Инфоурок Другое Другие методич. материалыҚұқық бұзушылыққа не жетелейді? 9-11 сынып дөңгелек стол

Құқық бұзушылыққа не жетелейді? 9-11 сынып дөңгелек стол

Скачать материал

Құқық бұзушылыққа не жетелейді?

Мақсаты: :   Оқушылардың құқықтық білімін тексере отырып, өз мүдделерін қорғай алатын, өзіндік ұсыныс-пікірлері мен көзқарастарын, ойларын ашық айтатын, сөзге шешен, кемел ойлы , елжанды азамат ретінде қалыптастыру.   Құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Құқықтық      тәрбиенің, жігердің қоғамдағы маңызы зор екендігін түсіндіріп, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.  Ұлттық болмысымызды бейнелеген  заңдық қағидалар мен өркениеттік заңдық ережелерді бойына сіңіру. Ата Заңымыз халқымызға адал қызмет ететіндігін оқушыларға ұғындыру. Тарихи танымын  кеңейту.

 Көрнекілігі: Интербелсенді тақтаның көмегімен дайындалған слайдтар, қанатты сөздер, мақал- мәтелдер, тірек сызбалары.

Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Ата заңымыздың 1 бабында «Қ Р өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. Оның басты қазынасы- адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң саласында мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан да заңды білу- заман талабы. « Құқық бұзушылыққа не жетелейді?» айдарымен ұйымдастырылып отырған дөңгелек үстелге қош келдіңіздер! Дөңгелек үстел 4 бөлімнен тұрады.

1. Ұйымдастыру                                                                                                                                  2. «Ой талқы» ой тұжырым жасалады.                                                                                                               3. «Ой жалғау » мақал- мәтелдердің мағынасын ашу.                                                                                   4. «Ойлан тап» (интербелсенді тақтаның көмегімен дұрыс жауабын табу).                                 5.  « Мен заңды қаншалықты білемін»  (ой пікірлерінізді ортаға салу).                                                                                                                                             6. Қорытынды.

Мұғалім сөзі: 1. Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады.                                                                                                                                    Құқық бұзушылық- қоғам өміріне тән дерт. Құқық бұзушылық- заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс- әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс- әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым- қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез- құлқы арқылы байқалады. Демек, заң бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.

1- бөлім «Ой талқы» ой тұжырым жасалады.  Әр сынып оқушылары көрініс көрсетіп, тақырып мәнін ашады.

9 а сынып  - « Қылмыс неден туындайды?»                                                                                         9б сынып – « Қылмыс жасау білместік пе?»                                                                                  10- сынып – « Әлімжеттілік әрекет қылмысқа жата ма?»

2- бөлім  « Ой жалғау ». Тақырыпқа байланысты мақал- мәтелдердің мағынасын ашу.

1.     « Ісін өндіре алмаған қырсыз бала, қырсығын әкесінен іздейді.» 

2.     « Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.»

3.     «Жақсы бала сүйеніш, жаман бала күйініш».

4.     «Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер ».

5.     « Біреуге ор қазба, өзің түсесің ».

6.     « Заңның құрығы бәрінен ұзын ».

7.     « Ұрлық түбі  қорлық » .

8.     « Заңды сыйлаған, еркін жүреді ».

9.     « Тек жүрсең, тоқ жүресің ».

10.  « Өтірікшінің құйрығы, бір- ақ тұтам».

11.  « Ақырын жүріп , анық бас».

12.  « Өш алғаннан гөрі, кешірген жөн ».

Мұғалім: « Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы адамдарды сыйлау, қадірлей білу деген сөз. Құқықтық тілмен айтқанда бұл – заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз.

3- бөлім «Ойлан тап» (интербелсенді тақтаның көмегімен дұрыс жауабын табу). 

1.     Құқық --------------------------------------- А. Еліміздің негізгі заңы

2.     Конституция ------------------------------- Б . Мемлекет басшысы

3.     Мемлекет ----------------------------------- В . Негізгі саяси қоғамдық ұйым

4.     Азамат ---------------------------------------Г. Тәуелсіздік

5.     Құқық бұзушылық -----------------------Д. Заң жүйесі

6.     Президент --------------------------------- Е. Заң шығару органы

7.     Парламент --------------------------------- Ж. Заң жүйесін бұзу

8.     Егемендік ---------------------------------- З. Құқығы бар ел тұрғыны

Дұрыс жауабы:

1- Д, 2- А, 3- В, 4- З, 5- Ж, 6- Б, 7- Е, 8- Г

Мұғалім: Құқықтық тәрбие мен  құқықтық жігерлі сана алдымен отбасынан басталады. Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсысымыз құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойымызда құқықтық сана мен жүгерді шындауымыз керектігін өмір көрсетіп отыр. Аталған қылмыс түрлерін болдырмау, оның алдын   алу үшін құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіруіміз қажет.

4- бөлім « Мен заңды қаншалықты білемін»  (ой пікірлерінізді ортаға салу). 

1.     Жастар арасындағы қылмысты азайту үшін не істеуге болады?

2.     Қылмыс жасағаны үшін жасөспірімдерге қандай жазалар қолданылады?

3.     Қазіргі уақытта жасөспірімдер түнде көшеге шығуы кездеседі. Осыған қандай шаралар қолдануға болады?

4.      Мектеп ережесін сақтамайтын  оқушыларға қандай тәртіп орнатуға болады? 

5.     Бір оқушы сыныптасына «ертең 100 теңге әкеліп бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз»  деп күш көрсетті. Бұл қылмыстың қандай түріне жатады?

Мұғалім: Мектеппен жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам болуға ұмтылуымыз керек. Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқығы мен міндетін білмей, басқанын құқын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігуіміз мүмкін. Осы орайда қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсысымыз жете түсінуіміз керек. Олай болса құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік.

Өмірің болсын десең сенің сәнді,                                                                                                      Ойланып, айналаңа қара мәнді.                                                                                                Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан,                                                                                  Өзіңе сүйіндірер басқа жанды.                                                                                                 Салауатты мақсатың - өмір–сүру,                                                                                                   Өмірдің мағынасын керек білу.                                                                                               Ішімдік, нашақорлық сенің жауың                                                                                                                                           Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру.                                                                                              

Мен жігіт 15-30 арасында                                                                                                                                    Бұл шақта көп бересі, аласымда,                                                                                    Жан жағым толған мақсат, толған таңдау,                                                                                             Алайын анасын ба, мынасын ба?                                                                                                       - деп арқалы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріңе жауап беретін ата- анасының емес бүкіл алаштың азаматтары болады деген сеніммен бүгінгі дөңгелек үстелімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рақмет!

                   

 

 

 

                        

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Құқық бұзушылыққа не жетелейді? 9-11 сынып дөңгелек стол"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист-аналитик

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 275 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.05.2017 3364
    • DOCX 21.2 кбайт
    • 110 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ілесбек Мөлдір Ілесбекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ілесбек Мөлдір Ілесбекқызы
    Ілесбек Мөлдір Ілесбекқызы
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21254
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой