Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Рабочие программы / "Химияға кіріспе" таңдаулы курс бағдарламасы (8-класс)

"Химияға кіріспе" таңдаулы курс бағдарламасы (8-класс)

  • Химия

Поделитесь материалом с коллегами:




































Алға аудандық білім бөлімі


Тоқмансай негізгі мектебі









«Химияға кіріспе»


таңдаулы курс

Б А Ғ Д А Р Л А М А С Ы

8-класс
















2014 жыл






Алға аудандық білім бөлімінің эксперттік кеңесінде бекітілді:

Хаттама №___ « » қыркүйек 2014 ж.



Алға аудандық білім бөлімінің

жаратылыстану-математика пәндерінің

әдіскері:________ Р.А.Токманбетова






Құрастырған: Жакудина Әлия Ерғалиқызы – Тоқмансай

негізгі мектебінің химия пәні мұғалімі, ІІ санатты



Пікір жазғандар: Жарбусинова М.М. – Тоқмансай негізгі

мектебінің жаратылыстану пәндері әдістемелік

бірлестігінің жетекшісі

Досқабылов Б.О. –Тоқмансай негізгі мектебінің

тарих пәні мұғалімі, І санатты











Бағдарлама оқушылардың химиядан түсініктерін кеңейту, есептеу дағдыларын қалыптастыру, химия пәніне байланысты жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың арқасында пәнге қызығушылықтарын арттыру мақсатында жасалды.





Әдебиеттер:


  1. Н.Нұрахметов, К.Сарманова, К.Жексембина

«Химия» 8-сынып оқулығы. Алматы. Мектеп 2007 ж.

  1. Я.Л.Гольдфарб, Ю.В.Ходаков, Ю.Б.Додонов - «Химия есептері мен жаттығуларының жинағы» Рауан 1997ж.

  2. А.Б.Юсупова. – Химия есептері және оларды шығару әдістері. Алматы «Мектеп» 1989ж.

  3. Н.Л.Глинка «Общая химия» Ленинград «Химия» 1979

  4. Қ. Бекішев. – Химиядан олимпиада есептері. Алматы – 2004 ж.

  5. Г.П.Хомченко. - «Химия», Алматы «Рауан» 1990ж

  6. А.Мырзабайұлы. – «Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері», Алматы «Білім» 2004ж.

  7. А.А.Әуесхан, Р.Қ.Аяуова «Химия» Оқу-әдістемелік құрал. Ақтөбе, 2007.

  8. «Химия мектепте» журналы №2-6. 2006-2008ж.

  9. «Химик анықтамалығы» журналы №4. 2009ж

  10. Д.Шардарбеков «Химия. Сыныптан тыс жұмыстар», Алматы, 2006

  11. Ә.Темірболатова «Химия. Есептер мен жаттығулар жинағы» Алматы «Мектеп», 2012











Күтілетін нәтиже:



  • Химияның жетістіктерін күнделікті өмірде пайдалана білуге үйрету;

  • Оқушы өз бетінше қарапайым есептерді жазып, оны ешкімнің көмегінсіз шығара білу;

  • Есептерде бірінші мәтіндегі басты мәселені ажыратып, есептің жоспарын құра білу;

  • Оқушы есепті шығармастан бұрын есептің алгоритмін дұрыс құрып, есептің шығарылу мүмкіндігін анықтап, есеп шығаруды өз бетінше меңгеру.























Түсінік хат

8-сыныпқа арналған «Химияға кіріспе» таңдаулы курс бағдарламасы оқушылардың іскерлік пен біліктілік дағдысын қалыптастыру, пәнге қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық, ізденімпаздық қабілетін жетілдіру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалды.

Бағдарламада теориялық білімдерін практикада қолдануға баса көңіл бөлінген. Оқушы дағдыларын практикалық тұрғыдан дамыту, күрделі есептерді шығарумен қатар, тест жұмысы, өз бетімен жұмысты жүйелі жүргізу іске асырылады.

8 сыныпқа арналған «Химияға кіріспе» таңдаулы курсына 34 сағат бөлінген. Осыған орай сұрыпталған тақырыптар саны 33-ке жетті.

Бағдарламаның оқу құралы ретінде оқушының іс-әрекетіне әсері төмендегідей:

  • Оқушылардың практикалық дайындығын қамтамасыз етеді;

  • Оқушының логикалық ойлауы мен қиялын дамытады;

  • Оқушылардың жеке шығармашылық жұмыс жүргізуіне жағдай жасалады, оқушы жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, химия пәнін тереңірек түсінеді, оқуға, білімге құлшынысы артады.

Бағдарлама оқушылардың білігін жетілдіріп, жоғары білім сапасын қамтамасыз етеді деп үміттенемін.






Пікір


8-класс үшін дайындалған «Химияға кіріспе» таңдаулы курс бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің жалпы білім беретін мектептер жөніндегі стандарт талабына сай жасалынған.

Бағдарламадағы материалдар оқушылардың игеруіне және білімдерін одан әрі толықтыруына лайық келеді. «Химияға кіріспе» таңдаулы курс бағдарламасында оқушыларды пәнге қызықтыру, үйренген білімдерін практикада бекіту, өз бетімен жұмыс істей білу, оқушы біліктілігін қалыптастыру және дамыту жан-жақты қамтылған.

Сондықтан да осы бағдарлама пән мұғалімінің пайдалануына ұсынылады.

















21

Газдың көлемін, көлемі бойынша массасын, тығыздығын салыстырмалы тығыздығын есептеу.


1

22

Термохимиялық теңдеулер бойынша есептеулер


1

23

Ерітіндіге байланысты есептеулер


1

24

Заттың ерігіштгіне байланысты есептеулер


1

25

«Миллион кімге бұйырады?» ойыны


1

26

Тест жұмысы


1

27

Химиялық байланыстардың негізгі түрлері



28

Тотығу-тотықсыздану реакциялары


1

29-30

Олимпиада есептерін шығару


2

31

«Экология – химия сабағында» дискуссия


1

32

«Жер биосферасы және химия» конференция


1

33

«Химия – тұрмыста» (химиялық кеш)


1

34

Тест жұмысы


1


Барлығы.


34






















8-класқа арналған «Химияға кіріспе» таңдаулы курсы

Аптасына 1 сағат, барлығы – 34 сағат.


Тақырыбы

Күні, айы

Сағат саны

1

Химия курсының мазмұнына қойылатын талаптар


1

2

«Химия айналамызда»


1

3

«Қазақстанның химия өнеркәсібі»


1

4

Қазақ елінің химиктері


1

5

Әлемнің ұлы химиктері


1

6

«Зертханалық химияда аты қалған химиктер»


1

7

Химия ғылымы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері


1

8

«Ұлы есімдер» химиялық кеші


1

9

Тест. Қазақстандық ғалымдар жөнінде реферат даярлау


1

10

Химиялық диктант


1

11

Химиялық элементтердің ашылу тарихы


1

12

Элемент атауларының географиялық атауларға, аспан денелеріне, ғалымдар атына байланыстылығы


1

13

Периодтық жүйе және периодтық заңның ашылу тарихы.


1

14

Д.И.Менделеев өмірбаяны


1

15

«Не?Қайда?Қашан?» интеллектуалдық ойыны


1

16

Тест жұмысы


1

17

Химиялық формулалар бойынша есептер шығару


1

18

Зат мөлшері. Молярлық масса. Молярлық көлем. Авагадро саны


1

19

Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер


20

Газдың белгілі көлемі бойынша қалыпты жағдайдағы зат мөлшерін есептеу.


1


«Химияға кіріспе» таңдаулы курс бағдарламасының

Мақсаты: Оқушыларға қазіргі заман талабына сай білім беру, пәнге қызығушылығын арттырып, өз бетімен жұмыс істеуіне, теориялық терең білім алуына, зертханалық, сарамандық білік, дағды қалыптастыруына ұйытқы болу. Оқушылардың іскерлік пен біліктілік дағдысын қалыптастырып, шығармашылық, ізденімпаздық қабілетінің белсенділігін арттыру.


Міндеті:

  1. Оқу көрнекі құралдарын жүйелі пайдаланып,

оқушыларды пәнге қызықтыру;

  1. Теориялық білімнің практикамен ұштасып

жатқандығын көрсету;

  1. Жаңа технологияны пайдалана отырып,

сабақтың белсенділігін арттыру;

  1. Оқушылардың білімін бағалау мақсатында өзіндік

жұмыстар мен бақылау жұмыстарын өткізу;

  1. Тест тапсырмаларын жүйелі пайдалана отырып,

оқушының белсенділігін арттыру;















Білім, білік, дағды:

  • Оқушылардың өзіндік жұмыс істей білуі;

  • Теориялық терең білім алуы, зертханалық, сарамандық білік, дағды қалыптастыру;

  • Химиялық есептердің қандай да бір химиялық деректерді (терминдерді, формулаларды) зерттеуді кезеңдер бойынша жүргізе отырып, оқушылардың коммуникативті біліктілігінің дамуы;

  • Химиялық есептерді талдай отырып, көркемдеп сөйлеу мәдениетінің дамуы;

  • Есеп шығару барысында математикалық әдістерге жүгіну, олардың шынайылығын дәлелдей білуді үйрену.

















«Химияға кіріспе» курсының мазмұны:


  1. Ғылымилығы: химиялық ұғымдардың (терминдердің, формулалардың), есептердің жан-жақты танымдық, білімдік бағытта болуы;

  2. Жүйелілігі: Білгеннен – білмегенге, жайдан – күрделіге;

  3. Түсініктілігі: теориялық білімді нақты үйрету;

  4. Сапалық және белсенділік негізі: оқушының пәнге қызығушылығын арттыру;

  5. Көрнекілік ұстанымы: оқушының жан-жақты дамуы;

  6. Теориялық білім сарамандық жұмыстарда: оқушылардың ғылым негізінен алған білімдерін өнер мен қоғамдық құрылымдарда іс-әрекетке ұштастыру.










Краткое описание документа:

Түсінік хат

8-сыныпқа арналған «Химияға кіріспе» таңдаулы курс бағдарламасы оқушылардың іскерлік пен біліктілік дағдысын қалыптастыру, пәнге қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық, ізденімпаздық қабілетін жетілдіру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалды.

Бағдарламада теориялық білімдерін практикада қолдануға баса көңіл бөлінген. Оқушы дағдыларын практикалық тұрғыдан дамыту, күрделі есептерді шығарумен қатар, тест жұмысы, өз бетімен жұмысты жүйелі жүргізу іске асырылады.

         8 сыныпқа арналған «Химияға кіріспе» таңдаулы курсына 34 сағат бөлінген. Осыған орай сұрыпталған тақырыптар саны   33-ке жетті.

Бағдарламаның оқу құралы ретінде оқушының іс-әрекетіне әсері төмендегідей:

ØОқушылардың практикалық дайындығын қамтамасыз етеді;

ØОқушының логикалық ойлауы мен қиялын дамытады;

 

ØОқушылардың жеке шығармашылық жұмыс жүргізуіне жағдай жасалады, оқушы жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, химия пәнін тереңірек түсінеді, оқуға, білімге құлшынысы артады.

Автор
Дата добавления 23.04.2015
Раздел Химия
Подраздел Рабочие программы
Просмотров469
Номер материала 493520
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх