Инфоурок Химия Рабочие программыХимиядан сабақ жоспары. Тақырыбы "Негіз"

Химиядан сабақ жоспары. Тақырыбы "Негіз"

Скачать материал

Шалекенова Зухра Қайыпқызы

Атырау облысы   Индер ауданы

Махамбет атындағы орта мектептің химия  пәнінің жоғары санатты мұғалімі

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Негіздер құрамы, жіктелуі, алынуы, қасиеттері, қолданылуы. 

 

Сабақтың мақсаты:

·         Оқушыларға бейорганикалық қосылыстардың жаңа класы негіздер , олардың құрамы, гидроксотоптың  валенттілігі жөнінде түсінік беру;

·         Ион заряды мен тотығу дәрежесі арасындағы айырмашылықты  көрсету;

·         Қасиеттерін оқыту, суға және индикаторларға әсерін көрсету, алыну жолдарын оқыту;

·         Жіктелуі  және аталуы;

·         Индикаторлар және сапалық реакция жөнінде түсінік беру;

·         Тұрмыста және халық шаруашылығында қолданылуы.

Міндеттері:

·         Оқушыларға негіздердің құрамын  және  қасиетін анықтауға жағдай туғызу;

·         Оқушылардың жалпы және пәнді еркін меңгеру дағдысын дамыту(анализдеу, салыстыру, қорытынды жасай білу, эксперименттік есептерді шешу);

·         Еске сақтау, мағыналы ойлау қабілетін  қалыптастыру мақсатында оқушылардың сабақта өз бетімен жұмыстану дағдысын қалыптастыру;

·         Жеке тұлғаның коммуникативті  дағдысын дамыту;

·         Ұжыммен , жұптасып жұмыс жасауға, өз мүмкіндіктерімен білімдерін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс, зертханалық жұмыс

Оқушылардың іс-әрекеті: тақырыпты кесте , сызба түрінде өз бетімен іздеу, топтасып жұмыс жүргізу.

Сабақ  көрнекілігі: Ерігіштік кестесі, Индикатор кестесі, демонстр. штатив, сынауықтар, сілті ерітіндісі,тұз үлгілері, лакмус қағазы.

Сабақтың барысы

«Түсіну үшін бақылай білу керек»

I.                   Үй тапсырмасын тексеру.

 

Үй тапсырмасын тексеруге арналған сәйкестік тест тапсырмалары.

 а) Төмендегі сұрақтарға сәйкес келетін жауаптарын табыңдар.

1. Оксидтер дегеніміз не?-    3.Сутек атомдарынан және қышқыл

  қалдықтарынан тұратын күрделі заттар.

   2.Тұздар дегеніміз не?-              1. Екі элементтен тұрып оның біреуі

                                                      міндетті түрде оттегі болып келетін күрделі заттар.

3.Қышқылдар дегеніміз не?-            2. Металл атомдарымен  және қышқыл  

                                                                 қалдықтарынан құралған күрделі заттар.

 

б) Формулалар бойынша қосылыстардың кластарын айыру.

1.Оксидтердің химиялық формулалары?-           2.КОН,Са(ОН)2,Cu(OH)2,

2.Негіздердің химиялық формулалары?-             4. Н2SO4,HNO3,H2CO3,

3.Тұздардың химиялық формулалары?-              1. Al2O3,ZnO,CaO,

4.Қышқылдардың химиялық формулалары?-     3. MgSO4,Na24,Ca(NO3)2

 

 

II. Жаңа сабақты түсіну

Мұғалім (сабақтың тақырыбын айтып, мақсатын түсіндіреді): химия пәнін оқу барысында біздер бинарлы қосылыстармен, қышқылдармен таныстық. Бүгінгі сабақта біздер күрделі заттардың жаңа класы  - негіздер туралы оқып танысамыз. Ол үшін тақтадағы жазылған заттардың формуласына назар аударыңыздар:

SO2, Cu(OH)2, Na2O, NaCl, H2SO4, NaOH, CuS, Al2O3, HCl, Al(OH)3, HNO3

 Тапсырма (тақтада екі оқушы өз беттерімен жұмыс жасайды):

1 топ – берілген қосылыстардың ішінен бинарлы қосылыстарды теріп жазыңдар.

2 топ  – бинарлы қосылыстардан басқа формулаларды екі бойға бөліңдер.

Сұрақ: Қандай белгілеріне қарап формулаларды екі топқа бөлдіңдер? Олардың арасындағы ұқсастық неде?

Оқушылар  жауап береді.

Сұрақ: 1) 3- элементтен тұратын күрделі зат кездеседі: Ме, О және  Н
металл ионы  – жай : Ме+, Ме+2, Ме+3

 ОН ионы – күрделі, ион заряды қаншаға тең, құрамындағы әр элементтің тотығу дәрежесіне,немесе екі элементтің тотығу дәрежесінің қосындысынасәйкес келеме:
Тотығу дәрежелері. – О-2 және Н+; екі элементтің тотығу дәрежесінің қосындысы.

 - (О-2Н+1)-1; аталуы - гидроксид ион немесе гидроксотоп.

2)  Ме және ОН иондары арасында химиялық байланыстың қандай түрі бар ?

Және  О пен Н арасында?

3) Негіздерген анықтама беріңдер:
Негіздер дегеніміз-молекулалары металл атомдарынан және бір немесе бірнеше гидроксо-тобынан тұратын күрделі заттар.

4) Металдар өздеріне қанша гидроксотопты қосып алады?  ( Металлдар өздерінің тотығу дәрежелеріне орай  ОН тобын қосады)
http://festival.1september.ru/articles/532270/img2.gif

5) Аталуы:

Мысалы:

NaOH - натрий гидроксиді
Cu(OH)2 – мыстың (II) гидроксиді
Al(OH)3 –  алюминий гидроксиді

«Негіздерге сәйкес оксидтері»

Ме+ ОН - Me2O
Ме+2 (ОН)2 - MeO 
Ме+3 (ОН)3 - Me2O3 
NaOH - Na2O
Cu(OH)2 - CuO 
Al(OH)3 - Al2O3

Элементтің оксидтегі тотығу дәрежесі қанша болса , сәйкес негіздегі тотығу дәрежесі де сонша болады.

Мұғалім: Негіздердің физикалық қасиеттері:    

Негіздердің түстері әр түрлі болады және қатты күйде кездеседі. Суда еритін сілті ерітінділері қолға тигенде сабын тәрізді білінеді және терімен матаны күйдіреді, сондықтан да күйдіргіш сілтілер деп аталады.(Сақтық ережесін еске түсіру)

Демонстрациялық тәжірибе  1: «негіз ерітіндісін алу»

Зертханалық жұмыс1: « Мыстың (II)  және темірдің (III) гидроксидтерін алу»

Мыстың (II)  және темірдің (III)  тұз ерітінділеріне натрий гидроксидін қосыңдар.Не байқадыңдар Қандай белгілеріне қарап реакцияның жүргенін білеміз?

Сұрақ: Алынған заттардың формуласын жазып, ерігіштік кестесінен сілтілер мен ерімейтін негіздерді табыңдар. 1 кестенің  сол жағын толтырыңдар.

Негіздердің жіктелуі  (Кесте  №1)

 

Суда ерігіштігі бойынша

 

Ерігіш (сілтілер)

Ерімейтіндер

Бірнегізді

Екінегізді

Үшнегізді

 

 

KOH

Cu(OH)2

Al(OH)3

 

 

CuOH

Ba(OH)2

Fe(OH)3

 

Сұрақ: Кестенің оң жағындағы формулалар қандай белгісі бойынша бір топқа біріктірілген? (Жауабы:  ОН тобының санына байланысты)

Сұрақ: Алынған заттарды қарап, агрегаттық күйін, түсін, исін анықтаңдар. Нәтижесін  № 2 кестеге жазыңдар.

Кесте  №2

Зат

Агрегаттық күйі

Түсі

Иісі

NaOH

 

 

 

Cu(OH)2

 

 

 

Fe(OH)3

 

 

 

 

Зертханалық жұмыс  №1:Индикатор көмегіменқандай сынауықта су, негіз, қышқыл бар екенін анықтаңдар (лакмус қағазы)Техникалық қауіпсіздік ережесін сақтай отырып ,жұмысты жүргізіп, қорытынды жасаңдар.

Сұрақ:мыс (II) гидроксиді мен  и темір(III) гидроксидінде индикатор түсі өзгереме?.

Оқушылар №2 лабораториялық тәжірибені орындап, қорытынды жасайды.

Берілген ерітінділер:

http://festival.1september.ru/articles/532270/img4.gif

Қорытынды: сілті ерітіндісінде индикатор түсін өзгертеді, ал ерімейтін негіздерде түсін өзгертпейді.

Мұғалім: Оқушылар жасаған жұмыстарыңа қарай отырып сұраққа жауап беріңдер: ортасына қарай түсін өзгертетін қандай зат? Жауабын оқулықтан табуға болады.

Оқушылар:  Реактив, тек бір ғана затты көрсетпейді , сонымен бірге бір топты немесе бір класты толығымен анықтайтын зат.Индикаторлар (лат. «көрсетушілер») – еритін негіздерді анықтайтын реактивтер.

Мұғалім: Сонымен заттарды танып білудің тағы да бір әдісі бар екен. Ол сапалық реакция. Бұл реакция арқылы берілген затты немесе ионды анықтауға болады.

Демонстрациялық тәжірибе 2: (бұл тәжірибені оқушы жасауға болады)

Сынауықтаизвесть суы берілген .Шыны түтікшемен  демалысыңыз арқылы бөлінген көмір қышқыл газын ерітіндіге жіберіңіз. Не байқадыңыз?

(Нәтижесі –ерітіндінің лайлануы)

Қорытынды: Басқа заттарды анықтау үшін қолданылатын заттар реактивтер деп аталады.

Негіздердің практикалық маңызы:

Мұғалім: Біздер негіздер деп аталатын тағы да бір күрделі затпен таныстық. Қалай ойлайсыңдар бұл заттардың практикалық маңызы бар ма? (оқушылардың негіздердің қолданылуы жөнінде жазған мәліметтері тыңдалады)

1)  Натрий гтдроксиді.

2)  Калийгидроксиді. 

3) Кальцийгидроксиді. 

4) Барий гидроксиді

III. Сабақты бекіту.

Мұғалім: Бүгін біздер жаңа күрделі заттар класы негіздермен таныстық .

Осы сабақта алған білімімізді нақтылау үшін төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:

1.      Негіздердің құрамы

2.      Негіздердің аталуы

3.      Аталуы бойынша негіздердің формуласын қалай құрамыз

4.      Негіздердің жіктелуі

5.      Негіздерге қандай оксидтер сәйкес келеді

6.      Сілті ерітінділерін басқа зат ерітінділерінен қалай ажыратамыз.

Өз беттерімен орындауға берілетін тапсырма:

1)      Мына негіздерді жіктеңдер: Ca(OH)2, Cr(OH)3, LiOH, Fe(OH)2

2)      Мына элементерге сәйкес оксидтер мен негіздердің формулаларын жаз:

Sb(II), Bi(III), Rb 
3) «Артық» формуланы тауып , түсіндір:
а) LiOH, Al(OH)3, Ca(OH)2
б) Cu(OH)2, Mg(OH)2, Al(OH)3
в) CuO, SO2, ZnO 
4)Мырыш және калий негіздерін қандай тәжірибемен ажыратуға болады.

 

Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылар жұмыстарымен бөліседі, тапсырманың орындалысы туралы пікір алмасады, қателерін түзетедіжәне бір-бірінің жұмысын бағалайды.

 

IV. Үй тапсырмасы

 § 46оқу ,№ 5-10 жаттығуларды орындау 122 бет.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Химиядан сабақ жоспары. Тақырыбы "Негіз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бренд-менеджер

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 054 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.05.2016 1355
    • DOCX 64 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Махметова Меруерт Аскаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Махметова Меруерт Аскаровна
    Махметова Меруерт Аскаровна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 60072
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по химии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 658 человек

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии в обучении химии в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 482 человека

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 58 человек

Мини-курс

Медико-педагогические аспекты обучения и тренировки

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы профессиональной деятельности эксперта в области индивидуального консультирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация и планирование воспитательной работы в СПО

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе