343828
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокНачальные классыКонспектыЫ. Алтынсарин "Өзен 3-сынып

Ы. Алтынсарин "Өзен 3-сынып

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Пәні

Әдебиеттік оқу. 3-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Ы. Алтынсарин «Өзен» (өлең)

Сілтеме:

Оқулық. 176-177 б.б.

Оқыту мақсаты:

Оқушыларды оқу техникасына жаттықтыру, мәнерлеп оқыта отырып, өлең мазмұнын түсінуге жағдай жасау.

Оқу мақсаттары:

- Оқушылардың «Өзен» өлеңінің мазмұны мен автор туралы білуі;

- өзеннің адам өміріндегі маңызы мен пайдасын түсінуі;

- өлең мазмұнын қолдана отырып, шығармашылық жұмыс жүргізуі

Оқу нәтижесі:

  1. Барлық оқушылар: «Өзен» өлеңінің мазмұны мен автор туралы біледі.

  2. Көпшілігі: өзеннің адам өміріндегі маңызы мен пайдасы туралы түсінеді.

  3. Кейбір оқушылар: өлең мазмұнын қолдана отырып, шығармашылық жұмыс жүргізеді.

Негізгі идеялар:

Сұрақ қоюға, топпен ынтымақтастық ортада жұмыс жасауға ынталандыру.

Әдіс-тәсілдер:

бақылау, қайталау, сұрақ-жауап, диалогтік әңгімелесу (топтық әңгіме), сындарлы тыңдау, талдау, жинақтау.

Тапсырма көздері:

Оқулық, оқулықтан алынған тапсырмалар, автор туралы мәліметтер. 

Сабақтың

көрнекілігі:

Интербелсенді тақта, слайд, видео, А форматтағы қағаздар, маркер,стикер, табиғат көрінісі, бағдаршам түстері, таратпа қағаздар.


Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

Кіріспе

Мотивациялық кезең

5 минут


- Сәлемдесу

А) - «Жақсы тілек тілейік!»
- Балалар бүгін көктемнің алғашқы айының басталғанына 1 апта болды. Күлімдеген көктем айында, табиғатымыз Жер - Ана бусанып, бәрімізге жылылық сыйлайды. Олай болса, біз де бір - біріміздің алақанымыздың жылулығын сезіне отырып, жақсы тілек тілейік!
- Балалар біз ең алдымен кімге жақсылық жасауымыз керек?
Ә) Сыныпты топқа біріктіру


Анаға

Отанымызға,

туған - туыс, дос – жаранға,т.с.с. деп стикерлерге жазып, тақтаға іледі.

«Жер, су, ауа» ойыны арқылы үш топқа бірігеді.

1.Тұсаукесер кезеңі

10 минут

Ой қозғау

  • Осы ойындағы айтқан сөздерімізді неге жатқызамыз?

  • Табиғат дегеніміз не?

«Табиғат» туралы суреттерді музыка арқылы көрсету. (слайд)

«Серпілген сауал»

I топқа -Табиғаттың тамаша көрінісі арқылы сендерде қандай көңіл күй туды?

II топқа -Суретке қарап отырып «Табиғат және адам» деген тақырыпта әңгімеле.

  III топқа -«Табиғат - менің өз үйім» атты тарауға пікірлерін тыңдау.
- Табиғат – менің өз үйім, өйткені

- Мен табиғатты қорғаймын, өйткені....

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.







Әр топ өз сұрақтарына жауап бермес бұрын табиғаттың әсем көріністерін тамашалайды.

(Оүб2 – «Бағдаршам» арқылы бағалайды)


Негізгі бөлім

Жаңа сабақ

20 мин
















Оқулықпен жұмыс.



Дәптермен жұмыс



Сергіту жаттығуы.

Ой шақыру.

-Табиғаттың ең көп тараған бөлігі, біз көп пайдаланатын не?

- Суға қатысты қандай шығармамен таныспақпыз?

-Қазақстанда қандай өзендер бар?


А) Автор туралы мәлімет (сындарлы тыңдау стратегиясымен)

- «Өзен» өлеңінің авторы туралы не білеміз?
- Ыбырай отбасы туралы не білеміз?- Ыбырай шығармаларынан қандай тәрбие аламыз?

Ә) «Іштей оқы, мәнерлеп оқы»

(жұптық жұмыс)


Сөздік жұмыс:

Қынарда- жағасында.

Жанабында- маңайында.

«Жаңбырдың жаууы»




Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы бүгінгі сабақтан қандай шығармамен танысып, не туралы білетінін, нені меңгеретіндіктерін анықтайды.


Оқушылардың үйден даярланып келген ақпараттарын баяндайды.






Өлеңді іштей оқиды, жұпта бір-біріне мәнерлеп оқиды.

(ОүБ 1 – «Бағдаршам» арқылы)

«Түртіп алу» стратегиясы бойынша оқушылар түсініксіз сөздерді түртіп алып, сөздікпен жұмыс жасайды.

Оқушылар іс-қимыл арқылы жаңбыр сіркіреуін, өзен арнасының толуын, өзен ағысын көрсетеді.

Топпен жұмыс.


I-топ Өзеннің адам өміріндегі маңызы қандай? Адамдар неліктен суды қорғайды?

II-топ Адамдардың суға қалай зиянын тигізуде?

III-топ Ақын өзенді қалай суреттеген?

Әр топ өз сұрақтары бойынша постермен қорғайды, басқа топ жауаптарын мұқият тыңдайды. (ОүБ 2 өлшемдерге сәйкес)

Кеңейтілген тапсырма

1. Ыбырай Алтынсарин шығармаларын бұтақтарға жаз.

2. Су туралы 3 мақал-мәтел,

2 тыйым сөздер жаз.

3.    «Өзен» тақырыбына эссе жазу.

ОүБ 5- «Бағдаршам» арқылы бағалайды.

ІІІ. Қорытынды

Кері байланыс

5мин



Бағалау.

3мин

Бүгін мен .......... ...... білдім.           

...............................қызықты болды.

....................................қиын болды.


Оқушылар өз жауаптарын жазып кері байланыс парақшаларына жазады.  



ОүБ 2 «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалау.

Үйге тапсырма

2мин

Оқуға арналған тапсырма:

  • Өлеңді жаттау.

  • Өзен суретін салу.


















Қысқа мерзімді жоспарлау туралы есеп


Менің алғашқы сабағым – Ыбырай Алтынсариннің «Өзен» өлеңі. Сабағымды «Жақсы тілек тілейік» тренингін өткізу арқылы бастадым. «Жер, су, ауа» ойынын ойнату арқылы оқушыларды үш топқа біріктірдім. Оқушыларға «Осы ойында қандай сөздер айтылды?», «Бұларды жалпы неге жатқызамыз?» деген сұрақтар қою арқылы оқушылардың жауаптарына сәйкес, «Ал, осы табиғаттың ең көп бөлігін алып жатқан не?» деген сұрақ қойғанымда оқушылар мүдірместен су деп жауап берді. Одан кейін суға өзен, көл, теңіз, мұхит жататынын және әрқайсысына сипаттамалар беріп өтті. Табиғат туралы суреттерді сазды әуенмен тыңдата отырып көрсеттім. Табиғаттың әсем көріністерін тамашалаған соң, үш топқа үш түрлі ашық сұрақтар қойып, топта ойлануға мүмкіндік бердім. 2 минуттан кейін әр топ өз сұрақтарына жауап берді. Бірақ оқушылар өз ойларын толық жеткізе алмады. Себебі, оқушылардың сөздік қорлары аз және топпен бірлесіп ақылдасып жұмыс жасауға дағдыланбаған. Сондықтан, жауаптарын тыңдап болған соң, ойларын толық жеткізуге көмектесуіме тура келді. Осындай сұрақ-жауаптан кейін сабақтың тақырыбы анықталды.

Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерімен таныстырылды. Жеке оқушыларға алдыңғы сабақта Ыбырай Алтынсарин туралы ізденіс жұмыс берілген болатын. А және Ж есімді оқушылар тапсырманы автор туралы мәлімет пен автордың шығармалары туралы ізденіп, топтастырып келген. Сыныпқа өз жұмыстарын қорғап берді. Осылайша оқушылар автор туралы біраз мағлұматтар алды. Өлең мазмұнымен танысу үшін оқушылар өздіктерінен іштей оқып шықты. Одан кейін топта өлең шумақтары бойынша ретімен әуелі ауызша оқыды, сосын мәнерлеп қайта оқыды. Түртіп алу стратегиясы бойынша оқушылар өлеңнен түсініксіз жаңа сөздер кездессе түртіп алып отырды. Жаңа сөздердің мағынасымен танысып, дәптерлеріне жазып алды.

Өлең мазмұнын қаншалықты білгенін, өлең мазмұнынан нені үйренгенін анықтау үшін әр топқа әр түрлі тапсырма бердім.

I-топ Өзеннің адам өміріндегі маңызы қандай? Адамдар неліктен суды қорғайды?

II-топ Адамдардың суға қалай зиянын тигізуде?

IІI-топ Ақын өзенді қалай суреттеген?

1-топ өзеннің маңызын бейнелеп көрсетсе, 2-топ адамдардың өзенге тигізіп жатқан зиянын топтастыра отырып қорғады, ал 3-топ ақынның өзенді қалай суреттегенін суретші тілімен бояу қарындаштермен бейнелеп берді. Бірақ оқушылар бір-бірін мұқият тыңдай алмады. Өйткені оқушылар бір-бірін тыңдауға дағдыланбаған. Құзіреттіліктерін анықтауға байланысты жеке тапсырмалар бергенімде оқушыларда бір-бірінен жұмыстарын жасыратындықтарын, топқа бөліну дегенді олар жарысу деп түсінетіндіктерін анықтадым.

Бүгінгі сабақты қорытындылағанда байқағым оқушылар топта жұмыс жасауға дағдыланбаған, өз ойларын толық сөйлеп жеткізе алмайды, кітап сөзімен баяндаумен ғана шектеледі. Ашық сұрақтарға (Мысалы, не себепті? неліктен?) жауап беруге қиналады екен. А деңгейлі оқушының өзінде сабақтың басында әлеуметтік кедергісі басым болды, топпен жұмыс жасай алмады. Бірақ, сабақ соңындағы топтық жұмыста сәл бейімделе бастады. Сондықтан да келесі сабақтарда топпен жұмыста, жұппен жұмыста диалогқа аса мән беру керектігін түсіндім.


Курс тыңдаушысы – Сатенова Айдана
















































Мhello_html_45d2841.jpghello_html_mf34cb78.jpghello_html_m2c7185fc.jpgотивациялық кезең:















hello_html_7fb62a1a.jpgТұсаукесер кезеңі:

hello_html_m5df84925.jpg













Нhello_html_66cd6b9c.jpgегізгі бөлім:

hello_html_43b47aeb.jpghello_html_5e32c9b.jpg











hello_html_33031c43.jpghello_html_m337f8556.jpg

Қорытынды бөлім:



Общая информация

Номер материала: ДВ-176283

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Возрастные особенности детей младшего школьного возраста»
Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС второго поколения»
Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация проектно-исследовательской деятельности учащихся в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Актуальные проблемы обучения детей с нарушением слуха в образовательных организациях общего и среднего профессионального образования»
Курс повышения квалификации «Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС»
Курс повышения квалификации «Средства педагогического оценивания и мониторинга в работе учителя в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика преподавания иностранных языков в начальной школе»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика обучения информатике в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Инклюзивное образование в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Формирование и развитие ключевых компетенций школьников в интересах устойчивого развития региона»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.