Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Химия / Конспекты / Химия пәнінен сабақ дайындамасы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Химия

Химия пәнінен сабақ дайындамасы

библиотека
материалов

Батыс Қазақстан облысы

«Теректі колледжі» МКҚК



Бекітемін: / /

Директордың ОІ жөніндегі

орынбасары О.И.Мацкевич





Ашық сабақтың әдістемелік дайындамасы:



Тақырыбы: «Органикалық химияның ғылым ретінде

пайда болуы,дамуы және маңызы.

Органикалық қосылыстардың

ерекшеліктері»











Дайындаған: химия пәнінің

оқытушысы Э.К.Бисенгалиева










2013-2014 оқу жылы

Батыс Қазақстан облысы

«Теректі колледжі» МКҚК

Химия пәнінің оқытушысы Э.К.Бисенгалиева


Сабақтың тақырыбы: «Органикалық химияның ғылым ретінде пайда болуы, дамуы және маңызы.Органикалық қосылыстардың ерекшеліктері»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға органикалық химия ,органикалық заттар туралы, олардың ерекшеліктері, құрылымы, қасиеттері және жіктелуі жайында алғашқы түсінік беру.

Дамытушылық: Алған білімдерін әр түрлі жағдайларда қолдана білуге дағдыландыру. Белсендігін көтеруге ,ойлау қабілетін арттыруға ,өз ойын жүйелеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру. Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап,ойын түрінде,есеп шығару

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.

2.Жаңа тақырып.

3. Жаңа тақырыпты бекіту.

4. Анаграмма.

5.Есеп шығару

6. Бағалау кезең.

7. Үй тапсырмасы.

Ой қозғау. «Органикалық химия» дегенді қалай түсінесіңдер?

Жаңа тақырып.

XIX ғасырдың бас кезінде заттарды алыну тегіне қарай минералды және органикалық деп жіктеді. Алғашқыларын табиғатта кездесетін алуан түрлі минералдардан химиялық әдіспен бөліп алды. Химиялық элементтердің бейорганикалық қосылыстары минерал заттарға жатады. Ал өсімдіктер мен жануарлар денесінен табылған заттар органикалық заттарға жатқызылды. «Органикалық химия» деген терминді ғылымға швед ғалымы И.Я.Берцелиус енгізді. Ол органикалық заттар тірі организмде «тіршілік күші» әсерінен пайда болады деп түсіндірді. Сонымен, «органикалық» терминінің шығу төркіні – «организм» сөзі болды.

Бірақ көп ұзамай-ақ органикалық заттар жасанда жолмен алына бастады, оладың біреуі – несепнәр (мочевина) жасанда жолмен (1828ж) химия лабораториясында алынды. Әйтсе де «органикалық» сөзі – тарихи атау болып қала берді. Барлық органикалық заттар «көміртек қосылыстары». Олардың саны өте көп. Қазіргі кезде 10 миллионға жуық органикалық заттар белгілі болған.

Органикалық заттар көп болғанымен, бір ерекшелігі – құрамына санаулы ғана элементтер кіреді.

Ең қарапайым органикалық қосылыстар екі элементтен – көміртек пен сутектен құралып, көмірсутектер деп аталады.

Органикалық заттардың көп түрлі болуының тағы бір себебі – олардың құрылысына байланысты. Сондай-ақ сапалақ құрамы бірдей, ал сандық құрамы әр түрлі органикалық заттар да кездеседі.

Органикалық заттардың бейорганикалық қосылыстардан тағы бір айырмашылығы органикалық заттардың барлығы дерлік жанады, жану өнімдері – бейорганикалық заттар ( СО2, С, Н2О, т.б.) болады.

Этил спиртінің жануын тәжірибе арқылы көреміз.

Реакция теңдеуі: С2Н5ОН + 3О2 → 2СО2 + 3Н2О

Органикалық заттар көп түрлі болуымен қатар, кең таралған. Өсімдіктер мен жануарлар организмі органикалық заттардан құралған. Сондай-ақ олар киім, тамақ (ет, сүт, нан, көкөніс, жеміс, т.б.) отын түрінде кездеседі, бояулар, дәрі-дәрмектер, тағы басқа тұрмыстық заттарды әзірлеуге пайдаланылады.

Сөйтіп, органикалық химия көмірсутектер және олардың қосылыстарының қасиеттерін зерттейді.

Енді органикалық заттарды жіктеп көрейік. Органикалық қосылыстарды тегіне байланысты табиғи және синтездік деп екі үлкен топқа бөлуге болады.

Табиғи органикалық заттарға: табиғи газ, мұнай, көмір, шымтезек (торф), мақта және орман шаруашылығының өнімдері, ауыл шаруашылығының қалдықтары, т.б.жатады.

Синтездік органикалық заттарды органикалық синтез арқылы жасанды жолмен алады.Мысалы:әр түрлі полимерлер, дәрі-дәрмектер, жасанды және синтездік талшықтар мен каучуктер, органикалық бояулар, т.б.көптеген заттар синтездік жолмен алынады.

Егер органикалық қосылыстардың құрамына оттек атомдар кірсе- оттекті органикалық қосылыстар, азот атомы кірсе - азотты органикалық қосылыстар түзеді. Осылардың әрқайсысы өз кезегінде молекула құрамы және құрылысына қарай тағы жіктеледі. Мысалы, көмірсутектер сапалық құрамына қарай, яғни молекула құрылысындағы байланыстың табиғатына қарай қаныққан көмірсутектер, қанықпаған көмірсутектер және ароматты деп бөлінеді.


Ой тұжырымдамасы:

  1. Өсімдіктер мен жануарлар денесінен табылған заттар органикалық заттарға жатқызылды. Ол органикалық заттар тірі организмен әсерінен пайда болады. Кейін органикалық заттар жасанды жолмен алына бастады.

  2. Органикалық қосылыстардың ерекшеліктері: Құрамында санаулы ғана элементтер (С, Н, О, N,S, т.б) кереді.

  3. Құрамы бірдей, құрылысы әртүрлі заттар түзе алады.


Білімді бекітуге арналған сұрақтар

1.« Органикалық химия » терминін алғаш енгізген ғалым.

И.Я. Берцелиус

2. « Органикалық » деген термин қандай сөзден шыққан.

« организм»

3. Органикалық қосылыстар саны бейорганикалық қосылыстардан аз ба, көп па?

көп (10 млн)

4. Көмірсутектер қандай элементтерден тұрады?

көміртек, сутек

5. Органикалық заттардың құрамына элементтердің қайсысы кіреді?

C, H, O, N, S

6. Органикалық қосылыстардың жіктелуі туралы не білесіңдер?

Органикалық қосылыстар : табиғи және синтездік екі топқа жіктеледі.

7.Химия өндірісінің қандай салалары органикалық заттарды өндеп өндіреді.Мысалдар келтіріңіз.

Тамақ, фармацевтика , талшық, каучук ,резеңке, пластмасса, бояу өнеркәсіптері, газ, мұнай, көмір өндіру мен өндеу.



Анаграмма:

Мына сөздерден органикалық сөздерді құрастыр:

1.тсекіуркмө (Көмірсутек)

2.лсуберцие (Берцелиус)

3.анқыақнқ урктеөміск (Қаныққан көмірсутек)



Есеп шығару:

Адам денесінің құрамында орта есеппен массалары бойынша 65% оттек,

18% көміртек және 10% сутек болады. Адам денесінде қай атомдар көп?

Шешуі:Мұндайда берілген заттың 100г массасын қарастырған ыңғайлы.Сонда оның құрамындағы әр әлементтің массасы сан жағынан оның пайыздық мөлшеріне тең болады.Демек,массасы 100 г адам денесіндегі әр элементтің массалары:m(О)=65г; m(С)=18г; m(Н)=10г

Ондағы зат мөлшерлері:

n (О) = m(О) / М (О) = 65г/16г/моль=4,1 моль;

n (С) = m(С) / М (С) = 18г/12г/моль=1,5 моль;

n (Н) = m(Н) / М (Н) = 10г/1г/моль=10 моль.

Берілген элемент атомдарының 1 моль мөлшеріндегі атомдар саны бірдей

(6,02 х1023)болғандықтан, адам денесінің берілген үлгісіндегі атомдар саны олардың зат мөлшеріне пропорционал. Демек, N(Н) > N(О) > N(С)

Жауабы : N(Н) > N(О) > N(С)

Бағалау кезең.


Үйге тапсырма:
2.1,2.2 29-34 бет

Органикалық заттарға мысалдар жазып, түсіндіріңдер.


Краткое описание документа:

БілОсы сабақ дайындамасында төменгі мақсаттар қойылды: Оқушыларға органикалық химия, органикалық заттар туралы,  олардың ерекшеліктері, құрылымы, қасиеттері және жіктелуі жайында алғашқы түсінік беру. Алған білімдерін әр түрлі жағдайларда қолдана білуге дағдыландыру. Белсендігін көтеруге ,ойлау қабілетін арттыруға ,өз ойын жүйелеуге дағдыландыру. Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру. Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға үйрету. Сабақ барысында оқушыларға сұрақтарға жауап беру, есеп шығару , анаграмма шешу тапсырмалары берілді 

Автор
Дата добавления 26.01.2015
Раздел Химия
Подраздел Конспекты
Просмотров489
Номер материала 339625
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх