Инфоурок / Информатика / Конспекты / И-6-7. Алгоритм және оның атқарушылары, алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям рекомендуем принять участие в Международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

СЕГОДНЯ (15 ДЕКАБРЯ) ПОСЛЕДНИЙ ДЕНЬ ПРИЁМА ЗАЯВОК!

Конкурс "Я люблю природу"

И-6-7. Алгоритм және оның атқарушылары, алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм және оның атқарушылары, алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар

Сынып: 7

Мерзімі: 26.10.2013

Сабақ мақсаттары:

Білімділік: оқушыларды алгоритм және оның атқарушылары ұғымдарымен таныстыру.

Дамытушылық: алгоритмді жазу пішімдерінің айырмашылықтары мен ерекшеліктерін түсіндурі, алгоритмді блок-схема түрінде жазуға үйрету

Тәрбиелік: оқушыларды нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты ұсыну

Құралдар: интербелсенді тақта, оқулық,

Әдіс-тәсілдер: «Тыңдап отырған үштік», «Постер жасау», «Топтық жұмыс», "Телеграмма" әдістері.

Оқыту нәтижесі: жаңа ұғымдарды меңгереді, білімдерін толықтырады

Сілтеме: Б.Бөрібаев, Б.Нақысбекова, Г.Мадьярова «Информатика» 9-сынып, 1.1 – 1.3 т, 5 – 11 б


САБАҚ БАРЫСЫ

Уақыты

(мин)

Кезеңдер:

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Қолданылатын модуль

8 мин

I.Ұйымдастыру


Оқушылар жұптасып бір-бірімен амандасады. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу; кабинеттің, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру; психологиялық күйін анықтау. Барлық оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін оқушылармен «Эделвейс» биіне таңғы жаттығу жасау. Оқушыларды туған күндері бойынша (көктем-жаз, күз-қыс) 2 топқа бөлу.

Жұптасып бір-бірімен амандасады, кезекші оқушы сынып оқушыларының сабаққа қатысуы туралы мәлімет береді. Оқушылар туған күндерінің жыл мезгілдеріне байланысты 2 топқа бөлінеді.


ЖЕСО


5 мин

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Топпен жұмыс

«Тыңдап отырған үштік» әдісін қолданып, өткен тақырып бойынша А-оқушы сұрақ қояды,

В-оқушы сұраққа жауап береді,

С-оқушы сұрақтар мен жауаптарды бақылап, соңында топтың жауаптарын талдап, қате болған жағдайда өз жауабын дәлеллдейді

- Операциялық жүйе дегеніміз не?

- ОЖ түрлерін ата?

- Көп міндетті және бір міндетті ОЖ айырмашылығы неде?

  1. Топпен жұмыс

«Тыңдап отырған үштік» әдісін қолданып, өткен тақырып бойынша А-оқушы сұрақ қояды,

В-оқушы сұраққа жауап береді,

С-оқушы сұрақтар мен жауаптарды бақылап, соңында топтың жауаптарын талдап, қате болған жағдайда өз жауабын дәлеллдейді


ОЖТ

СТО

2 мин

ІІІ.Оқу-танымдық әрекетіне дайындық

- Қандай да бір нәтижеге қол жеткізу үшін біз не істеу керекпіз?

- м-ы есікті ашу

1-кілтті қалтадан алу

2-кілтті құлыпқа салу

3-кілтті екі рет оң жаққа бұру

4-кілтті алу

5-есікті ашу

Егер бұл іс-әрекеттердің орнын ауыстырса, онда біз нәтижеге жете алмаймыз

Сондықтан қандай да бір нәтижеге бағытталған әрекеттер тізбегін информатикада алгоритм деп атайды.

- жоспар құру керек

- қадам-қадаммен іс-әрекет жасау керек



СТО

10 мин

IV.Жаңа оқу материалын таныту

Мәтінмен жұмыс.

1-топ Алгоритм.

2-топ Алгоритмнің жазылу жолдары

Мәтінді оқып (4 мин), топта талқылау(3 мин) Түсінгенін постер бетіне түсіру (2 мин), қорғау (1 мин)

Мәтінді оқиды, топта талдап, түсінгендерін постер бетіне түсіреді. постерлерін топ алдында қорғайды

ТжДБО

СТО

10 мин

V.Бiлiмдерін бекiту.

Тапсырма №1

1 топ - жұмыртқа пісіру алгоритмін құру







2-топ - сүт қайнату алгоритмін құру







Тапсырма №2

1-топ

у=а+в+с үш санның қосындысын есептейтін алгоритмді блок-схема түрінде кескіндеу












2-топ

у=а*в*с үш санның көбейтіндісін есептейтін алгоритмді блок-схема түрінде кескіндеу













Тапсырма №3 алгоритм бойынша у-тің мәнін өрнектеуге арналған формула жазу

1 топ

  1. х-ті х-ке көбейтіп, нәтижені А1 деп өрнекте

  2. А1-ді 5-ке көбейтіп,нәтижені А2 деп өрнекте

  3. А2-ден 6-ны азайтып, нәтижені А3 деп өрнекте

  4. А1-ге 4-ті қосып, нәтижені А4 деп өрнекте

  5. А2-ні А4-ке бөліп, нәтижені

у деп өрнекте

2 топ

1. х-ке 1-ді қосып, нәтижесін В1 деп өрнекте

2. 1-ді В1-ге бөліп, нәтижесін В2 деп өрнекте

3. В2-ден 1-ді азайтып, нәтижесін В3 деп өрнекте

4. В2-ге 1-ді қосып, нәтижесін В4 деп өрнекте

5. В3-ті В4-ке бөліп, нәтижесін В5 деп өрнекте

6. В5-тен 1-ді азайтып, нәтижесін у деп өрнекте

1-топ

1. плитаны қосу

2. табаны қою

3. сұйық май құю

4. жұмыртқаны салу

5. тұз қосу

6. плитаны өшіру

7. табаны алу


2 топ

1. плитаны қосу

2. ыдыс қою

3. сүтті құю

4. қайнағанын күту

5.плитаны өшіру

6. ыдысты алу


1 топ

hello_html_m5d43ee4e.png

2-топ

hello_html_33a252eb.png



Тапсырма № 3

1 топ

hello_html_m757d2ceb.gif











2 топ

hello_html_m6badb5d4.gif


АКТ

ОЖТ

4 мин

VI. Бағалау.

Тест жұмысы

Жабық тест

1. Алгоритм бұл

2. Алгоритмді кескіндеу формаларын ата

3. Алгоритм қандай түрлері бар?

Тест жұмысын орындау



ОүБ,ОБ


1 мин

VII. Үй тапсырмасы туралы мәлімет

Үйге берілген тапсырманы хабарлау, оның орындау әдiстемесiн түсiндiру

Бір формула мәнін өрнектеуге арналған алгоритм жазу

Оқушылар үйге берген тапсырманы күнделікке жазады. Сұрақтары болса сұрайды


5 мин

VIII.

Қорытынды


"Телеграмма"

Тақтаға сабақтың тақырыбына байланысты АЛГОРИТМ сөзі жазылады. Әрбір оқушы журнал тізімі бойынша сөздің бірінші әріпіне сол әріптен басталатын сөзден тұратын, екінші оқушы екінші әрпінен басталатын сөзден және т.с.с. тақырыпқа сай телеграмма жазулары керек. Осылайша ойын жалғаса береді. Соңында әрбір оқушы телеграммаларын оқып, өз ойларымен бөліседі

Әрбір оқушы журнал тізімі бойынша сөздің бірінші әріпіне сол әріптен басталатын сөзден тұратын, екінші оқушы екінші әрпінен басталатын сөзден және т.с.с. тақырыпқа сай телеграмма жазулары керек. Осылайша ойын жалғаса береді. Соңында әрбір оқушы телеграммаларын оқып, өз ойларымен бөліседі

ОЖТ

СТО





Тапсырма №1


1 топ - жұмыртқа пісіру алгоритмін құру


Тапсырма №2

1-топ

у=а+в+с үш санның қосындысын есептейтін алгоритмді блок-схема түрінде кескіндеу



Тапсырма №3 алгоритм бойынша у-тің мәнін өрнектеуге арналған формула жазу

1 топ

  1. х-ті х-ке көбейтіп, нәтижені А1 деп өрнекте

  2. А1-ді 5-ке көбейтіп,нәтижені А2 деп өрнекте

  3. А2-ден 6-ны азайтып, нәтижені А3 деп өрнекте

  4. А1-ге 4-ті қосып, нәтижені А4 деп өрнекте

  5. А2-ні А4-ке бөліп, нәтижені у деп өрнекте

Тапсырма №1


2-топ - сүт қайнату алгоритмін құру


Тапсырма №2

2-топ

у=а*в*с үш санның көбейтіндісін есептейтін алгоритмді блок-схема түрінде кескіндеу



Тапсырма №3 алгоритм бойынша у-тің мәнін өрнектеуге арналған формула жазу

2 топ

1. х-ке 1-ді қосып, нәтижесін В1 деп өрнекте

2. 1-ді В1-ге бөліп, нәтижесін В2 деп өрнекте

3. В2-ден 1-ді азайтып, нәтижесін В3 деп өрнекте

4. В2-ге 1-ді қосып, нәтижесін В4 деп өрнекте

5. В3-ті В4-ке бөліп, нәтижесін В5 деп өрнекте

6. В5-тен 1-ді азайтып, нәтижесін у деп өрнекте


Бағалау парағы 1 топ


Оқушының аты

Үй тапсырмасы


Топта жұмыс жасауы

1тапсырма

2тапсырма

3тапсырма

Жалпы ұпайы

Бағасы

1










2










3










4










22 – 25 ұпай – «5»

18 – 21 ұпай – «4»

13– 17 ұпай – «3»

1 – 12 ұпай – «2»


Бағалау парағы 2 топ


Оқушының аты

Үй тапсырмасы


Топта жұмыс жасауы

1тапсырма

2тапсырма

3тапсырма

Жалпы ұпайы

Бағасы

1










2










3










4










22 – 25 ұпай – «5»

18 – 21 ұпай – «4»

13 – 17 ұпай – «3»

1 – 12 ұпай – «2 »

Алгоритм


«Алгоритм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми ( 763-850 ж.ж) есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми) болып жазылуына шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көп орынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.

Әл-Хорезмидің ұсынған тәсілін жатқаушыларды алгоритмдіктер деп, ал «алгоритм» ұғымын бірқатар қасиеттері бар ережелер жүйесі деп атаған. Қазіргі кезде «алгоритм» ұғымы тек математикалық есеп шешу әдісімен ғана шектелмейді. Оның мағынасы әлдеқайда кең. Әрбір компьютер алдын-ала берілген алгоритммен, яғни жоспарлы жұмыс істейді.

Алгоритм дегеніміз – іс әрекеттің рет-ретімен орындалуы. Кез-келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритімді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.

Программа компьютерге түсінікті командалардан тұрады. Осы командалар тізбе орындау соңында есептің нәтижесі шығады. Командалар тізбегін – программа қарастыруға болады. Команда бір ғана қарапайым амалды орындау үшін берілген бұйрық ретінде қабылданады. Командалар: арифметикалық немесе логикалық амал; ақпарат тасымалдау командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; нәтижені экранға, қағаз басып шығару командасы; келесі командаға көшу тәртібін орындау; т.б. болып бөлінеді.


Алгоритмнің орындалу


Күнделікті тұрмыстан алгоритмге бір мысал келтірейік. Студент болу үшін алгоритм мынадай қадамдарын орындау керек:

  1. Мектепті тәмамдау.

  2. Бірыңғай ұлттық тестілеуден өту.

  3. Керекті құжаттарды, аттестаттың түп нұсқасын емтихан қорытыдысымен белгілі бір мамандықты көрсетіп, конкурсқа тапсыру.

  4. Конкурстан өту.

  5. Таңдаған мамандығы бойынша оқитын жоғары оқу орнын анықтау.

Бұл пункттердің орнын ауыстыруға болмайды. Олар көрсетілген ретпен кезек-кезек орындалуы тиіс. Сонда ғана көздеген нәтижеге қолымыз жетеді.

Алгоритм – информатика мен есептеу техникасының іргелі ұғымдарының бірі.

Техникалық құрылғылдары дұрыс пайдалана алу үшін есеп шешу жолы, яғни орындалатын іс-әрекеттердің тізбегі әрі түсінікті, әрі нақты болуы қажет.
















Алгоритм

Алгоритм дегеніміз – іс әрекеттің рет-ретімен орындалуы. Кез-келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритімді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.


Алгоритм жазу жолдары

Алгоритмді компьютерде орындау үшін оларды алдын-ала жазып алу керек. Жалпы жағдайда, алгоритм жазудың келесі түрлері қабылданған:

1) табиғи тілдегі жазылуы;

2) алгоритмдік тілде жазу (белгілі бір түйінді сөздер – терминдер арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу);

3) графиктік жолмен жазу;

4) программалау тілдеріндегі жазылуы.

Бірақ табиғи тілде жазылған алгоритм компьютерде орындалмайды, өйткені бұл жағдайда дәлдік, нақтылық сақталмайды. Алгоритмдерді графиктік жолмен жазу, кейіннен осы программалау тіліндегі программаға айналдыру жұмысы мемлекеттік стандартпен бекітіліп, ақпарат өндеу жұмысында кеңінен қолданылады.

Алгоритмді алгоритмдік тілде кескіндеу

Алгоритмнің жалпы түрі:

алг алгоритмнің аты

басы

алгоритм командалары (серия)

соңы

Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі

Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі – кең таралған әдіс. Бұл – жазудың түсінікті, анық, көрнекі түрі болып табылады. Алгоритмдерді графиктік жолмен жазудың мемлекеттік стандарты анықталған. Онда кез-келген амал белгілі бір геометриялық фигурамен өрнектеледі. Олар фигуралар немесе блоктар, амалдар немесе операциялар символы деп те аталады. Блоктар бағытталған сызықтармен байланысып, бірінен соң бірі ретімен орналысады. Ақпарат өңдеудің әрбір буыны немесе орындалатын операциялар реті алгоритм схемасымен айқындалады. Алгоритм схемасын оның блок схемасы деп аталады. Алгоритм блоктарының ішінде орындалатын іс-әрекеттің мазмұны жазылады. Блок схемада пайдаланатын фигуралар оның блоктары, ал оларды бір-бірімен қосатын сызықтар байланыс сызықтары деп аталады.

Блоктар кескіндемесі

Блоктар қызметі

1


hello_html_m611c6e98.gif

Алгоритм басы

2


hello_html_m3a6fd0db.gif

Алгоритм соңы

3


hello_html_m57369e8a.gif

Есептеуіш әрекет

4


hello_html_m6dfba936.gif

Мәліметтерді енгізу, мәліметтерді шығару


5



hello_html_m2cc5ebcc.gifhello_html_57aed7ff.gifhello_html_m2bddf96.gifhello_html_57aed7ff.gif

hello_html_m30b3c085.gif жоқ иә


Шартты тексеру

6

hello_html_617f6066.gif

Циклдың басы


7

hello_html_343addde.gif

Байланыс бағытын көрсету


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы:  Алгоритм және оның атқарушылары, алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар

Сынып: 

Мерзімі: 

Сабақ мақсаттары:

Білімділік:   оқушыларды алгоритм және оның атқарушылары ұғымдарымен таныстыру.

Дамытушылық: алгоритмді жазу пішімдерінің айырмашылықтары мен ерекшеліктерін түсіндурі, алгоритмді блок-схема түрінде жазуға үйрету

Тәрбиелік:  оқушыларды нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты ұсыну

Құралдар: интербелсенді тақта, оқулық,

Әдіс-тәсілдер: «Тыңдап отырған үштік», «Постер жасау», «Топтық жұмыс», "Телеграмма" әдістері.

Оқыту нәтижесі: жаңа ұғымдарды меңгереді, білімдерін толықтырады

 

Сілтеме: Б.Бөрібаев, Б.Нақысбекова, Г.Мадьярова «Информатика» 9-сынып, 1.1 – 1.3 т, 5 – 11 б

Общая информация

Номер материала: 419533

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>