Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Химия / Конспекты / Химиялық реакциялардың типтері қосылу,айырылу күнделікті сабақ жоспары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Химия

Химиялық реакциялардың типтері қосылу,айырылу күнделікті сабақ жоспары

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакциялардың типтері: қосылу, айырылу.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Химиялық реакциялардың типтері: қосылу, айырылу туралы оқушыларға

түсінік беру;

Дамытушылық: Химиялық реакциялардың төрт типіне тоқтала отырып, реакция

теңдеулерін жазып, оны айтып беру дағдысын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлесе жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру

2. Үй тапсырмасын тексеру.

3. Жаңа сабақ.

Сан алуан химиялық реакцияларды реагенттер мен өнімдерге олардың құрамындағы өзгерістерге қарап, 4 типке бөледі.

  1. Қосылу реакциясы. Бұл типке заттардың өзара бірігуінен жаңа күрделі заттың түзілуі жатады. Мысалы, темір мен күкіртті қосып қыздырғанда әрекеттесуі.

Fe + S = FeS (темір сульфиді)

Сөндірілмеген әкті СаО сумен қосып сөндіру реакциясында, екі күрделі заттың бірігуінен одан да күрделірек-сөндірілген әк (кальций гидроксиді) алынады:

СаО + Н2О = Ca(OH)2

Үш зат бірігіп бір күрделі затқа айнала алады. Мысалы, сөндірілген әкке су қосып, көмірқышқыл газын бірге жіберсе, бір зат (кальций гидрокарбонаты) түзіледі.

СаО + Н2О + СО2 = Ca(НСО3)2

Екі немесе бірнеше заттың бірігіп, бір күрделі затқа айналуын қосылу реакциясы деп атайды.

Қосылу реакциясына ең кемі екі зат қатынасады. Табиғатта үздіксіз жүріп жататын қосылу реакциясына мысал ретінде темірдің қоршаған ортаның әсерінен таттануынан алайық. Темір бұйым ылғал ауада оттек және судың молекулаларын қосып алып, біртіндеп баяу желіне бастайды:

2Fe + O2 + 2H2O = 2Fe(OH)2

Мұнда да үш зат бірігіп бір күрделі затқа-таттанған темірге (темір (ІІ) гидроксидіне) айналып тұр.

  1. Айырылу реакциясы. Бұл типке бір күрделі заттың ыдырап, қарапайымдау заттарға айналу реакциялары жатады. Оған су молекуласының тұрақты токтың әсерінен ыдырауының химиялық теңдеуін мысалға алайық:

2О 2Н2↑ + О2

Қазақстан жерінде көп кездесетін табиғи байлық-әктастың қызудың әсерінен айырылуын қарастырайық: СаСО3 → СаО + СО2

Айырылу реакциясына реагент ретінде тек бір ғана күрделі зат қатынасады, ал шығатын өнімдер бірнеше жай және күрделі зат түрінде бола алады. Оны бұдан бұрын да кездескен үйдегі «марганцовка» деп аталатын күрделі заттың ыдырауынан көруге болады:

2KMnO4 = K2MnO4 + MnO2 + O2

Мұнда бастапқы күрделі зат айырылғанда жаңа 2 күрделі, 1 жай зат түзіліп тұр.

Бір заттың бірнеше затқа айналып ыдырауын айырылу реакциясы деп атайды.

Табиғи заттардың көбі қыздырғанда ыдырап, қарапайымдау заттарға айналады. Әдемі көкшіл түсті малахит миералының ұнтағын сынауыққа салып кызыдырып көрсек, оның ыдырауының нәтижесінде, газ күйінде бөлінетін өнімдердің бірі- су сынауықтың аузына таман келгенде, бу күйінен сұйық тамшыға айналып мөлдіреп тұрады. Ал бөлінген газды әк суынан өткізгенде ақ түсті тұнба түзіліп, оның көмірқышқылгаз екендігін дәлелдейді. Малахит ыдырап, жасыл түсті заттан қара ұнтаққа (мыс оксидіне) айналады. Бұл тағы да бір жаңа заттың түзілгенін айғақтайды.

Сu(OH)2 ∙ CuCO3 = 2CuO + CO2↑ + H2O

4.Бекіту

1.Химиялық реакцияның неше типі бар?

2. Қосылу реакциясы деген не?

3. Айырылу реакциясы деген не?

5.Бағалау 6.Үйге тапсырма: §19 оқу, ереже жаттау. (6,7-жаттығу)


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 03.11.2015
Раздел Химия
Подраздел Конспекты
Просмотров549
Номер материала ДВ-118544
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх