Инфоурок / Химия / Конспекты / ХИМИЯДАН ТАҢДАУ КУРСЫ САНДЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ АВТОРЛЫҚ ЖҰМЫС САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫМЕН

ХИМИЯДАН ТАҢДАУ КУРСЫ САНДЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ АВТОРЛЫҚ ЖҰМЫС САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫМЕН


Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 184 курса профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

«№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі





























САНДЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ



10-сыныпқа арналған химия пәні бойынша

таңдау курсының әдістемелік құралы







Жұманазарова Құралай Алтынбекқызы





















Шиелі, 2015





































Қызылорда облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының Ғылыми-әдістемелік кеңесі ұсынған.

Хаттама №10. 2015 ж. 28 қазан



Пікір жазғандар:

Қызылорда облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының аға оқытушы Серікбаева Жаса

Педагогика ғылымдарының кандидаты Наурызбаева Р.Н.







Әдістемелік құрал 10-11-сыныптардың жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарына арналған химия пәні бойынша дайындалған таңдау курсының бағдарламасы негізінде жасалынған. Бұл әдістемелік құралды оқушылар мен ұстаздар Бірыңғай Ұлттық Тестілеуге дайындық кезінде және химия пәнінің мұғалімдері таңдау курстарын жүргізгенде пайдалануларына болады.









































































Алғы сөз

Есептердің таным процесіндегі ролі өте зор. Есеп шығару кезінде оқушылардың ойлау қабілеттері тез дамиды. Сондықтан орта мектепте математика, физика, химия пәндерінде сандық және сапалық есептер шығар өте маңызды орын алады.

Химия есептерін шығару кезінде оқушылар химия ғылымында қолданылатын теориялардың, ұғымдар мен терминдердің мазмұнын, қосылыстардың химиялық формулалары мен атауларын, химияның негізгі стехиометриялық заңдарын, химиялық реакция теңдеулерін, заттардың физикалық және химиялық қасиеттерін, математикалық формулаларды еске түсіріп, есептің шартында тұжырымдалған нақты мәселелерді шешу үшін қолдануға тырысады, еске түспеген жағдайда оқулықтардан немесе анықтамалық кестелерден өз бетімен іздеп табуды үйренеді. Осылай сан рет қайталау нәтижесінде есеп шығару тәжірибесі қалыптасады. Есеп шығару кезінде пәнаралық байланыстар іске асырылып, ғылым мен өмірдің байланысы ұштастырылады, табиғаттың бірлігі туралы көзқарастар қалыптасады. Сонымен қатар есеп шығару кезінде бұрынғы меңгерілген материалдарды қайталау және қорытындылау жүзеге асып отырады. Сонымен, есеп шығару арқылы білім берудің оқыту, тәрбиелеу және дамыту функциялары жүзеге асырылады.

Осындай маңызды мәселеге орта мектепте осы күнге дейін жеткілікті көңіл бөлінбей келеді. Біріңғай Ұлттық Тестілеу, химиялық олимпиадалар нәтижелерін сараптау, жоғарғы оқу орындарына түскен студенттердің білімін тексеру және студенттердің педагогикалық практикасы кезіндегі жүргізілген бақылау жұмыстары оқушылардың көпшілігінің химия есептерін шығаруды жеткілікті меңгермейтіндігін көрсетеді.

Әдістемелік құрал 10-11-сыныптардың жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарына арналған химия пәні бойынша дайындалған таңдау курсының бағдарламасы негізінде жасалынған. Бұл әдістемелік құралды оқушылар мен ұстаздар Біріңғай Ұлттық Тестілеуге дайындық кезінде және химия пәнінің мұғалімдері таңдау курстарын жүргізгенде пайдалануларына болады.



Курстың мақсаты:

Химия пәнінің заңдылықтарын, қағидаларын, ережелері мен химиялық реакция теңдеулерін сандық есептер шығару арқылы үйрету.

Курстың міндеттері:

  • Сандық есептер шығара білу білігін қалыптастыру;

  • Есеп шығару барысында заттар мен құбылыстар туралы түсініктерін кеңейту және бекіту;

  • Химия заңдылықтарын тереңінен түсіне алатын жеке тұлғаларды тәрбиелеу;

  • Химияны оқыту барысында кәсіптік бағдарлау мәселелерін шешу;

  • Химияға деген танымдық қызығушылығын қалыптастыру;

  • Ұлттық бірыңғай тестілеу мен пәндік олимпиадаларға оқушыларды дайындау.



Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар:

  • Ғылыми деректерден, ұғымдардан, заңдар мен теориялардан тұратын химия ғылымының негізін білу;

  • Химиялық формула;

  • Химиялық реакция теңдеулері;

  • Химиялық реакциялардың энергетикасы;

  • Химиялық реакциялардың жылдамдығы және катализ;

  • Қоспа, оның құрамы;

  • Ерігіштік және ерітінділер;

  • Тотығу-тотықсыздану реакциялары бойынша есептер шығара білу.

Пәнаралық кіріктіру:

физика, математика, биология, химтехнология т.б.

Кәсіптік бағдарлау:

Химик-технолог, фармацевт, химия пәнінің мұғалімі, медицина маманы, инженер-технолог, өндіріс орындарының лаборанттары, санитарлық эпидемиологиялық мекеме қызметкері.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылардың бойында есеп шығару дағдысы қалыптасады;

  • Оқушының химиялық дайындығының деңгейі көтеріледі;

  • Қолданылатын материалдардың қиындығына шек қоймай-ақ, әр оқушының потенциалдық шығармашылық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік береді.

Курстың уақыт көлемі: 34 сағат, аптасына 1 сағат.

Курсты ұйымдастыру формасы:

Теориялық(түсіндіру), практикалық (есептер шығару).

Курсты оқытуды аяқтау формасы:

Бақылау жұмысы, тест тапсырмалары, жоба қорғау, сынақ.































































Курстың тақырыптық мазмұны



Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Кіріспе. Химияны оқытудағы сандық есептердің маңызы.

1

 

 

І тарау. Химияның негізгі заңдары мен түсініктері

2 сағат

 

2

Моль. Мольдік масса.Эквивалент заңдары бойынша есептер.

1

 

3

Атом құрылысы және периодтық жүйе

1

 

 

ІІ тарау. Химиялық формула.

4 сағат

 

4

Формула құру.

1

 

5

Формула бойынша шығарылатын есептер

1

 

6

Органикалық қосылыстардың формуласын құру.

1

 

7

Бақылау жұмысы

1

 

 

ІІІ тарау. Реакция теңдеулері бойынша есептер.

4 сағат

 

8

Реакцияға қатысқан заттардың біреуінің m, v, n берілген болса, өнімнің m, v, n есептеу.

1

 

9

Әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғанда түзілетін заттың массасын есептеу.

1

 

10

Реакцияға түсетін заттар таза күйінде болмағанда реакция нәтижесінде түзілетін заттардың m, v, n есептеу.

1

 

11

Тіркес теңдеулер бойынша есептер.

1

 

 

ІҮ тарау. Химиялық реакциялардың жылдамдығы

5 сағат

 

12/13

Химиялық реакциялардың жылдамдығы

2

 

14/15

Химиялық тепе-теңдік

2

 

16

Бақылау жұмысы

1

 

 

Ү тарау. Химиялық реакциялардың энергетикасы.

4 сағат

 

17

Реакцияның жылу эффектісін анықтау.

1

 

18

Реакцияға қатысушы заттың m, v бойынша, бөлінетін н/се сіңірілетін жылуды есептеу.

1

 

19

Бөлінген жылу шамасы бойынша әрекеттесуші заттардың m, v, n есептеу.

1

 



20

Химиялық реакциялардың энергетикасына арналған тест тапсырмалары

1


 

ҮІ тарау. Қоспаның құрамын анықтау.

6 сағат


21/

22

Бинарлы қоспалар реакцияға түскенде түзілген заттардың m, v, n бойынша қоспа құрамын анықтау.

2


23/24

Күрделі қоспалардың құрамын анықтау.

2


25

Газ қоспасының көлемдік құрамын және салыстырмалы тығыздығын есептеу.

1


26

Бақылау жұмысы

1


 

ҮІІ тарау. Ерігіштік және ерітінді

3 сағат


27

Заттың ерігіштігін анықтау

1


28

Ерітінділерге арналған есептеулер

1


29

Ерітінділерге арналған тест тапсырмалары

1


 

ҮІІІ тарау. Тотығу- тотықсыздану реакциялары

4 сағат


30

Тотығу-тотықсыздану реакциясы бойынша тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың эквиваленттік факторымен эквивалент массасын есептеу.

1


31/32

Электролиз процесіне арналған сандық есептер.

2


33

Бақылау жұмысы.

1


34

Сынақ

1




























































ТАҢДАУ КУРСЫНЫҢ ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫН АЛУ АҚЫЛЫ






Байланыс телефоны (ватсап) : 8-701-859-48-75 Сауле





























Общая информация

Номер материала: ДБ-380698


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG

Похожие материалы

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Химия окружающей среды»
Курс профессиональной переподготовки «Химия: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Методика написания учебной и научно-исследовательской работы в школе (доклад, реферат, эссе, статья) в процессе реализации метапредметных задач ФГОС ОО»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и предоставление туристских услуг»
Курс повышения квалификации «Нанотехнологии и наноматериалы в биологии. Нанобиотехнологическая продукция»
Курс профессиональной переподготовки «Организация логистической деятельности на транспорте»
Курс повышения квалификации «Введение в сетевые технологии»
Курс повышения квалификации «Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по химии в условиях реализации ФГОС ООО»
Курс профессиональной переподготовки «Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Современные образовательные технологии в преподавании химии с учетом ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Корпоративная культура как фактор эффективности современной организации»
Курс повышения квалификации «Актуальные вопросы банковской деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Политология: взаимодействие с органами государственной власти и управления, негосударственными и международными организациями»
Курс профессиональной переподготовки «Техническое сопровождение технологических процессов переработки нефти и газа»
Курс профессиональной переподготовки «Организация системы учета и мониторинга обращения с отходами производства и потребления»