Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Химия / Другие методич. материалы / Химия сабақтарында экологиялық білім беру
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Химия

Химия сабақтарында экологиялық білім беру

библиотека
материалов

Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен қаласы

«Көпбейінді №3 мектеп - гимназиясы»КММ















Тақырыбы: Химия сабақтарында

экологиялық білім берудің

негізгі аспектілері



Құрастырған:

химия пәні

мұғалімі

А.О.Нургендирова





2014 жыл



hello_html_40cd8da2.png



Қазіргі кезде дүние жүзі қауымдастығының алдында тұрған келелі мәселелердің бірі-адамзаттың тіршілік ортасының нашарлауы. Бұл мәселе барлық елдерді толғандыруда. Бұл мәселені шешудің бірден- бір жолы экологиялық білімді жеке тұлғаны қалыптастыру екенін көптеген ғалымдар өз еңбектерінде жазған. Экологиялық білім беруді ЮНЕСКО-ның жіктеуі бойынша формальді (мектептегі білім беру) және бейформальбді ( мектеп қабырғасынан тыс) және формальді оқудан тыс бос оқуды уақытта кітап оқу көпшілікке таралатын ақпарат, тұрмыстағы қарым-қатынас т.б. компоненттерден тұратын үзіліссіз білім беру ұстанымы болып табылады.

Экологиялық білім беру дегеніміз –адамзат қоғамының , қазіргі табиғаттың және қоршаған ортаның үйлесімділігінің ең тиімді жолдарын келер ұрпаққа түсіндіру.

Адам өмірінде химия кең көлемінде пайдаланатындығына оқушылардың көзі жетеді. Осыдан барып , химия заттарды дұрыс пайдалана алу қажеттігі туындайды .

Үзіліссіз химиялық экологиялық білім берудің негізгі бағыттары мынандай:

  1. Химияның негізіне сүйеніп, өлі табиғатта, тірі табиғатта және олардың арасындағы болатын құбылыстардың салдарынан туындайтын зиянды ашып көрсету.

  2. Химиялық эксперимент нәтижесінде түзілген заттардың зиянды жақтарын нақтылау.

  3. Химияның ғылымының экологиялық аспектілері арқылы, химиялық экологиялық ұғымдарды басқа жаратылыстану ғылымдарының жүйесімен ұштастыру.

  4. Химиялық экологиялық ұғымдарды қалыптастыру кезінде жергілікті өлкелік материалдарды кеңінен пайдалану.

Химиялық-экологиялық білім берудің атқаратын басты қызметі –ғылым мен техниканың әсерінен және табиғатта болып жатқан құбылыстардың нәтижесінде пайда болған заттардың тірі ағзаға тигізер зиянды әсеріне оқытып үйрету, сол зиянды болдырмау жолдарын іздеу , тиіп жатқан залалдан құтылу жолдарын табу, жалпы алғанда жастарды салауатты өмір сүруге бет бұрғызу.



Ядролық жарылу кезінде көптеген радиоактивті аәулелену бөлініп шығады. Ол радиоактивті элементтердің ыдырауынан пайда болады. Ядролық реакция кезінде радиоактивті элементтердің ыдырауынан пайда болатын ыдырай үрдісі ұзаққа созылатын құбылыс. Мысалы цирконий-93 ыдырау мөлшері миллион жылға , ал цезий 135-3 миллион жылдан асады.

Суға түскен органикалық заттардың ыдырауы үшін оттегі жұмсалады. Ол судағы оттек концентрациясының кемуіне әкеп соғады. Метан, аминдер , күкірт, фосфордың улы қосылыстары пайда болып су борси бастайды. Оттектің азаюымен улы қосылыстардың көбеюі суда тіршілік ететін ағзалардың және су өсімдікткрінің азаюы судың кедейленуіне әкеп соғады.

Сондықтан суды тазалайтын құралдар мен техниканың маңызы ерекше болуы тиіс. Олар физикалық, химиялық және биологиялық тазарту жолдарына негізделген.

Байқоңыр космодромының болашағы

Байқоңыр космодромы айналаны қоршаған ортаға зиян келтірумен қатар адамзат адамзат баласына пайда келтіретіні де ғылыми тұрғыдан дәлелденіп отыр 1999 жылы шілденің 5 күні болған «Протон» зымыран тасымалдаушының апатынан кейін 1996 жылы қарашаның 18 күні Ресей Федерациясы мен қазақстан республикасы арасында келісім жасалып қол қойылды.

Байқоңыр космодромын Ресейге жалға бергенде жылына жылына 115 миллион АҚШ долларын береді. Космодромды жөндеу үшін жылына 25- 40 миллион АҚШ долларын жұмсап отырады. Космодромда өндірілетін электр қуатын сатқанда одан 17 миллион доллар кіріс кіреді. Бұл кіріс қазақ елінің әр түрлі мұқтажына жұмсалатыны сөзсіз.Қазіргі кезде Байқоңыр қаласында және оның серігі Төретам мен Ақай елді мекендерінде 60 мың адам тұрады. Олардың барлығы жұмыспен қамтамасыз етілген.

«Бүгінгі күні озон қабатының жер шарында жұқаруы» байқалып отыр. Оның жұқару себебінамерикандық ғалымдар Ш.Рауланд , М.Малин және неміс ғалымы П.Крутцен зерттеген еді. Олар химиялық экологияны зерттейтін ғалымдар. Осы озон қабатының жұқару себептерін ашқаны үшін Нобель сыйлығын алған болатын . Озон ның жұқаруы адамзат баласының өз қолымен өндіретін химиялық зат хлорфтор көміртек қосылыс екенін жоғрыдағы ғалымдар дәлелдеп берді. Хлорфтор көміртектің қайнар көзі – өндірісте, автомобильдерде, ракеталарда қондырылатын химиялық қосылыстар. Оларды химия тілінде фреондар деп атайды. Хлорфторкөміртектің күн сәулесінің ультра күлгін және космос сәулелері арқылы ыдырап, оның құрамындағы хлор бос күйінде бөлініп шығады. Оның бір молекуласы озонның екі мың молекуласын жойып жіберіп отыратынын ғалымдар дәлелдеген. Осыдан кейін озон қабаты жұқара бастады. Озонның жұқару адамзат баласымен биосферадағы барлық тіршілік иелеріне қауіпті екенін түсініп, 1987 жылы Монреал (Канада) келісімінде 56 мемлекет қол қойды. 1990 жылы Лондон және 1992 жылы Копенгаген қаласында жершарындағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттер фреон шикізатын өндіруді біржола тоқтатты.

Атмосфера қабаттарының ішінде озон қабатының рөлі ерекше. Озонның негізгі массасы жер бетінен 10-15 км биіктікке, тропосфера және стратосфера қабаттары аралығында жатыр. Оның қалыңдығы бұрын 90-100 км- ге жеткен, кейінгі кезде небәрі 3-4 км-ге дейін жұқарып кеткен. Озон қабатының негізгі атқаратын рөлі ғарыш кеңістігіне жер бетіне еркін түсетін ультракүлгін сәулелерді тұтып немесе кейін ығыстырып жіберіп отырады. Ал иондалған сәулеленудің жерге өтіп кеткі биосферада «озонның жұқаруы » мәселесі біздің Жер деп аталатын планетада тұратын барлық халықтардың көңілін алаңдатуда.

Биосфера кеңістігінің тағы бір кезек күттірмейтін мәселелердің бірі «қышқыл жауындар».

«Қышқыл жауындар» ғылыми термин ретінде алғаш рет ағылшын оқымыстысы –инженері Роберт Смит биосфера іліміне енгізген. «Қышқыл жауындардың» пайда болу үрдісі –азот пен күкірт қышқылының әуеде көбеюінің негізгі қайнар көзі болып табылатын тас көмірді, жанғыш сланецтерді отқа жағу нәтижесінде көбейе түсетіні белгілі болып отыр. Биосфера кеңістігіне 1974 жылы 20-шы сәуірде Шотландия мемлекетінің Питлокерн қаласының үстінде РН-2÷4 келетін жауын жауған. Ол кәдімгі асханаларды қолданылатын сірке қышқылынан бірде бір кем емес еді. «Қышқыл жауын» жауған кезде өсімдіктердің жапырақтары лезде сарғайып, кетіп, кейіннен түсіп қалған. Ағаштар жеміс бермеген, адамдардың денсаулығына зиянды екені байқалған. Мұндай құбылыстар АҚШ, Канада, Батыс Европа аймақтарында жиі-жиі болып жергілікті орман – тоғайлардың алқаптарына зиян келтірген, орман –тоғайлардығ аумағы 30-50 пайызға кеміп кеткен.

Кейінгі кезде «қышқыл жауындар» жағдайын ойдағыдай шешу кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Бұл туралы халықаралық келісімдер жасалуда. «Қышқыл жауынның» қайнар көзі өнеркәсіптерден бөлінетін зиянды заттардың мөлшерін азайту.Бұл салада ғалым экологар көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Биосфераның шамадан тыс ластануы қала ішінде қисапсыз көп автомобильдерден екені сөзсіз. Кейінгі кезде автомобильдерөте көбейіп кетті. Бұл мәселені жылдан жылға шиеленістіре түсті. Жер шарындағы қалалармен қатар біздің мемлекетіміздің Алматы, Қарағанды, Жамбыл, Риддер, Өскемен т.б.қалаларымыз зиянды зардап шегуде. Алматы қаласының автомобильдерден бөлінетін зиянды улы қосылыстардың көлемі биосфераның барлық бөлігіндегі улы заттардың 70-80%- на жетті. Бұл көрсеткіш қала халқының денсаулықтарына зиянды әсер ететіні даусыз.

Жер шарының аса ірі қалаларында «фотохимиялық тұман» (смог) түзілу үрдісі жылдан-жылға қарай өсіп отыр. Фотохимиялық тұман (улы қосылыс) өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүнесіне, сондай-ақ адамзат баласына өте үлкен зиян келтіруде. Шет ел мемлекеттерінде және біздің республикамызда атмосфералық ауалы қорғау мақстында автомобильдердің қозғаушы күшін жетілдіру, нейтрализатор орнату, газбен, электр қуатымен жүретін электромобильдерді шығару мәселесі туып отыр. Сонымен бірге сутек отындарын пайдалану және жанар майлардың альтернативті түрлерін жасау жолдары зерттелуде.

Ауаның жер бетіндегі қабатын автомобиль және өнеркәсіп газдарымен түтіннен тұратын қалың тұман басады. Күн сәулесі жиналған газдарды (фотохимиялық реакция) ыдыратып улы қоспалар түзеді. Ол кезде адамдардың көзі ауырады, өкпесін улы газ толтырады, үздіксіз жөтеліп, тынысы тарылады. Бұл орасан үлкен күйзелікке ұшыратады. Жүздеген, мыңдаған адамдардың өмірін алып кетеді. Міне 1952 жылы аса зардапты Лондонның түтінді тұманы туралы американ ғалымы Л.Батонның жазғанын төмендегі таралаулардан оқуға болады.

1960 жылдардың басы мен ортасында біздің елімізде (СССР-де) химия өнеркәсібі ғана жыл сайын атмосфераға 95 мың тонна изотопты, 12 мың тонна күкіріт қышқылды, 30 мың тонна күкірітті ангидритті және көптеген басқа заттарды атмосфералық ауаға таратқан.

Радиоктивті элементттердің қалдықтары бар қоқыстар үндісін Каспий теңізі жағалауындағы тау-кен металлургияның (Маңғыстау облысы) «Южпамметалл» өндірістік бірлестігінің (Жамбыл, Шымкент, Жезқазған облыстары) «Востокцветмет» өндірістік бірлестігінің (ШҚО), Ақмола тау-кен химиялық комбинатының (Көкшетау, Ақмола) территорияларында кездеседі.

Кейбір жерлерде радиоактивті элементтердің қалдықтары бар қоқыстарды құрылыс материалдары ретінде пайдаланып, қора –қопсы салғандар кездеседі. Жезқазған облысының Ақшатау ауылында қалдықтары бар материалдардан 276 пәтерлі үй салынған. Бірақ ол үй пайдалануға берілмеген , себебі үй ішіндегі радиацияның күштілігі сондай, адамзат баласының тұруына мүмкіншілік болмаған.

Соған байланысты үй, қора – жай салынуға арналған материалдарды алдын-ала дозиметрикалық бақылаудан өткізіп алу керек.



Ауыз судың радиоактивті элементтермен ластануы.

Ауыз судың радиоактивті элементтердің қалдықтарымен ластануы адамзат баласына кейінгі жылдарда айтарлықтай қауіп төндіруде. Ауыз сулардың әр түрлі радиоактвті элементтердің қалдықтары –стронций-90, цезий, полоний, уран және т.б. улы қосылыстардың жыл өткен сайын көбейе түсуде. Сондай-ақ суда неше түрлі нитраттар, фосфатиттер, гербицидтер, дефолианттар, десиканттар және т.б. улы қосылыстардың мөлшерден тыс көбейгені сонша кейбір өзен мен көл суларын ауыз су ретінде пайдаланғандығы анықталып отыр. Олардың зиянды әсері жаңадан дүниеге келген сәбилердің 20-30% кемтар болуына әкеп соғады.

Мұхиттарда мұнай ластарының іздері басым болды. Жыл сайын көптеген мұнай таситын кемелер аварияларға ұшырап, мұнайлары төгіліп жатады.

Мұнайдың әр тоннасы 12 шаршы километр теңіз бетін ластайды. Планета халқының 1/3-і қазірдің өзінде су тапшылығына ұщырап отыр,. Германия суды Швециядан сатып алады. Гонконг ауыз суды Қытайдан түтін құбыры арқылы алады. Планетаның радиоактивпен улануы улануы қалың жұртшылыққа жақсы таныс. Ол қалдықсыз технология –осы заманғы өндірістің мұраты, Қазіргі іштен жанатын двигательдерді электр тоғымен қоректенетін немесе отынды электр энергиясын айландыратын двигательдермен алмастыру. Болашақтағы автомобильдерге аккумулятордың электр энергиясын пайдалану ұтымды болатынын, электромобильдер дүние жүзіне кең тарайтыны өмірдің өзі көрсетіп отыр. Электродвигательдердің артықшылығы көп. Ол өрт шығармайды, іс жүзінде шусыз әрі жеңіл басқарылады, көп қуатты қажет етпейді.

Ертіс өзенін сілтілік заттармен ластайтын Павлодар алюминий зауытының қызыл шламы және сонымен қатар Өскеменнің қалдықтар жинағыш зауытының улы қалдықтарының құрамында скандий, рубидий, тантал, цирконий, ниобий сілтілі қосылыстары өндірістік қолданылмайды. Сондықтан бірқатар аймақтар экологиялық қиындыққа тап болды.

6



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 10.02.2016
Раздел Химия
Подраздел Другие методич. материалы
Номер материала ДВ-437073
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх