Скачивание материала началось

Предлагаем Вам установить расширение «Инфоурок» для удобного поиска материалов:

ПЕРЕЙТИ К УСТАНОВКЕ
Каждую неделю мы делим 100 000 ₽ среди активных педагогов. Добавьте свои разработки в библиотеку “Инфоурок”
Добавить авторскую разработку
и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Химия Другие методич. материалы"Химиялық элементтер және олардың қасиеттеріне сипаттама" тақырыбында сабақ жоспары

"Химиялық элементтер және олардың қасиеттеріне сипаттама" тақырыбында сабақ жоспары

библиотека
материалов

21-қараша

Сабақ тақырыбы:

Химиялық элементтер және олардың қасиеттеріне сипаттама

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың химиялық элементтердің периодтық жүйсіндегі орны бойынша элементтің және оның қосылыстарына сипаттама беру, элементтің басты сипаттамалары, олардың атом құрылысы мен өзара байланысы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: өз бетінше ойлауға, өздігінен жұмыс істеуге және өз білімін бағалап тексеру дағдысын дамыту.

Тәрбиелік: білім алуға, еңбек етуге, жауапкершілікке, бірін-бірі сыйлауға, уақытты тиімді пайдалануға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: ХЭПЖ кестесі, Слайд-презентация

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Әдіс тәсілдері:ауызша сұрақ-жауап, жазбаша жұмыстар, топтық тапсырмалар орындау





Периодтық заң мен периодтық жүйені

болашақта күйреу емес өзгерістер

мен даму ғана күтіп тұр.

Д. И. Менделеев



Сабақ кезеңдері 1. Ұйымдастыру
2. Топтарға бөліну
3. Кім көп біледі?
4. Химиялық диктант
5. Жаттығулар орындау
6. Менің көршілерім
7. Элементке сипаттама

8. Бағалау

1. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгелдеп, жаңа сабаққа назар аударту.

2. Топтарға бөліну кезінде оқушылар бір топқа жататын элементтер арқылы топтасады.

3. Кім көп біледі? Топтарға ауызша сұрақтар беріледі. Жауаптарын саралап топ жетекшілері бағаларын бағалау парақтарына қойып отырады.

4. Химиялық диктант

Периодтық жүйені ... жылы, ... ашқан. Элементтер периодтық жүйеде ... бойынша орналасқан. Периодтық жүйе жеті .... сегіз .... он .... құралған. Кіші периодтар ... қатардан, ал үлкен периодтар .... қатардан тұрады. Әрбір период ... басталып, ... аяқталады. Әр топта негізгі және қосымша ... болады. І топта ... орналасқан. Әр элементтің реттік номері оның ... сәйкес келеді.

Дұрыс нұсқасы:

Периодтық жүйені 1869 жылы, Д. И. Менделеев ашқан. Элементтер периодтық жүйеде атомдық салмақтарының өсуі бойынша орналасқан. Периодтық жүйе жеті период, сегіз топтан он қатардан құралған. Кіші периодтар бір қатардан, ал үлкен периодтар екі қатардан тұрады. Әрбір период сілтілік металдан басталып, инертті элементермен аяқталады. Әр топта негізгі және қосымша топша болады. І топта сілтілік металдар орналасқан. Әр элементтің реттік номері оның электрон санына (протон зарядына) сәйкес келеді.

5. Жаттығулар орындау

1

Реттік номерлері 4,11,15 элементтердің атом ядросы құрамындағы нейтрон сандарын анықтаңдар.

2

Периодтық жүйеде №13,16,19 элементтердің жоғарғы оксидтерінің, №6,7,9 элементтердің ұшқыш сутекті қосылыстарының формуласын жазыңдар.

6. Менің көршілерім

Элементтердің периодтық жүйедегі орнына сай орындарын тауып орналасу

7. Элементке сипаттама

Перфокартамен жұмыс

Элементке сипаттама (үлгі)

Таңбасы: Н Ядро заряды: +1

Атауы: сутек Электрон саны: 1

Реттік номері: 1 Нейтрондар саны: 0

Период: І Жай затының қасиеті: метал – бейметал

Топ: І Валенттілігі: І

Топша: негізгі Жоғарғы оксидінің формуласы: Н2О



Тақырыпқа сай ойтолғау

Менделеев кестесі”

Балалықпен байқамаппын, ол кездерде аңғалмын,

Менделеев кестесіне қарап кеше таң қалдым.

Таң қалдым да ойға шомдым, жасырамын несіне,

Химия емес, осы кесте салды өмірді есіме.

Кім ойлаған формулалар қозғайды деп шеріңді,

Ұядағы әр элемент бір тағдыр боп көрінді.

Анау емес, мынау емес – Титан болу сырың ба?

О, жасаған! Титан неге жиырма екінші орында?

Темірдей деп мақтаушы едік,

Темірдің де кезі өткен

Кезі өтпесе, тұрар ма еді 26-шы кезекде.

Былқ етпейтін сабырлы да, салмақты болғасын,

Тоғызыншы қатарға әрең ілігіпті қорғасын.

Ал орнын сұрама сен,

Айтуға оны ұялам.

Сығалайды ол бейшара ақырғы бір ұядан

Элементтер ішінде де қатты сірә, қақтығыс,

Шылапшындық мысыңнан да тұр кейіндеу ақ күміс.

Күміс дейміз

Күмістің де өмір емес өмірі -

Екінші емес, -

Үшінші емес -

Қырық жетінші нөмері.

Қалай саған ұнай ма бұл?

Ұнаса егер, ал тыңда:

Жүлделі орын тимей қалған платина,

Алтынға!

Жетпес сегіз,

Жетіп тоғыз -

Екеуінің кезегі

Екеуі де жаратқаннан бір қиянат сезеді.

Тас-талқанын шығарғысы келгендей бір шетінен,

Платина сұп-сұр болып, қаны шыққан бетінен

Құрметті тор тимесе егер шын асылда барма айып?

Өз орынын күте-күте кеткен алтын сарғайып.

Қ. Мырзалиев

Бағалау

Үйге тапсырма:

"Химиялық элементтер және олардың қасиеттеріне сипаттама»

Курс профессиональной переподготовки
Учитель химии
Курс профессиональной переподготовки
Учитель биологии и химии
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Химия окружающей среды»
Курс профессиональной переподготовки «Химия: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Нанотехнологии и наноматериалы в биологии. Нанобиотехнологическая продукция»
Курс профессиональной переподготовки «Организация логистической деятельности на транспорте»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания конституционного права с учетом реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по химии в условиях реализации ФГОС ООО»
Курс профессиональной переподготовки «Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Источники финансов»
Курс повышения квалификации «Методы и инструменты современного моделирования»
Курс повышения квалификации «Современные образовательные технологии в преподавании химии с учетом ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Управление сервисами информационных технологий»
Курс профессиональной переподготовки «Техническое сопровождение технологических процессов переработки нефти и газа»
Курс профессиональной переподготовки «Организация системы учета и мониторинга обращения с отходами производства и потребления»
Курс профессиональной переподготовки «Гражданско-правовые дисциплины: Теория и методика преподавания в образовательной организации»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.