Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / "XXI ғасыр көшбасшысы" - сыныптан іс шара

"XXI ғасыр көшбасшысы" - сыныптан іс шара


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы. «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы 
Мақсаты:

1) Оқушылардың географиялық білімін теория жүзінде байқау.
2) Шығармашылық ізденіс, ойлау қабілетін жетілдіру.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, компьютер жабдықтары, слайдтар.

Барысы:
Сазды сәлем (Құрманғазының күйі «Сарыарқамен» басталады).
Армысыңдар, бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты зияткерлік сайысымызға қатысушы ұстаздар және жанкүйерлер!
Бүгінгі «XXI ғасыр көшбасшысы» білім додасына қош келдіңіздер!
Ендеше сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Ақыл –тон аңдағанға  тозбайтұғын,

Білім- кен қанша алсаң азбайтұғын.

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаңның ауруы не қозбайтұғын,-деп Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай,білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды ортаға шақырамыз.

(Байқауға қатысушылар ортаға шығады.)


Өнер менен білімде,

Әркімнің өз жолы бар.

Сайысарлық бүгінде

Өзіндік менің үнім бар,- дегендей білімпаз  жастар өздерін таныстырып шықсын.

 (Сайыскерлер өздері туралы айтады.)

Шын жүйріктер сыналады жарыста.

Сарапшылар  бағалайды сіздерді

Жеңіс-мәре жақын ба,әлде алыс па?-демекші  сарапшылар  алқасымен

таныстырайық.

(Сарапшылар алқасын таныстыру.)

1. Мектеп-лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Әлиева Айнұр

2. География пәнінің мұғалімі Құрамысова Светлана

  Сайыс ережесімен қысқаша таныстырамын

Сайыс 3 бөлімнен тұрады.   1. Бәйге.

                                                   2. Дода.

                                                   3. Жорға

     Бақ пен сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, шындарға биік қоңғайсыңдар демекпіз. Ал жас қырандар 1-  кезең «Бәйге».

 І.  «БӘЙГЕ» 
Қарап тұрмай бәйгеге бізбен еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз -дей келе біз келесі кезең БӘЙГЕ кезеңін бастайық.
8 оқушы қатысады.
1.
Мұнда барлық сайыскерлерге 10 сұрақ  тест түрінде беріледі.

2. Әр сауалға жауаптың үш нұсқасы ұсынылады.
2. Бірінші болып қол көтерген оқушы жауап береді. Егер де ал жауап бере алмаса келесі екінші қол көтерген оқушы жауап бере алады.

3. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 5 ұпай иеленеді.
4. Жауапқа он бес секунд уақыт беріледі, одан кейінгі жауаптар қабылданбайды.
5.”Бәйгенің” сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді.

6. “Бәйге” айналымда аз ұпай жинаған 2 оқушы ойыннан шығады


1-сұрақ. 1. 1: 10 000 масштабы неге тең?

А) 1 см-де 1 км в) 1 см-де 10 м с)1 см-де 100 м ( 1 см-де 100 м)
2-сұрақ. Ядро неден тұрады?

А)бос кеңістік в) темір мен никель с) газ (темір мен никель)
3-сұрақ. .Карта бетіндегі мұхит, теңіз, көл суларының бояу реңі неге байланысты өзгереді?

а)тереңдік в) температура с) тұздылық (тереңдік)
4-сұрақ. Жер сілкінудің күші қанша балдық шкаламен өлшенеді?

А)20 в) 12 С) 15 ( 12)
5-сұрақ. . Балдыр атымен аталатын теңіз

А) Балтық в) Кариб С) Саргасс ( Саргасс)
6-сұрақ. Өтпелі климаттық белдеу

А)тропиктік в)экваторлық С)субарктикалық (субарктикалық)
7-сұрақ. Йеллоустон ұлттық саябақ құрылған жыл

А) 1892 в)1872 с) 1852 (1872 жыл)
8-сұрақ. Жер бетінде халқы 100 млн-нан асатын қанша ел бар?

А) 15 в)10 с)9 (10)
9-сұрақ. Жер шарындағы ең лас теңіз

А) Қызыл в)Жерорта с)Балтық (Жерорта)
10-сұрақ. Орташа биік тауларға неше метрге дейінгі таулар жатады?

а) 500-1000 м в) 1000-2000 м с) 2000 м-ден жоғ ( 1000-2000 м)

                          Сарапшылар ұпайы аз 2 оқушыны ойыннан шығарады.

ІІ.«ДОДА»
 Білімнің ұшқырлығын танып сен,

 Асыл тасып, асықпа,қалыспа сен.

 Уақыт деген зымырап , зулап жатыр,

 Шапшаңдық бұл сайыста керек екен -деп білім додасы кезеңіне де келіп жеттік
Сайыстың шарты: Сайысқа оқушы қатысады. Бірінші кезеңде жиналған ұпай екінші кезеңде сақталады.  Екінші кезеңде география пәнінен 11тақырыптан сұрақтар қойылады. 
1. Қатысушыларға ? тақырып ұсынылады. Белгіленген блок бойынша ойыншы тақырыпты өзі таңдайды. Таңдау кезегі ойыншының бірінші кезеңде алған орнына сәйкес жүзеге асырылады.  Бірінші (соңғы) орын алған ойыншы бірінші болып  таңдайды, әрі қарай осылай кезекпен кете береді.
2. Әр тақырыптың ішінде 5 сұрақ болады,  сұраққа дұрыс жауап берген ойыншының бірінші турда жинаған ұпай санына  балдар қосылып отырады. 
3. Екі кезең барысында барынша көп ұпай жинаған үш ойыншы үшінші кезеңге шығады.  
1/ Жылдар
1. 1965 жылы

 (БҰҰ Бас Ассамблеясы нәсілдік кемсітушілікті түбірімен жою жөнінде қарар қабылданды)
2. 1519-1522 жылдар

(Фернан Магеллан басқарған испан экспедициясы тұңғыш рет Жер шарын айналып өтіп, еуропалықтар үшін беймәлім Тынық мұхитты ашқан жылдар) 
3. 1856-1857жылдар

( П.П.Семенов –Тянь-Шанский Орталық және Солтүстік Тянь-Шаньға бірнеше экспедиция жасап, Хантәңірі щыңының бөктеріне дейін жеткен )
4. 1960 жыл

( “Африка жылы” болып есептелетін жыл) 
5. ХҮғ.соңы мен ХҮІІ ғ. ортасы

( жаңа жерлердің ашылуымен байланысты «Ұлы географиялық ашылулар заманы» деп аталған) 

2/ Ұғымдар
1. Глобус

 (Жер шарының белгілі бір масштаб бойынша кішірейтілген нақты

дәл үлгісі)
2. Тайга

(Қоңыржай белдеудің қылқан жапырақты ормандары) 
3. Ойпат

(Абсолют биіктігі 200 м – ден аспайтын жазық )
4. Сейсмикалық аймақ

( Жер сілкіну жиі қайталап тұратын аймақ) 
5. Материк

(Құрлықтың жан-жағынан мұхиттармен және теңіздермен қоршалған ең ірі бөлігі) 

3/ Елдер
1. Италия

 (Әйгілі орыс жазушысы А.С.Пушкин бейнесіндегі ел)
2. Канада

(Берілген ту қай елдікі?
3. Аустралия Одағы

(Елтаңбасында эму түйеқұсы мен кенгуру бейнеленген мемлекет)
4. Чили

Дүние жүзіндегі ең ұзын ел
5. Ватикан

(Қала ішіндегі мемлекет

4/Ғылыми еңбектер
1. 
“Үш теңіздің арғы жағына саяхат” атты еңбек жазып қалдырған көпес  (А.Никитин)
2. «Түркістан» атты еңбектің авторы (И.В.Мушкетов
3. Қадырғали Жалаиридің еңбегі(«Жылнамалар жинағы»)
4. М,Қашқаридің еңбегі «Диуани лұғат-ат-Түрік»
5. «География» деп аталатын еңбектің авторы ( Эратосфен

5/Сандар
1. 
Қазақстанның жер қойнауында Менделеев кестесіндегі

элементтердің қанша түрі кездеседі? (99)
2.
Антарктида жағалауында пингвиндердің қанша түрі тараған? /17
3. 
Қазақстан аумағының қанша пайызын дала зонасы алып жатыр?(29)
4. Қазақстандағы ұзындығы 1000 км-ден асатын өзендер саны 7
5. 
Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген шөл зонасының эндемик өсімдігі

( Дермене жусаны

6/Өсімдіктер
1. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген шөл зонасының эндемик өсімдігі ( Дермене жусаны
2. Калахаридың халқы сусын ретінде пайдаланатын өсімдік /Жабайы қарбыз)

3Наурызым қорығында өсетін жабайы алманың түрі (Малиус боката)
4. Жапырағының диаметрі 2 м-ге жететін өсімдік/виктория-регия
5Тундраның өсімдіктері (Мүк, қына)

7/Жануарлар
1. Анд тауының символдары ( Кондор мен лама
2. Аустралияның күміс ақшаларында таңбаланған жануар/Ехидна)

3Жер бетіндегі ең ірі құс (Африка түйеқұсы)
4. Солтүстік Сібір мен Қиыр Шығыстағы ежелден қалыптасқан ата кәсіптің бірі /бұғы шаруашылығы
5Арктикалық шөл зонасында мұз дәуірінен бері сақталып қалған жануар

(Қойөгіз)

8/Астаналар
1. Жаңа Зеландияның астанасы(Велингтон
2. Қазақстанның астанасы Алматыдан Ақмола қаласына қай жылы көшірілді? /1997 жыл 10 желтоқсан)

3Сауд Арабия мемлекетінің астанасы (Эр-Рияд)
4.Молдованың астанасы /Кишинев
5.Бразилия мемлекетінің астанасы (Бразилиа)

9/Өнеркәсіп
1. Ақтөбе макарон фабрикасы қай елдің жаңа технологиясымен жабдықталған? (Италия
2. Лондонның түсті металдар биржасында сапа эталоны ретінде көрмеде тұрған қай жердің мысы? /Балқаш)

3Икарус автобусын шығаруға маманданған ел (Венгрия)
4. Еуропаның ең “химияландырылған” ел /Германия
5. Әзірбайжанның Нефтелан қаласы маңында өндірілетін мұнайдың басты қасиеті (емдік)

10/Ауыл шаруашылығы
1. 1 т қант алу үшін қанша қант қызылшасы керек? (6-9 т
2. Мұхит өнімдері қазіргі адамзаттың азық-түлік “қорының” қаншасын ғана пайызын толтырады? /2)

3Балық аулау флоты 1 мың кемеден тұратын ел (Исландия)
4. “Шипстейшнз” деп аталатын шаруашылық /Қой
5. Қазір күріш өсірумен қаншаға жуық ел айналысады? (100)

11/ Халық
1. Қазақтың демограф ғалымы ( М.Тәтімов
2. Халықтың көп бөлігінің шыққан елінен тыс жерде қоныстануы

/Диаспора)

3Дүние жүзінде алғашқы халық санағы жүргізілген мемлекет (Египет)
4. Үлкен этникалық топтың екінші аз санды топты өзіне қосып алуы

/Ассимиляция
5. Экваторлық ормандардың бойы аласа адамдары (Пигмейлер)
                                    Ұпайы аз 3 оқушы ойыннан шығады.   

ІІІ. «Жорға»

Ең қиыны жарыстың “Жорға” келді,
Мықтылары қалыпты жеңсін енді.
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,
Осы ойыннан көреміз ерен ерді.

 Сайыстың шарты:

1. Кезеңге үш оқушы қатысады. Алдыңғы кезеңдердегі баллы ең көп ойыншы берілген тапсырманың біреуін таңдайды.
2. Қатысушыларға 4 тақырып берілген. «Түрлі түсті теңіздер», «Ұйымдар», «Тұлғалар», «Аралдар» Олардың әрқайсысында күрделілігі бойынша  бағаланатын сұрақ жасырылулы. Оған сәйкес 10;20;30;40; 50 балл беріледі.
3. Қатысушылар кезек бойынша тақырып пен сұрақ бағасын таңдайды. Таңдалған сұрақ бағасы бойынша оған дәл сондай ұпай қосылады. Ойлануға 1минут уақыт беріледі. Сол уақытта оқушы сұрақтарға жауап беру қажет.
4. Сұрақтарды ойыншылар кезек бойынша таңдайды және сол кезекпен жауап береді.
5. Дұрыс жауап берген жағдайда ойыншы сұрақ бағаланған  мөлшерде ұпайға ие болады. 
6. Ойыншы дұрыс жауап бермеген жағдайда, оның қарсыластары өз кезегінде қол көтеру арқылы  дұрыс жауап беруге талпыныс жасай алады.
7. Егер екінші ойыншы дұрыс жауап бере алмаса, жауап беру құқығы үшінші ойыншыға өтеді. Ол екінші ойыншы тәрізді ойланбай жауап беруге міндетті.
8. Кез келген жағдайда сұрақта көрсетілген ұпай дұрыс жауап берген ойыншыға өтеді.
1. Түрлі-түсті теңіздер
1
0Бұл теңіз Солтүстік Мұзды мұхитының ең кішкентай теңізі.

Бұл қай теңіз?  (Ақ теңіз)
2
0. Бұл теңіз Еуразия мен Африка аралығында, литосфералық плиталардың түйісу аймағында орналасқан. Мұнда Дүниежүзілік мұхиттағы ең жоғарғы тұздылық байқалады. Бұл қай теңіз? (Қызыл теңіз
3
0Бұл теңіз мұхиттан оқшауланып, Еуразия материгіне ішкері кіріп орналасқан. Осы теңіз жағалауындағы сауықтыру-демалыс орындары, табиғи-климаттық жағдайлары қолайлы ұштасқан курорттары айрықша көзге түседі. Бұл қай теңіз?(Қара теңіз)
4
0. Бұл теңізге Азиядағы қытай тілінен аударғанда “сары өзен” деп аталатын Хуанхэ өзені құяды. Сазды шөгінді жынысты жазықпен ағатындықтан суы лайлы болады. Өзен осы теңізге жыл сайын көлемін ұлғайтып отыратын кең атырау жасап құяды. Бұл қай теңіз? Сары теңіз
5
0. Жер шарында суына адам батпайтын теңіз бар. Тереңдігі – 403 м. Суы өте тұзды, 1 л суда шамамен 400 г тұз бар. Суы шектен тыс тұзды болғандықтан, бұл теңізге түскен адам батпайды. Су бетінде қалықтап жата береді.

( Өлі теңіз

2.Ұйымдар
1
0Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясы (АСЕАН)
2
0. Қазақстан БҰҰ- на қай жылы мүше болып кірді? / 1992 жыл 2 наурыз
3
0БҰҰ-ның штаб-пәтері орналасқан жер(Нью-Йорк)
4
0. Мұнай экспорттаушы елдер ұйымына қанша ел мүше? 12
5
0. ЮНЕСКО (БҰҰ-ның білім беру, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйым


3.Тұлғалар
1
0Қазақтың тұңғыш географ, саяхатшысы (Ш.Уәлиханов)
2
0. Қазақтың тұңғыш геологы, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті / Қ.Сәтбаев
3
0Бұл ғалым нәсілдер теңдігін зерттеуге зор еңбек сіңірген. Мұхит аралдарының негізгі халқы – папуастардың тұрмыс-тіршілігін зерттеп, олардың да басқа халықтар сияқты ақыл-ойы жағынан дамыған деген қорытынды жасаған орыс ғалымы.(Н.Н.Миклухо-Маклай)
4
0. 1492 жылы диаметрі 50 см болатын глобус жасаған неміс картографы

Мартин Бехайм
5
0. ХХ ғасырдың ұлы ойшылдарының бірі, этногенез теориясын жасаған және өзінің еуразиялық екендігін айтқан әйгілі орыс ғалымы(Л.Н.Гумилев

4 Аралдар
1
0Жапон аралдарының ең биік нүктесі- Фудзияма жанартауы.Жапон халқы

Фудзияма тауын қастерлеп, кие тұтады.Бұл жанартау қай аралда орналасқан? (Хонсю)
2
0. Солтүстік ендіктегі мұхитта орналасқан арал. Бұл арал орта мұхиттық жотаның көтерілуінен пайда болды. Бұл сөнген және әрекет етуші жанартаулар патшалығы. Ең ірісі- Гекла, ел астанасы- Рейкьявиктен шығысқа қарай орналасқан. Өзінің шығу тегіне байланысты аралда гейзерлер өте көп. Сан мыңдаған гейзерлердің ыстық сулары үйлерді, жылы жайларды жылытуға пайдаланылады. / Исландия
3
0Қандай аралдарды шала маймылдар аралы деп атайды? Бұл аралда маймылдардан басқа не жоқ дейсіз: пілдер де, банан да және дүние жүзіндегі ең тамаша шай да осында. Ол пайдалы қазбаларға ғаламат бай, әсіресе, бағалы тастар: көк сапфир, қанды-қызыл рубин, аметист, жұмбақ александритті ертеден-ақ өндірген. Картаға бұл арал тамшы түрінде үлкен жер атауына берілген. Бұл жұмбақ бұрыш қайда орналасқан? (Мадагаскар)
4
0. Жер бедері таулы болып келетін бұл аралда гейзерлер мен мұздану таралған, тіршілік дүниесі эндемиктерге бай. Құстардың 250 түрі басқа жерде кездеспейді, сүтқоректілер мен бауырмен жорғалаушылар мүлде жоқ. Еуропалықтар мұнда жануарлардың 54 түрін әкелген, бірақ олардың көбісі жабайыланып, жергілікті табиғатқа зиян тигізуде. (ЖаңаЗеландия
5
0. Ф.Магеллан алғаш рет дүние жүзін айналып шығу саяхаты кезінде Оңтүстік Американың оңтүстік шетімен бұғаз арқылы өтеді. Сол кезде көптеген отты алауды көреді. Кейбіреулер оны жағалаудағы алау, басқалары жарылған қайықтың оты деп ойлайды. Осы көріністен кейін Ф.Магеллан бұл жерді не деп атайды? (Отты жер аралы

Құрметті сайыскерлер, осымен біздің сайысымыз аяқталды. Сайысқа қатысқан оқушылардың арасынан көшбасшы анықталады-ол ұпайы ең жоғары сайыскер. Бүгінгі додада барлықтарың Еліміздің болашақтағы білімді, өнегелі азаматы болатындарыңды дәлелдедіңдер. Келешекте сендерге шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!
Барлық қатысқан оқушылар белсенді қатысқаны үшін мадақтамамен марапатталады. 
                                Жеңімпазды анықтау үшін сарапшыларға сөз береміз.

Жеңісің құтты болсын,

 Болашақта да тек жоғарыдан көріне бер!  


             - Бүгінгі көріп тамашалаған «ХХІ- ғасыр көшбасшысы»  зияткерлік сайысы  өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз.






Автор
Дата добавления 16.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров169
Номер материала ДВ-532212
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх