Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Конспекты / Химия сабағында АКТ-ны қолданудың маңызы

Химия сабағында АКТ-ны қолданудың маңызы


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Химия

Поделитесь материалом с коллегами:

Химия сабағында АКТ-ны қолданудың маңызы

Білімді әрі сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамат дамуының негізгі қозғаушы күші. Ал баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы, өзіндік көзқарасның қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында басталады. Қазіргі мектептердегі оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа әдіс-тәсілдерден, технологиялардан құралады. Демек, баланың білімі ерекше болуы, ол білімнің нәтижелі болуы пән мұғалімнен жауапкершілікті талап етеді. Бүгінгі таңда адамзаттың ақпараттық мәдениетінің дамуы білім алуда өте маңызды рөл атқарады, оның себебі ғылыми-техникалқ ақпаратың көлемі екпінді өсуіне байланысты. Ақпараттық технологиялардың барлық жаналықтарын ең бірінші балалар қабылдайды, сондықтан балалардың жоғары танымдық қызығушылығын пайдаланып, олардың жеке тұлға ретінде дамуын қалаптастыру. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» - деп Елбасымыз атап өткен. Жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны компьютерлік және саралап- деңгейлеп оқыту технологиясын енгізу негізінде:

  • Химия пәнінен электрондық оқулықты қолдану арқылы өткізілген сабақтардағы оқытылған сабақтардың білім сапасына әсерін зерттеу, талдау.

  • Химия пәнінен электрондық оқулықты қолдану арқылы өткізілген сабақтардағы оқытылған сабақтардың білім білім деңгейінің көрсеткіштерін анықтау.

  • Химиядан өткізілген дәстүрі және электронды оқулықты қолданып оқытылған

сабақтардың салыстыруына сараптама. Химия пәнінде АКТ-ны қолданып, мынадай нәтижелерге қол жеткізуге болады:

  • Ақпараттық-коммуникативтік технологияны кеңінен пайдалана отырып, оқушылардың химия пәніне қызығушылығын арттыру;

  • Бүгінгі таңдағы ақпарат ғасырындағы өмірге бейімделген жан-жақты білімді жеке тұлға қалыптастыру;

Осы жағдайларөз шешімін тапқанда әлемдік білім кеңістігіне енудің маңызды шарттардың ең бастысы – оқушы құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі де іске асар еді. Осы тұрғыда алғанда мектепте химиядан қолданбалы курстарды оқытудың маңызы зор деп есептейміз. Өйткені қазір мектептерде барлық жұмысты бірыңғай ұлттық тестілеуге даярлап, жоғары сапа көрсетуді бірінші кезекке қойған кезең екендігі жасырын емес. Ал оқушылар арасында химия пәнін таңдау өте сирек, себебі химияны таңдаушылар үшін ұсынылған мамандық түрі аз. Сондай-ақ, химия қиын пәндер қатарынан болып саналады. Бірақ осындай қайшылықтарға қарамастан химия- жаратылыстану пәндерінің бірі ретінде оқушылардың жан-жақты жарасымды жетілуіне, химиялық сауатты болуына қажетті білім беретін, яғни құзыретті жеке тұлғаны тәрбиелеуге өзіндік үлес қосатын пән.Ақпараттық технология негіздері тұлғаның химия пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабақта видео,аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады. Ақпарапттық-технологияларды сабақ үстінде пайдаланудың формалары мынадай болып келеді:

  • Сабақ барысында техниканы қолдану арқылы материалды түсіндіру,оқушыны сөйлету және пікірталас, бекіту, оқушылардың білімін бақылау, жеке жұмыс, талдау, тестілеу, қажет ақпаратты іздестіру;

  • Сабақтан тыс уақытта оқушының дербес, өздігінен қолдануы, яғни үй тапсырмасын орындау, рефераттар даярлау, өзіндік бақылау;

  • Мұғалімнің сабаққа даярлық кезеңінде қолдануы, яғни арнайы материалды іріктеп алу, тапсырмаларды дайындау және т.б. АКТ әдістерін төмендегідей бірнеше бағытта қолданып отыруға болады:

  1. Химиялық үрдістерді сипаттап, талау жасау үшін компьютер немесе басқа да ақпараттық құралдар арқылы көрнекілік ретінде суреттер, диграмма мен бейнероликтерді кеңінен қолдануға болады.

  2. Оқушылардың есту, көру қабілеттерін дамыту үшін табиғаттағы заңдылықтар мен үрдістерді анимация арқылы қолдануға тиімді. Мысалы:химиялық процесстер, химиялық өндірістер және т.б

  3. Мультимедиялық оқулықтар көмегімен күрделілігі жөнінен түрлі деңгейдегі химиялық тапсырмалар мен зертханалық жұмыстарды орындауға болады.

  4. Алған білімдерін тексеріп, бекіту өте тиімді. Қазіргі кезде оқытудың жаңа үрдісіне сай мектепке барлық пәндерден тест әдісі кеңінен қолданылады, тіпті ҰБТ тапсыру үшін де. Әсіресе тарау, тақырыпты қорытып, қайталауда тест тапсырмаларын оқушылар қызыға орындайды.

Ақпараттық- коммуникациялық технология (АКТ-компьютер, интерактивті тақта, ғаламтор) оқушының оқуға мотивициясын арттырады және химия пәнін оқу барысында мынадай мүмкіндіктерге қол жеткізеді.Оқу материалдарының мазмұнын көрнекілікті, түсінікті, қызықты етеді. Оқу материалдардың суреттерін динамика түрінде көрсетуге. Күрделі химиялық эксперменттерді көрсетуге, мысалы, қопарылыс және улы заттар мен химиялық реакцияларды сирек және қымбат заттармен реакцияларды, өте баяу жүретін реакцияларды. Оқушылармен жылдам және тиімді тестілеу өткізу. Оқушылармен өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру, анықтамалық материалмен жұмыс істеуге үйрету. Жеке тұлғалық және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқушыға комфорттық жағдай жасау: Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді.Қазіргі уақытта Қазастанның жалпы орта білім беретін мектептерінің барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Интерактивті әдіс- диалогтік әдіс, нәтижесінде сабаққа қатысушылар бір-бірімен байланыса отырып, мәселелерді шешеді. Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, интерактивтік тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивтік тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін, тек қана сабақ жоспарлап, керекті материалдарды дайындау керек.сабақта мұғалім интерактивтік тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді. Сабақ дайындығына дұрыс уақытты қалай бөлуге бөлуге болады? Әр сабақта пайдаланатын көрнекі құралдарды қалай дайындайды? Біз аталған сұрақтарға жауап беруге тырысамыз.Интерактивті тақта оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда көптеген жетістіктері бар.Бұл жетістіктер туралы өз сабағында интерактивтік тақтаны пайдаланатын мұғалімдер ғана айта алады. Әріптестермен бірге отырып сабаққа дайындалу арқылы жақсы әсерге қол жеткізуге болады, бұл тек қана міндеттерді бөліп беру мен уақытты үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берілген материалдардың сапасын арттырады. Мұғалімдердің пайымдауынша интерактивтік бағдарлама олардың жартылай жұмысын атқарады. Мысалы: белгілі бір материалды интерактивтік тақтада орындау арқылы файлдағы белгілермен өзгерістерін сақтап қалуға болады, бұны сабақта болмай қалған оқушыларға қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы да қолануға болады. Мұғалім оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын меңгеріп, оны пайдалану арқылы өзінің материалдық базасын толықтырып, әрі уақытты үнемдейді. Мультимедиялық технологиялар көбінесе компьютерлік сыныптарда қолданылады. Қазіргі уақытта сабақ материалдарына байланысты көптеген электрондық оқулықтар мен компакт-дискілер бар. Бүгінгі таңда ақпараттық технологияның өмірімізге терең енуіне байланысты жеке пән сабақтарында компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін толық пайдаланып, оқушыларға терең де тиянақты білім беруге жағдай жасалды.Компьютерлік графикалық материал презентациялық слайд көмегімен көрсетіледі, яғни сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады. Оқу материалын беру логикасына көп көңіл аударады, бұл оқушылардың білім деңгейіне оң әсерін тигізеді. ҰБТ сынақтарына химия пәнінен оқушыларды дайындау барысында ғаламтормен жұмыс үлкен роль атқарады. Ол тек әртүрлі тесттер мен мәліметтер алатын ақпарат көзі ғана емес, даярлық жұмыстарында онлайн режиміндегі тесттерді орындау арқылы оқушыны тестпен жұмыс істеу дағдысына, уақытты үнемдеуге және қорытындысын талдау арқылы сол бойда қатемен жұмыс істеуге көп көмегін тигізеді.Оқушылар бір тестілеуден жақсы нәтижеге жеткенше бірнеше қайтара өтеді. Бұл тестілеудің барлығы химия пәні бойынша мемлекеттік білім стандарты талаптарына сәйкес келеді.Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал жасайды. Химия пәнінде дарынды оқушылармен жұмысты да ғаламтор көмегімен тиімді ұйымдастыруға болады.Осы бағытта соңғы уақыта жиі-жиі ұйымдастырылып жүрген республикалық, облыстық олимпиадалар мен байқауларға қатыстыру арқылы оқушыларды көптеген жетістіктеріне қол жеткізуге болады.

Қорыта келгенде, ақпараттық технологияның тиімділігі – оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар екендігі анықталды.Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдер шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Демек, компьютер оқушылар мен мұғалім жұмысын ұйымдастыруда кең мүмкіндіктерге ие, оқытудың әдістерін кеңінен әрі сапалы қолдануға мүмкіндік береді. Ендеше, ақпараттық технологияны абақта қолдану оқушының іс-әрекетін, жұмысын түрлендіруге көмектеседі, зейінін белсендіреді, жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін жоғарылатады деуге болады. Ақпараттық технология арқылы жасалатын тест тапсырмалалары уақытты, шығынды үнемдеуге көмектесе отырып, оқушылардың өз білімін бағалауға үйретеді. Ең бастысы оқушылардың өзіндік білім алуын қамтасыз етіп, әр түрлі білім көздерінен негізгісін бөліп алу, тауып алу дағдыларын дамытады. Әрбір оқушының білім деңгейін талапқа сай көтеру үшін озық әдістемелік технологиялар қажет. Сол жаңа озық әдістемелік технологиялармен қарулаған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни ақпараттық- коммуникациялық технологияларды толық меңгерген педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды. Оқытудың озық технологиясын меңгеру оқытушының кәсіптік шеберлігіне байланысты. Бұл әрбір ұстазды ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Осы орайда Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жәй ғана емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер», - деп тұжырым жасайды. Сондықтан оқытушы өз пәнінен психологиялық тұрғыдан қарап, әдістемелік шеберлікпен келу керек. Сабақ барысында интерактивті технлогияларды қолдану жұмысын өнімді, нәтижелі, ал оқушылардың білім алу әрекетін мәнді, қызықты пайдалы етеді.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Ашық сабақтар сайты

  2. Ә.М. Нұрмағанбетова. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу үрдісінде пайдалану. Педагогикалық альманах, №3-4, 2010, 64 бет

  3. Б. Ибраимова. Ақпарттық технология- нәтижелі білім берудің көзі. Қазақстан мектебі, №11, 2012, 5 бет

  4. М. Ж. Жадрина. Жалпы білім берудегі жаңа үрдістер. Открытая школа, №5,2004

  5. ҚР-ның білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы






57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 24.12.2015
Раздел Химия
Подраздел Конспекты
Просмотров317
Номер материала ДВ-282593
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх