Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Ы. Алтынсарин әңгімелері-тәрбиенің алтын діңгегі (Ыбырай әңгімелеріндегі адамгершілік мәселесі)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Ы. Алтынсарин әңгімелері-тәрбиенің алтын діңгегі (Ыбырай әңгімелеріндегі адамгершілік мәселесі)

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері-тәрбиенің алтын діңгегі (Ыбырай әңгімелеріндегі адамгершілік мәселесі)

Мақсаты: Ы. Алтынсариннің шығармашылығымен тереңірек таныстыру, әңгімелерінің тақырыбы мен идеясын мәтінге сүйене отырып ашу, әңгімелерге талдау жасау.

Міндеттері:1.Білімділік: Ы.Алтынсариннің әңгімелеріне тоқтала отырып,әңгіменің идеялық мазмұнын талдау,оқушыларға ойландыратын сауалдар бере отырып,пікірін тыңдау,қорытынды жасату, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

2.Дамытушылық: Әңгімелердің мәнін түсіне білуге, өзіндік талдау, жинақтау жасап, ойлай білуге дағдыландыру, жеке, топтық жұмыста шапшаңдық, тапқырлық танытуға, ойын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру; Теориялық білімдерін дамыту арқылы шығармашылық ізденіске баулу.
3.Тәрбиелік: Ұлы ағартушының өмірлік ұстанған принциптері мен биік мұраттары болашақтың қамы екеніне тоқтала келіп, оқушының ел, Отан, болашақ алдындағы борышын сезінуге, елін, жұртын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ізденіс - талдау сабағы
Әдіс - тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау , топтық жұмыс, модель қорғау, болжау бөлімі, шығармашылық жұмыс.
Күтілетін нәтиже:
1. Ыбырай әңгімелерінің тақырыбы мен идеясына тоқталады.
2. Әңгімелеріне талдау жасайды.

3. Өзіндік ойларын ашық, анық жеткізе алады.
Сабақтың жабдықталуы: Ыбырай Алтынсарин туралы слайд , тірек-сызбалар
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезең:
Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Оқушыларды үш топқа бөлу. Бағалау парақтарын топ басшыларына тарату.

Қызығушылығын ояту.
- Сендердің бүгінгі және ертеңгі, болашақтағы мақсаттарың не?
Осы сұраққа мына түрде жауап береді:
- Оқу, білім алу,
- Тәрбиелі, саналы азамат болу.
- Өзіміздің кейінгі ұрпақтарға үлгі - өнеге көрсету.
- Ол үшін не істеу керек?
Үлкенді тыңдап, кішіге қамқорлық көрсетіп, сабақты зейін қоя тыңдау керек. Біз ата - бабаларымыздың салт - дәстүрін жаңғыртатын, жаңалыққа ұмтылатын ізденімпаз оқушыларымыз!

Біздің бүгінгі және ертеңгі, болашақтағы мақсатымыз не

Білімді, мейрімді, өнерлі, инабатты, жігерлі, тату, кішіпейіл, намысты
Сабақтың мақсатымен таныстыру

Мозайка .(Топқа бөлу, топ атын қойғызу ,берілген сурет қиындыларын жинақтау, тақырып қою. Топ жетекшілерне бағалау парағын беру )


I топ II топ III топ

«Тәрбие» «Еңбек» «Отбасы»

hello_html_31f3790c.jpghello_html_m4fd4311a.jpghello_html_6e62ca04.jpg


Үй тапсырмасы:

1. Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына байланысты 4-5 бағыттан тұратын эвристикалық карта жасау (Әр топ жасаған карталарын жинап , басқа топқа береді , топ мүшелері тексереді , баға қоя)

2. Ы.Алтынсариннің әңгімелерін толық оқып танысу, мазмұнын білу

Жаңа тақырып

1. Әр топқа әңгімелердің аттары жазылған карточкалар таратылады . Топ өзіне берілген тақырыпқа қатысты әңгімелерді жинақтайды.

«Өрмекші , құмырсқа, қарлығаш», «Сәтемір хан», «Атымтай жомарт», «Әке мен бала»,«Мейірімді бала», «Аурудан аяған күштірек», «Алты»,«Әдеп»,

«Бақша ағаштары», «Талаптың пайдасы», «Тышқанның өсиеті», «Зеректік»

Еңбекке баулитын әңгімелері: «Өрмекші , құмырсқа, қарлығаш», «Сәттемір хан», «Атымтай жомарт», «Әке мен бала».

Адамгершілікке баулитын әңгімелері: «Мейірімді бала», «Ауруды аяған күштірек», «Алтын шекілдеуік», «Әдеп»

Тәрбиеге баулитын әңгімелері: «Бақша ағаштары», «Талаптың пайдасы», «Тышқанның өсиеті», «Зеректік».

2. Әр топқа бір әңгіме мәтінін беріп, әңгімеге талдау жасату:

Авторы

Әңгіменің аты, жанры

Тақырыбы , идеясы

Кейіпкерлері

Композициялық талдау((Әңгіменің басталуы, әңгіменің дамуы,

әгіменің байланысы, әңгіменің шиеленісуі, әңгіменің шешімі)

Бүгінгі өмірмен байланысы

I топ «Әдеп»

Бір жұрттың бас әкімі екінші бір байға жолығысып сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатып иіліп, басұрып сәлем берді дейді. Оған қарсы әлгі үлкен әкім төре онан да төменірек басұрып сәлем алды. Қасындағы бай: - Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, осы бір мұжыққа неге сонша басұрасыз? - деп айтты дейді. Сонда әкім: - Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде, мен онан әдепсіз болып қалайын ба? - деді дейді.

II топ «Мейірімді бала»

Қытай жұртында ескі заң бар, біреуді алдағандығы мойнына түскен кісінің қолын кесетұғын. Бір төре осындай іспен күнәлі болып, әлгі айтылған жазаны беруге тұрғанда, күнәлі төренің жас қыз баласы әкем үшін жауап беремін деп, мәлім болды. Қызды патшаға алып келісті. - Тақсыр патшам,- деді қыз,- менің әкем жазаға лайық болғаны рас, соның үшін қолынан айрылуы керек болды, мінекей, тақсыр, әкемнің қолы,- деп өзінің қолын көтерді


III топ «Малды пайдаға жарату»

Бір үйші жұмысымен кеп мал тауып тұрса да, сонша азбен қанағат етіп, аз жұмсап тұрады екен. Бір күні көршісі сұрады: - Осы сен бай бола тұүрып, малыңды қай жаққа жібересің көзге түсетін ешнәрсең көрінбейді,- деді. Үйші айтты: - Тапқан малымның бір бөлімімен борышымды өтеймін, бір бөлімін өсімге беремін. Көрші: - Қойшы, батыр, сенің борышың бар ма еді және өсімге қашан ақша беруші едіқ? - деді. Үйші айтты: - Қарт әке- шешеме берген ақшаларымды өтеп тұрған борышым деп білемін, өзімнен туған балаларға оқу оқытуға, асырауға шығарған малымды өсімге берген мал деп білемін. Балалар адам болып, біз қартайғанда жақсы асыраса, олардыд борышымды өтегені емес пе,- деді.»


3. Әңгімені жалғастыр

«Зеректік»

III топ

Зеректік Англия жұртында Броун деген білімді ұста судың үстіне бір қолайлы көпір салуға жүріп, қалайша салсам қолайлы, нық болар екен деп ойға қалып келе жатса, жолдың үстіне кесе тартқан өрмекшінің өрмегіне көзі түсті.........


I топ

.................... Мұны көріп Броун тоқтай қалып ойланды: «Бұл өрмекші мынау жол арқылы көпір салыпты, астында тіреуі жоқ, осындай көпір қолайлы болар еді» - деп.. .........................

IIтоп

. .....................................

Сонымен, келді де, су үстіне екі ұзын шынжыр тартып, ортасына тақтай салып, екі жақ басын құрғақ жерден биік, нық бағаналарға бекітіп, көпір істеді. Шынжырдан көпір салу содан қалған үлгі екен.


4. Зияткерлік тест

Шашылған сөздерден сөйлем құра. Қай шығармадан алынған?

I топ

А) ауырды,жәшігімнің ,салдым, мен, ішіне, жеңілдететін,бір, шөп. (Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым.) «Асыл шөп»

Ә) барында, жоқ, бағу-қағуда, шек, көп, шырағым, мағына. (Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым.) «Бақша ағаштары»

Б) тап,көп, жұмысты, аз, қиынсынсаң, боласың, жұмысқа. (Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боласың.) «Әке мен бала»



II топ (Сәйкестендір)

III топ

Артық кейіпкерді тап, әңгіменің атын жаз

-         Өрмекші, қоңыз,қарлығаш, құмырсқа. «Өрмекші қарлығаш, құмырсқа»

-         Зылиқа , Петр Великий; Батима «Асыл шөп»

-         Әлім, жылан, патша, айлакер бала. «Баланың айласы»



5. Жалғасын тап (Доп лақтыру ) сергіту сәті

-         Әдепті бала ............, әдепсіз бала......... арлы бала, сорлы бала .

-         Балапан ұяда не көрсе,........................... Ұшқанда соны іледі

-         Сын ................, мін................................ Сын түзелмей, мін түзелмейді

-         Жақсының үлгісі....................................  Жанып тұрған шамдай.

-         Әдепсіз өскен ................, түзу өскен...... Әдепсіз өскен баладан, түзу өскен тал жақсы


6. Болжау бөлімі


Ы. Алтынсаринді біздің заманымызға бір сәтке алып келіп, бүгінгі өмір , техника жаңалықтарымен таныстырса әңгімелерін басқаша жазар ме еді

7. Қорытындылау

Модель қорғау


I II III

8. Кері байланыс

9. Бағалау

10. Үйге тапсырма:

а) Ыбырай әңгімелерін оқу, мазмұндау.

б)«Ыбырай-әңгіме шебері» атты эссе жазу


hello_html_m34586593.jpghello_html_m23f997bc.jpg


hello_html_19c7d673.jpghello_html_m5617d966.jpg





hello_html_3a9bf052.jpghello_html_250439cd.jpg


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 11.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров591
Номер материала ДБ-022133
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх