Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / XXІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалды шоу бағдарламасы.

XXІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалды шоу бағдарламасы.



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

XXІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалды шоу бағдарламасы.


Сабақтың мақсаты: оқушылардың білім деңгейін, шығармашылық ізденісін

байқау. Қазақ тілі мен әдебиетіне қызығушылығын арттыру.

Қазіргі заман талабына сай күнделікті теледидардан көрсетіліп

жүрген танымдық бағдарламаларды негізге ала отырып,

оқушыларды қоғамдағы жаңалықтардан және өзгерістерден

сырт қалмауға баулу.

Көрнекілігі: сахнаны безендіру, ұлағатты сөздерге жазылған қағаздар.

  1. XXІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалды шоу бағдарламасы.

  2. «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін нәрсе - білім» (М.Әуезов.).

Ашылу сәті.

Жүргізуші: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп – өсуі үшін – азаттық пен білім қажет», - деп ғалым шоқан Уәлиханов айтқандай еліміз егемендігін алып, тәуелсіздігін атап өтіп отырған бүгінгі таңда ендігі мақсат – халықтың білімін дамыту. Ол мақсатқа жету үшін еліміздің болашақ иелері жастарымыз білімді, парасатты болу қажет.

Бүгінгі кеш – білім, өнер, шығармашылық ізденіс, шешендік айтыс болмақ.

Сайысқа қатысушыларды бір –бір шумақ өлеңмен ортаға шақырамыз.

Сайыс 7 кезеңнен тұрады. Олар: бәйге, шешендік, тапқырлық, қай ғалым, сиқырлы сандар, жорға, оратор.

Бүгінгі біздің сайысымызды бағалайтын қазылар алқасымен таныстырайық: Маруаш Абылкаковна, Байзат Багауовна

1 – сайыскер:

Ойлылығын түсінеді көрген жан,

Бауыржандай қайсар мінез - Нұрбекжан

2–сайыскер:

Ұстаз сөзін көкірегіне түйген қыз,

Сабина - шапшаң, тапқыр, алғыр қыз.

3 – сайыскер:

Әр сөзінде құпиялы бір сыр бар,

Рашидтен төгілетін бір жыр бар.

4 – сайыскер:

Жібек мінез, үлбіреген Әдия

Тосылмашы, ұпай санын көп жина.

5 – сайыскер:

Жаңалыққа жаны құмар әр кезде,

Жақсылықтай батыр батыр бар бізде.

6 – сайыскер:

Жауап берер сұрақтарға дәл, анық,

Динараның жеңетіні дәл, анық.

1- кезең «Бәйге» ұпай -10.

Жауап нақты, әрі тез болу керек. Қай оқушы қолындағы жалаушасын бірінші көтерсе, сол оқушы бірінші жауап береді.

Сұрақтар:

  1. Қазақтың тұнғыш педагог – жазушысы кім? (Ы.Алтынсарин)

  2. «Өнерлі жігіт» мәтіні кім туралы? (Әбу – Насыр әл Фараби)

  3. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)

  4. Абайдың әжесінің аты кім? (Зере)

  5. Қазақтың атақты палуаны кім? (Қажымұқан)

  6. Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай Құнанбаев)

  7. Асан қайғы қай ғасырда өмір сүрген? (ХҮ ғасырда)

  8. ым, - ім, - м жалғаулары қай жалғау? (Тәуелдік жалғау)

  9. Қазақстанның Премьер – министрі кім? (Карим Масимов)

  10. Заттың, нәрсенің атын білдіретін қай сөз табы? (зат есім)

  11. лар, - лер, - дар, - дер, -тар, - тер қай жалғауды жалғаулары? (көптік жалғау)

  12. Асан мен Үсен кімнің әңгімесі? (Ы.Алтынсарин)

  13. Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі не деп атайды? (түбір)

  14. Шық бермес Шығайбайды алдап кететін кім? (Алдар көсе)

  15. Сөздің мағыналарын өзгертетін қосымша не деп аталады? (жұрнақ)

  16. «Таза мінсіз асыл тас» кімнің өлеңі? (Асан қайғы)

  17. Дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталатын қай буын? (б.б)

  18. Біздің пайғамбарымыз кім? (Мұхаммед)

  19. мен, - сен, - сіз, ол қай жалғаудың есімдіктері? (жіктеу)

  20. «Ғылым таппай мақтанба» кімнің өлеңі? (Абай Құнанбаев)

2 - кезең. «Шешендік». Бағалаушы - 20 ұпай.

Бұл кезеңде мақал – мәтелдің бірінші жолын жүргізуші өзі айтады, соңын сайыскерлер толықтырады.

Мақал - мәтелдер

  1. Елсіз ер болмайды,

Жұртсыз жігіт болмайды

  1. Адам досымен мықты,

Ағаш тамырымен мықты.

  1. Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

  1. Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас.

  1. Оқусыз – білім жоқ,

Білімсіз – күнің жоқ.

  1. Батыр туса- ел ырысы,

Жаңбыр жауса – жер ырысы.

  1. Ата – бәйтерек,

Бала – жапырақ.

  1. Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

  1. Ер жігіт елі үшінтуады,

Елі үшін өледі.

  1. Күш – білімде,

Білім – кітапта.

3 – кезең. «Тапқырлық»

Бұл кезеңдежұмбақтар айтылады, жұмбақтың шешуін сайыскерлер шешіп, оны қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтады. Жауаптары төмендегі ұпаймен есептеледі:

Қазақ тілінде – 30 ұпай, орыс тілінде – 20 ұпай, ағылшын тілінде -10 ұпай.

Жұмбақтар:

  1. Жаны жоқ болса да,

Ақылды адам ісін істейді.

Шешуі: кітап, книга, ...

  1. Есігі бар төбесінде,

Отырасың, келесің де.

(парта)

  1. Жасыл ине киімім,

Жайлаймын тау биігін.

Жаңа жылда тойласаң,

Төріндемін үйіңнің.

(шырша, елка,...............)

  1. Өзі сондай нәзік,

Су құйсаң кетеді,

Алақанын жазып.

(гүл, цветок, .............)

  1. Көк жүзінде көп жолақ,

Қойды екен оны кім бояп?

(кемпірқосақ, радуга, .......................)

  1. Үй бағады, үрмейді,

Аяғы жоқ, жүрмейді.

(құлып, замок, ..................)

  1. Жерді көрдім қаласы бар,

Үйлері жоқ мекендейтін.

Көл көрдім, өзен көрдім,

Сулары жоқ тереңдейтін.

(карта, карта, .. ................)

  1. Сусыз піскен ас көрдім,

Домаланған бас көрдім.

(қауын, дыня, ................)

  1. Сүңгіп- батып бұл мықты,

Бүтіндейді жыртықты.

(ине, иголка, ...............)

  1. Жарқ етсе,

Сабау қамшы.

Нөсерлетіп,

Жауар тамшы.

(жаңбыр, дождь, ........... ...)

4 – кезең. «Қай ғалым» 30 ұпай.

Бұл кезеңде оқушыларға сұрақтар үш вариантта беріледі.Оқушылар ішінен дұрыс вариантын таңдайды.

  1. Қазақ мектептері үшін хрестоматия жазған кім?

  1. Шоқан Уәлиханов

  2. Абай Құнанбаев

  3. Ыбырай Алтынсарин *

  1. Қазақ тілінің негізін қалаған қай ғалым?

  1. Асан қайғы

  2. Ахмет Байтұрсынов *

  3. Мұхтар Әуезов

3.«Тарихтың атасы» аталған қай ғалым?

  1. Геродот

  2. Н.Карамзин

  3. Мағжан Жұмабаев

4.Ұлы филосов ғалым кім?

1. Сәкен Сейфуллин

2. Әбу насыр әл Фараби

3. Жамбыл Жабаев

5. Өз еңбегін «География» деп атаған қай ғалым?

1. Христофор Колумб

2. Фернан Магеллан

3. Эратосфен *

География ғылым ретінде ежелгі Грекияда туған. Біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ ғасырда өмір сүрген грек ғалымы Эратосфен жерді сипаттауға арналған еңбегін «География» деп атаған.


5- кезең. «Сиқырлы сандар»

Бұл кезенде 20 санынан үшеу, 30 санынан үшеу, 40 санынан үшеу ілінед. Әр санның артына пәннің аты жазылады. Яғни, сайыскерге сол пәннен сұрақ тиеді. Ұпай саны өзі таңдаған сан болып есептеледі.

20/1 қазақ тілі

Қазақ тілінде қанша жалғау бар? (4 жалғау. Тәуелдік, жіктік, септік, көптік)

20/2 ежелгі дүние тарихы

Ежелгі адамдар қандай еңбек құралдарын пайдаланған? (тасты, ағашты, сүйекті)

20/3 музыка

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранның әнін және сөзін жазғандар кімдер? (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов)

30/1 Қазақ тілі

Қазақ тілінде қанша жақ, қанша шақ бар? (3 жақ, осы, келер, өткен шақтар)

30/2 Орыс тілі

А.С.Пушкин кім? Абай Пушкиннің қандай өлеңін қазақ тіліне аударды?

(А.СС.Пушкин орыс халқының ақыны. Абай оның «Балықшы мен балық» өлеңін аударды)

30/3 математика

Натурал сандар деп нені атайды?

(Нәрселерді санауда қолданылатын сандар натурал сандар деп аталады. 1,2,3,4,5)

40/1 Ежелгі қазақстан тарихы

«Тарих» сөзі қандай мағынаны білдіреді? («Тарих» сөзінің қазақша мағынасы «зерттеу», өткен оқиғалар жайлы әңгіме дегенге келеді)

40/2 Қазақ әдебиеті

Ертегілер қанша топқа бөлінеді?

(Ертегілер үш топқа бөлінеді. Олар: қиял – ғажайып, шыншыл, хайуанаттар ертегілері)

40/3География

Күнге ең жақын айналатын планеталар қайсы?

(Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон)


6-кезең «Жорға» 10 ұпай

Бұл кезеңде ең соңында қалған екі сайыскерге 30 секунттік сұрақ беріледі.

  1. Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)

  2. Абайдың шын есімі кім? (Ибраһим)

  3. Қазақстанның Білім министрі кім? (Жансейіт Қансейітов)

  4. Сидней олимпиадасының 20 жасар боксері кім болды? (Бекзат Саттарханов)

  5. Төл теңге қашан айналымға енді? (1993 жылы 15 қарашада)

  6. «Таза бұлақ» кімнің әңгімесі? (Ы. Алтынсарин)

  7. Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келді? (1841 ж)

  8. Үсен жұрттан не тауып алады? (ине, пышақтың сынығы, бір уыс қыл)

  9. Абай қанша нәрседен қашық болуды нұсқайды? Олар қайсылар? (Бес нәрседен: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

  10. Үсен бай баласы ма, жарлы баласы ма? (жарлы баласы)

  11. Абай қысты ненің бейнесіне теңейді? (Ақсақалды шалдың бейнесіне)

  12. Абай қанша нәрсеге асық болуды нұсқайды? Олар қайсылар?

(Бес нәрсеге: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым, ойлап қой, -)

  1. Ыбырай кімдердің шығармаларымен танысады?

(А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Н.В. Гоголь)

14. Асан қайғы қай ғасырда өмір сүрген? (ХІ ғасырда)

15. Екінші рет ғарышқа ұшқан кім? (Талғат Мұсабаев)

16. Ыбырайдың атасының аты кім? (Балғожа би)

17 Қ.Р.Ата заңына биыл неше жыл? (15 жыл)

18.

19.

20.

7-кезең Оратор

«Егер мен болсам»

Бұл кезеңде сайыскердің өз ойын жинақы, әрі түсінікті жеткізу үшін бір тақырып береді. Сайыскер болашақтағы өз ойын ортаға салады.










57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 05.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров86
Номер материала ДВ-308934
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх