Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Конспекты / Химиядан 11- сыныпқа арналған сабақ "Сандық есептер: Салыстырмалы тығыздығы мен элементтердің массалық үлестері бойынша газ тектес заттардың молекулалық формуласын анықтау."
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Химия

Химиядан 11- сыныпқа арналған сабақ "Сандық есептер: Салыстырмалы тығыздығы мен элементтердің массалық үлестері бойынша газ тектес заттардың молекулалық формуласын анықтау."

библиотека
материалов

Күні 23.12.2015

Пәні Химия

Сыныбы 11 Мұғалім Оспанова С.К.

Сабақ тақырыбы

«Сандық есептер: Салыстырмалы тығыздығы мен элементтердің массалық үлестері бойынша газ тектес заттардың молекулалық формуласын анықтау.Химиялық формула бойынша заттың мольдік массасын және зат мөлшерін есептеу. Берілген масса немесе зат мөлшері бойынша атомдардың және молекулалардың санын есептеу.

Жалпы мақсат

Есептер шығару арқылы формулаларды, химиялық қосылыстардың формуласын жаза білуге үйрету

Міндеттері

Сандық есептерді шығара білуге дағдыландыру

Нәтижелері

А)Формулалар арқылы есептер шығарады, анықтаманы тұжырымдайды

В) есептерді шығармашылықпен орындап, бағалайды.

Сабақта қолданылатын материалдар

Видеопроектор, постер, фломастер

Оқыту әдістері

Топтық, жұптық, жеке

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, оқушыларды түгендеу, сабақтың тақырыбы мен максатын таныстыру, психологиялық ахуал жасау)

ІІ. Үй жұмысын тексеру

1топ - Қазақстандағы мұнай негізгі кен орындары.

2 топ – Газ және көмірдің негізгі кен орындары.

3 топЭкономикалық тиімділігі, Экологиялық ахуал

Қазақстандағы мұнай,газ және көмірдің негізгі кен орындары

Қазақстандағы газ, мұнай және тас көмір қоры жөнінен әлемдегі табиғи ресурстары бай елдердің қатарына жатады.Көмірсутектің отын, мұнай және табиғи газ бүкіл әлемнің өркендеуінің өзегі болып отыр. Қазақстан әлемдік рынокқа көмірсутекті, отынды шығарушы елдердің бірі.

  • Тас көмір – Қазақстанның энергетикалық ресурстарының негізгі түрі. Республиканың отын балансындағы оның арасалмағы 70 пайызға дейін. Қазақстанда жалпы геологиялық қоры, шамамен 160 миллиард тоннадай болатын тас көмірдің, кокстелетін көмірдің, қоңыр көмірдің түрлері бар.Қазіргі кезде республикада, жалпы алғанда 400-дей кен орнынан жылына 100 млн тоннаға жуық тас көмір мен қоңыр көмір өндіріледі.

Қазақстанның ең ірі көмір базасы-Қарағанды көмір алабы.Республикамыздың орталық бөлігінің 3000 км ауданының алып жатқан Қарағанды көмір алабының жалпы геологиялық қоры 60 млрд тоннаға жуық. Негізгі кен орындары – Абай,Сарань,Шерубайнұра,Шахтинск,Михаеловка және т.б. Көмір қатпарларының тереңдігі 50-300метрге дейін, ал Михаеловкада көмір жер бетіне өте жақын жататындықтан, ашық әдіспен өндіріледі. Қарағанды көмір алабы елімізде жұмсалатын барлық көмірдің тең жартысын береді. Соның ішінде кокстелетін көмір де бар. Маңызы жөнінен Қарағандыдан кейін екінші орынды алатын Қазақстан көмір алабы – Екібастұз. Ол 200 км жуық шағын ауданды алып жатса да,жалпы қоры 17 млрд тоннадай. Екібастұз алабының артықшылығы көмір қабаттарын жер бетіне жақын 100 метрге дейін жатқандықтан, өндіру ашық әдіспен жүргізіледі де, өзіндік құны арзанға түседі. Екібастұз көмірі, негізінен, отын ретінде электр және жылу станцияларында қолданылады. Негізгі кен орындары – Алып, Солтүстік және Шығыс кеніштері.

Қоры жөнінен болашағы зор тас көмір және қоңыр көмір кеніштерін қатарына : Қостанай облысындағы Құсмұрын , Майкөбе, Шығыс Қазақстандағы кендірілікті жатқызуға болады.Бұл жерлерге жақын маңда ірі тұтынушы кәсіпорын және темір жол болмағандықтан, өндіру ісі басталмай отыр, дегенмен жергілікті халық отын ретінде пайдалануда.

Мұнай мен газ- көмірге қарағанда –жану жылуы жоғарғы отын әрі химиялық өнеркәсіп үшін бағалы шикізат. Қазақстанда алғаш рет мұнай бірінші рет дүниежүзілік соғыс кезінде досор, Ембі және Мақатта өндірілді. Қазіргі кезде Қазақстанда 160-тай мұнай кен орны жұмыс істейді. Ал 60-қа жуық кен орында зерттеу жүргізілуде.Негізінен, республикамыздың батыс өңірі – мұнайлы өлке болып табылады.

Атырау өңірін ең алғаш орыс ғалымы Н.А.Северцев зерттеген. Ол 1860 жылы «Горный» журналына қазіргі Доссор туралы есебін жариялаған. Сөйтіп 1899 жылы Атырауда алғашқы мұнай ұңғымасынан мұнай атқылады. Теңіз, Мақат Атырау облысында;Шұбарқұдық, Кеңқияқ Ақтөбе облысында; Қаратөбе, Мартыши, Камышин Орал облысында; Оңтүсітік Маңғыстауда Жетібай, Қарамандыбас, Тасболат, Өзен, Теңге т.б.; Қызылордада Құмкөл және Қумасай, Қызылқия, т.б. кен орындары бар.

Табиғи газ өндірісі- Қазақстанның ең жас өнеркәсіп саласы. Табиғи газ, негізінен, Маңғыстау түбегінде, Ембі алабында, Орал, Атырау кеніштерінде өндіріледі.2001 жылы Жамбыл облысында Амангелді кен орны ашылды. Қазақстан аумағындағы барлық газ қоры – 9,5 трлн м болып есептеледі.Оның 68 пайызы Батыс Қазақстан облысында орналасқан.

Қазақстанда мұнай және газ өндірісінің өсуіне байланысты оларды өңдейтін кәсіпорындар да даму үстінде. Мысалы, Атырау, Павлодар, Шымкент мұнай өңдеу зауыттары. Мұнай өндіру және мұнай- химия өнеркәсібінің дамуына байланысты қоршаған ортаны

қорғау мәселелеріне де көңіл бөлініп отырады..

Экологиялық ахуал

Мұнай суда ерімейтін болғандықтан, суға төгілсе, судың бетін бүркеп, оттектің, ауа құрамындағы басқа газдардың еруіне кедергі келтіреді. Нәтижесінде, табиғи су қоймаларындағы микроорганизмдер мен жануарлардың тіршілігі жойылады. Мұның соңы экологиялық апатқа соқтыруы мүмкін.

Мұнай қалдықтарын қорек ретінде пайдаланып, зиянсыз өнімдерге айналдыратын бактериялар бар екендігі анықталған. Соларды мұнайды өндіру, тасымалдау және өңдеумен байланысты туындайтын ластанулар кезінде пайдалану арқылы қоршаған ортаны экологиялық тұрғыдан қауіпсіз етіп,қорғау мүмкіндігі қарастырылды.

Теңіз кен орнында қоршаған табиғи ортаның жағдайына кешеді мониторинг жүргізіледі. Мысалы, «теңіз-шевройл» компаниясы шаруашалық қызметінің қоршаған табиғи ортаға тигізетін әсерін бақылаудың ТМД елдері ішіндегі ең озық жүйесі жұмыс істейді.

Экономикалық тиімділігі

Мұнай мен газды тасымалдауға байланысты Каспий мұнай құбыры консорциумы, «Батыс Қазақстан-Баку- Джейхан» мұнай құбыры, « Қазақстан- Түркменстан-Иран» мұнай құбыры, « Кеңқияқ-Құмкөл-Қытай» мұнай құбыры, т.б. жобалар іске асырылуда. Олай болса, дұрыс ұйымдастырылған мұнай және газ өнеркәсібі біздің ұлттық экономикамыздың өркендеуіне, жалпы халықтық әлеуметтік тіршілігінің жақсаруына септігін тигізері сөзсіз.


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: Алгоритм

1-есеп. Құрамында көміртектің массалық үлесі 85,7%, сутектің массалық үлесі 14,3% болатын, ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 1,93-ке тең көмірсутектің молекулалық формуласын анықтаңдар.

Берілгені:                  Шешуі:    1. Заттың қарапайым формуласы С×Нy          

w (С)=85,7%            Заттың 100 г үлгісін қарастырайық. Зат құрамындағы           

w (H)=14,3%            элементтердің – көміртек пен сутектің массалары, олардың 

D (ауа)= 1,93            массалық үлестеріне тең болады: m(С)=85,7 г; m(Н)=14,3 г

Т/к: СхНу=?             2. Әр элементтің зат мөлшерін табу үшін, элементтің массасын      

                                  оның молярлық массасына бөлеміз:

    3. Әр элементтің зат мөлшері формуладағы индекстерді көрсетеді.    Молекуладағы атомдардың сандары бүтін болуы керек, сондықтан сандардың кішісін (7,14) бірлік ретінде алып, олардың қатынастарын табамыз:

  Бұл қатынас қосылыс құрамындағы 1 атом көміртекке 2 атом сутек келетінін көрсетеді. Яғни, заттың қарапайым формуласы СН2 болады, ал оның молекулалық массасы 14-ке тең.

4. Салыстырмалы тығыздығы арқылы берілген көмірсутектің нақты салыстырмалы молекулалық массасын табамыз:    Мr(С×Нy) =29*Dауа=29*1.93=56

5. Қарапайым формуланың массасы нақты массадан 4 есе кем екен: 56:14=4. Сондықтан іздеп отырған көмірстутектің молекулалық формуласын шығару үшін қарапайым формула құрамындағы көміртек пен сутектің санын төртке көбейтіп, С4Н8 табамыз.            

                                   Жауабы:  С4Н8

1. 0,5 моль метаннан трихлорметан түзілу үшін қажет хлордың көлемі ( қ.ж.,лиртмен)

А) 33,4

В) 33,2

С) 33,3

D) 33,5.

Е) 33,6

Шешуі: СН4 + 3СІ2 → CНСІ3 + 3НСІ

Vm = 22,4 л/моль

V(СІ2) = ν · Vm = 3 моль · 22,4 л/моль = 67,2 л

0,5 моль CН4 ---- х л СІ2

1 моль CН4 ---- 67,2 л СІ2

hello_html_5b36c4bc.gif

{дұрыс жауабы} = Е

2. Құрамында 80% көміртек, 20% сутек бар органикалық заттың сутек бойынша тығыздығы 15. Осы заттың формуласы.

А) СН4

В) С2Н6

С) С3Н8

D) С4Н10

Е)С5Н10

Шешуі: М(C) = 12 г/моль

m(C) = ν · М(C) = 1 моль · 12 г/моль = 12 г

М(Н) = 1 г/моль

m(Н) = ν · М(Н) = 1 моль · 1 г/моль = 1 г

hello_html_m7a094196.gif

Mr(CxHу) = Mr(H2) ∙ D(H) = 2 · 15 = 30

hello_html_m5290f2be.gif

M(C2H6) = 12 ∙ 2 + 1∙ 6 = 30 г/моль

{дұрыс жауабы} = В

3. Ауамен салыстырғандағы тығыздығы 2-ге тең құрамындағы көміртектің массалық үлесі 82,8%, сутектікі -17,2% болатын көмірсутектің молекулалық формуласы

А) С4Н8

В) С3Н8

С) С5Н10

D) С3Н6

Е)С4Н10

Шешуі: М(C) = 12 г/моль

m(C) = ν · М(C) = 1 моль · 12 г/моль = 12 г

М(Н) = 1 г/моль

m(Н) = ν · М(Н) = 1 моль · 1 г/моль = 1 г

hello_html_729bf601.gif

Mr(CxHу) = Mr(ауа) ∙ D(ауа) = 2 · 29 = 58 г/моль

hello_html_m1ee6b7d7.gif

M(C4H10) = 12∙ 4 + 1∙10 = 58 г/моль

{дұрыс жауабы} = Е

9. Егер жағуға 89,6л оттек жұмсалған болса (қ.ж.) жанған ацетиленнің көлемі (л)

А) 11,8

В) 12,5

С) 13,2

D) 28,3

Е) 35,8

Шешуі: 2C2Н2 + 5О2 → 4СО2 + 2Н2О

V(C2Н2) = 44,8л/моль

V2) = ν · Vm = 1 моль · 22,4 л/моль

V2) = 112л/моль

V2) = ν · Vm = 1 моль · 22,4 л/моль

89,6л О2---- хл C2Н2

112л О2 ---- 44,8лC2Н2

hello_html_65315330.gif

ІV. Үй жұмысы

V. Бағалау Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау

Рефлексия


Бағалау парағы


оқушы

Үй жұмысы

Есептер шығару

Жалпы баға

1





2





3





4










1-есеп. Құрамында көміртектің массалық үлесі 85,7%, сутектің массалық үлесі 14,3% болатын, ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 1,93-ке тең көмірсутектің молекулалық формуласын анықтаңдар.

Берілгені:                  Шешуі:    1. Заттың қарапайым формуласы С×Нy          

w (С)=85,7%            Заттың 100 г үлгісін қарастырайық. Зат құрамындағы           

w (H)=14,3%            элементтердің – көміртек пен сутектің массалары, олардың 

D (ауа)= 1,93            массалық үлестеріне тең болады: m(С)=85,7 г; m(Н)=14,3 г

Т/к: СхНу=?             2. Әр элементтің зат мөлшерін табу үшін, элементтің массасын      

                                  оның молярлық массасына бөлеміз:

    3. Әр элементтің зат мөлшері формуладағы индекстерді көрсетеді.    Молекуладағы атомдардың сандары бүтін болуы керек, сондықтан сандардың кішісін (7,14) бірлік ретінде алып, олардың қатынастарын табамыз:

  Бұл қатынас қосылыс құрамындағы 1 атом көміртекке 2 атом сутек келетінін көрсетеді. Яғни, заттың қарапайым формуласы СН2 болады, ал оның молекулалық массасы 14-ке тең.

4. Салыстырмалы тығыздығы арқылы берілген көмірсутектің нақты салыстырмалы молекулалық массасын табамыз:    Мr(С×Нy) =29*Dауа=29*1.93=56

5. Қарапайым формуланың массасы нақты массадан 4 есе кем екен: 56:14=4. Сондықтан іздеп отырған көмірстутектің молекулалық формуласын шығару үшін қарапайым формула құрамындағы көміртек пен сутектің санын төртке көбейтіп, С4Н8 табамыз.            

Есептер

1. 0,5 моль метаннан трихлорметан түзілу үшін қажет хлордың көлемі ( қ.ж.,лиртмен)

А) 33,4

В) 33,2

С) 33,3

D) 33,5.

Е) 33,6

2. Құрамында 80% көміртек, 20% сутек бар органикалық заттың сутек бойынша тығыздығы 15. Осы заттың формуласы.

А) СН4

В) С2Н6

С) С3Н8

D) С4Н10

Е)С5Н10

3. Ауамен салыстырғандағы тығыздығы 2-ге тең құрамындағы көміртектің массалық үлесі 82,8%, сутектікі -17,2% болатын көмірсутектің молекулалық формуласы

А) С4Н8

В) С3Н8

С) С5Н10

D) С3Н6

Е)С4Н10

9. Егер жағуға 89,6л оттек жұмсалған болса (қ.ж.) жанған ацетиленнің көлемі (л)

А) 11,8 В) 12,5 С) 13,2 D) 28,3 Е) 35,8



Бағалау парағы


оқушы

Үй жұмысы

Есептер шығару

Жалпы баға

1





2





3





4









Бағалау парағы


оқушы

Үй жұмысы

Есептер шығару

Жалпы баға

1





2





3





4








Бағалау парағы


оқушы

Үй жұмысы

Есептер шығару

Жалпы баға

1





2





3





4






Автор
Дата добавления 25.12.2015
Раздел Химия
Подраздел Конспекты
Просмотров2885
Номер материала ДВ-286523
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх