Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Конспекты / Химия және биология сабақтарын оқытудың интерактивті әдістерін тиімді пайдалану жолдары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Химия

Химия және биология сабақтарын оқытудың интерактивті әдістерін тиімді пайдалану жолдары

библиотека
материалов

Жай мұғалім хабарлайды

Жақсы мұғалім түсіндіреді

Керемет мұғалім көрсетеді

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд



Заман талабына сай ғылым мен техниканың жетістіктерін білім беру саласында жүзеге асыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Жаңа заманғы білім беру жүйесі жаңа міндеттерді жүктейді. Сондықтан қазіргі білім берудің жаңа ақпараттық технологияларын игермейінше, сауатты, жан-жақты, білімді маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Сонымен қатар мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Бүгінгі таңда білім ұйымдарындағы пәндерді дербес компьютер көмегімен оқыту нәтижелігін зерттеудегі ғылыми мәселелерді шешу ең басты орын алады.Мектептегі пәндерді оқыту процесінде компьютерді қолданып сабақ өткізу мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы жүйесін, олардың іс-әрекетінің мазмұнын, құрылымын, өзгерте отырып, олардың мотивациялык эмоциональдық ортасына, сезімінің өсуіне әсер етеді.Соңғы жылдары көптеген елдерде орын алып отырған ғаламдық өзгерістер — мемлекеттердің жаңа дәуірге, қоғамдық өмірлік негізін ақпараттық ресурстармен ақпараттық коммуникациялық технологиялар құрайтын ақпараттык кезеңге қадам басты. Қазіргі таңда ғылыми техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқу үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен жаңа технологияларды қолдануды кең көлемде қажет етеді. Білім берудің негізгі мақсаты — білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын әр түрлі әдіс-тәсілдеріді қолдана отырып, белсенділігін арттыру мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланып сабақ өткізудің көптеген мүмкіншіліктері бар:біріншіден, интерактивті тақта арқылы электронды оқулықтарды қолдануға және оны көшіріп алып, белсенді жұмыс істеуге болады;екіншіден, қосымша материалдарды да көшіріп енгізіп, онымен белсенді жұмыс істеуге болады;үшіншіден, тақта ретінде жазуға, сызуға, өшіруге, дайын сызбаны жасап қоюға, жартылай жауап кезінде қолдануға т.с.с. көптеген іс-әрекеттерді жасауда уақытты үнемді пайдалануға болады.Биология мен химия — XXI ғасыр ғылымдары. Сондықтан да олар жаңа ақпараттық технологияларымен тығыз байланысты. Қазіргі кездегі білім беру жүйесінде негізгі мақсат оқушыға жеке тұлға ретінде қарап оның дамуына көп көңіл бөлуде. Бұл пәндерді оқыту мұғалімге зор міндеттерді талап етеді, өйткені ол бүкіл сыныптың қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс. Міне, осы жағдайда жаңа технологиялардың көмегі зор. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептерінің барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Интерактивті әдіс – диалогтік әдіс, нәтижесінде сабаққа қатысушылар бір-бірімен байланыса отырып, мәселелерді шешеді. Интерактивті тақта мектеп сыныптарында әр пән бойынша, соның ішінде биологиядан және химиядан зертханалық сабақтарды өткізген кезде оның құрылғылары (датчиктері) қолданылады. Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, интерактивтік тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивтік тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін, тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керекті материалдарды дайындау керек. Сабақта мұғалім интерактивтік тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді. Сабақ дайындығына дұрыс уақытты қалай бөлу керек? Әр сабақта пайдаланатын көрнекі құралдарды қалай дайындайды? Біз аталған сұрақтарға жауап беруге тырысамыз.Интерактивті тақта оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда (салыстырғанда), көптеген жетістіктері бар. Бұл жетістіктер туралы өз сабағында интерактивтік тақтаны пайдаланатын мұғалімдер ғана айта алады. Мұғалім әріптестерімен бірге отырып сабаққа дайындалу арқылы жақсы әсерге қол жеткізуге болады, бұл тек қана міндеттерді бөліп беру мен уақытты үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берілген материалдардың сапасын да арттырады.Мұғалімдердің пайымдауынша интерактивтік бағдарлама олардың жартылай жұмысын атқарады. Мысалы: белгілі бір материалды интерактивтік тақтада орындау арқылы файлдағы белгілермен өзгерістерді сақтап қалуға болады, бұны сабақта болмай қалған оқушыларға қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы да қолдануға болады.Мұғалім оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын меңгеріп, оны пайдалану арқылы өзінің материалдық базасын толықтырып, әрі уақытты үнемдейді.Мультимедиялық технологиялар көбіне компьютерлік сыныптарда қолданылады. Қазіргі уакытта сабақ материалына байланысты көптеген электрондық оқулықтар мен компакт-дискілер бар. Бүгінгі таңда ақпараттық технологияның өмірімізге терең енуіне байланысты жеке пән сабақтарында компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін толық пайдаланып, оқушыларға терең де тиянақты білім беруге жағдай жасалды. Компьютерлік графикалық материал презентациялық слайд көмегімен көрсетіледі. Microsoft Power Point бағдарламасының көмегімен оқу процесінде презентациялар мен слайдтар жасап көрсету, оқушылардың қызықты және дәлелді (мағыналы) болады, танымдық ойлауы мен есте сақтауын қалыптастырады. Оқушылар биология және химия сабақтарында арнайы компьютерлік бағдарламалар мен электрондық оқулықтарды пайдалану арқылы кез-келген тақырыпты өздері меңгереді. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, олардың ой-танымын кеңейтуге, өз бетінше шығармашылықпен, ізденімпаздықпен жұмыс жасауына көп көмегін тигізеді. Биология және химия пәндері бойынша компьютерлік тестілеуді қолдану оқушылардың интеллектуалдық танымын арттырады. Оқушылар бір тестілеуден жақсы нәтижеге жеткенше бірнеше қайтара өтеді. Бұл тестілердің барлығы биология және химия бойынша мемлекеттік білім стандарты талаптарына сәйкес келеді. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тірі табиғатты, ағзаларды толығымен түсінуге ықпал жасайды. Биология және химия пәндерініің кейбір тараулары ойлануды, талдай білуді, салыстыруды қажет етеді. Оған биология кабинетінің жағдайы келе бермейді. Айталық, адам қаңқасы, микроскоп, ұлғайтқыш әйнек, суреттер т.б. тәжірибе жасайтын құралдардың болмауы. Химия пәні бойынша кейбір реактивтердің болмауы.Биология және химия сабақтарында компьютерді пайдалану оқу үрдісінде мұғалімі мен оқушының оқудың жеке дара шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік береді.Мен жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақтың мазмұнын дайын күйінде бермеуге тырысамын. Оқушылардың өздігінен танып-білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді өздері құрастырып тұжырымдай білуіне жетелеймін. Ол үшін оқытудың интерактивті формаларын сабақта қолданамын.Олар:— Жеке шығармашылық тапсырмалар, жобалар;— Блок-схема, графиктер, диаграмма, т.б.;— Тірек-схема, көрнекіліктер және анықтама құралдары;— Ойын арқылы оқыту ;— Сөзжұмбақ, ребустар; — Тестілеу;

Биология және химия сабақтарында меңгертуде компьютерлік анимациялардың маңызы зор. Оқушыларға жануарлардың мен өсімдіктердің суреттерін, сызба нұсқаларды көрсетіп қолдануына қолайлы. Биология бойынша «Адам нәсілдері. Нәсілшілдіктің және әлеуметтік дарвинизмді сынау», «Жер тарихы және оны зерттеу әдістері. Жер тарихының шежіресі. Полеозой заманында тіршіліктің дамуы» тақырыбындағы өткізген сабағымда: сөз жұмбақты табуға, нәсілдердің түрлерін, олардың көздерінің, шаштарының және терісінің түстерінің қандай екенін бір-біріне айырмашылықтарына толық көздерін жеткізіп көрсетілді. Мысалы:Нәсілдердің түрлері Негроидтік (қара түсті) Еуропеоидтік (ақ түсті) Монголоидтік (қоңырқай түсті)Жер тарихында тіршіліктің пайда болуы, әр кезеңде өсімдіктердің, жануарлардың түрлерінің дамуы туралы суреттерін, сызбанұсқалары пайдаланылды.

Мазмұны

Жер тарихының шежіресі 1 Архей – ежелгі заман 2 Протерозой – алғашқы тіршілік 3 Палеозой – ертедегі тіршілік

3.1 Кембрий кезеңі 3.2 Ордовик кезеңі 3.3 Силур кезең 3.4 Девон кезеңі 3.5 Тас көмір кезеңі 3.6 Пермь кезеңі 4 Мезозой заманында тіршіліктің дамуы 4.1 Триас кезеңі 4.2 Юра кезеңі 4.3 Бор кезеңі 5 Кайнозой заманындағы тіршіліктің дамуы 5.1Үштік кезең 5.2 Төрттік кезең

Химия сабақтарында виртуалдық зертхана арқылы қызықты тәжірибелер көрсету. Сілтілік металдармен жұмыс қауіпті болғандықтан компьютермен көрсету тиімді және нәтижелі. Химия құшағын кең жаяды.Қайда барсақ та, қайда көз жіберсек те көретініміз химия ғажаптары.Биологтардың өмірі мен кызметі жайында компакт-дискілерде кең қамтылған. Рефераттар жазуда оқушылар биологиядан тіршіліктегі барлық организмдер жөнінде (энциклопедиялық мәліметтер ала алады. Сонымен қатар оқушылар сабақта видеоматериалдар пайдаланады. Олар оқушыларға заттар және олардың халық шаруашылығында қолдануы туралы мәліметтер алуға көмектеседі. Рефераттар жазу барысында оқушылар өз беттерімен Интернет кеңістігінің материалдарын, электрондық оқулықтарды іздеу арқылы компьютерлік сауаттанады. Сонымен қатар «Таза болса,табиғат аман болар адамзат » химия-биология пәндері апталығында өз сабақтарымда компьютер көмегімен слайдтар дайындадым. Слайдтарды қолдану нәтижесінде оқушыларға жаңа материалдарды меңгерту жеңіл, әрі уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде оқушыларда оларды ойша елестету және тақырыпты түсіну жеңіл түседі. Оқушылар бұл ойын арқылы өз білімдерін шыңдайды. Сонымен биология сабағын компьютер көмегімен оқыту төмендегі мәселелерді қамтиды: Оқушыларға оқылатын табиғат құбылыстарын толық және дәл ақпаратты бере отырып, оқу сапасын арттыру. 1) Оқытудың көркемділігін арттырады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материялдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді. 2) Оқытудың тиімділігін жоғарылатады және оқу материалын түсіндіру мүмкіндігін арттырады; 3) Оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын жоғарлайды. Интерактивті тақтаны қолданудың артықшылығы: 1) Интерактивті тақтада өтілген сабақтар оқушыларды жаңашылдығымен қызықтырады. Сыныпта мұндай сабақ үстінде оқушылар өз ойын «өз сөзімен» айтатын шынайы қарым-қатынас туады, олар тапсырманы ынтамен орындайды, биология пәні бойынша оқулықпен, анықтамалық және басқа әдебиетпен жұмыс істеуді көрсетуге, қосымша қиын тапсырма алып орындауға қызығушылықтары пайда болады.































Невский орта мектебі









Химия және биология САБАқТАРЫНДА ОқЫТУДЫң ИНТЕРАКТИВТІ әДІСТЕРІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ















2015-2016 оқу жылы

Автор
Дата добавления 12.03.2016
Раздел Химия
Подраздел Конспекты
Просмотров195
Номер материала ДВ-520876
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх