Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Конспекты / "Химия пәнінен 8-сыныпқа арналған сабақ жоспары"әдістемелік нұсқау
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Химия

"Химия пәнінен 8-сыныпқа арналған сабақ жоспары"әдістемелік нұсқау

Выбранный для просмотра документ Сабақ 33 8хим.docx

библиотека
материалов

Пән мұғалімі

Пәні

Сынып:

Күні


Сынып:8

Химия




Сабақтың тақырыбы:

Оттегі-химиялық элемент және жай зат.


Сабақтың мақсаты:

Оттегі-химиялық элемент жайлы, оттектің қасиеттері, алынуы және қолданылуын қарастырып, білімдерін одан әрі жетілдіру.Оттегінің пайдасын зиянын білу, «Оттексіз тіршілік жоқ екенін біле отырып,өмірдің химиямен байланысын ұғындыра отырып қызығушылық тудыру.Табиғатты аялауға,ауаны ластамауға, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Нәтижесі

Оттегі-химиялық элемент жайлы, оттектің қасиеттері, алынуы және қолданылуын қарастырып, білімдерін одан әрі жетілдіреді.Оттегінің пайдасын зиянын біледі, «Оттексіз тіршілік жоқ екенін біле отырып,өмірдің химиямен байланысын ұғындыра отырып қызығушылық туады.Табиғатты аялауға,ауаны ластамауға, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиеленеді.

Сабақтың көрнекілігі:

Интерактивті тақта, слайдтар,флипчарт қағазы ,маркер,стикер.смайликтер, түрлі –түсті қағаздар, Д.И.Менделеев суреті, Д.И.Менделеев кестесі,сызба нұсқалар,кішітіректер,оқулық,есептер мен жаттығулар жинағы,тақта,слайдтар,суреттер,сызба-суреттер.

Қызығушылығын арттыру

Слайд көрсету


Жаңа сабақ

Оттегі-химиялық элемент және жай зат


Кезең

Уақыт

Сабақ бөлімдерінің мақсаты

Сабақтың өту барысы

Оқушының Іс-әрекеті

Сабақтың әдісі


Бағалау

Білім










8мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа психологиялық дайындық.








Үй тапсырмасын сұрау. Ой қозғау.

Тест жұмысы.

Қызығушылықты ояту.

Жұмбақ шешу

Топқа бөлу.2топ.

Орнымыздан тұрайық,

Көзімізді жұмайық.

Әдемі ойлар ойлайық,

Әдемі ойлар ойлап ап,

Жаңа сабақ бастайық.


Ой қозғау.


Тест жұмысы.

Жұмбақ

1.Көре алмайсың көзбенен,

Айту қиын сөзбенен.

Далада да,үйде де,

Бірге жүреді бізбенен.(оттегі)

2.Иісі дәмі де жоқ ұсталмайды,

Ол болмаса,

тіршілік өмір де жоқ.

Ол болмаса отын да тұтанбайды,

Қалады қарауытып көмір боп шоқ. (оттегі)







Әдемі ойлар ойлау.







Ой қозғау.


Тест жұмысын орындайды..


Жұмбақты шешу






Жекеден топтастыру әрекеті


Жалпы барлығына берілген тапсырма

Жарайсың!

(ф.б.)



Жарайсың!

(ф.б.)










Смайлик(ф.б. )



Жұп арқылы бағалау(ф.б.)

Смайлик(ф.б. )


Түсіну

10 мин

Оқулықты қарастыру. Сандарды сөйлету ойыны.

Табиғаттағы фото синтез процесін қарастыру. Кластер құрастыру.

Диалог құру.

....Реакция теңдеуін жаздыру.



Сандарды сөйлету ойыны.



Табиғаттағы фото синтез процесін қарастыру.

Кластер құрастыру.


Диалог құру.

.Реакция теңдеуін жаздыру.



Оқулықты қарастырады. Сандарды сөйлетеді.


Табиғаттағы фото синтез процесін қарастыру. Кластер құрастырады. Диалог құрастырады.

....Реакция теңдеуін жаздыру.

Топпен жұмыс

Топ бір-бірін бағалау.

Қолдану

7мин

Ой толғаныс:Есептер мен жаттығулар орындау. Оттегінің бүлдіргіш әсерін қарау: Оттегінің маңызын қарастыру.

Есеп №5,10

Жаттығу

Оттегінің бүлдіргіш әсерін қарау :

Оттегінің маңызын қарастыру.

Есептер шығарады жаттығулар орындайды. Оттегінің бүлдіргіш әсерін қарайды

Оттегінің маңызын қарастырады.


Топпен жұмыс

«Екі жұлдыз ,бір тілек» (ф.б.)



Сергіту сәті


2 мин

Сергіту сәті


Сергіту сәтін орындату


Видио роликтен қарап орындайды


Жалпы барлығы бірге орындау.

Жарайсыңдар! (ф.б.)


Талдау

5 мин

Талдау. 18-суретті қарастыру.1-5сызбанұс

қаларды қарастыру.

Вен диаграммасын толтыру.

Сызба –суреттер арқылы әңгімелеу.

18-суретті қарастыру.

1-5сызбанұсқа

ларды қарстыру.


Вен диаграммасын толтыру.

Сызба –суреттер арқылы әңгімелеу.


18-суретті қарастыру.

1-5сызбанұс

қаларды қарстыру.

Вен диаграммасын толтыру.

Сызба –суреттер арқылы әңгімелеу.


Топпен жұмыс

Өзара бағалау(ф.б.)

Жинақтау(синтез)

6 мин

Алған білімді жинақтау Тәжірибелер жасау.





Инсерт картасын жазу.


3 көрсетілім.3.1. «Оттекті түрлі әдістермен алу.»

4.З.т. «Сутек асқын тотығын катализатор қатысында айыру арқылы оттек алу.» Инсерт картасын жазу.

Не білеміз?

Не білгіміз келеді?

Не үйрендік?

Тәжірибелер жасайды,





Инсерт картасын жазады.


Топпен жұмыс

Смайлик(ф.б.)


Бағалау

2 мин

Сабақ барысында оқушы көзқарасы «Бағдаршам»

Оқушының сабақ соңындағы түйін сөзі

Бағдаршамды таңдау

Қорыту өз сабақтарына баға беру.Ой түйін формативті бағалау.

Сабақ барысында

Жиынтық бағалау

Дамыту.

21,22,24,25 оқу , №8,9 есеп шығару, Оттегі туралы мәлімет жинақтау.



Выбранный для просмотра документ Сабақ № 14,15,16 8хим.doc

библиотека
материалов

Сыныбы 8

Сабақ№14,15,16

Күні

Сабақ тақырыбы

«Сандық есептер: жай және күрделі заттардың салыстырмалы молекулалық массасын және мольдік массасын есептеу. Химиялық формула бойынша заттың мольдік массасын және зат мөлшерін есептеу. Берілген масса немесе зат мөлшері бойынша атомдардың және молекулалардың санын есептеу.

Жалпы мақсат

Есептер шығару арқылы формулаларды, химиялық қосылыстардың формуласын жаза білуге үйрету

Міндеттері

Сандық есептерді шығара білуге дағдыландыру

Нәтижелері

А)Формулалар арқылы есептер шығарады, анықтаманы тұжырымдайды

В) есептерді шығармашылықпен орындап, бағалайды.

Сабақта қолданылатын материалдар

Видеопроектор, постер, фломастер,

Оқыту әдістері

Топтық, жұптық, жеке

Дерек көздері

Жалпы білім беретін мектептің 8 – сыныбына арналған оқулық «Химия» Алматы «Мектеп» 2012, Н.Нұрахметов, К.Сарманова, К.Жексембина, орта мектептің 8-11 сынып оқушыларына арналған оқу құралы Химия есептері мен жаттығуларының жинағы Алматы «Рауан» 1997, Химик анықтамалығы



Ой

лау дең

гейі

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Түрткі

(Тапсырма, сұрақ, жағдаят)

Бағалау

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Критерий

Дискриптор

Ұпай

Білу

Жай және күрделі заттардың салыстырмалы молекулалық, мольдік массаларын, зат мөлшерін, атомдардың, молекулалардың санын есептеу кезіндегі формулаларды еске түсіру

Жай және күрделі заттардың салыстырмалы молекулалық, мольдік массаларын, зат мөлшерін, атомдардың, молекулалардың санын есептеу кезіндегі формулаларды еске түсіреді.

І топ:

Жай және күрделі заттардың салыстырмалы молекулалық массасын, мольдік массасын есептей формуласын жазу.

ІІ топ:

Жай және күрделі заттардың зат мөлшерін және молекула санын есептеу формуласын жазу.

(постер)

Формула-ларды жаза алуы

1.формуланы дұрыс жазды

2.формуланы қателікпен жазды

3.формуланы жаза алмады

2


1



0

Екі топқа сұрақ қойылады

(постерге түсіру тапсырылады)

Топпен жауап береді

(постерге түсіреді)

Түсіну

Есептерді шығару барысында химиялық реакция теңдеулерінің дұрыс жазылу керектігін түсіндіру.

Есептерді шығару кезінде реакция теңдеулерінің дұрыс жазылу керектігін түсінеді.

Егер айырылу, қосылу реакцияларына анықтаманы дұрыс берсеңіздер, жауаптарыңыздың қосындысы судың молекулалық массасына тең болады.

Жауабын табуы

1.дұрыс табуы

2.қателіктермен табуы

2

1

Мұғалім интерактивті тақтаға тапсырманы көрсетеді.

Тапсырманы орындайды.

Қолдану

Формулаларды есептер шығаруда қолдану.

Формулалар-ды есептер шығару кезінде дұрыс қолдана алады.

«Маршруттық карта»

І топ:

І-аялдама: «Жай заттар» 2 минут 5 балл

Калий хлоратының (КСІО3) салыстырмалы молекулалық массасын, мольдік массасын есептеу.

ІІ-аялдама: «Күрделі заттар»

4 минут 5 балл

15 грамм калий хлоратының (КСІО3) зат мөлшерін есептеу.

ІІІ аялдама: «Қоспалар» 4 минут 5 балл

Берілген атомдар санын мольмен есептеу

12,04*1023 атом натрий.

ІІ топ:

І-аялдама: «Құбылыстар» 2 минут 5 балл

Калий перманганатының (КМnO4) салыстырмалы молекулалық массасын, мольдік массасын есептеу.

ІІ-аялдама: «Химиялық формула» 4 минут 5 балл

Калий перманганатының (КМnO4) 0,3 моліндегі массасын есептеу.

ІІІ-аялдама: «Химиялық теңдеу» 4 минут

5 балл

Берілген атомдар санын мольмен есептеу 3,01*1023атом оттек.

Есепті шығару кезінде формуланы қолдана алуы

1.дұрыс пайдаланады

2.орташа деңгейде пайдаланады

3.пайдалана алмайды

2


1


0

Есепті шығару тапсырылады

Есепті топпен шығарады

Талдау

Сандық есептерді шығару барысындағы қолданылатын формулаларды талдау.

Сандық есептерді шығару барысында қолданыла-тын формулалар-ды талдай алады.

«ТВ шоу» әдісі арқылы сұрақтар қою

Сұрақ-тардың күрделі-лігі

1.күрделі сұрақ

2.орташа сұрақ

3.жеңіл сұрақ

3

2

1

Оқушыларға сұрақтарды өздері дайындап, бір-біріне қою тапсырылады.

Оқушылар сұрақтар дайындап, бір-біріне қояды, сұрақтарға жауап береді.

Жинақтау

Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау

Оқушылар тақырып бойынша алған білімдерін жинақтай алады.

Кесте толтыру

Кесте толтыруы

1.дұрыс толтырды

2.қатемен толтырды

3.толтырылмады

2


1


0

Оқушыларға кесте толтыруға уақыт беріледі

Оқушылар кестені толтырады

Бағалау

Ойлауға мүмкіндік бере отырып, шығармашылық қабілеттерін бағалау.

Өз бетімен ойлай алады, шешімін айта алады

«Қызықты жазулар» ойыны арқылы сабақты қорытындылайды


Жазылу реттілігі

1.Химиялық формуланы жаза білуі

2.Салыстырмалы молекулалық массасын есептей білу

3.Құрамындағы элементтің массалық үлесін анықтай алады

1




1



2


Тапсырманы оқушыларға береді

Тапсырманы орындайды.


Выбранный для просмотра документ Сабақ №10 8хим.doc

библиотека
материалов

Сынып:8 Сабақ№10 Күні       

 Сабақтардың тақырыбы: Физикалық және химиялық құбылыстар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік; Химиялық құбылыстың физикалық құбылыстан айырмашылығын  түсіндіру, химиялық реакцияның алуан түрлілігімен  таныстыру,  химиялық  реакцияның басталуы мен жүру  барысының жағдайын және  химиялық  реакцияның  негізгі  белгілерін  бақылауға үйрету.

Дамытушылық: құбылыстардың айырмашылығы мен ұқсастығын  айыра отырып ойларын дамыту.

Тәрбиелік: өз еркімен жұмыс жасауға, ой ын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: жеке тапсырма беру, іздендіру.

Пәнаралық байланыс: физика, биология. 

Құрал – жабдықтар: Мыс пластинкасы, магний лентасы, мәрмәрдің немесе  бордың түйірлері,  тұз қышқылының ерітіндісі,  қант түйірлері,  мыс сульфатының ерітіндісі, парафин, сынауықтар,  шыны түтіктер,  қысқыш,  спиртшам, тигель, электрондық оқулық.

Тірек білім мен біліктер: Физикалық  құбылыс,  зертханалық құралдармен  жұмыс істей білу.

Сабақтың барысы: Оқушылардың білім мен  біліктерін тексеру үшін  таза заттар мен қоспаларды  ажырата  білуге  арналған  төмендегі  тапсырмаларды  беруге болады.

1. Келтірілген тізімнен заттар мен қоспаларды жеке бөліп жазыңдар:ауа,темір,ас тұзы,сүт.

2. Өзің білетін  қоспаларды  бөлудің әдістерін  қолданып,  судан мына  заттарды қалай  бөлуге  болатындығын көрсет: а/қант: ә/ бор: б/ бензин: в/ ас тұзы. Қандай  қасиеттеріне сүйеніп, бұл  заттарды судан бөлдің?

3. Төмендегі келтірілген әдістермен қандай қоспаларды бөлуге болатындығына мысал келтір : а/ сүзу: ә/ суалту: б/ тұндыру.

   Жаңа материалды оқыту:Оқушылардың физика  курсынан  алған  біліміне сүйене отырып,  физикалық құбылыс кезінде  заттың пішіні мен агрегаттық күйінің  өзгеретінін еске  түсіре келіп, химиялық  құбылыс туралы түсінік беру. Осыған орай химиялық  құбылыс  заттар қасиетінің  өте күрделі  өзгерістері  екендігін оқушыларға таныстыру. Сабақты  табиғаттағы заттардың  түрлі  өзгерістерін еске түсіре отырып, әңгімелеуден бастаймыз. Оқушыларға мынадай сұрақтар береміз:

1.   Табиғатта жүретін қандай өзгерістерді білесің?

2.   Табиғаттағы өзің бақылаған заттар өзгерісіне  мысал келтір.

3.   Заттардағы байқалатын өзгерістердің барлығы бірдей ме?

Физикалық және химиялық құбылыстарды өзара  салыстыру арқылы жақсы нәтижеге  жетуге болады. Бұл үшін  оқушылар  шыны түтікті ию, қантты ұнтақтау, еріту және жағу, парафинді балқыту тәжірибелерін жасайды. Тәжірибе нәтижесінде оқушылар заттың қасиетін өзгермегенін, жаңа зат түзілмегенін көріп қорытындылайды. Ал қанатты жағу кезінде оқушылар назарын жаңа зат – көмір мен су түзілгеніне аударамыз. Осыдан кейін магнийді, парафинді жағу, мыс пластикасын күйдіру тәжірибесі жүргізіледі. Оқушылар жаңа заттардың түзілуіне назар аударады. Сонымен құбылыстар екіге бөлінеді – физикалық және химиялық деген қорытынды жасалады. Оқушыларды оқулықпен жұмыс істеуге және оқулықтан анықтаманы таба білуді дағдыландыру үшін оқулықтан физикалық және химиялық құбылыстардың анықтамасын табуды тапсыру керек. Химиялық құбылыстың химиялық реакция деп аталатындығын, химиялық реакциялардын өз белгілері бола- тындығы айтылып, әр түрлі белгілері бар реакциялар жасап көрсетіледі: ерітінділерде  тұнба түзілу

( мысалы, BaSO4 ,AgCl,т.б) газ бөліну(H2, O2, NH3, CO2, т.б.), батареяда тоқтың пайда болуы, соның  әсерінен  электр шамының жануы химиялық  құбылыс  екендігі  түсіндіріледі. Оқушылардың  назарын  ең басты  қорытындыға аудару керек:  химиялық  реакцияның  ең  негізгі  белгісі жаңа  заттардың түзілуі.Содан соң  реакцияның жүру  жағдайлары  қарастырылады.

        Жаңа материалды бекіту үшін  оқушылар  төмендегі  сұраққа  жауап береді.

 1. Мына құбылыстардың қайсысы химиялық құбылысқа жатады: а)қар қиыршықтары- ның түзілуі; ә) қанттың көмірленуі.

 Одан соң сыныпта  оқушыларға мына  тапсырмаларды  орындатамыз.  Төменде  келтірілген  мысалдардан а) физикалық: ә) химиялық  құбылысты бөліп жаз: парафиннің балқуы,  жаңқаның  көмірленуі,  сүттің ашуы,  темірдің таттануы, ағашта қыраудың  пайда болуы , электр шамы  қылының  қызаруы, қанттың  көмірленуі, қанттың суда еруі.

 

Үйге тапсырма беру§

 


Выбранный для просмотра документ Сабақ №13 8хим.doc

библиотека
материалов

Сынып:8 Сабақ№13 Күні:

Сабақтың тақырыбы Химиялық реакция типтері: қосылу, айырылу алмасу,орынбасу
Мақсаты 
Химиялық реакция типтері бойынша білім қалыптастыру. Қосылу, айырылу,орынбасу,алмасу реакциялары туралы нақты білім меңгерту. 
Күтілетін нәтижелер 
1. Оқушылар химиялық реакция типтері туралы ұғым қалыптасады. 
2. Қосылу,айырылу, орынбасу,алмасу реакциялары туралы білімді меңгереді. 
3. Химиялық типтер бойынша реакция теңдеулерін құра отыра теңестіреді 
4. Реакция теңдеулерінің қай типке жататынын дәлелдей алады, тұжырымдап анықтама береді. 
Сілтеме 
Электрондық оқулық, оқулық , есептер мен жаттығулар жинағы, дидактикалық тапсырма, периодтық кесте. Белсенді тақта, 
Қолданылатын әдіс- тәсілдер Топтық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, ЖИГСО әдісі.
Сабақ түрі Ізденіс. 
Сабақ барысы: 
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті 
Кіріспе 
1.Ұйымдастыру. 
2Психологиялық дайындық. 
Топтарға бөлу: 
Үстел үстіндегі кез-келген химиялық рекция типтері жазылған қиықшаларды таңдайды, оқушы сол реттілікпен топқа отырады. 
Топтың ережесін еске түсіру. 
2.Өткен тарауды «Миға шабуыл» әдісі ,сұрақ-жауап. 
Формативті бағалау. 
1.Сабаққа әзірлеу 
2. Топпен бірлесе топ ережесін еске түсіреді 
Ітоп Қосылу Айырылу 
II топ Орынбасу Алмасу топтарына топтасады. 
Оқушылар сұрақ қояды, жауап береді: 
Мысалы 
1.Зат құрамының тұрақтылық заңын қағидалары қандай ? 
2.Физикалық және химиялық құбылыстардың бір-бірінен айырмашылығы неде? 
3. Химиялық формула нені көрсетеді? 
4.Химиялық реакция теңдеулері дегеніміз не? 
5. Коэффициент деген не? 
6. Реакция теңдеуін теңестіруде қандай заңға сүйенеміз? 
Оқушылар сұраққа жауап береді және бір-бірін толықтырады. Топ боп басшылары бағалайды. 
Тұсаукесер 
Электрондық оқулық бойынша белсенді тақтада реакциялардың жүруін, тәжірибе көрсету арқылы ой тастаймыз,қызығушылығын арттырамыз. 
Оқушылар дәптерлеріне тақырыпты 
жазып алады. 
Негізгі бөлім 
Жаңа тақырыппен жұмыс. 
«шығармашылық тапсырма» әдісі арқылы топтық жұмыс. Топтарға тапсырмалар беремін: 
1 топ- Қосылу реакциясын түсіндіру.. 
2 топ- Айырылу реакциясын түсіндіру. 

Жаңа сабақ материалын дәптерге жазғызамын. 
Әр қатысқан оқушыларға 2 жұлдыз, 1ұсыныс айтуын сұраймын, топты мадақтаймыз. 
Сергіту сәті 
Оқушыларға сөздерді белсенді тақтадан көрсетем, ол сөздер бүгінгі тақырыпта кездессе яғни, дұрыс жазылса қол шаплақтайды. Мысалы: Теңдеу,Бір күрделі, жай зат, элемент.коэффицент,химияляқ реакция,мыс, темір, зат массасының сақталу заңы. 
Бекіту: Тақырып соңындағы есептерді барлық топ оқушыларына берем. 
Деңгейлік тапсырма беріледі. Есептің дұрыс жауабын слайд арқылы көрсетемін 
Оқушылар топта оқулықпен жұмыс жасайды, тақырыпты талдайды, тәжірибені анықтайды, бір-біріне түсіндіреді. Әр топтан бір оқушыдан шығып кішкене мәлімет береп, әр типті түсіндіреді, ақпарат алмасады. Содан кейін оқушылардың қойған сұрақтарына жауап береді. қатысқан оқушыларға 2 жұлдыз 1 ұсыныстарын береді. 
Жұпттық жұмыс.Дәптерлерімен алмасады , бір-бірінің жауабын слайд бойынша тексереді,бағалайды. 
Мұғалім жауабымен тексеріледі.. Есепті бағалау критерий арқылы бағалайды. 
Қорытынды 
«Химиялық диктант» орындатамын. 
Сөйлемді толықтыру арқылы сабақты қорытындылаймыз. 
Кері рефлексия . 
Үйге тапсырма: §16 оқуға. Тірі организімдегі химиялық реакциялардың маңызы туралы қосымша дерек жинау. Әр топ диктант бойынша жұмыс жасайды ,жеке орындайды,сыни ойланады. 
Оқушылар бағаларын қойғызады. 
Сабақ соңы оқушылар көңіл қүйін білдіреді. 
Үй тапсырмасын жазып алады.

Выбранный для просмотра документ Сабақ №20 8хим.docx

библиотека
материалов

Сынып:8 Сабақ№20 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Атомның құрамы және құрылысы

Мақсаты: а) Білімділік  мақсаты.Атом  құрылысы  жайлы  білімді  нақтылау. Атом  қабаттарына  электрондарды  толтыру заңдылығы, электрондық  деңгейлер, олардың  периодқа  байланысты  екенін  түсіндіру. 

ә) Дамытушылық  мақсаты. Материя  құрылымдағы  ортақ  заңдылықтар  туралы  мағлұматтар  бере  отырып  оқушылардың  ой - өрісін  дамыту. 

б) Тәрбиелік  мақсаты.

Оқушыларды  еңбекке  баулу, ерінбей  көбірек  ізденіп, өзіндік  жұмыс  орындауға тәрбиелеу. 

Сабақтың  көрнекі – құралдары. Д.И.Менделеевтің  жасаған  химиялық  элементтердің периодтық  жүйесі (электрондық  түрі),  графопроектор, атом  ядросының  құрылысының суреті, сутектің  изотоптары. 

Сабақтың әдіс-тәсілдері.  

 Тірек-сызбаларды (слайдтарды ) қолдану, деңгейлеп, саралап оқыту технологиясын пайдалану. 

Сабақтың байланысы :  өмірмен, қазақ тілімен, физика пәнімен . 

Сабақтың  түрі – аралас  сабақ.

Сабақтың  барысы. 

І.  Ұйымдастыру  бөлімі. 

ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру. 

      №1 – перфокарта.

1) Химиялық  элементтерді  екі  топқа  бөліп, металдар  мен  бейметалдар  деп  жіктеу  неге  негізделген?

2) Химиялық  реакцияны  аяқтап, теңестіріп, қай  типке  жататынын  анықтаңдар.                       Na + H2O =

     №2 -  перфокарта. 

1) І топ  металдары  не  себепті  сілтілік  металдар  деп  аталады?

2) Сілтілік  металл – натрий  оксиді  мен  гидроксидінің  түзілу  теңдеуін  жазыңдар. 

    №3 - перфокарта.

1) Галогендердің химиялық қасиетін айтып, сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар.

2) Қандай бір реактивтің көмегімен: а) натрий хлориді, б) натрий бромиді, в) калий йодиді ерітінділерінен галогендерді ығыстыруға болады? Жауаптарыңды реакция теңдеуімен ділелдеңдер.

 №4 - перфокарта.1) Айналуларды  жүзеге  асыруға  болатын  реакция  теңдеулерін  жазыңдар. Ca → CaO →Ca(OH)2→ CaCl2 2) Мына  элементтерді  металдық  қасиеттерінің  өзгеруі  бойынша   орналастырыңдар.   Na, Cs, K, Li, Pb

ІІІ. Жаңа  тақырыпты  меңгерту жоспары. 

     1. Атом күрделі бөлшек.

     2. Атом құрылысының «планеталық» моделін ұсынған ғалым.

     3. Атом ядросының құрамы.

     4. Изотоптар.

     1911  жылы  ағылшын  ғалымы  Э. Резерфорд  атом  құрылысының  «планеталық» моделін  ұсынды. Бұл  модель  бойынша  атомның  ортасында  оң  зарядталған  ядро  бар, ал  оны  электрондар  айналып  жүреді. Ядро  құрамында  оң  зарядты  бөлшек  протоннан  басқа, зарядсыз  бөлшек – нейтрон  болады. 

 Электрон  е  (Аr = 0)  Нейтрон   n  (Аr = 1) Протон   Р (Аr = 1)  

Протон  саны + нейтрон  саны = Аr 

Химиялық  элемент  атомдарының  ядро  зарядтарының  сандық  мөлшері  сол элементтердің  периодтық  кестедегі  реттік  нөмірлеріне  тең  болатындығы  анықталған. 

       (11р, 12n) 11 е                                     (17р, 18n) 17 е   

     Атомның  ядро  заряды  химиялық  элементтің  қасиеттерін  сипаттайтын  физикалық  шама.Аргонның оң заряды +18,калийдікі +19, сондықтан калий аргоннан кейін  тұр. 

     Қазіргі  уақытта  периодтық  заңның  тұжырымдамасы  былай  оқылады: химиялық  элементтер, олар  түзетін  жай  және  күрделі  заттардың  қасиеттері  сол  элементтердің

 атом  ядроларының  зарядтарына  периодты  түрде  тәуелді  болады. 

     Ядро  зарядтары  бірдей, бірақ  салыстырмалы  атомдық  массалары  әр  түрлі  болатын  элементтер  де  бар. 

Оқушылар изотоптарды оңай түсіну үшін төмендегі мысалмен айтуға болады.

     Бір  химиктің  отбасында  үш  егіздер  туылады.    

   Егіздер                                                                        Изотоптар

жасы →  1                                 1                                       1 → ядро  заряды (реттік нөмірі) 

салмағы → 1                              2                                     3 → атомдық  масса

аты:   протий                              дейтрий                           тритий

р = 1                                               р = 1                                 р = 1                                     

n = 1 – 1 = 0                                   n = 2 – 1 = 1                     n = 3 – 1 = 2

e  = 1                                              e  = 1                                 e  = 1

    Ядроларында  протондар  саны бірдей, бірақ  массалары  әр  түрлі, белгілі  бір  элементті  құрайтын  атомдар  түрін -  изотоптар  деп  атайды. 

(Изотоп  грекше «бір  орынға  орналасушы»  деген  мағынаны  білдіреді.)  

         (17р 18n)                                  (17р 20n) 

Изотоптар  ядрозарядтары  бірдей  болғандықтан, оның  электрондар  саны  да  өзгермейді, сондықтан  химиялық  қасиеттері  де  бірдей. 

     Яғни, химиялық  элемент  дегеніміз – ядро  зарядтары  бірдей  атомдардың  белгілі  бір  түрі. 

   Табиғатта  кездесетін  хлордың  75,53 % - і  35Cl  изотоптан және  24,47 % - і  37Cl  изотоптан  тұрады. Олай  болса  хлордың  орташа  атомдық  массасы:

 Аr (Cl) = 35 0.7553 + 37 0.2447 = 35.453  35.5 

Иодтың  бір  ғана  изотопы  бар  , ал  теллурдың  6 изотопы  бар, оның  ішінде  массасы  үлкендеу – 128Те  және  130Те  изотоптары  басым  болып  келеді. Сондықтан  реттік  нөмірі  бойынша  Теллур  иодтан  бұрын тұрса  да, оның  иодтан  салыстырмалы  атомдық  массасы  үлкен  болып  шығады. 

ІV. Сабақты  бекіту. І деңгей

1) Металдар  қай  қатарда  орналасқан?

а) Na, Ca, K ;    ә) Na, C, Mg;     б) C, Cl, N;    в)В, Са, Аl;      г) Р, О, Рв

2) Бейметалдардың  орналасу  ретін  көрсетіңіз.

а) Al, Na, Ca;   ә) S, P, Si;  б) Li, C, F;     в) Na, Ca, K;     г) Na, C, Mg;     

3) Периодтық  заң  қай  жылы  тұжырымдалды?

а) 1969 жыл;    ә) 1869 жыл; б) 1911 жыл;    в)  1776 жыл;    г) 1748 жыл

ІІ деңгей

1) Негіздік  оксидтер  қайсы?    а) Al2O3, SO3, Na2O;     ә) Li2O, NO2, MgO;          

          б) Na2O, CaO, K2O;      в) Al2O3, MgO, CO2;               г) SO2, CO2, NO2

2) Галогендер  тобын  анықтаңыз. а) Na, Li, K;    ә) Cl, Br, F;                                         б) O, S, Se;    в) I, Cl, O;     г) Be, Mg, Ca

3) Металдар  қасиеттерінің  арту  қатары (негізгі  топша  бойынша)

а) Be, Mg, Ca;     ә) K, Na, Li; б) Na, Mg, Al;     в) Na, C,Al;     г) Ca, Al, Be

ІІІ деңгей

1) Алюминийдің  атом  құрылысы: а) (13р, 13е ) 14n;           ә) (13р, 14n ) 13е‾;

          б) (13р, 14n) 14 е‾;       в) (11р, 12n) 11е‾ ;          г) (14р, 14n) 14е‾      

2) Табиғатта 12С(98,892 %) және  13С(1,108 %) изотоптар  қоспасы  түрінде  кездесетін  көміртек  атомының  орташа  салыстырмалы  атомдық  массасы:

а) 13                             ә) 6                     б) 12           в) 5;     г) 11

Оқушыларды  бағалау.  Үйге  тапсырма.

Выбранный для просмотра документ Сабақ №27 8хим.docx

библиотека
материалов

Сынып:8 Сабақ№28 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Кристалл торларының түрлері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Кристалл торлары және оның түрлері жайлы ұғымды жүйелеу, кристалл тор типтерінің заттың физикалық және химиялық қасиеттеріне тигізер әсерін түсіндіру;

Дамытушылық: Оқылатын ұғымдарды салыстыру, жалпылау, қорытындылауды үйрету,алған білімдерін өз бетінше пайдалана білуге дағдыландыру; 

Тәрбиелік: пәнге деген ынтасын арттыру,өз бетінше жұмыс жасауды үйрету;

Сабаққа қажетті құралдар:

Техникалық құралдар:АКТ,, электронды оқулық, слайдтар.

Көрнекті құралдар: кристал торлар, ас тұзы кристалы, қант кристалдары т.б.

Сабақ түрі: 

Сабақ әдісі: АКТ-ны сабақта пайдалану арқылы дамыта оқыту.

Сабақ барысы: 

1. Ұйымдастыру: а) оқушылармен амандасу, ә)  гигиеналық талаптар қою, тақта, сынып тазалығы, б)оқу құралдарын тексеру.

2. Үй тапсырмасын сұрау:  Сұрақ- жауап арқылы.(Сұраққа толық жауап 10 ұпай, жартылай жауапқа  5ұпай)

3. Үй тапсырмасына байланысты сұрақтар:

1.Жалпы заттар нешеге бөлінеді?

2.Жай заттар дегеніміз не? Мысал келтір.

3.Күрделі заттар дегеніміз не?

4.Осы заттардың арасында қандай байланыстар болады?

5.Ковалентті полюсті байланыс дегеніміз не? мысал келтір.

6. Ковалентті полюссіз байланыс дегеніміз не?мысал келтір.

7.Иондық байланыс дегеніміз не? мысал келтір.

8.Электіртерістілік дегеніміз не?

9.Периодтық жүйеде қай топтың элементтерінің электртерістілігі жоғары?

10.HJ, H2O, NH3, KCl, CaO молекулаларының түзілу схемасын жазып, иондық байланыстың түрін ажырат. 

4. Жаңа сабақ:

Заттың үш күйі:

  Газ тәріздес                            сұйық                         Қатты

Оқушылардың алдына қант, ас тұзы кристалдары беріледі.

Қандай заттар көріп тұрмыз? Осы заттардың физикалық қасиеті қандай? 

Қатты зат               

Аморфтық заттар: 

 Кристалдық заттар:

Кристалдық тор түйіндерінде бөлшектер дұрыс орналасқан 

Көптеген қатты заттар кристалдық құрылысты болады(тұз, қант) мұндай заттарды кристалдық заттар деп атайды. Кристалдарда, атомдар, молекулалар белгілі ретпен орналасады, осындай аралықта кезектесіп келетін бөлшектер Кристалдық тор түйінділері деп атайды. Кристалдық торлар:

1)Иондық;

2)Молекулалық;

3)Атомдық;

4)Металдық болып бөлінеді.

1). Иондық кристал торда: + және - иондардың кезектесіп орналасуынан түзіледі. Мысалы: қатты зат ас тұзы Na + Cl - иондарынан тұрады. 

3). Атомды кристалдық торлардың түйінінде атомдар орналасқан. Олар бір-бірімен ковалентті полюссіз байланысқан оларға B, C, Si жатады.  (Электрондық оқулық)

3). Молекулалық кристалдық торға түйінділерінде полюсті және полюссіз байланысты молекулалар болатын тор жатады. 

4)Металдық ,түйіндерінде атомдар мен иондар орналасқан 

Д.И. МЕНДЕЛЕЕВ ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ ОРНАЛАСУЫ ЖӘНЕ ЖАЙ ЗАТТАРДЫҢ КРИСТАЛДЫҚ ТОРЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ

 Металдардың физикалық қасиеттері:

Беріктік 

Майысқақтық 

Электрөткізгіштік 

Жылуөткізгіштік 

Металдық жылтырауы 

Зат құрамы тұрақтылығы заңын  Жозеф Луи Пруст ашты.

Зат құрамы тұрақтылығы заң:

«Молекулалық химиялық  түзілістер оларды алу тәсіліне қарамай тұрақты құрамы мен қасиеттерін сақтап қалады»  

 Сабақты бекіту:

Тор түрлері Түйіндеріндегі бөлшектер Бөлшектер арасындағы байланыс Мысалдар Физикалық қасиеті 

Иондық

Молекулалық

Атомдық

Металдық

Үй тапсырмасы: § 63

«Жұмыс дәптермен»


Выбранный для просмотра документ Сабақ №7 8хим.doc

библиотека
материалов

8 - сынып Сабақ № 7 Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Жай және күрделі заттар. Салыстырмалы атомдық масса. Салыстырмалы молекулалық масса.

Сілтеме:

Мұғалімге арналған нұсқаулық екінші (негізгі) деңгей 41-бет, 79-бет, 98-бет. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық

Жалпы мақсаты:

Жай және күрделі заттар туралы түсінік қалыптастыра отырып, салыстырмалы атомдық массаны және салыстырмалы молекулалық массаны есептеуге үйрету.

Негізгі мақсаттар:

  • бірлескен топпен жұмыс істеуге дағдыландыру;

  • жас ерекшеліктерін ескере отырып, білімді өмірде қолдана білуге, ойларын жүйелеп, қорытындылауға үйрету;

  • оқушылардың белсенділігі мен ынтасын арттыру;

  • топпен жұмыс кезінде оқушылар арасында ұйымшылдық пен сыйласымдықты ояту;

  • ойын еркін жеткізуге үйрету;

  • сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Оқыту нәтижесі:

Жай және күрделі заттарды ажырата білуге және әрбір химиялық элементтің салыстырмалы атомдық массасын есептеуге дағдыландыру. Сонымен қатар күрделі заттардың салыстырмалы атомдық массасын есептеуге дағдыландыру арқылы сыни ой пікірлерін қалыптастыру және дамыту.

Оқыту

әдістері мен тәсілдері:

Өзіндік жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, оқыту үшін бағалау, АКТ-ны қолдану, дарынды балалармен жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс (диалог, бірлескен сұхбат, пікірлесу), сұрақ-жауап, Венн диаграммасы, «Білімінді сыны» кестесі,түйнек әдісі.

Оқудың ресурстары:

Интерактивті тақта, слайдтар, маркерлер, стикерлер, бағалау парағы, үлестірме-қағаздар, Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесі.

Тапсырмалар

Оқушының іс-әрекеті


Уақыт

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, сынып оқушыларын түгендеу.

1 минут

Жұптастыру. Химиялық элементтердің таңбалары бойынша

Жұптасады.

1-жұп: AI, Au, Si

2-жұп:Ba, B, Zn

Жұптасқан соң әрбір жұптың есімдері жазылып, бағалау парағында бағалану жүргізіледі.

Жұптар (Есімдері жазылады)

Тапсырма

Жалпы ұрайы

ұ

Бағасы

Үй тап/сы

10-12 ұпай

Аr

5 ұпай

Mr

8-10 ұпай

1-жұп:






2-жұп:






3-жұп:






4-жұп:






27-24- «5»; 23-15 –«4»; 14-6- «3»; 6-0 «2»

2 мин

Психология-лық ахуал

Оқушылар «Айна» ойының ойнап, бір-біріне бойларындағы жақсы қасиеттерін айтады. Бұл балалардың жақсы көңіл-күйде болып, сабақты жақсы меңгеруіне әсер етеді.

2 минут

Үй тапсырмасын тексеру. Жұптық жұмыс. «Білімінді сына» кестесі, Венн диаграммасы,түйнек әдісі.

АКТ-ны қолдану.

1-жұп:Химиялық элементтің шығу тарихына түйнек әдісі арқылы сипаттама бер.

2- жұп: Венн диаграмасы арқылы металдар мен бейметалдарға сипаттама бер.

Төмендегі жұптар «Білімінді сына» кестесін толтырыңыздар:

«Білімінді сына» кестесі

Химия-лық элемент-тің таңбасы

Қазақ-ша атауы

Салыстырма-лы атомдық массасы (Аr)

Оқылуы

Латынша атауы
















3- жұп:AI, Au, Ba

4- жұп:B, Br, Hg

5 минут

Қызығушылықтарын ояту.

Миға шабул (сұрақтар).

  • Заттар нешеге топтасыды ?

  • Мына атомдардан құрылған модельдер нені көрсетеді ?

  • Химиялық элементтердің саластырмалы атомдық массалары қалай анықталған?

  • Массалық атом бірлігі түсінігі нені білдіреді ?

  • Элементтердің атомдық массасы қандай шамамен анықталады ?

3 минут

Мағынаны ажырату (ой шақыру)

Жаңа сабақ. Ақпарлама (презентация)

Жаңа тақырып бойынша алған мәліметтерді дәптерлеріне жазып алады.


10 минут

1-тапсырма. Топтық жұмыс

Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массаларын (Аr ) немесе массалық атом бірліктерін (м.а. б.) алдарыңызда берілген атомдық массаларын қолдана отырып, есептеңіздер.

1-топ: AI, Au, Ba, B, Br, Hg

2-топ: C, CI,Ca, Cu, F, Fe

10 минут

Сергіту сәті

«Қаражорға» биі

2 минут

2-тапсырма. Топтық жұмыс

Төмендегі заттардың салыстырмалы молекулалық массаларын (Мr)есепте:

1-топ: Вr2 - бромның , Na2CO3-натрий карбонаты

2-топ: N2 -азоттың,CaCI2 -кальций хлоридінің,

10 минут

Ой толғаныс. Оқуды қорытындылауы.

3-тапсырма

Үлестірме-қағазда әрбір топтың тапсырманың берілуі.Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массаларын (Аr ) немесе массалық атом бірліктерін (м.а. б.) алдарыңызда берілген атомдық массаларын қолдана отырып, есептеңіздер.

1-топ: AI, Au, Ba, B, Br, Hg

ma(AI)=44,82*10-27

ma(Au)=327,02*10-27

ma(Ba)=227,42*10-27

ma(B)=18,26*10-27

ma(Br)=132,8*10-27

ma(Hg)=333,7*10-27

Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массаларын (Аr ) немесе массалық атом бірліктерін (м.а. б.) алдарыңызда берілген атомдық массаларын қолдана отырып, есептеңіздер.

2-топ: C, CI, Ca, Cu, F, Fe

ma(C)=19,92*10-27

ma(CI)=58,93*10-27

ma(Ca)=66,4*10-27

ma(Cu)=106,24*10-27

ma(F)=31,54*10-27

ma(Fe)=92,96*10-27

5 минут

Бағалау

Топ басшыларының бағалау парағында бағалау. Мұғалімнің бағасы.

2 минут

Үйге тапсырма

Оқулықтан 9 параграф № 7-10 тапсырма. Ой қозғау: NaHCO3 – ас содасының, KMnO4– марганцовка (калий перманганаты ).

1 минут

Рефлексия

«Бағдаршам» секторларына стикер арқылы сабақтан алған әсерлерін жазады.

2 минут












Выбранный для просмотра документ Сабақ35 8хим.doc

библиотека
материалов


8 - сынып. Сабақ№35 Күні:
Сабақ тақырыбы: Оттектің табиғаттағы айналымы,оттектің физикалық,химиялық қасиеттері.жану және баяу тотығу,оксидтер. №4 лабораториялық тәжірибе
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
1. Білімділік – оттектің физикалық және химиялық қасиеттері бойынша қолданылуы және тіршілік үшін маңызы туралы білім беру;
2. Дамытушылық – оттектің табиғаттағы айналымы туралы мәліметтер арқылы оқушылардың дүниетанымдық ой - өрісін дамыту;
3. Тәрбиелік: қоршаған орта және ауаның тазалығы туралы экологиялық білім беру;
Сабақ мақсаты: Оттектің табиғаттағы айналымы, қолданылуы туралы мағлұмат беру, өмірмен байланыстыра отырып, проблемалық жағдаяттан шығу жолында оқушылардың іскерлігін, ой - өрісін дамыту, өзіндік ой қорытуға, шапшаңдыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу;
Сабақ түрі: Кіріктірілген сабақ;
Әдіс - тәсілі: деңгейлік тапсырмалар орындау.
Пән аралық байланыс: физика, биология, география;
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, презентация, флипчарт, химиялық реактивтер, ыдыстар, буклеттер;
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі;
2. Тақырыпты ашу;
1) Жұмбақ шешу: «Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің»(ауа)
2) Жұмбақ шешу: «Екі сөз тіркесінен тұрады, бір адамға қажетті құбылыс, екіншісі тыйым сөз. Осы екеуі біріксе, элемент аты шығады»(оттек)
3. Үй тапсырмасын тексеру:
«Еске түсірейік»
Тірек сызбалар көрсетіліп, оқушы өлең оқиды:
«Мен оттекпін, ауамын қасиетті.
Ұстап тұрмын қолымда жер мен көкті.
Табиғаттың анасы жалғыз өзім
Кестеден сегізінші орын тептім.
Мен оттекпін, жерде көп таралғанмын
Ұмытпаңдар оттектей анаң барын,
Тыныс алып жүргенің менің арқам
Не дейді мен туралы жарандарым?!
І. Білу – 2 ұпай.
Химиялық диктант «Қане танысайық» «+», «-» қою керек.
1. Түссіз, иіссіз, дәмсіз газ.
2. Суда жақсы ериді.
3. Күрделі зат.
4. Суда нашар ериді.
5. Жануды қолдайды.
6. Ауадан жеңіл.
7. Тыныс алуға қажет.
8. Зертханада марганцовкадан алады.
9. Ауаның құрамына кіреді.
10. Табиғатта тек қосылыс күйінде кездеседі.
11. Ыдысты төңкеріп жинайды.
12. Қалыпты жағдайда сұйық.

ІІ. Түсіну – 4 ұпай.
Қандай оксидтердің формулалары валенттілігіне сәйкес дұрыс қойылмаған?
I ---------------- IV ------------ II ------- VI ---------------- I ------------ VII ---------- IV ---------------- II
Cu2O, ------- SiO4, ------- ZnO, -------- SO3, ------- NaO, ------- Cl2O7, ----- MnO4, ---------- CO.
III. Қолдану – 6 ұпай.
Қандай қосылыста валенттігі дұрыс жазылмаған:
I II -------------- II II ------------- II III ---------- I II -------- IV II --------- II II ------------- VII II
Ag2O, --------- FeO, -------- Fe2O3, ------ N2O, ------- SO2, --------- CaO, ---------Mn2O7.
IV.
Талдау – 8 ұпай.
Мына реакция теңдеулерін жазып, оксидтерді атаңыз. Зертханалық жұмыс.
S + O2 = ---------- C + O2 = ------------ P + O2 = ----------- Al + O2 =
V.
Жинақтау – 10 ұпай.
Күрделі заттың жану реакциясын жазып, түзілген оксидтердегі әр элементтің массалық үлесін есептеңіз.
VI.
Бағалау – 12 ұпай.
Зертханада оттекті қандай заттан алған тиімді? Реакция теңдеуін жазыңыз.
4
моль KMnO4 берілсе, қанша грамм оттек түзіледі? Есептеңіз.
4.
Жаңа тақырып - слайдтар арқылы көрсетіліп, түсіндіру.
5.
Бекіту тапсырмаларын орындау:
Сұрақтарға жауап беру:
1.
Жер қыртысы неден құралған?
2.
Ауадағы оттек қандай процесс көмегі арқылы толықтырылып отырады?
3.
Оттек қайда қолданылады?
4.
Оттектің қандай бүлдіргіш әсері бар?
5.
Бейнесұраққа жауап беру.
6.
Оқушылар білімін бағалау.
7.
Қорытындылау: Оттектіршіліктің тірегіатмосфера – 21%, гидросфера – 89%, литосфера – 46, 8 %, тірі ағзаларда – 65%;
Тіршілік үшін ең қажетті өмір өзегіауа;
«
Болмасын ауа ешкімнің арман мұңы
Ауадан артық ас жоқ жалғанда ұлы
Ойлашы, кімге керек боламыз біз.
Жұтудан таза ауаны қалған күні»
Үйге тапсырма беру


Выбранный для просмотра документ Сабақ368хим.docx

библиотека
материалов

Сынып:8 Сабақ№36 Күні:
Сабақтың тақырыбы:Оттектің аллотропиясы,озон және озон қабатының жердегі тіршілік үшін маңызы Мақсаты
Оттектің аллотропиясы деген не?
озонның маңызы қандай?
Озон қабатының жердегі тіршілік үшін маңызы қандай? 
Күтілетін нәтижелер
Оттектің аллотропиясы озон екенін біледі. Озонның маңызын ажырата алады. Озон қабатының тіршілк үшін маңызын жан- жақты талқылайды. 
Керекті жабдықтар
Маркер, ресурс, тапсырмалар, демонстрациялық тәжірибе құрал- жабдықтары, видео көрініс, смайликтер. Білім ағашы. 
Қолданылатын әдіс- тәсілдер
Топтық жұмыс, ТВ шоу, диалог, АКТ, есептер шығару, өзін бағалау, смайлик арқылы бағалау. 
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңі Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе  2 мин 1.Амандасу. Шаттық шеңбері арқылы өз аттарынан басталатын жақсы сөздер арқылы тілек білдіреді. 
2. Топтарға бөлу: Оттек, ауа, озон. білім ағашындағы жапырақтарды суыру арқылы топқа бөлініп отырады. Топтың басшысын сайлаймын. Топ басшысына бағалу парағын беремін. 
3. Үй тапсырмасын сұраймын. 
І. Фронтальді (жазбаша) тексеру графиктік диктант арқылы нұсқамен жүреді. Жауаптардың белгіленуі: иә- «+», жоқ- «-».
1.Суда жақсы ериді. –
2.Суда нашар ериді.+
3.Жеңіл газ.-
4. Ауыр газ. +
5.Жануды қолдайтын газ. +
6. жануды қолдамайтын газ. +
7.Ауаны ығыстыру арқылы жинайды.+
8.Төңкерілген сынауықта жинайды.-
9.Су астында жинайды.+
10. Беті ашық ыдыста жинайды.+
Жауаптарын тексеру үшін дәптерін көршісіне беріп, дұрыс жауап арқылы тексереді. Топ басшысы бағалау парағына түртіп алып отырады. 
ІІ. Ойын алаңы (Химиялық диктант.) Мына заттар тізбегінен оксидтердің формуласын теріп жазыңдар. 1 топқа: натрий карбонаты, көмірқышқыл газы, күкірт қышқылы, алюминий оксиді, калий хлориді, темір (ІІ) оксиді, магний оксиді.
2 топқа: алюминий сульфаты, күкірт (ІV) оксиді, көмір қышқылы, темір (ІІІ) оксиді, су, литий оксиді, мыс (ІІ) оксиді. 
Дәптерлерін ауыстырып дұрыс жауап бойынша тексереді. 1.Сабаққа әзірлеу.
2.Топ құрады. 
3.Топ ережесін еске түсіреді. 
Топ ережесі:
1. Ұйымшылдық
2. Өз ойын жеткізу
3. Адал болу
4. Жауапкершілік
5. Бір- бірінің пікірін тыңдау білу.
6. Топтағы жұмысқа белсенді қатысу.
7. Келісімді ортақ шешімге келу.
Олар сол үшін ынталандыру бағасын алады.
І. Фронтальді тексеру графиктік диктант арқылы оқушылар бір – бірін тексереді. Топ басшысы бағалау парағына түсіріп отырады.
ІІ. Химиялық диктант арқылы оксидтерді тауып дәптерлеріне жазады және бір- бірін тексереді. Сосын әр топтағы оқушыдан оксидтің аталуын сұраймын. 
Тұсау кесер
2 мин Әр топқа шар өзекті моделі беру арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбына байланысты заттың формуласын шығару. Бұл оттектің аллотропиялық түрөзгерісі ОЗОН. О3 Шар өзекті модель бойынша формуланы құрап шығарады. ОЗОН – О3 
Негізгі бөлім 12 мин
Жаңа сабақ: Тв шоу әдісімен өткіземін. Бағдарламаға өзімнің көмекшілерімді ортаға шақырамын. Олар болашақ жас журналистер. Олар озонды қорғай аламыз ба?- деген тақырыбында жұмыстанды. 
1- зерттеуші: Озон табиғаты. 
Залдағы көрермендер сұрақ қояды.
1-сұрақ: Озон қабаты қалай пайда болады? Жас зерттеуші қойылған сұраққа жауап береді. 
Тағы сұрақ қояды. 2- сұрақ: Озон қабаты қорғанышымыз ба?
Жас зерттеуші қойылған сұраққа жауап береді. 
3-Сұрақ: Озон тесігі неден пайда болды?
4-Сұрақ: Озон қабатын қорғауға қандай шаралар жүріп жатыр?
5-Сұрақ: Озон қабатын қалай қалпына келтіруге болады?
Жаңа тақырыппен жұмыс .
Озон табиғаты. Озон – үш атомды оттек, газ, көк түсті. Төменгі температурада (- 1120С) қанық көк түсті сұйыққа айналады, осы жағдайда төменірек салқындатса қанық сия түстес кристалл алынады. Атмосфераның көгілдір түске боялуы озонға байланысты. Озон стратосфера қабатында жер бетінен 15- тен 50 шқ аралығындағы биіктікте. Озон қабатының қалыңдығы бар болғаны бес шақырым (20-25 шқ), оны озондық қабат деп атаймыз. Ол қабатта озон концептрациясы орасан зор емес, көлемі 3 млрд. тоннадан астам.
1-сұрақ:Озон қабаты қалай пайда болады?  Жауап: Кәдімгі екі атомды оттектен озон пайда болуы үшін үлкен энергия қажет- 150 кДж жуық. Басты реакция кәдімгі екі атомды оттек атомдық оттекпен әрекеттеседі. О2+ О0= О3 Өте қуатты күн көзінен тарайтын ультркүлгін сәулелердің әсерінен оттек молекуласының атомдары 
О0 + О0 ыдырайды. Осы үздіксіз өнімнің әсерінен тұрақты озон қабаты пайда болады.
2-сұрақ:Озон қабаты қорғанышымыз ба?
Жауап: Озон күн көзінен тарайтын ультракүлгін сәулелердің бір бөлігін бойына сіңіреді: О3= О2+ О0
Озон жердің тіршілігін сақтайды. Стратосферадағы озон концентрациясының бар болғаны 1 пайызға төмендеуінен ауыр жағдайға соқтырады. 
- Адамдар мен жануарлар арасында терінің онкологиялық ауруының саны артады. 
- Иммундық жүйе қысымының арту саны көбейеді. 
- Жер бетіндегі өсімдіктердің өсу қарқыны бәсеңдейді.
- Фитопланктонның өсу жылдамдығы кемиді.
- Өсімдік тағамдарының санының кемуінен теңіз, мұхит су асты жануарларының өлімі басталады.  Күн сәулесінің жұтылуынан ең бастысы біздің ғаламшарда жылудың тепе- теңдігі сақталады. (қамтамасыз етіледі). Озонның ыдырауы кезінде (бұзылуы) жылу бөлінеді, ол стратосферадағы температураны көтеріп жер бетінің көрпесі ретінде қызмет атқарады. 
3-сұрақ: Озон тесігі неден пайда болды? 
Жауап: Жазда және көктемде озон концентрациясы көтеріледі. Полярля аймақта ол барлық кезде жоғары, экваторда ол күн жүйесіне сәйкес келетін 11 жылдық жүйемен өзгеріп отырады. 
1980 жылғы бақылау көрсеткіші Антрактика аймағында баяу, тқрақты түрде стратосфералық озон концентрациясы тқмендеуін байқаған. Бұл құбылысты «озон тесігі» деп атаған (шын мәнінде мұндай тесік жоқ), оған мән беріп, зерттей бастады. Кейінірек 1990 жылдары осындай төмендеу Арктика төңірегінде басталады. Неге озон жоғалады? Шын озонның шығыны ультракүлгін сәулелерді жұту кезінде, сол сияқты кейбір рекцияның өтілу кезеңінде байқалады, мысалы: О3+О0=2О2
О3+ NО= NО2+О0
4-сұрақ: Озон қабатын қорғауға қандай шаралар жүріп жатыр?
Жауап: Осының бәрін білгеннен кейін әлемнің әртүрлі елдерінің өкілдері жиналып Венада (1985ж) озон қабатын қорғау жөніндегі Веналық конвенцияға қол қойды. 
Монералдық протокол 1987 жылы қабылданды, онда қауіпті көміртек, хлор, фторлардың қатары анықталды және оларды өндіретін өлкелерде олардың шығарлуын азайтуды міндеттелді. Лондонда 1990 жылдың маусым айында монералдық хаттама нақтыланды: "1995 жылы фреон өндіру екі есе төмендетілсін, ал 2000 жылда оны өндіру мүлдем тоқтатылсын" делінді. 
5-Сұрақ: Озон қабатын қалай қалпына келтіруге болады?
Жауап: Озон қабатын қалпына келтіру үшін оны қоректендіріп отыру керек. Жер шарын «емдеудегі» бірінші жоба- озон фабрикасын ашып, оны үшақ арқылы жеткізу болды, ол өзін ақтамайтын болып табылды. Осы жолда Ресей консорциумы «Интер Озонды» ұсынды, атмосфера озонды үздіксіз өндіру. 
Қорытынды
2 мин Қорытынды: арнайы сұрақтар қойылады. Жоғары сынып оқушысының сұрағына жауап береді. 1.Алған білімдерін пайдаланады, сараптайды, сыни ойлайды. Смайлик бойынша бағалайды. Неліктен солай бағалағанын айтып өтеді.
Үй тапсырмасын жазып алады.
1 – жүргізуші: Озон табиғаты
Озон – үш атомды оттек, газ, көк түсті. Төменгі температурада (- 1120С) қанық көк түсті сұйыққа айналады, осы жағдайда төменірек салқындатса қанық сия түстес кристалл алынады. Атмосфераның көгілдір түске боялуы озонға байланысты. Озон стратосфера қабатында жер бетінен 15- тен 50 шқ аралығындағы биіктікте. Озон қабатының қалыңдығы бар болғаны бес шақырым (20-25 шқ), оны озондық қабат деп атаймыз. Ол қабатта озон концептрациясы орасан зор емес, көлемі 3 млрд. тоннадан астам. 
2- жүргізуші: 
Озон қабаты қалай пайда болады?
Кәдімгі екі атомды оттектен озон пайда болуы үшін үлкен энергия қажет- 150 кДж жуық. Басты реакция кәдімгі екі атомды оттек атомдық оттекпен әрекеттеседі. О2+ О0= О3
Өте қуатты күн көзінен тарайтын ультркүлгін сәулелердің әсерінен оттек молекуласының атомдары О0+ О0ыдырайды. Осы үздіксіз өнімнің әсерінен тұрақты озон қабаты пайда болады. Озон қабаты қорғанышымыз.
Озон күн көзінен тарайтын ультракүлгін сәулелердің бір бөлігін бойына сіңіреді: О3= О2+ О0 Озон жердің тіршілігін сақтайды. Стратосферадағы озон концентрациясының бар болғаны 1 пайызға төмендеуінен ауыр жағдайға соқтырады. 
- Адамдар мен жануарлар арасында терінің онкологиялық ауруының саны артады. 
- Иммундық жүйе қысымының арту саны көбейеді. 
- Жер бетіндегі өсімдіктердің өсу қарқыны бәсеңдейді.
- Фитопланктонның өсу жылдамдығы кемиді.
- Өсімдік тағамдарының санының кемуінен теңіз, мұхит су асты жануарларының өлімі басталады. 
Күн сәулесінің жұтылуынан ең бастысы біздің ғаламшарда жылудың тепе- теңдігі сақталады. (қамтамасыз етіледі). Озонның ыдырауы кезінде (бұзылуы) жылу бөлінеді, ол стратосферадағы температураны көтеріп жер бетінің көрпесі ретінде қызмет атқарады. 

Выбранный для просмотра документ Сабақ№11 8хим.doc

библиотека
материалов

Сынып:8 Сабақ№11 Күні:

Тақырыбы: Химиялық реакциялардың жүру жағдайлары №2 лабораториялық тәжірибе

Сабақтың мақсаты :
1. Химиялық құбылыстар химиялықреакциялар деп аталады. Химиялық реакциялар нәтижесінде жаңа заттар түзіледі, олардың қасиеттері реакцияға түскен заттардың қасиеттерінен өзгеше болатынын толық әрі нақты мағулмат беру.
2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыры отырып , химия тілімен сөйлеуге дағдыландыру.
3. Оқушылардың тез ойлап ,тез шешім жасауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі :жаңа сабақ
Сабақтың өтілу әдісі: сұрақ –жауап
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың барысы :
I. Ұйымдастыру;
- Сәлемдесу,
- Түгендеу,
- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру,
II .үй тапсырмасын тексеру;
16 беттегі кестені толтыру
III .қайталау
Оқушылардың өтілген сабақ бойынша түсінбеген мазмунын қайтадан түсідіру
IV. жаңа сабақ
Химиялық реакциялар және олардың белгілері мен жүру жағдайлар
Магнийдің ауада жануы
Химиялық құбылыстар химиялық реакциялар деп аталады. Химиялық реакциялар нәтижесінде жаңа заттар түзіледі, олардың қасиеттері реакцияға түскен заттардың қасиеттерінен өзгеше болады.
Сендер күнделікті өмірде химиялық реакцияларды жиі кездестіресіңдер, мысалы, отын мен май шамның жануын қарастырсак, реакция барысында жылу мен жарык бөлінетінін көреміз, ал реакция басталу үшін шырпымен от қоямыз. Темірден жасалған бұйымдардың (шелек, күрек, шылапшын) механикалык әсерден бүлінген жерлері қызыл- күрең ұнтақпен қапталып, біртіндеп тесіліп қалатыны белгілі. Ұзақ сақталғанжұмыртқаны жарғанда жағымсыз иіс байқалады, яғни шіру де химиялық реакцияға жатады. Сол сиякты сүттің ашуы нәтижесінде сары су пайда болатынын да білесіңдер. Әшекейлік күміс бұйымдардың күңгірттенуі де химиялық реакцияға мысал болады.
Лампадағы вольфрам сымының жарық және жылу шығаруы
Химиялық реакциялардың жүру белгілері:
1. Жарык пен жылудың бөлінуі, не сіңірілуі;
2. Заттың түсінің өзгеруі;
3. Тұнба түзілуі немесе оның еріп кетуі;
4. Газдың сіңірілуі немесе оның бөлінуі;
5. Иістің пайда болуы мен оның жойылуы.
Осы белгілердің барлығы реакция нәтижесінде жаңа заттардың түзілгендігіне дәлел болады. Көпшілік химиялык реакциялар өздігінен жүрмейді, оларды жүргізу үшін арнайы жағдай жасау қажет.
Тұнба түзілуі
Реакцияның жүру жағдайлары:
1. Қатты заттардың әрекеттесуін жүзеге асыру үшін оларды ұнтақтау керек, сонда олардың жанасу бетінің ауданы артады.
2. Газ күйіндегі заттардың әрекеттесуін жүзеге асыру үшін сығып, көлемдерін азайтып, көлем бірлігіндегі бөлшектердің санын арттыру қажет.
3. Ерітінділердің арасында жүретін реакцияларды іс жүзінде жүзеге асыру үшін ерітіндідегі еріген заттардың мөлшерін арттыру керек.
4. Қайсыбір реакциялар тек қыздырғанда немесе жарықпен әсер еткенде ғана жүреді.
5. Кейбір заттар реакцияның жүруін тездетеді, олар - өршіткілер (катализаторлар), ал тежесе - ингибитор деп аталады.
Химиялык реакциялар өндірісте әр түрлі халық шаруашылығына қажетті өнімдер алуға мүмкіндік береді: тыңайтқыштар, дәрі- дәрмектер, құрылыс материалдары, жанар және жағар майлар, бояғыш заттар, металдар, пластмассалар, талшықтар, каучуктер, т.б
V. Бекіту сұрақтары
1. Физикалық құбылысты химиялық құбылыстың қандай басты айырмашылығы бар?
VI. Қортынды
Химиялық рекция кезінде бір заттың екінші бір затқа айналуын сырттай бақылай отырып ,мынандай белгілер бойынша айқындайды : энергияның өзгеруі ,тұнбаның түзілуі, газдың бөлінуі . сол сияқтыжаңа түзілген затты өздеріне тән түсі исібойынша да ажыратады
VII. үйге тапсырма


Выбранный для просмотра документ Сабақ№12 8хим.doc

библиотека
материалов


Сынып:8 Сабақ№12 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакциялар. Химиялық реакциялардың теңдеулері.Зат массасының сақталу заңы.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Химиялық реакция кезінде зат массасының сақталатындығын біледі, химиялық реакцияларды теңестіре алады . 
Негізгі идеялар: Топта жұмыс істей алу, өз пікірлерін ортаға сала отырып, дарынды балаларды анықтау. 
Сабақта қолданылатын материалдар: Оқулық 8 сынып, электрондық оқулық, АКТ, таратпа материалдар, смайликтер, интернет-ресурстар 
Оқыту формасы СТО, АКТ, деңгейлік тапсырмалар, диалог, шығармашылық жұмыс 
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті: 
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті 
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (2 мин) Сыныпты топқа бөлу (ойыншықтар арқылы) Элементтерді дұрыс жаза білу мен айта білу 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 мин) Үй тапсырмасы бойынша білімдерін тексеру (Физикалық және химиялық құбылыстарды сипаттайтын мақал-мәтелдерді түсіріп жазыңдар) 
Берілген сұрақтарға топтық жұмыс 
ІІІ. Жаңа тақырып(10 мин) 
Тез қимылда» (5 мин) 
«Кім жылдам» (3 мин) 
Деңгейлік тапсырмалар ( 5 мин) Тақырыпқа кіріспе. 
«Ойлан, жұптас, талқыла».Сурет арқылы. 
Проблемалық сұрақ? 
1.Химиялық реакция теңдеуін құрудың басты шарты қандай? 
2.Неге химиялық реакция теңдеуі Зат массасының сақталу заңына бағынады? 
Оқулықпен жұмыс, постер құру 
Негізгі ұғымдарды дәптерге жаздыру. 
Реакция теңдеулерін жаздыру 
I-топ тапсырмасы 
Массасы 49 г күкірт қышқылының H2SO4зат мөлшерін табыңдар 
II-топ.1,5 моль натрий сульфаты Na 2SO4 берілген. 
Осы тұздың массасын табыңдар. 
III –топ. 2 моль оттегі берілген. Оттегі массасын және көлемін есептеңдер. IV –топ.10 г неон газында қанша атом болатынын табыңдар. 
V- топ.Күкірт қышқылы (H2SO4) мен азот қышқылының (HNO3) молярлық массасын табыңыз. 
І топтың тапсырмасы. Мына реакция теңдеуін теңестіріңдер. 
Са+ O2 → CаO 
S + O2 → SO3 
ІІ топтың тапсырмасы. Мына реакция теңдеуін теңестіріңдер. 
P + O2 → Р2 O5 
Fe + O2 → Fe3 О4 
ІІІ топтың тапсырмасы.Мына реакция теңдеуін теңестіріңдер. 
Al + О2 → Al2 О3 
K + О2 → K2 O 
I – деңгей. Мына химиялық реакция теңдеулерін аяқтап, теңестіріңдер: 
Zn O+ HCl = ... + ... 
AI + HCI→ ... + H2 
II – деңгей.Мына химиялық реакция теңдеулерін теңестіріңдер: 
AI + CI2 = AI CI3 
K 2 S + Na = Na 2 S + K III – деңгей. Мына химиялық реакция теңдеуін теңестіріңдер: 
Na2 O = Na + O2 
Ca + О2 → CaО Топтық жұмыс.Талқылау. Жеке жұмыс. 
Оқушы жауабы: 
Химиялық теңдеу реагенттер мен өнімдерінің формулаларын жазып, атом сандарын теңестіріп, теңдік белгісін қою арқылы теңестіреді. 
ІV. Қорытындылау 
(3 мин) Кері байланыс (сұрақ-жауап) 
Жекелей жұмыс 
V. Үй тапсырмасын беру (2 мин) Мәтінмен жұмыс, №8,9 28 бет 
VI. Бағалау (5 мин) Формативті бағалау 
Жиынтық бағалау Өзін-өзі бағалау топ басшысы тапсырманы орындауына байланысты бағалайды. 
Қорытынды баға 
VII. Рефлексия 
(3 мин ) Мен бүгінгі сабақта....білдім 
Біз...йрендік 
Маған...ұнады 


































«Тез қимылда» 
I-топ тапсырмасы. Зат массасы бойынша зат мөлшерін анықтау. 
Есеп-12,26 бет. Массасы 49 г күкірт қышқылының H2SO4 мөлшерін табыңдар 
II-топ. Есеп-13, 26 бет. 1,5 моль натрий сульфаты Na2SO4 
2. «Кім жылдам?» 
І топтың тапсырмасы 
Мына реакция теңдеуін теңестіріңдер. 
Са+ O2 → CаO 
S + O2 → SO3 
ІІ топтың тапсырмасы 
Мына реакция теңдеуін теңестіріңдер. 
P + O2 → Р2 O5 
Fe + O2 → Fe3 О4 
I – деңгей 
Мына химиялық реакция теңдеулерінаяқтап, теңестіріңдер 
Zn O+ HCl = ... + ... 
AI + HCI→... + H2 
II– деңгей 
Мына химиялық реакция теңдеулерінтеңестіріңдер 
AI + CI2 = AI CI3 
K 2 S + Na = Na 2 S + K 
II – деңгей 
Мына химиялық реакция теңдеулерін теңестіріңдер 
AI + CI2 = AI CI3 
K 2 S + Na = Na 2 S + K 
II – деңгей 
Мына химиялық реакция теңдеулерін теңестіріңдер 
AI + CI2 = AI CI3 
K 2 S + Na = Na 2 S + K 
II – деңгей 
Мына химиялық реакция теңдеулерін теңестіріңдер 
AI + CI2 = AI CI3 
K 2 S + Na = Na 2 S + K 
II – деңгей 
Мына химиялық реакция теңдеулерін теңестіріңдер 
AI + CI2 = AI CI3 
K 2 S + Na = Na 2 S + K 
III– деңгей 
Мына химиялық реакция теңдеуін теңестіріңдер 
Na2 O = Na + O2 
Ca + О2 → CaО 
III – деңгей 
Мына химиялық реакция теңдеуін теңестіріңдер 
Na2 O = Na + O2 
Ca + О2 → CaО 


Выбранный для просмотра документ Сабақ№19 8хим.docx

библиотека
материалов

Сынып: 8 Сабақ№19 Күні:
Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтердің жіктелуі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: элементтерді алғашқы топқа бөлу, ұқсастықтары мен айырмашылықтары арқылы оларды сілтілік металдар, галогендер, халькогендер және салғырт (инертті) газдарға топтастыру. Осы топтардағы элементтердің физикалық және химиялық қасиеттерінің салыстырмалы атомдық массаға тәуелді екенін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың іс әрекетін, танымдық біліктерін жаңа білімді өз белсенділіктерімен дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыстануын, ізденімпаздығын қалыптастыру.
Көрнекілік: периодтық жүйе, карточкалар.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: деңгейлеп оқыту технологиясының элементтері, синквейн стратегиясы
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өтілген тақырыптарды қайталау
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
4. Жаңа тақырыпты бекіту
5. Үйге тапсырма беру
6. Бағалау
Ұйымдастыру кезеңі
- сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау;
- оқушыларды психологиялық дайындау.
- оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу, оны өткізу жоспарын көрсету.
«Менің көңіл - күйім» Сабаққа дейін --------------------- Сабақтан кейін
Жақсы --------- Орташа ------------- Көңіл - күйім жоқ
(Әр оқушыға таратылады.)
Сабақтың жоспары:
1. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды класстарын қайталау.
2. Химиялық элементтерді жіктеу және екідайлы элементтердің қасиеттерімен танысу.
3. Сілтілік металдар мен галогендерді салыстыру.
4. Жаттықтырғыш тапсырмаларды орындау.
5. Қорытындылау, бағалау және үй тапсырмасын алу.
Өтілген тақырыпты қайталау
«Қайталау – оқу анасы»
1. Ағаш салу. Бұтақтарына маңызды қосылыстардың 4 класын жазып, жапырақтармен жіктеу.
Оксид тұз қышқыл негіз
Күрделі зат
2. Деңгейлік тапсырмалар:
1 - деңгей
KОН - тың молекулалық массасын табыңыз. (56)
2 - деңгей
H2SO4 - тің құрамындағы күкірттің массалық үлесін табыңыз.(33)
3 - деңгей
Массасы 10 г кальций сумен әрекеттескенде, сутектің қанша молі бөлінеді?(0, 25 моль)
Кейбір оқушыларға ребустар таратылады.
Жаңа тақырыпты түсіндіру
«Жүрмейсің мұны білсең қате басып,
Атомдар жұмбақтарын тұрады ашып.
Бар элемент таңбасы осында тұр,
Сап құрап, массаға сай қатарласып», - демекші алда бірнеше сабақтың барысында сіздер табиғаттың ең басты заңы период заңын қарастыратын боласыздар. Бүгін үлкен тарауды бастаймыз.
19 ғасырдың ортасында элементтерді металдарға және бейметалдарға бөліп, оларға тән қасиеттер анықтала бастады. Элементтерді жіктеу негізінде физикалық және химиялық қасиеттерін нақтылауға мүмкіндік туды. (флипчарттың 6 - шы беті, оқушылар ручкамен қасиеттерін тиісті металл немесе бейметалға апарып қояды.)
Металдар --------------------- Бейметалдар
Созылғыш -------------------- әртүрлі агрегаттық күйі бар
серпімді ----------------------- түсі әртүрлі
металдық жылтыры бар ----------------- қасиеттері әртүрлі
жылуды жақсы өткізетін ---------------- ортақ қасиеттері болмайды
электр тоғын жақсы өткізетін
Zn+2HCl=ZnCl2+H2↑
Zn+2NaOH=Na2ZnO2+H2↑
Проблемалық сұрақ қойылады:
- Мырыш метал ма, әлде бейметал ма?
Мысалы:
Zn(ОН) 2+2HCl=ZnCl2+2H2О мырыш хлориді
Zn (ОН) 2+2NaOH= Na2ZnO2+2H2О натрий цинкаты
Сонымен металл күйдегі мырыш, оның оксиді мен гидроксиді екі жақты қасиет көрсететін екідайлы заттарға жатады.
Қышқылмен де, сілтімен де әрекеттесетін заттар екідайлы (амфотерлі) деп аталады.
Кестені толтыру:
Жаңа тақырыпты бекіту.
1. Айналымды жүзеге асыру
1 - нұсқа. BeO → Be(NO3) 2 → Be(OH) 2 → K2BeO2
2 - нұсқа. KAIO2 →AI(OH) 3→ AI2O3→NaAIO2
2. Тест жұмысы
1. Металдың таңбасын көрсетіңіз: а) O ә) Si б) Na в) Cl
2. Негіздік оксидті сумен әрекеттестіргенде түзіледі:
а) сутек ә) қышқыл б) негіз в) тұз
3. Сутектің атомдық массасы: а) 1 ә) 2 б) 3 в) 4
4. Бейметалды көрсетіңіз: а) Li ә) Mg б) Zn в) H
5. Сілтілік металдардың валенттілігі: а) 1 ә) 2 б) 3 в) 4
6. Неон қай табиғи ұялас топқа жатады? а) сілтілік жер металдарына ә) галогендерге б) салғырт газдарға в) сілтілік металдарға
7. Қышқылмен де сілтімен де әрекеттесетін элемент: а) Al ә) Mg б) C в) Cu
8. Be (ОН) 2+2KOH реакциясында қандай заттар түзіледі? а) ZnO2+2H2О
ә) ВеO2+2H2 б) Na2ZnO2+2H2О в) К2ВеO2+2H2О
3. Синквейн стратегиясы (бүгінгі тақырыпқа қатысты бес жолды өлең)
4. Сабақтан кейінгі көңіл күйі.
Үйге тапсырма беру
Бағалау.

Выбранный для просмотра документ Сабақ№21 8хим.docx

библиотека
материалов

Сынып:8 Сабақ№21 Күні:

Тақырыбы: Атомдық құрылыс теориясы бойынша химиялық элементтердің периодтық жүйедегі орны

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері.
Білімділігі: Д. И. Менделеев жасаған периодтық жүйесі мен заңына кіріспе. Химиялық элементтерді жіктеудің нәтижесінде периодтық заңның ашылуы.
Дамытушылығы: Оқушыларға металдар мен бейметаллдар ұғымын қалыптастыру. Екідайлы қасиет көрсететін элементтердің топтары туралы түсіндіру.
Тәрбиелілігі: Элементтердің адам өміріндегі маңызын, қолданылу аясын түсіндіре отырып, химия пәніне қызығушылығын арттыру.
Сабақтың әдіс - тәсілдері. Баяндау, сұрақ - жауап.
Сабақтың түрі. Аралас сабақ.
Сабақтың типі. Жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың көрнекілігі. Оқу құралдары, периодтық жүйе, слайды.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
(сәлемдесу, зейін аудару жаттығуы, түгендеу, сабаққа даярлық жасау.)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
(сұрақ - жауап, карточка,)
1. Элементтердің табиғи ұяластары деген не?
2. Сілтілік металдарға қандай металдар жатады?
3. Сілтілік жер металдары деген не?
4. Галогендерге қандай химиялық элемент атомдары жатады?
5. Халькогендер қандай мағына білдіреді?
ІІІ. Мақсатын қою: Д. И. Менделеев жасаған периодтық жүйесі мен заңына кіріспе. Химиялық элементтерді жіктеудің нәтижесінде периодтық заңның ашылуы. Оқушыларға металдар мен бейметаллдар ұғымын қалыптастыру. Екідайлы қасиет көрсететін элементтердің топтары туралы түсіндіру.
ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту: Ең алдымен периодтық жүйеге тоқталмай тұрып Д. И. Менделеев кім деген сұраққа жауап берейін. Д. И. Менделеев Тобольск қаласында 1834ж 27 қаңтарда дүниеге келген. Өз заманының үлкен ойшыл ғалымы. Менделеевтің негізгі ғылыми - зерттеу жұмыстарының бағыты жалпы химия, химиялық технология физика экономика метрология салаларына арнаған.
Ол ең алғаш 1854ж изомерия құбылысын зерттеп, сұйықтықтың тығыздығын анықтайтын құрал - ареометр құрастырды, сонымен қатар ауыл шаруашылығына, әуе ісіне де көп көңіл бөлген. Осы еңбектерінің ең биік шыңы оны дүние жүзіне танытқан әлем ғалымдарының қатарына қосқан әрине « Периодтық заңды» ашуы болды. Периодтық заңды 1869 ж Д. И. Менделеев ашты, оның толық тұжырымдамасын 1871ж жариялады. Заң былай тұжырымдалады:
Элементтер мен олар түзетін жай және күрделі заттардың қасиеттері сол элементтердің атомдық массасына периодты түрде тәуелді.
Период - атомдық массаларының өсу реті бойынша орналасқан элементтер қатары. Периодтық жүйеде 7период бар, период екіге бөлінеді: кіші(1, 2, 3 ) үлкен (4, 5, 6) 7 аяқталмаған деп аталады. П. Ж көлденең бағанада ұқсас элементтерде бірінің астына бірі орналасып ұқсас элементтер тобы шықты, бұларды п. ж топтар деп атайды. Топтар негізгі, қосымша топша деп бөлінеді
П. Ж соңында 93 - 103 элементтерінің қасиеттері ұқсас болғандықтан лантаноидтар мен актинодтар қатарларына топтастырылған.
Яғни, күнделікті тұрмыста техникада мәселен календарь, сағат, сотка, көбейту таблицасы тәрізді адамға қажет етпей тұра алмайтын бір заттар болады. Химияның дәл сондай «көбейту кестесі»физиканың формуласы, географияның картасы, сияқты химияның кестесі «периодтық кесте» болып табылады.
Д. И. Менделеев ашқан периодтық заңның тек химияға ғана емес, барлық жаратылыстану ғылымдары үшін жалпы ғылыми философиялық маңызы зор.
ҮІ. Түсінігін тексеру үшін: «Жұмбақ шеш» ойынын ұсыну.
ҮІІ. Жаңа сабақты бекіту үшін: «Кім жылдам..» ойыны арқылы және мен кіммін? сұрақтары арқылы бекіту.
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру, бағалау:

Выбранный для просмотра документ Сабақ№23 8хим.docx

библиотека
материалов

Сынып: 8 Сабақ№23 Күні:
Тақырып: Химиялық элементтерге және олардың қасиеттеріне сипаттама Мақсаттары: 
1. Маңызды элементтер және олардың қосылыстары жөнінде алған теориялық білімді нақтылау, ізденіс, өзіндік жұмыстар арқылы тексеру, бекіту. 
2. Тақырыпқа байланысты дүниетанымын кеңейту, топтасып жұмыс істеуге, өз білімін өзі бағалап, тексере білу дағдыларын дамыту. 
3. Ізденімпаздыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшандыққа, ұйымшылдыққа баулу. 
Сабақтың типі: білім және біліктерін қалыптастыру 
Сабақтың түрі: дағды мен шеберлікті игеруде білімді комплексті қолдану 
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, СТО технологиясы. 
Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушылардың іс - әрекеті

1. Ұйымдастыру сәті 
Оқушыларды түгендеу, тыныштыққа шақыру, сабаққа қатысуларын сұрау. 
Психологиялық жаттығу 
Құндылықтар шебі 
Оқушылар оқу құрал, дәптер, кітап дайындау 
Видеобейне көру 
Оқушылар топқа бөлінеді.(хоккей,шаңғы) 
Әр топта жеке – дара, жұптық, топтық жұмыстар орындалады. 
2. Негізгі бөлім 
1– ші саты: «Ой қозғау» 
2– ші саты: «Мағынаны тану» 
3– ші саты: «Толғаныс» 
1 – ші саты: «Ой қозғау» Маңызды s-элементтер және олардың қосылыстары тақырыбы бойынша білімдерін жинақтау 
2– ші саты: «Мағынаны тану» 
1. Топтастыру 
2. «Химиялық лото» 
3.«Химиялық эстафета» 
4.«Элементтің табиғатта таралуы» 
5.«Есеп шығарайық» 
3 – ші саты: «Толғаныс» 
Ассоциация құру 
Қосылыстарды топтарға бөлу 
Теңдеулерді теңестіру. 
Ca,Mg,K,Na табиғатта таралуы 
Есеп шығару. 
Тест шешу 
Топта топ басшысы қосымша жұмыс – өз тобындағы оқушыларды бағалау парағы арқылы бағалап отырады. 
Тапсырма№1 
Ca,Mg,K,Na қосылыстарын теріп жазыңыз 
Тапсырма№2 
Карточкада берілген реакцияларды сәйкестендіріп, коэффиценттерін қойыңыздар. 
Сызбанұсқа берілген 
Тапсырма№3 
Тапсырма№4 
Картамен жұмыс 
Тапсырма№5 
5мин 3. Қорытынды 
Үйге тапсырма алу 
5 шумақты өлең құрастыру «Sinkwein» стратегиясы бойынша 
Металдар туралы мақал-мәтелдер теріп жазып келу 
Бағалау парағы.( топқа жеке-жеке таратылады) 
Оқушының аты - жөні Химиялық ой-жинау Топтастыру Химиялық лото Химиялық эстафета Элементке сипаттама беру Есеп шығару Тест Қорытынды баға 
Тапсырма№1 
Ассоциация құру тарау бойынша

Выбранный для просмотра документ Сабақ№24 8хим.docx

библиотека
материалов

Сынып:8 Сабақ№24 Күні:

Тақырыбы : Жаңа химиялық элементтердің ашылуы туралы мәліметтер.Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы,адам организміндегі химиялық элементтердің биологиялық рөлі
Сабақтың мақсаты:Табиғаттағы химиялық элементтердің байланысын көрсету. Химиялық элементердің тірі организмдер үшін маңызын анықтау 
Міндеті: 
*Білімділік: Химиялық элементтердің тірі организмдердегі маңызын анықтау. 
*Дамытушылық: сын тұрғысынан ойлау , өздігінен ойлау және ой толғаныс қабілеттерін арттыру. 
* Тәрбиелілік: оқуға деген қызығушылығын, өзін –өзі бағалауға, жауапкершілікке, оқушылармен қарым-қатынас құруға тәрбиелеу . 
-Саб. әдіс -тәсіл: бүкіл сыныптық, жеке және топтық әдістер, 
-Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы 
- Құрал-жабдықтар: ноутбук, , презентация Power Point, зертханалық тәжірибеге құралдар 
Сабақ жоспары: 
1.Қызығушылықты ояту;ой орісін кеңейту , дидактикалық тапсырмаларды орындау. 
2.Мағынаны тану; жеке және топпен жұмыс,инсерт, зерттеу жұмысы 
3.Ой – толғаныс; тестілеу, кесте мен жұмыс істеу, кластер құрастыру. 
Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі: 
Оқушыларға химиялық элементтердің таңбаларын тарату. Галогендер тобы, сілтілік металдар тобы, инертті газдар тобы болып бөліну. 
2 Қызығушылықты ояту. 
1 тапсырма: « Мына суреттерді не біріктіреді?» дұрыс жауап – химиялық элементтер өсімдіктердің, жануарлардың, адамның организміне кіреді немесе барлық тірі ағзалардың құрамында болады 
2.Қалай ойласыңдар, бүгінгі тақырыбымыз қандай болады? 
Тақтаға тақырып жазылады 
Мақсатымыз қандай? 
Қандай химиялық элементтер тірі және өлі табиғатта кездеседі ,олардың биологиялық маңызын анықтау. 
4.Зерттеу жұмыс. «Қандай элементтер тірі организмде кездеседі? 
Қауіпсіздік ережесі: 
1) Тапсырманы жоспар бойынша орында 
2) Заттарды ауызға апаруға немесе иіскеуге болмайды 
Бағалау парағы 
«5» балл 
1) Жұмысқа белсенді қатысу 
2) Өз білімдерін көрсету 
3) Шешім жасау 
«4»балл: 
1)жұмысқа қатысу 
2) білімін көрсету 
«3» балл : 
1)жұмысқа қатысу 
2) білімін көрсетпеу 
«2» балл: 
1) Жұмысқа қатыспау 
2) Білімін көрсетпеу 
Сұрақтарға жауап беріңдер 
1.Қандай химиялық элементтерді анықтадыңдар? 
• Оларға сипаттама беріңдер (периодтық кестедегі орны:топ№,период №... ) 
2.Бұл элементтер организмдерге қалай түседі? 
3.Тағы да қандай элементтер тірі организмдерде кездеседі? Олар не үшін қажет? 
Осы сұрағымыздың жауабы толық болу үшін презентацияны қарайық, оған кластер құрастырып шешім жасайық 
Компьютер қосылғанша дейін сергіту жасайық. 
Кластерлерімізді тақтаға іліп қорғайық. 
Қай топтың кластері түсінікті және қызықты болғанын бағалайық. Ол үшін алдарыңдағы үйректерді үнаған кластерге жабысту керек. 
Сұрақтарға жауап береміз: 
1) Макроэлементтер , микроэлементтер дегеніміз не? 
2) Организмге ең қажетті 3 элементті ата. Оларды «органогендер» дейді. Неге? 
3) Өсімдіктерге ең қажетті элементтерді ата. 
4) Жүрекке, ас қазанға қандай элементтер қажет? 
5) Йод - қандай қызмет атқарады? 
6) «Қауіпті топ мамандықтарын» ата. 
7) Слайдтарды қарап не түсіндің , қандай шешімге келдің? Жауабын топпен бірігіп қағазға бейнеле. 
Рефлексия: 
Үйге:тапсырма таңдау бойынша беріледі 
1. Бір химиялық элемент туралы мәлімет дайындау 
2. «Адам не жесе..... !» деген шығарма жазу 
Блеф-ойын «Сендер сенесіңдерме…» 
- эндемиялық зоб ауруы организмде йодтың жетіспеуінен пайда болады (бұл дұрыс айтылған сөз, өйткені бұл ауруға шалдықпас үшін йодталған тұзды асқа қолдану керек); 
-өткен ғасырдың басында су құбырларын қорғасыннан жасаған, ол күшті улы зат (бұл дұрыс айтылған сөз,қорғасын және оның қосылыстары өте күшті улы заттар, ертеде расында да су құбырларын қорғасыннан жасаған болатын кейін оны темірге ауыстырған. Санкт-Петербург қаласында ондай құбырлар 1950-ші жылдарға дейін болыпты. 
- мышьякті дәрігерлер адамның тәбетінің жақсартуы үшін қолданады (дұрыс айтылады, кейбір элементтер көп мөлшерде улы болып ,ал аз мөлшерінде өте пайдалы Мысалы мышьяк—күшті улы зат жүрек, бауыр , бүйрекке зиян келтіреді бірақ аз мөлшерде дәрігерлер оны табет жақсартуға қолданады.) 
- калий топырақта жетіспеген кезде фотосинтез үдерісі төмендейді (дұрыс емес); 
-адамның тыныс алуына қажетті оттегі улы әсер етуі мүмкін (дұрыс, оттегі жоғары концентрацияда және тығыздықтың әсерінен улы әсер тигізеді) 
- микроэлементтердің тамақта болмауы немесе олардың артық мөлшерде болуы тірі организмдерді ауруға немесе тіпті өлуіне әкеледі (дұрыс) 
4-тапсырма: «Білемін. Білгім келеді» кестесін толтыру . 
Бүгін мен білдім__________________________________________ 
_________________________________________________________. 
Ең қызықты болды__________________________________________ 
_________________________________________________________.Сабақта ең маңызды деп ойлаймын__________________________________ 
_________________________________________________________Маған ұнамады___________________________ 
__________________________________________________________Менің білгім келеді_____________________________________

Выбранный для просмотра документ Сабақ№25 8хим.docx

библиотека
материалов

Сынып: 8 Сабақ№25 Күні:
Тақырыбы: Химиялық элементтердің электртерістілігі. Атомдар арасындағы химиялық байланыстар табиғаттың бірлігі

Мақсаты: Саяхат сабағы арқылы, химиялық байланыс түрлері тақырыбын терең ұғындыру
Міндеті: 1. Өткен тақырыпты жаңа тақырыппен байланыстыра ұғына білу
2. саяхат кезінде алған жаңалықтарын пайдалана білу
Типі: жаңа сабақты меңгерту.
Түрі: саяхат сабағы
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Барысы
Біз саяхатымызды ауа шарымен шығамыз, шарға ір аялдама өткен сайын алған жағалықтарды жапсырып отыру.
І аялдама «Күн»
Үй тапсырмасын тексеру «сұрақ - жауап» арқылы тексеру
1. Электіртерістілік дегеніміз не?
2. Электіртерістілік топ, период бойынша қалай өзгереді?
3. Электіртерістілік ең жоғарғы элемент, ең төменгі элемент?
Период бойынша элементтің атом ядроларының зарядтары өскен сайын олардың сыртқы электрондық қабаттарын толтыру аяқтала бастайды. Осыған сай элементтердің бейметалдық қасиеттері күшейіп, олардың электртерістіліктері арта түседі. Бұдан электіртерістік элементтердің металдық және бейметалдық қасиеттерін көрсететін шама екенін байқаймыз. Элементтердің электіртерістігі туралы мәліметтер олар түзетін химиялық байланысты түзуге көмегін тигізеді.
Бүгінгі тақырыбымыз химиялық байланыстың негізгі түрлері. Осы тақырып бойынша табиғаттың негізгі құраушылары ауаға, табиғи су қорларына, өндіріске ауа шарымен саяхатқа шығамыз.
ІІ аялдамамыз – «Ауа кеңістігінен» бастаймыз, ол үшін ауаның құрамына тоқталамыз. Ауаның құрамындағы сутек, оттек, азот молекулалары өзара бірдей екі атомнан тұратын жай заттар H2 O2 N2 ковалентті полюссіз байланыс түзеді.
Электіртерістіктері бірдей сутектің 2 атомының әрекеттесіп молекулаға айналуын қарастырсақ. Сутек атомы оң зарядты ядродан және оны қоршаған шар пішінді электрон бұлтынан тұратындығы белгілі. Осындай екі атом әрекеттескенде, олардың электрон бұлттары жақындасып бірімен - бірі араласады.
1. Қай заттың болсын молекуласындағы атомдар белгілі – бір ретпен орналасады.
2. Молекуланың құрамындағы атомдар өзара тікелей не болмаса басқа атом арқылы қосылысса да біріне - бірі әсер етеді.
3. Заттың қасиеті молекуладағы атомдардың қосылу ретіне және олардың біріне - бірінің әсеріне, яғни химиялық құрылысына тәуелді.
4. Заттың химиялық қасиеттеріне сүйіне отырып, оның молекуласының құрылысын анықтауға болады.
Сонда жұптаспаған электрондар жұптасу үшін атомдар арасында химиялық байланыс түзіледі. Сыртқы валентілік электрондарын 8-ге толтыру үшін электіртерістілігі төмен элементтер беріп жіберсе, электіртерістігі жоғары элементтер қосып алуға бейім. Сондықтан арасында байланыс түзіледі.
Химиялық байланыстың 1916 жылы американ ғалымы ЛЬЮИС теориясын ұсынды.
Теорияда - 1. Атомдар молекула құрып біріккенде ортақ электрон қосағын түзу арқылы өздерінің сыртқы қабаттарын инертті газдардікіндей етуге тырысады.
Химиялық байланыс әсерлесуші атомдардың екеуіне де ортақ электрон жұбы арқылы жасалады. Бір электрон жұбын түзу үшін әр атом бір - бір электроннан жұмсайды.
Бір не болмаса бірнеше электрон жұптары арқылы түзілетін химиялық байланыс
коваленттік байланыс деп атайды.
ІІ аялдама «Табиғи су қорларына» саяхат. Бәріміз білеміз теңіз суларында тұз көп кездесетінін. Сол тұздардың арасындағы байланыс и о н д ы қ байланыс түзеді. Атомдар электрондарын беріп жіберу немесе қосып алу арқылы оң не теріс зарядталады. Мұндай зарядталған атомдар иондар деп аталады. Демек қарама - қарсы зарядталған иондар арасындағы байланысты иондық байланыс деп атайды. 1916 жылы неміс ғалымы Коссель ұсынды. Өзінің сыртқы валенттік электрондарына сай электрон бұлтын берген атомдар оң зарядты катиондарға, ал осы электрондарға сай бұлтты қосып алған атомдар терісзарядты анионындарға айналады. Түзілген иондар біріне - бірі Кулон заңы бойынша тартылып. иондық байланыс түзіледі.
ІІІ аялдама «Өндіріске» саяхат. Біз білеміз өндірісте әртүрлі заттар өндіреді соның ішінде қышқыл өндіретін зауытқа саяхатқа атанамыз. Жалпы алғанда әрекеттесуші атомдардың электіртерістіктерінің азғантай болса да айырмашылықтарына байланысты, көбіне молекулалар ковалентті поюсті байланыс түзеді. Коваленттік полюсті байланыс көбіне қышқылдарға тән.
ІҮ аялдама «Гүлдер»
Кесте толтыру
Жоғарыда берілген кестенің сәйкес бағанына мына заттарды толтырыңыз
NaI, ZnF2, N2, H2SO4, PH3, O2, HNO3, H2S, I2, KNO3, Br2,
Тест тапсырмалары
1. Электртерістік дегеніміз не?
А. атомның электрон беру қабілеті
Ә. қосылыстағы атомның электронды өзіне тарту қабілеті.
Б. атомның қосылыстағы белгілі валенттік көрсететін қасиеті.
2. Элементтердің электртерістілігі период бойынша қалай өзгереді?
А) солдан оңға қарай өседі
Б) алдымен өседі, сосын кемиді
С) артады
3. Элементтердің электртерістілігі топ бойынша қалай өзгереді?
А) артады
Б) алдымен өседі, сосын кемиді
С) кемиді
4. Иондық байланысы бар қосылыстардың қатарын көрсетіңіз
а) NaF CaF2 Na2SO4
б) N2 Na2S HF
с) K2SO4 O2
5. Полюссіз ковалентті байланысы бар қосылысты көрсетіңіз
а) Na2SO4
б) HF
с) O2

Жауаптары
1 2 3 4 5

Б А С А
Ү аялдама «Үй жағалауы»
Үйге тапсырма

Выбранный для просмотра документ Сабақ№27 8хим.docx

библиотека
материалов

Сынып:8 Сабақ27 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Иондық,металдық байланыстар.Заттардың аморфты және кристалдық күйлері

Сабақ мақсаты:
d) Оқушыларға иондық және металдық байланыс жайында түсінік қалыптастыру;
e) Оқушыларды ізденімпаздыққа, ойлауға, сауаттылыққа, тазалыққа, қауіпсіздікке, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу;
f) Оқушылардың ғылыми - материалистік көзқарасын дамыту.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілдер: қызығуды ояту сұрақтары, мағынаны тану сергіту ойындары, тестік тапсырмалар, есептер шығару, жаңа сабақты түсіндіру, кітаппен жұмыс, химиялық диктант, венн диаграммасы.
Көрнекілігі: периодтық кесте, есептер жинағы, үлестірме қағаздар.
Пән аралық байланыс: математика
Сабақ барысы:
6. Ұйымдастыру кезеңі;
7. Оқушыларды түгендеп, сынып тазалығына көңіл аудару;
8. Психологиялық жағдай туғызу;
9. Сұрақ - жауап жаттығу ойыны.
Үй тапсырмасын қайталау:
1 - кезең. «Қызығуды ояту»
1. Алғашқы периодтық жүйені кім, қай жылы ашты?
2. Периодтық жүйеде қанша топ бар?
3. Периодтық жүйеде қанша период бар?
4. Әр топ қандай топшаларға бөлінеді?
5. Периодтар нешеге бөлінеді және қалай?
6. Атом құрамы қандай?
7. Атом құрылысының ядролық моделін кім ұсынған?
8. Период нені көрсетеді?
9. Топ нені көрсетеді?
10. Нейтрон санын қалай анықтаймыз?
Жаңа сабақ.
Иондық байланыс кезінде атомдар электрондарын беріп жіберу немесе қосып алу арқылы оң не теріс зарядталады. Мұндай зарядталған атомдар - иондар деп аталады. Демек, қарама - қарсы зарядталған иондар арасындағы байланыс иондық байланыс деп аталады.
Өзінің сыртқы валенттілік электрондарына сай электрон бұлтын берген атомдар оң зарядты катиондарға, ал, осы электрондарға сай бұлтты қосып алған атомдар теріс зарядты аниондарға айналады.
Электрондарды беріп металлдарға, электрондарды қосып алу бейметалдарға тән қасиет.
Сонымен, қорыта келе электр терістіліктері алшақ орналасқан элементтердің арасында иондық байланыс түзіледі. Сергіту жаттығулары. Химиялық элементтер.
6 - кезең. «Иә - жоқ» ойыны
1. Оттегі күшті бейметалл? (Иә)
2. Фтордың электр терістілігі төртке тең? (Жоқ)
3. Қосымша топшаларда бейметаллдар орналасқан? (Жоқ)
4. Периодтық жүйені Эрнест Резерфорд ашты? (Жоқ)
5. Бір орбитальды спиндері қарама - қарсы екі электрон орналасады. (Иә)
6. Элемент протон саны электрон санынан артық? (Жоқ)
7. Ортақ электрон жұптары арқылы байланысқан химиялық байланыс иондық деп аталады? (Жоқ)
8. Ковалентті байланыс полюсті, полюссіз болып бөлінеді? (Иә)
7 - кезең. «Әркімнің өзі шығар биігі бар?» деңгейлік тапсырмалар.
1. Атомдық ядро заряды +28, +35 болатын элементтерді периодтық жүйедегi орнын тап.
2. Магний және күміс атомдарындағы электрондар таралуының электрондық және графикалық таралуын жаз.
Бағалау

Выбранный для просмотра документ Сабақ№29 8хим.docx

библиотека
материалов

Сынып:8 Сабақ №29 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Химиялық формула бойынша қосылыстағы элементтің массалық үлесін есептеу
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың «валенттілік» ұғымын тексеру және химиялық формула арқылы элементті қосылыстардың валенттілігін және валенттілік бойынша формула құру біліктігін, химиялық формула бойынша есептер шығаруға қалыптастыру.
Дамытушылық: Элементтердің таңбаларын, валенттілікті қолданып, химиялық формула жазу және есептер шығару дағдысын дамыту, логикалық есептер шығаруға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өзгені тыңдап, өз ойын еркін айтуға, өзара көмегін қалыптастыра отырып өз біліміне ғана емес, өзге оқушының да біліміне жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру, өзін - өзі басқаруға тәрбиелеу.
Түрі: саяхат сабақ
Әдісі: деңгейлік тапсырмалар,
Типі: бекіту сабағы
Пәнаралық байланысы: биология, медицина.
Көрнекілігі: слайдтар жинағы, периодтық кесте, дидактикалық үлестірмелер, жетондар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру, топқа бөлу, саяхат сабақтың жоспарымен таныстыру.
ІІ. Саяхаттың барысы:
І. Саяхатқа шығуға дайындық (оқушыларға саяхатқа шығу үшін бойынша әр қатарға 10 сұрақ беріледі).
1 топқа:
1. Химия пәні нені зерттейді? (заттардың қасиеттерін, басқа заттарға айналып түрленуін қарастырады.)
2. Заттар дегеніміз не? (заттар - денелерді құраушылар.)
3. Физикалық құбылыс дегеніміз не? (дене ретіндегі агрегаттық күйі ғана өзгеріске ұшырап, зат ретіндегі табиғаты өзгеріссіз қалады)
4. Химиялық реакция дегеніміз не? (бастапқы алынған заттың құрамы өзгеріп, жаңа заттар түзілуі.)
5. Молекула дегеніміз не? (молекула - заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі)
6. Күрделі заттар дегеніміз не? (екі немесе одан да көп атом түрлері болатын заттар күрделі заттар деп аталады).
7. Химиялық қосылыс дегеніміз не? (жай және күрделі заттар - химиялық қосылыс деп аталады).
2 - топқа:
1. Химияның басты міндеттері? (заттардың қасиетін зерттеу, адам игіліне жұмсау, ауыл шаруашылығында, өнеркәсіптерде қолдану мүмкіндігін анықтау).
2. Құрамына кіретін заттардың бөлшектері микроскоп арқылы да көрінбейтін қоспа қалай аталады? (Біртекті)
3. Заттардың агрегаттық күйлері? (Сұйық, газ, қатты)
4. Қоспалар дегеніміз не? (қоспа екі немесе одан да көп заттардан тұрады).
5. Химиялық реакцияның белгілері? (тұнбаның түзілуі, еруі, газдың бөлінуі, жарық, жылу бөлінуі, иістің шығуы, түсінің өзгеруі).
6. Жай заттар дегеніміз не? (Заттың құрамына бір ғана атом түрі кіреді).
7. Химиялық элемент дегеніміз не? (заттың құрам бөлігі, жекелеген атомның бір түрі).
ІІІ. "Формулалар". Деңгейлік тапсырмалар.
А деңгейі: 1 баллдық.
1) Валенттіліктеріне байланысты әр қатардағы бір «артық» элементті көрсетіңдер:
K, Na, Mg, H, Li
Ca, O, Ba, Al, Zn
Cu, O, C, Fe, P
2) Қателерді түзе:
Mg2S2 __ Mg2S ------ Na2S ____------------ NaO _Na2O _
AlO3 __ Al2O3_ -------- PH2 __ PH3__------ Fe2O __ Fe2O3
1) Күрделі зат Mn2O7 молекуласындағы элементтердің массалық үлестерін тап. Ж: Mn - 49, 5%, О - 50, 4%.
2) «Калий - марганец - о - төрт» - қосылысының формуласын жазып, салыстырмалы молекулалық массасын тап. Ж: 158
3) Күкірт қышқылының формуласына H2SO4 сай элементтердің массалық қатынастарын есептеп шығарыңдар. Ж: 1: 16: 32
3 балдық: Химиялық қосылыстардың формуласын анықтау:
1. Қарапайым теңіз жануары теңіз атының қаңқа сүйегі құрамында 47, 83% - стронций, 34, 78% оттек, 17, 39% күкірт болса, молекулалық формуласы қандай? Ж: 1: 4: 1
2. Сізді құмырсқа шаққанда шаққан жеріңіз құмырсқадан бөлінетін қышқылдың әсерінен ашиды. Ол қышқылдың құрамында: 26, 09% - көміртегі, 4, 35% - сутегі, 96, 50% - оттегі бар болса, қышқылдың формуласы қандай?
1: 2: 3
3. "Барий ботқасы" деп аталатын асқазанды рентген арқылы тексеруде жегізетін препараттың құрамында 58, 80% барий, 13, 73% - күкірт, 27, 47% - оттегі болатыны белгілі болса, формуласы қандай? Ж: 1: 1: 4
ІV. "Шыңды бағындыр".
Мәтін - 1.
Ас тұзы NaCl адам және жануар ағзасындағы негізгі құрам бөлігі. Ересек адамның денесінде 200г. NaCl тұз болады, оның 45г қанда ериді. Тұз ағза мен ұлпаны құрайтын жасуша қызметін қалыптандырады. Адам тәулігіне 5 - 6 грамдай ас тұзын пайдаланса, жеткілікті. Тұз жетіспесе немесе күнделікті мөлшерден артып кетсе ағзаға зиянын тигізеді. артериалдық қысымның көтерілуіне әкеледі.
№1. Тұздың салыстырмалы молекулалық массасын есепте. Ж: 58, 5
№2. Тұздың қандағы массалық үлесін есепте. Ж: 22, 5%
№3. 5г NaCl тұзбен бірге ағзаға түскендегі натрийдің массасын есепте.
Ж: 1, 9г
Мәтін - 2.
Су дене температурасын тұрақтандырады, азық, қалдық, оттегіні тасымалдайды, бүйрек және бауырдағы қалдықтарды (шлак) тазалайды.
Денеде болатын күніне 2 - 4 литр су шығынының орнын қайта толтырып отыру қажет. Адам ағзасында орташа есеппен алғанда 15 - 20% – нәруыз, 0, 6% – көмірсу, 19% – май, 5, 8% – минералды тұз және 60% су болатыны есептелген.
Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Денеде 20 пайыз су жетіспеушілігінің болуы өте қауіпті және ол өлімге дейін жетелейді.
№1. Судың салыстырмалы молекулалық массасын есепте. Ж: 18
№2. Құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есепте. Ж: 11, 1%, 88, 8%
№3.. Ересек адамның 70кг салмағында 60% су болса, судың массасы қандай болады? Ж: 42л
V. Қорытынды.
1. Бағалау.
2. Бүгінгі сабақта не білдіңдер?
3. Не қиын болды?
4. Не қызық болды?
VІ. Үй жағалауы. Үй тапсырмасы.

Выбранный для просмотра документ Сабақ№3 8хим.docx

библиотека
материалов

Сынып:8 Сабақ№3 Күні:

Тақырыбы: Таза заттар және қоспалар.Заттарды тазарту әдістері.

Сабақтың мақсаты: Таза және қоспа заттар туралы оқушы білімін жетілдіру, өз ойларын ортаға салу.

Оқушының белсенді ақыл – ой ізденістерін ынталандырып, ойлау қабілетерін дамытуТабиғат – Ананы қорғауға, қастерлеуге тәрбиелеу арқылы дүниетанымдық қабілетін арттыру.

Сабақтың типі:  жаңа білім қалыптастыру.

Сабақтың түрі:  сарамандық

Сабақтың әдісі:  баяндау, тәжірибе.

Көрнекілігі:  суреттер, сызбалар, кеспе қағаздар, тест ,көңіл күй картасы, венн диаграммасы, химимялық приборлар.

Пәнаралық байланысы:  химия, бейнелеу, география.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Тест, сыр сандықта жасырылған кеспе қағаздар арқылы. 

  1. Диффузия дегеніміз не?

  2. Қандай тәжірибе арқылы көрсете аламыз ?

  3. Диффузияның ауада таралуын тәжірибе арқылы көрсет ?

  4. Сұиықтағы диффузия құбылысына мысал келтір ?

  5. Жылыудың әсерінен заттың несі өзгереді оны қалай байқаймыз мысал келтір ?

1. Қайсысы физикалық дене?

а/ кесе, қарындаш, машина.   ә/ әйнек, ағаш, кесе, қарындаш.  б/ шыны, фарфор, ағаш.

2. Қайсысы затқа жатады?

а/ шыны, фарфор, ағаш.        ә/ кесе, қарындаш, машина.          б/ әйнек, ағаш, машина.

3. Заттар қанша түрлі күйде кездеседі?            а/ 5.      ә/ 3.         б/ 2.

4. Затты құрайтын бөлшектер?      а/ су.        ә/ молекула мен атом.              б/ газ, су.

5. Молекулалар мен атомдардың өзара араласу құбылысы?

а/ диффузия құбылысы.    ә/ байланыс құбылысы.       б/ агрегаттық құбылыс.

6. Судың формуласы?             а/ CO  .     ә/ H  SO.       б/ H  O.

7. Масаның өлшем бірлігі?        а/ кг, гр.          ә/ шқ, кг.              б/ см, гр.

Жаңа сабақты бастамас бұрын көңіл күй картасын таратамыз.

Жаңа сабақ тәжірибе арқылы ашылады. Мысалы таза суға иод тамызсақ не байқаймыз? Таза зат пен қоспаның әрекеттесуін байқадық. Табиғатта заттар таза және қоспа күйінде  кездеседі екен.

Таза зат табиғатта өте сирек кездеседі. Мысалы: көмір, алмаз, қант .табиғатта

таза күйінде алынады және сол күйінде пайдаланамыз. Таза заттар бір ғана заттың

бөлшектерінен тұрады.

Қоспа біздің айналамыздағы заттардың негізі қоспа күйінде кездеседі. Мысалы:

сүт: май, белок, көмірсу дан тұрады.

ауа: азот, оттегі, көмірқышқыл газы.

майонез: май, уксус, сарыуыз.

сусындар көпіргіш: көмірқышқыл газы, тәтті дәмдеуіштен.

Қоспалар әр түрлі заттардың жиынтығы. Олар сұйық, газ, қаттытәрізді деп бөлінеді.

Мысалы:  теңіз суы – тұздың (қатты зат) және судың (сұйық зат) қоспасы. Қоспа екі немесе одан да көп заттардан тұрады. Бірақ әр бір зат өз қасиетін сақтайды. Оларды құрама заттардан айырып алуға болады.

Тәжірибе арқылы баяндау.

1.   Темір мен бордың ұнтағын араластырсақ бордан күңгірттеу, темірден ақшылдау түс пайда                   болады. Оларды ажыратуға бола ма?   Оларды магнит арқылы ажыратуға болады.

2.  Егерде оларды ыдыстағы суға салсақ темір ыдыс түбінде қалады, ал бор су бетіне қалқып шығады.

3.  Лимон қышқылы мен судың қоспасын ажыратайық. Егер шырынды қайнатсақ одан су буланып, лимон қышқылы кристалдары тұнба күйінде шөгіп қалады.

Міне заттарды бір – бірінен бөлуге болатынына көз жеткіздік. Оларды тұндыру, сүзу, магнит пен тарту, булау арқылы ажыратамыз.

Ой қозғау сәті. Әр оқушы жаңа тақырып бойынша жадында қалған мәліметтерді айтады.

Топпен жұмыс. Тәжірибе жасау екі топқа тапсырма беріледі.

1 су мен құмды әрекеттестіру және бөлу.

2 сүт пен нан қиқымын әрекеттестіру және бөлу.

Ой бекіту сәті.       Рөлдік ойын мұғалім оқушы, оқушы мұғалім рөлін атқарады.

Қорытынды.           Венн  диаграммасы.

Таза затпен қоспаның айырмасы және ортақ белгісі             

Ой түйіндеу сәті. Бағалау. Көңіл күй карталары арқылы бағаланады.

көңіл күйің

түс

сабақ басы

сабақ соңы

 

 

өзіңді бағала

Көтеріңкі

Қуанышты

Жағымды

Көңілсіз

Жабырқау

қызыл

сары

жасыл

көк

қар

 

 

 

Үйге тапсырма: қоспа және таза заттарға мысалдар келтіру



Выбранный для просмотра документ Сабақ№348хим.docx

библиотека
материалов

Сынып:8 Сабақ№34 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Оттектің қасиеттері,алынуы және қолданылуы Сабақтың мақсаты: Оттектің қасиеттері мен алыну жолдары туралы білу
Сабақтың міндеттері:
1. Оттектің физикалық қасиеттерін білу
2. Фотосинтез процесінің нәтижесі
3. Өнеркәсіпте, лабораторияда алынуы
4. Катализатор ұғымын енгізу
5. Оттек – тіршілік көзі
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың әдісі: Блум технологиясы
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тәжірибе, есептер шығару
Сабақтың барысы:
І. Танып білу кезеңі
Ұйымдастыр бөлімі
1. Балаларды сабаққа бейімдеу
2. Оқу кұралдарын түгендеп тексеру
3. Үй тапсырмасын тексеру
(Интерактивті тақтадан химиялық диктант арқылы үй тапсырмасын тексеру) Оқушылар бірін - бірі тексеріп, бағалау критериі арқылы өздерін бағалайды.
Соңғы сұраққа оқушылар «оттек» деп 3 тілде жауап береді. Тақтаға оттек элементі шығады.
Мұғалім: Оттегінің иісі де, дәмі де жоқ,
Болмаса ол, Жер бетінде өмірде жоқ.
Ақыры жанған отың тұтанбайды,
Қалады қарауытып, көмір боп шоқ, - деп оттекке сипаттама бере отырып, бүгінгі жаңа сабақ «Оттектің физикалық қасиеттері мен алынуы» атты жаңа сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Түсіну кезеңі
Физикалық қасиеттері.
Алғаш рет оттекті швед ғалымы К. Шееле мен ағылшын ғалымы Дж. Пристли(1774ж ) оттекті бос күйінде алып, ауаның құрамдас бөлігі екенін дәлелдеді. Қалыпты жағдайда 1атм қысымда =101, 325кПа, оның 1литрінің массасы 1, 43г, ал ауанікі - 1, 29г тартады. Оттегі ( О2 ) дәмсіз және иіссіз, түссіз газ. Оттегі суда аз ериді. Озон (О3)- көгілдір түсті газ. - 183 C - та О2 көгілдір түсті сұйықтыққа айналады. - 218С - та қатады.
Алынуы. Табиғатта күн сәулесі әсерінен жүретін әйгілі фотосинтез нәтижесінде жасыл өсімдіктер оттекті бөліп шығарады.
Өнеркәсіпте Оттегін өнеркәсіпте ауаны қысып сұйылтады да, азот пен оттегінің қайнау температураларының айырмашылығына қарай буландырып бөліп алады. Осылайша алынған оттегі көгілдір түсті баллондарда сақталады, себебі сұйық оттегі ашық - көгілдір түсті болады. Ал зертханалық алу әдістері кейбір оттегіге бай күрделі қосылыстарды айыруға негізделген (8 - сурет).
Зертханада
1. Тұрмыста жиі қолданылатын «марганцовканы» айыру. Ол үшін құрғақ сынауыққа аздаған түйірлерін салып, оның аузын газ шығатын түтігі бар тығынмен жауып қыздырамыз. Сонда мына реакция жүреді:
2КМnO4→К2МnО4+MnO2 +O2↑
2. Бертолле тұзы деп аталатын калий хлоратының КСІО3 ақ ұнтағын сынауыққа салып, реакцияның жүруін тездету үшін марганец(ІV) оксидінің қара түсті ұнтағын өршіткі (катализатор) ретінде пайдалана отырыпқыздырса, оттек газы бөліне бастайды. КСІО3калий хлоратынан оттек толығымен бөлінген кезде, калий хлоридінің ақ ұнтағы мен қара түсті марганец оксидінің қоспасы қалады. Қоспаны суда ерітіп түзілген калий хлоридін сүзіп, бөліп алғанда сүзгі қағаздағы қара ұнтақтың қасиеті де массасы да өзгермейді. Оны қайтадан өршіткі ретінде пайдалануға болады. Калий хлоридінің айырылу реакциясы:
2КСІО3 →2КСІ+3О2↑
3. 15 - суреттегі көрсетілгендей қондырғы құрастырып, сынауықтың 3 бөлігіне сары түсті сынап (ІІ) оксидінің ұнтағын салып, аузын газ өткізетін түтігі бар тығынмен жауып, қатты қыздырады. Нәтижесінде оттек газы бөлініп шығады. Оны шыра көмегімен анықтайды. Ал сынауықтың түбінде ақшыл, жылтыр сынап тамшылары пайда болады. Реакция теңдеуі:
2НgO→2Hg+O2↑
Зертханада оттек газын газөлшегіш (газометр) деп аталатын қалың қабырғалы шыны ыдысқа толтырып сақтайды.
ІІІ. Талдау кезеңі
Химиялық реакцияның жылдамдығын тездететін, бірақ реакция соңында жұмсалмай қалатын зат өршіткі (катализатор) деп аталады.
Керісінше реакция жылдамдығын баяулататын зат ингибитор (басытқы) деп аталады.
Фотосинтез процесін ашқан 1630жылы орыс ғалымы К. А. Тимириязев.
ІV. Қолдану кезеңі
1. Калий перманганаты КМnO4 құрамындағы оттектің массалық үлесін % табыңдар.
Жауабы: 0, 405 (40, 5%)
2. 16 грамм оттек алу үшін қажетті калий перманганатының зат мөлшерін және массасын табыңдар.
Жауабы: 158г:, 1 моль КМnO4
V. Жинақтау кезеңі
Оттек – иіссіз, түссіз, ауадан сәл ауыр газ. Суда нашар ериді. Өнеркәсіпте оттекті атмосферадағы ауаны сұйылтып бөу арқылы, ал зертханада қыздырғанда тез айырылатын, құрамында оттек мол күрделі заттардан алады. Зертханада газ күйіндегі оттекті газөлшегіш құралдарда сақтайды. Республикамыздың ірі қалаларында арнайы цехтарда ауаны сұйылту әдісімен оттек алады. Интерактивті тақтада дьюар ыдысы тұрады. Оқушылар сол ыдысқа оттекке тән сипаттамаларды салады
VI. Бағалау
Сабаққа қатаысқан барлық оқушылар түрлі – түсті фигуралар арқылы бағаланады.
Үйге тапсырма §22 мазмұндау
«Оттек – тіршілік көзі» тақырыбына шығармашылық жұмыс, № 9, 10 есептер шығару
Қорытынды
Сурет бойынша оқушылардың ойы

Выбранный для просмотра документ Сабақ№378хим.docx

библиотека
материалов

Сынып:8 Сабақ№37 Күні:

Тақырыбы Атмосфералық ауа-газдар қоспасы,ауаны ластанудан қорғау,заттардың ауада жануы.Оттек және ауа бойынша газдардың салыстырмалы тығыздықтарын есептеу

С:абақтың мақсаты: Оқушы ауаның құрамы әртүрлі газдар қоспасынан тұратынын және ластанудан қорғау қажеттігін түсінеді.
Міндеті:
А) Ауаның құрамын анықтауға жүргізілген тәжірибемен танысады.
Б) Қоршаған ортаны, ауаны ластанудан сақтау, қазіргі кездегі экологиялық проблемалық тұрғысында ой қозғайды және қоршаған орта мен адам арасындағы байланысты,оны қорғау маңыздылын сезінеді.
В) Оқушылар қойылған сауалдарға жауап береді, туындаған мәселелер төңірегінде ой бөліседі
Сабақ түрі: жаңа оқу материалын оқып, үйрену сабағы
Әдісі: СТО әдістері (ортада қаламсап, эссе жазу, РАФТ)
Бағалау: теориялық білімін көрсетеді, қолдана алу және өз ойын жеткізе алу мүмкіндігіне қарай.
Сабақ құрылымы
І. Ұйымдастыру бөлімі. Сынып үш топқа бөлінеді.
ІІ. Өтілген тақырыптарға шолу сұрақтары:
• Оттегі табиғатта қалай таралған?
• Оттегінің физикалық қасиеттері
• Оттегін алу
• Оттегінің химиялық қасиеттері
• Оттегі қайда қолданылады?
• Жану реакциялары дегеніміз не?
• Оксидтер дегеніміз не?
• Озонның қасиеттері
• Аллотропия дегеніміз не?
• Озон қалай түзіледі?
• Озон қабатының маңызы қандай?
ІІ. Мағынаны тану (слайд арқылы түсінік беру) Мұғалім сөзі
Атақты орыс дәрігері Ф.Ф. Эрисман «Таза ауа - адамның бірден бір санитарлық және эстетикалық қажеттілігін құрайды» деді. Ежелгі грек философы Анаксимен (б.э.д. 560-450 ) алғаш рет ауаның денелер түзетін негізгі элемент екенін айтса, Аристотель (б.э.д. 384-322 ) ауаның екі қасиеттің : ылғал мен жылу көзі болып табылатынын 4 заттың бастауы екенін айтқан болатын. Ауаның құрамына алғаш тәжірибе жасаған француз ғалым А. Лавуазье . Ауаның құрамы:
Құрамды бөліктері
Газдар құрамы
Көлем бойынша Масса бойынша
Азот
Оттегі
Инертті газдар
Көміртек ()оксиді
(көмірқышқыл газы)
38,08
20,95
0,94
0,03
75,50
23,10
1,30
0,046
2) Тәжірибе жасау
Ауаның сапалық құрамын анықтау үшін мынадай тәжірибе жасайық. Кристалдандырғышқа су құйып алып, судың бетінде қалқып жүретін пенопластка жіңішке шырақ (парафиннен жасалған) орнатып, оны жағып суға саламыз да, шырақты сыртында 5 бөлікке бөлінген белгісі бар, цилиндрмен жабамыз. Біраздан кейін су цилиндр бойымен оның көлемінің 1/5 бөлігіне көтерілгенін байқаймыз. Бұдан шығатын қорытынды - ауаның көлемі бойынша 20%-ы оттегі, ол шырақтың жануына жұмсалды (13- сурет).
Мұғалім сөзі:
Жердің ауа қабаты-атмосфера деп аталады. Атмосфера -қажетті табиғи қор.Ал атмосфераны ластайтын заттар өте көп.Әртүрлі өндірістік қондырғылар мен қозғағыштардың шектен тыс жұмыс істеуі,,көліктерден шыққан түтіндер атмосфераның ластануына әкеп соғады,сөйтіп тірі ағзалардың тіршілігіне қауіп тудырады. Өйткені ауа уланып бұзылады.Міне, сондықтан қазіргі уақытта ауаны таза ұстау.ластаудан сақтау және космостық радиация тозаңдарынан қорғау мәселелеріне ерекше мән берілуі орынды.
Адам денсаулығы - қоғамдық құндылық, бірақ адамның іс әрекеті адамзат тіршілік ортасының нашарлауына әкеліп, қазіргі кездің келелі мәселесіне айналып отыр. Енлеше, қоршаған ортаның ластануы, оны қорғау мәселелері жөнінде сабағымыздың келесі бөлімінде сөз қозғаймыз.
 
ІІІ. . « Өзім үшін жаздым,» «Ортада қаламсап » стратегиялары бойынша әр топ жұмыстанады.
« Ауаның ластануы және экологиялық проблемалар» тақырыбында оқушылар өздері дайындаған деректері мен мәліметтерін ортаға салып әңгімелейді. (әр топ өз мәліметтерін презентация арқылы баяндайды)
Ой толғаныс кезеңі
«Эссе жазу» стратегиясы
 
«Ауа - өмір өзегі» тақырыбында оқушылар эссе жазады, оқиды.
«Егер де мен...» (әкім, ғалым, оқушы ) «РАФТ» стратегиясы қолданылады. Тақырып: «Ауа тазалығын сақтауда және экологиялық проблемаларды шешуде қандай шаралар жүргізер едіңіз?»
Жаттығу жұмысы
І топ: Есеп. NO2 ауа бойынша салыстырмалы тығыздығын есепте.
ІІ топ: Есеп. Массасы 20 г сутек газының стандартты жағдайдағы көлемін есепте.
ІІІ топ:Есеп. KMnО4 құрамынан оттегінің массалық үлесін есепте.
Сабақты қорытындылау.
Кестені толтыру
Нені білдім
Не білгім келеді
Үйге тапсырма: & 26 оқу. «Ауа - тіршілік көзі » мәнжазба дайындау
Бағалау

Выбранный для просмотра документ Сабақ№388хим.doc

библиотека
материалов

Сынып:8 Сабақ№38 Күні: Тақырыбы: Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар.реакциялардың жылу эффектісі, термохимиялық теңдеулер.Экзотермиялық,эндотермиялық реакцияларға есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Эндотермиялық, экзотермиялық реакциялар, жылу эффектісі ұғымдарын түсіндіру. Термохимиялық теңдеу туралы мағлұмат беріп, ол бойынша есеп шығаруға дағдыландыру.
Дамытушылық:Термохимиялық теңдеулерді құрастыру білігін қалыптастыру.
Термохимиялық теңдеулер бойынша есептер шығару дағдысын, ойлау қабілетін,
белсенділіктерін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: ұжымшылдыққа, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, өз бетінше еңбектенуге, қауіпсіздік техникасы ережесін сақтауға байланысты іс-шараларды қолдана білуге тәрбиелеу..
 
Тірек білім мен біліктер. Химиялық реакция, химиялық реакцияның жүруіндегі сыртқы белгілер,зат массасының сақталу заңы, химиялық теңдеулер, энергияның сақталуы және жылу процестері жөніндегі ұғымдар, теңдеуді құрастыру, теңестіру, жылу эффектісі бойынша есептер шығару.
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
 
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары, сұрақ –жауап, Л.Шаталовтың тірек сызбалары
Көрнекілігі: тірек сызбалар, үллестірме деңгейлік тапсырмалар, интерактивті тақта мүмкіншілігі, слайдтар, видеофильмдер.
Сабақтың барысы:
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі: /амандасу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару./
ІІ. «Психологиялық дайындық» /сергіту сәті, топқа бөлу/
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Миға шабуыл»/ деңгейлік тапсырмалар тарату, өткен тақырыптарды еске түсіру сұрақтары арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу /
ІҮ.Жаңа сабақ түсіндіру
 
«Мағынаны тану» / тірек сызба, баяндау, мысалдар келтіру, сұрақ жауаптар, салыстыру/
Ү. Бекіту
 
1.«Ой түю» /жаңа сабақты қаншалықты меңгергендігін сұрақтар арқылы тексеру/
2.«Білімді тиянақтау» /жаңа сабақтағы ұғымдарды пайдалана отырып есептер шығару/
ҮІ.Үйге тапсырма.
ҮІІ. Сабақты бағалау. Бағалау парақтары бойынша.
Қорытынды: РЕФЛЕКСИЯ / оқушы өз ойларын , сабақтан алған әсерлерін жеткізу/
І. Ұйымдастыру кезеңі: /амандасу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару./
ІІ. «Психологиялық дайындық» /сергіту сәті, топқа бөлу/
 
1,2,3 деп санап топқа бөлеміз, 1,2,3 сандары топтың санын көрсетеді және бір сандары бірінші топқа, 2-сандары 2-ші топқа, 3-сандары 3-ші топқа жинақталып жаңа топ құрайды. Әрі қарай бір-біріне жымиып күліп сәттілік тілейді. Күн сәулесіне қарап түрлі түсті қағаздарды таңдау арқылы өздерінің көңіл күйін анықтау және сонымен бірге күн сәулесі сыйға тарт қан сыйлығықтарын алу тапсырылады.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Миға шабуыл»/ деңгейлік тапсырмалар тарату, өткен тақырыптарды еске түсіру сұрақтары арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу /

Деңгейлік тапсырмалар:
1-топ
 
1-деңгей
1. Ауаның құрамын кімдер және қашан зерттей бартады?
2-деңгей
2. P2O5, Fe2O3, NO оксидтерін жану реакциясының көмегімен алыну теңдеуін құрыңдар, оксидтерді екі тәсілмен атаңдар. Әр оксидте оттек неше пайыз болатынын есептеңдер.
3-деңгей
3. «Ауа тазалығын сақтайық» эссе құрастыру
2-топ
1-деңгей
1.Қалпақ астындағы фосфорды жағу тәжірибесінен қандай қорытынды шығаруға болады.
2-деңгей
2.Мыс оттекпен әрекеттескенде 1,6 г мыс оксид түзілген болса оттектің қанша зат мөлшері,массасы жұмсалған .
3-деңгей
3. «Ауа -тіршілік тірегі» эссе құрастыру
«Химиялық реакцияның жылу эффуктісі»/оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жазады/
ІҮ.Жаңа сабақ түсіндіру
 
«Мағынаны тану» / тірек сызба, баяндау, мысалдар келтіру, сұрақ, жауаптар, салыстыру/
- Оқушыларды жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.
- Жаңа білімді меңгерту.
Химиялық реакциялар , әдетте, жылу түрінде энергия бөле немесе сіңіре жүреді.
Жылу бөле жүретін реакция – экзотермиялық реакция деп аталады.
«Экзо» гректің «сыртқа» деген сөзі. Егер химиялық реакция энергия бөле жүретін болса сол бөлінген энергияны тиімді пайдалануға болады. Айталық отынның жану кезінде бөлінген энергияны үйді жылытуға пайдаланады, ғарыштық ракетаның жану камерасындағы отыннан бөлінген жылу сол ракетаның жұмысына жұмсалады,тұрмыста бөлмені әктеу жұмыстарында сөндірілмеген әкті суға салып араластырғанда, өздігінен реакция жүріп, ыдыстың сыртын ұстағанда жылу бөлінгендігін байқауға болады. Күнделікті т.б.
экзотермиялық реакция ұғымы жөнінде түсінік береді, яғни жылу түрінде энергия бөле жүретін химиялық реакцияларды-экзотермиялық реакция дейміз
Жылу сіңіре жүретін реакция – эндотермиялық реакция деп аталады.
«Эндо» гректің «ішке» деген сөзі. судың электр тоғымен айырылуын көрсетіп, реакцияның жылуды сіңіре жүретініне де оқушы назарын аударады. Мысалы күнделікті тұрмыста тамак пісіру, суды қайнату осы үдеріске жатады. Оттекті зертханада алу үшін қарастырылған оттегін алу реакцияларында бастапқы заттар (КМnO4, КClO3) қыздыруды қажет етеді.Демек энергия жұмсалады, жылу сіңіріледі. Бұл эндотермиялық реакцияларға жатады.
Эндотермиялық, экзотермиялық реакцияларға мультимедиялық химиялық тәжірибелерден видеофильмдер көрсетіледі.
Видео№1 «Натрийдің сумен әрекеттесуі»
Виео №2 « Нитраттардың айырылу реакциясы»
Қорыта айтқанда, бұл тәжірибелер көмегімен экзотермиялық,эндотермиялық реакциялар ұғымын қалыптастырады, яғни энергия сіңіре жүретін реакцияны эндотермиялық реакция,жылу бөле жүретін реакцияны экзотермиялық дейміз. Бұндай реакциялардың жүруіне қажетті ең басты жағдай-энергия. Сондықтан энергия көзінің болуын қамтамасыз ету керек.Әрі қарай оқушыларға слайд түрінде көрсетіліп, тірек сызбаны
 
дәптерлеріне түсіреді
Жылу мөлшері джоуль (Дж) немесе килоджоуль (кДж) арқылы белгіленіп,калориметрмен өлшенеді. Реакция кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылуды Q (ку) әрпімен белгілейді. Экзотермиялық, эндотермиялық реакциялар түрін өзара салыстыра отырып, жылу эффектісі жөнінде түсінік беріледі. Демек, химиялық реакция көзіндегі бөлінетін не сіңірілетін жылу мөлшерін-жылу эффектісі дейміз.
 
Химиялық реакциялар кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшері реакцияның жылу эффекті деп аталады.
Бөлінетін жылу мөлшері арқылы отынның сапасын анықтауға болады. Химиялық реакцияның жылу эффектінің шамасы бірнеше факторларға тәуелді:
- әрекеттесуші заттардың табиғатына;
- температураға;
- реагенттердің мөлшеріне;
- реагенттер мен алынатын өнімнің агрегаттық күйіне тәуелді болады./мысалдар арқылы түсіндіріледі/ Термохимиялық теңдеулер бойынша өндіріске қажетті жылу немесе бөлінетін жылудың шамасын анықтап, олардың мәндері бойынша реакциялардың жүрісін басқаруға болады.
Жылу эффектісі әрекеттесуші заттар мен өнімдердің агрегаттық күйіне байланысты, сондықтан термохимиялық теңдеулерде заттардың күйлері көрсетіледі. Мысалы, 1 моль су буы мен сұйық су түзілген кезде бөлінетін жылу шамасы әр түрлі:
Стандартты жағдайда (t=25°С, 101,3 кПа) жылу мөлшерлері әр түрлі болады
екен. Зат массасының сақталу заңы сияқты энергия сақталу заңы да болады. Зат молекуласы түзілгенде қанша энергия бөлінсе, оны айыру үшін сонша жылу сіңіріледі:
2Н2+О2 = 2H2O/г/ - 467,6 Кдж
2Н2+О2 = 2H2O /с/ - 571,6 Кдж
Олай болса химиялық теңдеулер арқылы бөлінген не сіңірілген жылу мөлшерін есептеуге болады. Осындай тірек білімге сүйене отырып, төмендегі мысал арқылы термохимиялық теңдеулер жөнінде ұғым қалыптастырылады. 1 г көмірді жаққанда 34,17 кДж жылу бөлінеді. Ал 1 моль немесе 12 г көміртегін жаққанда 410 кДж бөлінеді.
 
Енді осы шама химиялық реакцияның оң жағына қосу (+) белгісі арқылы жазылады.
 
Мысалы: С + О2 = СО2 + 402,24кДж
Сонымен егер теңдеудің оң жағында қосу белгісі арқылы жылу мөлшері көрсетілген болса, ол экзотермиялық реакция екендігін көрсетеді. Ал егер реакция жылуды сіңіре жүрсе, онда химиялық теңдеудің оң жағына сіңірілген жылу мөлшері алу (-) белгісі арқылы көрсетіледі. Мысалы: 2H2O = 2H2 + O2 - 571 кДж
Реакцияның жылу эффекті көрсетілген химиялық реакциялар – термохимиялық теңдеулер
 
деп аталады.
Ү. Бекіту
 
1.«Ой түю» /жаңа сабақты қаншалықты меңгергендігін сұрақтар арқылы тексеру/
2.«Білімді тиянақтау» /жаңа сабақтағы ұғымдарды пайдалана отырып есептер шығару/
/Оқушы білімін бекіту мақсатымен төмендегідей сұрақтар қойылады
Үйге тапсырма беру: §27.73,74 бет,5-7 есеп. 1-4,8-10 сұрақтар.
 
ҮІІ. Сабақты бағалау.
Бағалау парақтары бойынша.












Сабақтың өзіндік талдауы


Сабақтың тақырыбы:
Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар.реакциялардың жылу эффектісі, термохимиялық теңдеулер.Экзотермиялық,эндотермиялық реакцияларға есептер шығару
Оқыту мақсаты: Реакцияның жылу эффектісімен оқушыларды таныстыру, экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар жайлы ұғымды қалыптастыру,
жаңа ұғым термохимиялық теңдеу туралы мағлұмат беріп, ол бойынша есеп шығаруға дағдыландыру. Осы мақсат сабақтың үш типті мақсатында толық ашылып көрсетілді және олардың арасындағы байланыс болуы қадағаланып, жүзеге асырылып отырды. Төмендегідей тірек білім мен біліктер қолданылды.Тірек білім мен біліктер. Химиялық реакция, химиялық реакцияның жүруіндегі сыртқы белгілер,зат массасының сақталу заңы, химиялық теңдеулер, энергияның сақталуы және жылу процестері жөніндегі ұғымдар, теңдеуді құрастыру, теңестіру, жылу эффектісі бойынша есептер шығару.
«Мағынаны тану» / тірек сызба, баяндау, мысалдар келтіру, сұрақ жауаптар, салыстыру/
Салыстыру, саралау, ой салатын сұрақтар арқылы, видео материалдардан көргендерін баяндау,мысалдар, тірек сызбалар арқылы жаңа сабақты оқушының өздігінен меңгеруіне бағыттау, меңгерту жұмыстары жүргізілді.Жаңа сабақтағы негізгі жаңа ұғымға тоқталып,толық мағлұмат берілді. Экзотермиялық, эндотермиялық реакцжану жылуы, стандартты жылу эффектісін анықтау, жылу эффектісі, термохимиялық теңдеу, меншікті жану жылуы, жылу эффектісіне әсер ететін негізгі факторлар, термохимия, оның негізін қалаушы ғалымдар туралы оқушы білімдері толықтырылды. 
Ү. Бекіту :1.«Ой түю» жаңа сабақты қаншалықты меңгергендігін сұрақтар арқылы тексерілді.оқушылар жақсы жауап берді.
2.«Білімді тиянақтау» /жаңа сабақтағы ұғымдарды пайдалана отырып есептер шығару/ кезеңінде « Есептер сыр шертеді» айдарымен термохимиялық теңдеулер бойынша 3-деңгейден тұратын есептерді оқушылардың өз қалаулары бойынша есеп шығаруы жүргізілді.
ҮІ.Үйге тапсырма. Слайд бойынша көрсетіліп, негізгілеріне көңіл бөлініп, орындау тапсырылды. 
ҮІІ. Сабақты бағалау . Топ мүшелері өздерінің тобында бағалау парағына сабақтың кезеңдері бойынша белсенді оқушыларды белгілеп отырды, әрі қарай мұғалм ұйғарымы бойынша оқушылар бағаланды
4 оқушы -5, 5- оқушы -4, 3- оқушы -3
Қорытынды: РЕФЛЕКСИЯ / оқушы өз ойларын , сабақтан алған әсерлерін жеткізді/
Сабақта қолданылған сто стратегиялары бойынша төмендегідей дидактикалық принциптер ұстанды
-Жай және күрделі, жүйелілігі, белсенділігі, білімділігі, көрнекілігі,топтық, ұжымдық, шығармашылық, қызықты түсіндірушілік, бір сіттік ізденушілік.
Қорытынды: Жалпы сабақ өз деңгейінде өтті оқушылар өткен сабақтар, жаңа сабақтар бойынша білімдерін қолдана білді, сабақтың әр кезеңінде байланыс, бір жүйеліліктің болуы сақталды, жаңа ұғым бойынша есептер шығара білді.
Жіберілген кемшіліктер мен ұсыныстарым: 1. Топтың ішіндегі белсенділігі аздау оқушылар үшін тапсырма түрлерін таңдау.2. есептер шығаруға әрі қарай дағдыландыру3. Оқушының өз білімдерін еркін пайдалана алуына сенімділік орнатуға машықтандыру.


Выбранный для просмотра документ Сабақ№5 8хим.docx

библиотека
материалов

Сынып:8 Сабақ№5 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Атомдар және молекулалар.Атом-молекулалық ілім
Мақсаты:
Білімділік: Атом –молекулалық ілім туралы білімді меңгерте отырып, тың мәліметтер беріп, шынайы білімді қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушыларға бағыт-бағдар бере , өз бетінше жұмыс жүргізе білуге үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: ізденімпаздыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: интерактивті тақта, электрондық оқулық, таблицалар.
Сабақтың түрі: кіріктірілген
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ізденіс, есеп шығару, АКТ, СТО.
Пәнаралық байланыс: химия, физика, математика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1. «Ой қозғау»
2. «Сандарды сөйлетейік» ойыны ойналады.
3. Семантикалық карта толтыру
ІІ. Жаңа сабақ
1) Мағынаны ашу
2) Электрондық оқулықпен жұмыс(физика, химия пәнінің мұғалімдері)
3) Оқушылардың шығармашылық жұмыстары
4) Есептей білсең, есің түгелденеді»
5). Тест, диктант
ІІІ. Қорытындылау(атом – молекулалық ілім тірек-сызбасы)
IV. Бағалау
V. Үйге тапсырма
І. Ұйымдастыру
1 «Ой қозғау»
1. Зат массасының сақталу заңы дегеніміз не?
2. Ағаш жанған соң аздаған ғана күл қалды. Неге ағаштың массасы күлдің массасына тең емес?Қалған өнімдер қайда кетті?
3. Химиялық теңдеу дегеніміз не??
2. «Сандарды сөйлетейік» ойыны ойналады.
3. Семантикалық карта толтыру
Су Алтын Күміс Оттегі Ас тұзы
Au O H2O NaCl Ag
ІІ. Жаңа сабақ. 3.
Мағынаны ашу: Заттар, атом, молекула дегеніміз не?
«Атом» грекше «бөлінбейтін» деген сөз.
Атом – заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі.
Жай заттар және күрделі заттар дегеніміз не?
Кез келген күрделі заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі –оның молекуласы.Сендер физика пәнінен молекулалар атомдардан құралатынын білесіңдер. Физика пәнінің мұғалімі Күлпан апай атом және молекула туралы мәліметтер береді. Атом – бөлінбейтін кішкентай бөлшек.Ол элементар бөлшектер жиынынан тұрады. (электрон, протон, нейтрон) Электрон ядроны айнала қозғалады. Атомның электрондық қабатшаларын түзеді. Табиғатта 92 атом бар. Олар ядродағы протон санына қарай ерекшеленеді. Химия пәнінің мұғалімі Мейрамкүл апай. Молекула – бірнеше атомдардың байланысуынан түзіледі. Ол заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі. «Судың молекулалық құрылысы» бейне көрініс. Физика пәні мұғалімі:Әр зат молекуласы әр түрлі. Қасиеті әр түрлі заттарды бір ғана элемент атомдарынан алуға болады. Мысалы: жұмсақ графит және ең қатты зат алмас. Екеуі де көміртегі атомдарынан тұрады. Молекула өлшемін анықтау. d =V/ S d- диаметр; V-көлем; S-аудан; m =18г; суда 6*1023 молекула бар.Молекулалардың қозғалысы(электрондық оқулық бейне көрініс) Денені құрайтын бөлшектер үздіксіз қозғалыста болады. Шыны ыдысқа ашық көгілдір түсті мыс тотияйынының ерітіндісін құйып, оның үстіне таза суды жайлап құйып қоялық. Бірнеше күннен кейін сұйықтықтардың арасындағы шекара жойылады да ыдыста бір түсті ерітінді түзіледі. Бұл жағдай сұйықтықтардың молекулалары үздіксіз қозғалыста болады деп айтуға болатындығын білдіреді. Бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулаларымен өзара кірігуі диффузия деп аталады. Газдағы диффузия , араластыру. (бейне көрініс)
Химия пәні мұғалімі:Адамның, жануарлардың, өсімдіктердің өмірінде жүретін үрдістерде дифузияның үлкен маңызы бар. Мысалы:дифузияның арқасында оттегі өкпеден адамның қанына , ал қаннан теріге өтеді.
Оқулықпен жұмыс. (атом-молекулалық ілімнің негізгі қағидалары)
4. Оқушылардың атом-молекулалық ілімнің дамуына үлес қосқан ғалымдар туралы дайындап келген хабарламалары слайдпен ұсынылады.
5. Есептей білсең, есің түгелденеді» (оқушыларға есептер ұсынылады) 3 топқа бөлінеді
І Х
ІІ Y
ІІІ Z
5. Тест, диктант
1)Атомды құрайтын бөлшек
А)ядро
б)молекула
в)электрон, протон, нейтрон
2)Су молекуласы құрамы неден тұрады
А) үш атомнан
б)екі атомнан
в)бір атомнан
3)Денелер неден құралады?
А)заттан
б)молекуладан
в)атомнан
4)Молекулалар өзгеріске ұшырап бұзылады
А)физикалық құбылыс
б)химиялық құбылыс
5)Атом-молекулалық ілімді дамытып және тұңғыш рет оны химияға қолданған орыс ғалымы
А)Д. В. Менделеев
б)М. В. Ломоносов
в)Д. Дальтон
«Атом» және «молекула» сөздерін қажетті септікте пайдаланып төмендегі сөйлемдерді аяқтаңдар 1) А) Су...құрамына оттек және сутек...кіреді.
2) Б) Ауаның құрамында азот және оттек...бар.
3) В) Хлордың...массасы, оның ...массасынан екі есе ауыр
4) Г) Адам және жануарлар тыныс алғанда оттек...пайдаланылады.
5) Д) Қатты қыздырғанда су...сутек пен оттек...ыдырайды.
«Физиктер, әсіресе химиктер көрінбейтін кіші бөлшектердің құрылысын білмейінше қараңғыда сипалап жүргендей болады». (М. В. Ломоносов) Химиялық реакциялар атом-молекулалық ілім тұрғысынан түсіндірілгеннен кейін ғана химия нағыз ғылым болып қалыптасты.
VІІ. Бағалау VІІІ. Үйге тапсырма:§

Выбранный для просмотра документ Сабақ№9 8хим.doc

библиотека
материалов


Сынып:8 Сабақ№9 Күні  

Сабақтың тақырыбы:  Химиялық формула. Химиялық элементтердің атомдарының валенттілігі.Зат құрамының тұрақтылық заңы

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Валенттілік  туралы  түсінік беру. Екі элементтен тұратын заттың берілген формуласы бойынша валенттіліктерін  анықтауға үйрету. Дамытушылық: Валенттілік құра отырып ойларын тереңдетіп дамыту. Тәрбиелік: Ұжымдық жұмысқа, таза жазуға тәрбиелеу.

Құрал − жабдықтар: Химиялық  таңбалар және элементтердің  салыстырмалы атомдық   массасы  берілген кесте. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдіс-тәсілі: өзіндік жұмыс.

            Тірек білім мен біліктер: Элементтердің химиялық  таңбасын білу, салыстырмалы  молекулалық  массаны анықтау,  индекс, коэффициент, ең кіші ортақ  еселік.

   Білім мен біліктерін тексеру: Оқушылардың салыстырмалы молекулалық  массаны есептеу  біліктерін химиялық  формула  туралы түсініктерін тексеру және бекіту  мақсатында  құрастырылған 10−15 минутқа есептелген өзіндік жұмыс ұсынылады.

1 – нұсқа.

1.Химиялық таңбалар арқылы өрнекте: оттегінің бес молекуласы; оттегінің екі жеке  атомы; оттегінің бір молекуласы; екі молекула оттегі;

2.Na2CO3 химиялық формуласы нені көрсетеді?

2 – нұсқа.

            1.Төмендегі белгілер нені көрсетеді:  5Н;  Н2;  7Н2;   

2.HNO3 химиялық формуласы нені көрсетеді?

3 – нұсқа

            1.Химиялық таңбалар арқылы жазып өрнекте:  күкірттің бес атомы; сутегінің бір        ,молекуласы; судың үш молекуласы;  сутегінің үш молекуласы;

2.Н3РО4 химиялық формуласы нені көрсетеді?

4 – нұсқа

            1.Төмендегі химиялық формулалар нені көрсетеді?  3О2;  5О;  О;

            2.Күкірт қышқылының химиялық формуласы – Н2SO4. Осы формула бойынша  қышқылдың сандық және сапалық құрамын көрсет.

   Жаңа материалды оқыту:

1. Оқушыларды бейметалдардың сутекті қосылыстарының мысалында  атом  валенттілік терінің жаңа қасиеттерімен таныстыру. HBr, H2S, PH3, SH4, CH4, H2O, NH3. Валенттілікке анықтама  бергеннен кейін, жоғарыда  көрсетілген заттардың формулалары жазылып, оқушыларды бромның, күкірттің, фосфордың, кремнийдің, көміртегінің, оттегінің және азоттың  валенттіліктерін осы элементтер мен  қосылған сутегі атомдарының  жалпы саны бойынша анықтауға  жаттықтыру жұмысы жүргізіледі.

2. Егер бір элементтің  валенттілігі  белгілі болса екінші элементтің валенттілігін табуға  болатындығын Al2O3 мысалымен түсіндіреміз.

Оның алгоритмі ұсынылады. (мұғалім бұл алгоритмді кесте  түрінде тақтаға іліп  қоюына болады)                                                                                    

1. Қосылыстың формуласы жазылады:       Al2 O3 ;                                                                      ІІ

2. Қосылыстағы оттегі атомының валенттігі белгілі, оны рим санымен үстіне жазу:  Al2O3 ;

3. Оттектің валенттігін оның индексіне көбейтіп, алюминийдің индексіне бөлу: 

       ІІ * 3 = 6;  6 : 2 = III;                                                                                                        ІІІ    ІІ

4. Қосылыстағы алюминийдің валенттігі үшке тең, оны рим санымен үстіне жазу: Al2O3;

Тұрақты және ауыспалы  валенттілік туралы түсінік  беріледі. Оқушыларға дәптеріне тұрақты валенттілік сақтайтын элементтерді жаздырамыз.

          I - валентті Na,  K, Ag, H;   IІ – валентті Mg, Ca, Ba, Zn, O;   III – валентті Al



Элементтердің ауыспалы валенттілік көрсететіндігін дәлелдейміз. FeCl2, FeCl3, SO2, SO3, PbO2 CO, CO2  қосылыстарын мысалға ала отырып, бұл заттардың аталуындағы ерекшелікті түсіндіреміз. Мысалы, көміртегі (II) оксиді, көміртегі (IV) оксиді.

Жаңа материалды бекіту: Формуласы бойынша химиялық элементтердің валентілі гін табуды үйрету мақсатында төмендегі жаттығулар орындатамыз. Төмендегі сутегі мен оттегінің үстіне рим цифры арқылы валенттілігі қойылған, қосылыстағы қалған элементтердің валенттілігін рим цифрымен жазып көрсетіңдер.

І нұсқа: H2, MgO, Al2O3, HCl, P2O5,

ІІ нұсқа: SiH4, Na2O, BaO, Ag2O, H2O,

ІІІ нұсқа: N2O5, NH3, MnO2, ZnO, N2O,

Үйге тапсырма беру: §11. (1-10) Жұмыс дәптері.

 

 


Выбранный для просмотра документ Ссбақ№6 8хим.doc

библиотека
материалов

Сынып:8 Сабақ№6 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтер,олардың таңбалары.

Сабақ мақсаты: Білімділік: Оқушыларға атом түріндегі химиялық элемент туралы алғашқы ұғымды түсіндіру. Дамытушылық:  химиялық  элементтердің таңбасын жазуды, салыстырмалы атомдық массаларын  есептеуге және  салыстыруды үйрету.Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге, ұқыптылыққа  тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Тәжірибе үстелінде мынадай жай ( мыс,күкірт, фосфор, мырыш ) және күрделі заттар ( мыс оксиді, су,  мыс купорасы), заттар малекуласының үлгілері,  металдар жинақтамасы,  химиялық элементтердің таралу диаграммасы  қойылады.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: физика, биология

Тірек білім мен біліктер:: атом  және атомдық масса.

Тірек білім мен біліктерді тексеру: Оқушыға жай және күрделі зат ұғымдарын ажырата  білуі үшін төмендегі тапсырманы береміз.

1. Оқулықтан  жай және күрделі заттқа берілген анықтаманы тауып,  өз бетіңше қайталап айт.

2. Тақтада берілген төмендегі заттардың ішінен жай, және күрделі заттардың аттарын көшіріп жаз: алюминий, мыс оксиді, су, көмір қышқыл газы, оттегі, темір,  темір сульфиді,сынап оксиді, азот.

Жаңа материалды оқыту: Оқушылардың  судың және  көмір қышқыл газының модельдері арқылы  олардың  құрамын қайталап талдап, бүкіл  заттардың  құрамын  модел  арқылы көрсету  қолайсыз екенін  түсіндіреміз. Одан кейін  химиялық  символиканың  шығуының қысқаша тарихымен таныстырып, 3-4 элементтің таңбасын жазамыз.  Оқушыларға мынадай тапсырма береміз: оқулықта берілген 2- кестемен зейін қойып таныс. Дәптерге а) металдың ә) бейметалдың таңбасын жаз және атауға жаттық. Оқушыларға  химиялық элемент атомдардың белгілі бір  түрі екендігін атап етіп, қазіргі кезде109 атомның  түрі немесе  элементтің  түрі бар  дейміз.Оқушылар назарын  химиялық элементтің атом түрі  ретінде жай  заттарды құрайтынын, сонымен бірге  күрделі  босқа  элементтермен бірге  күрделі заттың құрамына  ене алатындығын көрсетеміз .

Химиялық элемент, жай зат және күрделі зат ұғымдарын ажырата білуі үшін  оқушыларға  мынадай  жаттығу орындатамыз.

Төмендегі сөйлемдердің қайсысында темір және зат ретінде, ал қайсысында темір элемент ретінде  күрделі зат  құрамында  айтылады: а) темір сульфиді - бұл темір мен  күкірттен  құралған химиялық қосылыс: ә) таттың құрамында  темір болады:б) сым темірден жасалады:в) темір ылғал ауада таттанады:

Жаңа материалды бекіту:

1.Тапсырманы орында: Оқулықтан 12-жаттығуды орындау.

2.Химиялық элемент және жай зат деген  ұғымдарды  ажырата  білу үшін  төмендегі тапсырманы  орындатамыз. Мына сөйлемдердің  қайсысында  мыс жай зат, қайсысында  химиялық элемент  ретінде айтылады:а) мыс купорасының құрамында мыс болады: ә)сым мыс  тан жасалған: б) мыс оксидінің  құрамында мыс болады:в) мыс электр тогын  жақсы өткізеді.

3. Мына элементтерді ата:

1 нұсқа:             H, ........... AІ................   Na, .................. N

2 нұсқа:            S, ........... Zn,..............    O,  ..................  Mg

3 нұсқа:            Ca,               CІ,               Fe,                   P

            1.Магнийдің үш атомынан және азоттың екі атомынан тұратын қосылыстың формуласын жазыңыз. Осы қосылыстың салыстырмалық молекулалық массасын есептеп шығарыңыз.

            2.Мына жазбадан нені көреміз: 5H2, 6С, 5S, P2O5, Cu, 2H2?

            3.Бинарлы қосылыстың формуласын құрыңыз: темірдің екі атомына, оттегінің үш атомы сәйкес келеді.

            4.Химиялық таңбаларды пайдаланып формулаларды жазыңыз:  мыстың  екі  атомы;  хлорсутектің  үш молекуласы; судың бес молекуласы; азоттың екі атомынан тұратын бір молекуласы.

 

Үйге тапсырма беру. §1 1-10 жаттығу.  .

 

 



Выбранный для просмотра документ сабақ№22 8хим.doc

библиотека
материалов

Сынып:8 Сабақ№ 22 Күні

Сабақтың тақырыбы: Атомдық құрылыс теориясы бойынша химиялық элементтердің периодтық жүйедегі орны

Сабақтың мақсаты:

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа,жауапкершілікке тәрбиелеу.Өз бетімен жұмыстануын қалыптастыру.

Білімділік: Химиялық элементтердің атом құрылысын,периодтық жүйедегі орнын,олардың қосылыстары туралы теориялық білім беру.

Дамытушылық: Оқушылардың химиялық элементтермен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру.Танымдық біліктерін,пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.

Сабақтың міндеті:

1.Элементтердің периодтық жүйеде орналасуын есте сақтау.

2.Элементтердің атом құрылысын анықтай білу.

3.Элементтердің металл не бейметалл екенін ажырата білу.

Сабақтың түрі: жаңа ұғым қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,жеке,топтық жұмыстар

Сабақтың көрнекілігі: периодтық жүйе, оқулық, интерактивті тақта, слайдтар, карточка

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру (ІІ топқа бөлу сыныпты)

Сәлемдесу

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

Бағалау бетшесін үлестіру. (Көрісу айтына тоқталып кету)

Қазақ халқының ертеден келе жатқан дәстүрі – көрісу айты. Жасы кішілер үлкендердің үйін аралап, қол алысып, төс қағысып, амандасып көріседі.

«Білім еске сақтау арқылы емес, өз ойының күш салуымен алынғанда білім.» Л.Толстой.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

6 (159 бет) Реттік нөмірлері берілген элементтердің пеиодын,қатарын,тобын анықтаңдар.

І топ: 7,12 ІІ топ: 17,23 №7

Мына элементтерді металдық қасиетінің өсуі бойынша орналастырыңдар: бор,бериллий,көміртек,литий С→В→Ве→Lі

8 Берілген элементтердің қайсысында айқын бейметалдық қасиет басым: фосфор, алюминий, кремний, күкірт, фтор, хлор

ІІІ. Өткен сабаққа қысқаша шолу.

1. «Парольді анықтау»

І топ: N, Ne, O, AI, Ne, Cr, Ne, Ne, Ag. (Менделеев)

ІІ топ: Li, Ne, Ar, Ne, Li, Fe, Cu, Li, Al. (Резерфорд)

3

6

7

8

10

12

13

18

19

24

25

26

29

30

47

Р

Ж

М

Н

Е

Ү

Д

З

И

Л

Й

Ф

О

П

в

2. “Ой қозғау” сұрақтары

1.Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі көлденең қатар қалай аталады?

2.Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі тік жатқан қатар қалай аталады?

3.Периодтық заң дегеніміз не?

4.Изотоптар дегеніміз не?

5.Атом құрылысының моделін ұсынған кім?

6. Атом ядросының құрамы.

IV Жаңа сабақ түсіндіру.

Күннің жадысын және тақырыпты жазайық.

Жоспар:

  1. Периодтық жүйенің құрылымы

  2. Период пен топтың жіктелуі

  3. Периодтық жүйені атом құрылысында сипаттау

  4. Химиялық элементке сипаттама


  1. Периодтық жүйені 1869 жылы орыс ғалымы Д.И.Менделеев ашты.Периодтық жүйеде 7 период,10 қатар, 8 топ бар.Период бойынша металдық қасиет әлсіреп,бейметалдық қасиет күшейеді. Топ бойынша металдық қасиет күшейіп, бейметалдық қасиет әлсірейді.

Период

hello_html_m629af88f.gifhello_html_3e2e2dd9.gif


Үлкен Кіші

hello_html_4dc9a874.gifhello_html_1bd876f3.gifТоп


Негізгі Қосымша

3.

Химиялық элементтердің

периодтық жүйесі

Химиялық элементтердің

атом құрылысы

  1. Элементтердің реттік нөмірі

  2. Период нөмірі

  3. Топ нөмірі

Ядроның оң заряды, протондар және электрондар саны

Электрондық қабат саны

Сыртқы қабатағы электрон саны (негізгі топша үшін)

4.Калий элементінің атом құрылысы теориясы және периодтық кестедегі орны бойынша сипаттамасы.

1.Химиялық таңбасы, аталуы

2.Химиялық элементтің периодтық жүйедегі орны, салыстырмалы атомдық массасы

3. Атом құрамы, құрылысы

4. Қасиеті

5. Оксид, гидроксид, ұшқыш сутекті қосылыстарының формуласы

К, калий

К- ІV үлкен периодта, І негізгі топша

рет саны 19, атомдық масса 39г

19p6 20 n, 19e + 19 ) ) ) )

2 8 8 7

К – металл, вал. І

К2 О , КОН

V. Оқулықпен жұмыс. (161 бет)

І топ: №3 Белгісіз химиялық элемент атомының үш электрондық қабаты бар. Оларда )2)8)6 электрондардың орналасуын біле отырып,элементтің периодтық жүйедегі орнын, қасиетін,оксидінің,гидроксидінің,ұшқыш сутекті қосылысынң формуласын анықтаңдар.

S, ІІІ период, 3 қатар, 6 топ, бейметалл, SO3, H2SO4, H2S

ІІ топ: №4 3-периодта орналасқан элементтің жоғары оксидінің құрамы: R2О7 осы элемент қай топта және топшада орналасқан?Оксидінің қасиеті қандай?Ұшқыш сутекті қосылысының формуласын жазыңдар. СІ –хлор, 7-топ,негізгі, СІ2О7, НСІ

ІІІ топ: №5 Sе элементінің жоғары оксидінің құрамы мен қасиетін анықтаңдар. Оның қасиетін сипаттайтын реакцияның теңдеуін жазыңдар. SеО3 , SеО3+ Н2О→Н2SеО4

  1. Есептер додасы” (карточка)

Элементердің қосылыстарына есептер шығару.

І топ 1) 240г магний металы күкірт қышқылымен әрекеттескенде бөлінетін сутектің көлемін есепте (қалыпты жағдайда)

2) К→ К2О → КОН →К24

ІІ топ 1) 4г кальций металы тұз қышқылымен әрекеттескенде түзілген тұздың массасын

есепте.

2) Ва →ВаО →Ва(ОН)2 → ВаСІ2

  1. Химия ғажайып. (тәжірибе)

І топ: Мыс сульфаты мен темір

ІІ топ: Барий хлориді мен күкірт қышқылы

VІІІ. “ Менің мекен жайым қандай?”

Кесте бойынша сол элементке сипаттама беріңіз.

І топ: Темір ІІ топ: Мыс

1.Химиялық таңбасы, аталуы

2.Химиялық элементтің периодтық жүйедегі орны, салыстырмалы атомдық массасы

3. Атом құрамы, құрылысы

4. Қасиеті

5. Оксид, гидроксид, ұшқыш сутекті қосылыстарының формуласы

ІХ. «Сәйкестік тесті»

Галогендер Sі,Р,С

І валентті элемент Мg,Ca,Sr

Бейметалдар Na,Li,K

Сілтілік жер металдар N,As,P

Инертті газдар Br,CL,I

R2О5 қай элементтер Ne,Ar,Kr

Х. «Ой-түйін»

  1. Периодтық жүйе қай жылы ашылды?

  2. Периодтық жүйені кім ашты?

  3. Неше период бар,жіктелуі?

  4. Неше топ бар,жіктелуі?

  5. Период нөміріне қарап нені анықтаймыз?

  6. Реттік нөміріне не сәйкес келеді?

  7. Нейтронды қалай анықтаймыз?

  8. Металдарға қай элементтер жатады?

  9. Бейметалдарға қай элементтер жатады?

  10. Металдық және бейметалдық қасиет қалай өгереді?

ХІ. Периодтық кестеге шолу. (өлең жолдары оқылады.)

ХІІ. Бағалау

ХІІІ.Үйге тапсырма


Выбранный для просмотра документ сабақ№398хим.docx

библиотека
материалов

Сынып:8 Сабақ№39 Күні:

Тақырыбы: Газдардың мольдік көлемі,Авогадро заңы,газдардың салыстырмалы тығыздығы,көлемдік қатынастары Химиялық реакциялар барысындағы газдардың көлемдік қатынастары түсініктерін қолданып есептер шығару. Авогадро заңы сияқты түсініктерді қолданып,формулалар бойынша есептер шығару.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларға интерактивті тақтаны пайдалана отырып химияның негізгі заңдарының бірі Авогадро заңы, сонымен қатар газдардың молярлық көлемі және газдардың салыстырмалы тығыздығы жайлы білім беру

Дамытушылығы:Қатысушылардың формулаларды пайдаланып есеп шығару арқылы ойлау жылдамдығын және ой өрісін дамыту

Тәрбиелілігі:Берілген жаңа тақырыпты түсіндіре отырып оқушыларды қоршаған ортаға деген көзқарасын дамытып,ұжымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекіліктер: слайд,кесте, т.б

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

Үйге «Химиялық реакциялардың жылу эффектісі» берілген.

Сұрақтар:

  • Жану реакциясы қалай жүреді?

  • Экзотермиялық реакция деген не?

  • Эндотермиялық реакция деген не?

  • Жылу эффекті

  • Термохимиялық реакцияға анықтама

  • Жылу эффектінің температураға тәуелділігі

  • Жанудың басталуы және оны тоқтату

ІІІ.Жаңа сабақ

Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын сендерге бірнеше сұрақ қойғым келеді.

  1. Ауаның құрамына қандай газдар кіреді?

  2. Авагадро санын еске түсіре отырып,ол нещеге тең екенін айталық?

  3. Молекула дегеніміз не?

Көптеген газдар қалыпты жағдайда газ күйінде болады.Олар ауа құрамына кіретін азот,оттек, т.б газдар.Одан басқа метан.этан сияқты көміртек пен сутектен құралған газдар да бар.Газдардың белгілі бір заңға бағынатынын физикадан білесіңдер.

Қатты заттардан газ тектес заттардың айырмашылығы – оларды сипаттау кезінде массадан гөрі көлем ұғымы жиірек пайдаланылады.Итальяндық ғалым А.Авагадро газдар құрамына кіретін жай заттардың молекуласы екі атомнан тұратынын айтты.Мысалы жай заттар сутек Н2, оттек О2 және т.б.

Қалыпты жағдайда (қ.ж.),яғни 00С температурада, 1 атмосфералық қысымда (101,325 кПа) кез келген газдың бір молі 22,4л көлем алады.Оны молярлық көлем деп атайды.

V(H_2) = \frac{2}{0,089} = 22,47

V(O_2) = \frac{32}{1,43} = 22,37

V(N_2) = \frac{28}{1,25} = 22,4

V_m = 22,4л/моль

Осы есептеулерден көрініп тұрғандай 1 моль газдың көлемі шамамен бірдей екен, оның сандық мәні 22,4 л. Мольдік көлем (Vm) t0С = 00С, р = 1 атм = 101,3 кПа жағдайында анықталған, бұл қалыпты жағдай (қ.ж.) деп аталады.

V_m = \frac{V}{\nu}\nu = \frac{V}{V_m}

Бірдей жағдайда алынған газдардың тең көлемдерінде молекула сандары бірдей болады. Бұл - Авогадро заңы. Ол 1811 жылы ашылған.
Химияда тығыздықтан басқа 
салыстырмалы тығыздық деген түсінік те пайдаланылады.

Бірдей жағдайда тең көлемде алынған ғаздардың массаларының қатынасын салыстырмалы тығыздық деп атайды.

D = \frac{m(1)}{m(2)} = \frac{M(1)}{M(2)}

Бір газдың екінші газбен салыстырғандағы тығыздығы олардың молярлық массаларының қатынасындай болады. Салыстырмалы тығыздық сутегі мен ауа бойынша беріледі.

Сонда

D_{H_2} = \frac{M(x)}{M(H_2)}

D_{aya} = \frac{M(x)}{aya}

М(Н2) = 2 г/моль;

М(ауа) = 29 г/моль

М{х) = 2D(H2); М(х) = 29D(aya), мұндағы х - белгісіз газдың мольдік массасы.

Қалыпты жағдайдағы газдың тығыздығы мына формуламен анықталады:

\rho = \frac{M}{V_m}

Есеп: Сутегі,оттек,ауаның қ.ж-да тығыздығын есептеңдер

IV.Сабақты бекіту

Бекіту сұрақтары:

  • Авогадро заңы қалай тұжырымдалады?

  • Газдардың мольдік көлемі қалай өрнектеледі?

  • Салыстырмалы тығыздық деген не?

  • Ауаның молярлық массасы нешеге тең?

V.Үйге тапсырма:&28 76 бет 1-10 тапсырма


Выбранный для просмотра документ сабақ№8 8хим.doc

библиотека
материалов

Сынып: 8 Сабақ№8 Күні:

Сабақ тақырыбы: Зат мөлшері. Мольдік масса.

Сабақтың мақсаттары:

Оқушыларға зат мөлшері және мольдік масса туралы ұғымды түсіндіріп, есептің шығару жолдарын ұғындыру.

Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі:

Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс

Сабақтың нәтижелері (Оқушылар білетін, түсінетін болады және жасай алады):

Білу: Зат мөлшері және мольдік масса туралы есепті шығару арқылы біледі. (барлығы)

Түсіну: Оқушылар топ болып жұмыс жасау арқылы зат мөлшері мен мольдік массаны түсінеді. (көпшілігі)

Қолдану: Зат мөлшері және мольдік массаға байланысты есептер шығарады. (кейбіреуі)

Бағалау (әрбір оқушыны оқыту туралы білу):

2 жұлдыз, 1 ұсыныс айту, өлшемдік бағалауды пайдалану

Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу:

Мен тапсырма мақсатына қол жеткізуге көмектесемін. Мен сондай-ақ топтарды аралап шығамын. Сабақ соңында стикер толтыртамын.

Ресурстар мен жабдықтар (алдын ала тапсырыс беру қажет тех.құрылғылар тізімі): пауер пойнт, үлестірмелер, плакаттар, жұмыс парақтары


Сабақ барысы

Уа-қыт

Бөлім

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

Ресурстар

2 мин

Кіріспе

Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырамын және жұмыс жоспарымен таныстырамын

1-қадам: Ортақ жұптық жұмыс

2-қадам: Жаңа сабақ туралы түсінік

3-қадам: Топтық жұмыс мольдік массаға байланысты постер қорғау

4-қадам: Топтық жұмыс шарстержень арқылы молекуланы бейнелеу

5-қадам: Топтық жұмыс тезис

6-қадам: Сұрақ қою арқылы диалогқа түсу

7-қадам: Қорытынды (мұғалімнің, оқушылардың пікірін тыңдау)

Стикерге 2 жұлдыз 1 ұсыныс жаздыру

Оқушылар күн мен сабақтың тақырыбын және жұмыс жоспарын таратылған жұмыс парақтарына жазады. Сонымен қатар оқушылар стикерге 2 жұлдыз 1 ұсыныс жазады.


Презентация, жұмыс парағы

7 мин



Өткен материалды еске түсіру, оқушыларға сұрақ қоямын:

1-сұрақ: Химиялық элементтер деген не?

2-сұрақ: Элементтердің аталуы қандай?

3-сұрақ: Металдар деген не?

4-сұрақ: Бейметалдар деген не?


Оқушылардан сұралатын болады, біліммен бөліседі.


Презентация

Деңгейлік тапсырма (жұптық жұмыс)

(Қосымша №1)

Жұптық жұмыс орындайды.

Тапсырма парақтары

7

мин

Тұсау

кесер


Зат мөлшері және молярлық массаға шолу жасау


Оқушылар түсініктерін қалыптастырады

20

мин

Негізгі бөлім


1-топ: Сурет арқылы немесе сызбанұсқа арқылы зат мөлшерін, молярлық массаны постер арқылы қорғау.

Топтан екі баяндамашы шығып айтып өтеді

Постер

2-топ: Шарстержень арқылы атомдар мен молекулаларды құрастыру. 2 жұлдыз, 1 ұсыныс айтып отырамын

Шарстерженді құрастырып түсіндіреді.

Шарстержень

3-топ: Оқушыларға тезис жаздыруға беремін. 2 жұлдыз, 1 ұсыныс айтып отырамын

Оқушылар тезис жазып, топтан баяндамашы шығып оқиды.

Тапсырма парағы

4-топ: Сұрақ қою. Диалог. Оқушыларға сұрақтар беріледі.

(Қосымша №2)

Оқушылар сұраққа жауап жазып екі оқушы диалогқа түседі.

Үлестірме қағаздар

1 мин

Қорытынды

Сабақты бекіту мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.


3 мин

Оқушылар критериалды бағаланады. 2 жұлдыз 1 ұсынысты стикерге жаздыру.

Үй тапсырмасы: §18 оқу, сұрақтарға жауап, жұмыс дәптерін толтыру.

Оқушылар 2 жұлдыз 1 ұсынысын стикерге жазып тапсырады


Стикер



Рефлексия:

Сабақ туралы жалпы ойың?



Не жақсы өтті?



Қайсы жақсы шыққан жоқ?



Қандай күшті жақтарға сүйене аласыз?



Сіз нені дамытар едіңіз?



Нені өзгерткіңіз келеді?



Қандай ерекшелік байқалды?
























1

Мынадай заттардың химиялық формулаларын жазыңдар:

Мыстың 1 атомы мен хлордың 2 атомы; темірдің 2 атомы мен оттектің 3 атомы.


Салыстырмалы молекулалық массасын табыңдар:

CaSO4; P4O6.



Оқушының аты-жөні:


2

Мынадай заттардың химиялық формулаларын жазыңдар:

Кальцийдің 1 атомы мен көміртектің 1 атомы, оттектің 3 атомы; Фосфордың 4 атомы мен оттектің 6 атомы.


Салыстырмалы молекулалық массасын табыңдар:

N2O3; P2O5



Оқушының аты-жөні:


3

Мынадай заттардың химиялық формулаларын жазыңдар:

Сутектің 2 атомы, күкірттің 1 атомы, оттектің 4 атомы; Азоттың 2 атомы және оттектің 3 атомы.


Салыстырмалы молекулалық массасын табыңдар:

Mn2O7; Al2O3



Оқушының аты-жөні:


4

Мынадай заттардың химиялық формулаларын жазыңдар:

Марганецтің 2 атомы және оттектің 7 атомы; Алюминийдің 2 атомы және оттектің 3 атомы


Салыстырмалы молекулалық массасын табыңдар:

HNO3; KOH



Оқушының аты-жөні:


5

Мынадай заттардың химиялық формулаларын жазыңдар:

Сутектің 1 атомы, азоттың 1 атомы, оттектің 3 атомы; Көміртектің 1 атомы, оттектің 2 атомы


Салыстырмалы молекулалық массасын табыңдар:

KMnO4; CuSO4



Оқушының аты-жөні:






6

Мынадай заттардың химиялық формулаларын жазыңдар:

Калийдің 1 атомы, марганецтің 1 атомы, оттектің 4 атомы; Сутектің 1 атомы, оттектің 2 атомы.


Салыстырмалы молекулалық массасын табыңдар:

NaNO3; CaCl2



Оқушының аты-жөні:


7

Мынадай заттардың химиялық формулаларын жазыңдар:

Натрийдің 1 атомы азоттың 1 атомы оттектің 3 атомы; Кальцийдің 1 атомы хлордың 2 атомы


Салыстырмалы молекулалық массасын табыңдар:

NaHCO3; NaCl



Оқушының аты-жөні:


8

Мынадай заттардың химиялық формулаларын жазыңдар:

Натрийдің 1 атомы, сутектің 1 атомы, көміртектің 1 атомы, оттектің 3 атомы; Натрийдің 1 атомы хлордың 1 атомы.


Салыстырмалы молекулалық массасын табыңдар:

Ca(OH)2; BaCl2





Диалог сұрақтары

  1. Заттар дегеніміз не?

  2. Химия пәнімен тығыз байланысты пәнді айтып бере аласыңба? Мысал келтір.

  3. Химия пәні нені қарастырады?

  4. Қоспа деген не және агрегаттық күйіне байланысты қалай жіктеледі? Мысал келтіре аласыңба?

  5. Заттарды қоспадан бөлу және тазартудың қандай әдістерін білесің?

  6. Атом деген не?

  7. Молекула деген не?

  8. Мына элементтердің оқылуын айтып бер: азот, алтын, көміртек, кремний, мыс, оттек, темір, фосфор.

  9. Мына элементтердің оқылуын айтып бер: кремний, күкірт, күміс, қорғасын, мырыш, сутек, сынап, хлор.

  10. Химиялық элементтер қандай топқа бөлінеді?


Оқушылар өздеріңіз бір-біріңізге 4 сұрақ дайындаңыздар!

















Краткое описание документа:

Қазақстан мектептеріндегі химия пәніне арналған оқу-әдістемелік кешен және оны орта мектепте пайдаланудың жағдайы талданды, және жаңа буын оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнын анықтаудың дидактикалық талаптары анықталды. «Химия курсы бойынша жаңа буын оқу-әдістемелік кешенімен оқытудың әдістемесі» атты екінші тарауда химиядан жаңа буын оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнын анықтаудың ұстанымдары мен жүйелеудің критерийлері және мәтіндері, мәтіннен тыс бөліктерінің дидактикалық қызметтері сараланып, жаңа буын оқу-әдістемелік кешенінің мақсатына таңдап алынған мазмұнның сәйкестігі нақтыланды, оны тиімді пайдаланудың әдістемесін тексеру мақсатында жүргізілген педагогикалық эксперименттің барысы және оның нәтижелері баяндалды. Қорытындыда зерттеу нәтижелері бойынша жасалған негізгі тұжырымдар берілген. Қосымшада химия пәні мұғалімдері мен оқушыларға арналған сауалнамалар, тест тапсырмалары, дәстүрлі емес сабақ жоспары, 8-сыныпта қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы химия курсы бойынша тақырыптық жоспарлар ұсынылған.

Автор
Дата добавления 20.01.2015
Раздел Химия
Подраздел Конспекты
Просмотров7533
Номер материала 322292
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх