Инфоурок Химия Другие методич. материалыХимия сабағында жобалап оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі

Химия сабағында жобалап оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ проект.docx

«Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»

Акционерлік қоғамның филиалы

«Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің

біліктілігін арттыру институты»

 

 

 

 

 

Жоба тақырыбы:

«Химия сабағында жобалап оқыту технологиясын

қолданудың тиімділігі»

 

 

 

Химия пәні бойынша курс тыңдаушы:

14-25 сәуір 2014 жыл

Бұғыбай Жұлдыз Еженханұлы

 

 

 

 

Курс жетекшісі: Сыздыкова А.С.

 

 

Көкшетау 2014 жыл

 

 

ТОП МҮШЕЛЕРІ

 

 

 

 

Әлменов Қадыр Жұмекенұлы - Есіл ауданы, Құмай орталау мектебі, химия пәнінің мұғалімі.

 

Салимова Айбота Маулытбаевна – Зеренді ауданы, Ортақ орта мектебі, химия пәнінің мұғалімі.

 

Бұғыбай Жұлдыз Еженханұлы – Астрахан ауданы, Қызылжар орта мектебі, химия пәнінің мұғалімі.

 

Саркеева Гүлнар Қазбекқызы – Еңбекшілдер ауданы, Аманкелді орта мектебі, химия пәнінің мұғалімі.

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

1.ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ


1.1. Жобалап оқыту технологиясы дегеніміз не?

 

1.2. Сабынның химиялық құрамына шолу.

 

2.ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ


2.1. Химия сабағында жобалап оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі.


2.2. Ғылыми-зерттеу жұмысының бастауы  

 

2.3. Зерттеудің әдіс-тәсілдері  

 

2.4. Сабын және синтетикалық жуғыш заттар


ҚОРЫТЫНДЫ


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Зерттеу пәні: химия

Зерттеу мақсаты: жалпы білім беру мектептерінде жобалай оқыту технологиясы арқылы меңгерудің ғылыми-әдіснамалық негіздерін анықтай отырып,  химия пәнінің жобалай оқытудың әдістемелік жүйесімен танысу және оның тиімділігі мен сапалылығын педагогикалық эксперимент арқылы дәйектеу.

Зерттеу міндеттері:

Химия пәнін білім сапасын арттыратын оқытудың жаңа технологияларының маңызын, түрлері мен типтерін саралай отырып, жобалай оқыту технологиясының ерекшелігі мен мәнін анықтау;

Жобалай оқыту  технологиясының ғылыми-теориялық және тұғырларын нақтылап, тұжырымдау;

Жобалай оқыту технологиясының нәтижесінде қалыптасатын тілдік-коммуникативтік құзыреттіліктерді  саралау;

Химия пәнін меңгертуде жобалай оқыту технологиясы түрлерін жүзеге асырудың ұтымды амал-тәсілдері мен әдістерін ұсыну;

Химия пәнін жобалай оқыту технологиясы негізінде меңгертудің сапалылығы мен тиімділігін педагогикалық эксперимент жүзінде дәйектеу.

Зерттеу әдістері:

Химия пәнін оқытуда жобалай оқыту технологиясын қолданудың әдіснамалық, теориялық және әдістемелік негіздерін тану жолында теориялық-ізденім әдістері;

 Қазақстандық педагогика саласында жаңа педагогикалық технологиялардың зерттелуі мен қолданылуын танытатын салыстырмалы әдістері;

 Химия пәнін оқыту саласында «жаңа педагогикалық технологияның қолдануын» танытатын салыстырмалы әдістері;

 Химия пәнін оқыту тәжірибесінде инновациялық үдерістің дамуы мен қалыптасуын анықтайтын практикалық-инновациялық тәжірибені топтастыру әдісі;

 Эмпирикалық зерттеу әдістері: әңгімелесу; бақылау; тестілеу; педагогикалық эксперимент; сауалнама; диагностикалық әдістеме.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. 

1.      Химия пәнін жобалай оқыту технологиясы арқылы меңгертудің ғылыми-әдістемелік негіздері айқындалды.

2.     Жалпы білім беру мекемелеріндегі жобалай оқыту технологиясын қолдану антропологиялық парадигма тұрғысынан дәйектеліп, оның оқушының шағармашылығын арттырудағы тұлға қалыптастырушылық мәні ашып көрсетілді.

3.     Жобалай оқыту технологиясын орта білім беру ұйымдарындығы оқу жүйесіне сәйкес  ұйымдастырудың тұжырымдамасы жасалды.

4.     Химия пәнін сапалы меңгертуде жобалай оқыту технологиясының типтері мен түрлері жіктеліп, оларды қолданудың ұстанымдары ғылыми негізделді.

 

Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу нәтижелері химия оқыту әдістемесі мен педагогика ғылым салаларындағы оқыту технологиясы теорияларын жетілдіруге, оның   әдіснамалық және ғылыми-теориялық негіздерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Орта білім беру ұйымдарында химияны оқытудың білім сапасын арттырудың тиімді жүйесі ретінде жобалай оқыту технологияларын қолданудың айқындалған теориялық негіздемелері үздіксіз білім беру жүйесінің осы буынындағы пәннің мемлекеттік нормативтік-базалық құжаттарын, оқу бағдарламаларын, оқулықтарын жетілдіру кезінде, түпкі нәтижелерді құзыреттіліктер тұрғысынан анықтау үдерісінде пайдаланылуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ


1.1 Жобалап оқыту технологиясы дегеніміз не?

Жобалап оқыту технологиясы 19 ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған – Джон Дьюи атты психолог және педагог, философ.

20-шы ғасырдың басында жобалау технологиясы Ресей педагогтарының назарын өзіне аудара бастайды. Дегенмен, бірқатар себептерге байланысты, бұл әдістеме кеңінен таралмай, тоқтап қалды:

 

-Жоба жұмысымен жұмысты ұйымдастыра білетін мұғалімдердің болмауы;

 

-Жоба жұмысының әдістемесінің жасалмауы.

 

-Жеке баға мен сынақты ұжымдық сынаққа көшіру салдарынан жеке оқушы білімнің төмендеуі  т.б. себептер.

 

Қазақ педагогикасының атасы Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық, оқығанды көңілге ықылыспен тоқылық» деген өлең жолдарында осы технологияның негізгі ұғымдары жатыр.

Өйткені, бұл технологиялық оқудағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері түбегейлі өзгереді. Салыстырып көрелік:

-Оқушының іс-әрекеті:

-Мұғалімнің іс-әрекеті:

 

-Оқушы-оқыту субьектісі:

-Жеке тұлғаға қарай бағытталған ұсынушы, нақты мақсат қоюшы:

 

-Мақсатқа дербес өз іс-әрекетімен жетуші белсенді субьект:

-Бағыт-бағдар беруші, кеңесші:

 

-Өзін-өзі және бірін-бірі оқытушы:

-Оқушының жетістігін құптаушы:

 

-Өнерпаз, жасампаз еңбектің иесі:

-Ынталандырушы, мақсат қоюшы:

 

-Өз ізденісімен табысқа жетуші шығармашылық тұлға:

-Мақсаттарға жетелеуші.

Жобалап оқыту технологиясының негізін салушы Карл Фрей, жобалау әдісі туралы былай дейді:

 

-Оқушылардың болсын немесе оқытушы тарапынан болсын практикалық маңызы бар бір жоба ұсынылуы тиіс.

 

Жобаның тақырыбы: «Химия сабағында жобалап оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі».

Жобаны зерттеуді кластан тыс сабақтарда өткізген тиімді болады. Жобалау әдісі – оқушылардың зерттеу жұмыстары әдісі болып табылады.

Жобаны орындау мынадай кезеңдерден тұрады:

І –кезең. Жобалық тапсырманы, тақырыбын құрастыру. Жобаның тақырыбын жіктеп бөліп, оларды оқушылар арасында бөлу

ІІ –кезең. Шығармашылық топтар құру, топтағы оқушылар өзара үйлесімді жұмыс істеуі үшін олармен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу

ІІІ –кезең. Зерттеу жұмысына материалдар дайындау. Жауап берілуі тиіс сұрақтарды тұжырымдау, командаларға тапсырмалар, қажетті әдебиеттерді таңдау.

ІҮ –кезең. Оқушылардың жобаны орындауы. Мұғалім оқушылар жұмысын үйлестіреді, кеңес береді, олардың іс-әрекетін көтермелеп отырады. Оқушылар іздеу, тану жұмыстарын орындайды.

Ү –кезең. Нәтижелерді шығару, нәтижелерге нақтылы жағдайға сәйкес ішінара түзетулер жасау.

ҮІ –кезең. Жұмыстар қортындысымен жұртшылықты таныстыру (презентация). Мұғалім экспертизалық жұмысты ұйымдастырады. Мысалы эксперт ретінде жоғары сынып оқушыларын немесе ата-аналарды шақыруға болады.

ҮІІ –кезең. Орындалған жұмысты талдау, бағалау (рефлексия). Мұғалім балалардың іс-әрекетін педагогикалық тұрғыда бағалайды, балалардың ынтасын ескереді.

 

 

 

 

 

 

 

Сабын  – тілімізге арабтың «сабун» деген сөзінен енген кірме сөз. Сілтінің, сақардың және майдың қосындысынан жасалған, суда еритін кір жууға арналған кесек немесе қоймалжың сұйық зат. Бүгінде сабынның сан түрлі атаулары бар. Сабын өндірісі бұдан 6000 жыл бұрын жүзеге асқанын археолог-ғалымдар дәлелдеп отыр. Сабынның адам баласына ертеден белгілі екендігі туралы Рим дәрігері Гален шығармаларында жазылған. Оны көп мөлшерде өндіру ХІХ ғасырда сода тәсілі табылғаннан кейін жедел өркендеді. Орта ғасырларда сабын өндіру жөнінен Марсель портты қаласының аты шықты. Ресейде сабын І Петр дәуірінде пайда болып, ХІХ ғасырдың ортасына дейін ақсүйектерге ғана белгілі болды. Қазақ арасында сабын сөзі одан әлдеқайда ертерек пайда болғанын мына мысалдардан аңғаруға болады. Мәселен, Бұқар жырау (1668-1791 жж) өлеңдерінде мынандай жолдар бар екен:

 

Қара қойдың терісін,

Сабындап жусаң ағармас…

 

Одан кейінірек Шал ақын Құлекеұлы (1748-1818 жж) былай депті:

 

Сабының сақар болды дені келін,

Көрмедің шыбын құрлы мені келін

 

Сабын — жоғары май қышқылдарының тұздары. Жалпы химиялық формуласы: RCOONa. Тарихта сабын туралы мәліметтер ерте кезден белгілі. Мысалы, римдіктердің сабын қайнатқаны туралы дәрігер Галеннің шығармаларында жазылған; Әбу Әли ибн Сина өз қолжазбаларында шығыс елдерінде сабын қолданылғаны және Византияда сабын жасалғандығы туралы мәлімет берген. Ал скифтердің жуғыш заттар қолданғандығы туралы Геродот жазған. 9 — 10 ғасырларда Орта Азияның Асбара (Исфара), Бахи, Термез қалаларында сабын сатылып, моншалар салынған. Сабынды көп мөлшерде өндіру 19 ғасырда сода алу әдісі ашылған соң өркендей бастады. Сабын — кристалл C-та балқиды; ыстық суда,°қатты заттар, 220 — 270 органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Судағы ерітінділерінің беттік актив заттар ретінде жуғыш қасиеті бар, себебі сабын әлсіз қышқыл және күшті негіздің тұзы болғандықтан гидролизге R—COOH+ +NaOH. Мұндағы R радикал, егер ол®ұшырайды. Мысалы, RCOONa+HOH кіші мән H, CH3, C2H5, C3H7-ге тең болса сабын жақсы еріп, жуғыштығы жоғары болады. Қарапайым сабын — карбон қышқылдарының тұздары. Оларды глицерин мен әр түрлі май қышқылдарының эфирлері болып саналатын табиғи майлардан (өсімдік, жануар, балық майлары) алады. Қазақтар жануар майын алабұта, балаты қурайы, сексеуіл шырпысы немесе басқа өсімдік күлімен (сақар) Сурет:Decorative Soaps.jpgараластырып, қайнату арқылы қолдан сабын жасаған. Өнеркәсіптік жолмен сабын алу үшін көптеген шикізаттар (өсімдік майы, жануар майы, KOH, сода, NaOH, сақар, конифоль, нафтен, т.б.) қолданылады. Майдың гидролизінен алынған ерітінді қатайғанда, глицерині бар сабын түзіледі. Оған ас тұзын қосқанда қатты сабын алынады. Құрамында май қышқылдарының тұзы мен органикалық және бейорганикалық қосымша заттар болатын кір сабын, 72%-ды қатты сабын, хош иісті заттардан тұратын иіс сабын, медицинада қолданылатын арнайы сабын тәрізді түрлері бар. Тоқыма, былғары, металлургия өнеркәсібінде, сондай-ақ, зиянды жәндіктерге қарсы күресте препараттар дайындауда техникалық сабын қолданылады.

 [2]

Сабын молекуласы

Сабын молекуласы–кішкене бақаға ұқсайтын құрылымдар.Әрбір молекуланың екі ұшы бар, бір ұшы құйрық сияқты ұзын полюссіз және гидрофобиялық көмірсутек шынжыры, ал екінші ұшы басы сияқты қысқа полюсті және гидрофильді карбоксильді ион болады. Молекулардың гидрофобиялық қасиеті молеклалардың суда ерімейтін, алайда майда ери алатын ерекшіліктеріне байланысты айтылса, гидрофильдік қасиеттері заттың суда еритін, алайда майда ерімейтін ерекшіліктеріне қатысты айтылады. ==Майлы қышқылдар== Сабындарда стеарин, пальмитин және олеин қышқылдары секілді қаныққан және қанықпаған майлы қышқылдардың натрий және калий сияқты минералды тұздарынан тұрады.Мұндай қышқылдарда 10-20 көміртегі атомынан тұратын ұзын көмірсутекті тізбек және карбоксильді топ бар. Стеарин және пальмитин қышқылдары жалғыз байланыстардан тұратын қаныққа майлы қышқылдарға жатады. Олеин және линол қышқылдары бір немесе бірнеше қос байланыстан тұратын қанықпаған майлы қышқылдарға жатады.

 

Сабынмен тазалау

Сабын тазалау процесі барысында механизм бойынша жұмыс істейді. Сабынды сумен араластырып шайқағанда, сабын ерітіндісі концентраты түзіліп, көбік пайда болады.Көбік сабын молекулаларынан су бетінде жалғыз молекулалық қабықшаның пайда болуына ықпал етіп, олардың матаға кіруіне септігін тигізеді.Сабын молекуласының гидрофобиялық ұшы матаға сіңген кірді немесе майды қоршап алады.Ал, екінші жағынан, гидрофильді ұшы суды кірден алшақтатады. Кірді немесе майды қоршап тұрып, кір бөдшектерінен жұмсаратын сабын молекулаларының шоғыры мицелла деп аталады. Сабындарды кермек сула қолданбаған жөн.

 

 

 

 

 

Сабындану

Сабындану дегеніміз— химиялық реакция басында майларды гидролиздеу жолымен сабын жасау процесі. Сабындану процесі кезінде триглицеридтер натрий немесе калий гидроксидімен реакцияға түсіп, глицерин мен сабын деп аталатын майлы қышқыл түзеді. Сабындану реакциясы барысында күшті қышқылдар немесе негіздер катализатор ретінде қолданылады.

 

Ұнтақтардың қасиеті

  • Синтетикалық ұнтақтар сабындарға қарағанда суда жақсы ериді.
  • Олар сабындарға қарағанда тазалау әрекеті бойынша күштірек.
  • Олар биологиялық ыдырауға түспейтін болғандықтан судың ластануына әкеледі.
  • Олар қатты суда ерімейтін тұнба жасамайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
2.1. Химия сабағында жобалап оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі.

 

Бүгінгі күні педагогикалық алаңда білім берудің жаңа моделін құраудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Оның жүйесінің негізгі ұстанымдары «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасында» көрсетілген.
Оқушымен оқытушы арасындағы тепе-теңдік жағдай, екі тұлға да үйренушілер, үйретушілер;
Оқушымен оқытушы арасындағы өзара сыйластық,, бір-бірінің үйренудегі
және үйретудегі көмегінің маңыздылығы;
Оқушыны өз пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін құрметтеу;
Оқушының ойлау, талдау, іздену қабілеттерін арттыру; 
Сабақта шешуші роль атқаратын оқытушы емес, керісінше оқушы екені туралы пікір қалыптастыру;
Сабақ кезеңдерінде қолданылатын стратегия:
Оқушылардың таным белсенділігін «іске қосып»,одан туындаған ойды шешуге бағыттау үшін,сол ойдың белгілі бір жақтары болуы керек және шығармашылық іздестіруге, ойлануға итермелейтін бастапқы мәліметтер болуы тиіс.
Топтастыру (кластер) стратегиясында мәтіннің мәнін білдіретін бірліктерін жекелеп,белгілі бір ретпен сатылаған түрде сызбанұсқалық бейнелеу.әртүрлі жазулар арқылы оларды категорияларға біріктіріп, ерекше бөлініп орналастыру арқылы кез –келген нәрсені есімізде сақтаймыз.
Мысалы: «Металл» сөзін естігенде көз алдыңа не елестейді?

 

2.2. Ғылыми-зерттеу жұмысының бастауы.

 

Ғылыми-зерттеу жұмысы өзекті проблемалардан бастау алатындығы баршамызға мәлім. Әр түрлі саланы зерттейтін ғылымдрдың барлығы да адам баласының «білсем», «танысам» деген ынталарынан туындаған. Жұмбақ дүниелер проблеманы туғызған, ал проблемалар бір ғылым саласының тууына, дамуына ықпал еткен.

Проблеманы іздеудің ең оңтайлы жолы – бір нәрсені әр түрлі жағынан көре білу; дайын тұжырымдардың өзіне де сыни көзқараспен қарау, басқа шешімін іздеу, оны табуға еңбектену болып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Зерттеудің әдіс-тәсілдері.

 

Зерттеу жұмысы – шығармашылық үрдіс. Оның барысында өзгертулер, толықтырулардың болып тұруы заңды құбылыс.

Зерттеу жұмысына ең алдымен жоспар жасап алу керек. Жұмыс жоспары «Не істеу керек, қандай жолдары бар, қандай әдістер дұрыс?» деген сұрақтарды қамтиды.

 

-Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттер тізімін жасау. Ғылыми жұмыстарға үңілу.

 

-Ғалымдардан ақыл-кеңес сұрау.

 

-Интернетке жүгіну.

 

-Үнемі байқау, іздеу, жинақтау жұмыстарын жүргізу.

 

-Тәжірибе жүргізу, оның барысы, нәтижесін жүйелі түрде талдап отыру.

 

-Қорытынды жасау.

 

-Бейне материалдар, слайдтар жасау.

 

-Жұмысты қорғауға дайындалу.

Сабын және синтетикалық жуғыш заттаp

Сабын — жоғары карбон қышқылдарының тұздары RCOOMe. Сабынның құрамына пальмитин С15Н31СООН және стеарин С17Н35СООН қышқылдарының тұздары (негізінен, натрий мен калий тұздары) кіреді және оның суда ерігіштігі құрамындағы металл катионына байланысты болады. Калий тұздары суда натрий тұздарына қарағанда жақсы ериді, ал магний, кальций, барий тұздары суда ерімейді. Сұйық сабынның құрамына калий, қатты сабынның құрамына натрий катиондары кіреді.

43.PNG

http://bits.wikimedia.org/static-1.23wmf22/skins/common/images/magnify-clip.png

1. Сабын алу. Сабындану реакциясын майды натрий гидроксидімен немесе натрий карбонатымен қыздыру арқылы жүргізеді. Реакция нәтижесінде глицерин мен жоғары карбон қышқылының натрий тұзы (сабын) түзіледі:

май + NaOH → глицерин + сабын

Түзілген сабынды бөліп алу үшін реакция өнімдеріне натрий хлоридін қосады, сонда сабын қоспаның бетіне қалқып шығып, глицерин астында қалады. Сабынды жинап алады және пішін береді. Сабын жасағанда жоғары май қышқылы тұзынан (RCOOMe) басқа оған — хош иісті заттар, бояулар, антисептиктер және т.б. заттар қосады.

2. Соңғы кезде майды үнемдеу мақсатында сабын алу үшін мұнай өнімдері құрамындағы көмірсутектерден карбон қышқылын алады:

36Н74 + 5O2 → 4С17Н35СООН + 2Н2O

Түзілген қышқылдарды бейтараптау арқылы сабын алынады:

С17Н35СООН + NaOH → C17H35COONa + Н2O (натрий стеараты (қатты сабын))

С17Н35СООН + Na2CO3 → C17H35COONa + Н2O + СO2 (натрий стеараты)

Карбон қышқылы тұздарының (сабынның) гидролизі кезінде сілті түзіледі:

С17Н35СОО- + Na+ + НОН → С17Н35СООН + Na++ ОН-

44.PNG

http://bits.wikimedia.org/static-1.23wmf22/skins/common/images/magnify-clip.png

Сілті майлы заттарды ыдыратады, ал карбон қышқылы — беттік белсенді зат (ББЗ) (43-сурет). Ол екі сұйықтың немесе сұйық пен газ шекарасында беттік керілуді төмендететін зат. ББЗ болу үшін оның құрамындағы топтар әр түрлі затпен әрекеттесуі керек. Карбон қышқылы молекуласының беттік белсенді заты су мен органикалық сұйықтық шекарасында. Карбон қышқылында гидрофобты (гр. hydro — су және phobos — қорқады) көміртек қалдығы және гидрофильді (гр. hydro — су және рһіlіо — сүйеді, ұнатады) карбоксил тобы бар. 44-суретте сабынның жуғыш қасиеті көрсетілген. Сабын молекуласы екі бөліктен тұрады, көмірсутек тізбегі майдың құрамында, ал —COONa+ тобы суда болады.

Сабындардың жуғыш қасиеті — жуылатын беткейлердегі жабысқан кір бөлшектерін эмульсия, суспензия түріне ауыстыра алатын мүмкіндігіне байланысты.
Кермек суда сабын "іріп кетеді" де, кір ашылмайды. Себебі кермек суда карбон қышқылының кальций, магний тұздары тұнбаға түседі:

2C17H35COONa + СаСl2 → (С17Н35СОО)2Са↓ + 2NaCl

Сабынның суда еруі кезінде жоғары қышқылдармен сілті түзе гидролиздену процесі бірге жүреді. Бұл жағдай матаға зиянды әсерін тигізеді:

C17H35COONa + Н2O → С17Н35СООН +NaOH

Жоғары карбон қышқылдары тұздарының қолданылуы жуғыш заттар ретінде шектелмейді. Кальций тұзын мұнай майларына қосып, солидол жағар майын алады. Тығыз маталарды алюминий сабынымен (тұзымен) өңдеп, су өткізбейтін брезенттер жасайды. Қорғасын, марганец сабындарын майлы бояулар дайындағанда пайдаланады. Қазіргі кезде синтетикалық жуғыш заттар кеңінен қолданылуда. Синтетикалық жуғыш заттар (СЖЗ), негізінен, алкилсульфаттардың натрий тұзынан тұрады. RO — SO2— ONa. R — құрамында 8—18 көміртек атомы бар көмірсутек радикалы.
СЖЗ алу үшін әуелі спирт пен күкірт қышқылын әрекеттестіріп, күкірт қышқылының күрделі
эфирін алады:

R — OH + HO — SO2— OH → R — О — SO2 — OH + H2O

Түзілген алкилсульфаттан күрделі эфирдің натрий тұзын алады:

R — О — SO2 — OH + NaOH → R — O — SO2— ONa + H2O

СЖЗ күкіртсутектің ұзын тізбегі (R) мен ерігіш функционалдың топтан тұратындықтан, сабын сияқты жуғыштық қасиеті жоғары. Сабыннан айырмашылығы — кальций мен магний тұздары ерігіш болғандықтан, жуғыштық қасиетін кермек суда да жоймайды. Синтетикалық жуғыш заттар өте баяу айырылады, сондықтан табиғатқа, қоршаған ортаға, тірі организмдерге зиян тигізуі мүмкін. Сол себепті акаба (кір) суларды тұндырғыштарда тұндырып, балдырларда болатын биологиялық бактериялар көмегімен тотықтыру арқылы тазалайды. Бұл кезде органикалық заттарды көмірқышқыл газы мен суға дейін ыдыратады. Алкилсульфаттар мен алкилсульфонаттарды ыдырататын бактериялар штамдары әзірленген, осылар арқылы микробиологиялық тазарту іске асады. Сабындар жоғары карбон қышқылдарынъш (палъмитнн және стеарин) калий және натрий тұздары. Сабындар қатты және сұйық болады. Сабын кермек суда "іріп" кетіп, кір ашылмайды. Синтетикалық жуғыш заттардың кір алғыштығы сабыннан жоғары, бірақ қоршаған ортаға зиян тигізуі мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Сонымен, зерттеу нәтижелерін қорытындылай келгенде мынадай тұжырымдар жасалды:

1. Жаңа заманғы білім беру саласына қойылып отырған талаптарына химия пәнін меңгеруге қазіргі заман тұрғысынан қойылып отырған міндеттерге жауап бере алатын, бүгінгі күн сұранымын толық ақтай алатын оқыту жүйесін енгізуді қажет етуде. Жобалап оқыту технологиясы бүгінгі күн үдерісінен толық шығатын заманауи жаңа жүйе болып саналады. Өз бетімен белсенді істер атқаратын оқушының өзіндік ізденісіне, олардың өзін-өзі танытуына, танымдық-практикалық қабілеттерін жүзеге асыруына қажетті мүмкіндіктер жан-жақты қамтылатын жобалап оқыту технологиясы  бүгінгі қоғам талап етіп отырған бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруда шешуші мәнге ие бола алады.

 

 2. Өзіндік заңдылықтар мен қағидаларға сүйене жүргізілген жағдайда ғана оқыту технологиялары нақты нәтижеге қол жеткізуге жол ашады. Олай болса, химия пәнін жобалап оқыту технологиясының ғылыми-әдіснамалық негіздерін толық меңгеру, оны сауатты қолдану жаратылыстану ғылымдарының сапасын арттырады.

3. Жобалап оқыту  технологиясы  антропологиялық парадигмаға сай  «субъект – субъект» қатынастың жүзеге асырылуын қамтамасыз ете отырып, тұлғадамытушылық рөл атқаратындықтан, өздігінен әрекет ететін, шешім қабылдайтын, өз «Мен»-і бар дара тұлғаның дамуына кепіл болады.  Жобалап оқыту технологиясының негізінде білім нәтижесін құзыреттіліктер деңгейінде қалыптастыру жүзеге асады. Өйткені жобалап оқытудың технологиялық жүйесі оқыту үдерісінде студенттердің жаратылыстану ғылымдарын меңгеруге деген қызығушылығын, жауапкершілігін, белсенділігін, мақсаттылығын, шығармашылығын ерекше даму сатысына көтеріп, құзыреттіліктерге ұластыратын болады.

 

4. Жобалап оқыту технологиясы аясында оқушылардың танымдық және практикалық қабілеттерін дамытуда даралап, саралап оқытудың мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндік мол.  Сондықтан бұл жүйе қоғам талабы мен оқушы мүддесін ортақ мақсат бойынша үйлестірудің басты шарты болып саналады.

 

 

 

 

 

 

 

Пікір

Жоба тақырыбы: «Химия сабағында жобалап оқыту технологиясының қолдану технология».

Орындаушылар: Әлменов Қадыр, Салимова Айбота, Бұғыбай Жұлдыз, Саркеева Гүлнар.

Жоба жұмысы жоспары кіріспе , негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады.

Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі, жобалап оқыту технологиясына қатысты ғылыми ізденістер, жобалап оқыту технологиясының теориясын алғаш негіздеген ғалымдар Д. Дьюк пен В. Килпатрик еңбектері қарастырлған.

Ресей ғалымдарының  осы саладағы еңбектері сараланған. Зерттеудің нысаны, пәні, мақсаты, зерттеу жұмысының міндеттері, идеясы, әдістемелік негіздері, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңызы кең ауқымы, өте жоғары деңгейде көрсетілген.

Жұмыстың негізгі бөлімінде: жобалап оқыту технологиясы туралы жалпы түсінік; жобалау, реттеу, әрі іс - тәжірибеде оқыту мен тәрбиелеу жобасын жүзеге асыру қамтылған.

Педагогикалық технологияның ең басты мәнді белгісі: мақсаты айқын, нақты алдын ала болжау арқылы диагностикалық негізде, нақты жеткен нәтижелерді ескере отырып, оқыту процесінің нәтижелі жүргізлуін сызба арқылы жақсы көрсеткен.

Жобаны зерттеуді сыныптан тыс сабақтарда өткізудің тиімділігі мен жобаны орындаудың 1-7 кезеңдерін толық сарапталған.

Жобалап оқыту технологиясының оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы рөлі: оқушылардың шығармащылық қабілеттерін анықтай отырып жобалап оқыту технологиясына сай тереңдетілген түрде тапсырмалар беру арқылы  олардың даму деңгейін, ой өрісін дамыту арқылы сабақ мақсатына жету жолында білім бердің негізгі талаптары халықтық тәлім – тәрбие беру арқылы жүзеге асырылуы талданған.

   

 

Курс жетекшісі:Сыздықова А.С.,  «Өрлеу» БАҰО АҚ  филиалы

Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты кафедрасының аға оқытушысы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Химия сабағында жобалап оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Землеустроитель

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ Жоба.pptx

Скачать материал "Химия сабағында жобалап оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі"

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • «Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»
Акционерлік қоғамның филиалы
«Ақ...

    1 слайд

    «Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»
    Акционерлік қоғамның филиалы
    «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің
    біліктілігін арттыру институты»
    Жоба тақырыбы:
    «Химия сабағында жобалап оқыту технологиясын
    қолданудың тиімділігі»


    Химия пәні бойынша курс тыңдаушылары:
    14-25 сәуір 2014 жыл
    Бұғыбай Жұлдыз Еженханұлы



    Курс жетекшісі: Сыздыкова А.С.

  • МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1.ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1. Жобалап оқыту технологиясы дегенімі...

    2 слайд

    МАЗМҰНЫ
    КІРІСПЕ
    1.ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

    1.1. Жобалап оқыту технологиясы дегеніміз не?
    1.2. Сабынның химиялық құрамына шолу.
    2.ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

    2.1. Химия сабағында жобалап оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі.

    2.2. Ғылыми-зерттеу жұмысының бастауы
    2.3. Зерттеудің әдіс-тәсілдері
    2.4. Сабын және синтетикалық жуғыш заттар

    ҚОРЫТЫНДЫ

    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  • Зерттеу мақсаты: 

           Жалпы білім беру мектептерінде жобалай оқыту те...

    3 слайд

    Зерттеу мақсаты:

    Жалпы білім беру мектептерінде жобалай оқыту технологиясы арқылы меңгерудің ғылыми-әдіснамалық негіздерін анықтай отырып, химия пәнінің жобалай оқытудың әдістемелік жүйесімен танысу және оның тиімділігі мен сапалылығын педагогикалық эксперимент арқылы дәйектеу.

  • Зерттеу міндеттері:
Химия пәнін білім сапасын арттыратын оқытудың жаңа технол...

    4 слайд

    Зерттеу міндеттері:
    Химия пәнін білім сапасын арттыратын оқытудың жаңа технологияларының маңызын, түрлері мен типтерін саралай отырып, жобалай оқыту технологиясының ерекшелігі мен мәнін анықтау;
    Жобалай оқыту технологиясының ғылыми-теориялық және тұғырларын нақтылап, тұжырымдау;
    Жобалай оқыту технологиясының нәтижесінде қалыптасатын тілдік-коммуникативтік құзыреттіліктерді саралау;
    Химия пәнін меңгертуде жобалай оқыту технологиясы түрлерін жүзеге асырудың ұтымды амал-тәсілдері мен әдістерін ұсыну;
    Химия пәнін жобалай оқыту технологиясы негізінде меңгертудің сапалылығы мен тиімділігін педагогикалық эксперимент жүзінде дәйектеу.

  • Зерттеу әдістері:
Химия пәнін оқытуда жобалай оқыту технологиясын қолданудың...

    5 слайд

    Зерттеу әдістері:
    Химия пәнін оқытуда жобалай оқыту технологиясын қолданудың әдіснамалық, теориялық және әдістемелік негіздерін тану жолында теориялық-ізденім әдістері;
    Қазақстандық педагогика саласында жаңа педагогикалық технологиялардың зерттелуі мен қолданылуын танытатын салыстырмалы әдістері;
    Химия пәнін оқыту саласында «жаңа педагогикалық технологияның қолдануын» танытатын салыстырмалы әдістері;
    Химия пәнін оқыту тәжірибесінде инновациялық үдерістің дамуы мен қалыптасуын анықтайтын практикалық-инновациялық тәжірибені топтастыру әдісі;
    Эмпирикалық зерттеу әдістері: әңгімелесу; бақылау; тестілеу; педагогикалық эксперимент; сауалнама; диагностикалық әдістеме.

  • Зерттеудің ғылыми жаңалығы.  
 Химия пәнін жобалай оқыту технологиясы арқылы...

    6 слайд

    Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
    Химия пәнін жобалай оқыту технологиясы арқылы меңгертудің ғылыми-әдістемелік негіздері айқындалды.
    Жалпы білім беру мекемелеріндегі жобалай оқыту технологиясын қолдану антропологиялық парадигма тұрғысынан дәйектеліп, оның оқушының шағармашылығын арттырудағы тұлға қалыптастырушылық мәні ашып көрсетілді.
    Жобалай оқыту технологиясын орта білім беру ұйымдарындығы оқу жүйесіне сәйкес ұйымдастырудың тұжырымдамасы жасалды.
    Химия пәнін сапалы меңгертуде жобалай оқыту технологиясының типтері мен түрлері жіктеліп, оларды қолданудың ұстанымдары ғылыми негізделді.

  • Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. 
            Зерттеу нәтижелері...

    7 слайд

    Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы.
    Зерттеу нәтижелері химия оқыту әдістемесі мен педагогика ғылым салаларындағы оқыту технологиясы теорияларын жетілдіруге, оның әдіснамалық және ғылыми-теориялық негіздерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Орта білім беру ұйымдарында химияны оқытудың білім сапасын арттырудың тиімді жүйесі ретінде жобалай оқыту технологияларын қолданудың айқындалған теориялық негіздемелері үздіксіз білім беру жүйесінің осы буынындағы пәннің мемлекеттік нормативтік-базалық құжаттарын, оқу бағдарламаларын, оқулықтарын жетілдіру кезінде, түпкі нәтижелерді құзыреттіліктер тұрғысынан анықтау үдерісінде пайдаланылуы мүмкін.

  • 1.ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

    8 слайд

    1.ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

  • Жобалап оқыту технологиясы дегеніміз не?
           Жобалап оқыту технологияс...

    9 слайд

    Жобалап оқыту технологиясы дегеніміз не?
    Жобалап оқыту технологиясы 19 ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған – Джон Дьюи атты психолог және педагог, философ.
    20-шы ғасырдың басында жобалау технологиясы Ресей педагогтарының назарын өзіне аудара бастайды. Дегенмен, бірқатар себептерге байланысты, бұл әдістеме кеңінен таралмай, тоқтап қалды:
    -Жоба жұмысымен жұмысты ұйымдастыра білетін мұғалімдердің болмауы;
    -Жоба жұмысының әдістемесінің жасалмауы.
    -Жеке баға мен сынақты ұжымдық сынаққа көшіру салдарынан жеке оқушы білімнің төмендеуі т.б. себептер.
    Қазақ педагогикасының атасы Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық, оқығанды көңілге ықылыспен тоқылық» деген өлең жолдарында осы технологияның негізгі ұғымдары жатыр.

  • Жобаны зерттеуді кластан тыс сабақтарда өткізген тиімді болады. Жобалау әдісі...

    10 слайд

    Жобаны зерттеуді кластан тыс сабақтарда өткізген тиімді болады. Жобалау әдісі – оқушылардың зерттеу жұмыстары әдісі болып табылады.
    Жобаны орындау мынадай кезеңдерден тұрады:
    І –кезең. Жобалық тапсырманы, тақырыбын құрастыру. Жобаның тақырыбын жіктеп бөліп, оларды оқушылар арасында бөлу
    ІІ –кезең. Шығармашылық топтар құру, топтағы оқушылар өзара үйлесімді жұмыс істеуі үшін олармен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу
    ІІІ –кезең. Зерттеу жұмысына материалдар дайындау. Жауап берілуі тиіс сұрақтарды тұжырымдау, командаларға тапсырмалар, қажетті әдебиеттерді таңдау.
    ІҮ –кезең. Оқушылардың жобаны орындауы. Мұғалім оқушылар жұмысын үйлестіреді, кеңес береді, олардың іс-әрекетін көтермелеп отырады. Оқушылар іздеу, тану жұмыстарын орындайды.
    Ү –кезең. Нәтижелерді шығару, нәтижелерге нақтылы жағдайға сәйкес ішінара түзетулер жасау.
    ҮІ –кезең. Жұмыстар қортындысымен жұртшылықты таныстыру (презентация). Мұғалім экспертизалық жұмысты ұйымдастырады. Мысалы эксперт ретінде жоғары сынып оқушыларын немесе ата-аналарды шақыруға болады.
    ҮІІ –кезең. Орындалған жұмысты талдау, бағалау (рефлексия). Мұғалім балалардың іс-әрекетін педагогикалық тұрғыда бағалайды, балалардың ынтасын ескереді.

  • 
 Сабын молекуласы

Сабынмен тазалау

Сабындану

Ұнтақтардың қасиеті

    11 слайд


    Сабын молекуласы

    Сабынмен тазалау

    Сабындану

    Ұнтақтардың қасиеті

  • Сабын  – тілімізге арабтың «сабун» деген сөзінен енген кірме сөз. Сілтінің, с...

    12 слайд

    Сабын – тілімізге арабтың «сабун» деген сөзінен енген кірме сөз. Сілтінің, сақардың және майдың қосындысынан жасалған, суда еритін кір жууға арналған кесек немесе қоймалжың сұйық зат. Бүгінде сабынның сан түрлі атаулары бар. Сабын өндірісі бұдан 6000 жыл бұрын жүзеге асқанын археолог-ғалымдар дәлелдеп отыр. Сабынның адам баласына ертеден белгілі екендігі туралы Рим дәрігері Гален шығармаларында жазылған. Оны көп мөлшерде өндіру ХІХ ғасырда сода тәсілі табылғаннан кейін жедел өркендеді. Орта ғасырларда сабын өндіру жөнінен Марсель портты қаласының аты шықты. Ресейде сабын І Петр дәуірінде пайда болып, ХІХ ғасырдың ортасына дейін ақсүйектерге ғана белгілі болды. Қазақ арасында сабын сөзі одан әлдеқайда ертерек пайда болғанын мына мысалдардан аңғаруға болады. Мәселен, Бұқар жырау (1668-1791 жж) өлеңдерінде мынандай жолдар бар екен:

  • Сабын — жоғары май қышқылдарының тұздары. Жалпы химиялық формуласы: RCOONa. Т...

    13 слайд

    Сабын — жоғары май қышқылдарының тұздары. Жалпы химиялық формуласы: RCOONa. Тарихта сабын туралы мәліметтер ерте кезден белгілі. Мысалы, римдіктердің сабын қайнатқаны туралы дәрігер Галеннің шығармаларында жазылған; Әбу Әли ибн Сина өз қолжазбаларында шығыс елдерінде сабын қолданылғаны және Византияда сабын жасалғандығы туралы мәлімет берген. Ал скифтердің жуғыш заттар қолданғандығы туралы Геродот жазған. 9 — 10 ғасырларда Орта Азияның Асбара (Исфара), Бахи, Термез қалаларында сабын сатылып, моншалар салынған. Сабынды көп мөлшерде өндіру 19 ғасырда сода алу әдісі ашылған соң өркендей бастады. Сабын — кристалл C-та балқиды; ыстық суда,қатты заттар, 220 — 270 органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Судағы ерітінділерінің беттік актив заттар ретінде жуғыш қасиеті бар, себебі сабын әлсіз қышқыл және күшті негіздің тұзы болғандықтан гидролизге R—COOH+ +NaOH. Мұндағы R радикал, егер олұшырайды. Мысалы, RCOONa+HOH кіші мән H, CH3, C2H5, C3H7-ге тең болса сабын жақсы еріп, жуғыштығы жоғары болады. Қарапайым сабын — карбон қышқылдарының тұздары. Оларды глицерин мен әр түрлі май қышқылдарының эфирлері болып саналатын табиғи майлардан (өсімдік, жануар, балық майлары) алады. Қазақтар жануар майын алабұта, балаты қурайы, сексеуіл шырпысы немесе басқа өсімдік күлімен (сақар)

  • Сабын молекуласы
Сабын молекуласы–кішкене бақаға ұқсайтын құрылымдар.Әрбір мо...

    14 слайд

    Сабын молекуласы
    Сабын молекуласы–кішкене бақаға ұқсайтын құрылымдар.Әрбір молекуланың екі ұшы бар, бір ұшы құйрық сияқты ұзын полюссіз және гидрофобиялық көмірсутек шынжыры, ал екінші ұшы басы сияқты қысқа полюсті және гидрофильді карбоксильді ион болады. Молекулардың гидрофобиялық қасиеті молеклалардың суда ерімейтін, алайда майда ери алатын ерекшіліктеріне байланысты айтылса, гидрофильдік қасиеттері заттың суда еритін, алайда майда ерімейтін ерекшіліктеріне қатысты айтылады. ==Майлы қышқылдар== Сабындарда стеарин, пальмитин және олеин қышқылдары секілді қаныққан және қанықпаған майлы қышқылдардың натрий және калий сияқты минералды тұздарынан тұрады.Мұндай қышқылдарда 10-20 көміртегі атомынан тұратын ұзын көмірсутекті тізбек және карбоксильді топ бар. Стеарин және пальмитин қышқылдары жалғыз байланыстардан тұратын қаныққа майлы қышқылдарға жатады. Олеин және линол қышқылдары бір немесе бірнеше қос байланыстан тұратын қанықпаған майлы қышқылдарға жатады.

  • Сабынмен тазалау
Сабын тазалау процесі барысында механизм бойынша жұмыс істей...

    15 слайд

    Сабынмен тазалау
    Сабын тазалау процесі барысында механизм бойынша жұмыс істейді. Сабынды сумен араластырып шайқағанда, сабын ерітіндісі концентраты түзіліп, көбік пайда болады.Көбік сабын молекулаларынан су бетінде жалғыз молекулалық қабықшаның пайда болуына ықпал етіп, олардың матаға кіруіне септігін тигізеді.Сабын молекуласының гидрофобиялық ұшы матаға сіңген кірді немесе майды қоршап алады.Ал, екінші жағынан, гидрофильді ұшы суды кірден алшақтатады. Кірді немесе майды қоршап тұрып, кір бөдшектерінен жұмсаратын сабын молекулаларының шоғыры мицелла деп аталады. Сабындарды кермек сула қолданбаған жөн.
    Сабындану
    Сабындану дегеніміз— химиялық реакция басында майларды гидролиздеу жолымен сабын жасау процесі. Сабындану процесі кезінде триглицеридтер натрий немесе калий гидроксидімен реакцияға түсіп, глицерин мен сабын деп аталатын майлы қышқыл түзеді. Сабындану реакциясы барысында күшті қышқылдар немесе негіздер катализатор ретінде қолданылады.
    Ұнтақтардың қасиеті
    Синтетикалық ұнтақтар сабындарға қарағанда суда жақсы ериді.
    Олар сабындарға қарағанда тазалау әрекеті бойынша күштірек.
    Олар биологиялық ыдырауға түспейтін болғандықтан судың ластануына әкеледі.
    Олар қатты суда ерімейтін тұнба жасамайды.

  • 2. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

    16 слайд

    2. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

  • Химия сабағында жобалап оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі.
Бүгінгі кү...

    17 слайд

    Химия сабағында жобалап оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі.
    Бүгінгі күні педагогикалық алаңда білім берудің жаңа моделін құраудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Оның жүйесінің негізгі ұстанымдары «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасында» көрсетілген.
    Оқушымен оқытушы арасындағы тепе-теңдік жағдай, екі тұлға да үйренушілер, үйретушілер;
    Оқушымен оқытушы арасындағы өзара сыйластық,, бір-бірінің үйренудегі
    және үйретудегі көмегінің маңыздылығы;
    Оқушыны өз пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін құрметтеу;
    Оқушының ойлау, талдау, іздену қабілеттерін арттыру; 
    Сабақта шешуші роль атқаратын оқытушы емес, керісінше оқушы екені туралы пікір қалыптастыру;
    Сабақ кезеңдерінде қолданылатын стратегия:
    Оқушылардың таным белсенділігін «іске қосып»,одан туындаған ойды шешуге бағыттау үшін,сол ойдың белгілі бір жақтары болуы керек және шығармашылық іздестіруге, ойлануға итермелейтін бастапқы мәліметтер болуы тиіс.


  • Ғылыми-зерттеу жұмысының бастауы.
Ғылыми-зерттеу жұмысы өзекті проблемалардан...

    18 слайд

    Ғылыми-зерттеу жұмысының бастауы.
    Ғылыми-зерттеу жұмысы өзекті проблемалардан бастау алатындығы баршамызға мәлім. Әр түрлі саланы зерттейтін ғылымдрдың барлығы да адам баласының «білсем», «танысам» деген ынталарынан туындаған. Жұмбақ дүниелер проблеманы туғызған, ал проблемалар бір ғылым саласының тууына, дамуына ықпал еткен.
    Проблеманы іздеудің ең оңтайлы жолы – бір нәрсені әр түрлі жағынан көре білу; дайын тұжырымдардың өзіне де сыни көзқараспен қарау, басқа шешімін іздеу, оны табуға еңбектену болып келеді.

  • Зерттеудің әдіс-тәсілдері.
Зерттеу жұмысы – шығармашылық үрдіс. Оның барысынд...

    19 слайд

    Зерттеудің әдіс-тәсілдері.
    Зерттеу жұмысы – шығармашылық үрдіс. Оның барысында өзгертулер, толықтырулардың болып тұруы заңды құбылыс.
    Зерттеу жұмысына ең алдымен жоспар жасап алу керек. Жұмыс жоспары «Не істеу керек, қандай жолдары бар, қандай әдістер дұрыс?» деген сұрақтарды қамтиды.
    -Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттер тізімін жасау. Ғылыми жұмыстарға үңілу.
    -Ғалымдардан ақыл-кеңес сұрау.
    -Интернетке жүгіну.
    -Үнемі байқау, іздеу, жинақтау жұмыстарын жүргізу.
    -Тәжірибе жүргізу, оның барысы, нәтижесін жүйелі түрде талдап отыру.
    -Қорытынды жасау.
    -Бейне материалдар, слайдтар жасау.
    -Жұмысты қорғауға дайындалу.

  • Сабын және синтетикалық жуғыш заттаp
Сабын — жоғары карбон қышқылдарының тұзд...

    20 слайд

    Сабын және синтетикалық жуғыш заттаp
    Сабын — жоғары карбон қышқылдарының тұздары RCOOMe. Сабынның құрамына пальмитин С15Н31СООН және стеарин С17Н35СООН қышқылдарының тұздары (негізінен, натрий мен калий тұздары) кіреді және оның суда ерігіштігі құрамындағы металл катионына байланысты болады. Калий тұздары суда натрий тұздарына қарағанда жақсы ериді, ал магний, кальций, барий тұздары суда ерімейді. Сұйық сабынның құрамына калий, қатты сабынның құрамына натрий катиондары кіреді.

  • Қорытынды
Сонымен, зерттеу нәтижелерін қорытындылай келгенде мынадай тұжырымд...

    21 слайд

    Қорытынды
    Сонымен, зерттеу нәтижелерін қорытындылай келгенде мынадай тұжырымдар жасалды:
    1. Жаңа заманғы білім беру саласына қойылып отырған талаптарына химия пәнін меңгеруге қазіргі заман тұрғысынан қойылып отырған міндеттерге жауап бере алатын, бүгінгі күн сұранымын толық ақтай алатын оқыту жүйесін енгізуді қажет етуде. Жобалап оқыту технологиясы бүгінгі күн үдерісінен толық шығатын заманауи жаңа жүйе болып саналады. Өз бетімен белсенді істер атқаратын оқушының өзіндік ізденісіне, олардың өзін-өзі танытуына, танымдық-практикалық қабілеттерін жүзеге асыруына қажетті мүмкіндіктер жан-жақты қамтылатын жобалап оқыту технологиясы бүгінгі қоғам талап етіп отырған бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруда шешуші мәнге ие бола алады.
    2. Өзіндік заңдылықтар мен қағидаларға сүйене жүргізілген жағдайда ғана оқыту технологиялары нақты нәтижеге қол жеткізуге жол ашады. Олай болса, химия пәнін жобалап оқыту технологиясының ғылыми-әдіснамалық негіздерін толық меңгеру, оны сауатты қолдану жаратылыстану ғылымдарының сапасын арттырады.
    3. Жобалап оқыту технологиясы антропологиялық парадигмаға сай «субъект – субъект» қатынастың жүзеге асырылуын қамтамасыз ете отырып, тұлғадамытушылық рөл атқаратындықтан, өздігінен әрекет ететін, шешім қабылдайтын, өз «Мен»-і бар дара тұлғаның дамуына кепіл болады. Жобалап оқыту технологиясының негізінде білім нәтижесін құзыреттіліктер деңгейінде қалыптастыру жүзеге асады. Өйткені жобалап оқытудың технологиялық жүйесі оқыту үдерісінде студенттердің жаратылыстану ғылымдарын меңгеруге деген қызығушылығын, жауапкершілігін, белсенділігін, мақсаттылығын, шығармашылығын ерекше даму сатысына көтеріп, құзыреттіліктерге ұластыратын болады.

    4. Жобалап оқыту технологиясы аясында оқушылардың танымдық және практикалық қабілеттерін дамытуда даралап, саралап оқытудың мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндік мол. Сондықтан бұл жүйе қоғам талабы мен оқушы мүддесін ортақ мақсат бойынша үйлестірудің басты шарты болып саналады.

  • Назарларыңызға рахмет!!!

    22 слайд

    Назарларыңызға рахмет!!!

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 557 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.10.2016 4823
    • RAR 1.2 мбайт
    • 110 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бұғыбай Жұлдыз Еженханұлы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бұғыбай Жұлдыз Еженханұлы
    Бұғыбай Жұлдыз Еженханұлы
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 4
    • Всего просмотров: 57290
    • Всего материалов: 31

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по химии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 350 человек

Курс профессиональной переподготовки

Химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель химии

600 ч.

9500 руб. 4750 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Курс повышения квалификации

Химия окружающей среды

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 438 человек

Мини-курс

Методы анализа и прогнозирования по финансовой отчетности

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ФАОП: регулирование образовательного процесса и программ

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Создание контента и заработок в онлайн среде: регулирование, продвижение и монетизация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 239 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 60 человек