Инфоурок Другое Другие методич. материалы"XXI ғасыр көшбасшысы" сыныптан тыс жұмыс

"XXI ғасыр көшбасшысы" сыныптан тыс жұмыс

Скачать материал


C:\Users\user\Desktop\Досымбетова Дарига\getImage.jpeg

Жалпы білім беретін

«Немере» жекеменшік мекемесі


Информатика пәнінің мұғалімі

Досымбетова Дарига Арипхановна




Сабақтың тақырыбы: XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ


Сабақтың түрі: сайыс сабақ


Мақсаты: Оқушыларды білімдерін кеңейту. Ой-өрісін, логикалық ойлауды, тапқырлықты дамыту. Оқушыларды алғырлыққа, іскерлікке, аудитория алдында сөйлеуге үйрету.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, нақыл сөздер.

Мұғалім: Сәлеметсіздерме, қымбатты білім сүйер қауым! «XXI ғасыр көшбасшысы» атты сайысымызға қош келдіңіздер! «Кездейсоқ ашылулар, кездейсоқ емес дайындықтың нәтижесі» деген екен француз математигі Блез Паскаль.

Бүгін балалар жан-жақты дайындықпен келді деген сенімдемін және де оқушылар тек білімін кеңейтіп қана қоймай, тапқырлығын, алғырлығын шыңдайды.

Алуаналуан жүйрік бар,

Әліне қарай шабатын демекші, сайыскерлердің ақыры 3 –айналымнан кейін белгілі болмақ.

«Батылдық- балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі- ойын екендігі белгілі. Алдымен ойынға шығатын оқушыларды ортаға шығарайық. Ойынға 7 оқушы қатысады.

Олар: 5 «Ә» сынып оқушылары


  1. Қыдырбаева Ақбал


  1. Туғанбек Бекұлан


  1. Эзэддин Амин








6 «Ә» сынып оқушылары

  1. Азаматқызы Айқұмар


  1. Добай Ферхансұлтан


  1. Добай Бедирхан


Оқу — ізденуден жалықпайтын біздің ұл — қыздарымызға өздерін таныстыруға рұқсат етеміз. /интерактивті тақтадан оқушылардың алдын ала дайындаған таныстыруын тамашалайық/

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан деген, Абай атамыздың сөзін қайталай келе біздің ойынымыздың шартын түсіндіре кетсек. Қымбатты ойыншылар алғашқы айналымның ойын шарты бойынша қазір сіздерге тест түрінде ортақ 12 сұрақ оқимын. Әр сұраққа жауап ретінде 3 нұсқа берілген. Әр нұсқаның өз түсі бар. Сіздерге берілген 3 түрлі нұсқаның ішінен қызыл түсті ұяшықтағы нұсқа дұрыс десеңдер қызыл түсті түймеге басасыңдар, тура сол сияқты жасыл түсті ұяшықтағы жауап дұрыс десеңдер жасыл түсті түймеге басасыңдар, сары түсті ұяшықтағы жауап дұрыс десеңдер сары түсті түймеге басасыңдар. Бұл түмелер әрқайсыңның алдарыңда тұр. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Ойлануға 5 секунд уақыт беріледі.

Сайыс толығымен арнайы сарапшылардың бақылауында болады, жауаптарыңыздың дұрыс және бұрыстығын сараптамашылар бақылап отырады. Енді мен арнайы сарапшылар тобымен таныстырып өтсем:

1._________________________

2. _________________________

3.__________________________

Бақ пен сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, шындарға биік қоңғайсың демекпіз.

Алғашқы айналым «Бәйге»

hello_html_md5edf96.gif

Нөмірі 1 сұрақ мынадай: «Ер Төстік пен айдаһар» мультфильмінің режиссерлері.

  1. Тимур Бекмамбетов, Акан Сатаев

  2. Жакан Дененов, Рустем Турашев

  3. Сардар Расулов, Денис Куклин

Дұрыс жауап: 2

Нөмірі 2 сұрақ мынадай: Бұрышты өлшеуге арналған құрал.

  1. Сызғыш

  2. Циркуль

  3. Транспортир

Дұрыс жауап: 3

Нөмірі 3 сұрақ мынадай: Шеңбердің ең үлкен хордасы.

  1. Центр

  2. Радиус

  3. Диаметр

Дұрыс жауап: 3

Нөмірі 4 сұрақ мынадай: Сағатына 60-70 шақырым жылдамдықпен жүгіретін, шөлге өте төзімді жануар.

  1. Түйе

  2. Құлан

  3. Ақбөкен

Дұрыс жауап: 3

Нөмірі 5 сұрақ мынадай: 2012 жылғы Қазақстанның ең үздік спортшысы.

  1. Илья Ильин

  2. Серик Сапиев

  3. Әлия Юсупова

Дұрыс жауап: 1

Нөмірі 6 сұрақ мынадай: «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» жарлыққа қай жылы қол қойылды?

  1. 1986 жылы

  2. 1993 жылы

  3. 1991 жылы

Дұрыс жауап: 3

Нөмірі 7 сұрақ мынадай: Тырнақтарын жасыра алмайтын мысықтұқымды.

  1. Қасқыр

  2. Қабылан

  3. Жолбарыс

Дұрыс жауап: 2

Нөмірі 8 сұрақ мынадай: Үндістер – қай құрлықтың байырғы тұрғындары?

  1. Аустралияның

  2. Азияның

  3. Американың

Дұрыс жауап: 3

Нөмірі 9 сұрақ мынадай: Матамен тысталып, түрлі аңның терісінен жүнін ішіне қаратып тігілетін қысқы сырт киім.

  1. Шапан

  2. Ішік

  3. Бөкебай

Дұрыс жауап: 2

Нөмірі 10 сұрақ мынадай: Қазақстандағы ең биік шың.

  1. Сарышоқы

  2. Талғар

  3. Хан Тәңірі

Дұрыс жауап: 3

Нөмірі 11 сұрақ мынадай: Денис Тен спорттың қай түрімен шұғылданады?

  1. Мәнерлеп сырғанау

  2. Гимнастика

  3. Хоккей

Дұрыс жауап: 1

Нөмірі 12 сұрақ мынадай: Жер аумағы бойынша, әлемдегі ең үлкен ел.

  1. Ресей

  2. Африка

  3. Қазақстан

Дұрыс жауап: 1

Мұғалім:

Ойын толық, айналған қатты ағысқа

Табылғандай танымда, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста деп, қатысушылардың 1 айналым бойынша жинаған ұпайларымен таныс болайық. /Бұл айналымда ең аз жинаған 2 ойыншы шығатынын ескерте кетейін/

Мұғалім: Қадірлі сайыскерлер алда 2 айналым ойын шарты мынадай, алғашқы айналымда жинаған ұпайларыңыз толығымен сақталады. Қазір сіздерге 5 сұрақтан әзірлеген 6 ұяшық ұсынылады. Ұяшық сұрақтары алдыңғы айналымда жинаған ұпайдың санына байланысты. Ойыншылардың орналасу тәртібі бойынша оқылатын болады. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Егер ойыншы өзіне тиесілі ұяшық сұрағына жауап бере алмаған жағдайда, «Қарсыластар» деген сөзінен кейін түймені алғашқы басқан ойыншы жауап бере алады. Естеріңе сала кететін жайт, бұл мүмкіндікті пайдаланып дұрыс жауап берген сәттерде ойыншыға 1 ұпай қосылады, керісінше қателескен жағдайда 1 ұпай алынып тасталады. Сонымен қатар 6 ұяшықтың бірінде тосын сый жасырылған. Шарты мынадай: яғни тосын сый түскен ойыншыға 5 сұрақ оқимын, соның кемінде 3 сұрағына дұрыс жауап берсе, онда менің атымнан 2 ұпай сыйға тартамын.

2 айналым «Жорға» / компьютерден видео заставка көрсетіледі/

hello_html_27f947a1.gifC:\Users\user\Desktop\Гаухар Тате\IMG_7429.JPG

Мұғалім: Келесі кезеңге көшеміз. Сонымен «Бәйге» айналымы бойынша бағына шауып, бабында болған ойыншыларымызға іске сәт.

1 ұяшықтың сұрақтары /1 ойыншы/

  1. «Адам» сөзінде неше буын бар? (2 буын)

  2. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі (Үш өлшемнің көбейтіндісіне тең)

  3. Біріккен Араб әмірлігіне неше мемлекет немесе әмірлік кіреді? (7 әмірлік кіреді)

  4. 2014 жылы футболдан әлем чемпионаты қай елде өтеді? (Бразилияда)

  5. «География ғылымының атасы» саналатын, IV ғасырда өмір сүрген грек ғалымы. (Ратосфен)

2 ұяшықтың сұрақтары /2 ойыншы/

  1. «Көшбасшы» сөзінде неше буын бар? (3 буын)

  2. Берілген қатардағы ең үлкен және ең кіші мәндердің айырмасы. (Өзгеріс ауқымы)

  3. Азиядағы ең үлкен шөл. (Арабия шөлі)

  4. Коала қай ағашты мекен етеді? (Эвкалит)

  5. Жер бетіндегі кез –келген нүктенің экватордан және басты бойлықтан градус есебімен қышықтығы. (Географиялық координата)

3 ұяшықтың сұрақтары /3 ойыншы/ Тосын сый ұяшығы.

  1. «Қазақ» сөзі неше ашық, неше бітеу буыннан тұрады? (1 ашық, 1 бітеу)

  2. Берілген бірнеше санның қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөлінді. (Арифметикалық ортасы)

  3. Әлемдегі ең үлкен көл. (Каспий)

  4. Эфталит мемлекетінің құлауына ықпал еткен мемлекеттер. (Иран мен Түрік мемлекеті)

  5. Көлемі жағынан ең кіші мұхит. (Солтүстік мұзды мұхит)

4 ұяшықтың сұрақтары /4 ойыншы/

  1. «Қаскелең» сөзінде неше буын бар? (3 буын бар)

  2. Сан қатарындағы берілген мәндердің ішіндегі жиілігі ең көбі. (Модасы)

  3. 2011 жылға дейін Африкадағы ең үлкен ел саналған мемлекет. (Судан мемлекеті)

  4. Ежелгі Вавилондағы әлемнің жеті кереметінің бірі. (аспалы бақ)

  5. Топырақтану ғылымының негізін салған орыс ғалымы. (Василий Васильевич Докучаев)

5 ұяшықтың сұрақтары /5 ойыншы/

  1. «Астана» сөзі қандай буындардан құралған? (1 тұйық, 2 ашық буыннан)

  2. Тік бұрышты координаталар жүйесінде х және у координаталары қалай аталады? (х-абсцисса, у-ордината)

  3. Азиядағы мемлекет – қала. (Сингапур)

  4. Жайық өзеніндегі асыл тұқымды балық. (Бекіре)

  5. Биосфера энергияны неден алады? (Күннің көзінен)

6 ұяшықтың сұрақтары /6 ойыншы/

  1. «Құрлық» сөзі қандай буындардан құралған? (2 бітеу буыннан)

  2. Бөлімі 10 және оның дәрежелеріне тең болатын бөлшектер. (Ондық бөлшектер(

  3. Аумағы Еуропаны да, Азияны да қамтитын туркияның қаласы. (Стамбул)

  4. Жүзжылдық соғыс қай елдер арасында болды? (Англия мен Франция)

  5. Адам денесінің 65 % -ын не құрайды? (Су)

Мұғалім: Оқушыларды міне, білім бәйге кезінде бағын көрдік, Жорғада жолы болды ма екендігін , сараптамаға қарап білеміз, назар аударайық. Бұл айналымда тек көп ұпайға ие болған 3 оқушы өтеді. /Сараптамашыларға сөз беремін/ 3 айналымға өткен ойыншылардың аты-жөнін атап өтемін.

Мұғалім: Бұл ойдың бәйгесі, кім ойға жүйрік, сол алда болғандықтан 1---2---3---ойыншыларға келгендеріңіз үшін алғыс айтамыз. Ұпайларыңыз аз болса да, адамгершіліктеріңіз жоғары болсын, жеңілістің өзінен, жеңіс іздеңіздер. Келесіде міндетті түрде табысқа жетесіздер. Рахмет сіздерге! Ойыншылар әр түрлі сезімді бастан кешіргені анық. Білімділердің көңіл-күйіне ортақтасатын сәт келген сияқты. Сол арада /Сергіту сәті/

Мұғалім: Ұтқан ойыншыларымызбен әңгімелесу.

  1. Бүгінгі ойын қалай өтіп жатыр?

  2. Ойыннан қандай әсер алдың?

  3. Қарсыластарыңа тілек.

3 айналым шарты бойынша 2 айналымда жинаған ұпайлар саны жойылады. Қазір сіздерге 4 тақырып бойынша 10, 20, 30, 40 ұпайлардан тұратын 20 сұрақ оқимын. Сонымен қатар бейне сұрақ, арнайы сұрақ беріледі. Бүлдіршіндер ойыншыларға жұмбақ жасырады. Бастысы жауап берген немесе жауап болмағанжағдайда ойыншылардың ұпайлары өзгеріссіз сақталады. Бұл айналымның негізгі ерекшелігі ретінде көмбе ұяшық жасырылған, яғни берілген тапсырмаға сәйкес көмбедегі затты табуы тиіс. Ал тосын сый ұяшығы түскен сайыскер берілген сұрақтың ұпайын өз өнерін көрсету арқылы иелене алады. Әр сұраққа ойлануға 8 секінд беріледі. Уақыт аяқталғанда жүргізушілердің «қарсыластар» деген сөзінен кейін түймені 1- ші басқан сайыскер жауап бере алады.


Соңғы айналым «Дода» / компьютерден видео заставка көрсетіледі/

hello_html_m3e4ac37.gif

Ал бастаймыз!

Додааның тақырыптары


ӘЛЕМНІҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ

ҚАЛАЛАР

ТАУЛАР

ҰЛЫ ҒҰЛАМАЛАР

ӘЛЕМНІҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ

10

Кезінде әлемдегі ең үлкен ғибадатхана болған. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда соғыс алапатынан қираған ғимараты қалай аталады? /Эфестегі Артемида ғимараты /

20


Біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда көне грек мүсіншісі Фидий алтын мен піл сүйегінен жасаған кімнің мүсіні? /Олимпиадағы Зевстің мүсіні /

30

Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда салынған қай патшаның табытханасы? /Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы /

40

Ежелгі перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын 28 ғасырда салынған не? /Мысыр пирамидалары /


ҚАЛАЛАР


10

Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан қай қала? АСТАНА ҚАЛАСЫ

20

Франция елінің астанасы, Сена өзенінің жағасында орналасқан қай қала? Париж ҚАЛАСЫ

30

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Патшалығының қаласы және астанасы. Британ аралдарындағы ең үлкен қала қалай аталады? Лондон ҚАЛАСЫ


40

Көлемі бойынша 3885 км-ді құрайтын екінші Эмират, халқының саны – 600 мың адам. Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ең үлкен қала. ДУБАЙ ҚАЛАСЫ

ТАУЛАР


10

Африкадағы ең биік тау – Килиманджаро. Солтүстік Америкада – Мак-Кинли, Азияда –Джомолунгма. Ал Оңтүстік Америкадағы ең биік тау қайсысы? Акангагуа

20

Қазақстандағы ең биік тау. Талғар тауы

30

Еуразияны Азиядан бөліп тұрған таулардың жалпы атауы. Онша биік болмағанымен, ұзындығы екі жарым мың километрге жетеді. Бұл – қай тау? Орал тауы

40

Оның он бір шыңының биіктігі 8000 м-ден асады. Олардың арасында Жер шарындағы ең биік нүкте –Жомолунгма шыңы бар, әлемдегі ең биік тау қалай аталады? Гималай тауы

ҰЛЫ ҒҰЛАМАЛАР

10

Алғашқылардың бірі болып жұлдыздарды зерттеп ең ірі обсерваторияны салып, өлшеу құрал- жабдықтарын ойлап шығарған кім? /Аль-Фараби/


20

Алғашқы “үлкейткіш дүрбіні” 1609 жылы кім ойлап тапты? /1609 жылы Галилео Галилей ойлап шығарды/


30

1991 жылы ғарышқа ұшқан, алғашқы қазақ ғарышкері. / Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров /


40

(1835-1865) қазақ жерін, Орта Азия мен Орталық Азияны зерттеуге үлес қосқан Қазақстанның тұңғыш географ-ғалымы кім? /Шоқан Уәлиханов /


Ойыншылар өздері таңдаған тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді. Осы айналымда ең көп ұпай жинаған оқушы жеңімпаз атанады. /Сараптамашыларға сөз беремін/ Жеңімпаз атанған ойыншының аты-жөнін атап өтемін.

Қорытынды.

Үйге тапсырма.



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""XXI ғасыр көшбасшысы" сыныптан тыс жұмыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Редактор

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 995 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.03.2016 527
    • DOCX 5.8 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Досымбетова Дарига Арипхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 4828
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой