕН ЖАҢА БІЛІМ РУДІҢ КӘСІБИ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ АЯСЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ"

библиотека
материалов

ХИМИЯ ПӘНІНЕН ЖАҢА БІЛІМ БЕРУДІҢ КӘСІБИ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ АЯСЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ.

ЖАМАЛИЕВА ГҮЛСАРА ТІЛЕШҚЫЗЫ

Т.Амандосов атындағы орта мектеп

« Бар ізгілік тек біліммен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар »

Ж.Баласағұни.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлтты және адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу; білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім (Strong, Ward & Grant, 2011)[2] болып табылса, бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттілігі туындайды. Білім берудің маңызды шарты- оқу үрдісін жаңарта отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың өздігінен білім алу құштарлығын жетілдіру, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып, саралауда мұғалімнің іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру болып табылады[1].

«Егеменді елдің, келешек ұрпақтың болашағы, келешегі білімде жатыр, ол үшін білімді, білікті ұстаздар керек...» -, деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, Қазақстанның дүние жүзілік білім кеңістігіне ену қажеттілігі туындап отырған кезеңде жалпы білім беру жаңа әдіс- тәсілдер арқылы білім сапасын арттыру көзделіп отыр. Жаңа білім берудің кәсіби бағдарламаларын жүзеге асыру аясында инновациялық технологияларды пайдалану мұғалімдердің оқу үрдісінде мақсатты нәтижеге жетуіне ықпал етеді. Қазақстанның дүние жүзілік білім кеңістігіне енуінің негізгі мақсаты -дәстүрлі сабақ беруді өзгерту, білім алушыларға білім беруде жаңа стратегияларды қолдана отырып, білім сапасын арттыру болып табылады. Заман талабына сай білім беру жүйесін инновациялау арқылы білім беру үрдісін жақсарту. «Инновация» сөзі латын тіліндегі іn (ішіне) novus (жаңа) сөздерінен құралып, жаңару, жаңалық, өзгеру деген мағынаны білдіреді[3]. Яғни, білім алу жолындағы жаңалықтарды үйрету, қабылдау, бағалау және қолдану үрдісін басқару болып табылады.

Бүгінде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне өтуге бағыт алуда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен көптеген игілікті істер жасалуда. Қазақстанның білім беру мазмұны жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам басу жолында көптеген бағдарламалар жүзеге асуда.Соның бірі – Оқытудағы жаңа тәсілдер бағдарламасы.Білім беру жүйесінің бұл бағыты көңілге қонады. Біліктілігіміз бен шеберлігімізді жаңғыртып, оқушыларымызды бүкіл әлемді мойындататын деңгейге көтеру ұстаздардың басты міндеті.

Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші деңгей бағдарламасын зерделеп, оны меңгердік, ой түйдік. Аталған Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ділел–уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір – көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 6 бет)[2].

Бағдарламада сабақтарда қарастырылатын жеті модуль сараланған:

- білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер;

- сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

- білім беру үшін бағалау және оқытуды бағалау;

- білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;

- талантты және дарынды балаларды оқыту;

- оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту;

- білім берудегі басқару және көшбасшылық [2].

«Мұғалімге арналған нұсқаулықтан» білім берудегі Кембридждік әдістің теориялық негізін оқып, таныса отырып,оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері –7 модульді практикалық түрде қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткіздім.

Химия пәнін оқытуда білім беру сапасын жақсарту мақсатында Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін өз сабақтарымда үнемі қолданамын. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі, дүниетанымын кеңейтуге бағытталуы.Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді оқушы өз ойын сыни тұрғыдан ойлап, дәлелдеуге тырысады,ой-өрісін кеңейтеді,еркін ойлай отырып, шығармашылық қабілеттері шыңдалады,ізденеді, ойланады, ал мұғалім болса, осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Сонымен қатар, жекелей жұмыстар, жұптық және топтық жұмыстар арқылы өз ойларын ашық айта білуі, пікірлерін таластыру, ойланып жауап беру, жолдастарының ойын тыңдау, сыйластыққа, ұйымшылдыққа, бірлікке, білім деңгейлерінің жоғары болуына өте көп әсерін тигізеді.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі - проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған модуль. "Сыни тұрғыдан ойлау" - сынау емес,шыңдалған ойлау болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлау – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Басты мақсаты оқушыларға кез - келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету. Бұл модуль жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді модуль деп есептеймін. Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.

Сабақта СТО технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырамын. Баланың тереңде жатқан ойын дамытып, олардың сөздік қорын молайтып, сөйлеуге, дәлелдеуге үйретеді.

Сыни тұрғыдан ойлау "ойлау туралы ойлау" деп сипатталады. Психолог Дайана Халперн сыни тұрғыдан ойлауды күтілетін түпкі нәтижеге қол жеткізудің мүмкіндігін ұлғайтатын когнитивтік техникалар мен стратегияларды қолдану деп қарастырған болатын (Бағдарлама ІІІ 38-бет)[2]. Сыни ойлау-оқушылардың қай нәрсеге болса да терең оймен қарап, салыстыра талдау жасап, көзқарасын білдіру, өзіндік «менін»қалыптастыру, өз ойын тұжырымды жеткізе білуі деп ойлаймын. Шығыс даналығы былай дейді: «Маған айтсаң, ұмытып қаламын, көрсетсең есімде қалады. Ал,өзім істесем, үйреніп аламын». Яғни, баланың ынтасын жетелеу қызығушылығын ояту арқылы оқыту, үйрету қажет деген сөз. Сыни тұрғыдан ойлауда ең басты нерсе-сұрақтың дұрыс қойылуы. Сабақ беру барысында сыни тұрғыдан ойлау үнемі жүзеге асып отырады. "Қызығушылықты ояту " бөлімінде "БҮҮ" стратегиясын, сауалнама тапсырмаларын ,Сұрақ-жауап, Венн диаграммасы,Кезекпен қайталау, "Ыстық орындық" стратегияларын қолданамын. "Мағынаны тану" бөлімінде "Джиксо"стратегиясын, сөзжұмбақ шешу, проблемалық сұрақтар,Хаттар стратегиясы бойынша тірек-сөздермен жұмыс-глоссарийді қолданамын, химиялық зертханалық жұмыстар көрсетемін. Оқушылар сабақта қалай оқу керектігін меңгереді және дағдыланады.

Мұғалім оқушыға қалай оқу керектігін үйретеді. Дәстүрлі оқыту әдісінде мұғалім білімді беруші болған болса, жаңа оқыту әдісінде мұғалім бағыттаушы болып табылады. Сабақтағы басты тұлға, басты кейіпкер-оқушы. Жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді әдіс сұрақ-жауап, әңгімелесу, диалог болып табылады. Менің әр сабағым диалогқа құрылды. Топтық жұмыс арқылы оқушы мен оқушы арасында, оқушы мен мұғалім арасындағы диалогты тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа қол жеткізе алдым. Нәтижесінде оқушылар өз ойларын жарыса айтты, қызу пікірталас жүргізді. Жаңа сабақты өз беттерімен меңгере алды. Сабақта үнсіз отыратын оқушылар сабаққа қызығушылықтарын білдіріп, постер қорғауға қатысты, ойларын ортаға салды.Тақырыпқа сәйкес ресурстар берілді,оқушылар өзара пікірлесіп, дайындалды,бірін-бірі оқытты, өзіндік ой түйеді. Диалогтік оқыту баланы дамытады. Балалар бір-бірімен сөйлескенде ғана білім алады. Сұрақ қою - сабақ берудің тиімді тәсілі деп білемін.Жоғары дәрежелі сұрақ қою арқылы оқушыны сыни тұрғыдан ойлауға үйрету қажет.Дұрыс жауап алу үшін оқушыларға қайта бағыттау сұрақтарын қойдым. Бала ұмытып қалғанда түрткі сұрақтарын қойдым. Химияда формулаларды сөйлету, есеп шығару кезінде, есептің шығару жолын түсіндіру, ережелерді айтуда тілдің рөлі зор. Егер есепті түсіндіре отырып шығарса, өзінің сыныптастарының есінде қалады.Александердің (2001,2008) Диалогтік оқыту әдісі өзара білім алуға көмектеседі.

Әрбір сабаққа жоспар құрардың алдында мен: «Менің оқушыларым не істей алады?»- деп алдымен ойланып аламын. Оқушылардың өз беттерімен меңгеруіне ыңғайлы етіп, олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрамын. Тақырыпқа сәйкес сұрақтар дайындағанда, деңгейлік тапсырмалар бергенде, сауалнамаларды жасақтағанда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріп жасадым. Бұл оқушылардың өзіне деген сенімділігін жауапкершіліктерін арттырады, өзін-өзі бағалаулары үшін тиімді болады. Бағалау-одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.

Мұғалімдер мен оқушылар өздерінің қандай мақсатқа жететіндіктерінің өлшемдерін түсінуі қажет. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады. Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет. Өзін-өзі бақылау, олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі және дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Өзін-өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жаттығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды. Баға білімді есепке алу ғана емес, ол тәрбиелік құрал. Сондықтан, оқушы білімін бағалауда немқұрайлылыққа салынуға болмайды. Баға ''балл'' есебінде көрсетіледі. Келесі кезекте баға және оның өлшемі қандай, соған тоқталамыз. Қазіргі кезде білім беру саласының барлық құрылымында оқу-таным әрекетінің сапасын анықтайтын дәстүрлі ''5'' балдық жүйелер қолданылады.

''5'' бағасы - оқу материалын толық, дәл логикалық, бірізділікпен айтылған жауапқа қойылады;

''4'' бағасы - оқу материалын толық біледі, бірақ болар-болмас кемшілігі бар жауапқа қойылады;

''3'' бағасы - жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес, білімінде кейбір проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады;

''2'' бағасы - оқушы жауабында қателер, білімінде елеулі кемшіліктер бар жауапқа қойылады;

''1'' бағасы - тексерілген оқу материалы бойынша білімі жоқ, толып жатқан өрескел қателер үшін қойылады.

Бағалаудың мақсаты мұғалімнің бағалауды қандай мақсатта және кім үшін, қалай өткізу керек екендігі туралы түсінігіне негізделген(Бағдарлама ІІІ,56-бет)[2]. Бағалау-білімнің кері байланысы.Бағалау өлшемдерін әр сабағымда түрлендіріп отырамын. Бағалау өлшемдері бойынша білімі қорытындыланып, бағаланады.

Топта жұмыс жасағанда оқушылар бірін-бірі оқытты. Білімімен дараланып, ерекшеленген оқушылар болды. «Оқушы өткізетін жиналыс» стратегиясын сабағымда қолдандым. Баланы тютор етіп дайындауды мақсат еттім. Өз беттерімен дайындалды. Оқушылар бірін-бірі оқытады.Оқушы сол сабақты ешуақытта ұмытпайды.

Әр сабақтарымда сандық технологияны және оқушылардың қызығушылықтарын арттырудағы басты құрал болып табылатын АКТ-ны қолданамын. АКТ енген кезде, теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды тиімді қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқыту және оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады(Мұғалімдерге арналған нұсқаулық,62-бет)[2]. Сабағымды Блум таксономиясына негіздей отырып өткіземін. Сабақтарымда электрондық оқулық, Венн диаграммасы, Инсерт, БҮҮ кестесі, семантикалық карта толтыру,т.б. әдістерін қолданамын.

Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі (Питер Клайн)[2].

А.Байтұрсынұлының «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» деген сөзі бүгінде маңызын жойған жоқ.Қазіргі таңда мемлекетіміздің алдындағы міндет–білім беру жүйесін жаңарту екенін барша қазақстандықтар түсінді. Ендігі сол міндетті жүзеге асыру жолында әрекет ету. Сауатты, жан-жақты маман болу үшін білім беру саласындағы оқытудың жаңа технологияларын меңгеру қажеттігі туындап отыр. Себебі, қай кезеңде де жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім беру саласы ұстаздан өзгерісті,табандылықты, үлкен жауапкершілікті талап етуде. Мұғалім мен оқушы көшбасшылығы – мұғалім 7 модульді тиімді пайдаланып, нәтижеге қол жеткізе алса – мұғалімнің көшбасшылығы, топта айрықша белсенділік танытқан оқушы–көшбасшы, ол әдетте басқа оқушыға көмектесіп, соған жауап беруге тырысады, өйткені ол өзін емес, сыныптастарын, топты алға сүйрейді.

Диалогтік әдісті әр мұғалім пайдаланады, сабақ басталғаннан аяқталғанға дейін болады, басқаша сабақ өтпейді десек те болады. Тек әдісті мұғалімнің орынды пайдалана білу шеберлігіне байланысты қолданылады. Мұнда сұрақтар деңгейіне қарай ажыратылады. Оқушылар мұғаліммен, оқушылар оқушылармен сойлеседі, сұрақ қойып, жауап береді.

Мен үшін ең тиімді сабақ ол-нәтижелі сабақ. Ал сабақтың нәтижесі оқушылардың іс-әрекетінен көрініс табады. Мұғалімнің мақсаты - әрбір оқушы дарындылығының табиғи саласын анықтап, оның өсіп-жетілуіне қолайлы жағдай жасау. Дарынды балаларды оқытудың басты мақсаты – әрбір шәкірттің жеке дара ерекше қабілеттерін ілгері дамыту, дарындылығы анықталған оқушыны қабілетіне сай шығармашылықпен ойлай алатын азамат етіп қалыптастыруға жағдайлар жасау аясында жұмыстар жүргізу.

Кембридждік тәсілдің оқушыларға болашақта тигізер пайдасы зор екеніне сенімдімін. Оқушылардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылығының одан да арта түсетініне сенемін.

Еліміздің өсіп–өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы ұлттық білім жүйеміздің деңгейіне, даму бағытына байланысты болса, алған бетбұрысымыз дұрыс деп ойлаймын.



Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана, 2000.

2. “Мұғалімге арналған нұсқаулық”2012

3. Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі. Г.Бейсенова, Қазақстан мектебі №6 - 2006ж

Данные

Ф.И.О.


Жамалиева Гулсара Тлешовна

Ученая степень


Учитель химии. І категории.

Место работы


Атырауская областная национальная гимназия для одаренных детей

Домашный телефон


87122248769

Сотовый телефон


87781715879

Электронная почта


zhamalieva1976@mail.ru

Тема доклада

Развитие профессиональных программ в преподавании химии с использованием инновационных технологии.









Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-059826

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"